ОРЬІС ФИЛОСОФИЯСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ОРЬІС ФИЛОСОФИЯСЫ
Орыс философиясы әлемдік философияда көрнекті орын алады. Оның себебі
- Ресейдің адамзат тарихында алатын орны мен орыс жанының жүмбақ табиғаты
болса керек. Тарихи дамудың қай кезеңінде болмасын әлем назарын өзіне
аудара білген орыс мемлекеті мен орыс халқының дүние жүзіндегі рөлі осы
күнге дейін аса маңызды.
Орыс философиясының кемелденіп, қалыптасқан уақыты ХІХ-ғасырдың соңы
мен ХХ-ғасырдың басы деуге болады. Осы кезеңде Ресейде мазмұны терең,
интеллектуалды жағынан өте бай философия қалыптасты. Бір өкініштісі, орыс
философиясын объективті зерттеу мүмкіндігі соңғы жылдары ғана пайда болды.
Жоғары оқу орындарына арналған бұрынғы бағдарламаларда бұл тақырып терең
ашылмай, орыс философиясы туралы сөз болғанда негізінен Н.Г.Чернышевский,
А.И.Герцен. В.Г.Белинский және тағы басқа ойшылдардың қоғамдық-саяси,
материалистік-марксистік көзқарастарын талдаумен шектелетінбіз. Қазіргі
таңда орыс философиясы қызықты зерттеу объектісіне айналып отыр. Ресейдің
өзінде ұлттық философия мәселесіне үлкен бетбұрыс жасалып, көптеген ғылыми
зерттеулер дүниеге келді. 2005 жылдың мамырында Мәскеу қаласында өткен
халықаралық философиялық симпозиумда талқыланған ғылыми баяндамалар осы
ойымыздың жақсы дәлелі. Философиялық әдебиетте ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-
ғасырдың басындағы орыс философиясының негізгі екі бағыты атап керсетіледі:
славянофил бағыты және батысшылдар бағыты (кейбір зерттеушілер бұл бағытқа
марксизм бағытын да енгізеді. Біздің ойымызша, осы кезеңдегі орыс
философиясын даму ерекшеліктеріне және мазмұнына байланысты үш бағытқа
бөліп қарастырған жөн.
Славянофил бағыты өкілдері көзқарасының негізі - православие.
И.В.Киреевский, К.Аксаков, В.С.Соловьев тағы басқа көрнекті тұлғалар дін
арқылы өмірді өзгертуге болады, діни өзгеріс халықтың, қоғамның өміріне
керемет өзгеріс әкеледі деп сенді. Бұл түсінікті де, себебі орыс халқының
санасында ғасырлар бойы діннің ғажайып күшіне, "идеалға" деген сенім өмір
сүрді. Үнемі "идеал" жетегінде өмір сүрген адам өзін басқалардан рухани
жағынан жоғарырақ сезінетіні, ылғи өзіне-езі сезімге шомылып өмір сүретіні
белгілі және бұл идеал - шексіз. Бүкіл дүние жүзін қызықтырып, өзіне тәнті
еткен "орыс жанының" ("загадочная русская душа") жұмбақ табиғатының да
себебі осында болса керек.
Марксизм бағытының негізгі өкілдері В.И.Ленин, Л.Д.Троцкий, Н.Бухарин,
А.В.Луначарский болғанымен, орыс философтарының бәрі дерлік әуелі марксизм
кезеңіне өтті. Марксизмнің ерекшелігі - философияны жұмысшы табының
идеологиялық қызметшісіне айналдыруы. Бұл бағыт ақырында жеңіске жетіп,
кеңес заманында философия мемлекеттің бір типті ойлауға негізделген
идеологиялық құралына айналды. Қалыптасқан жүйеге қарсы шығу қылмыспен тең
еді. В.И.Ленин 1922 жылы Ф.Э.Дзержинскийге жазған хатында ой-пікірі,
көзқарасы большевиктер саясатына қарама-қарсы интеллигенция өкілдерін елден
аластату керектігі туралы айтқан пікірінің негізінде арнаулы бұйрық
шығарылып,161 адам елден қуылды. Олардың бәрі бір кемеге тиеліп
аттандырылғандықтан, тарихқа бұл оқиға "Философский пароход" деген атпен
енді. Бұл "еріксіз саяхатшылардың" қатарында белгілі философтар С.Л.Франк,
Н.А.Бердяев, Л.Шестов, П.Сорокин, И.Ильин бар еді. Орыс философиясының
құлдырауы осы кезеңнен басталды.
Үшінші бағыт - біз сөз еткелі отырган батысшылдар, немесе
экзистенциалистер бағытының негізгі объектісі - адам және оның өмірінің
мәні болды. Атап көрсететін бір ерекшелік - жалпы философия тарихында
өмірдің мәні мәселесін талдаумен түбегейлі айналысқан орыс философтары
деуге болады. Бұл құбылыстардың себептері әр түрлі. Бірақ біздің ойымызша,
басты фактор - Ресейдің трагедиялық тағдыры. Адам, оның емірінің мәселесі
қоғам дағдарысқа ұшыраған кезеңдерде өткірлене түседі. Тығырыққа тірелген
қоғам мүшелерінің бойында бұрыннан да бар, уақытша бұғып жатқан өмір туралы
сауалдар тізбегі адамды осындай қиын кезеңдерде қатты мазалай бастайды.
Сондықтан да өзінің даму тарихында талай рет тағдыр тәлкегіне ұшыраған, сан
түрлі соққыларды, қайшылықты қоғамдық езгерістерді басынан кешірген Ресей
мемлекетінің ойшылдарын осы тақырып толғантуы кездейсоқ емес.
Сонымен қатар, ХІХ-ғасырдың соңы-ХХ-ғасырдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш философиясы әлем қазақтары мәдениеті контексінде
Ғылымның танымдық философиялық мәні
Мұсылман философиясы
Араб тілі философия мен ғылым
Ислам философиясы. Араб философиясы
Ортағасырлық мұсылман философиясы
: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
Әл-Кинди және араб тілді философияның бастауы
Орта ғасырдағы Араб-мұсылман философиясы
Шеллинг философиясы
Пәндер