КӨНЕ ТҮРКІЖАЗБАЛАРЫНДАҒЫ АЛҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАР
ЖОСПАР
Кіріспе 1
КӨНЕ ТҮРКІЖАЗБАЛАРЫНДАҒЫ АЛҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАР 5
ҚОРЫТЫНДЫ 14
Пайдаланылған әдебиеттер 15
Кіріспе
Түркі мәдениеті – ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі
тайпалары кезінде қалыптасқан мәдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы
ата қонысы – Шығыс Тянь-Шань мен Алтай өңірі болған.
Халықтардың Ұлы қоныс аударуы нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта
және Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан
түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының этникалық субстраты
болып табылады. Мамандардың пікірінше, түркі сөзінің этимологиясы әскери
адам, әскери лауазым деген мағынаны білдіреді. Түркілердің алғашқы
көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Оның билік жүргізген кезінде көптеген
көрші елдер түрік қағанатына бағынышты өмір сүрген. Түрік қағанаты тұсында
түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедегі негізгі тілге
айналған. Түркілер негізгі планеталар мен жұлдыздардың қозғалысын жетік
біліп, олардың әрқайсысына жеке-жеке ат қойып белгілеген. Көне түркілер
аспан денелерінің қозғалысына қарап, ауа-райын, жыл маусымдарының қандай
болатынын күні бұрын анықтай алған.
Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар
болған. Оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, қарауыл төбелер
тұрғызуға, тағы басқаларға пайдаланған. Ежелгі түркілер негізінен қос
күшке, Көкке және жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымы мен елді
билеген қағандар – Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген деп
аталған. Түркі жазуларында олардың барлық жеңістері Көк Тәңірімен
байланыстырылған. Әрбір түрік өзін Тәңірінің үкімін орындаушысы ретінде
сезінген. Көне түркілердің космогониясын, яғни әлем құрылымы туралы
көзқарастарын төмендегі жолдардан байқауға болады: Жоғарыда – Көк Тәңірі,
төменде – Қара Жер жаралғанда, екеуінің арасында кісі ұлы жаралған екен.
Түркілер әлемнің төрт бұрышты моделін жасаған: Ілгері (күншығыс), кейін
(күнбатыс), бері (күн ортасы, оңтүстік), ары (түн ортасы, солтүстік).
Ежелгі түріктер кейін Көк пен Жер – Судан кейін тұрған құдыретті күш –
Әйел, ошақ басы құдайы – Ұмайға да табынған. Ол бала-шағаны, үй берекесін
қорғайды деп сенетін болған[1]. Ежелгі түркілер адамзат өркениетіне аз олжа
салған жоқ. Солардың ішінде біреу де болса, бірегейі – әскери тактика,
стратегия және соғыс өнері жайында қалдырған мұрасы. Орхон-Енисей жазба
деректерін оқи отырып, арғы бабаларымыз стратегиялық шабуыл мен қорғаныс,
әскерді материалдық-техникалық, азық-түліктік жабдықтау, дұшпанды
тұтқиылдан басу, қоршап алу, қашқан жауды қуа жүріп талқандау, әскери
барлауды ұйымдастыру, майдан мен тылдың бірлігін қамтамасыз ету, әскери
мамандарды даярлау, тәрбиелеу, тиімді пайдалану тәрізді күрделі мәселелерде
уақыт үдесінен шыға алғанын байқаймыз. Байырғы түркі қоғамының ұғымы
бойынша мемлекеттің қуаты бірінші кезекте қағанның тәңірлік жаратылысымен,
даналығымен, содан соң ел ішіндегі татулық пен бірлікпен, үшіншіден қарулы
күштердің мүмкіншілігімен анықталады. Әскерлер қауымы байырғы түркі
қоғамындағы әлеуметтік құрылымның ірі бөлімін құрағаны белгілі.
6-8 ғасырларда қазіргі Қазақстан мен Орталық Азияның сайын даласында
үздіксіз қақтығыстар, жаулап алу, соғыс қимылдары жүргенін еске алсақ,
байырғы түркілердің тұрақты әскері болған деп пайымдағанымыз жөн болар.
Айталық, Күлтегіннің өзі бір жылда бес мәрте соғысқанын мәңгі тасқа қашап
жазғызған[2]. Мұншалықты соғыс қимылдарын жүзеге асыру орталықтанған,
пәрменді мемлекеттік билік пен тұрақты қарулы күштерді қажет ететіні
сөзсіз. Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшы міндетін қаған атқарды.
Жорыққа даярлану, соғыс жариялау, қызметке тағайындау, жаудан түскен олжаны
әділдікпен бөлу бәрі қағанның ұйғарымымен ғана жүзеге асырылатын. Бүгінгі
ұғымдағы Қорғаныс министрі термині соғыс иесі, әскер иесі деп аталып,
бұл қызметті қағанның лайықты жақын туысы немесе асқан талантымен көзге
түскен Тоныкөк тәрізді тұлғалар атқарды. Өйткені Тоныкөк мемлекеттік
биліктен алыс тұрған түркі тайпасынан шыққанымен, табиғат сыйлаған дарыны
арқасында Елтеріс, Қапаған, Білге қағандар тұсында қолбасшы дәредесіне
көтерілген ақыл иесі еді. Түркілердің атақ-даңқын, күш-қуатын арттырған
тамаша жеңістер иесі Тоныкөк өзін әрқашан қағанның бұйрығын орындаушысы
ретінде ғана сипаттап отырады. Байырғы түркі әскерлері темірдей тәртіпке
бағынды. Бұйрықты орындаудан бас тартқан немесе орындай алмаған жауапты
адамдар қатаң жазаға тартылып отырды. Мәселен, қырғыздарды тапжылтпай басу
үшін тау асып бармақ болған Тоныкөк әскері адасып, көп қиыншылық көреді.
Ал, сол қателікке ұрындырғаны үшін жол көрсетуші адам өлім жазасына
кесіледі. Байырғы түркілер қандай соғысқа бармасын жаулап алу, одан қорғау,
азаттық үшін мұқият дайындалған. Қауіп қандай болса, қатер содан дегендей,
өздеріне қырғи-қабақ мемлекеттердің ішкі қоғамдық-саяси өмірін жіті
қадағалап отырғаны өз алдына, сол елдерге тыңшы жіберіп, жасырын ақпараттар
жинауды, дипломатиялық қарым-қатынастардың мүмкіншілігін пайдалануды
дәстүрге айналдырды. Бүгінгі және болашақтағы қатынас елдің қарулы
күштерінің санына, әскер басшыларының қабілет-қарымына, кімдермен
одақтасуға ұмтылатынына зор мән берілген. Әліптің артын бағып отыра бермей,
соғысты дұшпанның территориясында жүргізуге ұмтылғанын да байқау қиын емес.
Тоныкөк ескерткішіндегі мәлеметтерге зер салсақ, байырғы түркілер өздеріне
қарсы одақ құру жолына түскен табғаштарды, оғыздарды, қидандарды басын
біріктірместен, жеке-жеке талқандағанын көреміз.
Осынау тарихи фактілерден екі теориялық-методологиялық тұжырым түюге
болады: 1) байырғы түркі қоғамының әскери соғыс ілімінде дұшпанға
привентативті соққы беру теориясы мен практикасының қалыптасуы; 2) ел
экономикасының сол заман үшін ұзақ саналатын соғыс жүргізу үшін қажетті
шығындарды көтере алатындығы. Орхон-Енисей ескерткіштерінде соғыс тақырыбы
басымдық алып жатқанына байырғы түркілер қоғамы соғысқа сүйеніп қана күн
көрген екен, жер бетінде сақталып қалған деген ой тұрмауы тиіс.
Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі жорық пен соғыс мәселесінің жиі
көтеріліп, есесіне экономикалық жай-күйдің жай баяндалуының ел басылар мен
қолбасшылардың соғыс құмарлығы ретінде емес, қайта олардың ұлттық
қауіпсіздік мәселесін бірінші орынға қойғаны ретінде қабылдауымыз керек.
КӨНЕ ТҮРКІЖАЗБАЛАРЫНДАҒЫ АЛҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАР
Ашина (көк бөрі) ұрпақтары VI ғасырда хандықтың басқару жүйесін
құқықтық негізде құрды. Өкілетті билік пен заң шығару ісі ақсақадцар
алқасының (кейінгі қазақ хандығында — билер алқасы мен хан кеңесі)
құзырында болды. Ал хан жарлығы атқарушылық міндеті үлкенді-кішілі
лауазымдар иесіне жүктеледі. Бұл мансаптар мұрагерлік жолмен хандық билік,
әскери демократия арқылы жүзеге асырылған. Халықтың құқықтық санасының әрі
мемлекеттік басқару жүйесінің арқауы кең ауқымды жеті баптан тұратын, Тәуке
ханның "Жеті жарғысы" деген атқа ие болған. Ел заңы:
1-бап. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы
бұйырылсын.
2-бап. Түрік будун мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім
жазасына бұйырылсын.
3-бап. Қағандык ішінде жазықсыз кісі өлтірген кісілер өлім жазасына
бұйырылсын.
4-бап. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға
өлім жазасы бұйырылсын.
5-бап. Өреде тұрған, тұсаулы тұрған сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім
жазасы бұйырылсын.
6-бап. Төбелесте мертігудің түріне қарай мүлік түрінде құн төленсін:
а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса
қыздың қалыңмалын береді;
ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7-бап. Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып
төлеттірсін[3].
VIII ғасырдың басында жазылған аталмыш жәдігерліктер стилі XIV—XV
ғасырларға дейін жеткен. Мүндай жәдігерліктер қатарына "Қорқыт Ата" кітабы
мен "Оғызнаманы" да жатқызуға болады. Олардың өзара стильдік
айырмашылықтары болғанымен, оқиға желілері, баяндау үлгілері, дүниетанымдық
арқаулары өте ұқсас.
Бұл аталмыш жәдігерліктердің барлығының да мазмұнын тәңіршілдік көктей
өтеді, ол олардың дүниетанымдық өзегі ретінде көрінеді. Мысалы, көне
түркілердің космогониялық түсінігін мына сөздерден бағамдауға болады:
"Жоғарыда Көк тәңірі, төменде Қара жер жаралғанда екі арасында кісі оғлы
жаралған екен". Олардың үстінен карайтындар "Тәңіріден болған", яғни
кдғандық үстемдікке ие болатындар Бумын, Істемі, Білге қағандар еді.
Аспанның, жердің, тау-ойпатының керағар ұғымдар, диалектикалық қарама-
қарсылықтардың бірлігі екендігін көне түркілер үстірт болса да пайымдай
алды ма? Әрине, алайда мұңдай көзқарас аңғалдықпен, көмескі топшылаудан ада
емес еді. Оның үстіне тәңіршілдік, анимизм мен тотемдік көзқарастар үстем
болды. Сонысына қарамай Аспан (Көк тәңірі) мен Қара жер (Жер-ана)
аралығындағы ғұмыр кешкен адамзаттың екі топқа бөлінуі де адамдардың қарама-
қарсы екі жаратушының қайсысына "жақын" екендігі туралы әпсаналармен тығыз
байланысты болғандығын көруге болады[4].
Тәңіршілдік көзқарастың танымдық тірегі — тәңірінің жасампаздық
құдіретіне деген халықгық сенім. Түркілердің танымдық қабілеті, жеңіске
жетуі, табғачқа (қарақытайға) бағынғаны үшін жазалануы да тәңірінің
мейіріміне немесе қаһарына ұшырағандықгың жемісі. Көрнекілік үшін мысал
келтіретін болса, дана қарт Тоныкөк өзінін, біліктілігін тәңірдің сыйы
ретіңде қабыддайды, ал, шын мәнісінде, ол білімді табғач елінде алған.
Әрине, өзінің табиғи қабілетінің арқасында. Өзінің даналығын дәріптеу
мақсатында қайталанып отыратын "қағаны алып екен, ақылшысы дана екен" деген
сөз тіркесін жауларының аузына салып отырғандығы Тоныкөктің мақтаныш
сезімінің айғағы болса керек.
"Сатқын бектердің сөзіне еріп, азаттықты қастерлемей кіріптарлыққа
еркімен кірген будун (түркі халқы) тәңірінің қаһарына ұшырады" дейді
Тоныкөк. Кейіннен ел басын біріктіріп, қағандық құрып талай жеңістерге жету
ісі де тәңірден қолдау таппаса жүзеге аспас екен. Алты мындық оғыз
әскерімен кездескенде Тоныкөк әскері 2 мың ғана екен. "Төңірі, Ұмай, Ұйық
жер-су жер берді емес пе? Неге қашамыз? Көп (екен) деп неге қоркдмыз...
неге басьшып қаламыз... тиелік!— дедім дейді Тоныкөк. Тидік (тиіп бердік).
Бытыратгық. Екінші күні (қайта) кеддік. Өртше қызып (лаулап) кедді.
Соғыстық. Жаудың бізден екі-үш сыңары (легі) артық еді. Тәңірі жарылқағаны
үшін, көп екен деп біз қорыкладық, соғыстық"[5]. Ал "Қорқытата" кітабы мен
"Оғызнамадан" тәңіршілдік дүниетанымның үстемдіктен айырьша бастаған
нышанын байқаймыз. Мысалы, Дерсе хан баласын тәңірден тілеп алса ("Қорқыт
ата" кітабы), Оғыз қағанның балалары аспаннан түскен нұрдан жаратылған
әйелден туады. Сондықтан да олардың атын Ай, Күн, Жұлдыз қояды. Сонымен
қатар, Дерсе хан туралы аңызда Алла-тағала аты бір рет айтылады да,
кейіннен үш мәрте Тәңірі-тағала деп қайталанады. Бұл нені көрсетеді? Біздің
пайымдауымызша, ол кезендердегі қауымдық санада тәңіршіддік көзқарастың әлі
де үстем болғандығының, діни исламның толық жеңіске жете қоймағандығының
айғағы болса керек. "Тәңірі-тағала" осы итжығыс күрестің нәтижесі ретінде
қалыптасқан ұғым сияқгы.
Орхон-Енисей жазбалары, "Қорқыт Ата" кітабы, Оғызнама
жәдігерліктерінде тотемдік, анимистік көзқарастар сілемдері сақталғанымен,
мифтік ойлаудың ықпалы азая бастағамы байқалады. Оны оқиғалар желісінія
реалистік, тарихи шындыққа біршама жанасымды тұрғыда баяндалатынынан-ақ
пайымдауға болады. Алайда, тотемдік көк бөрі барлық аталмыш жәдігерліктерде
орын алып отырады. Ол бірде әскерге жолбасшы болса, Оғызнама бірде заузат
ретінде дәріптеледі. Сонымен қатар анимистік көзқарастардың да аз да болса
бой көрсетіп қалатынын байқаймыз.
Қазақстан аймағындағы алғашқы адамдар тас дәуірінен бастап еңбек
кұралын сапасына қарай таңдады, осыдан сезімді, мәнді әрекет процесі
басталды. Қола дәуірі тарихта жалпы тұрғындардан бақташыльнспың пайда
болуымен, яғни қоғамдағы алғашқы ең үлкен еңбек бөлінісімен белгілі. Бұл
материалдық мәдениетгің дамуына, өркендеуіне қуатты қозғаушы күш берді.
Тері шалбарлар пайда болды және көрші халыктар мұны жылдам қабылдады.
Ауыздықтың, айыл, құйысқан, ертоқым, найза, жебе ұштарының қажеттілігі
металлургия мен тау-кен өндірісін тудырды.
Сапа санаты қасиет ұғымына алып келді. Ол пәннің басқа заттар мен
шындықка деген қатынасынан туындайды. Қасиет сапаның потенциалды мүмкіндігі
болып табылады[6]. Ғұңдардың өзі заттар мен тіршілік иелеріне сапа
тұрғысынан қарады. Мейлінше күшті күгім тілемейтін, алыс жорықтарға төзімді
асыл тұқымды жылқыларды өсіргенді дұрыс көрді. Тайпа көсемін оның сапалық
қасиетгерін салмақтай отырып сайлады. Оның қасиетгері неғұрлым
күштілігімен, айлалы (алысты болжағыштығымен), көрегендігімен бағаланды.
Күштілері айлалы және дәмдіні жейді, қартайғандары солардың қаддықтарымен
тамақтанды. Жастар мен мықтылары сыйлы, ал кәрілер мен әлсіздер керісінше.
Мұндай теңсіздік сапалардың сандық өлшеуішінің қажеттілігін туғызды. Бұл
диалектиканың келесі санаты ретінде сан ұғымын тудырды. Айталық:
"Үйсіндерде жылқы көп, олардың ең бай адамдары төрт-бес мың жылқы
иеленеді". Демек, малшылықтың дамуы сандық айқындылықты дүниеге әкелді.
Санның онтологиялық мінездемесі — кеңістік пен уақыт.
Қазақтың ата тегінің еңбек әрекетімен, сан мың шақырымдық көш
жолдарының белгілі бір күн мен айға байланысты-басып өтілуін белгілеумен
кеңістік ұғымы бастадды. Күндік көш жолы бір көш, сондай-ақ қозы көш,
апталық көш, т.б. қашықтық мөлшері белгіленді. Кеңістік бет-бағдары ежелгі
қазақгар есігінің шығысқа бағытталуымен ерекшеленетін. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz