Абай Құнанбайұлының өмірмәндік толғаныстары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Абай Құнанбайұлының өмірмәндік толғаныстары- 3 -

Адам философиясы, этика мен эстетикасы- 8 -

Алла болмысы және оны тану- 11 -

Абай философиясындағы адам мұраты- 19 -

Пайдаланылған әдебиеттер- 25 -

Абай Құнанбайұлының өмірмәндік толғаныстары

Көзі ашық қазақтың жүрегінде мәңгілік орын тапқан Абайдан басқа тұлғаны атау қиын. Абай қазақ үшін парасат биіктігінің, ақыл-ой толықтығының, адамгершілік пен рухани байлықтың өлшемі. Қазақ бар іздегенін Абайдан табады, қиналған кезде Абайды оқып, Абай арқылы тазарады, Абай арқылы жұбанады. Қуаныш сәттерінде де адам өзі кешкен сезімдерінің дәл сипатын осы ұлы ақынның өлеңдерінен табады, себебі оның туындыларында адам өмірінің бар саласы түгелдей дерлік қамтылды және “не нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады”. Әрбір қазақ баласына ол мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап қария жасына жеткенге дейін өмірлік серік болған данышпан ақынның өмірі мен шығармашылығы жан-жақты зерттелді десек те, оның бар-жоғы екі кітапқа сиып кететін шығармаларынығ тұңғиық сыры әлі де ашылмағандай әсерден арыла алмайсыз, ойларының құдіреті мен ұлылығына табынумен, тамсанумен боласыз. Қазақтың бас ақынының философиялық толғаныстары да қазіргі заман адамын дәл осылай таңдандаырады. Бізді мазалап жүрген адам, өмір, өлім, өмірдің мәні мәселелерінің шешімдерін де Абай тұтас қамтып, түсіне білген адамның санасына жеткізіп кеткен екен. Абай секілді ғұламаның өмірмәндік ойларын таратып айту- қиынның қиыны. Бірақ әрбір қазақ оны түсінуге, шамасы келгенше ұғынуға ұмтылуы қажет сияқты. Біреу үстіртін, басқа адам тереңірек тексерер, қайткен күнде де Абай өзін оқыған адамның жүрегінде із қалдырары, санасына қозғау салары күмәнсіз. Абай философиялық дүниетанымын зерттеуге арналған еңбектерден оны материализм, идеализм, буддизм, суфизм, тіпті кришнаизм ағымдарына телуге талпыныстар байқалады. Біз болсақ, ұлы ақынды қарапайымадам қалпында, өзі өмір сүрген шым-шытырық ХІХ ғасырдың перзенті ретінде, ешқандай «изм»-дерге тәуелсіз күйінде қарастыруға тырыстық.

Сөз жоқ, Абай философиясының негізгі мәселесі-адам. Адам - табиғаттың ең үлкен жұмбағы. Дүниеде адам зерттемеген, құпиясын ашпаған нәрсе, құбылыс қалмаған шығар, әсіресе өзіміз күні кеше қоштасқан ХХ ғасыр дүниені танып-білу тұрғысынан алғанда адам үшін аса жемісті болды. Ал адамның өзі кім? Адам қоғамы қайткенде түзелмек? Мәнді өмір дегеніміз қандай өмір? Осы мазмұндас сұрақтар көне заманнан бастап қазіргі кезеңге дейін өмір сүрген ойшылдарын толғантты және толғанта бермек, себебі оның дәл жауабын табу мүмкін емес. Абайдың философиялық көзқарастарын зерттеуге мол үлес қосқан белгілі ғалым Ғарифолла Есімнің бұл мәселе туралы: «Өмір, дүние туралы толғанысқа түскен адамның тиянақты тұжырымға келуі екіталай іс. Дүние болмысы туралы мінсіз ой қалдырған данышпан жоқ. Олардың бәрі терең ойлар айтқан, бірақ ешқайсысы өмір мәнін ашып бере алмаған. Өмір құпиясы, Кант тілімен айтсақ, «өзіндік зат»» деген дұрыс пікіріне біз де қосыламыз. Абай ғұламаны да ойландырған, күйзелтіп, күйдірген осы жауабын табу қиын, мәңгілік мәселе. Оның шешімін ол тапты ма, жоқ па-әңгіме онда емес. Мәселе Абайдың өмірмәндік ізденісінде, ақынның осы сауалдар төңірегіндегі толғаныстарының жалпы қазақ үшін, әсіресе қазіргі қазақ үшін қажеттігінде, құндылығында.

Адам, оның өмірі туралы философиялық толғаныстарын Абай негізінен өлеңмен өрнектеді. Бұл кездейсоқ құбылыс емес, себебі философиялық ой кешу мен поэзиялық бейнелеу адамның рухани қызметінің ажырамас жақтары. Философия мен поэзияның онтологиялық және гносеологиялық негіздері де бір., екеуі дн реалды шындықты бейнелеуге тырысады. Бейнелеу тәсілдері мен нәтижелері әр түрлі болғанымен, екеуі де ақиқатты танып-білуге ұмтылады. Философия ғылым реітнде пайда болғаннан бері адам дүниесін зерттеумен айналысып келе жатса, поэзияның да жырлағаны адам. Адам жүрегін оятуға бағытталған шығармашылықтың азапты жолынан философ та, ақын да өтеді. Рухани қызметтің аталған түрлерінің ұқсастығының осындай мысалдарын көптеп келтіруге болады. Философия мен поэзияның, философ пен ақынның бірлігін теріске шығарып, поэзиядан «пәлсапа», ой мен мораль іздеу бекер дейтіндер де табылып жатады, ондай ойдың қисынсыздығына дүниежүзілік деңгейдегі басқа тұлғаларды айтпағанның өзінде Абайдың өзі-ақ дәлел бола алады.

Абайдың адам, өмір туралы толғаныстарын екі кезеңге бөліп қарауға болатын, секілді. Оның ақындық ғұмырының алғашқы кезеңінде адам, оған тән махаббат, сүйіспеншілік сезімдеріне арналған лирикалық жырлар басым. Ғашықтық өлеңдердің тамаша үлгілері дүниеге келген осы жылдары Абайда ойшылдықтан ақындық көбірек.

Екінші кезеңі -Абайдың ақыл тоқтатып, өткен өміріне көз жіберіп, өзінің де, қазағының да тіршілігін талдаған уақыты. Өмірмәндік ізденістерге толы өлеңдері де, философиялық қара сөздері де осы жылдары жазылды. Түркі топырағының атақты ойшылдары Жүсіп Баласағұн мен Қожа Ахмет Яссауи секілді ғұламалар кешкен өмірмәндік күйзеліске Абай да ұшырады, «өкінішті көп өмір өткен кетіп » деп, қайғы мен мұңға шөкті. Әдетте Абайға қазақты көп сөкті деп кінә тағамыз, ал оның жырларын толық ұқпай, береке-бірліксіз, дүние мен нәпсі қызығынан ұзап шыға алмай, байлық пен билікке таласумен өмір кешіп жатқан жұртына ой салу, ақыл беру. Абай өмір сүрген ХІХ ғасыр сан қилы тағдырды басынан кешірген, өз тарихында талай рет өмір тәлкегіне ұшыраған қазақ халқы үшін ерекше ғасыр еді. Үш ғасырға созылған бодандық қамыты, әсіресе осы кезде күшейе түскен болатын. Ресейдің отарлық саясаты қазақтың бүкіл өмір салтын, шаруашылық жүйесін, этникалық тұтастығын, моральдық келбетін бұзды. Бұл өзгеріс қазақ өмірінің соңғы аталған саласында ерекше байқалды.

Адам өмірінің мәні мен мақсатын түсіндіруде оның қара сөздерінің орны ерекше. Абайдың қара сөздер кітабын қазаққа өмірдің мәнін талдап көрсететін дайын оқулық десек, артық айтқандық болмас.

Өмірдің мәніне жетемін деген адам қандай қасиеттерді бойына жинап, қандай қасиеттерден арылуы қажет? Өмірде не нәрсенің маңызды екенін түсіну үшін адамға ең әуелі ақыл керек. Абай ақылды адамды есті адам деп сипаттайды. Ақылдың көмегімен адам өзі қызыққан өмір-дүниенің есігін ашады, дүниені ғана емес, өзін де, басқаны да ұғынуға тырысады. Өмірінің мақсатын анықтау міндетін де адамның ақылы атқарады. Ең қарапайымнан күрделіге дейінгі сан түрлі мақсаттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап алу оңай емес. Есті адам құмарлық сезімге бой бермей, ақылына жүгініп, тұрақты, түпкілікті мақсатты таңдап алуға қабілетті. Ол «орынды іске қызығып, құмарланып, іздейді екен-дағы, күнінде айтса құлақ, ойласа көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өмірдің өкініші де жоқ болады екен».

Сезімі ақылын шырмаған адамның есі кетіп, ақылын қолдан шығарып алады да, анықты бұлдырдан айыра алмайды. Бұндай күй әсіресе жас адамға тән. Жастық шақта адамға өмірдің бәрі әлі алда, өмір таусылмастай, адам бәріне үлгеретіндей көрінеді. Абай осы алдамшы сенімнен сақтандырады, себебі ақылына құлақ түрмей, әр нәрсеге құлақ түрмей, әр нәрсеге бі қызығушылық адамның бойында мастық туғызады, ол ақылдың көзін мүлдем байлап тастайды. Есер адам осы мастықтан арыла алмайды да, өмірден өз орнын таба алмай, баянсыз, өкінішті өмір кешеді.

Адамды аздыратын ақылсыздық қана емес, сыншыл ақылдың айтқанымен жүретін, оны ұғатын жүрек пен қайраттың жоқтығы. Көздеген мақсатқа жету үшін ақылдылық аз етеді, ештеңеге мойымайтын батылдық, жүректілік керек. Осы жүректілктің негізінде жігер мен қайрат жатыр. Қайрат ақылға бағынғаны дұрыс:

Жүректе қайрат болмаса,

Ұйықтаған ойды кім түртпек?

Ақылға сәуле қонбаса,

Хайуанша жүріп күнелтпек.

Аспаса ақыл қайраттан,

Тереңге бармас үстірттер.

Қартыңның ойы шар тартқан

Әдеті жеңіп күңгірттер.

Қазақ халқын адамгершілік пен руханилыққа негізделген мәнді өмір сүруге үгіттеген Абайдың өсиеті өз жұртының санасына жете қоймады. Қараңғылық пен надандық тұмшалап қалғыған сананы сөзбен оятпақ болған, елді жайлаған бақталастық, күншілдік, еріншектік, арсыздықпен поэзиясы арқылы күрескен философ ақын бұл тірлігінің еш нәтиже бермегенін көзімен көріп шошынды:

Менсінбеуші ем наданды,

Ақылсыз деп қор тұтып,

Түзетпек едім заманды,

Өзімді тым-ақ зор тұтып.

Таппадым көмек өзіме,

Көп наданмен алысып.

Көнбеді ешкім сөзіме,

Әдетіне қарысып.

Жан шошырлық түрінде

Бәрі бірдей еліріп.

Ұстай алмадым бірін де,

Кекиді кейін шегініп.

Мұндай елден бойың тарт,

Мен қажыдым, сен қажы!

Айтып-айтып өтті қарт,

Көнбеді жұрт не ылажы?

Абайдың өлімге деген көзқарасы таңдандырады, адамға ой салады. Оның түсінігінде, мәнсіз өмір-жалған, өлім шын. Өмірдің ырду-дырдуымен өтетін мәнсіздігін көріп, күйініш тартқаннан өлген артық. Абайдың Оспанның өлімне жазған өлеңін оқып көрейік:

Жайнаған туың жығыылмай,

Жасқанып жаудан тығылмай,

Жасаулы жаудан бұрылмай,

Жас жүрек жомарт құбылмай,

Жақсы өмірің бұзылмай,

Жас қуатың тозылмай,

Жалын жүрек суынбай,

Жан біткеннен түңілмей,

Жағалай жайлау дәулетің,

Жасыл шөбі қуармай,

Жарқырап жатқан өзенің,

Жайдақ тартып суалмай,

Жайдары жүзің жабылмай,

Жайжақтап қашып сабылмай,

Жан бікенге жалынбай,

Жақсы өліпсің, япырмай!

Өлеңді үзбей-жұлмай, толық беріп отырғанымыздың себебі-осы өлеңде Абайдың өлімге деген көзқарасы керемет сезіледі, өлеңнің Оспанға арналды деген аты ғана. Ұлы ақынның өз өміріне деген ащы сыны, өзін түсінбеген қоғамға өкпе наразылығы өлең мәінінде бұғып жатыр. Абай мазасыз, мағынасыз өмірден өлім артық деген таңдау жасайды. Өлімнен қорқудың керегі жоқ, өмір өткінші, өлім-заңдылық, «тірліктің арты өлмек-ті». Өлімді жеңетін жақсы, мәнді өмір ғана. Осындай философиялық тұжырымды Абайдың баласы Әбдірахман дүниеден өткенде жазған өлеңдерінен, Оспанның өліміне жазған тағы бір өлеңінен байқауға болады. Мәселе адамның қанша өмір сүргенінде емес, қалай өмір сүргенінде:

Ұзақ өмір не берер,

Көрген, білген болмаса?

Жатқан надан не білер,

Көңілге сәуле толмаса?

Адам деген атына лайық, адамгершілігіне кір шалдырмаған, көрсем-білсем, еліме қызмет қылсам деген адам өлмейді, оның ізгі ісі мен мәнді өмірі өлімді жеңеді:

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес.

«Мені» мен «менікінің» айрылғанын

«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес.

Адам-табиғаттың жемісі, адамның «Менікісі», оның тәні осыны білдіреді. «Менікіні» адам «Менімен», өзінің адамгершілігімен, жақсы ісімен, үлгілі өмірімен толтырады. Адамның тәні өлгенімен, өмірде қалдырған рухани ізі өлмек емес. Біздің осы ойымыздың дәлелін Абайдың «Көк тұман алдындағы келер заман» өлеңінен көруге болады. Ақын адам өмірі «аранулы таусыншық күн», қалғанын алла бір өзі ғана біледі дей келіп, көп күнді айдап өтіп жатқан көп өмірдің ізі жоқтығының себебіне үңіледі, ол- адамның пендешілікке салынып, «Менін» емес, «Менікін» көбірек ойлау.

Саналы адам өзінің «Менін», жанын жетілдіруге, руханилық пен адамгершілікке ұмтылса ғана өлмейді, Абайдың:

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, -деуі де сондықтан. Дәл осы ойды Абайдың өзі туралы да айтамыз, оның өмірі мәнді өмір сүрудің ұлы өнегесі.

Қазақ үшін әлі күнге дейін Абайдан асқан данышпан, ғұлама тұлға болмай отыр, мүмкін болмайтын да шығар. Абайды танып-білу шексіз. Әлі талай ұрпақ қазақтың бас ақынының жұмбақ әлеміне, оны толғандырған адам, қоғам, өмір мәселелеріне зерттеу жсайтыны сөзсіз.

Адам философиясы, этика мен эстетикасы

Абайдың арнайы философиялық трактаттар жазбағаны мәдім. Бірақ, ол - философиялық терең толғаныстарға, тосын пікірлі идеяларға толы поэзиялық туындылар мен қара сөздердің авторы.

Абайдың рухани әлемі - ерекше бір тылсым дүние, ал оның негізгі зерттеу объектісі - адам. Сол адамның эстетикалық, этникалық бет-пернесі, арман-мақсаты, өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ойшылды терең тебіреністерге түсірген.

«Надандарға бой берме,

Шын сөзбенен өлсеңіз», -

деп атап көрсетеді Абай. Абайдың ойшыл-дана ретіндегі негізгі ұсынар этикалық принципі- «Адам бол» деген сөздермен кірігіп келетін кісілікке, адамгершілікке, имандылыққа жетелеу. Бұл-ақын шығармаларының басты өзегі. Осы арқылы ол адамның қоғамдық өмірдегі басты рөлі мен орнын анықтайды, ондағы сыншыл ақылды жоғары бағалайды. Соған ерекше мән береді. «Әсемпаз болма әр неге» атты жастарға арналған өлеңінде Абай:

« . . . Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан !» -

дейді. Ақын философиясында адам ақыл-ой мен кісіліктің, еңбексүйгіштік пен білімділіктің, достық пен махаббаттың тоғысқан үлгісі болуға тиіс. Сондықтан да ол «Күн менен айдың- аспанның, ағаштар мен жемістердің -таулардың сәні болғаны секілді, адам- жер бетінің сәні» деп ұғып, өзінің адам болып жаратылғанын мақтан тұтады. Тіпті мына бір өлең шумағында Абай қазіргі өтпелі кезең адамдарымен сырласқандай, оларға барлық ішкі сырын ақтарып бергендей:

. . . Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла,

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!

Абайдың этикалық тұжырымдамасында «еңбек» деп аталатын ұғым ерекше орын алады. «Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ», - деп қандай еңбекті дәріптеу керектігін байқатады. Тіптен ақынның адал, шынайы еңбектің адам өмірінде зор орын алатындығын қозғамайтын шығармасы жоқ деп айтуға да болады. Өйткені, еңбек адамның азамат ретінде қалыптасуы үшін рухани тұрғыдан да, парасаттылық тұрғысынан да басты қызмет атқарады деп есептеген. Сондай-ақ, ақын еңбек кісінің жан дүниесін мейірімділікке бөлейді, ал, оның қадірін білмейтін салбөксе жалқаулар көбіне теріс қылықты болып келеді деген тоқтамға келеді. Сол себепті ол: «Еріншектік- күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейшілік- бәрі осыдан шығады», -деп жазды. Қысқасы, ақын еңбекті ең жоғары игіліктің көзі, адам қарекетінің ең биік өлшемі, халқына қызмет етудің, оның ұлттық арман-мүддесін жүзеге асырудың, намысын қорғаудың басты көрсеткіші деп білді.

Шығыстың өзге ұлы ойшылдары сияқты Абай да қоғамның жақсарып, жаңғыруына адамдардың ар-ұжданын жетілдіру жолымен қол жеткізуге болады деп қатты сеніп, халқын сол жолға салсам, оған барынша мол пайда келтірсем деп есептеген. Оған өзінің идеялық-мәдени ізденуі толық кепіл.

Абай әдеміліктің ұлттық түсінігі мен түбірінене жаңа эстетикалық принципін ұсынып, оны былай деп тұжырымдайды:

. . . Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?

Абай нақтылы шындықты әсемдіктің тұлғасы ретінде ұғынады. Оның эстетикалық көзөарасында қазақтың қоғамдық ой-санасындағы сұлулықты, әсемдікті жаңаша ұлттық түсінуге, қоғамдық өмірдегі өнердің орнын терең білуге ұмтылғандық байқалады.

Абайдың жанына жақын идеялардың бірі-адамды табиғатпен жақындастыру мәселесі, яки табиғат пен адам, табиғат пен махаббат, табиғат пен өнер сынды жайлар- ақынның поэзиясындағы сүйікті тақырыптары. Әрине Абай шығармашылығында тікелей табиғатты сипаттайтын шығармалар көлемі жағынан онша көп емес, бірақ, көтерген мәселесі тұрғысынан алғанда назар аударардық. Өйткені, бұл мәселені көтерген шығармаларда тек жылдың төрт мезгілі сипатталып қана қоймайды, күллі табиғат жырға бөленеді, тұтас алғанда ақынның адам туралы философиялық түсінігі жан-жақты ашылады.

Абай үшін табиғат әманда нақтылы да ғажайып, ол адаммен, қоғамдық ортамен тығыз байланысты. Ақын оны ішіне ғажайып сыр бүккен нақтылы шындық ретінде қабылдайды. Бірақ, Абай үшін негізгі нәрсе-адам мен табиғаттың бірлігі болуы да- адам сол табиғаттың ең елеулі, басты тұлғасы ретінде қаралды. Сондықтан да ол адамды табиғаттың тасасында қалдырмайды, оны ойлау, идеялардың қабылдау қабілетінің арқасында барша тірлік иелерінен, жануарлардан жоғары тұрған саналы ақыл иесі деп біледі. Демек, Абай адамды кісілік қалыпқа жеткізіп, қалыптастыратын қоғам, уақыт, дәуір талабы екенін жақсы білген. Сондықтан да: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені, көп болған адам білімді болады», - деп ой түйеді.

Абай тәрбие адамға әсер етіп, оған кісілікті қалыптастырады деп біледі. Тәрбие арқылы адамға туа берілетін қасиеттер дамып қана қоймай, оның ақылына да, адамгершілігіне де, парасаттылығына да, еңбекқорлығына да, өзіне деген сеніміне де жетілдіру жасауға болады деп есептейді.

Абай күллі дүние ылғи өзгереді, дамиды деп білген. Ақынның «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек » деп аталатын өлеңінен бастап, жиырмасыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші қара сөздерімен, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп келетін тоғаныс жырында және тағы да бірсыпыра шығармаларында диалектика идеясы бой көрсеткен. Бұл туындыларында Абай жаратушыдан басқаның бәрі бұл жалғанда дамиды, өзгеріске ұшырайды, ал қоғам ұрпақтардың үнемі жаңарып отыратын мекені деп біледі. Сондықтан да ол бір мезгіл:

Дүние үлкен көл,

Заман соққан жел

Алдыңғы толқын- ағалар,

Артқы толқын - інілер,

Кезекпенен көрінер, -

деп толғанса, бірауық «Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас», яки «замана шаруа, мінез күнде өзгереді» деп ілгерідегі айтылған ойларын одан әрман өрбітеді.

Абайдың күллі шығармасы мен дүниетанымының өн бойында өрмектің арқауындай боп жарыса жүріп отыратын басты идея- бұл халыққа білім беру, яки ағартушылық идеясы. Қазақтың алып перзенттерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлының «Абай біліммен би болып, жұрт билейтін заман өтіп, таспен би болатын заманға қарсы туған. Абай жұрт алдына білімін салғанда, басқалар малын салған… «Білімнен мал артық болушы ма еді?- деп Абай жұрттың онысына көнбей таласқан», - деп жазуы оның осы білімді адамшылық қасиеттің басы деп, сол жолға бүкіл өмірін, шығармашылық қайратын сарп қылғандығын танудың бір дәлелі.

Ақынның білімді елге кеңінен таратып, надандықпен және рухани тозғандықпен күресуі оның әлеметтік бағдарламасы болғаны сөзсіз, бірақ, біздің ойымызша, ұлы ойшылдың тек қана ағарту ісінің шеңберімен шектелмегендігі хақ. Өйткені, ол ең алдымен, тек қанаағартушы емес, бірнеше ғасыр бойғы туған халқының дүниеге келтірген жан сүйсіндірер жақсы қасиеттерін, менталитетін, рухани болмысын, руханилықты бойына жинақтай отырып, соны ел мен жер бірлігі, тіл, қазақтың кең-байтақ территория тұтастығы үшін пайдаланған әлемдік деңгейдегі іргелі ой иесі, ұлы философ-шафқат болатын.

Алла болмысы және оны тану

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам өмірінің мәні
Орыс философиясы туралы мағлұмат
Достоевскийдің философиялық көзқарасы
Қазақтың маркстік философиясы
Орыс халқының философиялық ойлары - әлемдік философия мен мәдениеттің органикалық бөлігі
Абай Құнанбайұлының дүниетанымы
Орыс философиясына жалпы сипаттама
Соловьев философиясының негізгі идеясы - жалпы тұтастық идеясы
Абай Құнанбаевтың Адам болу мәселесі
Абай Құнанбаевтың шығармаларының әлеуметтік мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz