Адам және қоғам туралы iлiм
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Дао деген не? 3
Даосизм 6
Адам және қоғам туралы iлiм 9
Лао-цзы және оның еңбегі "Дао-дэ цзин" 10
Қолданылған әдебиеттер тізімі 21
Кіріспе
Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде Қытай
және Үндіде, Вавилон мен Египетте пайда болды. Ертедегі Қытай да біздің
эрамызға дейінгі VIII—VI ғасырда қалыптасқан құл иеленушілік қоғамның дамуы
нәтижесінде дүниетанымда — прогрессивтік және консервативтік, атеистік және
мистикалық бағыттар дүниеге келді. Вұл бағыттардың арасындары күрестің
барысында заттардың алғашқы бес элемента (металл, ағаш, су, от, жер)
туралы, дамудың қарама-қарсы бастамалары (Инь және Ян), табири жолы (дао)
туралы т. б. қарапайым материалистік идеялар кеңінен тарай бастады.
Ертедегі Қытай философиясындағы тұрпайы материализм өкілі Сюнь-Цзы (б.
з. б. 298—238 жж.) Конфуций ілімінің материалистік бағытын қолдады. Ол Көк
Аспанды нақты заттар ретінде: жұлдыздар, күн мен ай, жыл мезгілдері, жарық
пен қараңғы, жел мен жауын деп түсінді. Аспан әлеміндегі түрлі құбылыстар
белгілі заңдылықпен жүреді, деді. Таным сезімнен басталады, ал сезімді
тудыратын табиғи заңдылықтар. Сана (син) сезімді билейді. Адам табиғатында
не жақсы, не жаман қасиеттер жоқ. Олар кейін пайда болады. Ал данышпан адам
Конфуций дағдысы бойынша жақсы қасиеттерді тәрбиелейді. Конфуций ілімін
идеалистік бағытта да, материалистік бағытта да дамытқан философтар болды.
Сөйтіп Шығыс философиясы жайында қорытып айтқанда мына мәселелерге
тоқталған жөн: алғашқы Қытай философиясы Конфуций мен Дао данышпаны —
Лао-Цзы төңірегінде топталды.
Дао деген не?
Ертедегі Қытайдың философиялық ойлауының бастапқы негізі Дао терминін
түсіндіру төңірегінде болды. Бұл терминнің алғашқы мәні — жол деген ұғымды
беретін еді. Бірақ ол терминнің басқа да мәндері болып, атап айтқанда кез
келген болмыстың заңын, ұйымдасу сипатын да білдірді. Ол арқылы заттардың
табири жолымен бірге, аспандағы табиғаттан тыс күштің әмірін, космостың
үйлесімді құрылымын білдірді. Дао жайлы ілім алғашында бес элементпен тығыз
байланысты қарастырылғанмен, бірақ кейіннен ол жайлы түсініктер догматтық
сипатқа ие болды.
Дао жалпы заң ғана емес, сондай-ақ, дүниенің пайда болу көзі, негізі.
Осыдан кейін, дао —аспан, вюн жердің –түп тамыры, барлық заттардың
анасы деген анықтамалар туды. Даодан дүниеде бар барлық нәрселер пайда
болу үшін екі бастаманың: қараңғы мен жарықтың, ұрғашы мен еркектің,
жұбайлардың (инь мен ян) әрекеттесуі керек. Бұл қарама-қарсылықтардың екі
жағы бірін-бірі толықтырады, бірін-бірі терістейді, тұтастың қарама-
қарсылықтарга бөлінуінің, олардың бірігуі мен терістеуінің шиеленіскен
түрін құрады.
Ертедегі Қытай ойшылдарының пайымдауларында адамның табиғаты жайлы
мәселе — адам табиғаты жағынан қандай — қайырымды ма әлде мейірімсіз бе —
деген мәселе аса маңызды орын алды. Олар қоғамдық тәрбие мен жеке тәрбие
мәселелеріне де үлкен көңіл бөлді.
Дао - дұрыс жол, космостық және адамгершіліктік заң, Қытай философиясының
басты категориясы, ол басқа категориялардың бәрін қамтиды. Дао өзінен өзі
дамитын универсумнің жоғарғы принципі, барлық бар нәрселердің алғашқы
бастауы, дүниенің генетикалық бірлігі ретінде түсіндіріледі: бәрі одан
туындайды және бәрі оған қайта оралады. Сонымен қатар, дао - универсалдық
заңдылық: Көктің өзі дао заңдарына бағынады, яғни, адам Жер мен Көк заңдары
арқылы дао жолымен жүреді, адамның өмірлік мақсат-міндеті - даоны игеру,
яғни, дұрыс өмір сүру.
Ал "даоның" заттардың соңы екенін мынадай пікірден байқауға болады:
"Әлемде сансыз көп заттар бар, бірақ олардың бәрі де өзінің бастамасына
(даоға) қайтып оралады".
Даоизмдегі қарама-қарсы пікірлерге толы, көмескіленген ілімдердің бірі
— еқі түрлі дао туралы ілім. Даоның бірінші түрінің аты жоқ. Себебі, ол —
денесіз, екіұшты, соншалықты кішкентай, мәнсіз, көрінбейді, енжар және
жалғыз. Ол — мәңгі, еш уақытта өзгермейді, еш нәрсе оны өзіне бағындыра
алмайды. Ал өзі басқа заттардың дамып, жетілуіне көмектесе алады, бұл
жағынан шектелуді білмейді.
Ал "аты бар дао" ұсақ бөлшектерден (ци) тұрады. Ол бөлшектерде
заттардың кескіні бар, сондықтан да олар "барлық заттардың анасы". "Аты бар
даоның" негізгі қасиеттері: шексіз, таусылмайды, құдіретті, әрекетшіл. Бұл
екі түрлі "дао" бір-бірімен іштей тығыз байланысты, екіншісі біріншісінен
туындайды, ал кейбір жағдайларда олар бір-біріне ауыса береді, осының
арқасында әлемде түрлі-түрлі ғажайыптар болып тұрады. Даоистер "аты жоқ
даоны" бейболмыс десе, аты бар даоны болмыс деп түсінген. Барлық заттардың
түп негізі өзгермейтін бейболмыс болғанымен де жеке денелер тұрақсыз,
ылғида езгерісте болады, ал даму сатысының соңында ол қайтадан бейболмысқа
айналып тыныштық табады. Сонымен "дао" түп негіз ретінде заттарды дүниеге
келтірсе, олардың әрі қарайғы өмір сүруі "дэге" байланысты. Себебі "дэ"
олардың өмір сүру заңы, оларды қоректендіруші. Олай болса, "дао" және
"дэсіз" еш нәрсе дүниеге келіп, өмір сүрулері мүмкін емес.
Әлемдегі денелер аспан (ян — еркек) мен жер (инь — әйел) бастамалары
және заттардың өмір сүру заңы арқасында гармониялық бірлікте болады.
Заттардың гармониясы дегеніміз олардың өздеріндегі қарама-қарсы
жақтардың бір-біріне ауысып отыруы. Мысалы, адам туған кезде әлжуаз, әлсіз
болса, олер алдында қатайып, қайраттанады, сол сияқты басқа денелер де
әлсізденіп өмірге келсе, қатайып, кәріленіп, бұл өмірден кетеді.
"Даоның" екі түріне байланысты танымның да екі түрі бар. "Аты жоқ
даоны" кез келген адам біле бермейді, оны тек шынайы дана адам ғана біле
алады. Себебі, ондай адам құмарлықтан алшақ болғандықтан заттардың
күресінен — гармонияны, қозғалыстан — тыныштықты, болмыстан — бейболмысты
көре алады. Ал құмарлықтан арылмаған адам дайын заттарды ғана көреді.
Танымның бұл екі түрі бір-бірімен тығыз байланысты.
"Шынайы дана билеуші", даоистердің пікірінше, ештеңеге араласпай,
заңмен шектемеудің арқасында өзінің қол астындағыларға "дао" жолымен
жүруіне мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан олар конфуцийшылдарға да, легистерге
де карсы болды. Кейін келе даоизм дінге айналып, өзінің алғашқы кездегі
көптеген идеяларынан айырылып қалды.
Даосизм
Лао-цзы (Ли Дань) (“қарт данышпан”, немесе “кәрi бала”, немесе “бала
мiнездi данышпан қария”) - даосизм ілімін қалыптастырушы, біздің
дәуірімізге дейінгі VІ-V ғасырларда өмір сүрген, кейінірек мифологиялық
тұлғаға айналған. Қытай философиясы тарихында алатын орны ерекше. Оның
ілімін зерттеушілер Лао-цзы Конфуцийдің замандасы болды, ал оның
көзқарастары "Дао дэ цзин" шығармасында жинақталған, бұл шығарманы Лао-
цзының шәкірттері жазған болуы да мүмкін деген болжам-пікірлер айтады. Лао-
цзының негізгі еңбегі — "Дао және дэ туралы кітап" (Дао дэ цзин"). Оның
өмiрi туралы хабар да жоқ, әрi белгiсiз. Аңыз бойынша, жасы ұлғайған кезде
Лао Цзы Қытайдан кетудi ұйғарады. Ол өтетiн шекараның бастығы, одан өзiнiң
данышпандығының бiр бөлігiн қалдыруды сұрайды. Лао Цзы келiседi, сөйтiп
өзiнiң Дао-Дэ-цзин деген кiтабын жазады. Көптеген қазiргi заман ғалымдары
Лао Цзы тiптi болған емес, немесе Конфуцийден кейiн өмiр сүрген, ал Дао-Дэ-
цзин - әртүрлi авторлардың текстерiнiң жинағы деп есептейдi.
Лао-цзы даоны болмыстың алғашқы себебі, мәңгілік, өзгермейтін бастауы
деп түсіндірді. Адам ойлауда да. іс-әрекетінде де осы дао жолын ұстануы,
яғни "у -вэймен" айналысуы қажет. "У-вэй" "тыныш келісу" дегенді білдіреді,
кейінірек "әрекетсіздік, ештеңеге араласпау" деген қазіргі мағынасында
түсініле бастады.
Даосизм (б.д.д. VI—V ғғ.). Бұл ілімнің негізін қалаушы б.д.д. ҮІ ғ.
өмір сүрген Лао-Цзы деп есептеледі. Даоизм ілімі "дао" ұғымына негізделген.
Егер басқа кытайлық философиялық ағымдарда "дао" "жол" деген мағына берсе
және ол Қытайдың дамуы мен әдептілікті жетілдірудегі негізгі ұғым болса,
даоизмде "дао" — жалпы дүниетанымдық ұғым. "Дао" — алғашқы бастама, алғашқы
түпнегіз және барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы.
"Даоның" алғашқы түпнегіз екенін мынадай сөздерден байқаймыз: "дао — барлық
заттардың анасы", "дао — барлық заттардың түпатасы", "даоны аспан аясындағы
империяның (Қытайдың) анасы деп есептеуге болады", т.б.
Даосизм философиялық iлiм ретiнде Чжуан Цзы (б.з.д. 339-329 ж.
шамасында, немесе 369-386 ж.), Ле цзы, Ян Чжу және олардың шәкiрiттерi мен
iзбасарларының еңбектерiнде өзiнiң классикалық түрiнде дайындалып жүйеге
келтiрiлдi. Даосизм философиясы идеяларының негiзiнде б.з.б. II ғ. даосизм
дiнi дами бастады. Бұл ортағасырда Қытайдағы үш дiннiң бiрi болып саналады
(Конфуцийлiк және буддизммен бiрге). Негiзгi еңбектер: Лао цзы “Дао-Дэ-
цзин” (Дао және Дэ туралы кiтаптар), Чжуан цзы “Чжуан цзы” (Чжуан ұстаз
кiтабы), Ле цзы “Ле цзы” (Ле ұстаз кiтабы).
Даосизмнiң негiзгi мәселесi – Дао болмыстың мәнi ретiнде, Дэ-Даоның
көрiнiсi тұралы. Бұл екi термин әлдеқашан мифологияда қолданылған Қытай
мәдениетiнде көп таралады. Әртүрлi философиялық iлiмдерде, соның iшiнде
Даосизмнiң өзiнде қарастырылады. “Дао-Дэ-цзинде” Дао дүниедегi Ұлы жол
немесе Космостық заң. Осыған сай дүниенiң пайда болуы, дамуы және жоғалуы
жүредi. Сонымен қатар Дао – субстанция, яғни бұл заңның негiзi және
сақтаушысы. Осыдан Дао барлық тiршiлiктiң өз бетiмен әрекет етуiнiң
заңдылығы ретiнде түсiндiрiледi. Даоға тән игiлiктi күш-Дэ (адамгершiлiк)
осы арқылы Дао өзiн көрсетедi. Аспанға қарағанда Дао алғашқы, жерге
қарағанда аспан алғашқы, адамға қарағанда жер алғашқы.
Болмыстың құрамына кiретiн заттардың бәрi осал (бос), тек уақытша өмiр
сүредi, және өзiнiң өмiр сүруiн аяқтап, олар өз мәнiне қайтадан келедi,
яғни биболмысқа кетедi, тек сол ғана мәңгiлiк болады.
Даосизмдегi космология мен космогония идеяларының дамуы Чжуан цзы
еңбегiнде дүниенi тудыратын бастама алдынғы әлемде “заттарды дайындаушы”
ретiнде көрiнедi. “Дао заттардың арасында болмаған заттарды жасайды”.
Бiрақ, болмыстың алғашқы түпнегiзi Ци болып саналады. Даосизмде Ци
космологиялық мәнде ең алдымен әлемнiң әмбебаптық субстанцияларын
бiрiктiрiлген негiз - Хаос (Ұлы шек) ретiнде түсiндiрiледi. Атап айтқанда
Цидан екi қарама-қарсы күш бөлiнедi – Инь және Ян, әлемнiң тұңғыш бес
элементi құралады (от, жер, металл, су, ағаш). Дүниедегi барлық заттар осы
элементтерден тұрады. Атап айтқанда олардың бәрi бiр уақытта Циге қайтып
оралады. Әлем болмысы осы тұңғыш элементтердiң тұрақты айналуы болып
есептелiнедi.
Таным мәселесiнде Дао-Дэ-цзинде бiлiм барлық адамға оңай берiлмейдi
деп есептейдi. Оны тек шынайы дана адам ғана игере алады. Олар құмарлықтан
арылғандықтан, заттар арасындағы күрестен – гармонияны, қозғалыстан –
тыныштықты, болмыстан – биболмысты көре алады. Дао бiлiм үндемеуден тұрады
дейдi: ”Кiм білсе сол үндемейдi, ал айта беретiн түк бiлмейдi”.
Адам және қоғам туралы iлiм
Адам және адамзат қоғамы, табиғаттың бiр бөлiгi, сондықтан олардың
дамуын да Дао шешедi. Бұл жолға түскендердiң мiндетi Даоны түсiну және
өмiрi оған сай болуы керек. Осыған сай Дао этикасының негiзге алған
принципі: Адамда жоғарғы Дэнiң болуы әрекетсiз және енжарлықты iске асыру,
ол “iзгiлiктi iс жасауға ұмытылмайды, сондықтан - рақымшыл”. Шынайы дана
билеушi даосистердiң пiкiрiнше, өзiнiң қол астындағыларға табиғи жолмен
(Дао жолымен) жүруге мүмкiндiк бередi. Ондай билеушiлер ештеңеге
араласпайды. Олардың бар екенiн халық естiгенi болмаса, бiлмейдi, онымен
тiкелей байланыспай әрқайсысы өз жолдарымен жүредi. Сондықтан да даоистер
дао жолымен жүргендердi заң арқылы шектеуге қарсы болды.
Идеализм мен мистикаға қарсы күресте даоцизм ілімі, былайша айтқанда,
Дао жөніндегі ЛаоЦзы (VI— V ғ.) ілімі дүниеге келді, өмір сүрді. Оның
пікірінше, табиғат пен адамдарды басқаратын Көк Аспан емес, Дао деп қарады.
Дао — заттардың табиғи заңы, ол цзи субстанциясымен бірге әлемнің негізін
құрайды, деді. Лао-Цзы пікірі бойынша, адам заттардың табиғи даму процесіне
араласпауы қажет. Ал кімде-кім оған араласып, оны өзінің жеке басының
пайдасына икемдемек болса, ол адам сәтсіздікке ұшырайды, дейді. Лао-Цзыдың
пікірінше, зиян мен сәтсіздік адамның заттардың табиғи тіршілігіне
араласуынан, өйткені, олар Дао заңын бұзады, деп түсінді.
Лао-Цзы ілімі қайшылықтары көп ілім. Бір жағынан, ол керітартпа рөл
атқарып, ескілікті көксесе, екінші жағынан, ілгері жүруді жақтайды, дамуды
қолдайды.
Лао-цзы және оның еңбегі "Дао-дэ цзин"
§1
Сөзбен бейнеленетін дао тұрақты дао емес. Аталатын есім тұрақты есім
емес. Есімсіз – көк пен жердің бастауы. Есімге ие – барлық заттардың анасы.
Сондықтан да, құмарлықтардан азат адам [Даоның ғажайып құпиясын
көреді, ал құмарлықтарға ие адам оның аяқталған формасын кереді. Олардың
екеуінің шығу тегі бір, бірақ аттары әртүрлі. Олар бірге терең деп аталады.
Бір тереңнен екінші тереңге [ауысу] - таңғажайып нәрсенің бәріне жол ашатын
есік.
§2
Әсемдіктің әсемдік екенін Көк астындағылардың бәрі білгенде, сұрықсыз
да пайда болады. Ізгіліктің ізгілік екенін бәрі білгенде, зұлымдық та пайда
болады. Сондықтан болмыс пен болмыс емес бірін бірі тудырады, қиын мен
жеңіл бірін-бірі жасайды, ұзын мен қысқа езара қатынаста болады, биік пен
төмен өзара анықталады, дыбыстар қосыла отырып үндестікке келеді, алдыңғы
мен соңғы бір-бірінің соңынан жүреді. Сондықтан да толық жетілген істерін
жасай отырып, ештеңе жасамауды қалайды; ілімді жүзеге асыра отырып,
сөздерге жүгінбейді; заттарды өзгерте отырып, оларды өзі жүзеге асырмайды;
жасай отырып, [жасалғанға] ие емес; қозғалысқа келтіре отырып, оған күш
жұмсамайды; [бірдеңені] табысты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz