Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология
Аксиология (гр axia - құндылық және logos- ілім) - құндылықты зерттеу
ілімі және олардың нақты әлеммен қатынасы. Құндылық түсінігі алғашқы рет
Канттың философиясында пайда болды. Ол үшін құндылық өзінше болмыс
болмайды, құндылықтың алғышартты болмыс пен міндеттенуді ажырату болады.
ХІХ–ХХ ғасыр философиясындағы ағымдар адамның жоғарғы рухани қабілетін ерік
деп, құндылық мәселесін әлеуметтен тыс феномен ретінде қарайды. Объективті-
идеалистік философия ағымдары, неотомизм, интуитивизм құндылықты кеңістік
пен уақыттан тыс тұрған о дүниелік нәрсе ретінде түсіндіреді. Логикалық
позитивизм құндылықты сананың құбылысы, адамның бағалайтын объектіге
субъективтік қатынасы деп санайды. Құндылықтың натуралистік теориясында
адамның табиғи қажеттіліктерінің немесе жалпы табиғат заңдарының көрінісі
ретінде таниды.
Құндылықтың маркстік ұғымы басқа философиялық ағымдардан принципті
түрде өзгеше. Ғылыми түсіндіруде құндылық мәселесі универсалдықтан арылған.
Бұл мәселенің астарында ғылыми жолмен шешілетін алуан түрлі философиялық
мәселелер жатыр. Шындығында табиғаттан тыс немесе таза табиғи қасиет
болмайды, құндылық өзінше ерекше әлеуметтік құбылыс. Табиғаттың адамнан тыс
ешқандай өзіндік құндылығы жоқ, ал бағалау болса қоғамға тән әлеуметтік
қатынасты білдіреді.
Құндылықты жалпыадамзаттық, ұлттық, әлеуметтік таптық, топтық және
адамдық деп ажыратуға болады, осыған байланысты олардың мән-мазмұны,
ауқымы, өзгешелігі әрқилы болып келеді. Оның әр қоғамда, әр халықта әртүрлі
болуы заңды. Себебі оларға табиғи және әлеуметтік орта, тарихи ерекше даму,
көрнекті тұлғалардың өсиеттері, діни көзқарастар, алдына қойған мақсаттары
т.б. әсер етеді. Құндылық өз тарапынан елдердің білімдерінің деңгейіне,
салалық бағытталуына, іздестіру тәсілдеріне, басқаларға жеткізу әдістеріне
көп әсерін тигізеді. Өмірдегі маңызы үлкен зат пен құбылыс терең зерттеліп,
оның әр күйі жекеленіп, арнайы атауға (сөз, термин) ие болады. Мысалы, түйе
малы көшпелі қазаққа өте құнды болды, сондықтан оны 20-30 шақты атаумен
нақтылайды, еуропа халықтары оның ұрғашы немесе еркегі екенін де ажырата
алмай ересек және бала түйе деген атаулармен шектеледі.
Құндылықтар тарихи дамып, заман талабына сәйкес өзгеріп отырады.
Құндылыққа тек материалдық нәрсе емес, рухани құбылыстар да жатады:
этикалық, эстетикалық принциптер мен нормалар, діни және ғылыми қағидалар
т.б. Қазіргі кезде барлық адамзат үшін ерекше бір құндылыққа техниканы
жатқызу қажеттілігі туды.
Шығыс елдері табиғатқа қатысты көзқарасына сай жаратылыстанудан гөрі
қоғамдық ғылымдарға көп көңіл бөліп, руханилыққа шақырып отырған.
Техника түсінігі гректің (techne) - өнер, шеберлік, іскерлік деген
сөзінен пайда болған. Антика заманында техника түсінігі адамның жасампаз
іскерлігі мен ішкі қабілетін, осы іскерліктің өзіндік заңдарын, сонымен
бірге адам әрекетінің жемісті болуындағы көмегін айтады.
Техниканың әлеуметтік мәні және сипаты:
- жеке еңбек қаруын техникаға жатқызуға болмайды,
- techne - антикада жерді өңдеу, аң аулау, теңізде жүзу, дәрігерлік,
тоқыма, қару жасау және театр өнерін айтады.
- техникалық білім өндіріс процесінде ой арқылы объектіні құрастырады,
проекті жасайды. Оны мақсатты орындаудағы құрал ретінде көру қажет.
Техниканың – даму барысын табиғаттың өзгерту мүмкіндігі бар. Бір
жағынан техника мен табиғат ұқсас қимылдайды, ал екінші жағынан ол
табиғатты адамның керегіне қарай өзгертеді.
XVII-XVIII ғ. ғылыми революция дәуірінде батыс европа елдеріндегі
өндірістегі өзгерістер, латын тіліндегі technica ars (өндірістегі өнер
әдісі) француз тіліне tehnigac содан кейін неміс тіліне technic болып
ауысты. Сөйтіп термин арнайы мамандық бола бастайды. Жаңа дәуірде ол
күрделі құралдардың бірлігін, әрекетін, өндірістегі шебер жасалуын, ең
алдымен еңбек қаруы және машина ретінде қарастырылды. Сондықтан бұл сөздің
түсінігінің мәні өзгереді.
Азық түлік, әртүрлі тұрмыстың, өндірістік заттар шығару үшін
механизмдерді ойлап табу мүмкіндігі пайда болды. Техника дамуының өзгеріс
нүктесі болып - бірінші двигатель (1776 ж), соңынан әмбебаптық двигатель-
электромотор (динамомашина-1867) - саналады. Қазіргі кезде техника
термині көп ретте оның классикалық түсінігіне байланысты. Ғылыми -
техникалық прогресс бұл түсінікті толықтырды және кеңейтті. Бүгінде техника
органикалық және органикалық емес табиғатқа әсерін тигізіп отыр.
Органикалық емес материяда - құрылыс техникасы, электротехника,
теплотехника, физико - химиялық техника, энергетикалық техника, органикалық
табиғат саласында ауыл шаруашылық, техника биотехнология т.б. пайда болды.
Сонымен бірге техникаға ойлау, айтысу өнерлері жатады: ес (мнемотехника),
сурет салу, музыка аспабында ойнау; техникасы т.б адамдарды, өндірісті,
мемлекетті басқару техникасы түсініктері кең түрде қолданыла бастады.
Сонымен, қазіргі замандағы техника түсінігі мынадай деуге болады:
- білім саласында эмпириялық пен теориялық білімді байланыстырушы жүйе
саласында көрінеді;
- адам әрекеті саласында: барлық құралдар мен іс-қимыл мүмкіндіктері және
қажеттігіне сәйкес табиғатты өзгерту және үстемдігін орнатудың амал-
тәсілдерінің жиынтығы;
- шеберлік пен дағдылықтың бірлігі, кәсіп ерекшелігіне байланысты
адамдардың әрекетінің түрі. Дағдылықты толық игеру, шұғылданатын ісінің
өнерлігі мен шеберлігі.
Қазіргі замандағы ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) кезінде адамдар өте
жоғары дәрежеде білімді болуы қажет. Автоматтандыру және кибернетизациялау
жұмысшылардың уақытын үнемдейді, шығармашылық күшін босатады, өндірістің
жаңа түрлері пайда болады.
Техника және ғылыми-техникалық прогресс адам ақыл-ойының зор табысы.
Осы табыстарға сүйене отырып өндіріш күштер дамыды, жаңа технолгиялық
процестерді қолданып еңбек өнімділігі артты.
Ғылыми Техникалық прогресс бір жағынан адамның өмір сүруі, тұрмыс
жағдайын жеңілдетсе, екінші жағынан оның биологиялық құрылысын, денсаулығын
бұзатын, дертке шалдықтыратын толып жатқан жаңа жағдайлар, іс-әрекеттер
туғызады. Ол адамдарға өте көп күш дарытқанымен бірге, үлкен таңдау-
баламалар да қойып отыр.
Қару-жарақтың көбеюі адамдар алдында соғыс пен бейбітшілік мәселесін
ашып қойды. Осы прогресс жер бетіндегі табиғи қорларды бұзып-жойып,
экологиялық мәселелерді туғызды.
Ғылыми Техникалық прогресс дамыған және даму жолында келе жатқан
мемлекеттердің ара жігін ажыратты. Бай мен кедей мемлекеттердің арасында
энергетика, азық - түлік, ағарту және т.б салаларында наразылық туғызды.
Бұл жаңа жағдайлар адамзат әлеміндегі ең күрделі мәселелерге айналды.
Ғылыми-техникалық прогресс, оның жетістіктері ең алдымен қоғамдық
өмірдің материалдық негізіне әсер етеді. Ғылымның өндірістегі рөлі барған
сайын өсудің нәтижесінде ол тікелей өндіруші күшке айналады. Ғылыми-
техникалық революциялар қуатты қозғаушы қызметтер атқарады. Мәселен, электр
энергиясының ашылуы, және оны игеру барлық заводтар мен фабрикаларды,
бүкіл транспортты негізінен қайта құруды қажет етті. Атом энергиясын
игеру, космосқа сапар шегу және осыған байланысты ғылымның өндіріске әсері
етуі күшейе түсетіні сөзсіз
Ғылымның күрделенуі, жедел дамуы адамның өмір сүруіне, табиғи қордың
тамамдалуына жеткізе бастады, адамзаттың өмір сүретін ортасы түзетуге
келмейтін қатерге тап болу мүмкіндігі көріне бастады.
Қазіргі адам санасы сиқырлы құмырадан босаған жын (джин) сияқты,
еркіндікке жеттім деп дүниені қопарып тастауға дайын. Соңында А.С.Пушкиннің
белгілі ертегісіндегідей тесік тегененің жанында жылап отырып қалмайық -
деген қорқынышты ойлар туғызады. Жынды басатын, тежейтін қоғамдық ,
мемлекеттік күш керек. Егер жынды желпіндіретін ашқарақ тойымсыз капитал,
соның құлы алаяқ, жемқор эгосит-пенде болса, тежеушісі - бірлікшіл,
қанағатшыл азаматтар, солардың жаңаша құрған билік жүйесі болуы керек.
Материалдық өндіріс адамның өмір сүретін ортасына қатты әсер етіп көптеген
негативтік жағдайлар туғызады, яғни табиғатты игеру процесінде биосфераға
зиян келтіріледі: атмосфераның кірленуі; су бассейндердің ластануы
басталады.
Осыған орай: экологиялық мәселелердің негізі неде? адамзат алдында
қандай нақты мәселелер қойылып тұр? теориялық жолмен және практикалық
әдіспен оны шешудің жолдары қандай? - деген сұрақтар туындайды.
Экология (гр. тұратын мекен, тірі организмдердің қоршаған ортамен
арақтынасын зерттейтін биологиялық ілім) сондықтан:
- соғысты тоқтату, табиғатты жоқ ететін, дүниені апатқа ұшырататын
қаруға қарсы күресу,
- қоғам өмірінде ерекше орын алатын, өндірістің, ғылыми-техникалық және
мәдениеттік прогрестің дамуына сүйеніп адамзаттың өз өмірін табиғат
апаттарынан сақтау (оған жер сілкіністерінен, су апаттарынан қорғайтын
құрылыс, бөгеттер салу жатады),
- экологиялық тұрғыдан таза, үнемді, қалдықсыз өндіріс, жаңа энергия
көздерін ашу, сапалы, денсаулыққа зияны жоқ өнімдер шығару т.б. комплексті
айналысуы керек.
Бэкон: Адам табиғатты бағындырумен бірге оған бағыну керек,- деген.
Адам табиғатты игере отырып, өзінің өмір сүруіне жаңа жағдайлар
жасайды: киім киюін заманның талабына сай жетілдіру.
Тұрғын үйлерді жаңа талаппен салу – (жасанды салқындық пен жылыту
жағдайын жасау), жаңа тұрғын жерлерді игеру, демалу өндірісін жетілдіру
т.б. өз кезегімен дами беретіні айдан анық. Ғылым, техника, экология,
мәселелерін шешкенде әлеуметтік факторларды сараптап өндірістік
ерекшеліктерді ескере отырып олардың қандай мәдени, идеологиялық, этикалық-
гуманистік, эстетикалық т.б. салдары болуы мүмкін? - деген сұрақтарға аса
үлкен мән беріп отыру керек.

ТАБИҒАТ

Табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынастың мән-мағынасы, сипаты
қандай, адамдар өзін қоршаған табиғи ортамен қалай байланыс жасайды,
олардың бұл ортадағы орны қандай, қоғамның өмір сүруінің және дамуының
басты шарты қайсы деген сияқты сұрақтардың философиялық ой толғамдар
жүйесінде ерекше дүниетанымдық маңызы бар. Ендеше осы мәселелер төңірегінде
пікір қозғап көрелік.

1. Табиғат пен қоғамның өзара қатынасы

К. Маркс адамзат тарихының даму заңдылығын ашып көрсету барысында
мынадай әрі қарапайым, әрі бұлтартпайтын өмірлік мысалға жүгінген болатын:
адамдар саясатпан, ғылыммен, өнермен, дінмен т. б. шұғылданбас бұрын, ең
әуелі тамақтануы керек, үстіне киім, басына пана қажет, ол үшін адамдар
еңбектенуі, әрекет жасап, тер төгуі, сол арқылы қажетті материалдық
игіліктерді өндіруі қажет. Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш
болам деп ойламайды, — деп халқымыздың тұжырымдағанындай, қарыны аш, киімі
жыртық, үйсіз-күйсіз жағдайда адамдар басқа тіршілікпен қалай айналыспақ.
Олай болса, қоғамдық өмірдің мәні, қайнар көзі материалдық игіліктерді
өндірумен тікелей байланысты. Қоғам материалдық игіліктерді өндіруді,
сондай-ақ өндірілген материалдық игіліктерді тұтынуды бір. сәтке де тоқтата
алмайды. Қоғамның онсыз мәні де, мағынасы да жоқ.
Ал енді өмірге қажетті материалдық игіліктерді адамдар қалай өндіреді,
неден жасайды, тиісті бұйымдарды қайдан алады деген заңды сұрақ туады.
Әрине, олар дайын күйінде түспейді. Адамдар оны табиғи байлықтардан
өндіреді, яғни қоғам табиғаттан тысқары, табиғатпен байланыссыз ешқашан
өмір сүре алмайды. Адам да, қоғам да — табиғаттың төл баласы, жалғасы.
Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа .мен
судың өзі жан-жануар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы.
Жоғарыдағы айтылғаннан шығатын түйін: қоғам табиғат дамуының жалгасы,
ол екеуі тығыз бірлікте болады. Табиғат пен қоғамды байланыстырып та,
жалғастырып та тұратын — материалдық өндіріс процесі, еңбек процесі деп
кәміл сеніммен айтуға болады.
Қоғам табиғаттың ұзақ эволюциялық дамуының нәтижесі, басқаша айтқанда,
қоғамның пайда болуы — материя қозғалысының жоғары, әлеуметтік түріне көшуі
деген сөз. Қоғамның пайда болуының түп негізі еңбек процесімен, нысаналы
атқарылатын іс-әрекетпен тікелей байланысты. Қоғамдық өмірдің, адамзат
тіршілігінің ең әуелгі әрі басты шарты — еңбек. Еңбектің арқасында ғана
адамдар жануарлар дүниесінен ажырап шыққанын, адамдық бейнеге ауысып,
табиғаттың керемет құдіреті— ақыл-ойға, санаға, тілге ие болғанын жақсы
білеміз. Ф. Энгельс сондықтан да: адамды адам еткен еңбек деп
тұжырымдаған. Ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көз жетер болашақ және алыстағы көкжиек
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі
Философидағы сана мәселесі
Ғылым және ғылым философиясы
Философия, оның пәні. Философия тарихы
Философия пәні және дүниеге көзқарас
Құндылықтар ұғымының философиялық қырлары
Философиялық көзқарастың ерекшелігі
Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі
Пәндер