Онтология-болмыс



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Онтология.
Онтология термині грек тілінде екі сөз тіркесінен тұрады: ontos-
болмыс, logos- ілім. Демек, онтология грек тілінен аударғанда болмыс
туралы ілім дегенді білдіреді. Философияда бұл термин XVII ғасырдан бастап
қолданылады, бірақ оның сол кезге дейінгі де тарихы бар. Екі жарым мың жыл
бойы фолософтар әлемдегі адамның орны туралы ой толғап келді, соның
нәтижесінде философияда осындай ерекше сала қалыптасты. Онтологияда болу
деген қасиетке ие болатын барлық нәрселер мәнін ашуға негізделетін болмыс
мәселесінің сұрақтары қарастырылады. Онтологияның негізгі категориясы
болмыс болып табылады.
Философияның қалыптасуы да онтологияның пайда болуы мен дамуына арқау
болған негіздеомен байланысты. Көптеген философиялық жүйелерде басқа да
категориялар арасындағы ең маңыздысы болмыс категориясы болып табылады.
Болмыс батыстық рефлексияда базалық категория деп саналады, өйткені ол
заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәндік болудың сипаттамасы болып
табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мәселелерді шешу барысында ой
толғауды ең алдымен барды, болуды түсіндіруден бастайды және бұл
ойлаудың негізгі азығы болып табылады. Дүниеге келгеннен кейін адамды
мынадай сұрақтар мазалайды: Қоршаған орта нені білдіреді?, Оның шығу
тегі қалай?, Әлем мен адам болмысының шеткі түпнегізі не?.
Болмыс туралы ең өткір сұрақтар құдайдың құдіреттілігіне күмән
келтіріп, ортодоксальды ақыл–ойдың дағдарысы тұсында қойылады. Әлде бір бір
құдайлар пантеонының бар екендігіне, өмірде орын алған экзистенциалдық
дағдарыстық ахуалды тоқтатуда олардың үстемдігі мен құдіретіне күмән
келтірілетін әлеуметтік катаклизмдер мен әлеуметтік сілкіністер тұсында
ортодокстар арасында скепсис күшейе түседі. Қорғаны құдайлар мен
қалыптасқан нормалар болған өмірлік тіреуден айрылу, тұрақтылығына ғасырлар
бойы адамдар сеніп келген этикалық құндылықтардың салыстырмалығы мен
субъективтілігі сенімсіздік пен үрей ұялатып, ғасырлар бойы қалыптасқан
байырғы көзқарастардың жойылуына әкеледі.
Қалыптасқан экзистенциалды тығырықтан шығу жолын болмысты рационалды
түрде негіздей отырып, философия осыған дейін өмір сүріп келген мифтік-діни
тәжірибеге философиялық рефлексия жасай отырып, дүниетанымдық мәселелермен
айналысады. Осы уақытқа дейін пайымдалмай келген болмыс осы жерде орны бар
мәнділік ретінде зерделене бастайды. Болмыс мәселесі – бұл өз бастауын
адамзат баласының қоршаған орта туралы діни иллюзиялардан бас тартқан
кезінен алатын философиялық рефлексиялардың бірі. Философияның қалыптасқан
кезінен бастап адам қоршаған орта туралы иллюзиялық-мистикалық көзқарас
шеңберінен шығып, оның мәнділігіне алғаш рет үңіле бастайды. Дамыған
теориялық рефлексия арқасында адам нақты әлем туралы, өзі туралы, өзінің
нақты жағдайы мен мақсаты, өзінің әлемдегі нақты рационалдық үстемдігінің
мүмкіндіктері мен шектері туралы шындыққа жақын көзқарас қалыптастырады.
Философия арқасында адам өз құдіретінің жаңа формасына ие болады. Бұл
көзқарас бастапқыда адамға қуанышты әсер етті, кейінірек әлемге деген
астамшыл қатынасты қалыптастырса, ал XX ғасырдың соңына қарай адам ол
қатынасын жоғалтып, негативті бағалауға көшті. Бірақ мұның келешегіне
қарамастан, бастапқыдағы ақыл- ой құдіретіне деген сенім мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Онтология - болмыс
Онтология мәселелері
Болмыс формалары
Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы
Онтология. Болмыс және сана ұғымдары
Мартин Хайдеггер өмірбаяны
Философияның негізгі бөлімдері - онтология
Философия пәні
Болмыс және тіршілік. Болмыс және тіршілік
Əлеуметтік болмыс
Пәндер