Мәдениет пен өркениет, құрылымы мен функциялары туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мәдениет пен өркениет,  құрылымы мен функциялары.
 
     Мәдениет ұғымын тереңiрек түсiну үшiн, оған мағыналық жақындығы бар
кейбiр басқа ұғымдармен арақатынасын қарасытырып өтейiк. Осы сипатта бiздiң
зердемiзге бiрiншi түсетiн ұғым - өркениет. Өркение (цивилизация)
семантиклық жағынан алғанда (латын тiлiнiң -   сөзi) азаматтық дегендi
бiлдiредi. Римдiктер бұл ұғымды (варвалықтар) деп өздерi атаған басқа
халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған.
Яғни, “өркениет”- олардың түсiнiктерi бойынша, азаматтық қоғам, қалалық
мәдениет, заңға негiзделген басқару тәртiбi бар Рим империясының даму
дәрежесiн бiлдiредi.
     Ғасырлар бойы қалыптасқан екi ұғымның мағыналарын төмендегiдей
топтастыруға мүмкiндiк бар:
     1.Мәдениет пен өркениет бiр. Олар синонимдер (И.Гердер, Б.Тайлор).
     2.Өркениет-мәдениеттiң ақыры, оның кәрiлiк шағы, руханилықтың антиподы
(Ж.Ж.Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер).
Сонымен бiрге мәдениет – адамды тұлға деңгейiне көтеретiн негiзгi
құрал. әл-Фараби айтқандай, адам – “хайуани мадани”, яғни, мәдениеттi жан.
      Адам – табиғат туындысы және ол үшiн табиғи орта мәңгiлiк қажеттiлiк
болып қалады. “Мәдениет адамнан табиғатты бөлiп алады” деген пiкiр қанша
рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғарғы үлгiсi екендiгiне
күмән жоқ. И. Гердердiң тiлiмен айтқанда, адам -  табиғаттың бiрiншi
азаттық алған пендесi.
     Ғасырлар – адамның мәдени дауының куәсi. Бiрақ осы алға қарай жылжу
Жер – анаға әр уақытта жайлы бола бермедi. Адам қоршаған ортаны өзiне
ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсендiлiк көп жағдайда
табиғатты күйзелтiп, құлдыратып жiбердi.
     Мәдениет пен табиғатты қарама-қарсы қоюдың бiр түрi – адамның табиғи
антимәдениеттiлiгi жөнiндегi iлiмдер едi (киниктер, Ницше). Контрмәдениет
атты ХХ ғасыр туындысы бұқаралық мәдениеттегi руханилықтың затқа, тауарға
айналуына қарсы қозғалыс сипатында болды. Мәдениет пен табиғатты
ұштастыруға тырыстатын iлiм – мәдени антропология. Оның негiзiн
салушылардың бiрi – Э.Уильсон.
     Әрине, аталған iлiмдер табиғи-биологиялық заңдылықтарды тым әсiрелеп
жiбередi, әйткенiмен оның қисыны бар сияқты. Өйткенi, ХХ ғасыр мәдениет пен
табиғат диллемасының адам тағдыры үшiн қауiптi екендiгiн көрсетiп, заман
талабына сәйкес экологиялық мәдениет iлiмiн тудырады. Адамдық шовинизмдi
тежейтiн бұл iлiмнiң негiзiндегi мынадай идеяларды атап өткен жөн.
     а) академик В.И.Вернадскийдiң Ноосфера (парасатты орта)  туралы iлiмi,
     ә) Рим клубының экологиялық тұжырымдары,
     б) Тейяр де Щарденнiң адам жөнiндегi гуманистiк эволюциялық теориясы,
     в)  Л.Н.Толстой, М.Ганди А.Швейцер, Э.Фромм т.б. дамытқан гуманистiк
этика т.б.
     Тағы айта кететiн жайт осы экология мәселелерiне байланысты Шығыс пен
Батыстың арасындағы айырмашылық туралы. Мнтровертивтiк Шығыс мәдениетi
табиғатқа жақын ол үстемдiк етiге шақырған жоқ.
     Сонымен мәдениет-адам мен табиғатты бөлiп тұрған “қытай қорғаны” емес
керiсiнше олардың арасындағы нәзiк үндестiк және рухани қыл- көпiр. Осы
үндестiктi ( гармонияны) одан әрi жетiлдiру-адамзаттың алдындағы келелi
мiндет.
     Адам және мәдениет мәселелсiн тереңдете түсетiн тағы бiр мәселел
адамның көпмағыналығына жан-жақтылығына шексiздiгiне байланысты. Американ
ғалымы К.Поппер айтқандай адам бiрдей үш дүниеге физикалық,
ментальдық(психикалық) және идеалдыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың
қайсысымен көбiрек анықталады деген заңды сұрақ туады. Егер бiз мәдениеттi
тек материалдық және рухани бөлiктерге бөлудiң қарадүрсiн щеңберiнен шыға
алсақ, онда мәдениеттiң өзiнiң iшкi мағынасында идеалды екендiгiне көзiмiз
жетедi. Себебi, адамды қоршаған заттар, дүние - -бұл мәдениетт iң сыртқы
көрiнiсi ғана, оның мәнi руханилықты адам әрекетiнiң нәтижесiнде
заттандыруда жатыр. Мәдениеттiң iшкi мәнi -–руханилықты адам әрекетiнiң
нәтижесiнде заттандыруда жатыр. Мәдениеттiң iшкi және қоғамдағы өмiр сүрiп
жатқан адамдардың өзiндiк санасында, парасаттылық сезiмдерiнде, рухани
iзденiстерiнде айқындалады.
     Ж.П.Сартрлық көсемсөздi қайталасақ, адам әлемге еркiн жiберiлген. Ол
ерiктiлiк жазасына кесiлген. Осы сипатта мәдениеттiң құпиясы – адамдағы
“Мендiк”. Одан сыртқы ерекше бiр нұр – азаттық, жауапкершiлiк, адамгершiлiк
сәулесi нұр шашып тұр.  Мәдениетте адам ғажайып биiк деңгейге көтерiледi.
Мәдениет дегенiмiз – менiң өмiрiм, менен бөлiнген, мен өлгеннен кейiн де
тiрi болатын – менiң шығармашылығым.
     Ендi мәдениеттiң қоғамда атқаратын қызметтерiн талқылайық. Алдымен
қоғам және мәдениет ұғымдарында қаншама ұқсастық, үндестiк болғанымен,
олардың арасындағы мағыналық айырмашалақты естен шығармаған жөн.
     Қоғам- әлемнiң бiр бөлiгi. Белгiлi бiр мақсаттарды iске асыру жолында
әрекет етiп жатқан субъектiлердiң(тұлғалардың, топтпрдың, этностардың,
мемлекеттердiң) байланыс нысандары. Яғни, қоғам ұғымындағы негiзгi мәселел
– адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтiн басты
iлiмдi әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгiлi
бiр қасиетi, көрiнiсi, сипаты  мазмұнында қолданады.
     Осыған дейiн қарастырылған ұғымдарды негiзге алып, қоғамдағы
мәдениеттiң төмендегiдей қызметтерiн айқындау мүмкiндiгi бар.
          Адамды қалыптастыру қызметi
     Бұл – мәдениеттiң қоғамдағы басқа қызметтерiн бойына жинақтайтын және
оның негiзгi мазмұнымен тiкелей байланысты нышан. Егер бiз адамды әлде
құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пiкiрталастардан сәл
көтерiлске, адам мәдениеттi, ал мәдениет адамды қалыптатырғанына көзiмiз
жетедi. “Жеке адам өзi өмiр сүрiп жатқан қоғамның туындысы, төл перзентi”
С.Мырзалин, Ә.Әлпейiсов. Қоғам және мәдениет. Алматы, 1992. 14-б). Маугли
көркем бейне. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттiк
қасиеттерден жұрдай болады.
     Адамға ең қиыны – адам болу. Ал оның негiзгi шарттарының бiрi ретiнде
iзгiлiк пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әдiлеттiлiк пен өктемдiк,
бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын
аламыз. Соның нәтижесiнде тұлғада өзiндiк сана тұрақталады, ол озық
мәдениеттi өз бойына сiңiредi. Жалпы алғанда, мәдениеттiң алға басуы
дегенiмiз – дүниежүзiлiк тарихтың адам үшiн, оның мүдделерi мен өзiндiк
мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады.
     Жалғастық, мәдени мұрагерлк қызмет
       Мәдениеттiң бұл қызметi бiр ұрапақтан екiншi ұрпаққа берiлетiн бүкiл
адамдық өмiр тәсiлдерiнiң өзiндiк ерекшелiктерiне қатысты. Ақпараттық (
информациялық) берiлiс әлеуметтiк жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан
өзгеше жүредi. Шын мәнiсiнде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды
игеру, қабылдау және шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени
ақпараттар – салт-дәстүр, әдет-ғұрып, рәсiм-рәмiз, дiл мен тiл, дiн және
өнер, бiлi т.б. руханилықтың белгiлi бiр деңгейiн мейгерудiң нәтижесiнде
мәдениет субъектiсiнiң өзiндiк санасының жанды буынына айналады.
     Танымдық қызметi
        Мәдениеттiң қоғамдағы бұл қызмет мiндетiнiң - сан алуын қыры бар.
Бiрден бiздiң назарымызды өзiне аударатын нәрсе – мәдениет пен бiлiмнiң
арақатынасы. “Табиғаттың қулығын асырып жiберуге” (Гегель) бағытталған
адамдардың бiлiмi, әрине, мәдениеттiң негiзгi құрамдас бөлiгiне жатады.
Ертедегi гректiң “пайедейя”, ислам өркендеуiндегi “маариф”, қазiргi
өркениеттегi “интеллигентiлiк” ұғымдары мәдениет пен бiлiмдiлiктiң iште
туыстығын, үндестiгiн бiлдiредi. Осы сипатта, әсiресе зиялылар  
(интеллигенция) мәдениеттi сақтау және дамыту iсiнде үлкен қызмет атқарады.
“Бүгiнгi күнге лайық адамдық қарым-қатынас орнату – интеллигенцияның басты
мiндетi... Ал бiздiң өркениеттiлiгiмiз жаппай компьютерге көшумен сипатталмау
керек, мәдени диалогтiң түрiн жасап, оны сақтай бiлу қабiлетiмiзбен көрiнуi
керек  (Ә .Наурызбаева, Н.Скалон.Диалогтiң мүмкiндiгi. Шаһар, 1993. 1-8
б..Яғни бiлiмдiлiк мәдениеттiлiктiң маңызды алғы шарты болғанымен, бұл екi
ұғымның арасында белгiлi алшақтық, кейде тiптi қайшылық бар. Ғылымның бет
алды дамуы, шектелмеген техникалық әрекет мәдениетке үлкен нұқсан келтiруi
мүмкiн. Тек жоғары деңгейде мәдениетi бар өркениет ғылым мен техниканың
дамуындағы терiс салдарларды бейтараптандыра алады. Егер бiз ғылым арқылы
шындықты ашсақ, өнер арқылы әсемдiкке ұмтыламыз, ал моральдық таным
–жақсылық пен жамандықты айырамыз.
     Реттеу қызметi
   Бұрынғы Кеңес Одағында шыққан кiтаптарда мәдениеттi ғылыми жолмен 
басқару атты сөз тiркесi кең  етек алғанды. Бiрақ адамның дүниеде өмiр сүру
тәсiлi ретiнде түсiндiрiлетiн мәдениеттi басқару мүмкiн емес, әйпегенде
адамды тетiкке, қуыршаққа айналдырған тоталитарлық айла-шарғы үлгiлерiн
көремiз. Айталық, Ертедегi Грекияда ещқандай шенеунiктер адам басына
театрлар неше билет сатты деген ақпараттар жинаған жоқ. Солай болса да ол
елдегi жоғары мәдениеттiң және рухани iзденiстiң қандай деңгеде болғаны
бәрiмiзге белгiлi.
     Алайда, солай екен-ау деп мәдениетке сыртқы ықпал жасау мүмкiндiгiн
жоққа шығара алмаймыз. Мәдениет- “жабулы қазан емес”. Мәдениеттегi
реттеушiлiк әрекеттернiң өзiндiк ерекшелiктерi бар. Мәдениетте
күнделiктiден гөрi жоғарыға, идиалдыға, үлгiге көбiрек көңiл бөлiнедi.
Мәдени ұғымдарда нормативтiк, ережелiк талаптар басымырақ. Мысалы,
“мәдениеттi адам” ұғымы оның адамдық жан-жақты белгiлерi бойына толығырақ,
тереңiрек дарытқандығын көрсетедi. Ол – бiлiмi ғылым деңгеiне, киiмi сол
кезде көп тараған сәнге, мiнез-құлқы осы қоғамның адамгершiлiк талаптарына
сай адам.
     Коммуникативтiк, қарым-қатынастық қызмет
     Бұл мәдениеттiң қоғамдағы негiзгi қызметтерiнiң бiрi, Адамдардың қарым-
қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы - әлеуметтiк шындықтың басым көрiнiс.
Адам ерекше бiр өрiсте - қарым-қатынас өрiсiнде болады.  Руханилық пен
iзгiлiк, әдемiлiк пен жақсылық тербелiсi адамды нәзiк тормен қоршаған,
қоғамдық өмiрде тек зат пен тауар ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар,
мамандық, шеберлiк тәжiрибелерiмен, сезiмдiк үлгiлерiмен ауысу толастамақ
емес. Мәдениет игiлiктерiн жас нәресте анасының ақ сүтiн емiп, оның әлди
жырымен сезiм дариясына шомылып қана адамдық қасиеттердi бойына сiңiре
бастайды.
     Ғылымда социализация(әлеуметтану деп аталатын) процесс те мәдени қарым-
қатынасқа негiзделген. Мәдени қарым-қатынастардың түрлерi дегенде олардың
әмбебаптығына және көпмағыналығына көңiл бөлу қажет. Мәдени құндылықтарды
оларды жасаушылар  және тұтынущылар арасындағы қарым-қатынас ретiнде алуға
болады. Мәдени туынды қаншама асыл болғанымен, егер ол рухани азық
ететiндерге белгiлi бiр себептермен жетпей жатса, онда ол мәдени айналыстан
шығып қалады. Адам тұрмайтын үй қаңырап бос тұрады, отарба жүрмейтiн темiр
жол -–жәй темiр мен ағаштың үйiндiсi, ешкiм оқымайтын кiтап – шаң басып
жатқан қағаз. Мәдени болмыстың тiрегi деп қарым-қатынасты айтамыз.

 

Тарихи мәдени процесс және мәдени типология

    
     Бiз осыған дейiн мәдениеттi ұғымдық жағынан қарастырып келдiк. Ал
мәдениет болмысы- тарихи-мәдени процесс. Оны әлеуметтiк қозғалыстың
ақпараттық түрi деп атауға болады. Мәдениеттiң заттық пiшiндерiнде
ақпараттық берiлiс адам әрекетi нәтижесiнде “жасанды табиғатта” ұяланса, ал
рухани мәдениетте ол текстер мен тiлде жүзеге асады.
     Тарихи-мәдени қозғалысты мәдениеттану дүниежүзiлiк тарихтан басқаша
қисынмен зерттейдi. Оның алдында оқиғалар мен  тарихи деректердiң тiзбесiн
жасау мақсаты тұрған жоқ. Ол осы тарихи- мәдени процестiң қисындық
модельдерiн бейнелеуге тырысады. Егер бiз дүниежүзiлiк тарихқа осы сипатта
назар аударсақ, онда адамзат дамуында екi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет пен өркениет, құрылымы мен функциялары
Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекет типологиясы
«Қоғамдық білім негіздері»
Мәдениеттің нормативтілігі мен адамға беретін бостандық арасындағы қайшылықта
Мәдениеттану ғылым ретінде
Мәдениет мәселесі
Философия, оның пәні. Философия тарихы
Мемлекет саяси институт ретінде
МӘДЕНИЕТТАНУ ПӘНІ
МӘДЕНИЕТТАНУ: ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ
Пәндер