Мәдениет және өркениеттілік

Мәдениет және өркениеттілік
Бұл екі ұғым біріне-бірі өте жақын. Бірақ бір емес. Мәдениет - адам баласының ақылымен, қолымен жабайы табиғаттан бөліп алып өңдеген заты, құбылысы. Оның екі түрі бар: бірі материалдық жасанды дүние, екіншісі рухани дүние. Біріншісіне үй, өндіріс, киім-кешек т. б., екіншісіне - қисса, ертек, өлең-жыр, діни, ғылыми ұғымдар т. б. жатады.
Өркениеттілік деген термин үш түрлі мағынада қолданылады. Қең көлемде алғанда - алғашқы қауымдық құрылыстан таптық қоғамға көшу, одан тарлау мағынасында - бір қоғамдық формациядан бір формацияға көшу, ақырында, тар мағынасында - әрбір елдің өз алдына даму ерекшеліктері, айталық, Үнді өркениеті, Вавилон өркениеті т. б.
Айталық, тағылық құрылымға қарағанда құлдық қоғам көп ілгері дамығандық. Мұнда таптар бар, мемлекет пайда болған, жазу қолданылған, тәртіп орнатылран. Сондықтан, мұны адамның тағылықтан өркениеттілікке көшуі дейді. Бірақ бұл даму шегі емес. Қоғам одан әрі дами береді. Бұл өркениеттен екінші өркениет жоғары бола бермек: шикі етті жұлып жегеннен гөрі, оны кесіп, пісіріп жеген артық. Сонда өркениеттілік деген не? Біздіңше, егер мәдениет дамудың көбінесе объективті жағын көрсетсе, былайша айтқанда, менің ақыл-ойыммен, қолыммен жасалған, бірақ менен тыс тұрран не материалдық, не рухани құбылыс болса, өркениеттілік сол объектінің маған тиімділігі, игілігі. Мәселен, қарапайым арба да, қазіргі жеңіл машина да, өнербілім де мәдениет жетістіктері, ал енді сол арбаны да, жеңіл машинаны да, өнер-білімді де пайдалану маран жасалған жеңілдік, игілік. Мәселен, жұмыс істеу, сөйлей білу, жүріптұрудың да мәдениеті бар. Ал, енді сол мәдениетті игеру өркениеттілікке жатады. Олай болса, өркениеттілік мәдени табыстардың адам игілігіне жаратылуы. Бір кезде қала адамы ауыл адамына қарағанда мәдениетті болды. Соған қарап өркениеттілік қалада деп түсіндік. Солай да болды. Енді бүгін ол ұғым нақтыланды, ауыл мәдениетінің де қоғамға пайдалы, бағалы жақтарын көрсетіп отыр.
В. И. Ленин жас Кеңес өкіметінің кезектегі міндеттеріне тоқтала келіп, олардың ішіндегі ең басты, маңызды міндеттер қатарында мәдениетті меңгеруге ерекше мән берген. «Адамзаттың бүкіл дамуы туғызған мәдениетті дәл білу арқылы ғана, соны қайта қорыту арқылы ғана пролетарлық мәдениетті жасаура болатындырын анық ұғынбасақ . . . бұл міндетті біз орындай алмаймыз. Пролетарлық мәдениет райыптан пайда болған мәдениет емес . . . Пролетарлық мәдениет адамзат кариталистік қоғамның, чиновниктік қоғамның езгісінде жүріп жасап шырарған білім қорларының заңды дамуы болуға тиіс», - деп жазды ол. Сол мәдениетті игеру, бойға сіңіру, қоғам мақсатына жұмсау-міне, өркениеттілік дегеніміз осы.
Жоғары дамыған күрделі техника да, ғылыми табыстар да әр түрлі мақсатқа қолданылуы мүмкін. Өркениеттілікке оларды тек қоғамдық прогреске қызмет еткізу жатады. Мәселен, АҚШ - озық дамыған капиталистік ел. Ол елде езілгендер де, езушілер де бар, заңдылық та, заңсыздықтар да бар, басқа елдерге жәрдем көрсету де бар, сондай-ақ бостандыққа үмтылран елдердің теңдігін аяққа басу да бар. Сонда бұл кандай ел? Неміс фашистері ҚСРОға опасыздықпен соғыс ашқанда, олардың техникасы да, соғыс жүргізу әдісі де, соғыс күші де біздің бұрынғы еліміздегіден жоғары болды. Бірақ сонымен бірге олар адамды қырудың түрлі әдістерін, құралдарын жасап қолданды, бала, кемпір-шал, әйелдерді топтап атты, тірідей өртеп, жерге көмді, өлтіру пештерін жасады, мұражайларды қиратты. Олардың елін өркениетті деуге бола ма? Жоқ, болмайды. Сонда өркениеттілік неге байланысты? Ол ең алдымен прогреске, заңдылыққа, ізгілікке, әділеттікке байланысты. Біздің демократиялық, құқылық, ізгілікті ел болуға ұмтылуымыз да сондықтан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz