МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ


МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Мәдениет пен қоғам өзара тікелей байланыста болады. Қоғамның даму белесі өзіне сай келетін мәдениет дәрежесімен сипатталады, мәдениет жайы қоғам жағдайына тәуелді. Бірақ бұл диалектикалық байланысты нақтылық негізінде қарау керек, себебі қоғам мен мәдениет қатысында қайшылықтар әрдайым кездейіп отырады.
Кейде мәдениетті қоғамның белгілі бір тармағын ғана қамтитын құбылыс ретінде сипаттау да кездеседі. Бұл пікірдің тартымды жақтары бар. Егер біз қоғам мен мәдениет арасын бара-барлық қатыс деп шешсек, онда мәдениет мазмұнын шектен шығарып жіберер едік. Дәлірек айтсақ, мәдениет қоғамның қасиеті, оның өмір сүру әрекетінің көлемді және міндетті функциясы. Осы тұрғыда ол қоғаммен диалектикалық байланыста болады, мәдениеттің өзі адамға ғана тән қоғамдық қатынастарга ену тәсілі.
Қоғам мен мәдениет бірлігін қоғам дамуын басқару үшін мәдениет қажеттілігі объективті сипатта екендігінен көреміз. В. И. Ленин жас совет үкіметінің кезекті міндеттерін қарай отырып, олардың ішіндегі басты, маңызды міндеттер қатарына мәдениетті игеру керек екендігі жататынына ерекше көңіл аударған болатын. «Адамзаттың бүкіл дамуы туғызған мәдениетті дәл білу арқылы ғана, соны қайта қорыту арқылы ғана, пролетарлық мәдениетті жасауға болатындығын анық ұғынбасақ . . . бұл міндетті біз орындай алмаймыз. Пролетарлық мәдениет ғайыптан пайда болған мәдениет емес . . . Пролетарлық мәдениет адамзат капиталистік қоғамның, чиновниктік қоғамның езгісінде жүріп жасап шығарған білім қорларының заңды дамуы болуға тиіс»- деп жазды.
Мәдениет қоғамдағы барлық байланыстар мен қатынастарды қамтиды. Олай болса мәдениет дамуы қоғамдық прогреспен тікелей байланысты екен.
Қоғамдық қатынастар адам дамуының өлшемі, олай болса оның мәдениетінің де өлшемі екенін мойындау қажет. Ғылыми әдебиетте мәдениет дегеніміздің өзі - қоғам деген пікір кездеседі. Пікірге негіз ретінде мәдениеттің әрекет иелері - адамдардың барлық қоғамдық қатынастары мен байланыстарының жиынтығы екендігі айтылады. Айтылып отырған көзқарастың ұтымды жақтары көп болғанмен онымен толығынан келіеуге болмайды. Мәдениет, әрине, қоғам дамуының көрсеткіші.
Әлемдік мәдениеттің дамуы мәдениет типтерінің бір сатыдан екінші сатыға көтерілуі, ол қоғамдық-экономикалық формациялар ауысуымен анықталатын процесс, яғни мәдениет мазмұны қоғамдағы өзгерістерге тәуелді.
Сондықтан марксизм қоғам мен мәдениетті бір-біріне қарсы қоймай олардың тарихи ажырамас тығыз бірлігін, дәлдігін ашады. Бұл бірлік адам дамуы қоғам дамуымен қатарлас келгенде толық, мүмкіндік алады. Адам дамуы - оның әрекеттік қызметінің әмбебаптық түр алуы. Өндіріс, айырбас, тұтыну қоғам өмірінде неғұрлым кең орын алған сайын адам болмысы да жан-жақтылық сипат алады, ал ол мәдениеттің гүлденуіне жағдай туғызады.
Капиталистік қоғам тұсында мәдениеттің жаңа сатыға көтерілуі сөзсіз, ол заңды процесс. Бірақ «заттық» мазмұн алған мәдениет адам өмірін тарылтады, мәдениет адамнан тыс мәндік сипат алады. Жасалуы қоғамдық негіз болғанмен, өмір сүру тәсілі жағынан мұндай мәдениет әлеуметтік қатынастардан тысқары тұрады, әлеуметтік шектелу шеңберінен шыға алмайды.
Мәдениеттің шынайы мазмұны қоғамды революциялық жолмен қайта құру процесімен байланысты. Адам өз мәнін тек социалистік қоғам жағдайында түсіне бастайды. Бірақ, оның әлеуметтік-саяси практика ашып берген бір ерекшелігі бар. Социализм қоғам дамуында капитализмнен жоғары тұрады. Ол сөзсіз, оған ешкім де күмәндана алмайды. Солай болса да социализм әлі әлеуметтік әділеттілікті толық орната алмайды. Сондай-ақ, социалистік мәдениеттің құрамында ұлттық пен интернационалдық арақатынас ерекше орын алады. Ол ұлттық мәдениетті сипаттаудағы маңызды белгілердің бірі. Оны бекерге шығаруға, не терістеуге болмайды. Қоғамдағы әр халықтың тілінде, психологиясында, тұрмысында, өмір салтында, адамгершілік ережелерінде түрлі-түрлі өзгешеліктер болады. Оларды мәдениеттен бөліп алу мүмкін емес, олай істеу шындықты бұрмалау болып табылады. Социализм мәдениеттің ұлттық формаларының дамуына даңғыл жол ашты, өйткені ұлттың формалардың көп түрлілігі социалистік мазмұнды дамытпаса, оған кедергі жасамайды. Керісінше, мысалы, ұлттық тілдердің дамуы ұлттық мәдениеттердің жетілуіне, олардың интернационалдық арнаға құйылуына мүмкіндік туғызады. ұлттық және интернационалдық-диалектикалық бірлік құрайды, диалектика әрбір мәдениетте, сонымен қатар нақты бір ұлттық мәдениеттерде болуы мүмкін жалпы адамзаттың элементтерден тұрады. Бұл бірліктің қайсысын болса да жеке дәріптеушілік сана мен мінез-құлықты бұрмалауға әкеліп соғады, ұлтшылдық сезімді немесе жалған интернационализмді оятуға арандатады. Белгілі совет жазушысы Шыңғыс Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» атты романында жағымсыз кейіпкерлердің бірі Сәбитжанды суреттей келіп, былай деп атап көрсетеді: «Ол кімді болса да, нені болса да сатып жібереді». Олар «Манас» аэропортының атауын ұлтшылдықтың көрінісі деуге дейін барды, ұлттық мектептер мен бала бақшаларының қажеттігін жоққа шығаруда, солай ету арқылы олар ұлттық мәдениеттің тамырына балта шауып отыр. Олар ештеңеден, тіпті ақыр соңында ешқандай оғаштығы жоқ экзотикадан да ешқандай өзіндік ерекшелік қалдырмақ емес. Сондықтан да ұлтшылдыққа қарсы күресте интернационализмнің атын жамылған мимикрияны жіберуіміз керек деп ойлаймыз».
Жалпы адамзаттың мәдениет - ұлттың мәдениеттерден құралады, бірақ ол сол мәдениеттердің жай жиынтығы емес. Ұлттық мәдениетсіз жалпы адамзаттық, интернационалдық мәдениеттің болуы мүмкін емес. Сондықтан совет үкіметінің алғашқы жылдары пайда болған мәдениеттегі ұлттық нигилизм идеяларын біз қолдай алмаймыз. Ол мәдениет дамуындағы сабақтастықты, мирасқорлықты терістеп қана қойған жоқ, сонымен бірге мәдениеттегі таптықты түсінуді бұрмалады, мәдени тарихи процестер заңдылықтарын мойындамады.
ұлттық мәдениетті ұлттар, халықтар тарихынан бөліп алып қарауға болмайды. ұлттық мәдениет ұлттық, халықтық дәстүрлерден дем алады, соңғының даму дәрежесінің көрсеткіші болады. Халық тарихынан тысқары, оның өмір салтынан оқшау ұлттық мәдениет мүмкін емес. Бірақ, қай ұлт болсын, қай халық болсын, басқа ұлт - халықтар әсерін қабылдамай тұра алмайды. Сондықтан әрбір ұлттық мәдениетте жалпы адамзаттық, интернационалдық мәдениет элементтерін көреміз. Мәдениеттегі интернационалдық пен ұлттық диалектикасы халықтар бірлігін, олардың өзара түсінісуін, өзара мәдени әрекеттесуін, бірін-бірі сайлауын білдіреді. Бұл арада В. И. Лениннің «Интернационалдық мәдениет ұлтсыз мәдениет емес»- деген пікірінің терең методологиялық маңызы бар екендігін айта кетуіміз керек.
Әрбір ұлттық мәдениет - мәдениет мазмұнындағы жалпы адамзаттықтың нақтылы көрінісі, солай бола тұра ол дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас маңызды бөлімдерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге әр ұлттық мәдениет өз дамуында түрлі дәрежеде болуы ықтимал. Бірақ мына ұлттық мәдениет алдыңғы шепте, ал екінші ұлттық мәдениет мешел қалған деп барлық мәдениет көріністерін бір қалып негізінде сипаттау дұрыс болмайды. Бұл мәселе өте күрделі. Оны түсіну үшін К. Маркстің «Әрбір ұлт басқалардан үйрене алады және үйренуге тиіс те», - деген методологиялық тұжырымын басшылыққа алған жөн. Цивилизацияның жаңа сатысына көтерілген мәдениет иесі оған жетпегендерге ақыл айтушы болып қана қоймай, үйренуші де болуы міндет.
Адамнан тыс мәдениет жоқ, мәдениеттен жұрдай адам да болмайды. Адам мәдениеті тәрбиеленетін нәрсе. Осыған орай мынадай бір жайды айту қажет. Қазір елімізде хат танымайтын адам жоқтың қасы. Көпшілік онжылдық, тіпті болмаған күннің өзінде 7 - 8 кластық білім алып, қоғамдық өмірге қосылады. Жоғары және арнайы орта білім алушылар саны да жеткілікті және жыл сайын көбейіп келеді. Сонда осы білім алу мен мәдениет арасындағы қатыс қандай деген сұрақ тууы ықтимал. Білімі бардың барлығы мәдениетті бола бермейді, керісінше, білімі төмен адамдардың барлығын мәдениетсіз деп айта алмаймыз. Мәдениет адамның сана-сезімінің қалыптасуына қарай көрініс табады. Жекелеген адамдарга байланысты мәдениеттілік ерекше мазмұн алады. Мәдениеті төмен адамды жоғары білім дипломы барлардың арасынан әлі де жиі кездестіруге болады. Білімі болғанымен қоры болмаған адамнан мәдениет күтуге болмайды. Ондай адам басқалармен тілдесе алмайды, әдебиет, өнер жайлы әңгімеге қатыса алмайды, өзіндік пікірі де болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz