Абай Құнанбаев – реалистiк, гуманистiк жаңа әдебиеттiң негiзiн қалаушы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе2

Абай Құнанбаев - реалистiк, гуманистiк жаңа әдебиеттiң негiзiн қалаушы2

Абайдың жастық шағы3

1. “Қазақтың бас ақыны”6

2. Абайдың поэмалары9

3. Абайдың қарасөздерi мен нақылдары11

4. Абай - музыкалық шығарма жазған композитор14

Қорытынды15

Қолданған әдебиет тізімі:16

Кіріспе

Абай Құнанбаев - реалистiк, гуманистiк жаңа әдебиеттiң негiзiн қалаушы

Қазақ халқының тұтас бiр дәуiрiнiң ақыл-ойы мен мәдениетiнiң, өнерi мен әдебиетiнiң асқар шыңын бейнелейтiн кемеңгерi Абай Құнанбаев-өз ұлтының реалистiк гуманистiк жаңа әдебиетiнiң негiзiн қалаушы, қазақ поэзиясын қоғамдық дамудың озық деңгейiне бағыттап, өз кезiнiң ең басты мәселелерiн дәл бейнелеп, дұрыс қорытынды шығара бiлген прогресшiл ақын. Ол халқының болашағы үшiн жан аямай қызмет еттi, оны мәдениет нұрына үндедi. Белгiлi бiр тарихи кезеңнiң алға қойған сұрауына жауап берiп, елiнiң әдебиет көшiн зор мақсатқа меңзедi.

Кемеңгер ақынның ұлы мақсат-мүдделерi бiзге тамаша гуманистiк әдеби еңбектерi арқылы жеттi. Абай қалдырған бұл мұралар өз дәуiрiнiң алуан түрлi мәселелерiн қамтыды, сол кездегi қазақ елiнiң шын сырын ашты. Абайдың шығармалары - өз дәуiрiнiң келелi мәселелерiн реалистiкпен суреттейтiн, ағартушылық гуманистiк мазмұнға бай, iзгi ниеттер мен терең ойға толы, шебер тiлдi көркем туындылар.

Амал не, Абайдың осы асыл мұралары өзi тiрi кезiнде, бүгiнгiдей жоғары бағаланып, кең танылып кете алмады. Абай шығармалары қолдан көшiрiлiп, қолжазба күйiнде не жатқа айтылу арқылы ғана таралды. Ақын өлеңдерiн шағын жинақ ретiнде 1909 жылы Кәкiтай Ысқақов бастырған едi. Ал одан кейiн 1917 жылы Құрманов дегеннiң редакциясы бойынша Абайдың таңдамалы өлеңдерiнiң шағын жинағы Орынборда басылып шыққан-ды.

Ресей географиялық қоғамы Абай туралы мәлiметтердi ерте кезден-ақ бере бастады. 1906-1907 жылғы “Хабарларында” ақынның суретiн және ол туралы Әлихан Бөкейхановтың көлемдi мақаласын жариялады. Ал 1904 жылы сол қоғам А. Н. Веселовскийдiң құрметiне арнап шығарылған Шығыс жинағының үшiншi бөлiмiнде ақынның кейбiр өлеңдерiн бiрiншi рет орыс тiлiне аударып басты. 20 ғасыр басында өмiр сүрген ұлы жазушылар - Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов, Мағжан, Жүсiпбек, Сұлтанмахмұт т. б ақынның ерекшелiгiн танып оны “Қазақтың бас ақыны” - деп ардақтады, Үлгi тұтты. Кейiн ақын шығармашылығы жаңадан жаңғырғандай болды. Оның шығармалары толық жинақ түрiнде де, жекелеген кiтаптар түрiнде де әлденеше рет баспа бетiн көрдi, туысқан халықтар тiлдерiне аударылды.

Кейiнгi жылдары республикамыздың ғылыми-зерттеу орындары мен әдебиетшiлерi Абай шығармашылығын игеруде жаңа қадамдар жасады. Күнделiктi баспасөз бетiндегi мақалаларды былай қойғанда, көлемдi монографиялық зерттеулер де жарық көруде. Бұл еңбектер, сөз жоқ, абайтану тарихында жаңа бiр белес биiгiн танытады.

Абайдың жастық шағы

Дана ақын Абай 1845 жылы тамыз айында, қазiргi Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған.

Абайдың әкесi - Құнанбай - өз елiне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделi, зерек ел ағасы, iрi тұлға.

Абайдың жас кезiндегi көңiл сергiтiп, жүрегiн жiбiткен жылы құшақ кiшi пейiл анасы - Ұлжанның мейiрiмдi көңiлi, көптi көрген әжесi Зеренiң жылы қойыны. Абайдың ақкөңiл, адамгершiлiк сезiмi күштi, зәбiр-жапа шеккен адамды, жоқ-жiтiктi аяғыш, сергек бала болып өсуiне де осы жайлар себеп болған.

Оқу жасына жеткеннен бастап, Абай ауыл молдасында, үйде оқыды. Бiрақ уақытын молдамен бiрге өз үйiнде “әлiп”, “би” жаттаумен өткiзедi. Бұған қосымша, ел шешендерiнiң шебер тiлдi мақалдап айтқан тұспал әңгiмелерi, халықтың ақын, жыршы, ертегiшiлерi сөздерi - Абайдың алғашқы, сәбилiк сезiмiне түрткi салып оятқан күштiң бiрi.

Сегiз жасар Абай өзiнiң зеректiк қабiлетiмен әке көзiне iлiгiп, үмiт күтер, ата жолын ақтар бала болар ма деген ой салады. Мiне, осы себептен әкесi Құнанбай Абайды Семей қаласына апарып, әуелi Ғабдулжапар молдаға оқуға бередi. Бұл молданың қарамағында екi жылдай оқып, мұсылманша бастауыш бiлiм алады. Бұдан кейiн, он жасар Абай, бiр басқыш iлгерi дәрежедегi, жабық оқу орны, мешiт жанындағы дiни медресеге түседi. Осы медресе имамы Ахметризаның қарауында оқиды. Абай бұл медресе оқуын да меңгерiп, үздiк көзге түстi. Абай молдадан оқи жүрiп, өз бетiмен көп iзденедi. Сол кезде көп тарап жүрген Орта Азия және тәжiк, парсы халықтарының ұлы ақындары - Науаи, Низами, Фирдаусилер шығармаларымен танысады. Бұлардың еңбектерiндегi адамгершiлiк идеясы, реалистiк мотивтер Абайға үлкен ой салады. Оны бiлуге, iлгерi iздене беруге ұмтылдырады. Соған орай ол - көрнектi ақындардың шығармаларына үлкен назар салып, келiстi сөздерiн жадында сақтап жүредi. Ендiгi жерде Абай медресе айналасындағы салтқа, жүрекке қонымсыз бiр сарынды жаттанды оқуға, оның тәубешiл имамдарына қанағаттанбай, ел өмiрiне жанасымды бiлiм алар жердi iздестiредi.

Семейде болған аз жыл iшiнде Абай тек медресе маңын, қауымды танып қойған жоқ. Абайдың сезiмтал, жас, ынталы жүрегi оған қаланы тегiс танытты. Ол қала халықтарын, оның мәдениетi, тұрмыстарын күнкөрiс тiршiлiктерiн, даладан өзгешелiктерiн, тағы басқа жақтарын түгел танып, зердесiн өсiредi. Қала халықтарының бойындағы игi қасиеттердi Абай сол ојушы кезiнiң өзiнде-ақ таниды. Өз бетiмен қала халқына жақындасып кетедi. Ең алдымен тiлiн үйренуге зер салды. Құрбы балалармен бiрге орыс мектебiне де барды. Ол мектеп оқуы өзге, өмiрге жақын, дүниелiк екенiн таниды. Аздаған уақыт орыс мектебiне (үш айдай) қатысып, сабақ алады. Мұгалiмдер жалдап, үйден де оқиды. Сөйтiп орысша оқуға жан сала кiрiсiп, сол тiлдiң қиындығына қарамастан, еңбектене жүрiп, бiраз хабар алады. Орыстың тiлiн, жазуын меңгеру арқылы Абай өзiне кең дүниенiң есiгiн ашып, мол қазынаға қолын жеткiзгендей болады. Ендi, ол қалалық кiтапханадан шықпай оқып, бiлiмге бой ұрады. Кiтапханаға жиi барып тұру арқылы ғалымдар тобымен танысып, олардың көңiлiн аударады. Дала халқы, қазақ баласының кiтап алу, оқуы ол кезде көп кездеспейтiн, тым сирек жағдай. Сондықтан, кейбiр оқымыстылар, көреген қариялар, әр түрлi ойлы адамдар Абаймен тiлдесiп, өздерiнiң ақылын айтып, шын мейiр көрсетiп, iшiне тартып, баули бастайды. Олар Абайдың ұқыпты, зеректiгiн сезiп, өз мектебiндегi кiтаптарды, кейiн тiптi сирек кездесетiн шығармаларды оқуға жәрдемдеседi, рұқсат етiлмейтiн авторларды ұсынып, әбден достасып кетедi.

Осылайша, қала өмiрiн танып, жаңа дүниенiң есiгiн тауып, iшiндегi нәрдi тата бастаған оқушы Абайды әкесi Құнанбай оқудан айырып, елге алып келедi. Ендi ол Абайға өз “өнерiн” үйренудi ұсынады. Ел билеу iсiне тарту мајсатымен оны ру арасы, ел iшi дау-жанжал, айтыс-тартысына қосады. Амал не, Абай Бұл талапқа да көнедi. Өзiне жүктелген тапсырмаларды кейде әке ырқынша, кейде өз жүрек қалауынша, ойы жеткенiнше, жеке қарай шешiп жүредi.

Ендi Абай өз елiне бұрынғыдай емес, саналы, ойлы, оқыған жас болып оралады. Ендiгi өмiрде жете танырлық дәрежеге көтерiледi. Бұрын көп елемей, құр тыңдап қоятын, ұшқыр сөз, мақал-мәтел, өлең, жыр, ақындар айтысы ендi Абайдың назарын аударып, өзiне тартып әкетедi. Бұл сияқты халықтық мол мұраны меңгеру Абай үшiн ең керектi iс болып танылады. Абай өнерпаздар жиынына, Ұлжан анасының оларға деген сыйына, мейiрлi меймандостығына өте ризалықпен қарады, олардың басы-қасында жүредi. Абай да өнерлi ақындарды өзiне тым жақын тартып, олардың шеберлiк жетiстiктерiн меңгеруге тырысады.

Абай классикалық әдебиеттердi оқыған сайын көзi ашылып, өмiрдiң, қоғамның сырларына түсiне бастайды. Бұрын Абай өмiрдегi жақсылық пен жамандық, дәулеттiлiк пен жоқшылық бәрi құдай iсi деген молдалардың ғана сөзiн естiп келсе, ендi Абай өмiр туралы, ондағы қоғамдық теңсiздiк туралы өзгеше ой, ақылға сыйымды, өмiрге үйлесiмдi жаңа түсiнiктер табады.

Абайдың медреседен кейiнгi оқу жолы осындай өз бетiмен iздену, үйрену дәрежесiнде болды. Алыстан араласқан Абай өзiне жаңа ортаның жолын тапты. 17-18 жастан 28-29 жасқа дейiнгi Абайдың өмiрi осындай өз бетiмен iздену, ел өмiрiн зерттеу, халық даналығы мен батыс әдебиетiн меңгеру жолында өттi. Бiрақ бұл жылдары Абайдың өз басының билiгi өз қолына тимей жүрдi. Көбiне-ақ беделдi әкенiң тәлiмi астында өттi. Бұл жағдай Абайдың ел өмiрiн, қазақ қоғамын жете тануына жәрдемдестi, Абайдың ойын дамытып, тiл шеберлiгiне дағдылауына әсерiн тигiзiп отырды. Талай шебер тiлдi шешендiк, өткiр тiлдi ақындық, сөз тапқыр, әдiл билiктер Абай үшiн керектi өнер едi. Абай сол өнердi халықтан үйренiп, жақсы меңгередi. Бар жас кезiн осындай ел жанжалы мен дауын басу үшiн жұмсай беру Абай сияқты халық үшiн туған ақыл иесi адамға ой салмай қоймады. Көбiне үйде отырып кiтап оқып, өз ойларын жазып, қалауымен жүрiп, iздене түседi.

Осылайша, Абай тек отыз жастан асқан соң ғана өз көңiл қалауымен қызмет етедi. Абай осы кездерден кейiн шығармашылық қызметпен де айналыса түседi. Бұған дейiн, Абай көбiнесе iзденiп, оқып үйренiп келген едi. Кейде жеңiл әзiл-оспақ ретiнде жастық сезiм күйiн шертiп, кейде мiнезi жаман адамдарды, оның сараң шолжаң әйелдерiн, қуларды келеке етiп қоятын, кейде сұрампаз, жағымпаз ақынсымақтарды, шешенсiген билердi сөзбен шалып, олардың орынсыз сөздерiн бетiне басатын. Әуелгi кезде оқушы жолдастарына арнап, кейбiр молдаларға қаратып, ұшқыр сөз, өткiр өлең шығармаларын айтып та жүрген. Сол алғашқы кезiнде, қанатты сөздердi өзi оқыған дiни оқуынан таппақ болып, араласып жатқан тiлi шұбар өлеңдер де шығарып отырған. Кейде Низами, Науаи, Фердауси сөздерiн қайталап, солар жазған тiлдiң сөздерiн өз өлеңiне молырақ ендiрмек те болған. Ескi дiни оқудың әрбiр әрпiн келеке етiп, ұйқастыра сөз қосып, өлең айтып жүрген.

1. “Қазақтың бас ақыны”

Ал ер жетiп, ақыл тоқтатқан кезден бастап Абай жат тiл қолданып, жеңiл сөз айтудан аулақтай бередi. Ол саралап сөз жиып, салмақпен тiл қатып, байсалды ой мен терең пiкiрлер қозғап отырады. Өз халқының тiл байлығын сарқа пайдалану мақсатын көздейдi.

Абай 35-40 жастар шамасында өзiнiң ақындық талантын таныта бастайды. Ендiгi оның шығармалары жаңа бағыт ұстайды. Зор идея мен тың мазмұнға негiзделген соны шығармалар берiп, бiрден-бiр дұрыс жолмен iлгерi аяқ басады. Абайдың тез өзгерiп, жетiле түсуiне өзi iздеп тапқан рухани азығы-батыс әдебиетi мен сыны мықты әсер еттi.

Абай қалада ойлап жатып, елiне арбалап кiтап алып қайтады. Семейге айдалып келген, патша өкiметiне қауiптi деген адамдармен де кездесiп, олармен ұзақ кеңесiп, iшкi, сыртқы жағдайлар туралы хабар алып тұрады.

Абайдың медреседе бiлiм алған кезеңi күнi бүгiнге дейiн зерттелмей келдi. Асылы, жас талаптың бұл кезеңi өте нәтижелi өтсе керек. Абайдың бай да нәрлi шығыс классик әдебиетiн толық игерген кезеңi осы отыз жасқа дейiнгi кезеңi болған емес пе? Қадiм түркi шағатай ғана емес, парсы мен арабтың тiлiн жетiк бiлiп, сол тiлдердегi ғылыми тәлiм-тәрбиелiк мәнi бар шығармалармен де кезiгiп кейбiр шежiре жинақтар, тарихи мәнi бар еңбектердi оқиды.

Абайдың шығармашылық жаңа жолына үлгi болған орыстың классик жазушылары - Пушкин, Лермонтов, Крылов т. б. едi.

Бұлар Абайды өзi шыққан ортадан мүлде бөлiп, басқа ортаға - қалың ел iшiне, өркендi өнерпаздар қауымына әкелiп қосты. Классиктердiң озық идеялы, реалистiк еңбектерi Абайға жаңа күш бердi. Оның шығармашылығының жаңа қарқынмен дамуына жәрдемдестi.

Ақын ақынды өмiр оқытушысы, үгiтшi, үлгi берер азамат жыршысы болуы керек деп бiлдi. Өзi “көкiрегi сезiмдi, тiлi орамды” жастарға үлгi болды, оларға ақыл айтып, өлең жазудың тамаша шебер үлгiлерiн көрсетiп бердi. Абайдың ойынша қиыстырып айтылған сөздiң бәрi өлең емес, құр айқай, санасыз сарын ән емес, “өлең - сөздiң патшасы, сөз сарасы”, оның тiлi жеңiл, жүрекке жылы тиерлiк, құрылысы шебер, айналасы теп-тегiс, аз сөздi, терең мағыналы келуi керек.

Абай шебер өлеңдi, тәттi әндi мәдениеттi жоғары, бiлiмдi ақын ғана бере алатынын ескертiп, “Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол - ақынның бiлiмсiз бейшарасы” деп көрсеттi.

Абай - өзi өмiр сүрген дәуiр шындығын ақтара зерттеп, iшкi-сыртқы сырларын жете ашқан реалист жазушы. Ол өз кезiндегi қоғам өмiрiне сын көзiмен қарап, барлық қайшылықтарын көре бiлдi. Ол қазақ билерiн, болыстарын сынап, тек жай шыншыл ақын ғана емес, сонымен бiрге өзiнiң үлкен сыншыл ақын екенiн де танытты. Қазақ болыстарының сайланған күннен бастап шұғылданатын iс-әрекеттерiн, мақсат-мүдделерiн, мiнез-құлықтарын айқын сипаттап, типтiк образдарын жасап бердi. Олардың болыс болғандағы мақсаттары ел қамы үшiн қызмет ету емес, өз қамы, өз құлқыны екенiн әшкереледi.

Қайнайды қаның,

Ашиды жаның,

Мiнездерiн көргенде, -

деп Абай Бұларға қарсы атына наразылық бiлдiрдi.

Абай қазақтың жағымпаз, қу, бұзақы тобын өлтiре сынап, олардың екi жүздi, сүйкiмсiз образдарын жасап, “Болыс болдым мiнекей”, “Бойы бұлғаң”, “Мәз болады болысың”, “Адасқанның алды - жөн, арты соқпақ” және т. б. өлеңдер жазды.

Абай өлеңдерiндегi негiзгi елеулi әлеуметтiк мәселелердiң бiрi - қазақ әйелдерiнiң жайы, қазақ жастарының махаббаты, еркiндiк мәселесi.

Махаббат, әйел теңдiгi тақырыбы Абай өлеңдерiнде кең қамтылып, жалпы адамгершiлiк идеясымен қабысып келедi. Абай бұл мәселелердi көтеруде де өзiнiң жаңашыл, еркiн ойлы ақын екенiн көрсеттi. Ол қазақ қыздарының теңсiздiкте езiлiп, сүйгенiне қосыла алмай келген ауыр халiн көрдi. Өзi бұған наразылық бiлдiрiп, аянышты сезiмге толы өлендерiн шығарды. Ол өзiнiң “Бiр сұлу қыз тұрыпты хан қолында” деген өлеңiнде ескi салт бойынша жас өмiрiн қор еткен қазақ қызының трагедиясын суреттейдi.

Абай адамды қорлауға, бiрiн ер, бiрiн әйел деп бөлiп кемiтуге қарсы. Дүниенiң қызығы, өмiрдегi жан тыным табар жұбаныш достық өмiрде деп бiлген Абай:

Жүрегi жұмсақ бiлген бұл,

Шын дос таппай тыншымас.

Пайда мақтан - бәрi тұл

Доссыз ауыз тұщымас, -

дейдi.

Ғылым жолы оңай жол емес, соқпақсыз шатқалды қиын жол дей келiп, Абай соған қарамастан, талмай еңбек етiп, зор ынтамен бейнеттенiп iзденген адам ғана ғылымды меңгере алатынын ескертедi. Ол өзiнiң өлендерiнде жас кезiнде көп оқи алмай, көп нәрсенi өткiзiп алғанын айтып өкiнедi, жастарды уақытын басқа өткiзбеуге шақырады.

Абай адамға керектi және керексiз нәрселердi санап бередi, “Тiлеген өмiрiң алдыңда, оған қайғы жесеңiз” деп жастарды келешекке сендiре сөйледi. Одан кейiн адам болам деп талаптанған жасқа ескерерлiк, ең қажет “бес нәрсе” бар. Олар: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым; қамың болар бес дұшпан бар, олар: өсек, өтiрiк, мақтаншақ, ерiншек, бекер мал шашпақ, - деп көрсетедi.

Қызмет қылып мал таппай,

Ғылым оқып, ой таппай,

Құр үйiнде жатады, -

деген өлең шумақында ақын мақсатсыз құр селтеңдеп жүргендердi де сынап өтедi.

Абай өлеңдерi - еңбек сүйгiштiкке тәрбиелейтiн зор идеялы шығармалар. Абай дүниеде өмiр сүру де, оны бiлу де, тану да бәрi еңбекпен келетiнiн түсiнедi. Адам өмiрi үшiн де ол еңбектiң шешушi роль атқаратынын, еңбексiз өмiрдiң адамды аздыратынын ескертедi.

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық

Аздырар адам баласын.

Абайдың табиғатты суреттеп жазған бiр топ өлеңдерi тек тұр жақынан ғана емес, мазмұны жақынан да өзгеше. Ол өлеңдерiнде ақын елiне, жерiне шексiз сүйсiне отырып, өмiр шындығын кеңiнен қамтып көрсетедi. “Желсiз түнде жарық ай”, “Қыс”, “Жаз” тағы да басқа өлеңдерiнде жыл мезгiлдерiнiң әрбiр кезеңiн қазақ аулының өмiр тiршiлiгiне қабыстыра суреттейдi. Табиғаттың көктемде оянуына, құлпыруына нағыз суреткерше қуана бiлген Абай көктем туралы өлеңдерiнде жер - қалыңдық пен күн - күйеудiң мифологиялық образдарын жасады.

Абай лирикалары - өмiрдiң шынайы жылуына толы, күн нұрындай әсерлi шығармалар. Онда жан сергiтер самал лебi есiп тұр. Ақын өлеңдерi оқушысын күн нұрына бөлеп, көк майсаға орағандай керемет ләззат бередi. Ол кейде шексiз қуаныш бесiгiнде тербетсе, кейде қайғы-қасiреттiң қара түнегiне душар етедi. Бойыңа талмас жiгер құйып, жан дүниеңдi жадырата бередi. Соқтықпалы, соқпақсыз заманға, қайғысы мен зары мол қоғамға деген өшпендiлiгiңдi өршете түседi. Сондықтан да Абай сөздерi күнi өткен тарихтың мүлкi бола алмайды. Қазiргiнiң ең қажет рухани құралы боп қала бередi.

2. Абайдың поэмалары

Абайдың поэмалары. Ақын творчествосынан елеулi орын алатын шығармаларының бiр саласы - оның поэмалары. Олар: “Ескендiр”, “Масғұт” және “Әзiм әңгiмесi”. Бұл ақынның лирикадан - оқиғалы, көлемдi шығарма жазуға ойыса бастаған кезеңiн танытатын маңызды еңбектер. Абай өзiнiң поэмаларында да жоғарыда көрсетiлгендей әлеуметтiк, адамгершiлiк идеяларын көтердi. Мысалы, өзiнiң “Ескендiр” поэмасында Александр Македонскийдiң озбырлығын, соғыс құмарлығын, дүниеқорлығын әшкерелейдi. Ескендiр патша туралы кезiндегi алып-ұшпа мадақтау сөз, аңыздарға қарсы, Абай озбыр Ескендiрдiң жағымсыз бейнесiн жасады. Ескендiрге қарсы ақыл иесi философ Аристотельдi алып, өзi сол дана философ жағында екенiн көрсеттi.

Абайдың “Масғұт” поэмасы да - жаңа идеяға негiзделген шығарма. Ақын өз поэмасының негiзгi кейiпкерi Масғұтты адамгершiлiк үшiн күрескер етiп көрсетедi. Масғұт өзiнiң iзгi ниеттiлiгiмен - тонаушылардың озбырлығынан зәбiр көрiп жатқан қарiп-қасер, жазықсыз шалды қорғап қалады. Шалды Масғұт тонаушылар қолынан өз басына пайда ойлап, соның үшiн құтқармайды, тек жазықсыз жанды қорғау мақсатымен ғана қауiптi iске араласады. Масғұттың қорғайтыны өлiм тырнағына iлiнген шал болса, кейiн таңдайтыны - жәбiр көрген правосыз әйел қауымы. Поэмадағы бұл тоқтам жай айтылған сөз емес, ол романтикалық аңыздау арқылы суреттелсе де ақынның гуманистiк идеясын танытатын озық ойының түйiнi.

Абайдың жоғарыда аты аталған екi поэмасы да революцияға дейiнгi қазақ әдебиетiнде ерекше орны бар шығармалар. Бұл ерекшелiк Абай поэмаларының идеясынан да, түр өзгешелiгiнен де айқын танылады. Абай Бұл поэмаларында өмiрде кездесетiн шындықты романтизм әдiсiмен суреттейдi. Кейiпкерлерi - қарапайым адамдар. Олардың iс-әрекетi де қарапайым. Ал романтизм сол әрекеттердiң байланысы, жемiсi ретiнде көрiнiп, ақынның ұшқыр қиялымен қабысып кетедi. Кейде соны ақын қуаттайды да. “Адамның көзi тоймайды, көз сүйегi ауыр болады - мыс немесе әулиенiң iстейтiн пiр бар” деген сияқты түсiнiктер қуаттталып отырады. Бұл ойлар ақынды амалсыз романтизмге бой ұрғызады. Сөйтсе де Абай шынайы өмiрден аулақтамайды. Өзiнiң мифтiк, романтикалық ойларын адам өмiрiне, шындыққа жанастыра баяндайды.

Абай поэмаларын қазақ ауыз әдебиетiнде қалыптасқан жыр, толғау дастандармен де, шығыстық қиссалармен де салыстыруға болмайды. Абай поэмалары - оқиғаны өмiр шындығына жанасымды етiп бере бiлуi, сөз тiл қолданудағы қарапайымдылығы, халыққа түсiнiктi болуы, образдардың жай адамдар бейнесiнде сипатталуы, идеясының терең және айқын адамгершiл болуы жақынан өзiнен бұрынғы жыр толғаулардан мүлдем ерекше жаңа сипаттағы шығармалар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы ағартушы Абай Құнанбаев
Алаш зиялыларының әлеуметтік лингвистикалық тұжырымдары тақырыбында, Абай Құнанбайұлының еңбектеріне зерттеу жүргізу, талдау жасау
Абай Құнанбаевтың ағартушылық тағлымы
Жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы - Абай Құнанбаев
Абай философиясы. Абай - қазақ халқының ұлтының және ұлт ретінде өмір сүру құқығының белгісі
Қазақ әдебиетімен Европа халықтары әдебиетінің байланысы
Фольклор және жазба әдебиетінің ерекшеліктері
Абай Құнанбайұлының қысқаша өмірбаяны
Абайдың өмірі мен шығармашылығы
Абай Құнанбаевтың шәкірттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz