Дүниенің болмысы, оның философиялық мәні



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 1
1. Дүниенің болмысы, оның философиялық мәні 2
2. Болмыстың негізгі түрлері 7
3 Адам болмысы 12
Қорытынды 17
Қолданылған әдебиеттер тізімі 19

Кіріспе

Әлемнің сыр-сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін, айнала
қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысын,
олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып
білу қажеттігі — болмыс деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды
философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі
алғышарты болып табылады. Тарихи дамудың әр дәуірінде өмір сүрген ғұламалар
мен ойшылдар бұл ұғымды философиялық ой-толғаныстардың түп қазығы, бастапқы
негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз
мәнін сақтап келеді. Болмыс ұғымының төңірегіндегі сан ғасырлар бойы
жалғасып келе жатқан пікірталастар әлі күнге толастаған емес. Сондықтан да
адамзат баласының бүкіл ой-жүйесінің самғауы, дүниетанымының мәйегі, әлемді
рухани игерудің құдіретті құралы болып табылатын философия ғылымын оқып-
біліп, оның ішкі логикасын бойына сіңіргісі келген әрбір адам ең әуелі
болмыс ұғымына көңіл аударып, зейін қойғаны жөн.

1. Дүниенің болмысы, оның философиялық мәні

Адамдар белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада өмірге келеді,
тіршілік әрекетке араласады. Олар қоршаған ортаның, тұтас дүниенің бар
екендігіне еш шүбә келтірмейді, бір қарағанда бұл өзінен-өзі түсінікті
сияқты көрінеді. Сонымен бірге адамдар табиғат пен қоғамда үнемі өзгерістер
болып, оның толысып жататынына қарамастан, дүние біршама тұрақты тұтас
нәрсе ретінде сақталатынын да анық аңғарады. Алайда қоршаған табиғи және
әлеуметтік дүние бір қалпында тұрмайды, мезгіл-мезгіл адамдардың алдына
шешуін іздеуді талап ететін алуан түрлі қиын мәселелер қояды, нақты
тіршіліктің күңгірт жақтарына үңілуге мәжбүр етеді, қалыптасқан әдет-
дағдыдан ілгері өтіп, мүлде басқаша ойланып толғануға итермелейді. Бұл
орайда бұрын бұлжымас әрі шүбәсіз болып көрінетін тіршілік негіздерінің
іргесі сөгіліп, ыдырап, күдік келтірілуі ерекше мәнге ие болады. Міне
осындай өмір туғызған күдіктер мен толғаныстар "адам санасында болмыс
ұғымының қалыптасып, айқындалуына әкеледі. Мәселен, адамзат ақыл-ойының,
қолөнерінің біздің дәуірдегі шырқау дамуының нәтижесінде ядролық апат
қаупінің туындауына байланысты миллиондаған жылдар бойы өмір сүріп келген
адамзат қоғамының жер бетінде аман қалу-қалмау мәселесі баршамыздың
алдымызда тұрғаны белгілі. Кейінгі кезде халықтар арасында жаңа
қарымқатынас қалыптастыру барысында бұл қауіпті сейілтуге болатынына көз
жеткізіп отырмыз. Немесе, жер құрлығының алтыдан біріне ие болып, әлемді
аузына қаратқан, дүниеге күш-қуатымен, айбарымен аты мәлім болған шынайы
социализм құрылысын жүргізіп келген КСРО мемлекетінің тарихи тұрғыдан
алғанда қас пен көздің арасында ыдырауы, қоғамды бір беткей емін-еркін
билеп-төстеп басқарып келген Компартияның саяси тұғырдан таюы, бұрынғы одақ
кұрылымындағы республикалар негізінде ұлттық тәуелсіз жаңа мемлекеттердің
тарих сахнасына келуі, экономикалық, саяси дағдарыстар, ұлтаралық
кикілжіңдер мен қантөгістер, т. б. болмыс туралы, өмірдің мәні жайлы,
заманның сарыны жайлы әрбір адамды терең толғанып, көп ойлануға жетектегені
белгілі. Міне осының бәрі дүниенің болмысы деген ұғыммен, астасып жатқан
мәселелер.
Әрине, болмыс туралы ой толғау дүние бүгін бар, осында бар және
осылай бар деген қарапайым түйіндермен ғана шектелмейтіні түсінікті.
Себебі, дәл осы арада әлгілерге қоса дүниенің өткені мен ертеңі қандай?,
осында бар болса, басқа жерде де, барлық жерде де бар емес пе? деген
сияқты сұрақтар занды түрде туындайды ғой. Осы сұрақтарға жауап қайтару
барысында тарихта бірқатар философтар бұл шексіз дүние өткінші емес,
әрқашан болған, бола береді деп тұжырымдады. Енді біреулер дүние болды, бар
және бола береді, бірақ кеңістікте де, уақытта да бастамасы мен ақыры бар
деп көрсетуге тырысты. Осындай ой-толғамдар дүниенің өмір сүруінің
тұрақтылығы мен өткіншілігі туралы пікірлердің өзара қарама-қайшы қауышуына
түрткі болды. Ал бұдан келіп дүниенің тұрақтылығы мен әрбір жеке заттардың,
жеке адам өмірінің өткіншілігінің арақатынасы қандай деген келесі сұрақ
туындады. Сөйтіп, болмысқа қатысты мәселелердің біртұтас желісі қалыптасты.
Сонымен, болмыс мәселесінің бірінші қыры мен сыры мынадай сұрақтар мен
жауаптар тізбегімен топшыланады: не бар, не өмір сүреді? Дүние деген не? Ол
қайда? Осында және басқа жердің бәрінде ол қашаннан және қалай бар? Қазір
де бар, бұрын да болған және бола береді, ол түпкілікті делік. Жеке заттар,
организмдер, адамдар, олардың тіршілік қызметі қаншалықты ұзақ жасайды?
Олар шектеулі, ауыспалы, өткінші ме? Осыдан келіп тұтастық ретіндегі
табиғат болмысыныд түпкілікті, тұрақтылық сипаты мен заттар, адамдар,
табиғат құбылыстары болмысының өткінші, көшпелі сипаты арасындағы
қайшылықтардың өзара байланысы мен бірлігі шығады. Болмыс мәселесінің
түбірі, оның күрделілігі, міне, осымен сипатталады. Басқаша айтқанда, дүние
өмір сүру үрдісінде, болмысында біртекті емес: жалпы алғанда ол тұрақты, ал
онық жекелеген жақтары, құрамдас бөліктері, заттары мен құбылыстары
көшпелі, өткінші, халықтың қарапайым сөзімен айтқанда алдамшы, жалған
дүние. Тұтастық ретіндегі дүниенің болмысын бүкіл дүниедегі бардың
болмысынан ажыратып қарауға болмайды. Алайда дүниенің болмысы мен дүниені
құрайтын заттар, құбылыстар мен тіршілік иелері болмысының арасында
айырмашылық бар. Сөйте тұра дүниенің өмір сүруіне ажырамас бірлік, әмбебап
тұтастылық тән.
Дүние тұрақты, тұтас нәрсе ретінде адамның санасынан тыс және оның
еркінен тәуелсіз өмір сүреді. Әрине, бұл тұтастықтың өзі алуан түрлі
көрініс тауып отырады. Әр адам күнделікті тіршілігінде табиғатпен,
қоғаммен, басқа адамдармен өзінің ортақ бірлігін іздеуге тырысады. Сонымен
бірге оған заттар мен рухани құбылыстар, табиғат пен қоғам арасында, өзі
мен басқа адамдар арасында айтарлықтай айырмашылықтар мен өзгешеліктердің
бар екендігі өзінен-өзі белгілі болады. Сөйтіп, заттар мен құбылыстардың
ортақ қасиеттері бар ма, оларды не біріктіреді деген сұрақ алға
тартылғанда, философтардың жасаған қорытындысы мынау: табиғат заттары,
рухани құбылыстар (ой, пікір, т. б.), қоғам және табиғат, түрлі жеке
адамдар — бәріне ортақ нәрсе — олардың бар екендігі, өмір сүріп
отырғандығы және де олардың жеке-жеке, өз бетінше емес, өзара байланыста,
белгілі бір бірлік, тұтастық дүние құрамында екендігі.
Болмыстың философиялық проблема есебіндегі екінші қыры мынаған саяды:
табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар — бәрі тең өмір сүреді, бірақ өмір
сүру түрлері әрқилы, сөйте тұра олар бар болуы арқылы шексіз де тұрақты
дүниенің тұтас бірлігін құрайды.
Сонымен, табиғат дүниесі болған, бар және бола береді: адам, қоғам
пайда болғаннан бері бар, бола да бермек дейміз. Олардың бәрі өзіндік
айырмашылығын, ерекшелігін, шектілігі мен өтпелілігін сақтай отырып,
дүниенің біртұтастығын, тұрақтылығы мен түпкіліктілігін қамтамасыз етеді.
Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ, дүние өзінің өмір сүруі мен дамуының
ішкі және объективті логикасы арқылы әрбір адамның санасы мен іс-әрекеті
үшін, әрбір ұрпақ үшін нақты ақиқат болып табылады. Ең маңыздысы — адам
санасының өзі ерекше болмыс, ол да өмірдің шынайы, нақты процесі. Дүниеде
бардың болуы, яғни табиғи заттар мен процестер, түрлі құбылыстар, адамның
өз ақыл-ойы мен қолөнері арқылы табиғатты өзгертіп жасаған заттары мен
құбылыстары, қоғамдық өмірдің санқилы қарым-қатынастары — бәрі әрбір адам
үшін, оның санасы мен іс-әрекеті үшін ақиқат. Әрбір адамның іс-әрекеті
басқа адамдар үшін және оның өзі үшін іс жүзіндегі нақтылы ақиқат.
Әрқайсымыз өзіміздің тәнімізге, жан-дүниемізге, өткеніміз бен бүгінімізге
және келешегімізге, басқа адамдармен, қоғаммен қарым-қатынасымызға ерекше
ақиқат, айрықша болмыс ретінде қарайтынымыз рас. Ендеше, өмір сүру
барысында тек заттық дүниемен ғана емес, рухани құбылыстармен де ақыл-ой,
сана, көңіл күйі, жан сезімі — нақты ақиқат ретінде санасуға тура келеді.
Қысқасы, болмыс мәселесінің үшінші қыры — дүниеде бардың, өмір
сүретіннің бәрі — нақты ақиқат; бұл ақиқаттың өмір сүруінің, дамуының іштей
логикасы бар, ол адам санасынан нақты бейнесін таба алады дегенге келіп
саяды.
Жоғарыда айтылған болмыс туралы ой-пікірлерді жинақтай келе былайша
тұжырымдауға болады: 1) дүние бар, ол шексіз де тұрақты тұтас нәрсе ретінде
өмір сүреді; 2) табиғи және рухани құбылыстар, жеке адамдар мен қоғам —
бәрі әртүрлі болғанымен тең өмір сүреді; 3) дүние — ақиқат және ол
адамдардың санасы мен іс-әрекетінен нақты көрініс таба алады. Болмыс ұғымы
заттар, процестер, құбылыстар қасиеттерін нақты түрде қамтымайды, өмір сүру
фактісін белгілеумен ғана шектелмейді. Керісінше, олардың арасындағы
жалпылық сипаттағы күрделі байланыстарды, тұтастығы мен бірлігін талдап
қарастыруға мүмкіндік береді. Болмыстың философиялық түсінігі арқылы
абстракциялық ойлаудың биік деңгейіне көтерілеміз, табиғат пен адам, адам
мен оның жандүниесі, рухы, жеке кісі мен қоғам арасындағы айырмашылықтардан
оқшауланамыз. Бұдан болмыс таза ой, идея екен деген пікір тумауға тиіс.
Болмыс ұғымы арқылы дүниенің бар екеніне иланып, оны құрайтын құбылыстардың
бәріне тән, бәрін біріктіретін неғұрлым ортақ, жалпылық әлемдік байланысты
іздестіреміз.

2. Болмыстың негізгі түрлері

Тұтас дүние өзіндік ерекшеліктерімен дараланатын, бірақ өзара
байланысты болатын сансыз көп түрліше заттардың, құбылыстар мен
процестердің, құрылымдар мен жүйелердің, тіршілік иелерінің, адамдардың
жалпы бірлігін, өмір сүруін қамтиды. Аталған әрбір құбылыстың өзіндік
даралық мәні бар дейтін болсақ, онда тұтас дүниені мәндердің мәндісі деп
қарау орынды. Дүниені құрайтын әрбір даралықтың, құбылыстың тек өзіне тән,
өзін басқа емес, дәл осының өзі етіп тұрғанын анықтаушы ерекшелігі бар. Осы
анықтаушы ол құбылыстың дара болмысының мәні болып табылады. Дара болмысты
мойындай отырып, оларды жинақтап қарау, ортақ белгілері мен қасиеттерін
іздестіру арқылы болмысты түрлерге топтастыру таным мен өмірлік практика
үшін мейлінше қажет.
Болмыстың түрлері туралы проблема философия үшін де өте маңызды.
Себебі философияның негізгі мәселесін — ақыл-ойдың болмысқа қатынасы туралы
мәселені — түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу
керек.
Осы тұрғыдан алғанда болмыстың бір-бірінен айырмашылығы бар, бірақ
өзара қабысқан, тығыз байланыста тұрған мынадай негізгі түрлерін ажыратуга
болады:
1) заттар (денелер) және процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғи
заттар мен процестер және адамдар жасаған заттар мен процестер болмысына
бөлінеді;
2) адам болмысы, ол заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның
өзіндік болмысына жіктеледі;
3) рухани (идеялық) болмыс;
4) әлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи
процестегі жекелеген адам болмысына және қоғам болмысына бөлінеді.
Әлеуметтік өмірге қатысты болмыс түрі кейінгі арнаулы тарауларда
тереңірек қарастырылатындықтан, біз болмыстың алғашқы үш түріне тоқталайық.
Адамзаттың, қоғамның пайда болып, қалыптасуы қоршаған табиғи ортаның,
қажетті алғышарттардың, жағдайлардың болуына байланысты екені белгілі.
Басқаша айтқанда, тарихи тұрғыдан бағдарласақ, адамның өмір тіршілігінің,
қызмет-әрекетінің негізі — табиғат заттары мен табиғи процестер. Олар
адамзаттан әлдеқайда бұрын пайда болған, адам санасынан тыс және тәуелсіз
өмір сүреді. Қоршаған табиғи ортаны танып-білу, игеру барысында адам
табиғат дүниесіне қуатты және ауқымды ықпал ете алатын құдіретті өзгертуші
күшке айналды. Бұрын табиғатта дәл сондай дайын күйінде болмаған, адамдар
өз қолы мен ақыл-ой күші арқылы жасап шығарған, өндірген жаңа заттар мен
процестердің, жағдайлардың тұтас дүниесі пайда болды. К. Маркс мұны екінші
табиғат деп атады.
Бірінші табиғаттың ерекшелігі неде? Табиғат адам атаулы пайда болғанға
дейін болды, өмір сүрді. Адам мен оның санасы пайда болғаннан кейін де ол
өз болмысының тәуелсіздігін сақтайды. Әлбетте, табиғатты, оның заттарын,
процестерін, құбылыстарын, өзгеріске түсу және даму заңдылықтарын санасына
қабылдап, ой елегінен өткізуші, айтушы — адамдар. Табиғаттың өзінен
тәуелсіз, санасынан тысқары, дербес өмір сүретінін, оның өзінен көп бұрын
пайда болғанын толық мойындап, сенімді тұжырым жасаған да адамдар. Бұл
тұжырымға олар бүкіладамзаттық әлеуметтік-тарихи тәжірибе негізінде,
өмірлік фактілерді саралау, ғылыми-зерттеулер мен жүйелі дәлелдемелер
нәтижесінде келді.
Сөйтіп, болмыстың негізгі әрі айрықша түрі есебіндегі төл табиғаттың,
яғни бірінші табиғаттың басты ерекшелігі — оның адамнан бұрын пайда болып,
адам санасынан үнемі тыс әрі оған мүлдем тәуелсіз өмір сүре алатындығы
болып табылады. Табиғат түтас алғанда кеңістік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болмыстың негізгі формалары
Болмыс философиясы. Материя
Дүниенің болмысы және оның мәні
Дүниенің болмысы және материя туралы түсінік
Болмыс бүкіл шындық дүниені қамтитын шегіне жеткен жалпы ұғым
Болмыстың түрлері
Әлеуметтік болмысы
Дүниенің болмысы, оның мәні және материя туралы түсінік
Болмыс формалары
Онтология мәселелері
Пәндер