Әбу Насыр Мухаммед ибн Мухаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл - Фараби
ӘЛ-ФАРАБИ
(870-950)
Әбу Насыр Мухаммед ибн Мухаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби ат-
Түрки — әлi Аристотельден кейiнгi Екiншi ұстаз атанған данышпан ойшылдың
толық есiмi осындай. Ол Сырдарияның Арысқа құятын тұсындағы көне Отырар
қаласында (арабша Фараб) әскербасы әмiр қызметшiсiнiң отбасында дүниеге
келдi. Бiрақ жас Әбу Насырды сарай қызметi қызықтырмады. Ерте оянған
ғылымға деген қызығушылық оны жолға алып шықты. Бiлiм қуып Шығыстың сол
кездегi iрi ғылым және мәдениет орталықтарын тегiс шарлады. Оның осы сапары
өмiр бойына жалғасып, соңында Сирияның Дамаск қаласында 950 жылы
желтоқсанда үзiлдi.
Әл-Фараби өз заманында мәлiм болған ғылым салаларын әрi қарай дамытып,
160 шамасында трактат жазған. Ол Аристотельдiң барлық кiтаптарына дерлiк
түсiндiрме жазған. Бұл iсте ғалымның қандай мұқияттылығынан бiр мысал:
Аристотельдiң Жан туралы деген еңбегiне ол өз қолымен Мен бұл кiтапты
мың қайтара оқыдым деген белгi соққан.
Таза ағайындар iлiмiнен кейiн араб тiлiндегi философиялық ойдың
орталығы Орта Азия мен Иранға ауысты. Сол кезде мәдениет орталығы болған
қалалар: Бұхара, Самарканд, Мерв, Нишапур, Исфаған, Рей, Хамадан, Отырар,
тағы басқалар. Мiне, осы заманда, яғни X—XI ғасырларда есiмдерi әлемге
әйгiлi болған екi адамды айтуға болады, олар — әл-Фараби және Ибн-Сина.
Заманында теңдесi болмаған бұл ғұламалар — Аристотель еңбектерiн терең
бiлген әрi оларды жан-жақты түсiндiруде аса үздiк еңбек етушiлер.
Әл-Фарабидiң грек философиясын, әсiресе Аристотельдi жетiк бiлгенi
үшiн оны екiншi ұстаз деп атаған. Екiншi ұстаз деу - философия
тарихында әл-Фарабидi Аристотельден кейiнгi орынға қою деген сөз.
Әл-Фараби этникалық тегi жағынан түркi жұртынан шыққаны шындық. Оның
фамилиясы өзi дүниеге келген Фараб деп аталған қаланың атауы. Фамилия
етiп туған жерiн немесе туған қаласын алу — көне заманнан келген дәстүр.
Мысалы, Александр Македонский (Македония елi, қаласы), Солон Афинский
(Афина қаласы), Фалес Милетский (Милет қаласы), Анахарсис Скифский
(скифтерде қала болмағандықтан, Скиф ел атауын алған), Фома Аквинский
(Аквиант — жер аты)...
Дәстүр ортақ. Мәселе фамилияны бiлдiретiн жалғауда. Арабтар и
қолданса, Еуропа ский-дi қолданған. Ал Аристотель тарихта Стагирит деген
есiммен белгiлi. Стагирит деген ғұламаның туған жерi. Аристотельдiң
кемшiлiгi — ол Афиндық еместiгi. Мұны кезiнде ғұламаға сын ретiнде, яғни
тағысың деген мәнде айтқан. Мұның бәрiн айтып отырғаным, Әбу-Насыр (өз
есiмi) фамилия алғанда әлемдiк мәдени дәстүр контексiнде болғаны. Адамның
аты-жөнiнiң аталуы мәдени-тарихи феномен. Ғұламалар бұл мәселеге айрықша
мән берген. Еқiншi ұстаз Әбу-Насыр әл-Фараби дегенде, бiз оның тарихи
тегiнiң қайдан шыққанын бiрден бiлемiз.
Сондықтан оның кiм екенiнде еш талас жоқ.
Фарабитану iсi бiзде, негiзiнен, қолға алынған, оның бiршама еңбектерi орыс
тiлiне аударылды. Қазақшаланған әл-Фараби еңбегi әзiрше шамалы және ғұлама
еңбектерiнiң орысша аудармасы көңiлден шыға қоймайтын дәрежеде.
Сондықтан оның еңбегiн тура араб тiлiнен аударған жөн болар. Бұлай
деуге басты себеп, араб тiлiндегi философтарды орысшаға аударғанда, олар
бiздiң түркiлiк-қазақы ұғымнан алыстап кетедi. Араб философтарының еңбегi
түпнұсқада бiзге жақын, көптеген түсiнiктер, ұғымдар қазақ дүниетанымында
ешбiр аудармасыз сол араб философтары қолданған мәнде жүр. Демек, арабшадан
қазақшаға тiкелей аударғанда көп ойлар өз бояуын жоғалтпай, ой толық,
жұлмаланбай жетедi. Фалсафа мен философияның (батыстық мәндегi)
түсiнiктерiнде айырма бар. Олай болатыны — фалсафа мұсылмандық ойлау
принципiне негiзделсе, философия христиандық менталитет негiзiнде. Дiни
партикуляризм мiндеттi түрде дүниетанымдық үйлеспеушiлiктi туғызады.
Ендi Әбу-Насыр әл-Фараби iлiмiнiң ерекшелiгiне қысқаша тоқталып
өтелiк.
Бiрiншiден, әл-Фараби философия тарихында, жоғарыда айтқандай,
Аристотель шығармаларына герменевтикалық талдау жасау арқылы мәлiм болған.
Демек, ол Аристотельдi түпнұсқада оқыған. Олай болмағанда, ол Аристотельдi,
көне грек философиясын жете меңгеруi мүмкiн емес едi.
Бұлай деуге нақтылы негiз бар. Әл-Фараби заманында латын әлi модаға
кiрмеген. Латынның күшеюi католицизмнiң дүниеге келуiмен байланысты. Латын
араб тiлiне қарсы қолданылған мәдени-тарихи феномен.
Латынға дейiн зиялы қауым араб тiлiнде сөйлеген. Оның саяси негiзi
араб халифатының өмiрге келуiмен байланысты. Демек, араб ғұламаларына көне
грек тiлiн меңгеру қажет болған. Сондықтан олар Платон, Аристотельдердi өз
тiлiнде оқыған, одан кейiн оларды араб тiлiне аударған.
Бұл жайды әл-Кинди туралы бiрiншi бөлiмде айтқан (Қараңыз: Ақиқат, №
4, 1998) болатынбыз.
Екiншiден, Фараби дiн мәселесiне келгенде, Құдай деген идеяны жоққа
шығармаған. Ол Аристотель iлiмi негiзiнде әлемнiң алғашқы себебiн
мойындайды, алғашқы себеп - ол Құдай. Бiрақ Фараби дүниенiң материалдығын
да мойындап, оның заңдылықтарын (Жаратушыдан тыс) зерттеудi ғылымның
мiндетi деп есептеген. Ол Аристотель сияқты материя мен форма туралы
көптеген құнды пiкiрлер айтқан. Фараби форма үздiксiз өзгерiсте, ал материя
мәңгi деген.
Үшiншiден, таным мәселесiне келсек, Фараби ақыл қуатына сенген. Ол
Ақыл туралы трактатында адам ақылы Жаратушы құдiретiнiң бiр көрiнiсi
деген. Ғылым, Фарабидiң айтуынша, ақылдың нәтижесi, оның екi түрi болады:
теориялық және практикалық. Теориялық ғылымдар: логика, табиғаттану
ғылымдары, метафизика, практикалық — этика мен саясат.
Төртiншiден, Фарабидiң мемлекет, саясат, қала өмiрi туралы Қайырымды
қала тұрғындарының көзқарасы туралы және Азаматтық саясат деген
еңбектерi де бар. Мұнда ол мемлекет пен заман туралы ойлар айтқан. Әрине,
бұл шығармаларда Фараби кейбiр утопистiк сарынға да түсетiн сәттерi бар.
Сiрә, заман туралы, оның келешегi туралы ойлар әсiрелеусiз болмаса керек.
Бесiншiден, Фарабидi таза рационализм тұрғысынан түсiнген, менiңше,
толық емес.
Оны Ибн Сина Шейх Фараби деген. Ал Блаватскаяның Теософиялық
сөздiгiнде Фараби туралы мынадай мәлiмет бар: Әл-Фараби Ар-Абу Наср.
Парсы. Өз заманының атақты философы, Аристотель танушы. 950 жылы туған.
1047 жылы кiсi қолынан қаза болған. Ол тек философ емес, гипноздық қасиетi
де болған. Оның герметикалық (тылсымдық) мәнiнде жазылған еңбектерiн Лейден
кiтапханасынан кездестiруге болады (Көрсетiлген еңбек. — М., 1994. — С.
37).
Герметикалық философ деп эзотерикалық iлiм ауқымында еңбегi бар адамды
айтамыз, ал эзотериялық дегенiмiз — құпиясы, сыры iшiнде деген түсiнiк. Бұл
жерде әл-Фарабидiң сопылыққа не мистикаға қатысы барлығы сөз болуы керек.
Ескертпе: Әл-Фарабидiң Мәселелер мәнi және Ғылымдардың шығуы
туралы деген еңбектерiн орыс тiлiнен аударып, оқырман назарын тұңғыш рет
ұсынып отырмын.
ӘДЕБИЕТ
1. Аль-Фараби. Социально-этические трактаты. — Алма-Ата: Наука,1973.
2. Аль-Фараби. О разумей науке. — Алма-Ата: Наука, 1975.
3. Аль-Фараби. Историко-философские трактаты. — Алма-Ата: Наука, 1985.
4. Избранные произведения стран Ближнего и Среднего Востока. IХ-ХIУ вв. -
М., 1961. - С. 148-156.
Әл-Фараби
МӘСЕЛЕЛЕР МӘНI
1. Бiлiм жалпылама түсiнiкке, мәселен, айталық, Күндi, Айды, ақылды,
жанды көз алдыңа келтiргендегiдей және нақтылықпен үстемеленген түсiнiкке,
мәселен, аспан - бiрiнiң iшiнде бiрi орналасқан сфералар деп
нақтылағандағыдай немесе „лем жаратылған деп мәлiмдегендей тәрiздi
түсiнiктерге бөлiнедi.
Кейбiр түсiнiктер оның алдындағы түсiнiктердiң арқасында ғана толық
түсiнiктi бола алады.
Мәселен, дененi оның ұзындығы, жалпақтығы және тереңдiгi туралы
түсiнiгiң болмайынша көзге елестету мүмкiн емес. Алайда кейбiр түсiнiктер
басқа, оның алдындағы түсiнiктердiң болуын қажет етер болса, бұл барлық
өзге түсiнiктер туралы мәселеде де дәл осындай болуы тиiс деген сөз емес —
бiз ақыр-аяғында басқа, осыдан iлгергi түсiнiктерге байланыссыз
түсiнiктерге тоқтауымыз қажет.
Мәселен, қажеттiлiк, өмiр сүру, мүмкiндiк туралы түсiнiктер осыған
жатады. Олар iлгерiде болған және осылар туралы түсiнiк беретiн
түсiнiктердi қажет етпейдi. Себебi, олардың өздерi айқын, дұрыс, ақылды,
орныққан түсiнiктер. Сондықтан кiм-кiм де оларды сөзбен жеткiзе бередi,
бiрақ бұл осы түсiнiктердi олардың өзiнен де танымалырақ, дәлдiрек өзге бiр
нәрсе арқылы жеткiзгiсi келедi деген сөз емес.
2. Кейбiр түйiндеулердiң сипаты мынадай: оларды оған дейiнгi басқа бiр
нәрсенi түсiнiп алмайынша түсiну мүмкiн емес. Мәселен, бiздiң әлем
жаратылған дегiмiз келсе, алдымен әлем толып жатқан құрамды бөлiктерден
тұрады, ал барлық бөлшектелетiн нәрсе жаратылған деуiмiз керек те, осыдан
кейiн ғана әлем жаратылған деген түйiн жасай аламыз.
Бұл түйiн өзi ақтық түйiндеу болатын түйiнге сiлтемемен шектелуi тиiс,
екiншiсiнен соң оның тек осы жағдайда ғана күшiне енуi мүмкiн болатын тағы
басқа түйiндердiң болмауы керек. Осы қатардағы түйiндеулер ақылмен
пайымдауға болатын бастауыш түйiндеулер болып табылады.
Мәселен, бiр-бiрiне қарама-қарсы екi пiкiрдiң бiрi — әрқашан
шындық та, екiншiсi — жалған, тұтас нәрсе өзiнiң бөлегiнен көп деген
тәрiздi пайымдаулар осындай. Осының жолдарын тану мен түйiндеуге алып
баратын жолдарды табуымызға көмектесетiн ғылымды логика (мантық) ғылымы
дейдi. Оның мақсаты — мiнсiз, кәмiл түсiнiктi жалған түсiнiктен, шын
түйiндеудi шындыққа ұқсас, шындыққа жанас немесе мүлде күдiктi түсiнiк
түрлерiнен ешқандай күмәнсiз ажыратып алуымызға көмектесу.
3. Бiз барлық екi түрлi болады деймiз. Оның бiрiне өзi бар болғанымен,
одан өмiр сүру қажеттiгi тумайтын заттар жатады.
Заттардың бұл түрi мүмкiн бар деп аталады. Бардың өзге түрiне бар
болады екен — әрқашан және қажеттi өмiр сүруi тиiс заттар жатады. Бұлар
қажеттi бар деп аталады.
Егер бiз мүмкiн бар турасында бәлкiм, ол жоқ шығар деген пайым
жасасақ — онда ешқандай оғаштық жоқ. "Мүмкiн бар өмiр сүруi үшiн өзiнiң
болмысында қандай да болмасын бiр себептi қажет етедi. Осындай себеп пайда
болғанда, ол өзгенiң арқасында қажеттi барға айналады. Бұдан қашаннан
берi өздiгiнен мүмкiн бар болып келген зат өзгенiң арқасында қажеттi
барға айналады деген қорытынды шығады. Бұл мүмкiндiк әлдебiр тұрақты,
мәңгiлiк нәрсе болуы керек немесе бiрде бар, бiрде жоқ әлдене болуы тиiс.
Мүмкiн заттардың себептер тiзбегi шексiз созыла бермейдi, айналып
келiп отырмайды да: оның қандай да бiр қажеттiге, атап айтқанда, ең алғашқы
барға тiрелуi керек.
4. Қажеттi барға келейiк: егер оны жоқ деп пайымдар болсақ, сөзсiз
оғаштыққа жол беремiз. Оның бар болуының себебi жоқ.
Ол әлдененiң арқасында шын бар болмайды. Ол — заттардың бар болуының
бастапқы себебi. Осыдан қажеттi бардың бар болуы барлық бардың
(тiршiлiктiң) бастауы деген қорытынды шығады және ол қандай да кемшiлiктен
таза болуы қажет.
Осылайша, оның бар болуы мейлiнше кемелдi. Ол себептерге - материяға,
формаға, әрекет пен мақсатқа бағынышсыз, еркiн, өмiр сүрудiң ең кемелiне
жеткен қажеттi бар.
5. Оның, мәселен, дене тәрiздi болмыс сипаты жоқ. Сен оны бар дей
алар едiң, бiрақ бардың анықтауышы — зат, ал зат болса — тағы дененiң
анықтауышы. Осылайша қажеттi бар туралы ол қажеттi бар және бұл оның өмiр
сүру түрi дегендi ғана айта аламыз.
Бұдан қорытынды - қажеттi бардың не тегi, не түрi, не дерегi, не
д„лелi жоқ. Керiсiнше, оның өзi баршаның дәлелi бола алады. Ол тұрақты,
мәңгiлiк түрiнде өз бетiнше өмiр сүредi, ешқашан мәңгiге жоғалмайды, өмiрi
әлеуеттi емес. Бұдан оның болмауы мүмкiн емес, ол өзiнiң бiрқалыпты
өшпейтiн өмiрi үшiн ештеңеге мұқтаж емес және ол бiр қалыптан екiншi
қалыпқа көшпейдi деген тұжырым шығады.
Ол — бiртұтас: өмiр сүруi үшiн өзге ештеңеге тәуелдi болмауы себептi
де, заттар тәрiздi көлем, сандық өлшемдерiнiң болмауы тұрғысынан да.
Демек, оған не көлем, не орын, не уақыт таңуға болмайды. Ол дене емес.
Оның болмысында өзiнiң өмiр сүруi тәуелдi болатындай бөтен
ешн„рсе жоқ. Осы мағынасында да ол бiртұтас. Дәл осы iспеттi оның болмысын
материя, форма, түр, түс деген тәрiздi түсiнiктермен сипаттауға болмайды.
Ол ешқандай қайшылықсыз. Ол — таза iзгiлiк.
Ол - таза ақыл, таза ақыл мен бiлушi және таза ақылмен танылушы —
осының бәрi оның тұтастығын және даралығын құрайды.
Ол - данышпан, тiрi, құдiреттi және керемет иесi. Ол - көркем, шебер,
кемелдi және ұлы.
Ол өзi — шапағат иесi. Ол өзi — махаббат иесi және махаббат нұрын
себушi.
Өмiр сүретiн барлық заттар содан басталады, күллi заттарда оның
таңбасы бар және күллiсi тек сол арқылы ғана бар бола алады. Барлық дүние
соның бар болуының арқасында және соның шапағат нұрымен, үйлесiмдi ретiмен
жаратылады.
6. Кезкелген бар зат одан тiршiлiк алып, белгiлi категорияға қосылып,
бiртұтас сап түзейдi. Заттардың болмысын жасағанда ол бiздiң
мақсаттарымызға ұқсайтын мақсат көздемейдi. Ол ештеңенi мақсат етпейдi.
Сонымен бiрге заттар оның шарапаты мен рахым назарынсыз өздiгiнен,
табиғи жолмен жасалып шыға алмайды. Керiсiнше, ол оның өзiн осы заттар
тиiсiнше тiршiлiк алатын жүйелi iзғiлiктердiң бастауы екендiгiн бiлуi
арқасында ғана заттар одан жасалады. Сонымен, оның бiлiмi — заттардың барға
айналуының себебi, заттар — оның танымының көрiнiсi. Ол заттарға мәңгiлiк
өмiр бередi, жоқ болуына тыйым салады, осы мәнiнде ол барлық заттардың
болмысының себебi болып табылады, бiрақ бұл заттарды жоқтан бар еткенде
оларға өз бетiнше еркiн өмiр сүру мүмкiндiгiн қоса бередi деғен сөз емес.
Ол тұңғыш жаратылғанның себебi. Бүл жаратылған затқа одан әрi де өмiр сүру
қабiлетi берiледi, бiрақ оның болмысының себебi өзiнде емес, яғни оның өмiр
сүруi ешқандай өзге себептерге тәуелдi емес, жалғыз Жаратушының ғана
еркiнде. Барлық заттар өздерiнiң Жаратушысы ретiнде оған бiрдей тең
дәрежеде қатысты (ал онымен оның жаратқандарының арасында байланыстырушы
ештеңе жоқ), өйткенi тұңғыш жаратылған одан кейiнгi заттардың себебi болып
табылады. Оның iсiнде ешқандай мiн жоқ, барлығы өзiнiң хұзырында.
7. Қажеттi бардан ең бiрiншi болып тақ санды әлдене, атап айтқанда,
алғашқы ақыл жаралды.
Алғашқы ақыл кездейсоқ (акциденталдi) көптiк қасиетке ие болды,
өйткенi ол өздiгiнен алғанда мүмкiн бар, тек барлық себептердiң себебiнiң
арқасында ғана ол қажеттi барға айналды, себебi, ол өзiн де, тұңғыш
себептi де тани бiлдi. Алғашқы ақылдың көптiк қасиетi барлық себептердiң
себебiнен — тұңғыш себептен емес, алғашқы ақыл одан өмiр сүрудiң нақты
түрiн ғана алды, ал өмiр сүру мүмкiндiгi жаратылысынан оның өзiн-де едi.
8. Алғашқы ақыл қажеттi бар және ең тұңғыш себептi бiледi, сондықтан
одан көп болу мүмкiндiгiне не (кездейсоқ) тағы басқа ақыл бөлiнедi. Ал
алғашқы ақылдан оның мүмкiн бар болуы және өзiн өзi тануы себептi барлық
материясымен және оған тән формасы — жанымен қосып ең жоғарғы сфера шығады.
Ең жоғарғы сфера және оның формасы өзғе екi заттың, атап айтқанда, тағы бiр
сфера мен тағы бiр жанның пайда болу себебi болды.
9. Екiншi ақылдан ең жоғарғы сферадан тұратын тағы бiр ақыл мен тағы
бiр сфера шығады. Бұл ақыл мен бұл сфераның шығу себебi, бiз алғашқы ақыл
турасында айтқанымыз тәрiздi, онда көптiк мүмкiндiк аксидентальды,
кездейсоқ қалыптасады.
Дәл осылай бұл ақылдан тағы бiр ақыл мен тағы бiр сфера шығады (ал бұл
ақыл мен сфералардың саны бiзге тек жалпылама түрде ғана мәлiм), сөйте келе
әрекетшiл ақылдар тiзбегi материядан бөлек әрекетшiл ақылмен тынады,
сфералардың саны да осымен тұйықталады. Бұл ақылдар бiрiнен бiрi өрби
отырып, шексiз тiзбек түземейдi. Олардың түрлерi сан алуан және осы сан
алуан түрлердiң өздерiнiң әрқайсысы жекелей алғанда өзiнiң ерекше түрiн
түзедi. Айтылған ақылдардың соңғысы бiр жағынан жердегi жанның өмiр
сүруiнiң себебi қызметiн атқарса, екiншi жағынан (сфералардың қатысуы
арқылы) төрт элементтiң пайда болуының себебi болады.
10. Тұрақты, қозғалмайтын ортаны айналып жүретiн „лем мен сфералар
тiзбегiнiң бастауы болып табылатын субстанциядан өсiмдiк, хайуан және
ақылды жандарды қабылдап алуға бейiмдi әр пропорцияда әртүрлi қажеттi
элементтер қоспасы қалыптасады. Дәл осы сфералардың қозғалысынан және
олардың бiрiне бiрiнiң сүйкелiсiнен белгiлi тәртiпте төрт элемент пайда
болады. Iзгiлiктiң үйлесiммен түзiлу ретi әрбiр ақылдың өзiне мәлiм.
Сондықтан ол iзгiлiктер осы үйлесiм ретiмен одан қажеттi түрде шығады.
Осылайша, ол (ақыл) өзiнен шығуы тиiс осы iзгiлiктердiң өмiр сүруiнiң
себебiне айналады.
Аспан денелерi жалпы және жалқы туралы бiлiмге ие. Олар қабылдау
арқылы бiр қалыптан екiншi қалыпқа көшудiң белгiлi ретiн мүмкiн санайды
және осы қабылдау арқасында оларда қозғалыстың тiкелей себебi болып
табылатын дене қабылдауы пайда болады. Сонымен қатар қабылдаудың жалқы
заттарынан (жалқы қабылдаулардан) дененiң үздiксiз қозғалысы пайда болады,
ал бұл өзгерiстер өз кезегiнде төрт элементтiң құбылуының және пайда болып,
жойылуының, әлемдегi барлық өзгерiстердiң себебiне айналады.
Аспан денелерiнiң әлдебiр жалқыға, атап айтқанда, олардың беретiн
айналмалы қозғалысына қатыстылығы төрт материяның жалғыз (тұңғыш) материяға
қатыстылығының себебiне айналады, ал олардың қозғалысындағы өзгешелiктер
төрт элементтiң және олардан құрылған заттың материясынан өзгеше. Бұлардың
бәрiнiң үш өлшемi бар. Яғни олар - дене. Осы ортақ қасиетiне қарамай,
сфералар мен аспан денелерiнiң формасы төрт элементтiң формасынан өзгеше.
Мәселе осылай болса, бiрiншi материя формадан бөлек өмiр сүре алмайды,
сол сияқты табиғи форма да материядан жеке-дара өмiр сүрмейдi.
Керiсiнше, бiрiншi материя актуальды өмiр сүрушiге айналуы үшiн
форманы қажет етедi. Бiрiншi материя мен форма бiр-бiрiнiн өмiр сүруiнiң
себебi бола алмайды, олардың екеуiнiң бiрге өмiр сүруiн анықтайтын өзге бiр
себеп бар.
11. Аспан қозғалысы дегенiмiз — қозғалушы өзiнiң калпын өзгертiп
отыратын айналмалы қозғалыс, ал ауыспалы қозғалыс дегенiмiз — қозғалушы
дене өзiнiң орнын алмастырып отыратын қозғалыс.
Қарапайым денелерге сан және сапа, сондай-ақ тура қозғалыс тән және
оның соңғысы екi түрлi болады: оның бiрi - ортадан шетке, екiншiсi - шеттен
ортаға қарай. Күрделi денелердiң қозғалысы олардың құрамындағы төрт
материяға жататын қарапайым денелердiң үлес салмағына тәуелдi.
12. Қозғалыс пен тыныштықтың басталуы, ол сыртқы қысым немесе өмiр
болмаса, табиғат деп аталады. Қозғалыстың кей түрлерi ерiксiз болады,
мұндайда олардың басталуын өсiмдiк жаны дейдi немесе ерiктi болуы ықтимал.
Бүл жағдайда оның бiрқалыпты немесе тұрлаусыз болуына қарамастан, олардың
басталуын хайуан жаны және сфера жаны дейдi. Уақыт деп аталатын осы
қозғалыспен байланысты. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz