Онтология: ұғымдары мен принциптері


ЖОСПАР
Онтология: ұғымдары мен принциптері2
Әдебиеттер тізімі13
Онтология: ұғымдары мен принциптері
Философия өз негізінде үш мәселені қамтиды. Олар: Онтология (тіршілік, тұрмыстық жағдай), Гносеология (таным туралы ілім), Логика (ойлау жүйесі туралы ілім), Онтология дегеніміз болмыс туралы ілім. Бұл туралы түрлі пікірлер мен ойлар және анықтамалар бар. Болмыс-тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Адамдар арасындағы қатынаста «болмыс» термині үш мағынада қолданылады. Болмыс, кең мағынасында, объективтік шындық. Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы. Болмыс - «тіршілік ету» сөзінің синонимі.
Жай күнделікті әңгімедегi «болу», «өмір сүру» терминдеріне сәйкес келеді. Философияда «болмыс» терминіне ерекше мән беріліп, ол онтология категориясы болып қалыптасады. Бұл философияның адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін нақты шындық туралы бөлімінде айтылады. Адам қоғамда ғана өмір сүрмейді, сонымен бірге индивид ретінде, жеке тіршілік иесі ретінде әрекеттенеді. Оған: Тұратын жері, немесе тұратын үй-жайы; Рухани атмосфера, психологиялық күйі, ерекшелігі. Істейтін ісі немесе жұмысы, қызметі т. б. әсер етеді. Болу- өмір сүру. Адам өмірі бәріне де тәуелді: Уақыт пен кеңістікке, материалдық өндіріске, генетикасы мен әлеуметтік ортасына т. б.
Болудың мазмұны абстрактылық: 1. психикалық климат. 2. Әлеуметтік материалдық қатынас, осылар адамдардың өмір сүру ортасын құрайды. 3. Адамдардың санасы, ақыл-ойы, көңіл-күйі, ішкі сезімі-бәрі де болмыс. Антика заманында алғашқы рет «болмыс» деген терминді философ Парменид (Эгей қаласынан) енгiздi. Парменидтің пікірінше: болмыс дегеніміз Шар немесе Сфера секілді шекарасы жоқ, бос кеңістік. Болмысты сферамен ұқсастырудың себебі, антикалық замандағы Сфера ұғымы - өте әдемі, мүлтіксіз, геометриялық фигура болып есептелінген. Болмыс субъективтік ақыл-ой емес, әлемдік ақыл-ой - логос ретінде, адамға тікелей әлемнің жасырын сырын ашады, яғни ақиқат болады. Болмыс сезімнің арғы жағындағы - құбылыс, ой. Ол бірлік, өзгермейтін абсолют, өзінің негізінде субъект және объектіге бөлінбейді. Бұл мүлтіксіз ортадағы ақиқат - жақсылық, игілік және жарық. Ол пайда болмайтын, жоғалмайтын, қозғалмайтын, жалғыз, уақытты бойынша шексіз болады. Болмысқа ештененің қажеті жоқ, сезімдік сападан айырылған, сондықтан тек ақыл-оймен игеруге болады. «Болмыс - бар, биболмыс - жоқ» - деді Парменид.
Платон ежелгі гректің атақты философы болмыс деп идеяны таныды, ал материяны биболмыс деп санайды. Материалдық заттарды бұзуға немесе құртуға болады, ал идея (эйдос) ешқандай бұзылмайды. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді.
Материалдық заттар үлкен немесе кіші көп немесе аз, жақсы немесе жаман болуы мүмкін, ал идеялар оған қарсы- азаймайды немесе көбеймейді, нашарланбайды да, жақсармайды. Ол, біріншіден, тумайды да, өлмейді - мәңгі, өспейді де, кемімейді; екіншіден - біртектес, біртұтас. Ал затар өнеді, өшеді. Бұл Парменидтың болмысқа берген сипаттамасымен тең. Олар - абсолют, дүниенің бастамасы.
Болмыс іліміне Аристотельдің қосқан маңызды идеясы: нақты болмысты - форманы, бейне арқылы тануға болады және осылайша ол адамға көрінеді, әрі қалыптасады.
Ортағасырлық философияда шынайы болмыс Құдай болды. Әлем мен Адам Құдайға қарағанда екінші, оның туындысы. Адам Құдайға ұқсас. Сондықтан ол өзіне болмыстың бір бөлігін алады.
Қайта өрлеу дәуірінде болмыс ең алдымен материалдық табиғат болмысымен ара қатынаста болады. Осы кезде болмыста табиғат пен Құдай теңестіріледі, осыдан пантеистік көзқарас пайда болады.
Жаңа Заман философиясында болмыс субстанциямен теңестіріледі. Декарт екі субстанцияны - материалдық және руханиды көрсетті. Олар бір-бірімен тең және тәуелсіз. Бірақ, болмыстың өлшемі ойлау деді. Спиноза өзінің пантеистік сипатындағы философиясында Құдай, табиғат, субстанцияны теңестірді. Субстанцияны causa sui (өзіндік себеп) ретінде түсіндіреді.
Гегель мен Гераклит секілді ойшылдар өтпелі ауыспалы заттар болмысының диалектикасын ашып берген болатын. Гегель қалыптасу процесін сараптай отырып, оны жоғалатын болмыс немесе болмыстың жоғалуы деп көрсеткен.
Философиядағы дәстүрлі болмыстың түрлері қалай бөлінеді. Олар қазіргі философияда және ғылымда қалай сипатталады? Болмыс түрлерінен «болмыс» категориясына материалистік, идеалистік, иррационалдық мән берілгені анықталады. Әдетте оларды талдау мақсатында бірнеше түрлерге бөледі, яғни «нақты» өзіндік «қабаттың» ерекше өмір сүруін ескереді.
- Табиғат болмысы (материалдық құбылыстардың, заттардың процестері)
- Әлеуметтік болмыс (тұтас қоғамдық болмыс және жеке топтардың, адамның болмысы) .
- Рухани болмыс; 1. субъективтік - жеке адам өмірінен бөліп алуға болмайтын болмысты дербестенген дейміз; 2. объективтік- адамнан тыс өмір сүретін жасанды болмысты объективтендірілген дейміз.
Болмыстың түрлерін тек тану мақсатында, талдауға оңтайлы болу үшін жіктейді. Олар тек абстракцияда, теорияда дербес болады, нақты жағдайда бір-бірінен бөлінбейді. Адам болмысы табиғи болмыспен де, рухани болмыспен де өзара қиылысады. ХХ ғ философиясы мен ғылымы дәстүрлі сипаттамаға, негізгі болмыс түрлеріне төмендегідей жаңалықтарды енгізді. Табиғат болмысы. Қазіргі замандағы дүниеге көзқарас үш негізгі табиғат сипаттамасына сүйенеді: жүйелік, әмбебаптық эволюционизм, өзінен -өзі ұйымдасуы.
Табиғат болмысы бүгінгі философиялық ойлауда табиғаттағы жеке заттарды, субстракттарды емес, жүйелердің мәні, элементтерінің өзара әрекеті- тәсілдері талданады, яғни құрылымын зерттейді. Әлемнің «архитектурасын» бастапқы материал емес, жүйелік- құрылымдық ұйымдсуы анықтайды деп санайды. Атап айтқанда, бұл - әлемнің, оның бірлігін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Табиғат болмысының қазіргі кездегі маңызды сипаттамасы оның эволюциялық мүмкіндігінің мойындалуы. Ғылымдағы барлық белгілі табиғи жүйелер (ХІХ ғ тек қана тіршілік иелері деп санаған) өзінің нәтижесінде эволюцияны көрсетеді. Бұл қорытындының бүкіл әлемге, біртұтас дүниеге қатысы бар. Эволюция феномені жергілікті емес, әмбебаптық.
Эволюцияның механизмі толық әмбебаптық болуы мүмкін. Қазіргі кезде ең басты мәселе ретінде өзін-өзі ұйымдастыру құбылысы қаралады, яғни, спонтанды ретсіз жүйеден аса жоғары ұйымдасқан түрге өту зерттейдi.
Әлеуметтік болмыс . Соңғы кезде бұл болмыстың түрлерінің төмендегідей тенденциясы белгіленді: технологизация, институциализация, глобализация, виртуализация, информатизация.
Бірінші тенденция . Әлеуметтік болмыстың құрамында техникалық құралдардың басым болуын, адамдардың табиғи ортаға бейімделуі және өзінің әлеуметтік өмірін реттеудегі рөлінің өсуін анықтайды.
Екіншісі- қоғам өміріндегі ұйымдастыру және тәртіптеу дәрежесінің өсуінің айғағы. Субъекті әрекетінің рөлі көптеп әлеуметтік институттарға көшті.
Үшіншісі тенденциясы әр түрлі аймақтардың тәуелсіздігінің өсе түсуі, әлеуметтік кеңістіктің «тарылуы» әлеуметтік әрекеттің үлгісін бір ретке салудың қажеттігін көрсетеді. Соңғы тенденцияда - әлеуметтік болмыста кейбір жаңа болмыстың қабаты пайда болды, адамдардың белсенділігі соған қарай көбірек ауыса бастады, әлеуметтің нақты құрамын заттар (жер қазынасы, энергетикалық күштер), ресурстар емес, қазір көбінесе ақпараттық кеңістік анықтайтынын көрсетедi. Ақпараттық сипаттың өсуі әлеуметтік болмыс құрылымның өзін өзгертіп, ондағы материалдық емес бөліктердің мәнін және үлесін көбейтеді.
Әлеуметтік болмыс қоғамдық қатынастарға байланысты. Жеке меншіктің мәні - әр адамның қабілетін ашылуы, оның әлеуметтік жағдайының өзіне байланыстылығын анықтайды. Тәрбиенің мәні - әлеуметтіктi іздеу, қандай қоғамның моделі жақсы деген мәселе қояды.
Рухани болмыс: Дербес субъективтi және объективтендірілген деп бөлінеді. Дербес рухани болмыс - жеке кісілердің өмірлік тіршілігінен, қызметінен бөліп алуға болмайтын рухани болмысы, адамдар өз қарым- қатынасын анықтап, өз ойлары мен сезімдерін бағдарлайды. Оған: Адамның тіршілігі, қимыл- әрекеті, істеген ісінде санадан пайда болатын нәтиже; ой елегінен және санадан өтпей дағдыға айналып істеле беретін санасыз әрекеттер жатады. Санасыздықтың негізінде саналы процестің басталуы ақиқат. Сана мен санасыздың бірлігінде шығармашылық шабыттың келуі, ғылыми, философиялық және сезімтал-әлеуметтік қатынас пен процестердің көрініс табуы байқалады.
Рухани болмыстың объективтендірілуі: Әуелі белгілі бір ой, пікір, идея жеке адам санасында пайда болады.
Адам тәжірибеге, білімге және қабілетінің мүмкіндіктеріне сүйене отырып ой-пікіріне, идеясына материалдық сипат береді, яғни тіл арқылы өрнектейді, жоба жасайды, музыканы (ән-күйді) нотаға түсіреді, сурет салады, материалдық бұйым жасайды. Рухани жемісін қоғамдық практикаға қосады.
Тіл - дербестенген және объективтендірілген рухани болмыстың бірлігі. Тіл-қоғамды дамытушы, тарихты жалғастырушы және байланыстырушы, мәдениетті сақтаушы, ақыл - ой тірегі.
Болмыс деген жан-жақты терең, ауқымды ұғым, болмыс тек материя ғана емес сонымен бірге идея, дін. Ол субстанция ұғымымен тығыз байланысты. Субстанция өзіндік мән, бастама ол өзінің өмір сүруі үшін өзінен басқа ешнәрсеге мұқтаж болмайды.
Субстанция (лат. негізінде не жатыр деген сөз) . Субстанция - монизм мен дуализм плюрализм болып екіге бөлінеді. Қандай да пікір сөз, дау болмасын, өмірдің негізінде не жатыр деген сұрақ туындайды.
Монистік (бір негіз, біреу) бастама идеалистік, материалистік болады. Монистік бастама идеалистік, яғни, дүниенiң негізінде идея мен сана жатыр (Сократ, Платон, Аристотель Гегель) . Монистік бастама материалистік, яғни оның негiзінде материя жатыр (Фалес, Греаклит, Спиноза, Фейрбах, Маркс, Энгельс, Ленин) .
Дүниенің негізінде сана мен материя қатар жатыр десек, онда бұл дуализм - Декарт, Кант и Юм.
Плюрализм (лат, pluralis) - көптік. Бірлікті жоққа шығарады, бірнеше және көптік пікірдің тәуелсіз, бір - біріне қосылмайтынын қолдайды, болмыстың көп негізі бар деп есептейді.
Неміс философы, экзистенциализм ағымын салушылардың бірі (бірақ, ол өзін экзистенциализмге жатқызбаған) Хайдеггер Мартин (1889-1976) . «Болмыс пен Уақыт» (1927) деген еңбегінде қазіргі замандағы болмыс әлемі - ол бір затсыз, тіпті адам жоғалтқан, шындықтың мистикалық бастамасы дейді. Және болмысқа қарама-қайшы, алғашқы айтылған ойды бекерге шығара отырып, әртүрлі сипаттама және түсіндірме береді. Болмысқа ғылыми анықтама бермеді, тек кейбір маңызды жағын бөліп көрсетіп, экзистенциалимзге сәйкес қарады. Хайдерггер: «болмыс зат, онымен біз қатынаста боламыз, бірақ, ол әлдебір тіршілік» дейді. Тіршілік бар дейміз. «Болмыс ешбір зат емес, соған сәйкес ол ешқандай уақытша емес, сонымен бірге қатысушы ретінде бәрі-бір уақытпен анықталады». Болмыс пен уақыт бір-бірін өзара анықтайды, бірақ, солай болсада, біріншіден, ешбір болмысты уақытша ретінде, екіншіден, ешбір Уақытты тіршілік ретiнде қарауға болмайды. Хайдеггер болмысты рационалды тануға болмайды деген пікірге келеді.
Материя деген не? Бұл ұғымды қалай түсінуге болады? Материя (лат, material- зат, нәрсе, материал) Антика замандағы грек философиясында заттардың түпкі тегі, белгілі бір бастапқы зат деген көзқараста орын алды. Су - барлық заттардың негізі (Фалес), От - барлық тіршіліктің негізі- (Гераклит), дүниенің негізінде әлдебір нақты заттар емес, шетсіз де шексіз, таусылмайтын, үнемі өзгеріп отыратын материя - апейрон, бөлінбейтін субстанция- атомдар (Демокрит, Эпикур) деп есептеледі.
Жаңа дәуір философиясында, француз материализмнің өкілі Гольбах: «материя» дегеніміз біздің сезімге әсер ететіннің бәрі» - деді.
ХІХ ғ аяғында ХХ ғасырдың басында физика ғылымының саласында ашылған жаңалықтар: радиоактивтік құбылыстар, рентген сәулесі, электронның нақты өмір сүруінің дәлелденуі, электромагнит өрісі құблысының табиғатын табу, арнаулы салыстырмалы теорияның ашылуы-ескі көзқарасты түбегейлі бұзды. Бөлінбейді деп келген атом күрделі құрылым болып шықты. Оның өзі де ұсақ бөлшектерге ыдырады, үнемі қозғалыстағы бөлшектердің массасы да тұрақсыз жылдамдығына байланысты өзгеретiнi анықталды. Микробөлшектердің табиғаты екі жақты, олардың әрі заттық, әрі өрістік (толқындық) қасиеттері бар жарықтың бөлшегі- фотонды затқа жатқызуға болмайды. Тыныштықтағы фотонның массасы жоқ, нөлге тең.
Осы жаңалықтарға байланысты ғылымда, әсіресе физикада күйзелістік жағдай туды, атомның бөлшектенуі материяның жоғалуы деп саналып стихиялық- материалист ғалымдар идеалимзге, дінге бет бұра бастады. В. И. Лениннің «Материализм және эмпириокрицизм» еңбегі, онда айтылған материяның жаңа философиялық анықтамасы осы дағдарысты тоқтатуға ерекше роль атқарады. Бұл анықтамада: материя дегеніміз жеке зат немесе оның бір қасиеттері емес, философиялық категория (тарихи өзгеріп отыратын ғылыми жалпы ұғым) екендігі айтылады, оның ең негізгі екі қасиеті - объективтік шындық ретінде өмір сүруі және міндетті түрде біздің сезімімiзде көрінуі-бары айқындалды. Физикадағы дағдарыс материяның жоғалуынан емес, біздің ескі ұғымдарымыздың жарамсыз болып қалғандығын ғана дәлелдейді деді. Бұл анықтама соңғы жылдардағы барлық ғылыми жаңалықтарды қамти алды, сондықтан ол әлі де ескірудің нышанын білдірмейді.
Материя объективтік шындық ретінде шексіз, мәңгі. Мәңгілігі жоғалмай бір түрден екіншісіне өтуiмен дәлелденсе, шексiздігі элементарлық бөлшектердің күрделі құрылымы мен кеңістікке жойылған ғарыш денелерінің сансыз көптігімен дәлелденеді. Материя құрылымы жағынан да шексіз, екі қиыршық құмда бір-бірінен өзгеше болады. Материяның қазіргі замандағы құрылымы. Өлі табиғатта:
1. Субмикроэлементарлық (кварктар, глюондар), ең ұсақ материяның бөлшектері (атомның кіші бөлшегі) .
2. Микроэлементарлық (адрондар, кварктардан тұратын электрондар)
3. Ядролық- атомның ядросының бөлшектері.
4. атомдар
5. Жеке заттар дәрежесі.
6. Макродене дәрежесі
7. Планеталар дәрежесі
8. Планета жүйесінің дәрежесі.
9. Галактикалардың дәрежесі
10. Галактикалар жүйесінің дәрежесі.
11. Метагалактикалардың дәрежесі.
12. Дүниенің, бүкіл әлемнің дәрежесі.
Тірі табиғат:
- Клетка дейінгі (ДНК, РНК, белоктар)
- Клеткалық
- Көп клеткалы организмдардың деңгейі
- Биологиялық деңгейі
- Биологиялық түрдің тарау деңгейі (популяция)
- Биоценоз- (био және гр. koinos -жалпы ценоз) . Белгілі бір аймақта (құрғақ жер немесе су қойнауы) өмір сүретін және өз ара қалыптасқан қатынасы бар, қоршаған орта жағдайына бейімделген өсiмдiктердiң жиынтығы.
- Биосфераның жалпы дәрежесі.
Социумның (қоғам) дәрежесі.
- Жеке адам
- Жанұя
- Топ
- Ұжым дәрежесі
- Әлеуметтік топтар (таптар, страты)
- Этностар
- Ұлттар
- Нәсілдер
- Жеке қоғамдар
- Мемлекет
- Мемлекеттер одағы
- Тұтас адамзат
Қозғалыс материяның ең негізгі қасиеті ретінде кез келген өзара әсер, өзара байланыс, кез келген өзгеріс. Материя қозғалыстың арқасында өзін білдіреді, көрсетеді т. б., бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Қозғалыссыз материя жоқ, даму жоқ, сондықтан оны материяның өмір сүру формасы дейміз. Дамудың нәтижесінде жансыз жандыға, жанды жансыз материяға айналады. Осының бәрінде тыныштық сәті бар. Қозғалыс абсолюті, ал тыныштық оның бір сәттік тепе-теңдігі болады, ол салыстырмалы, себебі өзі де бір сапа деңгейіндегі қозғалыс. Материя қозғалысының өмір сүруі мен сапалық көп түрлері болады. Ф. Энгельс материя қозғалысының бес түрін көрсетті.
1. Механикалық қозғалыс дегеніміз кеңістіктегi қозғалыс, орын ауыстыру.
2. Физикалық қозғалыс электромагнитизм, гравитация, жылу
3. Химиялық қозғалыс - атомдар мен молекуланың затқа айналуы т. б
4. Биологиялық қозғалыс - тірі организмдердің зат алмасуы
5. Әлеуметтік - қоғамдық өмірдегі өзгерістер және ақыл-ой.
Қозғалыстың осы түрлерін анықтау ғылымның соңғы ғасырда ерекше тез дамығанына қарамай өзінің философиялық маңызын жоғалтпай отыр. Микроәлемдегі қозғалыстар - элементарлық бөлшектер. Метаәлемдегі қозғалыстар - Әлемдік механиканың классикалық заңға «бағынбаушылығының» ашылуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz