Конфуций философиясындағы цзюнь-цзы қайырымды адам ілімі
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Конфуций философиясындағы цзюнь-цзы қайырымды адам ілімі 4
Қорытынды 12
Қолданылған әдебиеттер 13
Кіріспе
Жан-жақты жетілген адам мәселесі бүгінгі күн тұрғысынан алып
қарағанда өзінің маңыздылығын жоймаған өзекті мәселелердің бірі болып
табылады. Әлеуметтік идеал, жан-жақты жетілген мәселесі, әсіресе Шығыс
философиясында терең түп тамыры бар және кең философиялық талдау жасап, осы
ілімдермен көпшілікті таныстыру, оның тиімді жақтары, бүгінгі күн талабына
сәйкес келетін жақтарын қазіргі заманның жан-жақты жетілген адамын
тәрбиелеуге кеңінен пайдаланудың бүгінгі күнде әрі теориялық, әрі
тәжірибелік маңызы бар деп айтуға болады.
Ежелгі Қытай философиясында да “жан-жақты жетілген адам” мәселесіне
ерекше көңіл бөлінді. Бұл ең алдымен сол кездегі Қытай қоғамындағы нақтылы
тарихи жағдайға тікелей байланысты болды. Біздің эрамызға дейінгі 7-3
ғасырларда ежелгі Қытай қоғамы өтпелі дәуір жағдайында өмір сүргендіктен,
саяси-әлеуметтік тұрақсыздық бүкіл дүниенің күйрегені сияқты болып
көрінеді. Осындай тарихи жағдайда “аспан астындағы” тәртіпті реттейтін “жан-
жақты жетілген адамның”, әлеуметтік идеалдың жаңа моделін негіздеу
қажеттілігі туды. Осындай ілімнің бірін негіздеген Қытайдың ұлы философы
Конфуций болды. Ол адам мен социум арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіру
мақсаты мен “жан-жақты жетілген адамның” әлеуметтік моделін негіздеді.
Әлеуметтік идеал ретінде ол цзюнь цзы, немесе “парасатты ер” ілімін
негіздеді. Конфуцийдің осы ілімі бойынша адамның адам болуы “өзі үшін”
емес, қоғам үшін болып табылады. Ұлы философ адамды оның әлеуметтік
қызметін орындауы тұрғысынан алады, ал тәрбиелеуді – адамның өзінің
әлеуметтік қызметін тиісті түрде орындауға бағыттау деп түсінеді.
Ұлттық қазақ философиясында осы мәселе жалпы Шығыс философиясы
шеңберінде қарастырылып, адамды этика, адамгершілік мәселесі тұрғысынан
қарай отырып, сонымен қатар білімділікке, парасаттылыққа да ерекше назар
аударылып отырылды. “Қазақтың” немесе “түркі тілдес халықтарының Конфуцийі”
деген атаққа ие болған Ж.Баласағұн Конфуций сияқты адам мен адам, адам мен
мемлекет арақатынасы, әсіресе мемлекетті басқару мәселесіне көбірек көңіл
бөлуіне байланысты, жан-жақты жетілген адам мәселесіне осы тұрғыдан
қарастырады. Әл-Фараби бұл мәселені “идеалдық қоғам”, осы “идеалдық
қоғамды” басқару тұрғысынан қарастырады. Әл-Фараби бақыт мәселесіне, ең
алдымен адамның осы дүниеде бақытты өмір сүруінің жолдарын іздеуге өзінің
философиясын бағыттады. Сонымен қатар, әрбір жеке адамның жетілуінде ақыл-
ойдың, парасаттылық пен білімнің рөлін ерекше жоғары бағалады.
Даналық ұлт менталитетінің қайнар көзі дегенде осы мәселелерге мән
беруіміз керек. Оларды қоғам игілігіне айналдыру нарық заманындағы маңызды
мәселелердің бірі. Осы бағытта жастарды тәрбиелеу, тәрбие жұмыстарында
халық даналығына сүйенудің де маңызы ерекше. Өйткені ұрпақтардың рухани
сабақтастығы, әке мен бала арасындағы өзара түсінушілік тек осы негізде
қалыптаспақшы. Ұлт менталитетінің тұтастығын қамтамасыз етер бірден-бір күш
те осында.
Дегенмен біз тақырыптан ауытқымастан Конфуцийдің іліміне тоқталайық.
Конфуций философиясындағы цзюнь-цзы қайырымды адам ілімі.
Жеке адамның мән-маңызы Батыс пен Шығыс біздің эрамызға дейін
мыңдаған жылдар бұрын зерттеле бастаған. Егер де еуропалық болмыста жеке
адамға ғана табынуды жақтау дәстүрінің негізгі жеке адамды өзіндік бір
әулие ретінде қарайтын христиан діні болса, ал Қытайдың рухани мәдениетінде
бұндай рөлді Конфуцийдің ілімі алды. Абсолют функциясын жеке адамның барлық
идеалдық қасиеттерін бойына жинақтаған Цзюнь-цзы (қайырымды адам)
атқарады. Көктем және күз (Чунь цю), соғысушы патшалықтар (чжань го)
дәуірлері - ежелгі Қытай тарихында өзгеріске толы кезең еді. Қоғамда болған
әлеуметтік-экономикалық өзгертулер ең алдымен адамға әсерін тигізбей
қоймайды. Ежелгі Қытай ойшылдарының таң қалған назарларының алдында бұрын
беймәлім адамның мінезі мен жүріс-тұрысы ашылды. Егер бұрында жеке адам
өзінің жүріс-тұрысын, талпынысын туысқандық коллектившілдікке бағындырып,
өзін жанұяның бір құрамды бөлігі ғана болса, жерге жеке меншіктің пайда
болуы, жеке кәсіптердің, сауданың дамуы,қалалардың бой көтеруі оны жанұядан
алыстатты. Адамдардың жүріс-тұрысында да өзгерістер болды. Кей кезде атасы
кедей немересі бай болған, бай туыстары кедей туыстарына көмек көрсетуден
бас тартқан сияқты жағдайлар кездесе бастады. Осындай адамдардың моральдық
құлдилауы ойшылдары таң қалдырды. Сондықтан да олардың көпшілігі өткен,
қайтып келмес алтын ғасырды аңсады. Бұл Конфуций ілімінде де байқалады.
Ежелгі Қытай ойшылдары сияқты Конфуцийді де адам табиғаты
қызықтырмай қоймады. Ол алдымен ең болмағанда өзі үшін оның түп-тамырын
ұғынғысы келеді. Әр түрлі әлеуметтік дәрежедегі адамдармен әңгімелесу оған
жұбанышты қорытындыны бермеді. Лунь юй (әнгімелесу және талқылау)
кітабында өзі енгізген жэнь (адамгершілік) ұғымына сипаттама берген
кезде, біз адам табиғатына оның берген нақтылы анықтамасын кездестіреміз:
Ұстаз (Конфуций) айтты: Байлық пен атақтылық - міне осыған барлық адам
талпынады. Егер олардың бұған жетуіне Даоны (жолды) тағайындамасақ, онда
олар бұдан да ешқашан құтылмайды[1]. Конфуцийдің пікірінше, байлық пен
атаққұмарлыққа талпыну, кедейлік пен жек көрушілердің қатарында болып
қалудан қорқу адам табиғатына тән бірдей нәрселер. Ежелгі Қытай ойшылдары,
соның ішінде Конфуцийден жүз жыл кейін өмір сүрген Ян Чжу Конфуцийдің
көзқарастарын қолдады. Ян Чжу ұзақ өмір сүру мен атақ-абыройды қосып төрт
негізгі талпынысты атап көрсетті: Адамдарға тыныштық жетуге маза бермейтін
төрт нәрсе бар: бірінші - ұзақ өмір сүруге талпыныс, екінші - атақ-абырой,
үшінші - қоғамдағы жағдай, төртінші - байлық. Осы төрт нәрсені иемденушілер
рухтан қорқады, күштен қорқады, жазалаудан қорқады[2].
Алғашқы кезеңдегі конфуцийшілдер әлеуметтік мәселелерді
экономикалық жолмен емес, адамгершілік рухындағы оқытулар мен және
этникалық ережелер арқылы шешуге тырысты. Конфуций оларды аспанның өзі
билік жүргізуге жіберген деген.
Конфуций осыған орай жалпы қытай қоғамын, адамдарды үш категорияға
бөлді:
1. Цзюнь-цзы (қайырымды адам)
2. Сяо жэнь (сөзбе-сөз аударсақ кішкентай адам, арам адам)
3. Жэнь (адам)
Цзюнь-цзы және Сяо жэнь – бұл өзара байланысты екі түсінік бірнеше
жүздеген жылдар бойы тек қана саяси мәдениеттің дамуын емес, сонымен бірге
қытай ұлтының рухани мәдениетінің тағдырын анықтады. Цзюнь-цзы Конфуций
ілімінде орталық орындардың бірің алады рөлі берілген, басқа екі
категорияның өкілдері еліктеу үшін көрнекті мысал.
Сяо жэнь - өзіне әрі этикалық, әрі әлеуметтік жүкті көтерген бір
мағыналы емес термин. Бұл термин көбінесе цзюнь-цзыға қарама-қарсы
қолданылады.
Жэнь термині - әдеттегі қарапайым адамдарды айқындау үшін
қолданылады.
Конфуций іліміндегі адам – бұл жанұя мүшесі, әлеуметтік адам.
Адамдар тең емес. Олардың әлеуметтік – жанұялық жағдайы, ең алдымен өзіндік
абыройы мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz