Орыс космизмiнiң пайда болуы


Бұл кезеңнiң тағы бiр ерекшелiгi - жаратылыстың дамуымен байланыс және орыс космизмiнiң пайда болуы. Космизм екi бағытқа бөлiнедi: мистикалық (Н. Ф. Федоров, Б. С. Соловьев, П. А. Флоренский) және ғылыми (К. Э. Циолковский, В. И. Вернадский) .
Мистикалық бағытта ең алдымен В. С. Соловьевтi бөлiп атауға болады. В. С. Соловьев (1853-1900) дiни орыс философиясының, бiлiмнiң бiртұтастығы мен бүтiндiгi туралы идеяның негiзiн қалаушы, көрнектi орыстың христиандық философы. В. С. Соловьевтiң философиясы дiни философиялық дәстүрдiң бүкiл рухы мен кейпiн бiлдiредi. Көптеген iрi философтар өздерiн В. С. Соловьевтiң iзбасарлары ретiнде санайды. Соловьевтiң дәуiрiне Трубецкойдың шығармашылығы, Флоренский мен Бердяевтiң ерте шығармашылығын жатқызуға болады.
В. С. Соловьев адамның дiни және әлеуметтiк өмiрiнiң сұраныстарын бiртұтастыққа байланыстыратын бүтiндей дүниетанымдық жүйенi құруға тырысты. Соловьевтiң ойы бойынша мұндай дүниетанымның негiзi христиандық болып табылады. Соловьевқа дейiнгi және кейiнгi дiни ойшылдар да бұл идеяны айтқанымен, бұл дүниетанымның негiзi ретiнде тек бiр христиандық концессияны ғана (православие, католицизм немесе протестантизм) қалап алды. Соловьев тәсiлiнiң ерекшелiгi, ол барлық христиандық концессияларды бiрiктiрудi жақтады. Сондықтан оның iлiмi тар бағытта емес, концессия аралық сипат алды. Соловьевтiң тағы бiр маңызды ерекшелiгi оның христиандық дүниетанымға жаратылыстанудың соңғы жаңа жетiстiктерiн енгiзiп, ғылым мен дiндi синтездеуге ұмытылуымен сипатталады.
Соловьев философиясының негiзгi идеясы - жалпы тұтастық идеясы. Бұл идеяны дайындауда славянофилдердiң соборшылдық идеясына сүйенгенмен, оған жалпы қамтушы, ғарыштық мағына бередi. Болмыстың төменгi және жоғарғы деңгейлерi өзара байланысты, өйткенi төменгi үнемi жоғарыға тартылып отырса, ал әрбiр жоғары өзiне төменгiнi „енгiзедi”. Соловьевте жалпы тұтастық, „құдайдың қасиеттi Үштiгi барлық құдiреттi жаратылыстармен, оның iшiнде ең бастысы адаммен байланысты” деген тұжырымынан көрiнедi. Жалпы тұтастықтың негiзгi принципi: „құдайда барлығы бiртұтас”. Жалпы тұтастық- бұл ең алдымен жаратушы мен жаратылыстың тұтастығы.
Қоршаған әлем тек бiр құдiреттi суреткердiң шығармашылық еркiнен туындайтын жетiлген туынды ретiнде қарастырыла алмайды. Құдайды дұрыс түсiну үшiн оның абсолюттiк мәнiн ұғыну аз, сонымен қатар оның iшкi қайшылығын да қабылдау қажет. „Барлығы болу үшiн абсолюттiк көп нәрсенi талап етедi”. Бұл қоршаған әлем туралы Соловьевтiң пiкiрi.
Соловьев болмыстың диалектикалық тәсiлiн қолдады. Оның пiкiрiнше нақтылықты қатып қалған формасында қарастыруға болмайды. Барлық тiршiлiктiң ең жалпы белгiсi өзгерiстердiң алмасуымен сипатталады. Болмыстың үздiксiз динамикасын негiздеу үшiн ол белсендi идеялармен қатар әлемдегi барлық өзгерiстердiң субъектi түрiнде көрiнетiн әлемдiк жан деген белсендi бастауды енгiзедi. Бiрақ ол өз алдына дербес әрекет етпейдi, бұл әрекет құдайдың құдiретiн керек етедi. Бұл құдiрет құдайдың әлемдiк жанға, оның барлық әрекетiн анықтаушы форма ретiндегi жалпы тұтастық идеясын беруiнен көрiнедi.
Соловьев жүйесiндегi бұл мәңгiлiк идеясы София - даналық атауын алды. София - Соловьев жүйесiндегi негiзгi ұғым. Сондықтан оның iлiмi софиология деп аталады. София ұғымын енгiзгенде Соловьев бұл әлемнiң тек құдайдың ғана жаратылысы емес екендiгiн айтқысы келедi. Әлемнiң негiзi мен мәнi құдайға, әлемге және адамға жалпылық беретiн жаратушы мен жаратылыс арасын байланыстырушы звено ретiнде қарастырылатын „Әлемдiк жан” - София болып табылады.
Құдайдың, әлемнiң және адамның жақындасу тетiгi Совольевтiң философиялық iлiмiнде құдайадам концепциясы арқылы ашылады. Құдайадамның нақты және толысқан үлгiсi ретiнде христиандық догмат бойынша әрi толық адам болып саналатын Иисус Христос болып табылады. Оның бейнесi әрбiр индивидтiң ұмытылуы тиiс идеалы ғана емес, бүкiл тарихи процесс дамуының жоғарғы мақсаты болып табылады.
Совольевтiң тарихы, Софиясы осы мақсатқа негiзделедi. Бүкiл тарихи процестiң мақсаты мен мәнi адамзаттың рухтануы, адам мен құдайдың бiрiгуi, құдайадамның кейпiне ену болып табылады.
Совольевтiң ойынша тек Иисус Христос бейнесiндегi құдiреттiлiк пен адамзаттылықтың бiрiгуi, яғни „құдiреттi сөз” арқылы бiрiгу жеткiлiксiз. Бұл бiрiгу практикалық тұрғыда, онда да тек жекелеген адамдарда („әулиелерде”) ғана емес, бүкiл адамзаттық деңгейде жүзеге асуы тиiс. Құдайадамға алып баратын жолдағы бастапқы алғышарт христиандыққа бет бұру, яғни христиан дiнiн қабылдау. Құдайдың шапағатына ие болмаған адамдар қараңғы күш ретiнде сипатталады. Христос адамға жалпы моральдық құндылықтарды ашып бердi, адамгершiлiктi жетiлдiруге жағдай жасап бердi. Христос iлiмiне құлақ түре отырып, адам өз бойында киелi рухты сезiнедi. Бұл процесс адамзат өмiрiнiң барлық кезеңдерiн қамтиды. Адамзатты бiрiктiрушi бастау ретiнде құдай адам кейпiне енген кезде бейбiтшiлiк пен әдiлеттiлiк, ақиқат пен жақсылық салтанат құрады.
Соловьевте адамгершiлiк философиясы сүйiспеншiлiк философиясына көшедi. Жоғары сүйiспеншiлiкпен салыстырғанда барлығы төменгi деңгейде, сондықтан тек сүйiспеншiлiк қана мәңгiлiктi қажет етедi. Құдiреттi сүйiспеншiлiк арқылы жеке индивидуалдылық бекiтiледi.
Құдiреттi әлем туралы Совольевтiң ойы мынадай: киелi құдiреттi әлем - бұл ең нағыз нақты әлем, бұл әлем бүкiл дүниенiң ұмытылатын идеалды тұтастығы. Құдаймен сәйкес келетiн ақиқаттың өзi. Шынайы болмысқа заттай болмыс қарсы келедi. Әлемдiк процестiң мiндетi табиғи болмысты идеялардың жалпы тұтастығына және шынайы, құдiреттi болмысқа сәйкес келтiрумен сипатталады.
Совольевтiң ұлттық өзiндiк сананың „орыс идеясы” сияқты феноменiн дамытуға үлкен үлес қосқандығын айта кету керек. Орыс философиялық ойының төлтумалылығын көрсететiн идея ретiндегi „орыс идеясы” туралы жоғарыда айтылды. Және бұл төлтумалылық Христиандықпен байланыстырылады. Совольевтiң тұжырымдауынша, орыс идеясы мен Ресейдiң парызы әлеуметтiк Үштiктi (киелi Үштiкпен ұқсас) - шiркеудiң, мемлекеттiң және қоғамның органикалық тұтастығын жүзеге асырумен сипатталады. Христиандық Ресей Христiң өзiне елiктей отырып, „Ғаламдық шiркеудi” өзiне бағындыруы тиiс. „Орыс идеясының” бұл бейнесiнде Совольев Ресейдiң бүкiл тарихының өн бойындағы бұл концепцияны бiр мазмұнға бiрiктiредi: „Қасиеттi Русь” идеясы („Москва - үшiншi Рим” концепциясы), „Ұлы Русь” идеясы (Ұлы Петрдiң реформаларымен байланысты) және „Еркiн Русь” идеясы (негiзiн декабристер қалаған) .
Қарастырылып отырған кезеңде, яғни XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бiрiншi жартысында Н. Ф. Федоровтың (1828-1905) философиялық көзқарастарына тоқтала кеткен жөн. Ол орыс космизмi мен гуманизмiнiң көрнектi өкiлi болып табылады. Ойшылдың өзiндiк көзқарастары мен негiзгi iлiмi „Жалпы iстiң философиясы” деген еңбегiнде жарияланған. Онда дiни мистицизм ғылым күшiне деген сенiммен бiрiгедi. Федоровтың ойынша, адамзат қатынастарының кемшiлiктерi мен зұлымдықтарын жеңу үшiн ең алдымен зұлымдықтың күшi ретiндегi өлiмдi жеңу керек. Әрбiр адамның iсi осы өлiмдi игерумен сипатталады. Ғылым мен техниканы пайдалану негiзiндегi ата-бабаларды қайта тiрiлту мен мәңгiлiкке қол жеткiзу осымен сипатталады. Орыс философиясындағы Федоров дүниетанымының мистикалық және утопиялық сипатына қарамастан, ол „толық жаппай құтқарылу” қажеттiлiгiн сезiнiп, индивидуалдық идеал белесiн жоғары көтерген ойшыл болды.
Орыс философиясының дамуында рухани қайта өрлеу деп аталатын XX ғасырдың басындағы кезең үлкен маңызға ие. Бұл уақытта философиялық үйiрмелердiң жедел өсуi, философияның орыс мәдениетiмен жақындасуы байқалады. Бұл кезеңнiң өте көптеген өкiлдерiнiң арасынан В. Розановты, С. Булгаковты, Н. Бердяевтi, И. Ильиндi, П. Флоренскийдi, Л. Шестовты, Л. Лосевтi ерекше атап өтуге болады.
П. А. Флоренский (1882-1937) өзiнiң философиялық көзқарастарын дiни сана шеңберiнде дамытты. Болмыстың бүтiндiгiн, тұтастығын, үйлесiмдiлiгiн негiздеуге тырыса отырып ол жалпы тұтастықтың метафизикасын (Совольевтiң iзiнше) дайындайды. Флоренскийдiң ойы „барлық жаратылыстың тұтастығы құдайда” деген тұжырымға сүйене отырып, ғарыштан оның негiзi абсолютке қарай „өрлейдi”. Бұл тұтастықты түсiндiру үшiн ол софиологияға бет бұрды. София - „құдайдың жаратқан идеалды анықтамаларының тұтастығы”, „киелi праобраздардың бейбiт жиылысы”, ғарыш болмысы үйлесiмдiлiгiнiң түбiрi болып табылады. Софияның тұғыры мәселесi ортодоксалды православиелiк дiнтанушылар тарапынан сынға ұшырады, өйткенi Үштiктегi төртiншi тұғыр туралы мәселе туындайтын едi. Флоренскийдiң көзқарасынан тағы бiр күмән туындайды: егер София жаратылыстың „түбiрi” болса, зұлымдық пен қасiрет қайдан шығады?
Флоренский символизм идеяларына үлкен көңiл қоя отырып, бұл мәселеге лингвистика, өнертану, икона метафизикасы салаларындағы зерттеулерiн арнайды.
Православиелiк дiнтанушылар Булгаков пен Флоренский дiни методологиясын негiздеуде антиномизм принципiне арқа сүйейдi. Құдайдың үш бейнедегi тұтастығы, Флоренскийдiң пiкiрiнше, бұл- қайшылық. Антиномизм Булгаковтың пiкiрiнше адамзаттың ақыл күйiнiң жеткiлiксiздiгi. Құдайдың табиғатын, киелi құпияның өмiр сүруiн танып, бiлудiң мүмкiн еместiгi - бүкiл христиандық иррационализмнiң басты принциптерiнiң бiрi.
Сонымен XIX және XX ғасырдың аралығында Ресейдiң даму жолын христиандандырумен байланыстыратын және адамның дамуын дiни тұрғыда негiздейтiн дiни философиялық ой қалыптасты. Екi бағыт болды: интеллектуализм - дiннiң дiни бастауға сүйенуге мүмкiндiгi, антиинтеллектуализм - құдайдың табиғатын, әлемдiк даму заңдарын ұғынудың мүмкiн еместiгi. Осылайша, бүтiндей алғанда орыстың революциялық демократтары төлтумалыққа басымдылық бередi.
XIX-XX ғасырлардағы орыс философиясының ерекшелiгi Ресейдiң төлтумалылығына деген көзқарастың қалыптасуымен және бұл төлтумалықтың критерийi ретiнде дiндарлылықтың таңдалынуымен сипатталады. Ресейдегi философиялық процесс жеке автономиялық процесс емес, ресейлiк мәдениеттiң өмiр сүруiнiң бiр қыры, сондықтан бұл бүтiн процестiң рухани қайнар көзi Православие болып табылады. Ол өзiнiң барлық қырларының жиынтығында - сенiм ретiнде және Шiркеу ретiнде, iлiм ретiнде және институт ретiнде, өмiрлiк және рухани үрдiс ретiнде көрiнедi.
Орыс философиясы салыстырмалы түрде жас. Ол европалық және әлемдiк философияның озық дәстүрлерiн бойына сiңiрдi. Өзiнiң мазмұнында ол бүкiл әлемге де, жеке адамға да арналады және әлемдi өзгерту мен жетiлдiрумен қатар (батысевропалық дәстүрге тән), адамның өзiн де жетiлдiруге (шығыстың дәстүрге тән) бағытталады. Сонымен қатар ол философиялық идеялардың тарихи дамуының бүкiл драматизмiн, пiкiрлердiң, мектептер мен бағыттардың қарама-қарсылығын өн бойына жинаған өте дара және төлтума философия болып табылады. Бұл жерде бiр-бiрiмен көршi орналасқан батысшылдар мен славянофилдер, консерватизм мен революциялық демократизм, материализм мен идеализм, дiни философия мен атеизм өзара сұхбатқа түседi. Оның тарихы мен бүтiн мазмұнынан ешқандай үзiндiлердi алып тастауға болмайды - бұл тек оның мазмұнын кедейлендiруге әкеледi.
Орыс философиясы - бұл әлемдiк мәдениеттiң ажырамас бөлiгi. Философиялық таным үшiн де, жалпы мәдени даму үшiн де оның маңызы осында.
Сонымен, XIX және XX ғасырлар аралығындағы орыс философиясының ерекшелiктерi түбiрi орыс дәстүрлерiнiң негiзiнде әуел бастан Ресей дамуының төлтумалылығы идеясын жариялауымен сипатталады. Орыс философиясының тағы бiр сипаты оның Ресей төлтумалылығын „ орыс идеясы ” арқылы көрсетуiнде, яғни бүкiл христиан әлемiн православиенiң негiзiнде бiрiктiруге тиiс Ресейдiң ерекше мессиандық рөлiн жариялау арқылы бiлдiруiнде болды. Басқаша айтқанда орыс философиясы өз ерекшелiгiнiң алғышарты ретiнде, оның дiни бастауы ретiнде төлтумалылық идеясын дамытты.
Орыс топырағында дәл осы шамада космизм теориясы дүниеге келді. Оны қолдаушылар: В. С. Соловьев, Н. А. Умов, К. Э. Циолковский, В. И. Вернадский, П. А. Флоренский, Н. Г. Холодный, А. О. Чижевский еді. Олар адам мен ғарыш арасында байланыс бар, бірлік бар деп уағыздады (дәл осы пікірді ертедегі шығыс философтары да айтқан болатын) . Ең алдымен олар адамның тегі ғарыштан жаратылған деп түсіндірді. Адамзат тіршілігі ғарыш өлшемімен белгіленгендігі жан-жақты талқыланды. Одан сон, адамды ерекше әлеуметтік атом іспетті өзіндік сипаты бар дамыған құбылыс деп тану қажет, деді. Бірақ космизм теориясынан екі түрлі бастама, екі бағыт туындайды. Оның бірі фантастикаға тіреледі. Екіншісі - жаратылыстану ғылымымен тікелей және тығыз байланыстырылады. Соңғысының өкілдеріне жататындар: К. Э. Циолковский (1857-1935), оның гарышты игеру теориясы; В. И. Вернадский (1863-1945), оның биосфера, ноосфера теориясы. Бұлар Жер мен Элем тарихын, даму заңдарын зерттеуге үлкен үлес қосты. Қ. Э. Циолковский теориясы негізінде ғарышкерлік ғылымы мен теориясы дамыды. В. И. Вернадский теориясы негізінде экология ғылымы дүниеге келді.
Адамның ойлауы В. И. Вернадскийдің айтуынша планеталық күшке айналды. Бірақ ол күшею үнемі басқа дүниеге үстемдік орнату, шексіз қарулану бағытында болып отыр. Ондай шексіз қарулану адам болмысының түпкі мәні бола алмайтындығын бұрынырақ айтқанбыз.
Орыс космизмнің екі тенденциясы бар:
1. Қияли ойға байланысты немесе дінге сүйенген бағыт. Діни идеялар Федоров Н. Ф., Соловьев В. С., П. А. Флоренский еңбектерінде көп.
2. Ғылыми немесе жаратылыстану іліміндегі прогреске байланысты. Оның өкілі Вернадский В. И. өзінің биосфера мен Ноосфера, Жер мен Әлем ролі туралы ілімдерін жасады, К. Э. Циолковский ғарышты игеру теориясын ұсынды.
Соловьев Владимир Сергеевич (1853-1900) - орыс философы, діни қайраткер, публицист және ақын. Москва университетін бітірген. Оның шығармашылық өмірі үш кезеңге бөлінеді:
- 70 жылдардағы теологиялық прогресшілдік, 2. 80-жылдардағы дүниежүзілік мемлекет утопиясы, 3. 90 жылдары. Эсхатологиялық (гр eshatos- соңғы және logos - ілім, сөз) көзқарастары.
Ол мына идеяларды ұсынады: қорқынышты сот және зұлымдықтың әлемді жеңуі - тарихтың соңы; адамның рухы зұлымдық әлемінде зарығуда; бірақ адам Абсолютке қатысы бар және құтылуы мүмкін, ол бүкіл әлемдік Шіркеуді жасау жолымен іске асады; шіркеу - келешек қауымдастықтың негізі, адамдардың бірлігі; адам санасын езілуден босату керек, ол үшін христиан дінінің кұндылығын қабылдау икемді. Соловьевтің «біртұтастық» (бәрінің бірлігі) идеясы адамзаттың бұдан да артық, жоғарғы сатыдағы эволюцияға өтуін дайындайды. Оны шыңына жетіп «Құдай- адам» пайда болады. Соловьевтің жүйесінің негізгі теологиялық бағыты осы болды. Материализм мен революциялық-демократиялық ой-пікірге ол қарсы болды, христан діні мен платонизмді, классикалық неміс философиясын (Ф. Шеллинг) және ғылыми эмпиризмді біріктірумен айналысты. Бұл шын мәнінде мүмкін емес, метафизикалық әдіс еді.
«Жер бетінде шындық бола ма, әлде болмай ма?» деген сұраққа христиан дінінен жауап іздеді. Әлеуметтік тұрғыдан келгенде, елдің тыныштығын сақтау үшін Рим папасы мен орыс патшасының татулығы арқасындағы Одақты құруға шақырды. Ол:
1. христиан дінін материалдық өмірдің, уақыт пен кеңістіктің қирауынан құтқарып, тозбайтын ғарыш сұлулығына айналдыруды мақсат етті;
2. Жетілдірілген жыныстық махаббат адам бүтіндігін және дүниені сақтап, мәңгі өлмесіке жеткізеді деп санады.
Соловьев философиясының өзекті идеясы - барлығын біріктіру идеясы, оның негізгі принципі «құдайға барлығы бір». Барлығының бірлігі, бірінші кезекте, жаратушы мен жаратылғанның бірлігі. Соловьевтің құдайының адами кейіпі жоқ, ол дүниеде әрекеттенетін, ерекше ұйымдастырушы күш, «ғарыштық ақыл». Сонымен В. С. Соловьев ақылды сезімге қызмет етуге, дінді адам санасындағы рационалдық бастаманы тірек етіп, діни көзқарасты жаңа ғылыми жетістіктермен дәлелдеуге ұмтылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz