Орыс халқының философиялық ойлары - әлемдік философия мен мәдениеттің органикалық бөлігі
Орыс философиясы
Орыс халқының философиялық ойлары - әлемдік философия мен мәдениеттің
органикалық бөлігі. Орыс философиясы батысевропалық мәселелерді
қарастырады, бірақ оның ерекшелігі ойлау тәсілінің ұлттық сипатында болып
отыр.
Православие діні, ежелгі орыс философиясының фундаменті. Христиан дінін
орыс халқының 988 жылы қабылдауы оның дамуының жаңа кезеңі болды. Ол
кездегі ойшылардан христан діні теоцентрлік көзқарасты талап етті. Орыс
философиясы Византиялық философияның әсерімен дами бастады. Онда
неоплатондық теоцентрлік мәселе басым болды.
Неоплатонизм – идеалистік ағым, оның мақсаты Платон ілімін қатаң
жүйелеу, ондағы қайшылықты жою және оны ары қарай дамыту. Платонның
идеалистік теориялары неоплатонизмде мистикалық эманация (сәуле шашу, өту)
туралы ілім формасында қабылданды. Материя әлемдік иерархияның төменгі
буыны, әлемдік жанның эманациясы, олардан рух - жоғары тұрады, ал
алғашқы жаратылыс немесе біртұтастық тіпті бәрінен де биік болмақ.
Неоплатонизм бойынша философияның ең жоғарғы сатысында ақыл - ой, оған
тәжірибенің көмегімен емес, мистикалық экстаздың арқасында ғана жетуге
болады. Бұл философияда идеализм - теософияға айналады. Теософия (гр theos
- құдай және sophia - даналық білім; сөзбе сөз құдайтану) - кейде
теологиямен, кейде мистикалық, дінтанудан тыс формалармен теңесетін ұғым.
ІХ-XVIII ғ бірінші жартысы - философиялық мәселелерге және басқа да
қоғамдық сана сұрақтарына, әсіресе діни және эстетикалық тұрғыдан жауап
іздеу (Илларион, Андрей Рублев, Феофан Грек, Владимир Монамах). XVIII ғ
екінші жартысы - ХІХ бірінші ширегі - россиядағы философияның тарауы
ғылымды және мәседениетті ұғыну болды, батыс еуропаның философиялық ойы мен
ағымдарына еліктеу мәнінде жүрді. ХІХ ғ екінші ширегі - ХХ ғ басы – Орыс
философиясының өзіндігінің қалыптасуы мен дамуы басталды. Орыс
философиясының Кеңестік кезеңі марксистік болды.
Орыс философиясының тарихында XIX гасырдағы революцияшыл
демократтардың материализмі мен диалектикалық ой-пікірлері ерекше орын
алады. Бұл философияның басты өкілдері, көрнекті орыс материалистері
В.Г.Белинский (1811-1848), А.И.Герцен (1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1829-
1889), НАДобролюбов (1836-1861), Д.И.Писарев (1840-1868) теория жүзінде
ғана емес, сондай-ақ патшалық Ресейде 40-60-жылдары пісіп жетіліп келе
жатқан шаруалар революциясыньш идеологтары болды.
Революцияшыл демократтардың философиялық ілімі, бір жағынан, өздерінен
бұрынғылардың, әсіресе Ломоносов, Радищев пен декабристердің материалистік
идеяларына сүйенсе, екінші жағынан, Батыс Еуропа ойшылдарының, ең алдымен
Гегель мен Фейербахтың озат философиялық дәстүрлерінен бастау алды. Сонымен
қатар, революцияшыл демократтар жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін
барынша пайдаланды.
Бірақ революцияшыл демократтар, Фейербах сияқты, Гегельдің идеализмін
сынағанда, оның диалектикалық тәсілін лақтырып тастаған жоқ, қайта оны
материализммен байланыстырып, материалистік түсініктеме беруге тырысты.
Герцен, мәселен, Гегельді сынай отырып, табиғаттың, қоғам мен ойлаудың
жалпы даму заңдарын ашып беретін оның диалектикасын аса жоғары бағалады,
оны "революция алгебрасы" деп есептеді. Сонымен бірге, ол Гегельдің
объективтік идеализмін аяусыз сынады: Гегель, оның пікірінше, "дүниеде
бардың бәрін, рух пен ойдың құрбанына айналдырды: жастайынан анасының
сүтімен бірге тәрбиеленген, бойына сіңген идеализм оны сыңаржақтыққа
итермелейді... Сөйтіп ол табиғатты рухқа, логикаға бағындыруға тырысады".
Идеялардың логикалық дамуы, Гегель айтқандай, шындықтың, табиғаттың
дамуынан бұрын жүрмейді, керісінше, табиғатсыз және табиғаттан бұрын
логикалық ойдың болуы мүмкін емес деп дәлелдеді Герцен.
Табиғаттың өмірі - үздіксіз даму деді Герцен. Бұл пікірді қоғам
өміріне қолдана отырып, әлеуметтік өмірдің үздіксіз даму идеясын Белинский
аянбай қорғады: "адамзаттың дамуында шек жоқ... адамзат өзіне тоқта, жетті,
енді одан әрі баратын жер жоқ деп ешқашан айтпайды" - деді ол.
Революцияшыл демократтар қандай да болсын дамудың қозғаушы күшін
қарама-қарсылықтардың күресінен, олардың өзара әрекеттесуінен іздеді. Олар
соңдай-ақ сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне өту, терістеуді терістеу
заңдарына да үлкен назар аударды.
Революцияшыл демократтар метафизика мен механистік көзқарасты сынап,
шындықты танып-білу мүмкіндігін жоққа шығаратын агностицизм мен
скептицизмге қарсы табанды күрес жүргізді. Олардың таным теориясы
материалистік сипатта болды. Дүниетанудың негізі - сезім мүшелерінің сыртқы
дүние заттары мен құбылыстарын тікелей бейнелендіруі деп бідді. Сыртқы
дүние нәрселерінің нақты бейнесі адамның ақыл-ойында өңделіп, ұғымдар,
идеялар тұжырымдалады. Танымның ақикаттығының критерийі практика, өмірінің
өзі деп санады олар.
Орыстың ұлы революцияшыл-демократы, тамаша сыншысы, публицисті және
педагогі Николай Александрович Добролюбов 1836 жылдың 24 январында Нижний
Новгородте (қазірг Горький қаласы), священниктің семьясында туған.
Ол өте жастайынан оқый бастады. Оны оқый білугеанасы үйретт. Оның
үзбей жүйелі оқуы 1844жылдың ортасында, яғни 8,5 жасқа келгенде
басталады.Үш жылдан кейін Добролюбов духовное училишенің 4-(жоғарғы)
класына оқуға түседі. Кластағы ең жақсы кіші және ең көп оқыған, дайындығы
мол бала Добролюбов болды.Духовное училищенің курсын Добролюбов барлық
пәннен үздік бағамен бір жылдың ішінде бітіріп шығады, сөйтіп 1848 жылдың
күзінде Нижегород духовная семинариясының тіл-әдебиет класына түседі.
Сол жылдардың өзінде-ақ ол орыстың көркем әдебиетін жақсы оқып
үйренген еді. Нижний Новгородте тұрған кезінде-ақ ол Герценнің Табиғатты
зерттеу туралы хаттарң деген негізгі материалистік еңбегін және
Белинскийдің 1847 жылғы орыс әдебиетіне көзқарасң деген мақаласын оқып
шыққан болатын.
Добролюбовтың әдебиеттік қызметі айтарлықтай ерте басталады. Оның 1849
жылдары жазылған өлеңдер дәптері жұртқа мәлім. Ол 1850 жылы Ахинеяң деген
қолжазба журнал шығарады, онда: тіл, ғылым және сын бөлімі болады.
1853 жылы август айында Добролюбов Петербургке келеді.Мұнда келгенсоң
студенттері қазна есебінен тәрбиеленетн Бас педагогикалық институтқа түсуге
мүмкндік бар екенн біліп, сол институттың тарих-филология факультетіне
емтихан тапсыруға ұйғарып, оны тапсырып шығады.
Добролюбовтың Бас педагогикалық институт туралы мақаласы
Современниктіңң 1856 жылғы август айындағы санындабасылып шығады және
мүнысы, Чернышевскийдің айтуынша, жұртқа тамаша әсер етедің. Добролюбов
Чернышевскиймен сол жылдың жазында танысады.
1857 жылы Добролюбов иститутты бітіреді де Современниктіңң тұрақты
қызметкері болады, бұл журналда оның тамаша публицистикалық мақалалары
басылып отырады.
Добролюбовтың ерекшк дарындылығы іс жүзінде оның халыққа деген шексіз
сүйіспеншілгмен, крепостнойлыққа және самолержавиеге қарсы табанды түрде
жүргзген революцияшыл күресмен тығыз және органикалық ұштасып отырады.Ол
төрт жыл ішінде өз замандастарының да, брнеше болашақ ұрпақтардың да
ақылшысы боларлықтай дәрежеге ие болды.
Николай Александрович Добролюбов, 1861 жылы 17 ноябрьде, 25 жасында
қайтыс болды. Оны 20 ноябрьде Волкова зыйратына Белинскиймен қатар жерледі.
Өзінің ұстазы Чернышевский сияқты, Н.А.Добролюбов таным теориясында
дәйекті материалистік бағытты ұстап, объективтік дүниені танып-білу
мүмкіндігін жоққа шығаратын немесе оған күмән келтіретін агностицизм мен
скептицизмді батыл сынады. Бізді қоршаған табиғатта санадан тәуелсіз
объективтік зандар әрекет етеді, адам ол зандарды өзгерте алмайды, тек
оларды танып-біліп, өзінің практикалық қызметінде пайдаланады деді ол.
Чернышевский мен Добролюбов шаруалар революциясы идеясының жыршысы
болды. Крепостнойлық қарым-қатынасты революцияшыл жолмен күйрету қажет
екенн қатты қолдап, Николай Александрович былай деді: Егерде негіз құрушы
халықтың төменгі табы болса, оған әсер ету керек, істің шын мәнісіне соның
көзін жеткізу керек, оның бойындағы ғасырлар бойы алып ұйқымен қозғалмай
жатқан күштерін қоздырып ояту керекң.
Өзінің философиялық көзқарасы бойынша Добролюбов материалист болды.
Әрбір философияның негізгі мәселесә - ойдың болмысқа қатынасы туралы
мәселені олтыянықты материалистік тұрғыдан шешті. Болмыс, материялық дүние
бірінші реттік. Ол бізден тыс және тәуелсіз өмір сүреді. Сана, ой екінші
реттік болады. Ол өмір сүріп тұрған материялық дүниенің бейнесі. Жеребцов
мырзаның жазып шығарған орыс цивилизациясың деген мақаласында, Николай
Александрович былай деп жазады: ой материалы сыртқы нәрселерді тану емей
немене? Нәрсесіз ой туу мүмкін бе; онда ол ақылға сыйымсыз дерексіз,
ешқандай формасыз және мазмұнсыз бірдеңе болмай ма? Мұндай нәрсесіз және
формасыз ойдың болуы мүмкіндігін қорғауә деген жоқ нәрседен бірдеңе жасауға
болады деп кесіп айтқандық қой!ң
Добролюбов Адамның органикалық дамуың деген мақаласында адам өзінің
ұғымдарын сыртқы дүниеден қабылдап алады деп көрсетеді.
Адамда сана жетіле келең нәрселер арасындағы қайшылықты байқағыш
болатының табиғи және шүбәсіз екенін айта келіп, Добролюбов адамның өзі
жөніндегі және өзін қоршап тұрған жаратылыс туралы алғашқы елестеуінің
дамуын және пайда болуын, қараңғы күшпен жарық күш туралы түсінігің қалай
пайда болғанын баяндады...
Революцияшыл демоюраттар патшалық Ресейдегі сол кездегі әділетсіз
қоғамдық қатынастарға қарсы шығып, қоғамды революциялық тұрғыдан қайта құру
қажеттігін дәлелдеді. Олар қоғам өмірінің және дамуының негізі материалдық
өмір жағдайлары екенін түсінді, самодержавие мен крепостнойлық құқықты жою
үшін күресті. Мәселен, Чернышевский мен Добролюбов тап күресі қоғам
дамуының қозғаушы күші екенін, сондықтан өз отанының болашақ тағдырын халық
шешетінін, ол халықтың творчестволық күшіне кәміл сенетінін атап көрсетті.
Сондықтан ол тарихты патшалар мен қолбасшылардың іс-әрекеті жасайды, тарих
солардың өмірбаянының жиынтығы деп қарайтын идеалистік көзқарасқа қарсы
шықты.
Революцияшыл демократтар қоғам мен тарих жайында бірқатар құнды ой-
пікірлер айтқанымен, бірақ қоғамды түсіндіруде идеалистік шырмаудан арыла
алмады, тарихи дамудың объективтік зандарын ашу дәрежесіне көтерілген жоқ.
Олар пролетариаттың тарихи міндетін түсінбеді. Бұған ең алдымен сол кездегі
патшалық Ресейдегі қоғамдық өмірдің артта қалғандығы кінәлі еді.
Аталған кемшіліктеріне қарамастан, орыстың революцияшыл
демократтарының материализмі жауынгер материализм болды. Олар өздерінін
қоғамдық-саяси, философиялық және эстетикалық ілімдерін патша өкіметі мен
крепостнойлыққа қарсы бағытта шаруаларды қарулы көтеріліске шақырған
революциялық теорияға айналдырды.
Батыстықтар. Славянофилдермен айтыста батыстық коцепциясы қалыптасты.
Бұл бағытының өкілдері: А.И.Герцен, Н.П.Огарев, В.Г.Белинский, жазушылардың
арасында И.С. Тургенев болды. Дінді сынай отыра, материализмге
құмарланды, бірақ философияға қарағанда олар гуманитарлық ойлаудың
құшағында болды. Россияның батыстық жолмен дамуын қолдаған оларды
самодержавалік, шаруа құрылысын айыптау, ағарту идеяларын дамыту, Россияны
еуропаландыруға ұмытылу біріктірді.
А.Герцен (1812-1870) барлық орыс мәселелері басыбайлық құқығында жатыр
дейді. Гегельдің табиғаттың, қоғам мен ойлаудың жалпы заңдарын ашқан
диалектикасын революция алгебрасы деп атады. Герцен идеялардың логикалық
дамуы, Гегель айтқандай, шындықтың, табиғаттың дамуынан бұрын жүрмейді,
керісінше, табиғаттан бұрын логикалық ойдың болуы мүмкін емес, табиғаттың
өмірі үздіксіз, ал ой соның бейнесі деп түйді.
Л.Н. Толстойдың өмірдің мәні және адамның өзін-өзі адамгершілікке тәрбиелеу
ілімі
Орыс философиясы әлемдік философияда көрнекті орын алады. Он себебі -
Ресейдің адамзат тарихында алатын орны мен орыс жанының жұмбақ табиғаты
болса керек. Тарихи дамудың қай кезеңінде болмасы әлем назарын өзіне аудара
білген орыс мемлекеті мен орыс халқының дүние жүзіндегі рөлі осы күнге
дейін аса маңызды.
Орыс философиясының кемелденіп, қалыптасқан уақыты ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-
ғасырдың басы деуге болады. Осы кезеңде Ресейде мазмұны терең,
интеллектуалды жағынан өте бай философия қалыптасты. Бір өкініштісі, орыс
философиясын объективті зерттеу мүмкіндігі соңғы жылдары ғана пайда болды.
Қазіргі таңда орыс философиясы қызықты зерттеу обьектісіне айналып отыр.
Ресейдің өзінде ұлттық философия мәселесіне үлкен бетбұрыс жасалып,
көптеген ғылыми зерттеулер дүниеге келді.
Философиялық әдебиетте ХІХ-гасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басындағы орыс
философиясының негізгі екі багыты атап көрсетіледі: славянофил бағыты және
батысшылдар бағыты (кейбір зерттеушілер бұл бағытқа марксизм бағытын да
енгізеді). Біздің ойымызша, осы кезеңдегі орыс философиясын даму
ерекшеліктеріне және мазмұнына байланысты үш бағытқа бөліп қарастырған жөн.
Славянофил бағыты өкілдері көзқарасының негізі - православне.
И.В.Киреевский, К.Аксаков, В.С.Соловьев тағы басқа көрнекті тұлғалар дін
арқылы өмірді өзгертуге болады, діни өзгеріс халықтың. қоғамның өміріне
керемет өзгеріс әкеледі деп сенді. Бұл түсінікті де. себебі орыс халқының
санасында ғасырлар бойы діннің ғажайып күшіне, "идеалға" деген сенім өмір
сүрді. Үнемі "идеал" жетегінде өмір сүрген адам озін басқалардан рухани
жағынан жоғарырақ сезінетіні, ылғи өзіне-өзі сезімге шомылып өмір сүретіні
белгілі және бұл идеал - шексіз. Бүкіл дүние жүзін қызықтырып, өзіне тәнті
еткен "орыс жанының" ("загадочная русская душа") жұмбақ табиғатының да
себебі осында болса керек.
Марксизм бағытының негізгі өкілдері В.И.Ленин, Л.Д.Троцкий, И.Бухарин,
А.В.Луначарский болғанымен, орыс философтарының бәрі дерлік әуелі марксизм
кезеңіне өтті. Марксизмнің ерекшелігі - философияны жұмысшы табының
идеологиялық қызметшісіне айналдыруы. Бұл бағыт ақырында жеңіске жетіп,
кеңес заманында философия мемлекеттің біртипті ойлауға негізделген
идеологиялық құралына айналды. Қалыптасқан жүйеге қарсы шығу қылмыспен тең
еді. В.И.Ленин 1922 жылы Ф.Э.Дзержинскийге жазған хатында ой-пікірі,
көзқарасы большевиктер саясатына қарама-қарсы интеллигенция өкілдерін елден
аластату керектігі туралы айтқан пікірінің негізінде арнаулы бұйрық
шығарылып, 161 адам елден қуылды. Олардың бәрі бір кемеге тиеліп
аттандырылғандықтан, тарихқа бұл оқиға "Философский пароход" деген атпен
енді. Бұл "еріксіз саяхатшылардың" қатарында белгілі философтар С.Л.Франк,
Н.А.Бердяев, Л.Шестов, П.Сорокин, И.Ильин бар еді. Орыс философиясының
құлдырауы осы кезеңнен басталды.
Үшінші бағыт - біз сөз еткелі отырган батысшылдар, немесе экзистенциалистер
бағытының негізгі объектісі - адам және оның өмірінің мәні болды. Атап
көрсететін бір ерекшелік - жалпы фнлософия тарихында өмірдің мәні мәселесін
талдаумен түбегейлі айналысқан орыс философтары деуге болады. Бұл
құбылыстардың себептері әр түрлі. Бірақ біздің ойымызша, басты фактор -
Ресейдің трагедиялық тағдыры. Адам, оның өмірінің мәселесі қоғам дағдарысқа
ұшыраған кезеңдерде өткірлене түседі. Тығырықка тірелген қоғам мүшелерінің
бойында бұрыннан да бар, уақытша бұғып жатқан өмір туралы сауалдар тізбегі
адамды осындай қиын кезеңдерде қатты мазалай бастайды. Сондықтан да өзінің
даму тарихында талай рет тағдыр тәлкегіне ұшыраған, сан түрлі соққыларды,
қайшылықты қоғамдық өзгерістерді басынан кешірген Ресей мемлекетінің
ойшылдарын осы тақырып толғантуы кездейсоқ емес.
Сонымен қатар, ХІХ-ғасырдың соңы-ХХ-ғасырдың басындағы орыс философтарының
бәрін де Ресей мемлекетінің тағдыры толғантты. Қай бағыттың окілі болғанына
қарамастан, олардың әрбіреуі орыс қоғамы мен жалпы орыс халқының болашағы
туралы терең ойланды, болашақ даму жолдарын іздестірді.
Лев Николаевич Толстойды (1823-1910) дүние жүзі ұлы жазушы ретінде біледі,
бірақ оның философиялық ойлары көпшілікке енді ғана танымал болып келе
жатыр. Орыс ойшылының философиясын терең. объективті зерттеу ісі әсіресе
соңғы он бес жыл ішінде жақсы деңгейде жүргізілуде. Бұл пікіріміздің дәлелі
ретінде жазушының философиялық шығармаларының бөлек жинақ болып жарық
көруін (Л.Н.Толстой. Избранные философские произведения. М.,1988), бұрын
жарияланбаган философиялық ой-толғаныстарының үлкен еңбек болып басылып
шығуын (Л.Толстой. Путь жизни. М., 1993) және оның философиялық
көзқарастарының көптеген ғылыми зерттеулердің арқауы болып отырғандығын
айтуға болады.
Жазушы философиясының басты мәселелері қандай болды десем өзінің
шығармаларында Л.Толстой адамның руханилығы мен адамгершілігі мәселелерін
талдады және бұл тақырыпты өзін қатты мазалаған, өмірінің соңына дейін
санасы мен жанына тыныштық бермеген экзистенциалдық мәселе - адам өмірінің
мәні контекстінде қарастырады. Жарық дүниеге адам не үшін келеді? Өмірдің
мәні бар ма? Бар болса неде? Жоқ болса, неге? Өмірдің мәні жоқ болса, өмір
сүріп керегі не? Толстой өзіне, өзі арқылы бүкіл саналы адамзатқа
бағыттаған сауалдар тізбегі осылайша жалғасып кете береді және олар
жазушының бүкіл көркем жәна философиялық шығармаларының желісі болды. Осы
мәселелер тереңірек тексерілетін еңбектердің бірі - "Исповедь" ("Жан сыры"
немесе Тәубе еңбек қазақ тіліне әзірге толық аударыла койған жоқ). Бұл
еңбектің ортағасырлық ойшыл Августин Аврелийдің "Исповедь Блаженного
Августина епископа Гиппонского" еңбегінің ізімен жазылғаны күмән
тудырмайды.
Өз өмірінің негізгі кезеңдеріне шолу жасай отырып, өмірінің мәні туралы
сұраққа жауап іздеуге тырысқан Л.Толстой өз жанының күйзелісі арқылы бізге
осы мәселенің бүкіл трагедиялық сипатын жеткізеді. Адамзат тарихынан өшпес
орын алған тұлға, керемет классикалық дүниелердің авторы ретінде өзін
әлемге танытқан ұлы жазушы "Не үшін өмір сүрдім?'" деп қиналады, сұрағына
жауап таба алмай аласұрады, ғылыми-философиялық тілмен айтсақ,
гиперрефлексияға ұшырайды. Өзінің бұл жағдайын жазушы өте дәл суреттейді:
"...сұрақтарға жауап бере алмай, қор болдым. Өмірім тоқтады. Мен дем ала
алмадым, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz