Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы көрнекті ғалымдар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Неміс классикалық философиясы.

Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы көрнекті ғалым Кант Иммануил (1724-1804 жж. ) бүкіл өмірін Кенигсберг қаласында өткізді. Негізгі еңбектері : « Әлемнің әмбебаптық табиғи тарихы мен теориясы», «Таза ақыл-ойды сынау», «Практикалық ақыл- ойды сынау» т. б.

Әдетте, Кантты « сыни кезеңге дейінгі» және «сыни кезеңдегі» деп екіге бөліп қарайды. Сыни кезеңге дейінгі Канттың Күн жүйесінің аса зор газ тектес тұмандықтан пайда болғандығы туралы идеясы тек астрономияға қосқан үлес емес, жалпы дүниетанымдық методологиялық маңызы бар жаңалық болды. Біріншіден, қозғалыс материяның өзіне тән тартылыс және серпіліс сияқты қарама-қарсы күштердің арқасында, ешқандай да сыртқы күштің әсерінсіз пайда болған құбылыс. Қозғалыс пен тыныштықты салыстырмалы түрде түсінуге болады. Екіншіден, осы күштердің әсерінен әртүрлі әлемдер жүйесі қалыптасып, күйреп, одан шашыраған бөлшектерден қайта жаңа денелер пайда болып жатыр. Сөйтіп әлем ылғи да даму үстінде болады. Үшіншіден, әлем құрылымына енетін үлкен-кішілі жүйеленген денелер өзара сатыланған бағыныштылықта болады. Өзіне кішігірім жүйелердібағындырған үлкен жүйе, өзінен де ауқымды басқа жүйеге кіреді, сөйтіп шесіз кете береді. Демек, әлемдегі денелер жүйесі өзара әмбебептық байланыста болады.

Сыни кезендегі канттың пікірінше, филисофияның болмыс, әдептілік және дін туралы мәселелерін қарамастан бұрын, адамның танып-білу мүмкіндігінің шекарасын белгілеп алуымыз керек.

Жалпы таным процесі Канттың пікірінше, үш сатыдан өтеді. Олар: сезімдік түйсіну, сараптаушы парасат, таза ақыл-ой.

Сезімдік сүйсіну сатысында біздің сезім мүшелерімізге «өзіндік заттардың» көріністері әсер етеді де, осы деректер негізінде түйсіктердің бей берекет жиынтығы пайда болады. Олар сезімдік сүйсінудің априорлы түрлері - кеңістік пен уақыттың арқасында белгілі бір жүйеге келіп, реттеледі.

Танымның келксі- сараптаушы парасат сатысында- априорлы категориялар себептілік, сапа, сан, қажеттілік т. б. арқасында жаңа ғана реттелген түйсіктер жиынтығы қорытындыланып, тұжырымдалып, өзіне тиесілі заңдылыққа бағынып, жаңа білім пайда болады.

Кант таным процесінің осы екі сатысының негізінде алынған білімді трансцендентальдық білім деп атайды. Трансцендентальдық білім дегеніміз таным процесінде заттың өзіне емес, априорлы танып білу мүмкіндігінің осы затты қандай деңгейге дейін біле алатындығы.

Танымның үшінші сатысы- трансцендендік танымда- таза ақыл-ой заттарды көрініс әләмімен шектеліп қалмай, олардың ар жағында не бар екенің білуге, басқаша айтқанда « өзіндік заттардың» табиғатын, мәнін түсінуге ұмтылады да, шешілмес қайшылықтарға тап болады. Айталық, рух өле ме, өлмей ме, әлем қалай пайда болды, құдай бар ма, жоқ па т. б. осы сияқты сұрақтар антиномияларға толы. Бұл аталған идеялардың не дұрыс, не теріс екендігін теория жолымен дәлелдеу мүмкін емес, олай болса « өзіндік заттарға» тән оның ішкілік заңдылығын, менін біз танып-біле алмаймыз, сондықтан оған талпыну- бос әуершілік.

Керісінше, таза ақыл-ой адамның ерік-жігерін, практикалық іс-әрекетін айқандауға мүмкіндік береді. Аыталық, адам жеке тұлға ретінде табиғат заңдылықтарынан төмен тұрғандықтан сыртқы әлемнің әсерінен шыға алмайды, сол себепті ол ерікті де емес, ал даралық қасиеттерінің ерекшеліктеріне өзінің ылғи да танып-білуге ұмтылу қабілетіне қарасақ, ол- өзінің практикалық ақыл ойына сүйеніп, ерікті іс-әрекет жасайды. Бұл жағдайда адамбарша жұртқа бірдей әдептілік заңы- әдептілік императивін басшылыққа алады. әдептілік миперативі бойынша игіліктерге, бақытқа жетуге ұмтылунемесе сүйіспншілік, жақсы көру сияқты қылықтар адамның іс-әрәкетін әдепті қылмайды, керісінше қоғамда қалыптасқан әдептілік зандарын сыйлап, өз міндетіне өтесең сол өнегелі іс болып саналады. Мұндай этикалық міндеттілік адамдарға теория жүзінде емес, практика жүзінде емес, практика жүзінде әдептілік бостандығы тұрғысынан іс-әрекет жасауға сенім туғызады. Сөйтіп, адамның ар-ождан өлшемдері адамгершіліктің ең жоғарғы қағмдасы-әдептілік императивінің талаптарына сай келеді.

Әдептілік діни жатсынуға тәуелді емес себебі ол- өз заңына сүйеніп, өзінше өмір сүреді. Ал, дін- құдайды ең жоғары идеал немесе құдай алдындағы парыз ретінде түсінетін біздің барлық міндеттілігіміздің жиынтығы. Осыдан келіп Кант, құдайға жағамыз деп сақтап жүрген діни институттардың тіпті де қажеті жоқ, тек тек әдептілік императавті негізінде тақуалы өмір сүрсең болғаны деген тұжырым жасайды.

Әдептілік императивті тұрғысынан Кант құқық, мемлекет, саясат мәселелерінде қарастырады. Оның пікірінше, қоғамдық өмірде әлуметтік қарама-қайшылық елеулі орын алады. Ал осындай қоғамда әркім өзінше шексіз бостандыққа ұмтылғандықтан, олардың бостандықтары бір-бірімен қарама-қайшылыққа түседі де, әр азаматқа тән табиғи қасиеттерінің дамуына мүмкіндік туады. Осы неізде қалыптасқан мәдени өркендеу кейбір жеке адамдарға қайғы-қасірет, жамандық әкелуіне қарамастан, жалпы адамзат үшін ілгері басып үдей түсу қажет, онсыз прогресс болмайды. Ал мемлекет болса, қолына шоғырланқан билікке сүйеніп, адамдардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасай бермейді. Сондықтан, мемлекеттік билікті әдептілік императивті негізінде қалыптасқан құқық арқылы шектеу керек. Осының арқасында мемлекет дами келе онда құқықтық, азаматтық қоғамның қалыптасуына жағдай жасайды.

Канттың бірбеткей міндеттілік этикасының кейбір пікірлері XIX және XX ғасырлар философиясының дамуына зор әсер етті. Ал XIX ғасырдың ортасынан бастап Франция, Германияда, Кант ілімін жаңартып, дамытқан ілімдер пайда болды.

Фихте Иоганн Готлиб (1762-1824ж. ) фиолософиялық ілімдер ғылымдар теориясы ретінде қандайда болмасын білімнің негізін көрсетулері деген пікірді өз ілімнің басты қағидасы етіп алған ойшыл. Негізгі еңбектері: « Ғылым турылы ілім» (1794 ж. ), « Адамның міндеті» (1800 ж. ) . т. б.

Фихте «өзіндік затты» танып-білуге болмайды деген пікірді мойындамайды жәнене оны сынға алады. Оның пікірінше, алғашқы бастама барлығын қамтиды, анықтаушы нақтылы- абсолюттік «Мен». «Мен» өзінің дамып отыратын іс-әрекетінің арқасында өзінің алғашқы бастама кезеңіндегі ақыл-айдың нақтылығына қарама-қарсы жағдай « басқа Менге», одан кейін өз дамуының үшінші сатысы - екеуінің өзара қарым\қатынасына айналады. Бұл жердегі «Мен»- рух, жігер, әдептілік, сенім ұғымдары, « басқа Мен» - табиғат және материя ұғымдары болса, олардың өзара қатынастары синт ез- бұрмалаушылыққа қарсы күресіп жатқан адамның жігерін көрсететін ұғым. «Басқа Мен» нақты өмір сүріп қана қоймай, « Менге» әсер етіп, кейбір жағдайларда оның іс-әрекетін айқындайды. «Басқа Меннің» әсерімен болған іс-әрекетті біз танып біле алмаймыз, бірақ бұл әсерді тікелей сезініміз. Сөйтіп, теориялық іс-әрекеттің негізінде бисаналық іс-әрекеттің жатқандығын көреміз. Ал «Меннің» іс-әрекеті деп Физте субъектінің «әдептілік мінез құлқын» айтады. Демек, адамның іс-әрекетінің мақсаты- әдептілік заңдарымен парыздарды орындау. Бұл мақсатты жүзеге асыруда қоршаған ортамен тығыз байланысты адамның тән табиғатынан туындайтын оның табиғи қабілеттері қарсы болады. « Менге» қарсы тұрып, өның іс-әрекетке итермелейтін « басқа Мен» дегеніміз айналып келгенде осы.

Фихтеннің « басқа Мені», табиғаты, объектісі Канттың « өзіндік заты» сияқты санадан тыс өмір сүрмейді, ол- сананың ерекше қызметінің қажетті туындысы. Бұл қызметтің ерекшелігі: санада осы қызмет жүріп жатқанда, адамда ол туралы саналы ойлау қабілеті болмайды. Сондықтан да қарапайым күнделікті сана ол туралы ештеңе білмейді.

Сол себепті, сананың осы ерекшк қызметін қарапайым сана біздің түйсігіміздің мазмұны, бізге табиғаттан берген деп ойлайды. Қарапайым сананың бұл қателігін тек философиялық ойлау ғана түзете алады. Шын мәнінде, түйсігіміздегі мағлұматтар «Меннің» іс-әрекетінен туындаған «елестету» ғана. Демек, «Меннің» бұл іс-әрекеті бірінші де, «Басқа Мен»-оның туындысы. Осы айтылған постулатты түсіну үшін ақыл-ойдың ерекше қабілеті болуы керек. Осы қабілет арқылы «Мен» мен «басқа Меннің» ажыраспас бірлігін байқап көруге болады. Бұл қабілетті Фихте « интеллектуалды интуиция» деп атайды.

Фихтенің пікірінше, әрекетшіл «Мен» әр уақытта да өзінің қарама-қарсысының әсерімен қозғалысқа және іс-әрекетке түседі. Басқаша айтқанда, бір кедергіден өтіп, оны жойған кезде, екіншсі пайда болады, сөйтіп шексіз кете береді. өзінің сы тәсілін фихте-« антитетикалық» тәсіл деп атаған. Бұл тәсілдің ерекшелігі антитезис шығарылмайды, керісінше, антитезис қарама-қарсылық ретінде тезиспен қатар қойылып, содан кейін барып олар бірігеді. «Антитетикалық» тәсілді қолдану, арқылы Фихте теория негізінен практикалық ақылойдың негізігі мазмұнына, қабілетіне қарай ой түзеді. Осының арқасында субъект рет-ретімен теориялық іс-әрекеттің ең төменгі сатысына дейін көтеріледі де, бұл деңгейде ол- ойлау объектісін өзінің ақыл-ойының табиғи даму жолымен сәйкес келгендіктен, айналп келгенде, өзінше байланысқан адамзат рухының тармхы болып шығады.

Фихтенің «практикалық философиясының» негізгі ұғымы- «бостандық» ұғымы. Ол бостандық ұғымын «қажеттілік» ұғымына қарсы қою арқылы түсіндіруге тырысады. Спиноза сияқты Фрихте де адам жігері оның қандайда болмасын рухани іс-әрекеті себептілікке бағынады деп есептеген. Бірақ осындай жалпыға бірдей қажеттілік бостандықтын болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Ал, бостандық дегеніміз, қажеттілікті танып білуге негізделген іс әрекет.

Фрихте мемлекеттік билікті бөлу идеясын қолдамайды. Мемлекет дегеніміз-меншік иелерінің ұйымы. Демек, мемлекет азаматтардан басқалардың құқығын мойындауды талап ету үшін, өзінің олардың әрқайсысына меншік иесіне болуға болатындай ұйымдастыру қабілеті болуы керек. Кейінгі еңбектерінде Фихте мемлекет пен құқықты адамзаттың әдепті өмір сүруінің бастапқы, бірақ қажетті даму сатысы деп, ал қоғамда әдептілік заңдары толық женгенде құқық пен мемлекеттің керегі болмайды деген пікір айтты. Фихтенің осы пікірлері өзінен кейінгі көптегн ойшылдарға үлкен әсер етті.

Шеллинг Фридрих Вильгельм (1775-1854 ж. ) Канттың, Спинозаның, Фихтенің ілімдерінің кейбір идеяларын дамыта отырып, өзінің табиғи күштер иерархиясының спекулятивтік натурфилософиясы деп аталатын ілімін қалыптастырды. Негізгі еңбуктері: «Трансцендентальдық идеализмнің жүйесі», «Адам бостандығының мәні туралы» т. б.

Шеллингтің пікірінше, материя дегеніміз, рухани зат. Бірақ, санасы жоқ табиғат адам санасының пайда болуынан бұрын өмір сүрген. Санасы жоқ табиғаттан саналы адамға айналу процесі көптеген бірінен-бірі жоғары даму сатыларынан өтеді. Табиғаттың даму себептерін оның өзіндегі, шындағында да өмір сүретін, қарама-қайшылықтарды табу арқылы түсініп, зерттеп білуге болады. Шеллинг табиғат дамуын, кейбір жағдайда диалектикалық тұрғыдан қарастырғанына қарамастан оларды шын мәнінде механикалық қозғалыс, немесе механикалық даму деп есептеген. өзінің осы натурфилософиясы ілімін Шеллинг трансцендентальдық философия деп аталатын ілімімен толықтырады. Бұл ілім бойынша, субъективтілік алғашқы бастама, қайнар көз, абсалют ретінде барлық мәнділіктің, нақтылықтың жалғыз ғана негізі. Бірақ, әңгіме сузінудің, немесе ақыл-ойдың заттарды тікелей байқалуы туралы боллып отыр. Шеллинг осы өзінің таным тәсілін « интеллектуалды интуиция» деп атаған.

Философия әлемінде өзіндік ерекшелігі мен өшпес із қалдырған ғұлама-ойшыл, неміс классикалық философиясының ең биік шыны Гегель Георг Вильгельм Фридрих 1770жылы Штутгарт қаласында туып, 1831 жылы Берлинде қайтыс болған. Негізгі әдебиеттері: «Рухфеноменологиясы», «Логика-ғылым», «Құқық философиясы», «Дін философиясф», «Философия ғылымының энциклопедиясы» т. б.

Гегель өз философиясының бастамасы етіп абсолют идеясын алды. Абсолют-құдай барлық заттарда бар, біріақ тек қана таза ақыл-ойда ғана өзіне өзі тең болады. Абсолюттік идея-нағыз шындық, болмыс және барлық материялдық денелердің түпнегізі және мәні. Оның негізгі атрибуттары-әмбебап жалпылық. Ол тұрақты жәнеәне мәнгі. Абсолюттік идеяға әрекетшілдік тән, себебі ол-таза ақыл-ой, ақыл-ой әрекетшіл болмаса өмір сүре алмайды. Осы қасиетінің арқасында ол жай ақыл-ой болып қалмайды, материалдық денелерге айналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі еңбектері
Заттардың табиғаты туралы
Глобалдық мәселелерді философиялық ойластыру
Экзистенциализм философиясы
Философия дәрістер
Көзқарас және философия
Герменевтика философиясының негіздері
Философия және оның тарихы. Әдістемелік оқу құралы
Философия мәдениет феномені хақысында
Философия пәні мен оның қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz