КӨНЕ ҮНДI ФИЛОСОФИЯСЫ. УПАНИШАД РӘСIМI. ВЕДАНТА ЖҮЙЕСI



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
КӨНЕ ҮНДI ФИЛОСОФИЯСЫ 3
УПАНИШАД РӘСIМI 8
ВЕДАНТА ЖҮЙЕСI 12
Қолданылған әдебиеттер 14

Кіріспе

Философия ғылыми көзқарастың бастауы ретiнде б.з.д. VI-Vғ. қалыптасты,
осы кезден бастап адамзат әлем туралы, ондағы өзiнiң орны мен тағдыры
туралы рационалды көзқарасқа сүйене бастады. Әлемнiң рационалды
түсiндiрiлуiне ең алғаш қадам жасағандар дүние құрлымы туралы ерекше iлiмдi
тудырды. Ежелгi Үндi астрономдары Жердiң шар тәрiздi екендiгi, оның өз
осiнен айналуы туралы ойларды айтты, математиктерi санаудың мәндi жүйесiн,
цифрларды белгiлеудi ойлап тауып, тригонометрия негiзiн қалыптастырды.
Әр дәуiрдiң, әр заманның өкiлi өз философтарын шығарды. Алғашқы кезде
философия мифологияға байланысты болды. Философия бiр жағынан мифологияға,
екiншi жағынан ғылымға қатысты дамыды.
Философия өзiнiң зерттейтiн объектiсiн ерекше қарастырды, яғни
математик бiрлiк санын неше түрлi сарапқа салып зерттейтiн болса,
философтар болмысты солай талдайтын болды. Өмiр сүрудiң мәнi неде? Болмыс
деген не? – сұрақтарын талдады. Философия пайда болған кезден бастап-ақ
дүниеге көзқарас ретiнде қалыптасты, оның дамуы бiр логикаға сүйендi.
1. Шығыс философиясы: Сыни көзқарас ретiнде б.з.д. 4 мыңжылдықтың
соңында Египет, Вавилонда б.з.д. VIII-VI ғ. Үндi, Қытайда
қалыптасты. Дүниетанымда қоғам даму нәтижесiнде прогрессивтiк,
атеистiк, консервативтiк, мистикалық бағыттар дүниеге келдi.
2. Антикалық философия: мифология және жаңадан туындап келе жатқан
ғылыми болжамдарға негiзделдi.
3. Ортағасыр. Дiнге байланысты болды, оны ақыл-оймен дәлелдеуге
тырысты.
4. Қайта өрлеу дәуiрi ХIV ғ. ортасы –ХVII ғ. басы. Ғылыми түсiнiктер
және эстетикалық ой-пiкiрдiң әсерi арқылы дамыды.
5. Жаңа дәуiр философиясы (реформация). Жаратылыстану ғылымына сүйенiп
адам тағдырын, оның iшкi дүниесiн зерттеудi алға қойды.
Ежелгi Шығыс деген не? Географиялық жағынан Ежелгi Шығыс:
- Таяу Шығыс - Вавилон, Шумер, Египет, Ассирия, Палестина;
- Орта Шығыс – Үндi, Иран, Афганистан;
- Қиыр Шығыс – Қытай, Вьетнам, Корея, Япония.

КӨНЕ ҮНДI ФИЛОСОФИЯСЫ

Ертедегi Шығыс философиясы б.з.д. X ғасырда басталды. Бұл қола
дәуiрiнен темiр дәуiрiне көшу, рулық-тайпалық құрылымның ыдырауы, тауарлы
ақша қатынасының қалыптасуы, мемлекеттiң пайда болу кезеңдерi болатын-ды.
Сондай-ақ ертедегi Шығыс философиясы соған дейiн қалыптасқан мифологияны,
одан соң дiни көзқарасты сынаудан, ғылыми сананың қажеттiгiн сезiнуден
басталды. Ертедегi Шығыс философиясының қалыптасуы екi түрлi проблема
төңiрегiнде жүргiзiлдi. Бiрi ( Аспан, Ай, Жер, осылардың шығу тегi, өзара
байланысы, әлемдегi барлық тiршiлiкке әсерi жайлы болса, екiншiсi (
адамгершiлiк, адамдық қатынас төңiрегiнде қалыптасқан. Бұл мәселелер
мифологиялық ұғымдар негiзiнде де болды. Бiрақ мифология олардың себептерiн
ашуға тырыспады, тек сенудi қажет етедi. Философия қашанда олардың
себептерiн iздестiредi. Әрине, оны екi түрлi: материалистiк және идеалистiк
тұрғыдан түсiндiруге болады. Ол өз алдына жеке проблема.
Б.з.б. 1-мың жылдықтың басында абыздар мен брахмандар арасында ведда
мектебiнiң ықпалы күштi болды. Бұл кезеңде мынадай философиялық мәселелерге
назар аударылды: табиғи болмыс, табиғи шындық және танымның мүмкiндiгi,
этикалық мiнез, бостандықтың мәнi және оған жетудiң мүмкiндiгi, тiл
философиясы т.б. Бұлар негiзiнен брахманизм идеологиясынан келiп туындаған
болатын.
Б.з.б. VII( IV ғ-да Үндiстанды мекендеген әлеуметтiк әр туысты
интеграциялар мен этникалық топтар Үндiстан мәдениетiнiң бiрлiгi туралы
пiкiрдi жақтаушылар болды.Осы кезеңде брахман-ведда идеологиясына қарама-
қарсы философиялық бағыттар: локаята, жайнизм, бхагавата, санкхья, аджибака
мен буддизм дами түстi.
Көне Үндi тарихында алты кезеңдi атап өтуге болады: 1) Индустан
аборигендерiнiң алғашқы қауымдық құрылымы; 2) Инд жазығындағы
Хараппа мен Мохенджо-Дароның прото-үндiлiк өркениетi ( б.э.д. екiншi мың
жылдық ) ; 3) б.э.д. 2-мың жылдықтың екiншi жартысында Ганга мен инд
жазықтарына солтүстiк-батыстан келген арийлықтардың алғашқы қауымдық
тайпалары; 4) б.з.б. 1-мың жылдықтың қола ғасырының бiрiншi жартысында бiр-
бiрiмен соғысқан арийлық ерте сыныптық мемлекеттер; 5) Магадха (б.з.б. 1-
мың жылдықтың ортасы) мемлекетiнiң күшейген кезеңi; 6) Маурья (б.з.б. 322
( 185 жж.) мемлекетiнiң күшейген кезеңi.
Үндi философиясының ерте классикилық даму кезеңiнде (б.з.б. IV ( Iғ.)
алты ортодоксальдық философиялық жүйе қалыптасты. Бұлардың бәрiне ортақ
формасы сутра болды. Демек, бұл афористикалық пiкiрлердiң жиынтығы едi.
Одан кейiнгi ( классикалық кезеңде (б.з. I ( VIII ғ.) алты түрлi
ортодоксалдық жүйенiң негiзгi ережелерi беки түстi және философиялық
буддизмнiң кейiнгi формалары дамыды. Б.з. басында буддалық сутра
“Праджняпарамиттер” қалыптасты. Абсолюттiк болмыс шуньята (“бос қуыс”) деп
жарияланды. Олардың көқарасында психикалық және заттық тiршiлiктiң өзi
реалды емес. Бұл идея мадхьямиктер iлiмiнде (б.з. II ғ.) одан әрi екi
бағытта дамытылды. Махаяна буддизмнiң негiзгi трактаттарын жасаушылар:
Ашвагхоши, Асанги, Васубандху, Дигнага және Дхармакирти. Дигнага Үндi
философиясы тарихында бiрiншi рет таным туралы жүйелi пiкiр айтты. VI (VII
ғ-дан бастап ортодоксалдық мектеп пен буддизм арасында арасында қарама-
қарсы қайшылықтар пайда болды. Жаңадан методологиялық құрал жасаудың
қажеттiлiгi туды.
Орта ғасырда (VIII ( XVII ғ.) Үндi философиясында одан бұрынғы
ортодоксалдық философияның дәстүрлерiн қайтадан саралаған және өңдеген
Шанкараның ролi ерекше. Шанкараның iлiмi одан кейiнгi философиялық ойлардың
логикалық негiзi болып есептеледi. Үндi философиясының одан кейiнгi үлкен
табыстарының бiрi (XVI(XVII ғ.) ( Гангешей Упадхья негiзiнен салған
навьяньяя мектебi. Олар формальды логиканың белгiлi бiр жүйесiн (XX ғ-ға
дейiнгi) құрды және ақиқат теориясының методологиялық анализiн жасады.
XVIIIғ.(XIX ғ-дың басындағы философияда дiни(идеалистiк дәстүрмен
берiк байланысқан ( ағарту идеясы басым болды. “Жаңа дәуiрдiң жаршысы”,
ақын-ойшыл Веман ерте және орта ғасырдағы дiни-философиялық жүйенi
жинақтап, философияны дiннен “тазартуды” уағыздады, аскетизмдi жоққа
шығарды т.б. XIX ғ-дың басындағы көрнектi ағартушы Раммохан Рай болды.
XIX ғ-дың 2-жартысындағы Үндi философиясының дамуы британ
үстемдiгiнен ұлттық азат ету жолын iздеумен тығыз байланысты. 1875 ж.
Д.Сарасвати құрған “Арья самадж” қоғамы “Ведаларға оралу” ұранын көтердi.
Сондай-ақ, осы кезеңде рационализм және монотеизм, жеке адам “активизмi”
және әлеуметтiк прогресс идеялары уағыздалды.
XIX ғ-дың соңы XX ғ-дың басында Үндiстандағы философиялық ой аса
көрнектi ағартушы С.Вивекананданың әсерiмен дамыды. Ол индуизм дiнi
негiзiнде қалың көпшiлiктiң санасын оятуды көздедi. Оның философиясының
негiзi ведантаға қызмет еттi. XX ғ-да М.Гандидiң дiни-философиялық және
қоғамдық-саяси iлiмi тарай бастады. Ол Үндiстанның ұлт-азаттық қозғалысының
идеологиясын уағыздады.
Бiздiң жыл санауымыздан үш мыңдай жыл бұрын Ежелгi Үндi жерiнде
қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады.Осыған
орай ежелгi үндi қоғамы 4 варнаға (каста) бөлiндi. Олар: брахмандар
(абыздар), кшатрийлер (әскербасылары), вайшьилер (ауқатты шаруалар) және
шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтiк топ болды да, әрқайсысы
қоғамда өзiне тиесiлi орын алды және өздерiне ғана тән дәстүрлi
мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардың үлесiне ( ой еңбегi, кшатрийларға
( әскери қызмет, вайшьилерге ( егiн шаруашылығы, қолөнер кәсiбi,
саудагерлiк тисе, шудраларға ( қара жұмыс қана тидi. Осы кезде қоғамдық
өмiрге, әлеуметтiк қатынастарға сай келетiн мифологиялық, философиялық
көзқарастар да қалыптасты. Олар негiзiнен ежелгi үндi мәдениетiнiң
ескеркiшi ( ведаларда (ведва ( бiлiм) жиынтықталған. Ведалар төрт бөлiмнен
тұрады:
1. Самхит ( құдайларға арналған гимндер жинағы.
2. Брахман ( самхиттi түсiндiретiн әр түрлi мифологиялық әңгiмелер.
3. Араньякта (Орман кiтабы) ( брахманға тән ритуалдардың орнына, сол
құдайларды iштей сыйлап-құрметтеу, олар туралы ойлап-толғану сияқты
көзқарас.
4. Ведалардың ең соңғы сатысы “упанишадта” дәстүрлi касталарды қарсы қоюдан
гөрi, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары бiлiм арқылы жоққа
шығаруға болады деген идея уағыздалады.
Миф ( дiни және философиялық дүниетанымның көне және кең таралған
түрi. Мифте адам болмысы да, оның өмiр сүру уақыты мен кеңiстiгi де қос
сипатта, жiктелген мағынада өрбидi. Мифте табынудың өзiндiк рәсiм-салты
дәстүрлiк деңгейде көрсетiледi. Мифте күн мен түннiң, суық пен жылылықтың
бейнелi, арнайы мағынасы болады. Ерте Үндi, яғни Веда дәстүрiнде шығыс пен
солтүстiк-шығыс “құдайлар өңiрi”, “аспан келбетi”, ал солтүстiк-шығысты (
“аспан қақпасы” ретiнде қабылдаған. Солтүстiк бағытты оң, жағымды беталыс
деп, үндiлiктер құрбандықты солтүстiкке қаратып шалған. Сол солтүстiкке
немесе шығысқа қарап орындалатын рәсiмдi ғасырлар бойы ұстап келедi. Ал
батыс пен оңтүстiк-батыс ( пiкiрлер мен жын-сайтандар қимыл-әрекетiнiң,
бейiт пен бабалар рухының өңiрi деп есептелiндi. Оңтүстiк-шығыс ( бабалар
дүниесiне есiк тәрiздi. Ата-бабаға деген құрбандық, сиқыр оқу оңтүстiкке
бет қойып орындалды.Оңтүстiк-шығыс пен оңтүстiк-батыс рәсiм-салттық
әрекетке жағымсыз, жамандыққа ұшырататын бағдар деп пайымдалды. Осылайша
болмыс кеңiстiгi өмiрдi қорғайтын, адамның жан тәнiне демеу болатын
бағдарға айналды. Мұндай салттар дiнде өзiндiк талдауы мен қолдауын тапты.
Мифологиялық толғаныс-тебiренiске символдық, әсiрелеушiлiк,
алмастырушылық, синкреттiк, жандылық белгiлер тән. Мифологияда жандызаттық
және жеке тұлғаға табынушылық салты, адамның өзiн және қоршаған ортаны
бүкiл әлемнен бөле-жара қарамай, қайта әлеммен тұтастық пен үндестiкте
қарау дәстүрi бекем орнықты.
Десек те, мифология ( тарихи-көркем құбылыс. Оның қызметi де, түрлерi
де алуан-алуан. Мифологиялық ойтолғанысына әлемдегi ырғақтық, табиғи
айналымның қайталануы арқау болды деп атап өтудемiз. Ол шынлықтың бiр шебi
мен шетi. Бiрақ одан мифте, адамның ой-қиялында дүниедегi әртүрлi байланыс
бiртектi сипатталынды деген тоқтам туындамайды. Миф үнемi жаңарды. Оған
ұйытқы болған ( адамның әлеммен “тiлдеспек” ынта-ықыласының деңгейi,
мифтiң тақырыбы мен мазмұны. Осы тұрғыдан алсақ, мифтiң мына түрлерiн атап
өтуге болатындай:
ғарыштық (космогониялық) мифтер, зооморфологиялық мифтер,
каннибалистiк мифтер, қаһармандық мифтер, тұрмыс пен шаруаға қатысты
мифтер, табынуды дәрiптеушi мифтер және де басқалар.
Мифтiң түрлерi бiрден қалыптасқан жоқ, олардың қызметi де әр ел мен
жерде бiртұтас болмады. Көне дәуiрде мифтiң түрлерi иен қызметi күрделi
байланыс пен қайшылықта болғанын, сондықтан олардың үндi аймағындағы таралу
жолдары да ерекше екенiн ескеруiмiз қажет. Қалай десекте, мифологиялық
сезiм-қиялдар, мифологиялық бейнелердiң “өзара тiлдесуi” , болашақ туралы
аңсаған армандар дiни салтқа да, философиялық дүниетанымға да әр қырынан
әсер еткенi даусыз. Бiз осы қағиданы, осындай заңдылықты оқу
құралдыңәдiстемелiк негiзi ретiнде қабылдадық.
Б.д.д. II-I жылдардың тоғысында ертедегi арийлық тайпалардың наным-
сенiмдерi, табыну рәсiмдерi мен салттары қасиеттi тексте қаттала бастайды.
Қасиеттi кiтапты Веда (бiлiм) деп, ал Веданы ( самхиттер (киелi өлеңдер
мен құрбандық шалу, салтанатты гимн орындау мен дұғамен сиқырлау
текстiсiнiң)жинағы деп атайды.
Бiзге Веданың төрт түрi жеткен. Олардың бiрiншiсi және маңыздысы (
Ригведа. Бұл самхитте құдайларды (аспан құдайы ( Дьяусты, күн құдайы (
Сурьяны, таң сәрi құдайы ( Ушасты, жылу мен сәуле, жаңбыр мен дауыл,
даналық пен жауынгерлiк құдайы ( Индраны, от құдайы ( Агнидi, жарық пен күн
құдайы ( Мидраны) құрметтеп мадақтайтын 1028 гимн жинақталынған.
Самаведа ( веданың екiншi түрi. Самаведа ( 1549 өлеңдiк сөзден
тұратын самхит. Самаведа әндерiнiң басым көпшiлiгi (75-тен басқасы) Ригведа
гимнiнiң мазмұнын қайталайды. Онда толық құдайлармен қатар, апсарылар –
жартықұдайлар мен өжет батырлар, аспан әншiлерi (гандхарвтар) мен бишiлерi
марапатталады, жын-шайтан қатерi жырланады.
Үшiншi веда ( Яджурведа. Яджурведа төрт варианттан, 40 бөлiмнен, 2000-
ға жуық гимннен тұратын самхиттер. онда да Ригведа гимндерiнiң мазмұны
қайталанады.
Атхарваведа веданың соңғы түрi. Бұл самхитке абыз-атхарванның атауы
бiрiлген. Онда 20 бөлiмнен тұратын 731 дуалар жинақталынған. Атхарваведа
рәсiмiнде арийлық пен жергiлiктi тайпалардың бұрынғы наным-сенiмдерi қатар
көрсетiледi. Онда емшiлiктiң жоғарғы қызметiн ( балгерлерге, аскездiң
қызметiн ( тапасқа, адам мен құдай дәнекерлiгiн ( магиялық сиқыршыларға
жүктелген. Атхарваведа да бас құдайлар ( Века, Кала (уақыт), Кама
(сүйiспеншiлiк), Скамбха ( өмiр) тоғысады.
Веданың төртке бөлiнуi кездейсоқ емес сияқты. Веда мазмұны құрбандық
салтына қатысатын абыздардың атқаратын қызметiне орай сараланғандай. Абыз
хотар ( Ригведа салтын бiлгiр, гимндерiнiң керектi жерiн қайталап,
құдайларға табына, жалына отырып шақырған. Абыз Удгатар ( Самаведаны
бiлгiр, өлең-жырдың салтын бақылаған. Яджурведаны бiлгiр абыз Адхварью,
рәсiмнiң арнайы дуалары мен сиқырларын орындаған. Абыз-брахман ( “игiлiк
әкелетiн күллi рәсiмдi орындаушы”, әрi толық бақылаушы.
Магиялық және аскезалық салт ведалық дiннiң түп тамырын әр саққа
жаңартты. Бұрын адам мен құдай арасындағы өзара түсiнiстiк гимн мен өлең
айтылыпқұрбандық шалынса ғана болады деп уағыздалынды. Ендi құрбандық шалу
көбiнесе символдық, шартты сипатқа, магиялық рәсiмге ауысады. Өмiр салттың
кiлт ауысуына шаруашылық түрi, шамасы, мал шаруашылығынан егiншiлiкке
ыңғайласу кезеңi шешушi роль атқарғандай. Егiншiлiкте мал саны
азайғандықтан, малды үйiр-үйiрiмен союдан гөрi, соның ырымын жасау немесе
бұрынғыдай құрбандыққа келгендердi мас ететiн сусын iшкiлiктiң орнына,
қайнатылған күрiшке жылытылған май және сүттi тамшылату рәсiмi күшiне ендi.
Ендi табынатын құдайлардың саны өсiп қана қоймай, ортақ құдай ұғымы (
Брахман-абсолют, Брахман-құрбандық, Браман магия көңiлге ендiрiлдi.
Б.д.д. X-VII ғасырларда абыз брахмандардың тiкелей араласуымен
веданың барлық түрлерiн өздерiнше талқылайтын рәсiмдiк және магиялық
түсiндiрмелер текстiлерi жасалынды. Осы кезеңдерi абыз-брахман мен текст-
брахманның арасында тiкелей де жан-жақты байланыстар орнады. Абыз-
брахмандар веданы қайта талқылауға мүмкiндiк алып қана қоймай, мiндеттi
болды. Абыз брахмандар үшiн төрт киелi қағиданы қатаң сақтау тәртiбi
енгiзiлдi. Талаптың шарты бойынша:
• абыздың шығу тегi таза брахманнан болу керек (кейiн касталық
жiктелуге себепкер);
• өзiн-өзi әрдайым ұстай бiлуi лайық;
• бiлгiрлiгiмен көзге түсу және бiлгiрлiкке үйренуi абзал;
• адамдарға жәрдемдесу немесе әлсiздер үшiн құрбандық шалуы мiндет.
Осы шарттарды орындаған брахмандардың қоғамдағы беделi өте жоғары
болды, абыройлы брахмандардың мүлiктерi мен бұйымтайларына
ешкiмде, тiптi патша да араласа алмады. Әрине, абыз-брахмандар
өздерiнiң әлеуметтiк жағдайларын әрқашан нығайтуға тырысты. Олар
осы мақсатта брахманизмнiң негiзiн құрастырды. Брахмандар өздерiне
арнап, өз тынысы мен тiршiлiгiн кеңейту үшiн брахманизмнiң киелi
текстерiн жазды.
Брахман-түсiндiрмеде, бiржағы, ұзақ өмiр мен мәңгi тiршiлiк
арасындағы байланысқа, бiржағы, құрбандықтың саны мен сапасындағы қатынасқа
тәптiштерлiк көңiл бөлiнедi. Сиқырлы күшке iштей берiлу арқылы адам рухымен
“екiншi рет жаңармақ”, екiншi рет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨНЕ ҮНДI ФИЛОСОФИЯСЫ ТУРАЛЫ
Үнді діні
Көне Үнді философиясы
Діни антропология пәні және мәні мен мақсаты
Діни мәтіндерін қазақша аудару және түсіндіру
Упанишалардың құқықтық - этикалық поэмаларының негізгі мазмұны
Упанишадтың басты тезисі брахман туралы
Діндер тарихы лекциялар жинағы
Философияның қайнар көздері
Дінінің пайда болуы және даму кезеңдері
Пәндер