Гегельдің құқық философиясы


АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ
Радиотехника және байланыс факультеті
Әлуметтік пәндер кафедрасы
(№3семестрлік жұмыс)
Тақырыбы : “Гегельдің құқық философиясы”
Орындаған: БВТк06-6 тобының студенті
Алихан Б
Ғылыми жетекшісі:
аға оқытушы Мұхамеджан К. Ш.
Алматы 2007
1. Гегельдің шығармаларындағы рухани жетілуімізге көмек беретін идеяларды жас ұрпаққа барынша төлтумаға жақын нұсқада жеткізудегі іске асқан шаралар
2. Г. В. Гегель философиясының негізгі ұғымдары.
Гегельдің шығармаларындағы рухани жетілуімізге көмек беретін идеяларды жас ұрпаққа барынша төлтумаға жақын нұсқада жеткізудегі іске асқан шаралар
Елімізде соңғы уақытта үлкен рухани мәселелерге көңіл бөліне бастады. Солардың қатарына мемлекеттік деңгейде қолға алынған “Мәдени мұра” бағдарламасы жатады. Бұл бағдарламаны орындау барысында қазақ халқының тарихы, этнографиясы, сәулет өнері, философиясы, мәдениеті, фольклоры, әдебиеті, құқығы, психологиясы аясындағы құнды дүниелер мен әлемдік рухани байлықтың інжу-маржаны қамтылады. Енді осыған байланысты өзіңіз жетекшілік ететін салалар жөнінде айта кетсеңіз?
- “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасының жүзеге аса бастауы үлкен тарихи маңыздылығы бар құбылыс. Ол қазіргі тарихи белесте Елбасымыздың бастамасымен жүзеге асуда. Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты - гуманитарлық білімнің әлемдік мол қазынасын, халқымыздың рухани байлығын мемлекеттік тілде қордалау екені белгілі. Осы әрекеттер арқылы еліміздің рухани қауіпсіздігін нығайтып, тәуелсіздіктің іргетасын барынша ізгілікті жолдармен орнықтыра түсу болып табылады. Кезінде біршама теперіш көрген ұлттық тарихымыз бен тіліміздің тарихы осы бағдарламаны жүзеге асыру арқылы бір сатыға болса да биіктеп, оның рухани байлығы молая түсер деген үміттеміз. Ал енді тікелей менің жетекшілігіммен орындалуға тиісті салаларға философия мен психология секциялары жатады. Атап айтқанда, “Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының философиялық мұрасы” деп аталатын 1-ші блок 20 томнан тұрады және оған халқымыздың көне заманнан қазіргі дәуірге дейінгі қордаланған даналық үлгілері, философиялық ойдың інжу-маржандары енеді. 2-ші блок та 20 томнан тұрады және ол “Әлемдік философиялық мұра” деп аталады. Оған сарапшылардың таңдаулары арқылы әлемдік философиялық ойдың ең озық үлгілері іріктеп алынып, қазақ тіліне аударылады. Платон, Аристотель, Кант, Гегель сияқты философияның ғұламалары қазақ тілінде сөйлейді. Бұл таңдаудағы негізгі қағидат - ұлы философтардың шығармаларындағы тәуелсіздігімізге демеу болатын, рухани жетілуімізге көмек беретін идеяларды жас ұрпаққа барынша төлтумаға жақын нұсқада жеткізу болып табылады. Бұл қадамдарымызды жүзеге асыру үшін философиялық мәтіндерді қазақ тіліне тәржімелей алатын Қазақстандағы ең алдыңғы қатарлы кәсіби мамандар жұмылдырылуда. Сонымен қатар 10 томнан тұратын “Әлемдік психологиялық мұра” блогы бойынша алғаш рет мемлекеттік тілде психология саласының әлемдік классиктері аударылып, олар қазіргі таңда бірнеше том болып жарияланып та үлгерді. Жоғары мектептің қазақ тілді студенттері мен магистранттарына, аспиранттары мен докторанттарына жоғарыда жасалып жатқан игілікті істердің шапағаты мол боларына сенімдіміз. Тек айта кететін бір жәйт: жарық көріп жатқан томдардың елімізде таралу даналары өте аз көлемде болып отыр. Сондықтан Қазақстанның барлық түкпірлеріндегі қалың оқырманға “Мәдени мұра” бағдарламасының өнімдерін жеткізуді, оларды кеңінен насихаттауды Үкіметіміз өз қолына алғаны жөн деген пікірдемін. Әрбір ұлт өзінің мәдени мұрасын жоғары деңгейде қадірлеген сайын ол әлемдік жұртшылық алдындағы, ұлы адамзат тарихы алдындағы мәртебесін биіктете түседі. Руханилық әлеміне барынша толыққанды көңіл бөлгенімізден ешқашан ұтылмаймыз. Осындай тарихи қадамдардың арқасында халқымыз өзінің ұлттық тіліндегі білімін жетілдіру бағытында асқақ биіктерге көтеріліп, Орталық Азияның нағыз рухани жетекшісі рөлін атқаратын тарихи субъектіге айналары анық деген ойдамын.
Г. В. Гегель философиясының негізгі ұғымдары.
Философиялық сөздікте классика деген ұғымға − сlassicus (латынша) − тыныштыққа, салмақтылыққа, реттілікке, айқындыққа, үйлесілімділікке ұмтылу; ұлттық және әлемдік мәдениет үшін баға жетпес құндылық болып есептелетін ең озық, ұлы туындылар, классика қызуқандылыққа, ретсіздікке, қараңғылыққа қарама-қарсы деген анықтама берілген.
Неміс философиясына классикалық атауының берілуі оның дүниежүзілік философия тарихында алатын орнының аса маңызды, көрнекті екенін көрсетіп тұр. Сөз жоқ, неміс классикалық философиясы − тарихи феномен, ол фундамент қана емес, маңғаз ғимарат, оның әрбір өкілі қайталанбас тұлға, теңдесі жоқ құндылық. И. Кант, И. Фихте, Ф. Шеллинг, Г. В. Гегель, Л. Фейербах және тағы басқа философия тарихында өшпейтін із қалдырған ойшылдар.
Неміс классикалық философиясының әлеуметтік-мәдени алғы шарттары:
- Германия үшін 18-ғасыр −АғартушылықДәуірі. Ағартушылар соқыр сенім-наным, фанатизмге, халықты алдауға бітіспес күрес жүргізді. Олар өздерін ақыл-ойдың миссионерлері ретінде қарастырды, халықтың көзін ашуға, оларға өмірге келгендегі мақсатын түсіндіруге міндеттіміз деп есептеді. Ренессанстық еркін тұлға идеалы жалпылық идеалымен толықтырылды: адам өзін ғана емес, басқаларды да ойлауы тиіс. Әлеуметтік идеясы, қоғамды ұйымдастыру мәселесі басты мәселеге айналды. Оған жету жолы −білім. Біліммен тым әуестену қаупі 18-ғасырдағы Германияда әзірге жоқ, Ағартушылықтың алғашқы кезеңірационалды, ол парасатты ойлауға негізделген. Кейінірек ақыл-ойдан көңілі қайтқандар ендігі жолды сезімнен, интуициядан, диалектикалық ақыл-ойдан іздеді, бірақ мұның бәрі соңынан болды, әзірге біліммен байланысты нәрсенің бәрі керемет болып көрінеді.
- Ағартушылыққатарихи оптимизмтән. Прогрессидеясы осы кезеңнің жетістігі. Ағартушылық алғаш рет өзін Жаңа Дәуір ретінде сезіне бастады. Ол ұлттық бірлік үшін күресті, бір заңға бағынатын жалпыгермандық мемлекет құруды талап етті, князьдіктер мен қалалардың, монархтар мен дворяндардың ойына келгенін жасауын тоқтатуға тырысты.
- Бұл ерекшелік Пруссия корольдығының өз шекараларын қарудың күшімен кеңейтіп, күшті мемлекетке айналуға ұмтылуымен байланысты еді. Бірақ әскерінің саны жағынан Европада төртінші орын алған Пруссия казарма ғана емес, ғылымдар академиясындамытқан ел болды.
Осындай әлеуметтік-мәдени жағдайларда қалыптасқан неміс классикалық философиясының ерекшеліктері:
- ие. Лейбництің ілімін жалғастырушы Христиан Вольф бұл іске көп еңбек сіңірді. Лейбниц әлемді тұтас нәрсе, ондағы дін мен ғылымның арасында қарама-қайшылық жоқ деп қарастырса, Вольф пен оның шәкірттері қоғамның күрделі мәселелерін білімді көбірек тарату арқылы реттеуге болады деп сенді, христиандық сенімді рационализммен ұштастыруға ұмтылды.
- пиетизм −лютерандық шіркеудің рухани тоқырауына қарсылық негізінде қалыптасқан қозғалыс. Пиетистер өзінің назарын дін сыртқы салт-дәстүрден ішкі сенімге, қасиетті дін кітабын меңгеруге және адамгершіліктік мінез-құлыққа аудару керек деп ұйғарды. Ағартушылық өкілдерінің басым көпшілігі осы мектептен өтті. Мысалы, Кант авторитеттер деген жоқ, жаңа кезеңнің уақыты туды, қайшылықтарды көрсете отырып, біржақтылықтан арылу қажет, жаңа шешім беру, бірақ жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, жеңу емес, бітімге келтіру керек деп жариялады.
- Философияның басты объектісі− адам, оның ақыл-ойының мүмкіндіктері мен шекарасы.
Немістің келесі бір ұлы философы Георг Вильгельм Гегель (1770-1831) адам рухын табиғаттың тамаша туындысы, ақиқаты, мақсаты ретінде қарастырды. Табиғат рух жолында өзін құрбан еткенімен, адам жаны мәңгілік тірі, ол болмыстың жаңа тәсілі. Көне грек ойшылдары секілді Гегель де адам жанының қос табиғатын атап көрстеді. Біріншіден, ол өзінің мазмұнын анықтаушы денемен тығыз байланысты; екіншіден, тәннен тәуелсіз, объективті. Гегельдің тұжырымынша, адамның міндеті осы екіжақтылықты біріктіру, бұл ретте адамның көмекшісі − философия.
Гегельдің пікірінше, дүниенің бастауы жеке емес, атомдар мен жандардың жиынтығы емес, тұтас, дүниеде тұтастан басқа реалды нәрсе жоқ. Бұл тұтасты ол абсолют деп атайды. Абсолют − рух, ақыл-ой − субстанция. Табиғат пен рух тұтастың өзінен жаттануы, бірақ бір-біріне қарама-қарсы. Материяның мәні − ауырлығында, ал мақсаты − өзінен тыс; рухтың мәні − еркіндік, мақсаты − өзінде. Гегель рухтың тарихи дамуында үш саты болды дейді: шығыстық, грек-римдік және германдық. Шығыста тек бір адам ғана еркін (Гегельдің осы көзқарасы Шығыс дүниесіне деген европоцентристік, теріс көзқарастың қалыптасуына біршама ықпалын тигізгенін айта кеткеніміз жөн − Г. Н. ), грек-рим дүниесінде кейбіреулер еркін, ал герман дүниесінде бәрі еркін. Рух − абсолюттік идеяның көрінісі. Осы принципті Гегель неміс мемлекетіне байланысты да қолданады: мемлекет − Пруссия монархиясы; ұлт − рух иесі; жеке тұлға − тарихи даму мақсатын жүзеге асырушы.
Гегельдің диалектикалық методы: кез-келген даму триада түрінде жүзеге асады: тезис − антитезис − синтез. Әрбір ұғым, әрбір даму осы жолдан ең жоғары синтезге жеткенге дейін қайталап өте береді.
Гегель адамның жанын, рухын құдайы сипатта түсіндіреді, құдайдың адамда көрініс табуы деп есептейді және адамның бойындағы осы құдайы күш оны басқа дүниеден биік тұруға жетелейді деп сенеді. Оның рух философиясы субъективті, объективті және абсолютті рух болып бөлінеді, бұл кезеңдер − рухани еркіндік сатылары. Субъективтік сатыда рух жалғыз, өзінің мазмұнына тәуелді, рухани табиғаты туралы түсінігі жоқ “жан”. Объективтік кезеңде “жанда” еркіндік бар, ол тәннен азат, ішкі еркіндікке қол жеткізген соң сыртқы жағдайлармен күресе бастайды, руханилықты басқа адамдардан, өмірінің табиғи шарттарынан іздеуге кіріседі. Аталған кезеңнің маңызы зор: “ . . . біріншіден, жан өзінің идеяның төменгі, табиғи сатыларымен байланысын көреді, оларды ғылыми, техникалық және экономикалық жағынан жеңе отырып, өзін олардың алдамшы өзіндік болмысынан азат етеді; екіншіден, адамдардың белгісіз көпшілігімен байланысын көреді, оларды адамгершілік және саяси тұрғыдан артта қалдыра отырып, өзінің алдамшы бөлектенушілігінен арылады”.
Осы сатыда ғана жан азаттыққа қол жеткізіп, басқа адамдармен біріге алады, мықты құрал болып есептелетін айбарлы, жігерлі, халықтық рух қалыптасады. Гегель осындай күшті, мемлекеттік дәрежеде мызғымас халықтық, ұлттық рух қалыптасқан елде ғана тамаша өнер, абсолюттік дін және ақиқатты философия өмір сүре алады деп пайымдайды. Ұлы ойшылдың осы ойлары қазіргі Қазақстан мемлекетіне халықтық рух, ұлттық − қазақтық рух жетіспей отырған уақытта керек-ақ. Ұлттық рухпен қаруланып, аз уақыттың ішінде экономикасы гүлденген, іргесі мықты мемлекетке айналған Германия, Жапония сияқты мемлекеттердің тамаша мысалдары көз алдымызда.
Абсолюттік рух сатысы − ең жоғарғы саты, адамның ақиқатты, идеяны, құдайды тану сатысы. Құдайды сезімдік танымның көмегімен бейнелеу арқылы жан әсем өнерді жасайды; құдайды эмоциялық тұрғыдан тереңдеп түсінуден дін туындайды, ал абсолюттік рухтың ең шыңы деп Гегель философияны атайды. Бұл сатыда адам өмірде маңызды адами нәрсе емес, құдайы. Оның міндеті − өзінің бойындағы адамға тән қасиеттерден арылып, құдайылық жолына түсу. Объективтік сатыда ғана адам өзінің толыққанды рухани келбетін айқындайды, күрес пен азаптан өтіп, өмірдің мәнін табады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz