Аристотельдің қоғамда алған орны


ЖОСПАР
Кіріспе2
Аристотельдің қоғамда алған орны3
Аристотельдің «Метафизика» деген еңбегіндегі негізгі ұғым6
Аристотельдің, ұстазы - Платонға деген көзқарасы8
Аристотельдің білім мен ғылым арқылы адамды тануы14
Аристотельдің қоғамдық - саяси мән беретін еңбектері18
Қорытынды25
Пайдаланған әдебиеттер26
Кіріспе
Аристотель - Платонның шәкірті, атақты Александр Македонскийдің ұстазы. Ол Платон Академиясында жиырма жыл оқыды, сол сияқты Александр Македонскийге де сонша уақыт ұстаз болды. Өз мектебін ашып, оны Ликей деп атады. Аристотель объективтік идеалист, бірақ ол материализм мен идеализм арасында солқылдақтық, енжарлық жасады. Аристотель өмірден идеалист болып өтті.
Кезінде ол өзінің ұстазы Платонды өмірден идеяны жоғары қойғаны, нақты өмір оның көлеңкесі дегені үшін қатты сынға алды. Аристотель ұстазы Платонның идея мәңгі, өзгермейді, ал оның көлеңкесі болатын заттар өзгерісте, құбылмалы деген қайшы, дәйексіз пікірін сынға алды.
Аристотель түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп, алғашқыны түрге берген. Аристотель барлық тәлім-тәрбие мәселесін адамның жан-жақты дамуына бағыттай отырып, өнердің басқа да түрлеріне ерекше назар аударды. Аристотель өнер және оның түрлері арқылы адамгершілік пен парасаттылықты қалыптастырып, оларды шын мәніндегі адамның бойына бітетін бірден бір негізгі қасиеттер деп есептеді.
Аристотельдің қоғамда алған орны
Ұлы философ Аристотель б. д. д. 384-322 жылдар аралығында өмір сүрді. Ол материализм мен идеализмнің аралығында екі ұдай бағыт ұстанғанымен, оның философиясында материалистік сарын басым болды. Жалпы Аристотель философиясы антикалық ой жетістіктерін түбегейлі саралаған әмбебап жүйе болып есептелінеді.
Аристотель грек колониясы, Фракия жағалауындағы Стагир қаласында дүниеге келді. Оның әкесі Никомах Македония патшасы Аминтаның сарай емшісі еді. 367 жылы Аристотель Афинага барып, Платонға шәкірт болады. Ал, 343 жылы оны Македонияның патшасы Филипп баласы Александрдың тәрбиешісі етіп тағайындады. Ал, Александрдың өзі патша болын таққа отырғаннан кейін, Аристотель Стагирге қайтып келеді де, 335 жылы Афинаға барып бір жола тұрақтап қалады. Осы кезеңде Аристотельдің ой жүйесінде Платон философиясына қарсы бағытталған негізгі қағидалар қалыптаса бастаған еді. Ол Афинада өзінің мектебін ашты, ол Ликей немесе перипатетиктер («қыдырып жүріп сүхбаттасу» деген мағынаны білдіреді) мектебі деп аталды. Ғұмырының аяғына дейін осы философиялық мектепті көркейтуге күшін салған Аристотель өз Отанында көз жұмды. Себебі, антимакедониялық саяси және «дінбұзар» деген айыптың тағылу қауіпі туғанда ол Отанына қашып кетуге мәжбүр болған. Аристотель Афинада еш азаматтық хұқы жоқ метэктік (шетелдік) жағдайда тұрған. Өзінің саяси көзқарасы тұрғысынан Аристотель Афина демократиясын жақтаушылардың қатарында бола алмады.
Аристотельдің еңбектері біздің заманымызға түгелімен жеткен жоқ. Оның кейбір еңбектері бізге тарихшылардың, оның философиясына түсініктеме берушілердің және шәкірттерінің шығармалары арқылы белгілі болып отыр. Мазмұны жағынан Аристотельдің трактаттары (философиялық ой толғаулары) негізінен жеті топқа бөлінеді.
1. Логикалық трактаттары («категориялар», «Аналитика» I және II кітаптары және «Топика». Осы шығармалардың барлығы жиналып келіп, кейіннен «Органон» деген атқа ие болған) .
2. Физикалық трактаттары («Физика», «Пайда болу және жойылу туралы», «Аспан туралы», «Ауа райы туралы», «Механика» т. б. )
3. Биологиялық трактаттар (олардың негізін «Рух туралы», «Жан-жануарлар тарихы», «Жануарлардың пайда болуы» т. б. шығармалары құрайды) .
4. Философиялық трактаттар (жалпы атауы «Метафизика»)
5. Этикалық трактаттар
6. Тарихи және әлеуметік-саяси трактаттары (Афина мемлекеті туралы оқыған лекциялары «Саясат» деген атқа ие болган)
7. Көркемөнер, шешендік және поэзия туралы трактаттары («Поэтика» және «Риторика» деген аттарға ие болған) .
Аристотель, Диоген Лаэртскийдің деректеріне қарағанда, барлығы 445270 жолдан тұратын шығармалар жазған екен. Ол сол кездегі ғылымдар саласының барлығын дерлік қамтыған. Ал Аристотель философиясы, негізінен, үш салаға бөлінеді:
1. Теориялық сала - болмыс туралы ілімі, дүниенің түпнегіздері туралы пайымдаулар.
2. Практикалық сала - адамдардың іс-әрекеті туралы тұжырымдар.
3. Ақындық сала - көркеменер, поэзияға көзқарастары.
Алайда, бұл салалардың ішінде логика ғылымының аты аталмайды, себебі, Аристотель оны ғылым емес, ғылыми танымның құралы деп бағалаған. Өзінің «алғашқы философиясында» Аристотель идеялар туралы Платонның ілімін өткір сынға алды, әсіресе, оның идея-мәндерді сезімдік заттар мен құбылыстардан бөлін алып, қарастыратынын сынады, Аристотель жалқы мен жалпының бірлігі туралы өз түсінігін ұсынды. Жалқы дегеніміз кеңістікте орны бар, «қазір» өмір сүріп жатқан және адамдар сезім мүшелері арқылы түйсіне алатын нәрселер. Ал, жалпы дегеніміз барлық жерде барлық уакытта өмірсүретін және жалқылар арқылы ғана көрінетін нәрселер. Жалпы - ғылымның зерттеу нысаны, оны тек ақыл-ой арқылы ғана танып-білуге болады. Алайда, жалпы жалқысыз болмайды, ал жалқы сезімдік таным арқылы бізге танымал болады, демек, жалпыны тану үшін, алдымен жалқыларды танып-біліп (сезім мүшелері арқылы), сонан кейін ғана жалпыны ақыл-ой арқылы зерттеу қажет, дейді Аристотель. Осыған орай, ол танымның индукциялық және дедукциялық тәсілдерін ашқан еді. Индукция - танымның жалқыдан жалпыға қарай жылжуы, ал дедукция, керісінше, танымның жалпыдан жалқыға қарай жылжу тәсілі.
Оларға Аристотель мынандай мысал келтіреді: Сократқа өлім тән; Сократ -адам; Демек, барлық адамдарға өлім тән. Немесс керісінше:
Барлық адамдарға өлім тән; Сократ - адам; Демек, Сократқа өлім тән.
Тіршіліктің төрт себебі бар, - дейді Аристотель.
Біріншісі - болмыстың мәні - ол нақтылы заттардың қандай болғандығын айқындайды (кескіндік форма) себеп;
Екіншісі - Материя және бастауыш (субстрат) - заттардың пайда болу және шығу тегі (материалдық себеп) ;
Үшіншісі - Козғалыс себебі, қозғалыс бастауы;
Төртіншісі - Мақсаттық себеп.
Аристотель материяны негізгі себептердің бірі ретінде қарастырғанымен оны бейтарап түпнегіз деп тапты. Өйткені, ол нақтылы заттардың пайда болуының мүмкіндігі ғана. Ал, белсенділік рөл атқаратын нәрсе - түр (форма) . Формаларға Аристотель мәңгі өзгермейтін мән деп қарады, ал қозғалыстың көзі, себебі деп құдайды атады. Қозғалысты Аристотель мүмкіндіктің шындыққа айналуы деп ұқты. Категориялар (философиялық ең жалпы ұғымдар) туралы іліміне сәйкестендіріп, Аристотель қозғалыстың негізгі төрт түрін атайды:
1. Сапалық (өзгеріс) ;
2. Сандық (көбею немесе азаю) ;
3. Орын ауыстыру (кеңістіктегі қозғалыс) ;
4. Алғашқы түрдің қосындысы (пайда болу және жойылу) .
Аристотельдің ұғымында шынайы өмір сүретін нақтылы заттар
- материя мен түрдің бірігуінің нәтижесі. «Форма» тысқары емес, заттың өзіне ғана тән түрі. Мысалы, мыс шарды алып қарасақ, ол мыс (материяның бір түрі) пен форманың (бұл жерде домалақ түрдің) қосындысы. Мысқа домалақ түрді ұста бергенімен, «Жалпы домалақтық түр - мәңгі. Белгілі бір зат әрі материя, әрі форма болуы мүмкін. Мысалы, мыс - мыстан құйылған шар үшін «материя», ал өзінің құрамындағы элементтер үшін - форма. Демек, форма дегеніміз заттың (материя оның пайда болу мүмкіндігі болса) шынайы болмысы. Материя форманың мүмкіндігі, ал форманы тудыратын формалар - құдай деңгейлес нәрселер.
Аристотель табиғат құбылыстарына, қоғамға, ойлауға көне гректің көзімен қарайды, олардың өзгермелілігіне даму үстінде екендігіне еш күмән келтірмейді. Бұл жағынан оның көзқарасы Гераклит диалектикасымен үндесіп жатады. Қоғамды Аристотель Гераклиттен гөрі тереңірек түсінеді, тауар алмасу заңдылығын, мемлекеттің, отбасының тарихидаму үстінде болатындығын, қарама-қарсы пікірлердің өзара мидай араласып, олардың арасынан ақиқаттың туындайтынын ашып көрсеткен Аристотель алғаш рет категориялар жүйесін жасады. Онын философиясында кагегориялар түгелге жуық қамтылған.
Категориялар Аристотель үшін бірінші кезекте болмыстың түпнегіздеріне барабар құрылымдық сапалар, содан кейін ғана оларға сәйкес келетін ең жалпы философиялық ұғымдар. Бұл ұғымдар, сонымен қатар, болмыстың қасиеттері мен қатынастарын да қамтиды. Аристотель ілімінде категориялар біресе болмыс пен танымның категориялары ретінде, біресе тілдің категориялары ретінде көрініс берді. Өзінің «Кагегориялар» деген шығармасында Аристотель негізгі-негізгі 10 категорияны атап көрсетеді. Олар - мән, сан, сапа, қатынас, орын, уақыт, жағдай, әрекеттену, игеру, қасырет шегу.
Өзінің таным теориясында Аристотель адамның (субъектің) санасынан тыс өмір сүретін объективтік шындықты мойындайды. Ал, түйсік дегеніміз сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың бейнесі. Танымның көзі, бастауы - сезімдік тәжірибе. Аристотельдің бұл танымдық ойлары түгелге дерлік материалистік рухта айтылган.
Аристотель өзінің космологиясында әлемдік дүниенің қазығы ретінде жерді алып қарайды. Әлемді Аристотель «айасты дүние», «айүсті дүние» деп екіге бөледі. Оның алғашқы түпнегіздеріне топырақ, су, ауа, от жатады. Олар еш езгермейді, жойылмайды, өшпейді. Ал, жұлдыздар бесінші түпнегіз - эфирден жаратылған. Олар да қозғалмайды.
Аристотельдің философиясы, бір жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы орта ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген проблемаларға жан-жақты талдау жасап, өз заманындағы көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті.
Аристотельдің «Метафизика» деген еңбегіндегі негізгі ұғым
Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзкарасына терең талдау жасалды. Ол "Метафизика" деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі - болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты.
Аристотель - Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпаған. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін жасау процесінде ол Платонның көзқарасына қарама-қарсы шықты. Аристотельге: "Сен неге көзінің тірісінде ұстазыңа қарсы шықпадың?", - деп айып таққанда, ол: "Платон маған дос, бірақ ақиқат одан да гөрі қымбатырақ", - деп жауап беріпті деген аңыз бар.
Аңыз аңыз болып қала береді. Дегенмен, мәселе басқада. Ол Платонды, біздің тілімізбен айтқанда, "өлтіре сынап" отырған жоқ. Керісінше, ол өзінің ұстазымен көзінің тірісіндегідей айтысып, қарсы пікірлерін алдына жайып салып, онымен ой таластырып отыр.
Енді біз Аристотельдің "Метафизика" деген кітабындағы Платонга қарсы айтқан біраз пікірлеріне қысқаша тоқталайық. Өйткені, бұл пікірлердің ішінде Платонды сынау ғана негізгі проблема болып отырған жоқ, сонымсн бірге осы ойлар жаңа философияның іргетасын қалайтын келелі мәселелерді қозғады.
Аристотель озіне дейінгі философтар сияқты болмыс мәселесіне айрықша көңіл бөле келіп, оны адамның білімімен біте қайнастыра қарастырады. Міне, осы болмыс пен білім негізін ашудағы ұғымдардың қандай рөл атқаратыны жөніндегі мәселе де Аристотельді қатты толғандырады. Бұл проблема сонау Сократтан бастап философияның негізгі көкейтесті мәселесіне айналған болатын. Платон сияқты Аристотель де ұғымдардың өзіне тән ерекшеліктерін көрсетіп, олардың болмысты, табиғатты, ғарышты, тағы басқаларының қасиеттері мен негізгі мәнін түсінуде айрықша құрал екендігін атап көрсетті. Бірақ, Аристотель Платон сияқты ұғымдар мен идеялар өз алдына дербес өмір сүреді деген ойдан аулақ. Аристотельдің ойынша, осы ұғымдар болмыссыз, табиғатсыз, бізді айнала қоршаған дүниесіз өз дербестігін жоғалтады. Платон ұғымдарды, түрлерді, идеяларды сезімдік заттар дүниесінің мәні деп қарап, оларды бір-біріне қарама-қарсы қойса, Аристотель бұған ашықтан ашық қарсы шықты. Оның айтуынша, мұндай жалған ойдың негізі тарихи жағынан алғанда өзінің бастауын сонау Гераклиттің диалектикалық көзқарасынан алады. Өйткені, Гераклит сезімдік заттар дүниесі үнемі өзгеріп, қозғалып отырады деген қағиданы негізге алды. Платон да өзінің философиялық жүйесінде осы Гераклиттің пікіріне сүйене отырып, үнемі өзгеріп, қозғалып отыратын сезімдік заттар дүниесіне қатысты ешбір ақиқат жоқ деп есептеді.
Аристотельдің ойынша, Платон сияқты "идеяларды" өз алдына бөлек болмыс деп, оларды сезімдік заттар дүниесінен бөліп алудың таным теориясына ешқандай пайдасы жоқ. Негізінде сезімдік заттар мен идеялардың болмыс табиғаты бір ғой.
Платонның бұларды екіге бөліп, сезімдік заттар дүниесі мен идеялар дүниесі деп атауы ешбір қисынға келмейді. Платонның ойынша, қарама-қарсы идеялардың өзі сезімдік заттар дүниесінің көшірмесі, егіздің сыңары сияқты. Олай болса, Платон екіге бөліп отырған заттардың өзі бір-бірімен бірігудің орнына алшақ кетіп, бізге ешқандай білімнің негізін бермейді. Сондай-ақ, олар білімнің негізі емес. Платонның айтуынша, "идеяларда" жалпылық бар. Мұндай жалпылық жекелеген сезімдік заттарға да тән. Адам "идеясының" әрбір жеке сезімдік адамның ортақ белгілерінің жиынтығынан ешбір айырмашылығы жоқ. Бұл жерде Аристотель өзінің болашақ философиялық жүйесінің негізгі теориясын айқындап беріп отыр. Өйткені, Платон өзінің философиясында мазмұн (сезімдік заттар дүниесі) және форманы (сезімнен тыс идеялар дүниесі) бір-бірінен бөліп алып, оларды алшақтатып жіберді. Мұндай бір процестің екі жағын бір-біріне қарама-қарсы қою болмыстың мәнін аша алмайды.
Аристотельдің өзінің ұстазына бағыттаған екінші қарсылығында "Платон идеялар дүниесін жеке бөліп алып, оның сезімдік заттар дүниесімен арасындағы байланысты үзіп жіберді" деп көрсетеді. Платон олардың арасын қосуға да әрекеттенді. Сондықтан ол сезімдік заттар дүниесі идеяларға біршама "қатысы" бар деп есептейді. Оның бұл түсіндірмесі баяғы замандағы пифагоршылардың әдісін қайталағаны. Олар заттардың сандарға қатысы бар, яғни соларға еліктейді деген болатын. Мұндай ой желісі мәселені толық шешіп бере алмайды, қайта бұл екі дүниенің арасындағы алшақтықты қайшылыққа әкеліп ұрындырды. Аристотель Платонның идеяларын талдай келе, оның логикалық ілімінің қайшылығын да ашты.
Платон идеялар дүниесі арқылы жаратылыстану саласындағы себеп-салдарлы байланысты аша алмады. Сондықтан Аристотельдің ғылыми ілімдерге жете көңіл бөліп, жаратылыстану саласымен кеңінен айналысуы Платон философиясындағы қайшылықтардан шығудың жолын іздегендігі деуге болады.
Осы жерде бұл екі ойшылдың көзқарасын бір-біріне тым қарсы қойып, бірін - материалист, екіншісін - идеалист деуге болмайды.
Аристотель Платонды сынап, шын мәніндегі басқа бағытқа қарай өтейін деп отырған жоқ. Керісінше, Аристотель белгілі бір философиялық проблеманы шешу процесінде ұстазының қайшылыққа белшесінен батып, одан шыға алмағанын ғана көре білді. Енді өзі белгілі бір жүйе жасау үшін осы қайшылықтарды қалайда шешуге ұмтылды.
Аристотельдің сынын ақтайық деп отырғанымыз жоқ. Бірақ, дәл осы логикалық-диалектикалық, танымдық-теориялық мәселелерді шешуде көне грек философиясының алыбы - Аристотель үшін басқадай жол қалмаған еді.
Аристотельдің, ұстазы - Платонға деген көзқарасы
Аристотельдің анықтамасындағы "материя" Платонның ұғымындағыдан әлдеқайда өзгеше. "Материя", Аристотельдің ойынша, "субстрат" (латын тілінде "негіз", "астар" деген мағына береді) . Ол өзінің анықтаушысынан, формасынан айырылған процесс. Бұл материя, субстрат тек қана мүмкіндік күйінде қалады.
Ең алдымен материя белгілі бір формаға ие болады. Бұл процесс мүмкіндіктің жүзеге асуы, оның шындыққа айналуы. Ендеше, форма жоқтан бар болмайды, болмыс еместен тумайды. Өйткені, болмыс еместен ештеңе де шықпайды. Ал, екіншіден, форма болмыстан да тумайды. Егер ол болмыстан пайда болса, онда жаңадан болған нәрсенің бұрыннан да бар екендігі даусыз болар еді.
Аристотельдің формаға берген анықтамасы жалпы Платонның идеясын, яғни идеалдықты елестетеді.
Шынында да, болмыстың болмауы және шын мәніндегі болмыс осы Аристотель айтып отырған форманы көз алдымызға елестетеді. Яғни, Аристотельдің тілімен айтқанда, форма әуелгі кезде болмыс "мүмкіндігі". Ал оның мүмкіндіктен шындыққа айналуы форма болып шығады.
Қалайша болмыс болмыс емеске, одан керісінше айналады, ол ненің әсерінсн болады? Оның қайнар көзі қайда жатыр? Аристотельдің айтуынша, шындық болатын болмыс формасы әуел басында өзінің бойына мүмкіндікті сақтайды екен. Өзінің ойын Аристотель былай деп түсіндіреді. Адам әуелгі кезде сауатсыз еді, енді сауатты болды. Оның сауатты болғаны бұрынғы сауатсыздығынан емес, керісінше, адамның сауатты болғаны оның бойында сауаттылыққа деген мүмкіндіктің (қабілеттің) бар болғандығынан.
Ендеше, материяның, субстраттың бойында екі жағдай бар. Бірі - онда әлі "форма жоқ", ол кейін пайда болады, екіншіден, онда болашақта "формаға" айналатын мүмкіндік бар. Бұл бір процестің екі жағы. Бірі - теріс анықтама, ал екіншісі - оң анықтама.
Материя деген ұғым, Аристотельдің түсінігі бойынша, бір жағынан субстрат, яғни негіз, бірдеңенің ішкі астары. Бұл шын мәніндегі таза мүмкіндік қана деуге болады. Екінші жағынан материя мүмкіндік қана емес, ол іске асқан шындық.
Егер біз "мраморды" алсақ, ол өз алдына жатқан "материя", яғни сезімдік зат. Оның осы күйінде химиялық, физикалық, биологиялық ерекшеліктері, қасиеттері бар. Оларды ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл Аристотельдің тілімен айтқанда "соңғы материя" болады.
Ал енді оның осы табиғи қасиеттерінен басқа жағына, оның іске асатын мүмкіндігіне көңіл бөлсек, оның шындық жағдайы туады. Бұл мүмкіндікті (ешқандай физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерімен ғана шектелмейтін) ешуақытта да, еш жерде де сезім арқылы қабылдауға болмайды. Ол тек оймен ғана айқындалады. Осындай жағдайға байланысты оны "белгісіз субстрат" деп атайды. Ал Аристотель өзінің философиясында бұған "бірінші материя" деп ат берді.
Бұл жерде үлкен бір философиялық мән жатыр. "Соңғы материя" мен "бірінші материяның" байланысы- диалектикалық. Бірі сезімнің химиялық, физикалық, биологиялық ерекшелігімен дараланса, екіншісі басқа да қасиеттерімен, басқа да сапалық ерекшеліктерімен анықталуға тиіс. Міне, осы ерекшеліктер мүмкіндіктің шындыққа, материяның формаға айналуын белгілеп беретін болғаны.
Аристотель өз ұстазы Платонның абсолюттік идеясынан гөрі басқаша пікір айтып отыр. Сондықтан ол осы заттарды, әсем мүсіндер мен салтанатты сарайларды тудыратын адамдардың идеялары ғана емес, олардың қызметі деп есептейді.
Көне грек философиясының жоғары шыңы болған Аристотель өз заманындағы саяси-әлеуметтік, экономикалық қатынастарға терең талдау жасай отырып, ол тіпті құн формасын зерттеуге дейін барды. К. Маркс өзінің "Капиталының" I томында бұл жөнінде: "Ең алдымсн Аристотель тауардың ақшалай формасы - құнның жай формасының тек келешектегі дамуы ғана, яғни бір тауар құнының әйтеуір басқа бір тауардан көрінуі ғана деп мүлдем айқын керсетеді" дейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz