Ж. -Ж. Руссоның қысқаша өміртарихы және шығармашылық мұрасы
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1-тарау. Ж.-Ж. Руссоның қысқаша өміртарихы және шығармашылық мұрасы 4
2-тарау. Философиялық және саяси-әлеуметтік идеялары 6
ҚОРЫТЫНДЫ 12
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 13
КІРІСПЕ
Ағарту дәуірі феодалдық дәуірінің күйреп, жаңа капиталистік
қатынастардың орныға бастауының саяси идеологиялық, философиялық және
мәдени негіздемесі болды. XVIII ғасырдағы мәдени және рухани өмірдегі
рационалистік қозғалыс ретінде дүниеге келген Ағарту сол тұстағы басқару
тәсілдерін, мемлекеттік құрылысты, саяси идеологияны, дінді, өнерді,
моральды теріске шығаруға негізделді.
Бұл кезеңнің ірі ойшылдары мен идеологтарына Вольтер, Дидро, Гольбах,
Гельвеций, Ламетри, Руссо секілді тұлғалар жатты. Олар жаңа дәуірдің адами
және қоғамдық идеалдарын әзірледі. Қоғам өмірнің бар саласында тың
серпілістерге, жаңалықтарға жол ашты. Солардың бірі француз ойшылы Жан Жак
Руссо.
Осы жұмыста мен Ж. Руссоның өмірі мен шығармашылығына, дүниетанымдық
жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталуды жөн көріп отырмын.
1-тарау. Ж.-Ж. Руссоның қысқаша өміртарихы және шығармашылық мұрасы
Руссо (Rousseau) Жан Жак (28.6.1712, Женева, 2.7.1778, Эрменонвиль,
Париждің маңында) – француз философы-ағартушысы, жазушы, композитор. Сағат
жөндеушінің ұлы болған. Жас кезінде хат жазушы, гувернер, музыка пәнінің
мұғалімі болған. 1741 жылға дейін Швейцарияда тұрады, кейіннен Парижге
кетеді. 1743-44 жылдары Венециядағы француз елшілігінде хатшы болады.
Парижде Д.Дидро және басқа энциклопедияшылармен жақындасады, энциклопелияға
музыка мәселесі бойынша мақалалар жазады. 1762 жылы Эмиль деген
педагогикалық романы мен Қоғамдық келісім туралы деген саяси трактаты
жарық көргеннен кейін тұтқындалудан қауіптеніп, Францияны тастап кетеді.
Оны француз католиктері ғана емес, швейцар протестанттары да қудалаған.
1770 жылы ол Парижге қайтып келіп, ноталар жазумен айналысады. Өмірінің
соңғы жылдарын Эрменоновилде өткізді. Руссо – француз сентиментализмінің
ықпалды өкілі, Ағарту кезеңінің белді тұлғасы. Оның әлеуметтік-философиялық
көзқарастары трактаттарында көрініс тапқан.
Руссоның көркем шығармашылығы әр алуан. Ол көптеген жанрда жазған.
Оның қаламынан: өлеңдер, поэмалар, комедиялар (Нарцисс, 1733, Әскери
тұтқындар, 1743); опералар (оларға либретто мен музыканы өзі шығарған.
Бұлардың ішіндегісі елеулісі Деревня сыйқыршысы, 1753); бір актілі
Пигмалион лирикалық сценасы (1770). Бұл мелодраманыңмузыкалық-драмалық
жанрының алғашқы үлгеліре іболып табылады. Юлия, немесе Жаңа Элоиза
(1761) және Өсиет (1766-69) романдары туған.
Француз натюрморттары Шарден мен Руссоның шығармаларын қарай отырып,
олардың арасындағы ортақ белгілерді көптеп ұшыратамыз. Мысалы, олардың
табиғатқа қатысты, табиғи сезімнің еркіндігі жөнінде көзқарастары ұқсас.
Руссоның қоғамдық-саяси ой тарихындағы идеяластарына Гуго Гроция (1583-
1645), Томас Гоббс (1588-1679), Джон Локк (1632-1704), Ш.Л.Монтескье (1689-
1755) жатады. Әсіресе әйгілі француз социологы Ш.Л. Монтескье Руссоға
айтарлықтай ықпал етті.
Руссо өзінің діни көзқарастарын Савой викариінің сенімді уағыздауы
еңбегінде көрсетті.
2-тарау. Философиялық және саяси-әлеуметтік идеялары
Жан Жак Руссо саяси және құқықтық iлiмдер тарихындағы жарық
жұлдыздардың бiрi. Оның саяси-құқықтық және әлеуметтiк көзқарастары
Адамдар арасындағы теңсiздiктiң пайда болуы мен негiздемесi туралы ойлар,
Саяси экономия туралы, Мәңгi әлем туралы ойлар және Қоғамдық келiсiм
немесе саяси құқық принциптерi туралы шығармаларында көрiнiс тапқан. Оның
қоғам, мемлекет, құқық мәселелерi туралы iлiмi халықтың егемендiк идеясы
мен принципiн қорғауға негiзделген. Сол кездегi кең тараған табиғи жағдай
ұғымын Руссо адамзаттың әлеуметтiк, саяси-құқықтық және рухани өмiрiнiң
қалыптасуы мен дамуы туралы көзқарастарын дәлелдеуге пайдаланады.
Табиғи жағдайда, Руссоның iлiмi бойынша, жеке меншiк болмайды, барлық
адам еркiн және тең. Ал алғашқы теңсiздiк адамдардың табиғи әрқилылығынан,
яғни дене қабiлеттерiнен ғана. Жеке меншiктiң және әлеуметтiк теңсiздiктiң
пайда болу себебiнен табиғи теңдiк бұзылып, кедейлер мен байлар арасында
күрес басталған. Руссо бұл туралы теңдiктiң жойылуына адамдар тарихындағы
ең бiр ауыр кезең — күштiлердiң әлсiздердi, байлардың жарлыларды ұрып-соғуы
мен тонауы басталды, ауыр күнәға батқан адамзат ұрпағы кейiн қайтар жолды
да таба алмады және дәулеттiлер бұл мүмкiндiктен қайта айрылғысы да
келмедi - деп жазды. Байлар үшiн өз мүдделерiнiң заңдылығын бұзбастан
мұндай жағдайдан шығудың бiрден-бiр жолы барлық адамдар бағынышты болатын
мемлекеттiк билiк пен заң орнату туралы келiсiм жасау болды.
Шарт арқылы жасалған мемлекет пен заңдар әлсiздерге жаңа жол салды,
байларға жаңа күш бердi, табиғи бостандықты қайта келместей етiп жойды,
меншiк пен теңсiздiк туралы мәңгiлiк заң шығарды. Жеке меншiктегi
теңсiздiкке саяси теңсiздiктiң қосылуы Руссо iлiмi бойынша, деспотизмдегi
абсолюттiк теңсiздiкке алып келдi, ал деспот алдында өзiнiң құлдығы мен
теңсiздiгi жағынан барлық адам тең.
Қоғам мен мемлекет дамуының адамзат үшiн терiс, зиянды және қате
бағытына қарама-қарсы Руссо өзiнiң халықтар мен билеушiлер арасындағы
нағыз келiсiм — саяси организм құру концепциясын ұсынады. Бұл концепция
бойынша әркiм өзiнiң жеке мүддесi мен тұлғасын, өзiнiң барлық күшiн жалпы
игiлiк пен жалпы ерiкке бере отырып, тұтастың бөлiнбес бөлiгiне айналады.
Жекелеген адамдардың келiсiмдiк қатынастарға кiруi шартты ұжымдық бүтiндi
құрайды.
Руссоның қоғамдық шарт концепциясындағы басты идеясы оның осы
концепцияға сай құрылған мемлекетi. Осы мемлекеттiң саяси қатынастары мен
заңдары ғана табиғи жағдайдан азаматтық жағдайға ауысуын әдiлдiк пен
құқықтық және сана тұрғысынан ақтай алады. Руссо қоғамдық шарт
концепциясында теңдiк пен меншiк мәселелерiндегi қайшылықтарды шешудiң
жолдарын iздестiредi. Феодалдық қоғамда өмiр сүру құқығы заңға емес,
күштiлiкке негiзделгенiн және әлсiздердiң өз құқықтарын қайтаруға кез
келген уақытта құқылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz