ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ФИЛОСОФИЯ. МИФОЛОГИЯ. ДҮНИЕТАНЫМ

1.1. ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ежелгі заманнан емір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде
қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазактар ғасырлар бойында жазба
мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді.
Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами
отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау
элементтерінен бастап, қазіргі замандағы толысқан философиялық теориясын
түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алады. Оның
негізгі бағыттары ретінде түрпайы диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы
түрдегі кезқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін,
моральдық мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және
оның күш керсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттауы, т.б. мәселелері
болды.
ь Акындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен
қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер — бәрі де өздері
өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп,
әр түрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде
қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау
жүйесінің құрылымын жасады. Олар — шынайы реализм, білімнің негізгі жақгары
еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік,
имандылық, зорлықзомбылыққа қарсы күресу, құқыктың саяси және философиялық
жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар еді.
Осы аталған көзқарастар сыңаржаққа, консерватизмге, тоқыраушылыққа,
қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге
қарсы бағытталады. Бұл да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының
езіндік ерекшелігі.
Қазақ философиялық ойының тағы да бір ерекшелігі деп оның шынайы
патриотизмін, халкына сүйіспеншілігін, оның бақыты, мүддесі және болашағы
үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анык, жанжақты
көрсете білуі дер едік.
Бұл айтқандардан қазақ философиясы басынанақ аяғынан тік тұрған,
бірден қалыптасып кеткен жүйе деген пікір тумаса керек. Біртұтас көзқарас,
дүниені жанжақты танып білу, оның зандылықтарын, таным процесін, әлеуметтік
мәселелерді дүрыс түсіну, ойлау түрлерінің жүйесін анықтау — ол соңғы
ғасырлардың үлесіне тиеді. Дегенмен, халықтың жыраулық, ақындық
шығармашылығында қоршап түрған табиғат пен әлеуметтік орта туралы ойлаудың
біршама жиынтығы болды. Негізінен, кездейсоқтық, жүйесіздік сипатына
қарамастан онда адамдардың бай практикалық емірін, халық даналығын
корсететін философиялық мән бар еді. Ойлау тәсілі ерекше, шығармашылық жолы
мен шығармалардың сақталуы ауыз мәдениетіне сай, тез жаттап алу, оны есінде
сақтау жөне ұрпақтанүрпақкд езгертпей, жоғалтпай, "үрламай" жеткізу — бұл
философия тарихындағы ғажап құбылыс.
Халқымыздың емірін бейнелеген, адамдардыңтүйсігін, ойларын, өскелең
талабын керсете білген фольклорда объективті шындықтың элементтері бар.
Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалықтұрмыстық поэмалар, мақалдар
мен мәтелдер — адамдарды табиғи және әлеуметтік күбылыстарды,
саясиэкономикалық жағдайларды, ізгілік мақсаттарды оз уақытына сәйкес
таныпбілуінің куәгерлері. Ауызша халық мәдени ескерткіштерімізді зерттеу
халқымыздың танымдық, әлеуметтіксаяси, адамгершіліктәрбие және дүниеге
көзқарас ерекшеліктерін білуге кемектеседі.
fГабиғи және әлеуметтік өмірді тікелей бейнелеу, дүниенің құрылымы,
оның жасырын күштері туралы тұрпайы түсінік — бұл қазақ философиясының
бастапқы кездегі деңгейі еді. Ол кезде жүйелі және негізделген козқарас
болған жоқ, сондықтан да философияның басты бағыттары да айқындалмаған еді.
Қазіргі кезде тарихифилософиялық ғылымның кептеген халықтардың
философиялық мұраларын зерттеген тәжірибесі ұлтгық философиясының
қалыптасуы, дамуы және қазіргі бағыттары туралы, оларды зерттеудің
теориялық және әдістемелік мәселелері женінде жиынтықталған, жалпы ойларды
тұжырымдауға кең мүмкіндіктер береді.
Қазақ философиясының тарихы — халық тарихының ең маңызды құрамдас
боліктерінің бірі. Онда ғылыми таным процесі мен халықтың идеялық
ізденістері, бай тарихы мен үлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ
философиясы — хал
қымыздың тарихын жанжақты түсіну үшін үлкен негіз және әдістемелік
кұрал. Ол қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланыста. Сондықтан
оны зерттеп, үйренбейінше қазақ ғылымының тарихын, саяси идеологиясын,
өнерін, әдебиетін, адамгершілік кағидаларын, діндарлығын және т.б. пайымдау
мүмкін емес. Халықтың ұлтазаттық қозғалысымен тығыз қоянқолтықтасқан қазақ
философиясы ғылыми құндылығымен қатар, жоғары азаматтық қасиетімен,
әлеуметтік әділеттілікке жету жолдарын тікелей іздеуге атсалысқандығымен,
өзінің жемісті жетістіктерімен ерекшеленеді.
Соңғы кезге дейін қоғамтану ғылымдарында әлеуметтік процестерді тану
тәсілі ретінде таптық редукционизм, яғни барлық қоғамдық рухани, мәдени,
саяси, т.б. құбылыстарды таза таптық айшықгарға әкеліп тіреу тәсілі үстем
болды. Бүның езі бірінбірі жоққа шығару логикасы өмірдің объективті
логикасын жалмап, жүтандатып көрсетуге әкеліп соқты. Қазіргі кезде жалпы
адамзаттық айшықтар, идеялар ең жоғарғы қүндылықтар есебінде танылғаннан
кейін, философия тарихын зерттеудің ауқымы да кеңейді, бағыттары да
нақтылана түсті. Соның бір мысалы ретінде негізінде "таптық күрестің"
қүрбандары болып кете барған қазақ халқының аяулы азаматтары — әдебиетші,
философ, ақын, саясаткерлердің өз ортамызды қайта жаңғыртуы, философиялық
орбитаға жаңа идеялардың қосылуы және олардың қазақ философиясы тарихының
жаңа беттерін ашуға тигізген жанжақты әсерін атап айтуға болады.
Халықтың санасезімінің осуі, тоталитарлық империяның күйреуі, жас
тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, философиялық ойлаудың жаңа түрлері
адамзаттың түтастығы мен ерекшеліктерін, достық пен ала ауыздықтың
айырмашылығын, халықтар тағдырларының ажырамас бағыттарының тарихи
шындықтарын терең де мазмұнды ашып беруіне көп септігін тигізуде. Осы
тұрғыдан алғанда дүниежүзілік қоғамдастыққа қазақ халқының терең де тұңғиық
философиялық ойларын, оның шынайы болмысын және өзіне тән мәдениетін
көрсете білудің маңызы айрықша. Бұл мақсатты іске асыру жолында бүрыннан
қалыптасқан, сіресіп калған көптеген ұғымдар мен қағидаларға сын көзбен
қарап, жаңаша әдістемелік шешімдер ұсынған абзал. ^ Қазақ философиясының
кекейтесті мәселелерінің бірі — философияның пайда болу проблемасы. Қазіргі
уақытқа дейін әлемдік философияның тарихында осы мәселе талай пікірталас
туғызып жүр. Біріншіден, философияның дәл шыққан мерзімін белгілеу өте
қиын. Екіншіден, философия деген ұғымның өзіне осы кезге дейін дәл де толық
аныктама берілген жоқ. Үшіншіден, қазақ философиясы мәселелерінің жазбаша
түрде берілген классикалық тұжырымдар мәтіндері жоқтың қасы.
Әлемдік философияда үш ошактың (Қытай, Үнді, Греция) шамалас бір
мерзімде пайда болғанын білеміз. Ол орталықтар философияның әлеуметтік
кеңістігіндегі жоғары деңгей еді және теориялық ойлаудағы дүниенің езін
жеке және тұтас бейнелеген алғашкы жүйелер болды. Философиялық ойдыңтууына
белгілі бір алғышарттар қажет. Олар — әлеуметтік, теориялықтанымдық, тарихи
шарттар. Тарихи практика керсетіп отырғандай, философиялық, өркениет — үзақ
дамудың жемісі.
Жалпы қалыптасқан көзқарас бойынша, философия экономикалық саяси және
идеологиялық жағынан нашар дамыған. Ертедегі қүл иеленуші коғамнан, сол
қоғамның жоғарғы сатысына өту кезеңінде пайда болды деп айтылады. Дегенмен,
әлеуметтік алғышарттар философияның пайда болуының тек тиісті жағдайларын
түзейді.
Қалыптасып келе жатқан қоғамдық қатынастарды жактау немесе зандастыру
философияның алдындағы негізгі міндеттерінің бірі еді. Әлеуметтік
институттар мен қоғамның құрылымын осы қатынастарды нығайтуға бағыттап,
философия езінің аталған міндетін орындауға күш салады.
VI ғасырдан бастап Қазақстанның қазіргі аумағында алғашқы кауымдық
құрылыс ыдырап, оның орнына феодалдық әлеуметтікэкономикалық формация
орныға бастады. Осы уақыттан бері барлық әлеуметтік озгерістер, оның ішінде
сана ауқымында, феодалдық формацияның ішкі заңдылықтарымен айқындалады.
IX—XVIII ғасырлардағы Қазақстан жерінде орналасқан тайпалар, олардың
көсемдері өз биліктерін, басқару органдарын тәңірінің өзі берген күш
ретінде есептеді. Оның жақын корінісі — қазақ философиясының ақсүйек
әулеттер "генеалогиясы".
Философияның пайда болуының тарихи алғышарты — миф. Бірақ оны
философия эпос арқылы өзгерген және жүйелеген кезінде ғана пайдаланды.
Әрбір заманға байланысты эпос мифтің түрін өзгертіп отырды және сонымен
катар онер мен бастапқы ғылым элементтерінің әсерімен философияның шығу
процесін, оның коғамдық сананың шығу және жаңа бір түрі ретінде қалыптасуын
жеделдетеді.
Мифологиялық козқарас пен табиғат және қоғам туралы жаңа дамып келе
жатқан ғылым элементтерінің арасындағы кайшылықтарды шешу философияның
пайда болуының жолы деген де қалыптаскан түжырымдар бар. Философия мифке
тән, дүниеге тұтас козқарастың бағытын сақтауға тырысады. Соның негізінде
не мифологиялық, не аллегориялықкеркем, не символикалық діни, не
нақтығылыми ойлау, бірақ олардың әрқайсысынан қабылданған түрлеріне
сыймайтын, жаңа түсініктегі ойлау нысандарын қүрайды.
Белгісіз дүниені түсіндіруге тырысудан одан да белгісіздігі мол
дүниені танып білуге ұмтылу, егер де ол дүние, тіпті, танып білуге
мүмкіндік бермесе, тәңірге немесе құпия ғаламат күшке сілтеме жасау —
мифтің езіне тән ерекшелігі. Адамға әлеуметтік басқару жүйесін таңып, оны
түсініксіздеу әлдебір күштің әсерімен түсіндіру ғылым мен дамудың барысында
оған сенбеушілік пайда болған жағдайда жеке адамға өзінің дүниеге
көзкдрасын өзгерту мүмкіндігін жетілдіру — бұл миф пен философияның ара
салмағын ажыратудың бір жолы. Ақылмен ой қозғау, табиғаттың озіне бет бұру,
дұрыс козқарастың қалыптасуы философияның пайда болуындағы диалектикалық
синтез, бастапқы қайшылықтардың шешілу процесі.1
Қазақ философиясының пайда болуы туралы тек ойшылдардың дүниеге
козқарасы жалпылықты, көзқарастың әмбебап принциптерін немесе "бастауларды"
аныктаудағы занды бағыттары болған кезде ғана айтуға болады.
Дінимифологиялық түжырымдар әдетғұрып пен беделге бой ұрса, философия
заттар мен құбылыстардың, оқиғалардың мәнін ашуға, пікірсайыс ретінде
қолданылатын рационалды ойлауға, дүниені танып білудегі қайшылықтарды
аңғару мен шешуге тырысады. Бұл әрекет адамның жанжақты ойлауы және оның
интелектуалды интуициясымен бірегей қабысқан нәтижесінде туады.
Қазақ тарихында көп кездесетін "рулық" генетизм осы қоғамның
әлеуметтік, таптық болінуі және "ақсүйекті" рулар пайда болу кезінде
күшейді. Соңғылардың қоғамдағы "заңды" орындары олардың төркіні қүдайдан
немесе батыр бабаларынан басталады деп түсіндірілді. Сөйтіп, олардың
әлеуметтік дүниенің қажетті және зандастырылған болшегі ретінде қоғамдағы
белсенді ролі бекітілді. Осы рулардан шыққан ойшылдардың әлеуметтік
идеялары қоғамның даму үрдісін біршама дұрыс бейнеледі. Осыдан келіп
олардың көзқарасы, қоғамның тарихи дамуының мүддесіне сай келгендіктен,
қоғамдық пікір ретінде қалыптасты. Мысалы: Толе би, Қазыбек би, Әйтеке би
және т.б. ой жүйесі, олардың ақылкеңесі, айтқан тұжырымдары осыған дәлел.
Жалпы дүниежүзілік тарихтан белгілі болғандай, қоғам дамуының көп
сатыларында экономикалық мүдделер мен саяси кьізметке қарағанда
философиялық, этикалық, діни және т.б. проблемалар алдыңғы орынға шығады.
Олар — азаттық және адам еркіндігі, діни сенім және ақылой, омір сүру және
адам
1 Богомолов А. С, Ойзерман Т. И. Тарихифилософиялық процесс
теориясының негіздері. М., 1983, 956.
гершілік қасиеті, бостандық пен құлдық, керек болса "кой үстіне
бозторғай жұмыртқалаған", "алтын ғасыр" және "ақыр заман" туралы және басқа
мәселелер.
Қоғамдық ойдың көптеген мәселелері өзінің ауқымы жағынан үлттық
шеңберден асып жатады. Мәселен, ағартушылық бағыты таза ұлттық қасиетке
ғана ие емес. Сондайақ оның түрлі ұлттық ерекшеліктері әлемдік жалпылықпен
астарланып жатады. Қазақ ағартушысы жалпы ағартушылықтың бір түрі, оның
ерекшеліктері — ұлттық мәселені басты проблема етіп қоюы, қоғамдық
практикамен тығыз байланысы; атеизмге ұласпаған антиклерикальдық бағыты.
Соңғысы жалпы ағартушылықтың әлеуметтік табиғатына сай. Жаңадан
қалыптасып келе жатқан қазақ буржуазиясының ойөрісін көрсете отырып, бұл
ағартушылық халықтың үлттық санасезімін оятуға, оның бостандыққа, рухани
азаттыққа жетуіне жәрдемдесті. Оның Қазақстанда калыптасып, дамуына негіз
болған демократиялық элементтері, халықтың ауыз әдебиеті мен фольклоры
феодализмнен капитализмге өту барысында шыкқан. Жалпы әлемге тән
ағартушылыққа келетін болсақ, ол алдымен кейбір заманның әлеуметтіксаяси
және идеологиялық сұранысына сәйкес белгілі бір аймақта пайда болып, басқа
аймақтарға тарай береді.
Қоғамдық ойдың үлттық және әлемдік карымқатынасы қазіргі заманда,
әлеуметтік қақтығыстар мен мемлекетаралық қайшылықтар бүкіл адамзатты
қамтып отырған кезде ең маңызды мәнге ие болып отыр. Оның әлеуметтік және
мәденипсихологиялық алғышарттары ретінде қоғамдастықтың қалыптасуын атауға
болады. Қоғамдастық — бұл өзінше бір тарихи институт, оның пайда болуы
арқылы қоғам өз мәніне ие болуының қабілеті деп қарау керек. Осы үғым
қоғамды қүрушы күштердің әлеуметтік белсенділігі, өзінөзі көрсете білудің
бейнелері.
Біздің ойымызша, қазақ философиясында қоғамдық ой үш кезеңнен өтті.
Олар — қоғам, қоғамдастық және қоғамдық пікір. Осы мәселе жеке бір
зерттеуге тұрарлық.
Қоғамдық ой білімді, сананы және өзіндік сананы қамтиды.' Сана мен
өзіндік сана білімге үзеңгілес, сонымен бірге оның түрлері болып та келеді.
Білім — сананың өмір сүру тәсілі, ал өзіндік сананың қасиетті кезеңі және
оның даму барысының әр кезеңіндегі ең жоғарғы шыңы. Қоғам дамуының белгілі
бір кезеңінде осы аталған үшеуінің бірі алға шығып, жетекші роль атқарады.
Қоғамдық ойдың бір бөлігі ретінде халықтық философияны және халықтық
саяси көзқарастарды айту керек. Алдыңғы қатардағы идеяларының әсерімен
ойшыл күнделікті көрген білгенінен терең де ауқымды ой жүйесін құрайды.
Нәтижесінде жоғары деңгейдегі ойлау шеңберіне көтеріледі, сөйтіп,
оқиғаларға философиялық, логикалық және ғылыми көзқарас қалыптасады.
Қазір философия және қоғамдық ойды бөліп қарамау белең алып кетті.
Әсіресе, казак, философиясы тарихына арналған 50— 80 жылдардағы
зерттеулерде осы көрініс орын алды. Философия тарихы озінің сапалық
өзгешелігінен айырылып, саяси идеялар тарихы және сол сияқтылар төңірегінде
қалып қойды. Бұған себеп тағы да философияны, оның тарихын дұрыс түсінбеуде
дер едік. Қазақ тарихының белгілі бір кеңістікуақыт параметрінде
философиялық құбылыстарды үш белеске немесе үш кезеңге бөліп қарауға болар
еді. Біріншісі — алғы философия (предфилософия). Оған тән нәрсе —
объективтілік пен субъективтілікті оте нашар ажырататын сана. Оның
негізінде ойлау іштей қайшылығы кем, қажетті дәлелденген теория құра
алмайды. Ол психологиялық образ, күйбең, эмоция деңгейінде үздікүздік ойлар
ретінде қалып қояды. Аталған элементтерді мифтіккоркемдік әдіспен
ұйымдастыру арқасында дәл сол кезеңге сәйкес өзіндік семантикалықтүтастық
пен семантикалық бірлік жасауға мүмкіндік туады. Осы құбылыс қазақ
философиясы тарихының ертеден бастап XII ғасырға дейінгі кезеңдеріне тән
болуы керек. Екіншісі — философиялық кезең. Оған тән қасиет — объективтілік
пен субъективтілікті жоғары деңгейде ажырататын сана. Оның негізінде
санаттар мен түсініктерді формальдылогикалық операцияларды қолдану арқылы
теория мен тұжырымдамалар жасау. Басқаша айтқанда, ойлау дәрежесінің
шеңбері ұлғайып, ауқымдалып, қоршап түрған дүниені, қоғамды және адамның
озін дұрыс бейнелеу белесіне жету. Осы құбылыс қазақ философиясы тарихының
XIV ғасырдан XX ғасырдың басына дейінгі кезенді қамтиды. Үшіншісі
теориялықәдістемелік қасиеттермен байытылып, классикалық жүйеге ие болған
және әлемдік рухани байлықпен ұштастырылған.
Қазіргі замавдағы қазақ философиясы. Оның өзіндік тарихын қазақ
философиясының метатарихы деп атаса да болар еді. Бүның бір ерекшелігі —
зерттейтін объектісі осы заманның ауқымынан шығып, келешекті, казіргіні,
откенді жүйелі түрде рационалды ойлау процесінен өткізіп, екшеуі, сондықтан
оз бойында жаңа үлгідегі ойлау мәнерін, өрнегін таразылау, сақтау және
жаңартуы.
Жоғарыда айтқан идеяларға сүйене отырып, казақ философиялық ойларының
қалыптасу бастаулары хронологиялық және мәндік жағынан үш кезеңнен тұрады
дер едік. Бірінші кезең ру құрылысы үстем болып тұрған уақытты және соған
сәйкес келетін алғы философиялық (философияға дейінгі) сананы қамтиды.
Екінші кезең — XX ғасырдың басына дейінгі ойшылдардың, философтардың ілімі,
мұрасы мен еңбектері. Мұнда ғылымға дейінгі саналы түрде айтылған, жазылған
теориялық пайымдаулары келтірілетін әр түрлі бағыттағы көзқарастар
баяндалады. Бұларды, қалыптасқан пікірлерді ескере отырып, нағыз
философиялық тұжырымдамалар деп атауға болады. Себебі ойшылдардың дүниеге
көзқарастары олардың өздерінің ерекшеліктері арқылы әр қилы бағыттарға,
жолдарға, қисындарға іштей бөлініп жатыр. Негізгі көксеген максаттары — эр
килы әлеуметтік топтардың мүдделерін жоқтау, жақтау, кездеу немесе жою.
Үшінші кезең — XX ғасырдың басынан қазіргі уақытқа дейінгі қазақ
философиясының негізгі принциптері, даму жолдары, жеткен биігі мен алынбай
калған шындары, жіберілген әдістемелік, теориялықжәне концептуалды
қателері, "ақтавдақтар". Талдауға жататын мәселелердің бастылары — қазақ
қоғамының экономикалық, саяси және рухани өміріндегі негізгі философиялық
мәселелер. Сонымен бірге жаңадан калыптасып келе жатқан ғылым — қазақ
философиясының тарихын қай түрғыдан, қай теориялық деңгейден зерттеуіміз
керек деген проблема қазіргі кезенде өте үлкен орын алып отыр.
Философия тарихы әдістемесінің негізгі бір мәселесі — жалпылық пен
даралық қатынасы, ерекшеліктің орнын табу және сол ерекшеліктің дараға тән
қасиеттерін анықтау. Былайынша айтқанда, жалпылық, ерекшелік, даралық
диалектикасын үлттық философия тарихы шеңберінде таразылау.
Қазақ философиясының даму тарихында калыптасқан, басқа ұлттар
философиясынан, олардың ішінде өнеге түтатындарынан езгеше ерекшеліктері
бар. Ол, негізінен, қазақ халқының әлеуметтік тарихының, оның өзіне тән
қилықилы, бұлталаң дамуының нәтижесі. Қазакстан тарихы қоғамдық дамудың
классикалық түріне жатпайды. Себебі ол алғашқы қауымдық құрылыстан тікелей
феодализмге, одан капитализмге соқпай социализмге өтуге қарай дамыды.
Соңғысы, қазір белгілі болғандай, тарихи кателік еді. Адамзаттың даму
процесіндегі даңғыл жолдан тайған тоталитарлық жүйе, философиялық ойда да
тығырыққа тіреді. Ал феодалдық қатынастар Қазакстан аумағында көптеген
ғасырлар үстемдік етті. Капитализмнің дамуы XX ғасырдың басында біршама
қарқын алғанмен, кенеттен үзіліп қалды. Осындай әлеуметтік ерекшеліктері
барлық қоғамдық саналардың, оның ішінде философиялық сананың қалыптасуына
әсерін тигізбей қоймады.
Қазақ философиясы — казақ халқының мәдени жетістіктерінің негізгі
бөлігі және заңды жалғасы. Қазақ мәдениеті тарихтың әр қилы кезендерінде
басты елдердің мәдениеттерімен біршама байланыста болып, олардан тікелей
немесе жанамалай куат алып отырды. Сырткы әсерлер, негізінен, қазақ
мәдениетінің ішкі мүдделеріне, оның тарихи қажеттілігіне, кандай
мәселелерге зәру болуына байланысты игі ыкпал етті, философиялық ойлау
жағдайларын қалыптастырып, үлттық дәстүрлер мен бағытбағдарларын айқындай
түсті.
Қазақ философиясы әлемдік философияның бір бөлігі болып табылады.
Философия тарихына шынайы кезқарас казіргі кезде оның құрамында әлеуметтік
кеңістік жағдайын ескерсек, үш түрлі компоненттер бар екенін көрсетеді.
Олар — үлттық философия, аймақтық (регионалдық) философия және әлемдік
философия (аймақтық философияның классикалық түрі — марксизм, ал әлемдік
философия әлі қалыптаса қойған жоқ). Қазақ философиясында осы аталған үш
философияның әсері әр түрлі болды. Мысалы, XIX ғасырдың екінші жартысында
және XX ғасырда орыс философиясы, маркстік философия және басқа кейбір
әлемдік философия тікелей эсер етті. Өз жағынан қазақ философиясының да
оларға ыкпалы болды деп айта аламыз. Дегенмен, бұл өзі — жеке зерделі
зерттеуді күтіп тұрған өзекті мәселе. Нәтижесінде жоғарыда айтылған,
философия тарихы дамуындағы жалпылық, ерекшелік және даралық диалектикасын
ұлттық философияның өзекті мәселелерін зерттегенде көзден таса етпеу —
ғылыми методологияның бірденбір сұранысы деп айтуға болады.
Халықтың коғамдық санасының даму процесінде философиялық дәстүрлер
қалыптасып, күшейе түседі. Қазақтың әлеуметтік дамуының ерекшеліктері,
тарихи өзгешеліктеріне қарамастан қазақ философиясы тарихында оның әр
кезендегі сатысында өзінше дамыған философиялық ойлар ішкі байланыста
болып, олар бірінбірі занды түрде алмастырып отырды. Үлы Абай айтқандай,
"Адам бол!" идеясы бұрынғы фольклордан бастап, осы заманғы қазақ
философиясына тәң ортақ және ұдайы дамып келе жатқан идея.
ӘлФараби философиясында анық көрсетілгендей, қазақ философиясы әрқашан
"нақты адам қоғамына", бақытқа, тендікке жету жолдарын қарастыруға бет
бұрған.
Осындай жалпы қазак философиясына тән ортақ дәстүрл ермен қатар, оның
езінің ішкі бағыттары орын тепті. 1960—80 жылдардағы қазак философиясындағы
жаңадан қалыптасқан зерттеу бағыттары ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді
жанжақты және терең түсінуімізге қажетті жағдай жасады.
Осы ретте казақ философиясы тарихында жиі кездесетін әлеуметтік
утопизм туралы да айтпасқа болмайды. Жалпы, әлеуметтік утопизм дегеніміз
бұл жеке және қоғамдық сананың сыңаржақ ойлау (умозрение) тәсілдерімен
образконцепция күруы арқылы жаңа түрдегі әлеуметтік ілім жасауға үмтылуы.
Ақын-жырау, билер мен кесемдер, ағартушылар мен философтардың
көпшілігіне тән бұл құбылыстың негізгі гносеологиялық айшығы — саналылық
пен санасыздық, эмоция мен таза ойлау, төменгі дәрежедегі білімсіздік пен
қалыптасқан білім дәрежесінің шекараларын ажырата білмеу, оларды жекежеке
абсолюттеу деп ойлаймыз. Оған қоса утопизмге тән тағы бір айшық — ойлау
дәрежесінің төменгі сатыда ғана ажыратылуы (дифференциялануы). Осыдан барып
әрбір жеке утопистойшылдарға тән мынадай идея туса керек: ойлау жүйесі
жекедара ойшылдың ез қабілетімен жасалған сыртқы дүниенің бейнесі.
Әрбір ойшылдың әлеуметтік шындыққа дұрыс немесе бұрыс қатынасы оның
өзі қабылдаған философиялық, теориялықәдістемелік принциптеріне байланысты.
Ондай қүбылыстар әлемдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамтану пәнін оқыту әдістері
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
Философия мен мәдениет
Қазақ философиясында
Зиялыларымыздың рухани тұлғасы ұлт болмысымен сабақтас
Көне және жаңа замандағы тарихи - философиялық ойлар. ХХ ғасырдағы тарих философиясы
А.Құнанбаев және Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары
Абай Құнанбаевтың шығармаларының әлеуметтік мәні
1930-1950 ж.ж. Қазақстандағы музыкалық–мәдени мұраның ЖОО-да оқу–тәрбие үдерісінде пайдаланылуы
Бірлік философиясы
Пәндер