Табиғатты тиімді пайдалану


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Қазіргі табиғат қорғауды бақылау комитеті экологиялық реттеу және бақылау комитеті болып қайта ұйымдастырылып, оған қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыру және бақылау қызметі жүктеледі. Осымен бірге министрліктің аумақтық бөлімшелері жаңа құрылған комитеттің аймақаралық органдары болып (бассейндік қағидаттар бойынша) қайта құрылады.
Сонымен қатар министрліктің ІІ, ІІІ, ІV санаттардағы нысандарға (республика бойынша барлығы 55 мыңдай кәсіпорын) экологиялық сараптама жүргізуге және қоршаған ортадағы эмиссияларды жүзеге асыруға экологиялық рұқсат беру жөніндегі қызметін табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу жөніндегі жергілікті атқару органдарына (департаменттер мен басқармаларға) тапсырып, министрліктің өзіне І санаттағы нысандарға (республика бойынша 5 мыңдай кәсіпорын) экологиялық сараптама жүргізуге рұқсат беру функциясын қалдыру жоспарлануда.
Осындай қайта ұйымдастыру шараларын жүргізу нәтижесінде министрлік жүйесіндегі аумақтық органдар саны 16-дан 8 бірлікке қысқармақ. Осыған сәйкес қызметкерлер саны да азаяды.
Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар ауқымды проблемалардың ішінде, табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің
3
көкейкестілігін дәлелдеуде. Ал бұл болса үздіксіз білім беру
процесінде (отбасы→ балабақша → бастауыш мектеп) балалардың экологиялық тәрбиелілігін дамыту қажеттілігін күн санап арттыра түседі, өйткені қоршаған орта мен адамның денсаулығын сақтау маңызды құндылықтың бірі болып табылады.
Көпсатылы оқу жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі бойынша «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасы» (2003ж. ), «Қазақстан Республикасының Конституциясы» мен «Білім туралы» Заңында, бірқатар ұсыныстар беріліп, жаңа шешімге бағыттап отыр. 2006 жылы қабылданған «Экологиялық кодексте» мемлекеттік экологиялық саясатты дәйектілікпен жүзеге асырудың механизмі берілген.
Алайда жоғарыда айтылғандардан экологиялық білім мен тәрбие мәселесіне бүгін ғана аса назар аударылып отыр деген ой туындамауы керек.
Адамзат тарихында табиғатпен саналы қарым-қатынас жасап, оның құндылығын бағалауда адам-қоғам-табиғат дамуының философиялық заңдылығын, сабақтастығын ғылыми тұрғыда негіздеуде ұлы ойшылдар (Аристотель, Платон, Гераклит) үлкен үлес қосқан.
4
1. Табиғатты тиімді пайдалану
Бүгінгі таңда адамзат алдындағы аса күрделі экологиялық мәселе - табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау
мәселесі болып отыр. Соңғы кезді табиғатты қорғау, тиімді пайдалану , зияндық келтірмеу жайлы аз айтылып жатқан жоқ. . Бұл мәселенің тууына адамдардың қолымен жасалған экологиялық сауатсыз іс-әрекеттердің нәтижесі себеп.
«Судың да сұрауы бар», «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын», «Бір тал кессең, он тал ек» деген нақыл сөздерді дана халқымыз бекер айтпаған. Яғни табиғатты қорға әр адамның міндеті мен борышы.
Ғылыми техникалық даму, өндірістік өрлеу бір жағынан пайдалы болса, екінші жағынан орынсыз пайдалану нәтижесінде өз зияндығын тигізіп жататын кездері аз емес.
Минералды шикізат кендерін жылдамдықпен игеру облыстық экологилық жағдайына әсер етпей қойған жоқ. Ауаның ластану деңгейін бақылау жүйесі облыс бойынша тек Тараз қаласында ғана жүргізіледі. Сондықтан облас бойынша ауа кеңістігі туралы мәлімет бере алмайды. 2006 жылы 2005жылмен салыстырғанда Тараз қаласы бойынша ауаның ластану деңгейі бір қалыпты. Формальдегид қоспалары бойынша орта тәуліктік шоғырлануудың шектеулі рауалы концентрациясы (ШРК) үш есе артты, ең көп қоспалар2, 6(ШРК)
5
құрды. Шаң, еритін сульфаттар, күкірт қостотығының қоспалары өткен жылдың денгейінде.
Атмосфераға ластағыш заттарды бөлудің негізгі қөзі автокөліктер болып отыр. Автокөліктер үлесіне барлық ластағыш көздердің 67, 9 % (26, 4мың т) тиесілі. Автокөліктерді табиғи газдарға ауыстыру, троллейбустарды көбейту арқылы экологиялық жағдайды сауықтыру мәселесіне жете мән берілмей келеді.
Жақында ғана Елбасымыздың жолдауы мен «Қоршаған ортанны қорғау» заңының жырық көруі, тарихи бет бұрыс екендігін мақтанышпен айта аламыз. Бүгінгі таңда біз саналы, білімді, денсаулығы мықты, еліміздің ертеңіне жауап берер ұрпақ болғандығымыздан. Табиғатты аялауды үйренейік. . Табиғатты аялап, қорғау-ананың баланы мәпелеп, тәрбиелеп өсіруі сияқты. Табиғатқа ұқыпсыз, көңілсі, қалай болса солай қараушылық-барып тұрған мәдинетсіздік. Табиғаттың байлығы -қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады.
6
2. Экономикалық және әлеуметтiк реформалар
Экономикалық және әлеуметтiк реформаларды өткiзу жетiстiгi табиғи жүйенi қорғауды қамтамасыз етуiмен ажырағысыз байланысты. Бiздiң облысымыздың маңызды табиғи кешенiнiң негiзгi бөлшегi - ормандар, 548 мың га, немесе оның аумағынан 5, 5%, сонымен қатар департамент иелiгiнде 430 мың га. Ормандар қорғау қызметiн орындайды. Оларды сақтау, ұдайы ұлғайту мен орман өсiру, ресурстарды ұтымды пайдалану - департамент және 12 орман шаруашылықтарының мiндеттi.
Жоспарланған шараларға сай орман күтуi кесулер арқылы жүзеге асады. Олар жылына 1500-ден 2300 га аудан көлемiнде өткiзiледi. Бiздiң жоспарымызға орман зиянкестер және аурулар, өрттер өзiнiң түзетулерiн енгiзедi. Осыған байланысты 2005 жылы - 5445 га (кесiлген сүрек көлемi 334 мың м3), 2006 жылы - 5538 га және 346, 9 мың м3 жерде санитарлық-iрiктеу және жаппай кесулер жүргiзiлдi. Бұл кесулер - ауылды жерде жылытуға отын дайындау үшiн негiзгi қайнар көзi. Облыс ормандарын қапсырып алған жұп емес жiбек құртының ошақтарының таралуын алдын алу үшiн 2005 жылы 955 га жерде химиялық өңдеу жүргiзiлдi. 2006 жылы әлi өткiзiлген жоқ. 2005 жылдан бастап департамент ормандарды осы зиянкестен сақтап қалу жөнiнде дабыл қаққан. Өкiнiшке орай, ауыл шаруашылық Министрлiгiнiң орман және аң шаруашылық Комитетiне көптеген үндеулерiмiз ойдағыдай нәтиже бермедi.
7
Тек облыс әкiмi Т. Д. Мансұровтың араласуымен ғана осы жылы республикалық бюджеттен қаражат бөлiндi, бұл мемлекеттiк орман қорының 18, 8 мың гектар жерiнде өңдеу жүргiзуге мүмкiндiк бердi. Бiрақ, өткiзiлген тексерулер бойынша, бұл да әлi жеткiлiксiз, 2008 жылы да химиялық өңдеулердi жалғастыру қажет.
Ормандарға үлкен зиян өрт келтiредi. Олардың себептерi барлығыне әйгiлi. Сараптама көрсеткiштерi бойынша, бiрiншi қатарда, ең алдымен адамның құнтсыздығы, лақтырып тастаған шылым қалдықтары, бұқтырылмаған алау, тиiстi дайындықсыз орылған егiн орнын, сабанның, көп жылдық шөптердiң қалдықтарын күйдiрулер жалпыға бiрдей игiлiгiмiздiң жоюлуына әкеледi.
2006 жылы - 355, 7 га ауданды қапсырып алған 24 өрт тiркелдi. 2004 жылы барлығы 1820 га жер ауданында 180 өрт болды. Бұл көрсеткiштердiң төмендеуi тек қана ауа райының қолайлы жағдайы ғана емес, сонымен қатар алдын алу жұмыстарының белсендеуi.
Жаз уақытында жылына 20 мың км-ден артық минералдырылған алқаптар 4-метрлiк жер өңдеу құралдармен өңделедi, бұл жолдардан, ауыл шаруашылығы пайдаланатын жерлер, орылған егiн орындарынан өрттiң орманға таралуына бөгет болады. Автомобилдiк жолдардың бойында 100-ден артық демалу және шылым шегу орындары жабдықталған. Өрт қаупi жоғары күндерi, департамент пен орман мекемелерiнiң 170 қызметкерлерi iске
8
кiрiстiрiлген 43 экологиялық бекеттер жұмыс iстедi.
2006 жылда мемлекеттiк орман күзетумен 1069 тексерулер жүргiзiлдi, 76 орман заңнамасын және 59 аң аулау ережелерiн бұзушылықтар айқындалды, 526 мың тенгеге айып салынды, 286, 2 мың теңге төлетiлдi.
Бейiмдiк мекемелердiң, жануарлар әлемiн қорғау егерларының жұмысы, ең алдымен, жабайы жануарларға көмек көрсетуге бағытталған. Осылай, өткен қыста осы мақсатта 610 ц. шөп, 2340 ц дән жемдерi, 29700 дана азық сыпырғыштары дайындалды, 3т тұз жұмсалды.
Сонымен қатар, орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуы олардың табиғатты қорғау қызметiнiң тиiмдiлiгiн көтердi. Облыс әкiмi Т. Д. Мансұровтың қолдауының арқасында тек қана 2005-2006 жылдары 16 трактор, 15 өрт су-таратқыш, патруль жүргiзу үшiн жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары («Нива», «УАЗ») 39 машина, 4 қарда жүргiш автомобиль, 389 радиостанциялары алынды.
Облысты көгалдандыру «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 2005-2006 жылдары 3, 8 жоспар бойынша 5, 05 млн. дана ағаштар отырғызылды, сонын iшiнде орман шаруашылықтарымен - 4, 7 млн.
Соңғы 2 жыл iшiнде мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде 1651 га ауданында орманды қалпына келтiруi жүргiзiлдi, соның iшiнде 844
9
га - егу жолымен, 807 - табиғи қалпына келтiру арқылы.
Бағдарламаны iске асыруда отырғызу материалдарының тұқымбағының ауданының ұлғайтуына әкелдi - 2005 жылы 5 га-дан қазiргi уақытта 12, 4 гектарға дейiн. Осыған сәйкес ағаш тұқымдарының дайындау көлемi өстi. Қолданысқа беру объектiлерiн көгалдандыру облыс әкiмi Т. Д. Мансұровтың бастамасы жақсы дәстүрге айналды. Жаңа объектiлер алаңында департаменттiң орман шаруашылық мекемелерiмен 1102 қалқан тұқымды ағаштар отырғызылды, сонын iшiнде 814 - тұрғын үй кешендер, бала-бақша, мектептерде, 140 - «Биохим» кешенi маңында, 100-ден артық - қалалық саябақ, саяси қуғын-сүргiн құрбандар ескерткiшi, «Абай және Пушкин» ескерткiштерiнде. Бағдарламаны iске асыруда студенттер мен жұмыссыз жастардан құралған «Жасыл ел» отрядтары белсендi қатысты. Екi жыл iшiнде отрядтарда 1250, өткен жылда 750 адам жұмыс iстедi.
«Қазақстан-2030» Стратегиясында ел Президентi ауқымды мiндеттер қойды, олардың шешуi экономикада өндiру секторының тиiмдiлiгiн арттыруына мүмкiндiк бередi. Осы мiндеттердi орындауда бiздiң департаментiмiздiң орны айрықша. Солтүстiк Қазақстан тек кен таралған пайдалы қазбаларға ғана бай емес, сонымен қатар стратегиялық шикiзат түрлерiне де жеткiлiктi бай өлке. Бiздiң өлкеде алтын, қалайы, күмiс, жер асты минералды сулар, слюданың кен орындары бар, ерекше маңызды - Тайынша ауданындағы «Обуховка» мен Айыртау ауданындағы «Сырымбет».
10
«Тио-лайн» ЖШС мен «Сырымбет» ЖШС жер қойнауын
пайдаланушылар осы кен орындарды игеру жұмыстарын жүргiзiп жатыр және биылғы жылы байытылған шикiзаттың алғашқы тонналарын берудi жоспарлап отыр.
Мемлекет басшысымен ұсынылған, жаңа тұрғын үй бағдарламасы бар шикiзат ресурстарының қажеттiлiгiн арттырады. Мысалы, құрылыс құм, тас, батпақ, қиыршықтас өңдiру көлемi 1, 5 есе өстi, жер қойнауын пайдалану өнеркәсiптердiң де саны өсуде.
Солтүстiк Қазақстан облыс әкiмi Тайыр Мансұровтың тапсырмасы бойынша, ендi барлауға, өндiруге немесе бiрлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келiсiм-шарттарды Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша табиғи ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментi жасайды. Осы жағдайға байланысты потенциалды жер қойнауларын пайдаланушыларға, құрылыс шикiзат өңдеумен айналасатындардың барлығына, барлық сұрақтар бойынша бiздiң департаментiмiзге жолығу керек екенiн еске түсiремiз. Байланыс телефондар: 362893, 462033, электрондық пошта dpr@sko. kz, департаменттiң ресми сайты www. dpr. sko. kz.
Қазiргi уақытта облыста құрылыс шикiзаттарының 200-ден астам кен орындары жұмыс iстеп жатыр. Кесек тас, қиыршықтас, қаптайтын тас өндiруге жарайтын мемлекеттiк баланста 20 тас кенi саналады, 13 - кiрпiш, құрылыс ерiтiндiсiн және бетон өндiру
11
үшiн құрылыс құмын өндiретiн, 5 әктас, 150 керамикалық заттарды
өндiру үшiн пайдаланатын шикiзат кен орындары бар. Дерлiк бүкiл аудандарда батпақ кендерi бар. Айыртау, Ақжар, Есiл, Ғ. Мүсiрепов, Уәлихан, Шал ақын аудандарында тас пен құм, Қызылжар, Мамлюткада - құм кен орындары ғылымдармен зерделендi.
Облыста жер қойнауын пайдаланушылармен пайдалы қазбаларды өндiруге 40-тан астам кен таралған кен орындарында кен өндiруге келiсiм-шарттар жасалды. Өкiнiшке орай, келiсiм-шарттардың шарттары барлық жағдайда орындалмайды. 2005-2006 жылдары бес келiсiм-шарт бұзылды, департамент ары қарай да әрекетсiз тұрған өнеркәсiптер жөнiнде мәселелердi қарастырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, департамент әлi келiсiм-шарттарды конкурс өткiзбей жасайды, бiрақ «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң қаулысының жобасы жасалынды. Осы қаулы бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына, және де келiсiм-шарт жасауға рұқсат алу конкурс негiзiнде өткiзiледi. Департамент бар және потенциалдық жер қойнауын пайдаланушыларға жан жақты қолдау көрсетуге дайын.
Департаментiң маңызды жұмыстарының бiрi, жоғарыдағы су объектiлерiн таусылуынан, ластануынан және тағы да басқа керi әсер ететiн жағдайлардан қорғау болып табылады.
12
3. Қызылорда табиғатын пайдалану
Облыста 3425 көлдер бар (жалпы ауданы - 344 мың га) . Олардың маңызы барлық жақтардан да кең: су шаруашылығын қамтамасыз ету жағынан да, ландшафттың сәнi ретiнде де, халықтың демалу орны ретiнде де. Облыстық бюджеттен бөлiнген қаражат 40-тан астам көл алқаптары және су қорғау аймағын орнату жобаларын жасауға мүмкiндiк бердi. Ауыл шаруашылық Министрлiгi Есiл өзенiнiң аймағының және алқаптарының жобасын жасады. Бұл құжаттар су объектiлерiнiң қорғау құқықтық базасын дәлелдейдi. Департамент алдында әлi де iстейтiн жұмыстар бар. Атап өткен шараларды ары қарай iске асыруы табиғатты пайдалану мәселелерiн кешендi қарастыруына мүмкiндiк бередi. Осы жылы қоршаған ортаны қорғау үшiн жасалған үш жылдық аймақтық бағдарламасын орындау аяқталады. Қазiргi уақытта департамент алдындағы үш жылға арналған қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының жобасын талқылауға дайындап жатыр және ұсыныстарды алуға дайын. Басқа да бағыттарда шаралар жоспарлары дайындалып жатыр.
Жер реформасын тереңдету және жер қатынастарын жетілдіру жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін өткен 10 жылда жерге орналастыру мен жобалау-іздестіру жұмыстарының барлық түрі бойынша қазіргі кезде 50 дей әртүрлі әдістемелер, нұсқаулықтар мен көрсеткіштер әзірленіп, қолданысқа енгізілді, соның ішінде: жерге орналастыру - 20, жер кадастры, жерді бағалау мен
13
аймақтарға бөлу -14, мониторингтік -6, топырақтық -6, геоботаникалық -3. Жер ресурстарын тиімді пайдалану мен жерді қорғауды бақылауды, жерге орналастыруды және жер кадастрын жүргізуді қамтамасыз ету үшін әзірленіп, қолданысқаенгізілгені:“Жерді аймақтарға бөлудің тиімді схемасын әзірлеу жөніндегі әдістемелік көрсеткіш”;
“Селолық елді мекендердегі шаруашылық жерінің жобаларын әзірлеу жөніндегі көрсеткіш”;
“Қазақстан Республикасындағы жер мониторингі жөнінде ғылыми-әдістемелік көрсеткіштер”;
“Егістікке жарамды жерді есепке алудың әдістемесі”;
Қазақстан Республикасындағы жердің топырағына кең ауқымда зерттеу жүргізу жөнінде нұсқаулық”;
“Қазақстан Республикасындағы табиғи жемшөп алқабына кең ауқымда зерттеу жүргізу жөнінде нұсқаулық”.
Жерді бағалау жұмыстары бойынша жинақталған теориялық және практикалық тәжірибилердің негізінде “Ауыл шаруашылық алқаптарының базалық төлем ставкасын анықтау әдістемесінің” жобасы және “Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік ұсынған жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау жөніндегі нұсқаулық” әзірленді.
Жерді пайдалану және табиғатты пайдалану мәселелерінде жергілікті және орталық атқарушы органдардың іс-әрекетін үйлестіруді 2000-2003 жылдарға арналған өзге де табиғатты қорғау
шаралары жиынтығы мен қоса, жерді тиімді пайдалану, топырақ
14
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz