Орыстың дiни философиясы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Орыстың дiни философиясы
Дiни философия – коммунистiк идеологияның үстемдiгi жағдайындағы
кеңестiк философияда бiржақты түсiндiрiлiп келген XX ғасырдың басындағы
орыс мәдениетiнiң аса маңызды бөлiгi.
Философияның мiндетi барынша кең, ал оларды шешу қабiлеттерi адамда
сонша тар дамыған, философия бүгiнгi күндерi математика немесе физика
сияқты ғылымдармен салыстырғанда төменгi деңгейде дамыған. Мұны философия
тарихындағы бiр-бiрiне қарама-қарсы көптеген философиялық мектептердiң бар
екендiгi туралы дәлел айғақтайды. Бүгiнгi күндерi әртүрлi мектептер мен
бағыттар жалпы мақсатқа – ақиқатқа жету барысында өзара түпкi келiсiмдерiн
табуға тырысады. Орыстың дiни философиясының да ақиқатты өзiндiк түсiнуi
мен оған деген өз жолы болды.
Арнайы ғылымдармен салыстырғанда, яғни әлемнiң әртүрлi қырымен
айналысатын жекелеген ғылымдармен салыстырғанда философияда әртүрлi
халықтардың мүдделерi өзiнiң таңбасын қалдырады.
Сондықтан да немiс, француз, ағылшын, американ және орыс философтарының
ұлттық ерекшелiктерi туралы айтуға болады. Әртүрлi елдердегi философиялық
мектептердiң арасындағы айырмашылықтар зерттеу пәнiн арнайы таңдауға,
философиялық ой-толғауға деген қабiлетiне, тәжiрибенiң әр алуан түрлерiне,
саналы, сезiмдiк немесе дiни және т.б. бағынышты болады.
Ресейде қазан төңкерiсiне дейiн философияның барлық салаларында –
гносеологияда, логикада, этикада, эстетикада және философия тарихында
зерттеулер жүргiзiлдi. Онан кейiнiрек те орыс философтары этика
мәселелерiмен ерекше айналысты.
XX ғасырдың бас кезiндегi қоғамдық-саяси ойдың ең басты бағыттарының
бiрi дiни философия болды. Бұл бағыттың өкiлдерi – Николай Бердяевтiң,
Сергей Булгаковтың, Павел Флоренскийдiң және т.б. ойшылдардың есiмi әлемге
белгiлi болды. Олардың шығармашылығына  XIX ғасырдағы орыс философиясының
дәстүрлерiмен қатар (славянофилдерден бастап Ф.Достоевский мен
Вл.Соловьевқа дейiн), әртүрлi  мистикалық және пессимистiк көңiл-күйлерге
толы сол дәуiрдiң өзi де үлкен ықпалын тигiздi.
Орыстың дiни философиясында сыртқы әлемнiң танымдылығы туралы көзқарас
кеңiнен таралған. Бұл көзқарас өзiнiң шеткi формасында, дәлiрек айтқанда
объекттi сол күйiнде интуитивтi тiкелей пайымдау iлiмi формасында көрiнедi.
Гносеологиядағы интуитивизмнiң әр түрлi формаларын В.Соловьев,
кн.С.Трубецкой, кн.Е.Трубецкой, Л.Лосский, П.Флоренский, С.Франк,
Е.Бабунин, Ф.Бережков, А.Огнев, А.Козлов (құдайды түсiну туралы iлiмiнде),
В.Эрн, А.Лосев, Д.Болдырев, С.Левицкий, И.Ильин және Л.Карсавин өз
еңбектерiнде қарастырады.
Канттың гносеологиялық идеализмiмен салыстырғанда орыс интуитивизмi
гносеологиялық реализмнiң формасы болып табылады. Бұл мысалы мынадай
айғақтан көрiнедi. Ағайынды Трубецкойлар сияқты орыс философиясының
өкiлдерi сезiмдiк мәлiметтер – бұл бақылаушының субъективтi психикалық
жағдайы деген iлiмнен бас тартып, оларды транссубъективтi сипатта деп
санауымен батыс философиясына үлкен ықпал еттi. Бұл реализмнiң тағы бiр
көрiнiсi орыс философтарының мистикалық интуицияға деген сенiмiнен
байқалады.
Киреевский мен Хомяковтың жарияланған бүтiн таным идеясы, яғни
органикалық барлығын қамтитын тұтастық ретiндегi таным идеясы көптеген
орыстың дiншiл ойшылдары арасында қолдау тапты.
Киреевский және Хомяков бүтiн ақиқат тек бүтiн адамға ғана ашылады деп
айтты. Тек өзiнiң барлық рухани күштерiн – сезiмдiк тәжiрибе, рационалды
ойлау, эстетикалық перцепция, адамгершiлiк тәжiрибе және дiни парасатты, -
бүтiн бiр тұтастыққа жинағанда ғана, адам әлемнiң нағыз болмысын түсiне
бастайды және Құдай туралы жоғары рационалды ақиқатты игередi. Дәл осы
бүтiндiк тәжiрибе көптеген   орыс  ойшылдарының - кн.С.Трубецкойдың,
кн.Е.Трубецкойдың, П.Флоренскийдiң, С.Булгаковтың, Н.Бердяевтiң,
Н.Лосскийдiң, С.Франктiң, Л.Карсавиннiң, А.Лосевтiң, И.Ильиннiң және т.б.
шығармашылық қызметiнiң негiзiн құрады.
Орыстың дiни философиясындағы бүтiндiк танымға ұмтылу мен нақтылықты
терең сезiну сезiмдiк тәжiрибенiң барлық әралуандылығымен қатар, болмыстың
құрылысына терең енуге мүмкiндiк беретiн тылсымдық тәжiрибеге де сенумен
тығыз үйлеседi. Орыстың дiншiл философтары жоғары құндылықтарды бiзге ашып
беретiн адамгершiлiк және эстетикалық тәжiрибелерге, интеллектуалдық
интуицияға сенумен қатар, ең алдымен адамның Құдаймен және оның
патшалығымен байланыс орнатуға мүмкiндiк беретiн мистикалық дiни тәжiрибеге
де сенедi.
Орыс философтарының пiкiрiнше, философияның басты мiндетi тәжiрибенiң
барлық алуан түрiне сүйенетiн бүтiн тұтастық ретiндегi әлем туралы теорияны
жасап шығару болып табылады. Бұл мәселенi шешуде дiни тәжiрибе бiзге ең
маңызды мәлiметтердi бере алады. Тек соның арқасында ғана бiз өзiмiздiң
дүниетанымымызды барынша толықтырып, ғаламдық өмiр сүрудiң құпия мәнiн аша
аламыз. Бұл тәжiрибенi назарға алған философия, мiндеттi түрде дiни
философияға айналады. Христиан дiнi дiни тәжiрибе саласындағы ең жоғарғы
және ең толық жетiстiктерiмен ерекшеленедi.
Жоғарыда ескертiлгендей, орыстың философиялық ойының басты
ерекшелiктерiнiң бiрi – бұл Киев Русi дәуiрiнен-ақ басталған
хористиандандыру процесiмен тығыз байланысты оның дiни сипаттағы бағыты.
Онан ары қарай бұл „Москва - үшiншi Рим” теориясында дами түстi. Бұл дiни
бағыт орыстың дiни мессиандық идеясында, орыс патшалығы мен халқының ерекше
миссиясы - „Қасиеттi Русь” идеясында айқын көрiнедi. XIX ғасыр мен XX
ғасырдың басында орыс философиясындағы бұл дiни мотивтер қалыптасып
үлгерген „Орыс идеясынан” аңғарылады. Сонымен қатар бұл дiни мотив
Чаадаевтың көзқарастарын, провиденциализм принциптерiне негiзделген оның
тарих философиясын басшылыққа алған славянофильдер философиясының бүкiл өн
бойын алып жатыр. Чаадаев бойынша қоғамдық дамудың анықтаушы факторы
„Құдайдың көрiпкелдiлiгi” болып табылады. Тарихтың негiзiнде жатқан
Құдайдың еркi христиандықта өзiнiң барлық  бiтiмiмен көрiнедi. Сонымен
орыстың дiни дәстүрi  кездейсоқ емес, Ресейдiң ерекше тарихи дамуының
нәтижесiнде қалыптасты.
Ресейдiң төлтумалылығы, өз дамуы барысында оның Батыс Европадан түбiрлi
айырмашылығы үшiн күрескен славянофильдер Ресейдi христиандықтың, ең
алдымен православиенiң аясында көрдi. Славянофильдердiң идеялық жетекшiсi
А.С.Хомяков „Қасиеттi Русь” идеологиясын қайта қалпына келтiруге шақыра
отырып, мәңгi бастау ретiнде правоославиенi бекiтудi ұсынды. Хомяковтың
философиялық көзқарастарына қайта орала отырып, ол үшiн шiркеу „бастапқы
нақтылық” болғандығын ескерте кетейiк. Барлық славянофильдер де осы тұрғыда
пайымдады, сондықтан олардың көзқарастарында дiни идея алдыңғы орынға
шығады.
XIX ғасырдың 60-70 жылдары славянофильдердiң iлiмiн жалғастырған
түбiршiлдер болды. Олардың философиялық iзденiстерiнiң басты идеясы -
„ұлттық түбiр” Ресей дамуының негiзi. Барлық түбiршiлдердi олардың
дүниетанымының дiни сипаты бiрiктiрдi. „Ұлттық түбiр” ретiнде
православиенiң идеалдары мен құндылықтары алынды. Бұл бағыттың негiзгi
өкiлдерi – А.А.Григорьев, Н.Н.Страхов, Ф.М.Достоевскийлер болды.
Түбiршiлдер арасындағы ең көрнектi ойшылдың бiрi Ф.М.Достоевский (1821-
1881) болды. Ол философ болмағанымен, таза философиялық шығармалар
жазбағанымен, оның философиясы – бұл оның қалыптастырған әдеби
кейiпкерлерiнiң ойы және қылықтары. Оның шығармаларының философиялық
екендiгi сонша, тiптi әдеби-көркем жанрдың шеңберiнен тысқа шығып кетедi.
Ол шығармаларында адамның тағдыры мен мәнiнiң әлем және Құдаймен терең
байланыстылығы туралы идеясын көтередi. Достоевский бойынша еркiндiктiң
„шынайы жолы” – бұл Құдай-адамға жеткiзетiн  жол, Құдайдың жолымен жүру. Ол
үшiн Құдай адамгершiлiктiң барлық кепiлiнiң негiзi болып табылады.
Достоевскийдi үрейлендiретiн нәрсе – бiр нәрестенiң болса да көз жасына
құрылған әлем мен адамдар әрекетiн жарқын болашақтың атымен ақтап алуға
бола ма деген мәселе. Оның жауабы дайын – ешқандай да жоғары мақсат бейкүнә
сәбидiң қайғысы мен зорлықты ақтай алмайды. Бұл жолмен Құдай мен Әлемдi
келiсiмге келтiру мүмкiн емес. Достоевскийдiң ойынша, Ресейдiң жоғары
ұлттық миссиясы халықтарды христиандық тұрғыда бiрiктiру болып табылады.
Ресейде Достоевский дiни философияның бүкiл кейiнгi дамуына үлкен
ықпалын тигiздi. Оның көзқарастары Батыста экзистенциализмнiң, яғни
әлемдегi адамның өмiр сүруiн негiзгi мәселе ретiнде қарастыратын
философияның қайнар көзiнiң бiрiн құрады.
XIX ғасырдың соңы мен XX  ғасырдың бiрiншi жартысындағы орыстың дiни
философиясы философиялық жүйелердiң қалыптасуымен байланысты болды. Бұл
дәуiрдiң ойшылдарына М.Ф.Федоровты, Б.Н.Чичериндi, М.О.Лосскийдi жатқызуға
болады. Бұл дәуiр философиясының сипаттамалық ерекшелiктерi оның гуманизмi
және дiни сипаты болды. Бұл кезеңнiң тағы бiр ерекшелiгi – жаратылыстың
дамуымен байланыс және орыс космизмiнiң пайда болуы. Космизм екi бағытқа
бөлiнедi: мистикалық (Н.Ф.Федоров, Б.С.Соловьев, П.А.Флоренский) және
ғылыми (К.Э.Циолковский, В.И.Вернадский).
Мистикалық бағытта ең алдымен В.С.Соловьевтi бөлiп атауға болады.
В.С.Соловьев (1853-1900) дiни орыс философиясының, бiлiмнiң бiртұтастығы
мен бүтiндiгi туралы идеяның негiзiн қалаушы, көрнектi орыстың христиандық
философы. В.С.Соловьевтiң философиясы дiни философиялық дәстүрдiң бүкiл
рухы мен кейпiн бiлдiредi. Көптеген iрi философтар өздерiн В.С.Соловьевтiң
iзбасарлары ретiнде санайды. Соловьевтiң дәуiрiне Трубецкойдың
шығармашылығы, Флоренский мен Бердяевтiң ерте шығармашылығын жатқызуға
болады.
В.С.Соловьев адамның дiни және әлеуметтiк өмiрiнiң сұраныстарын
бiртұтастыққа байланыстыратын бүтiндей дүниетанымдық жүйенi құруға
тырысты.  Соловьевтiң ойы бойынша мұндай дүниетанымның негiзi христиандық
болып табылады. Соловьевқа дейiнгi және кейiнгi дiни ойшылдар да бұл идеяны
айтқанымен, бұл дүниетанымның  негiзi ретiнде тек бiр христиандық
концессияны ғана (православие, католицизм немесе протестантизм) қалап алды.
Соловьев тәсiлiнiң ерекшелiгi, ол барлық христиандық концессияларды
бiрiктiрудi жақтады. Сондықтан оның iлiмi тар бағытта емес, концессия
аралық сипат алды. Соловьевтiң тағы бiр маңызды ерекшелiгi оның христиандық
дүниетанымға жаратылыстанудың соңғы жаңа жетiстiктерiн енгiзiп, ғылым мен
дiндi синтездеуге ұмытылуымен сипатталады.
Соловьев философиясының негiзгi идеясы – жалпы тұтастық идеясы. Бұл
идеяны дайындауда славянофилдердiң соборшылдық идеясына сүйенгенмен, оған
жалпы қамтушы, ғарыштық мағына бередi. Болмыстың төменгi және жоғарғы
деңгейлерi өзара байланысты, өйткенi төменгi үнемi жоғарыға тартылып
отырса, ал әрбiр жоғары өзiне төменгiнi „енгiзедi”. Соловьевте жалпы
тұтастық, „құдайдың қасиеттi Үштiгi барлық құдiреттi жаратылыстармен, оның
iшiнде ең бастысы адаммен байланысты” деген тұжырымынан көрiнедi. Жалпы
тұтастықтың негiзгi принципi: „құдайда барлығы бiртұтас”. Жалпы тұтастық–
бұл ең алдымен жаратушы мен жаратылыстың тұтастығы.
Қоршаған әлем тек бiр құдiреттi суреткердiң шығармашылық еркiнен
туындайтын жетiлген туынды ретiнде қарастырыла алмайды. Құдайды дұрыс
түсiну үшiн оның абсолюттiк мәнiн ұғыну аз, сонымен қатар оның iшкi
қайшылығын да қабылдау қажет. „Барлығы болу үшiн абсолюттiк көп нәрсенi
талап етедi”. Бұл қоршаған әлем туралы Соловьевтiң пiкiрi.
Соловьев болмыстың диалектикалық тәсiлiн қолдады. Оның пiкiрiнше
нақтылықты қатып қалған формасында қарастыруға болмайды. Барлық тiршiлiктiң
ең жалпы белгiсi өзгерiстердiң алмасуымен сипатталады. Болмыстың үздiксiз
динамикасын негiздеу үшiн ол белсендi идеялармен қатар әлемдегi барлық
өзгерiстердiң субъектi түрiнде көрiнетiн әлемдiк жан деген белсендi
бастауды енгiзедi. Бiрақ ол өз алдына дербес әрекет етпейдi, бұл әрекет
құдайдың құдiретiн керек етедi. Бұл құдiрет құдайдың әлемдiк жанға, оның
барлық әрекетiн анықтаушы форма ретiндегi жалпы тұтастық идеясын беруiнен
көрiнедi.
Соловьев жүйесiндегi бұл мәңгiлiк идеясы София – даналық атауын алды.
София - Соловьев жүйесiндегi негiзгi ұғым.  Сондықтан оның iлiмi софиология
деп аталады. София ұғымын енгiзгенде  Соловьев бұл әлемнiң тек құдайдың
ғана жаратылысы емес екендiгiн айтқысы келедi. Әлемнiң негiзi мен мәнi
құдайға, әлемге және адамға жалпылық беретiн жаратушы мен жаратылыс арасын
байланыстырушы звено ретiнде қарастырылатын „Әлемдiк жан” – София болып
табылады.
Құдайдың, әлемнiң және адамның жақындасу тетiгi Совольевтiң
философиялық iлiмiнде құдайадам концепциясы арқылы ашылады. Құдайадамның
нақты және толысқан үлгiсi ретiнде христиандық догмат бойынша әрi толық
адам болып саналатын Иисус Христос болып табылады. Оның бейнесi әрбiр
индивидтiң ұмытылуы тиiс идеалы ғана емес, бүкiл тарихи процесс дамуының
жоғарғы мақсаты болып табылады.
Совольевтiң тарихы, Софиясы осы мақсатқа негiзделедi. Бүкiл тарихи
процестiң мақсаты мен мәнi адамзаттың рухтануы, адам мен құдайдың бiрiгуi,
құдайадамның кейпiне ену болып табылады.
Совольевтiң  ойынша тек Иисус Христос бейнесiндегi құдiреттiлiк пен
адамзаттылықтың бiрiгуi, яғни „құдiреттi сөз” арқылы бiрiгу жеткiлiксiз.
Бұл бiрiгу практикалық тұрғыда, онда да тек жекелеген адамдарда
(„әулиелерде”) ғана емес, бүкiл адамзаттық деңгейде жүзеге асуы тиiс.
Құдайадамға алып баратын жолдағы бастапқы алғышарт христиандыққа бет бұру,
яғни христиан дiнiн қабылдау. Құдайдың шапағатына ие болмаған адамдар
қараңғы күш ретiнде сипатталады. Христос адамға жалпы моральдық
құндылықтарды ашып бердi, адамгершiлiктi жетiлдiруге жағдай жасап бердi.
Христос iлiмiне құлақ түре отырып, адам өз бойында киелi рухты сезiнедi.
Бұл процесс адамзат өмiрiнiң барлық кезеңдерiн қамтиды. Адамзатты
бiрiктiрушi бастау ретiнде құдай адам кейпiне енген кезде бейбiтшiлiк пен
әдiлеттiлiк, ақиқат пен жақсылық салтанат құрады.
Соловьевте адамгершiлiк философиясы сүйiспеншiлiк философиясына көшедi.
Жоғары сүйiспеншiлiкпен салыстырғанда барлығы төменгi деңгейде, сондықтан
тек сүйiспеншiлiк қана мәңгiлiктi қажет етедi. Құдiреттi сүйiспеншiлiк
арқылы жеке индивидуалдылық  бекiтiледi.
Құдiреттi әлем туралы Совольевтiң ойы мынадай: киелi құдiреттi әлем –
бұл ең нағыз нақты әлем, бұл әлем бүкiл дүниенiң ұмытылатын идеалды
тұтастығы. Құдаймен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыс философиясының ерекшеліктері
Орыстың діни философиясы
Орыс философиясы
Орыс философиялық ойларының типологиялық ерекшеліктері
Орыстың діни философиясының ерекшелігі
Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері
Діни орыс философиясы
Орыс философиялық ойлары
Батысшылдық бағыт.Славянофильдік бағыт
Орыс философиясының кезеңдері мен бағыттары
Пәндер