Ағартушылар философиясының қалыптасу ерекшеліктері
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Ағартушылар философиясының қалыптасу ерекшеліктері 3
Қазақ ағартушылары 6
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер 21
Кіріспе
Ресейге қосылу нәтижесінде белгілі бір дәрежеде Қазақстанда өндіргіш
күштер мен халық ағарту ісін ұйымдастыру және басқаруда ілгерілеу байқалды.
Аймақтың халықтары тағдырында осы бетбұрысты байыптап ұғынуға деген
қоғамдық қажеттілік туды. Ол қажеттілік XIX ғасырдың екінші жартысында
пайда болған және қоғамдық сапа дамуында жетекші рөл атқарған ағартушылық-
демократиялық ой түрінде көрініс береді. Қазақстанда ағартушылық-
демократиялық ойдың мәнін түсіну үшін мынадай методикалық және теориялық
қағидаларды ескеруіміз қажет: біріншіден, қарастырылып отырған ағартушылық
идеология нақты тарихи шындық болып табылады. Ресейге қосылу, оның
мәдениетімен кең танысу және сол арқылы еуропалық өркениеттен сусындау —
Ресейге бодан кезеңінің нәтижесі болып табылғанымен, қазақ ағартушылығы
дүние жүзілік ағартушылық ойдан оқшауланбай, керісінше, онымен
ортақтастықта XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы
жалпыресейлік қозғалыстың ықпалы тиген дербес құбылыс ретінде дамыды.
Сондықтан Қазақстан ағартушылық идеологиясын оқып үйренуде жалпы
ағартушылық құбылысқа тән белгілермен қатар оны тудырған мәдени-әлеуметтік
орта ерекшелігіне де баса назар аудару қажет. Екіншіден, осы ағартушылық
идеологияның басты ерекшелігі оның азатыққа, бостандық пен теңдікке ұмтылыс
ниетіндегі Кеңес өкіметіне дейін және сол өкімет тұсында өз мәнін жоймаған
негізгі идеялық бағыт ретінде сақталуында (М. Дулатов - Оян қазақ!, М.
Жұмабаев - Тәңір, Мен кім, Тез барам т.б., А. Байтұрсынов — Қазақ
өкпесі. Тәні саудың жаны сау, Қазақша оқу жайынан, Ә. Бөкейханов, Ш.
Құдайбердиев, М. Шоқаев, Ж. Аймауытов т.б.).
Ағартушылар философиясының қалыптасу ерекшеліктері
Патша өкіметі мен сталиндік репрессия зардабын басынан өткізіп, әділет
пен шындық жолында халқының мұң-мұқтажын жоқтаған қазақ зиялыларының
халықты оянуға, білімге, оқу-ағартуға үндеген еңбектері халық бостандығы
мен теңдігі жолындағы күреспен тығыз байланысты болды. Үшіншіден, қазақ
ағартушылығы күрделі де қайшылыққа толы эволюциялық даму сатысынан өтті. Ол
даму реакциялық идеялық бағыттармен күреске толы болды. XIX ғасырдың екінші
жартысы XX ғасыр бас кезеңінің он бойында ағартушы демократтар исламның
феодалды-клерикалды идеологиясымен және әр түрлі діни-мистикалық
бағыттармен арпалысты. Қоғамдық-саяси өмірдің маңызды бағыттары мен
ілімдері де жеткілікті болатын. Оларға XIX ғасырдың орта тұсында пайда
болған дәстүрлі-консервативті шаманизм бағытын, XIX ғасырдың аяғындағы діни-
реформаторлық жадидизмді, Ресейдің мұсылман халықтары арасындағы
панисламизм мен пантюркизм ілімдерін жатқызуға болады. Қарастырып отырған
рухани құбылыстың ролі мен мәні реалды идеялық күрес аясында
көрінетіндіктен, орныққан реакциялық бағыттар мен ілімдер табиғатын жете
ұғыну қажет. Төртіншіден, Қазақстандағы ағартушылық ойдың қалыптасуына XIX
ғасырдың 40—60 жылдарындағы орыс ағартушыларының, әсіресе, революциялық
демократизмнің ықпалы қатты әсер етті. Орыс революционер-демократтарының
идеалдары Қазақстан ағартушы-демократтарының жанына жақын келді. Олардың
кейбірі (Уәлиханов, Абай, Алтынсарин) Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.
Добролюбовтың, А.И. Герценнің, В.Г.Белинскийдің еңбектерімен, ал кейбірі
(Уәлиханов, Абай) авторларымен таныс болатын. Революциялық демократизмді
практикалық іс-әрекетке жетекші етіп, идеялық бағдарға ала отырса да, нақты
тарихи жағдайда халық бұқарасының екіжақты - әлеуметтік және ұлттық
қанаушылық пенп жалпы аймақтық артта қалушылық себептеріне байланысты
Қазақстан ойшыл-демократтары тұтас алғанда типтік ағартушылық позицияны
ұстады. Яғни белгілі қоғамдық топқа, дәлірек, шаруаларға бағытталып,
қоғамдық прогресті саны басым топтың мүддесі үшін күреспен байланыстырған
революцияшыл-демократтарға қарағанда Қазақстан демократтары XVIII ғасырдағы
Еуропа демократтары секілді ешбір тап пен сословиені бөле-жармай, жалпы
ұлттың атынан сөйледі. Бұл, бір жағынан, белгілі бір кезеңде белгілі бір
аймақтың қоғамдық катынастарының пісіп-жетілгенін аңғартса, екіншіден,
осындай ерекше жағдайда (жалпы артта қалушылық, жаппай сауатсыздық,
отаршылдық қанау) жалпы халықтық прогресс идеясы өте актуальды болғанын
және оның аса маңызды қоғамдық қажеттілікті бейнелегенін көрсетеді.
Бесіншіден, Қазақстан ойшыл-демократтары ағартушылық по-зицияда қалғанмен,
аңсаған қоғамды төңкеріс жолымен орнату әдістерін де қарастырған. Әйтсе де
барлығы еркін, азат қоғам құрудың бейбіт жолын таңдады: жоғарғылардың
реформасы көмегімен немесе әділ, таза білім мен басқару және ағарту,
ғылым-білім арқылы өз халқының көзін ашып, көңілін оятып, өздерін-өздеріне
танытып, ескіліктен, езгіден арылтпақ болды. Бұдан тарихи құрылымы мен
қоғамдық күштердің жіктелуі әлдеқайда орыс революционер-демократтары
секілді төңкеріс жолын қуаттан, оған бірден-бір шешуші әдіс, айқын жол деп
шақырмауын кемшілікке жатқызу орынсыз болар еді. Керісінше, рух пен тән
арасындағы, жалпы Аспан астындағы үйлесімділікті іздеп, ол жолда бойды
сезімге емес, ақылға жеңдіртіп мәселенің шетің мен шегіне ауытқымай асыл
ортасын ұстануды үйрететін дана Шығыс философиясы көрінісін аңғарғандаймыз.
Алтыншыдан, тоқырау құнарсыздық, артта қалушылық, дәстүршілдік
ұғымдары жалпы Шығыс мәдениетінің мәңгі-бақи арылмайтын атрибуттары деген
сияқты абстрактылы және табиғатынан ғылымға, тарихи объективтілікке сай
келмейтін тұжырымдама, бірыңғай, іттей біркелкі Шығыс феноменінен түбегейлі
айырмашылығы бар Батыс феноменін мойындау, екіншіден, тоқырау, артта
қалу құбылыстарын метафизикалық абсолюттендіру оларды тек Шығысқа
имманентті деген түсінікке негізделген. Дұрысында, қай халықтың болмасын
мәдениеті дамуының кейбір кезеңіндегі тоқырау, құлдырау құбылыстары адамзат
дамуы тарихи жалпы диалектикасының белгілі кезеңі ретінде қарастырыуы тиіс.
Өйткені ол өзгеріс бола қалғанда өз қарама-қарсылығы өрлеу, өркендеу,
дамуға көшетін нақты тарихи жағдайлардың нәтижесі және отандас шығыстанушы
ғалымдардың зерттеулері Таяу және Орта Азия аймағының ежелгі заманнан
(біздің заманымызға дейінгі ІІ мың жылдықтан бастап) XII ғасырға дейін
барлық критерийлер бойынша Жалпы Шығыс пен Батыс мәдениетінен әлдеқайда
озық және жоғары тұрғанын көрсетеді. XIII ғасырдағы Шыңғыс хан
шапқыншылығынан кейін ғана даму қарқыны бәсеңдеп, XVI ғасырдан толық артта
қалу үдерісі белең алды. Жалпы алғанда, бүкіл Таяу және Орта Азия ежелгі
заман мен орта ғасырдың өн бойында көрсетілген дәуірлерде Шығыс пен Батыс
арасындағы экономикалық, саяси мәдени байланыстардың – бүкіләлемдік мәдени-
тарихи үдерістің орталық зонасына айналды. Яғни, қарастырылып отырған
аймақ әлемдік өркениеттің шалғай ауданы емес, керісінше, XV ғасырға дейін
Шығыс пен Батыстың ирандық, үнділік, сириялық, византиялық, грек-эллинистік
мәдени дәстүрлерімен тығыз байланыста дамығанын көреміз.
Демек Қазақстан мәдениетінің тоқырауы жөнінде сөз қылғанда, бұл ұғым
сол аймақ мәдениеті дамуының ән бойына емес, тек белгілі кезеңіне XV
ғасырдан XIX ғасырдың екінші жартысына дейінгі аралыққа қатысты алынатынын
жадымызда тұтуымыз қажет. Ресейге қосылу бұл аймақ халықтарына әлеуметтік-
экономикалық саладағы түпкі зардаптарын қозғамаса да, жалпы артта
қалушылықты жою, қоғамдық прогреске жету мүмкіндігін әперді деп айта
аламыз. Жетіншіден, Қазақстан ағартушы-демократтарына қоғамдық прогресс
жолындағы күресті француз немесе орыс ағартушылары сияқты феодализмнің
немесе крепостнойлық тәртіптің ыдырауы жағдайында емес, үзілмей жалғасып
келе жатқан патриархалды-феодалдық қатынас үстемдігі кезеңінде жүргізуге
тура келді. Осыған байланысты олардың көзқарастарында қоғамдық прогресс
идеялары ұлтаралық ынтымақ, достық, орыс халқы мәдениетінің жетістіктері
мен игі әсері жайлы ойлармен астасып жатады.
Қазақ ағартушылары
Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғыс-ұлы Уәлиханов (1835-
1865) демократтық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-
ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан
Уәлиханов өз бойында шын мәмнінде еуропалық білімділік пен Шығыс
халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа
ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды.
Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық
мәдениеті мен ғылым қайраткерлерінің маңызды рол атқарғанын атап өтуіміз
қажет. Шоқан В.Г. Белинскийдің, Н.Г. Чернышевскийдің, А.И. Герценнің, Н.А.
Добролюбовтың еңбектерін оқып-үйренді, олардың көзқарастары мен идеяларын
қуаттады.
Уәлиханов шығармашылығын 1) қалыптасу кезеңі (Петерборға барғанға
дейінгі уақыт, яғни 1855—1859 жылдар аралығы) және 2) кемелдену кезеңі
(1859-1865) деп екіге бөлуге болады. Петербордан басталатын қызықты да
мазмұнды соңғы кезеңі Шоқанның туған жерге қайтып оралғаннан - өмірінің
соңына дейінгі жылдарды қамтиды. Омбыда кадет корпусын бітірген Шоқан
өзінің 30 жылдық аз өмірінің ішінде этнография, Қазақстан және Орта Азия
тарихы мен мәдениеті саласында ұлы еңбектер қалдырған ғалым, ағартушы-
демократ, Ш. Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер
жазбаған, алайда барша шығармаларынан дерлік философиялық пікірлер мен
тұжырымдарды байқауға болады. Ол Қазақтардағы шамандықтың қалдығы,
Сахарадағы мұсылмандық жөнінде. Тәңір (құдай) деген еңбектерінде
философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Ең алдымен, Ш.
Уәлиханов сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек
келтірмейтіндігін айту керек. Қазақ жеріндегі шамандықтың орын алу себебін
түсіндіргенде сыртқы дүние - күн, ай, жұлдыздар және жер - алғашқы құдірет
болып табылады деп көрсетеді. Сонымен бірге шамандықтың шығу тегін мұқият
зерттеулерінен және басқа да еңбектерінен Шоқанның себептілік заңдылығын
құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі
байқалады. Мысалы, Тәңір (құдай) мақаласында қазақтардың малды қасиет
тұтатын ырымдары себебін халықтың күн көрісі малға байланысты екендігімен
түсіндіреді.
Сонымен, Шоқан сырқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның
объективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық
көзқараста болғанын көреміз. Қазіргі кезде философияның негізгі
мәселелерінің маңыздысы есебінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы
аталынады. Уәлиханов бұл мәселенің маңызды екенін сонау XIX ғасырдың орта
кезінде-ақ айтып кеткен. Қазақтардағы шамандықтың қалдығы деген еңбегінде
табиғат пен адам, өмір мен өлім әрқашан түпсіз сырға толы ғажайып таңдану
пәні болды деп көрсетеді. Ғажайып әлемді, өмір мен өлім мәселесін, адамның
табиғатқа қатынасын танып білу қажеттілігін шамандықтан туды деп
тұжырымдайды. Бұдан Ш. Уәлихановтың адам мәселесіне, оның фәни дүниедегі
орнына, өлім мен өмір мәселесіне ерекше мән бергендігі көрініп тұр.
Шамандықтың шығуының бір себебі, табиғатқа құштар болу дейді. Екінші
ғажайып нәрсе – адам, адамның терең ойға және танып білуге ұмтылған рухы
деп көрсетеді. Яғни, адамның ішкі дүниесі, оның қоршаған дүниеге қатынасы
зерттеуді қажет ететін мәселе есебінде қаралды.
Шоқан діннің, әсіресе, қазақ даласында татар және Бұхара молдалары
таратып жүрген діни қағидалардың халыққа тигізіп жүрген зияндығын баса
айтады. Қазақ жұртына бұл молдалардың айтып жүрген уағыздары „ой мен
сезімнің дамуын тежейтін өлі стохастикадан басқа ештеңе әкелмейді” деп
көрсетеді. Кейбір ислам дінін жақтаушылардың Мұхаммед ілімін тазартуға
болады деген пікіріне қарсы шығып, онда ешқандай реформа болуы мүмкін емес
дейді.
Шоқанның прогресті халықтың материалды тұрмыс жағдайының жақсартуымен
тікелей байланыстыруы қоғамды дұрыс философиялық тұрғыдан түсінудің бірден-
бір белгісі деумізге болады. Сонымен бірге Ш. Уәлиханов қоғамның
топқа, жікке бөлінетіндігін, үстем топтың мүддесі қалың бұқараның мұң-
мұқтажына қайшы келетіндігін атап көрсетеді.
Ерекше назар аударарлық нәрсе - Шоқанның демократтық көзқарастары.
Мысалы, Сот реформасы жөніндегі жазбалар атты еңбегінде патша үкіметі
тағайындаған соттан қазақ даласында әзірше табиғи түрде сұрыпталатын билер
артық деген қорытындыға келді. Себебі, би болу үшін ол адам әділдігімен,
шешендігімен көзге тусуі керек. Егер әділ болмаса оған ешкім билік
айтқызуға келмей қояды, ал патша үкіметі сайлаған сот билігі шектелер
уақытқа шейін сот міндетін атқаратын болады, оның іс-әрекетінде немкетерлік
пен мансапқорлық жайлап, әділетсіз, парақор болатынын дәлелдейді. Халық
дұрыс даму үшін алдымен оған қажет нәрселер — өзіндік даму, өзін-өзі
қорғау, өзін-өзі басқару және өз соты болуы шарт. Осы өзгерістер енгізіліп
және сақталып қалу үшін реформалар халықтың материалдық мұқтажына сәйкес
және ұлттық сипатына бейім болуы да керек деген пікір айтады. Уәлихановтың
ойынша, дерексіз теорияларға негізделген немесе басқа елдің өмірінен
алынған реформалар күшінен енгізілсе халыққа орасан зиянын тигізеді.
Сонымен бірге Шоқан халық өзімен ғана тұйықталып, жекеленіп өмір сүруі
керек деген ойдан аулақ. Керісінше, еуропалық, жалпы адамзаттық мәдениетті
меңгеру қай елдің болмасын алдына қоятын мақсаты болуы керек деген ойды
қолдайды. Әрине, еуропалық мәдениетті меңгеру үшін қазақ халқы ағарту
мәселесін іске асыруы қажет. Бұл ретте қазақ жұрты үшін орыс мәденитінің
маңызын Шоқан ерекше жоғары бағалады. Осы себептен де көптеген
мақалаларында қазақ даласында орыс мектептерін ашуды, басқада білім
ошақтарын көбейтуді кеңес етеді. Қазақ жеріне дәрігерлік жағдай мен
жәрдемнің төзімсіз екендігіне қинала көңіл аударады. Алғашқы кезде осы
қиыншылықтардың бәрін патша үкіметі шеше алады деп сенді. Ресейдің
мәдениетті көтермелемек тәсіліне үлкен үміт артады. Шоқан Ресейдің оқу
орнын бітіріп, Еуропадағы ғылыми жетістіктерді жақсы меңгерсе де, өз
халқынан ажырамады, халқының мұңын, әсіресе, қалың бұқараның жоғын жоқтады.
Г.Н. Потанин Еуропаға құштарлық Шоқанды өз халқынан ажырата алмады,
керісінше, ол тәрбиеленген еуропалық рух өз елінің қызметшісі болуын
міндеттеді деп жазды.
Ресей үкіметінен нәтижелі істер күткен Шоқан бірте-бірте үмітін үзе
бастайды. Әсіресе, генерал Черняевтің жорығына қатысқан ол орыс
әскерлерінің отаршылдық өзбыр істеріне наразылық білдіріп, қызметтен шығып
ел ішіне кетеді. Н.М. Ядринцев Шоқан туралы естелігінде: бұратана халықтың
өкілі өркениет нәрін татып, білім алса да, бөтен мәдениет халқының ырқын
ығыстырғанын көзімен көргенде, бір жақты ықпалдың болашағына сенбей, өз
жұртына оралуды жөн көрді дейді. Қоғамды ұйымдастырудың жолдары мен
әдістерінде Ш.Уәлиханов әкімшілік жолмен жасалатын реформаға шешуші мәселе
деп қарады. Сондықтан отаршыл үкімет орындарына бірнеше рет ұсыныстармен
барып та жүрді.
Н.Г. Чернышевскийдің Философиядағы антропологиялық принцип атты
Батыс Еуропа экономистерінің, оның ішінде Ст. Милльдің идеяларын
қарастыратын еңбегінде автордың реформа мәселелеріне көзқарастарын қолдауы
көңіл аударарлық. Уәлиханов соңғысының жұмыстарымен де жақсы таныс болған.
Чернышевскийдің ойын дамыта отырып, реформада қарастырылған әлеуметтік
қауымдастықтың тұрмыстық, ұлттық, тектік, топтық психологиялық және салт-
дәстүр ерекшеліктері ескерілуі тиіс еді дейді.
Революцияшыл демократтар реформа мәнін теріске шығармағанымен, алдыңғы
қатарға революциялық күрес жолын қойса, Уәлиханов типтік ағартушылықты
ұстанып, халық бұқарасының өмірін мматериалды және рухани жағынан жақсарту
көзі реформа деп білді. Қоғамдық прогрестің бірінші шарты ағарту мен ғылым,
білімді таратуда, содан соң реформа жүргізуде деп түсінді. Уәлиханов жалпы
әлеуметтік бақытсыздық себебін жаппай сауатсыздықтан іздеді. Әділетті
басшы идеясын жақтады. Мәдениет дәрежесінің экономикаға тәуелділігі жайлы
айтылған жеке ойлары болғанымен, жалпы алғанда ағартушылық позицияны
ұстанды. Бірінші кезекте қалың бұқараның надандығы мен қараңғылығын жою
қажет. Олай болмаған жағдайда жүргізіліп жатқан экономикалық, әкімшілік
және сот реформаларының мәнін бұқара түсінбеуі мүмкін. Ал түпкі мақсат —
әлеуметтік теңсіздік пен ұлттық қанаудан арылған еркін, тәуелсіз қоғам
құру.
Уәлиханов мәңгілік, шексіздік идеяларын негіздеді, дамытты. Дін
түрлерінің ішінде буддизмді нағыз гуманды ілім деп бағалады. Жалпы
алғанда, Уәлиханов дүниетанымы, оның шығармашылық мұрасы мен практикалық іс-
әрекеті Орта Азия мен Қазақстанның рухани қалыптасуы жолындағы биік белес
болып табылалы.
Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл және жазушы
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Ыбырай дүниетанымдық қалыптасуына туған ел,
халық ауыз әдебиеті, озық орыс әдебиеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері
елеулі әсерін тигізді. Уәлиханов секілді Алтынсарин да өз халқының артта
қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылықта деп сенді және
Қазақстандағы халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене
араласты.
Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған,
дегенмен, ағарту және қоғам мәселелерін талдауға арналған шығармаларында
дүниетанымдық ерекше пікірлер қалыптастырған. Ыбырайдың көптеген өлеңдері
мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір
сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. Жаз, Өзен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz