БОЛМЫС ПЕН ОЙЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ ФОРМАЛАРЫ


АДАМ БОЛМЫСЫ МЕН ОЙЛАУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ФОРМАЛАРЫ
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ 3
БОЛМЫС ПЕН ОЙЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ ФОРМАЛАРЫ 4
1. Іс-әрекет және тәсіл проблемасы. 4
2. Диалектика және метафизика 7
3. Категориялар туралы жалпы ұғым. 14
4. Болмыс туралы жалпы ұғым. Болмыс және ештеңе (ничто) 18
5. Субъект және объект. 22
6. Қалыптасу (становление) 24
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28
КІРІСПЕ
БОЛ
МЫС ПЕН ОЙЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ ФОРМАЛАРЫ
1. Іс-әрекет және тәсіл проблемасы.
Күрделі өзгерістер дәуірінде түптеп келгенде адамдардың өзін қоршаған дүниеге жөне сол арқылы өздеріне қатынасы өзгеретіні мәлім. Жалпы алғанда оны адамдардың өмір сүруінің негізгі жолы немесе тәсілі деуге болады. Қоғамымызды қайта құру тіпті кдйта жа-сау кезеңі де тап осындай шақ. Біз барлық орнығып қалған қатынас-тарға, нормаларға, жағдайларға соны көзбен қарауға үйренудеміз. Бұрынғы үйреншікті болып қалған киіміміз өзгеріп кеткен жаңа еңсемізге, деңгейімізге шақ болмай қалғаны сияқгы, қоғамдық қаты-настарды жаңарту да бәріне жаңа шама мен өлшемді табуға ойысты-рады.
Бұлардың барлығы: жаңа шама, өлшем, қатынас т. т. филосо-фия тілінде тәсіл деп аталады. Тәсіл мұндай жалпы түрғыда нақгы бір істі атқарудың жекелік қана мәні бар жодцары мен операциялары емес. Ол - осы дәуірдегі адамдардың барлық нәрселерге және бір-біріне қатынас жасауының жалпы ерекшелігін көрсетеді, сол арқылы жалпы танымның да тәсіліне айналады. Ондай жалпыға бірдей тәсіддің өз-әрекеттері мен өз ойлауында бар екендігін адамдардың көпшілігі күнделікті тіршілікте көбінесе байқамайды, сезінбейді.
Өз іс-әрекеттерінің жөне ойлауының қалай атқарылатыны олар-дың не нәрсе екендігі т. т. жақгарын зерттеу мәселесі ететін рухани қызметтің саласы ол - философия. Философияның екі мың жыддан астам тарихында оның өзекті мәселелерінің бірі осы ойлаудың тесілі бодды. Тарихтың әр кезеңі, бұрылыстары үнемі төсіл хақындағы ой-ларды алға тартып отырды.
Ойлаудың жалпы тәсілі адамдардың дүниеге жалпы қатынаста-рынан туатынын айттық. Соған орай, ол іс-әрекетгердің және ойла-удың логикалық құралы ғана емес. Дүниеге белгілі бір практикалық қатынас деген сөз - ол дүниенің өзі адамдарға басқаша түрінде көрінеді деген сөз. Дүниеге бүрынғыдан баскдша қатынас жасау - оны басқаша игеру, оны басқаша көру, сезіну. Яғни, ол - басқаша бір дүние ашқан-мен бірдей. Ол, бірақ, бүрынғы дүниені алаңсыз талақ ету емес, бүрынғыны жаңа, өлде қайда кең әрі өзгеше дүниенің шеңберінде көре білу.
Ол заңғар биік тауға өрлегенге іспеттес. Жаңа бір биіктің деңгейінде бүрынғы білетін, үйреншікті нерселердің одан әдде қайда ауқымды дүниедегі алатын орны енді басқаша, неғүрлым айқын көрінетіні белгілі. Дүниені рухани көру де солай.
Күнделікті тіршіліктің еңсе көтерпейтіндей ауырлығы өз өміріңнің мағыналы жағын көруге екінің бірінде мүмкіндік бере бер-мейді. Біздің қоғамның ерекшеліктерінің бірі де осында. Бірақ, алаңсыз ондай рухани мүқгаждықты жойып та жібере алмайды. Жоғарыда айтылған мәселелер сол өмірден соншалықгы алыс болып көрінуі мүмкін. Бірақ, шынында олай емес. Керісінше, өмірді танудың жолы мен тәсілі, оны өзгертудің, жасаудың жолы, яғни өмірдің нәр беретін өзектері туралы сөз ететін мәселелер.
Ондай нәрселерді білуге қүштарлықгың өзі - сол адамның өз рухани деңгейін көрсетеді. Адам туывдысының оның өзіне жаттану-ының тарихи себептеріне бүрын тоқтадық. Жаттанудың ерекше бір формасы - осы заттану, адамдық күштің заттың күшіне айналуы. Соның нәтижесінде адамды қоршаған, оның өзі жасаған заттарды соншалықгы әсіре бағалау, оларға табыну.
Адамдар болмысының осы дәуірдегі ерекшелігі сол замандағы (яғни күні бүгінге дейінгі) адамдардың ойлау жүйесіне түбегейлі түрде айрықша бір сипат берді. Оны біз жаттану логикасы деп атаймыз. Жаттану логикасы жаңа дәуірдегі философиялық және ғьшыми ой-лаудың негізінде жатыр. Ол - жаңа заманда пайда болған рациона-лизмнің өзгеше типі.
Қарапайым адамның күнделікті іс-әрекетінде заттың алатын орны жоғарыда айтылғандай бәрің де өзіне бағывдыратын, бәрін де өзі тудыратын бір қүдіретті күш болып керінетіндіктен, оның ойында да заттар дүниесі бір де бір болмыс. Қоғамда да, табиғатта да. Реаль-дық нәрсе тек қана зат. Заттан өзгеше реальдық қүбылыс болуы мүмкін емес. Бір нәрсені реальдық деп танитын болсақ, оны тек зат деп
111тануымыз тиіс. Қандай да болмасын қозғалыс, өзгеріс, іс-әрекет, процестер белгілі бір заттың ерекше табиғатынан туады. Затты оны туғызған қозғалыстың ерекшелігінен емес, қозғалысты оны туғызған заттың ерекшелігімен ғана түсіндіруге, түсінуге болады.
XVII-XVIII ғасырлардағы натуралистік бағыттағы ойшылдардың және XIX ғасырдағы Л. Фейербахтың дүниені түсіндіру принципін затты осьшай түсінуге негізделтен объект логикасы немесе объектілік ойлау деп айтуға болады.
Объектілік ойлау ойлаудың табиғатын, оны құрайтын ұғымдар-дың мазмүнын, олардың калыптасуын түсіндіруде танымның бірден-бір міндеті ол мазмұнды субъектінің кандайда болмасын әсерінен тазарту. Ғьшыми таным процесі танылатын объект женіндегі ұғымда субъектінің кандай да болмасын табы, не ізі сақгалмауы керек, субъ-ектінің объектіге катынасынан толық азат болуға, оны алаңсыз ес-кермеуге тырысуы кажет. Тек сонда ғана заттың, объектінің адамға тәуелсіз мазмүны туралы ұғым қалыптастыра аламыз. Кейінгі фило-софия мен ғылымның дамуы көрсеткеңдей танымға қойылатын бүл талап белгілі бір шекке дейін ғана өзін ақгай алады, яғни ақиқатқа жетудің абсолюттік бірден-бір жолы бола алмайтындығы анықгалды.
Олай болса, заттарды тану, ой жүзінде меңгерудің өзі сол мұқгаж-дықган туған. Сондықган, әр замандағы танымдық катынас, ойдың ақиқатқа жетуінің жолдары мен әдістері, оның методы адамның дүни-еге қатынасының тарихи белгілі бір типін бейнелейді, соны идеал-дық формада дамытады. Адам іс жүзінде, іс-әрекетінде дүниеге кан-дай қатынаста тұрса, ойлау жалпы алғанда сондай катынастың ішкі өзегі.
Заттың, объектінің адамға тәуелсіз өзіндік болмысын айқындау, сөз жоқ, айрықша маңызды мұқтаждық. Затты меңгеру үшін оның өзіндік, заттық өз табиғатының зандылығын, оның пайда болу тәсілін анықтау керек. Демек, табиғаттың, ондағы заттардың өзіндік болмы-сы, оның адамға төуелсіз объективтік мазмұны адамның дүниеге қаты-насының шеңберінде ғана ашылады екен. Процестің объективтік жөне субъективтік жақтарының өзі еңбек процесінің ішкі жіктелуінің бір түрі.
Сонымен философиядағы зерттелетін ойлаудың төсілі - ол адам-дардың өмірге жалпы қатынасының өзегі болса, біз қазір осы қаты-насымызды өзгертудеміз. Бүрынғы қалыптаскдн догматтарды, тіпті калыптаскан іс-әрекетіміздің формаларын кайта сын көзімен карау-дамыз. Болмыстың әрбір нақты формаларын сынауда, оған баға бе-рудегі қойылатын бірінші талап: ол адамдардың дамуына қаншалықгы өріс ашады, олардың дербес, еркін творчестволық қызметіне тұсау ма, жоқ, керісінше, солай дамуының бірден-бір жолы ма?
2. Диалектика және метафизика
Осыған дейін біз ойлаудың төсілін танымның тәсілі деп кара-дық. Яғни ойлау мен танымды бір нәрсе, ол екеуі егіз деп түсінуді көрсетгік. Бүл бірақ, бұрын да айтқандай, батыс ойлау үрдісінің, оның дүниеге қатынасының үлгісі. Философияны ғылым, оның тәсілін де ғылыми тәсіл деп білу. Шығыстың дүниеге қатынасының өзгешелігін де айтісднбыз. Олардың барлығының негізінде адамдардьщ әртүрлі құндылықтары жатыр дедік.
Диалектика мен метафизика осындай тәсіддер.
Дүниені толассыз өзгерту, оны бүкіл түбінен қайта қүру, өз мүқгаждығына сай қайта жасап отыру, яғни дүниеден, әлемнен тек бір пайданы ғана көру, оны түтынудың ғана көзімен аңдау, сезіну, бүл - белгілі бір қүңдылық. Бүл батыста да, шығыста да бар, бірақ батыстың дүниеге қатынасында ол басым. Бүл түрғыдан таным ай-рықша мәнгё ие болады. Соның нәтижесінде адам дүниеге үстем, ол өлемнің жалғыз иесі, кіндігі, бар дүние сол үшін жасалғандай, сол үшін болатындай ойлауға бейім етіп түрады. Диалектиканың негізівде дүниеге осындай қатынастың табы бар. Онда дүниеге танымның негізіңце, дүниені өзгерту процесінде ешбір тарихи шекті білмейтін толассыз өзгеріске адамдық үмтьшыс жатыр. Бүл үмтылыс диалекти-каның белгілі бір өзегі, бірақ бірден бір мазмүны емес. Бүл қатынас бүтін табиғатынан теріс нәрсе емес, тек өзінің шектен шыкқан үмты-лысында, басқа қатынастардың бәрін ығыстырып, алға шыкқан да ғана оның адамдық мәнді бүзатын бағыты анық көріне бастайды.
Диалектика термині ежелгі Грецияда (dialektike) шыққан. Алғашқы кезде диалектиканы өртүрлі пікірлес адамдардың өзара сүхба-ты, пікір таласы арқылы ақиқатқа жетудің жолы (dialego) деп түсінген. Аристотельдің айтуынша диалектиканы алғаш ойлап тапқан -Зенон. Аристотель өз философиясында диалектиканы ықтималдық пікірлер жөніндегі ілім деп, оны дөлелдеулер туралы ілімнен - аналитикадан -ажыратып қарайды.
Әрине, диалектика өмірдегі, табиғаттағы бар нәрсеге зейін қоя-ды. Ол - табиғаттағы, қоғамдағы толассыз қозғалыс, өзгеріс. Диалек-тика үшін жалпы болмыстың өзі - процесс. Онда мәңгі тұрақты еш нәрсе жоқ. Өмір жалпы - ағым. Болмыста барлық құбылыстар өзара тікелей не дәнекерлі байланыста. Ежелгі Грецияда мәселені осы мағынада алғаш қойған Гераклит (б. д. д. VI ғ. ) . Элей қаласынан шықкдн Зенон әрбір нөрсенің ішкі қайшылықта екенін алғаш ашты деуге болады. Ол қозғалыстың не екеңдігіне түңғыш логикалық тал-дау жасап, қозғалыс шын мәнінде жоқ деген түжырымға келген. Біздің сезімдеріміз куәлігіне қарасақ бар сияқты, бірақ ақылдың дөлелдері қозғалыстық тыныштық қалыптардың жиынтығы екенін көрсетеді деген. Бұған біз қозғалыс туралы тақырыпта кеңірек тоқталамыз.
Диалектикалық ойлау тарихта үш кезенді бастап кешіруде.
Антика дәуірінің диалектикасы. Оны тұтастықтың немесе бутіндіктің (целостность) диалектикасы деуге болады. Бүтіндіктің диалектикасында әлі даму идеясы жоқ. Антика дәуірінде философи-яның көптеген бағыттары болды, олардың барлығына дерлік диалек-тикалық ойлау тән. Толассыз қозғалысты элеаттардан17 баскалары-ның бәрі де мойындайды, бірақ өзгеріс, әсіресе даму олардың ұғымына жат. Осы ерекшелік әсіресе Платонда айқын. Платонның бұрын айткдн мәңгілік түпкі идеялары ешқандай езгермек емес. Аспан денелері, мысалы, осындай мөңгі өзгермейтін нәрселер, себебі олардың та-биғаты рухани нөрсе, материалдық емес. Аспан денелері қатаң анықгалған бір жолымен (орбитасымен) мөңгі қозғалыста. Қозғалыс бар, өзгеру жоқ. Табиғаты неғұрлым жетілген, яғни ешбір кемдігі жоқ, түтастық өзгеруге тиіс емес. Тұрақтылық жетілгендіктің (совер-шенство) белгісі. Тірі жәндіктер, әсіресе адамдар қатаң бір жолмен жүрмейді, олардың қозғалыс жолы бүралаңқы. Бұл олардың рухани табиғатының жетілмегендігін көрсетеді. Олар кемдігі жоқ түгастықты әлі таппаған. Сондықган да олардың өмірі түрақсыз, өзгере береді. Платонның қоғамның мемлекеттік құрьшыс туралы ілімі осындай жетілген, барлық қажетті бөліктері түгел жүйені үсыну. Қоғамдық құрылыс мөңгі өзгермейтін болуға тиіс. Барлық нәрсе өзінің түпкі ұғымына сай қүрылса, ол өзгермейді.
Ең негізгі құндылық тұрақтьиықга. Өзгермелілік - шексіз бақыт-сыздық. Жетілген бүтіндік, яғни қажет бөліктерінің бәрі де бар бүтіндік, мысалы қоғамдық құрылыс, адамдар үшін де, қүдайлар үшін де ең негізгі игілік.
Бүтіндік, ол - бөліктердің жәй жиынтығы емес. Бүтіндік бөліктерді анықгайды. Бөліктің мәні сол бүтіндіктің күрамындағы орнына байланысты, ал оны бүтіндік анықгайды, яғни сол бүтіндіктің идеясы. Бүтіндік, өрине, барлық уақытта қозғалыста, бірақ ол қозғалыс соның өзін үнемі қайта түзеп, калпына келтіріп отыру керек.
Антика дәуіріндегі диалектикалық ой бүтіндіктің ішкі қайшы-лыққа қүрылғанын, соған байланысты іштей терістеушілікке, қара-ма-қарсылықгардың бірі екіншісіне ауысып отыратынын да айтқан. Бүл әсіресе Гераклитке тән көзкарас. Антикалық диалектикалық иде-яда бар нөрсені бейнелеу болуға тиісті қүндылықпен терең астасып жатыр. Оларда өмірдің өзінің кдндай екенін ғана емес, болуға тиісті
' Ежелгі гректің Элей қаласынан шықкан ойшылдар талабын да суреттейді. Мысалы, Платон үшін бүтіндіктің идеясы ең алдымен өзінің өмірлік мүратын іске асырудың жолы.
Диалектикалық ойлау тәсілінің классикалық кезеңі - XVIII, XIX-XX ғасырлар. Оның негізін салушылр - классикалық неміс филосо-фиясы, Маркстік диалектикалық ой. Бүл кезендегі диалектикалық ойлау концепциялары да әртүрлі принциптерге негізделген, бірақ оларды жақындастыратын негізгі ерекшеліктер: даму идеясы, іс-әре-кет, белсенділік принципі.
Антикалық дөуірмен Жаңа дөуір философиясын жақындасты-ратын идея - барлық болмысты, адамды қоса, бір түтас ететін оның субстанциялык негізі. Ол субстанциялық негізді, өрине, бүрын да, жаңа дөуірде де әр ойшыл өртүрлі нәрселерден көрді. Бірақ субстан-цияның барлығына күмәнданған жоқ. Бүл түрғыдан даму идеясына сай қандай да болса түтастық, бүтіндік бір негізден өрбиді. Барлығы да сол негіздің баскдша формалары. Түтастық туралы идея жаңа дөуірде де сақгалады. Дүние жалпы түтастық. Жеке құбылыстар, нақты фор-малар іштей*байланысқан, толық дара, басқалармен ешбір байланы-сы жоқ қүбылыс болмайды, мүмкін емес. Тек олардың сабақгастықга-ры сан түрлі, байланысудың табиғаттары да өзгеше.
Жаңа дәуір диалектикасының өзгешелігі сол - дүние түтасымен алғанда да, жеке салаларын оқшау қарағанда да үздіксіз даму жолын-да. Қозғалыс, өзгерістердің ішкі мәні - даму. Тек даму ғана өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті түтастыратын нөрсе.
Жаңа дәуірде, яғни буржуазиялық қатынастар мен өнеркәсіптің айрықша пөрменділікпен өрістеуі танымның, ғылымның қоғамдағы орнын барынша зорайтып, рухани өмірдің негізгі пішінін анықтау-шы күшке айналдырды. Ғылыми емес немесе оған қайшы келетін нәрселер түкке түрмайтын нөрседей бағалана бастайды. Философия да өзін ғылым деп карап, өзін ғылыми нормалар мен өлшемдер арқылы кайта қүруды мақсат етті.
Ғылыми ойлаудың негізгі объектісі болмыстағы заттар мен про-цестердің арасындағы қатаң себеп-салдарлық байланыстар болған-дықтан ойлаудың сезімділік формалары онда негізгі орынға ие бола алмайды да, алға сезімдерден ада, таза болған логикалық формалар шығады. Ғылыми танымда ой мен ойдың арасындағы қатаң бірінен екіншісі міндетті түрде туындайтың кдтынастар жоғары бағаланады. Философиядағы ойдың еркін өрбуінің орнына ғылымдағыдай бүлтарт-пайтын түжырымдар мен негіздеу алға шықгы. Спинозаның этиканы геометриялық ережелердей қүруы, Декарттың философиясын дәлел-деуді қажет етпейтін аксиомадан ("Мен ойлаймын, ендеше мен өмір сүремін") бастағысы келуі т. т. бүл дөуірде үйреншікті нәрсе. Бірақ ойлаудың сезім түгіл адамнан, тіпті табиғаттан ада болған абсолюттік формаларының бірінен бірі үдемелі өрбу жолымен тұтас өлемдік си-стемаға айналуын іске асырған Гегель болды. Ол өз жүйесін филосо-фияның ғылымға айналуының шегі деп қарады. Тіпті негізгі еңбегін "Логика ғылымы" деп атады. Табиғат та, адам да Абсолютік рухтың даму жолындағы нақты сыртқы формаға ие болған, іске асқан фор-малары, оның өзін өзі тануының формалары, Абсолюттік идеяға, яғни өзінің тазаланған формасына қайтып оралу жолындағы өткінші ке-зеңдер.
Гегельдің жүйесіндегі даму осы Абсолюттық рухтың Абсолюттік идеяға дейінгі дамуы. Барлық логикалық формалар, категориялар рух-тың осы сапарындағы бір сәт кана ие болатын келбеттері. Тынымсыз дамудың, өзгерудің себебі сыртган келмейді, әр қүбылыстың ішкі кай-шылығынан. Әрбір бұтін қүбылыс ішкі қайшылықта, онда қарама-қарсы жақтар, үмтылыстар, бағыттар бар, олар бір-бірін теріске шығарады әрі бір-бірін толықгырады. Құбылыстарда абсолюттік ішкі тепе-тендік жоқ, сондықтан да олар үнемі қозғалыста. Гегель ішкі кайшылықгы алаңсыз теріс нөрсе деп ұғынудан аулақ. Гегельге дейін көбінесе осьшай ойлаған. Керісінше, Гегель ішкі қайшылыққа сон-шалықты зор мөн берген. Қайшылық, оның ойынша, өміршеңціктің көзі.
К. Маркс Гегельдің диалектикалық ойларын біршама жалғастыр-ды. Бірақ ол диалектикалық сипат адамнан, өлемнен тыс Рухтың емес, табиғат пен адамның, адам тарихының ішкі мәні деп ойлады. Диа-лектика ең алдымен адамның дүниені өзгерту қызметіне тән, яғни адамзат тарихында неғұрлым айқын.
К. Маркс және әсіресе оның бағытын жақтауші Ф. Энгельс диа-лектиканы, жалпы философияны ғылымға жатқызды. Олар өз фило-софиясын материализмге санап, өзінің философиялық көзқараста-рын материалистік диалектика деп атағаны белгілі. Материалистік диалектика - табиғаттың, қоғамның және ойлаудың ең жалпы занда-рын зерттейтін ғьшым. Маркстің түсінуінде қоғамдық сананы қоғам-дық болмыс анықгайды, ол қоғамдық болмыс - адамдардың өз өмірін жасаудың (оның өз сөзімен айтқанда - өндірудің) жөне қайта жасау-дың жолы немесе тәсілі. Бұл ұғымға қоғамдасқан адамдардың өзара қатынастары, яғни қоғамдық қатынастары да жатады. Өйткені адам-дар өзара қандай кдтынастарда тұрса, олардың баска дұниеге де қаты-настары жалпы алғанда сондай. Адамдардың дүниені өзгерту қызметі мен олардың өзара қатынастарын өзгерту қызметтері шын мағына-сында бір процестің екі жағы. Осындай екі ұдайлық ойлауға да тән жөне алғашқының бейнесі.
К. Маркс Гегельдің даму жөніндегі идеяларын жалпы мағына-сында қолдады, бірақ оларды қоғамдық тарихи процестің ішкі мәнінен, кайшылықтарынан шығаруды дұрыс деп тапты. Адам табиғаттық ди-алектикасын сырттай әрекетсіз андау жолымен емес, сол табиғатты игеру қызметінде оның диалектикасын жаңғыртады, дамытады. Өйткені Маркстің түсінуінде тарихи процесс те объективтік болмыс, болмыстың дамыған жоғарғы түрі. Гегельдің белгілі ойын жалғасты-ра отырып, ол қандай құбылыс болмасын оның әлі жетілмеген фор-маларына карағанда жетілген, толысқан формаларында оның табиғаты барынша айқындалады. Сол қүбылыстың шын не екендігі оның ең жоғарғы кемелденген сатысында көрінеді. Сондықган да ол диалек-тиканы қоғамдық процестерде зерттеуді ең өнімді жол деп білді.
Жаңа дәуір батыстың қоғамдық ойында прогресс идеясымен ай-рықша елігу кезеңі. Даму идеясы соның жалпы философиялық әрі логикалық сығымдалған өнімі десе де болады. Осы прогреске де, даму сияқты, ішкі қайшылықтар серпін беріп отырады. Бұл тағы да буржу-азиялық революциялар заманы. Осы жалпы қоғамдық кеңіл күйге сай диалектика да революциялық теория деп қаралды. Себебі оның түсінуінде ешбір мәңгілік нөрсе жоқ, бәрі де пайда болу, қалыптасу, кемелдену-гүлдену және, ақырсында, күйреу сатьшарынан өтеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz