Ортағасырлық батысеуропалық философия туралы


ЖОСПАР
Ортағасырлық батысеуропалық философия2
Жаңа заман философиясы4
Әдебиеттер8
Ортағасырлық батысеуропалық философия
Ортағасырлық батысеуропалық философия - дүниетаным дамуындағы өзіндік ерекшелігі бар кезеңдердің бірі. Бұл ерекшелік философиялық ой дамуының тікелей діни-теологиялық шеңбері ішінде, христиандық діни ілімнің апологетикасы төңірегінде өрбуімен сипатталады. Ортағасырлық батысеуропалық философияның қалыптасуы мен дамуына Муций Феликс, Тертуллиан, Ориген сияқты апологеттер, неоплатонистер және Аврелий Августин өздерінің интеллектуалдық ықпалдарын тигізді. Рим шіркеуі Әулие Августинді (375-383) сенім мен ақылдың үйлесімділігі тұрғысынан христиандық діни ілімді негіздеудегі орасан зор сіңірген еңбегі үшін «әкей» ретінде мойындаса, көптеген батыстық зерттеушілер оны «батыстық ортағасырлық мәдениеттің ұлы сәулетшісі» дейді. Аврелий Августин өзінің «Құдай қаласы туралы» еңбегінде атақты формуласын негіздейді. Бұл «ақыл мен сенімнің өзара бірін-бірі толықтыру принципі» V- ХV ғасырлар аралығын қамтитын Батыс Еуропаның бүкіл ортағасырлық философиялық ойының ең негізгі дүниетанымдық кредосына айналды.
Егер Аврелий Августин Рим шіркеуінің «әкейі» болса, онда Боэций (480-526) М. Грабманның дәл сипаттамасы бойынша «соңғы римдік және бірінші схоласт» болып табылады және сонымен қатар Ортағасырлықтың негізін қалаушы ретінде де (Э. Рэнд) орынды саналады. Боэций антик дәуірінің рухани-философиялық мұрасын ортағасырлық мәдениетінен байланыстырушы, антиктік интеллектуалдық-философиялық дәстүрдің ортағасырлық руханиятпен сабақтастығын жүзеге асырушы қуатты транслятор болып табылады. Боэций аристотельдік ілімнің ұғымдық атқаратын рухани трансляция жасап қана қоймай, ортағасырлық философиялық ойлау мәдениетіне теологиялық проблематиканың негізгі қаңқасын да енгізді: универсалийлер мәселесі, тринитарни (Құдіретті Құдай, оның Ұлы және Қасиетті Рух арақатынастары), субстанция мәселесі және акциденция. Боэцийдің айтуынша субстанция - бұл барша атрибуттар мен акциденцияларды айқындайтын барлық мәнділіктер негізі. Егер субстанция - заттардың жалпы негізі болса, универсалийлер бұл жалпы атаудың мәні. Олар ақыл-оймен абстракциялаудың нәтижесі болғанымен, әлемде бар және нақты өмір сүретіндерді бейнелейді.
Схоластикалық философияның басталуы И. С. Эриугенаның есімімен байланысты (810-877) . Эриугена өзінің «Табиғаттың бөлінісі туралы» деген жұмысында әлемдік үйлесімділік туралы идеясын негіздейді. Онда құдай барлық бастаудың түпнегізі бола отырып, болмыс үдерісін өзі аяқтайды: «Құдай өзі танылмағанымен өзі жаратқан нәрселерінде біршама ашылады, ал Құдайға иланудың өзі - таңғажайып жаратылыс» (Эриугена) .
Ортағасырлық философиясның дамуына үлкен үлес қосқан Ансельм Д' Аоста (1033-1109) болды. Ол өзінің «Прослогион» деген еңбегінде Құдай өмір сүруінің априорлық немесе онтологиялық дәлелдерін негіздейді. Сол сияқты П. Абеляр (1079-1142) заттардың мәніне сәйкес келетін және сөздердің мағынасын білдіретін универсалийлер туралы идеяны дайындап шығарады.
Ф. Аквинский (1225-1274) өзіне дейінгі ойшылдардың универсалийлер туралы барлық идеяларын жүйелей отырып ортағасырлық схоластикалық ойлауда өзінің радикалды қадамымен ерекшеленді. Бұл қайта пайымдаудың мәні табиғатты, адамды, оның Құдайға қатынасын зерттеуге негізделді. «Тән туралы ой жан туралы ойға, жан туралы ой жекелеген субстанция жайлы ойға, ал бұл ой Құдай туралы ойға жетелейді», - деген Ф. Аквинскийдің кредосы аристотелизмді христиандық тұрғыда қайта пайымдаумен сипатталатын схоластикалық философия дамуындағы жаңа кезеңді білдіреді. Ол сондай-ақ креационизм идеясын да ұсынады. Ф. Аквинскийдің ілімі - христиандық діни ілім мен перипатетизм философиясының, христиандық теология мен пайда болып келе жатқан жаратылыстанымның арасындағы ымыраға келушілік.
Бірақ бұл компромисс XIV ғасырда Дунс Скот (1270-1308) тарапынан сынға ұшырайды, томизм мен номинализм арасындағы пікірталасқа Р. Гроссетест (1168-1253), Р. Бэкон (1210-1294), У. Оккам (1290-1349/50) белсене араласады. Фомамен салыстырғанда У. Оккам концептуалды номиналист болып табылады. Әлемде санаға бағынышты емес заттар да өмір сүреді. Ұғымдар - бұл ментальды феномендер. Осы жағдайларды теориялық тұрғыда дамыта отырып, У. Оккам теологиялық спекуляция жасауға негіз жоқ деген шешімге келеді, өйткені олар универсалдар туралы оған сүйенеді. Оккам діни мәселелерді шешуде Папа сөзінің абсолюттігі туралы тезиске оппонент болды. Оның пікірінше ақиқатқа жету жолында барлық нәрсеге де сын болуы шарт. Универсалийлерді сынай отырып Оккам философия мен теологияның ара жігін ажыратады. Номиналистің пікінше философия теологияның қолжаулығы. Философияның өз міндеті бар: тәжірибе арқылы табиғи әлемді зерттеу. Ал теологияның философиядан ерекшелігі - ол Құдайға бет бұрған және сенімге ғана сүйенеді.
Жаңа заман философиясы
Жаңа заман философиясы мен мәдениетінің дамуына Ренессанс (Жаңғыру) үлкен ықпалын тигізді. Ренессанс дәуірінде білімнің қарқынды дамуы, антик мәдениетін қайта жаңғырту, жаратылыстанымдық ғылымдардың пайда болуы сияқты құбылыстар орын алды. XVI-XVII ғасырларда жаратылыстанымдық және математикалық ғылымдар белсенді түрде дами бастады. XVII ғасырға қарай классикалық механика, жаратылыстанымдық ғылымдардың экспериментальдық негізі қалыптасып үлгерді. Сондықтан философияның ғылымға қатынасын анықтау көптеген философтардың маңызды міндетіне айналды. Осыған орай философ-рационалистер Декарт пен Лейбниц, философ эмпиристер Локк және Юм, трансценденталист Кант философия мен жаратылыстану арасындағы шекараны демаркациялау туралы мәселені шешумен айналысты.
Дәл осы Жаңа заман тұсында ғылым алдыңғы орынға шығып, діннің беделі мен билігі мәдени кеңістіктің жиегіне қарай ығыстырыла бастайды. XVII ғасыр - бұл ғылыми рационализмнің қалыпасу дәуірі. Ең алғаш рет дінді сынап және табиғатты экспериментальды зерттеуді негіздеп, әлемге үстемдік етуде рационализмді уағыздаған Жаңа заман философтары қатарына Ф. Бэкон, Т. Гоббс, Р. Декарт және т. б. жатады.
Ф. Бэкон жаңа философия методологиясының мынадай принциптері ұсынады:
1) табиғатты зерттеудегі объективтілік;
2) ғылыми және философиялық әдістің өзіндік құндылығы;
3) табиғаттан технологиялық үстемдік;
4) табиғи әлемді зерттеудің индуктивті әдісі.
Бэконның пікірінше ғылым адамның табиғаттан үстемдігін қамтамасыз етеді және бақытты қоғам құрудың алғышарттарын қалыптастырады. Ал ол үшін философия әлемді тану жолындағы гносеологиялық схемалар мен стереотиптерді тазалауы қажет. Кедергілер түріндегі мұндай идолдар қатарына ол тектік идолдарды, индивидтік идолдарды, алаң идолдары мен театр идолдарын жатқызады. Бұл идолдар ескі философиялық дәстүрлер әсерінен қалыптасқан. Ф. Бэкон адамдарды ағарту мен надандыққа және стереотипке қарсы күресу бағдарламасын ұсынады. Ол үшіп Бэкон адамдарға санадағы тосқауылдардан құтылып, нағыз танымға жол сілтеуге мүмкіндік беретін педагогиканы дайындады. Сонымен қатар ол идеалдық мемлекеттің платондық теориясына өзінің саяси утопиясын қарсы қойды. Бэконның пікірінше адамзат қоғамы өзгеріп отырады және бүл дамудың өзегі адамның табиғатты пайдалану қабілеті мен үстемдігі болып табылады. Қоғам алға жылжиды және тарихты құдай емес адамның өзі қозғайды - міне, Бэконның идеясы. Ал бұл тұжырымның негізін бэкондык индукция теориясы құрайды. Дәл осы индукция теориясы адамға табиғатқа билік жүргізу үшін қажет білімді береді және ғылымның көмегімен адам жаңа қоғам - аспанда емес, жерде жұмақ орната алады!
Дәл осы Жаңа заманда ашылған философиялық идеялар мен ғылыми жаңалықтардың арқасында парадигмалардың алмасуы іске асады: бұдан былай табиғат пен заттар әлемі объектіге, ал адамның өзі субъектіге айналады. Жаңа заманда тілдің стратегиясында да өзгерістер болып, терминологияны «пайдаланудың» жаңа тәсілі пайда болады. Және бұл тілдің жаңа стратегиясы жаңа философиялық стратегияның нәтижесі болып табылады. Бэконнан Декартқа дейінгі, Локктан Кантқа дейінгі Жаңа заман философтары жаңа философиялық стратегия ретінде эпистемологияны қалыптастырды. Жаңа заман философиясы алдыңғылармен салыстырғанда субъективтіліктің философиясы болып қалыптасты. Егер Бэкон индуктивті әдісті идолдарды игеру және ақиқатқа жету әдісі деп санаса, Декарт адамның құралы күмән деп есептеді, ал Локк индивидуалды тәжірибе мен ақыл әрекетіне басымдылық береді. Жаңа философиялық стратегияның жалпы түпкі бастауы субъект ретіндегі адам болып саналады.
Адамды субъект ретінде қарастырып, ал табиғатты адам эксплуатациясының (қанауының) объекті деп қарастыратын жаңа философиялық парадигма ғылыми әдістерді қолдануға мүдделі болды. Заңдылықтар мен себептік байланыстарды түсіндіру үшін ғылыми әдістерді пайдалану адамға объекттің үстінен билік жүргізуге мүмкіндік береді. Адам енді отбасымен, мемлекетпен және логоспен үйлесімді өмір сүретін қарапайым емес. Адам енді ғылыми білімнің көмегінен универсум объектілеріне билігін бекітетін субъект. Осыған байланысты Жаңа замандағы философиялық тайталастардың ең өзекті мәселелері мыналар: білімнің қайнар көзі мәселесі, айқындықтың критерийі (өлшемі) . Егер рационалистер (Р. Декарт, Лейбниц, Спиноза) «айқындықты» рационалды интуиция арқылы өзінен-өзі көрнекіліктен көрсе, ал эмпиристер (Локк, Юм жәые т. б. ) «айкындыққа» бақылау арқылы, «эмпирикалық тексеру» арқылы жетуге болады деп есептейді. Жаңа заман философтары арасында пікірталас туғызған келесі маңызды сұрақ - субстанция, оның атрибуттары мен акциденциялары мәселесі болды. Спинозаның пікірінше, субстащия өз-өзіне себеп болып табылады. Субстанция Құдай да, табиғат та. Субстанция танушы адамның алдында ара қашықтық ретінде және ойлау ретінде көрінеді. Субстанция өзін өте шексіз көптеген тәсілдер ішінде осы екі тәсілмен көрсете алады. Г. Лейбництің Спинозадан ерекшелігі, ол базистік элемент ретінде монаданы мойындайды, олардың синтезі мен бірігуінен Ғалам құралады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz