МАРКСТІК ФИЛОСОФИЯНЫ ЛЕНИННІҢ ДАМЫТУЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

МАРКСТІК ФИЛОСОФИЯНЫ ЛЕНИННІҢ ДАМЫТУЫ. 2
Әдебиеттер тізімі: 6

МАРКСТІК ФИЛОСОФИЯНЫ ЛЕНИННІҢ ДАМЫТУЫ.

ХХ ғасыр философиясындағы аса күрделі кезең –қазіргі марксизм
деп аталатын ленинизмнің дүниеге келуі. Оның Маркс пен Энгельс
капитализмнің монополияға дейінгі кезеңдерінде өмір сүріп, сол кездің
проблемаларына жауап іздеген болса, В.И.Ленин капитализмнің империалистік
дәуірінде өмір сүрді. Осыған сәйкес Лениннің алдында жаңа проблемалар
тұрды.
Империализм кезінде капитализм қайшылықтар тереңдей түсті.
Бұл қайшылықтар еңбек пен капитал арасындағы ғана емес, капиталистік
елдер арасында да пайда болды. Олай болса капитализмнің біркелкі дамуы
да бұзылды. Ақырында, капитализм Шығыс елдеріне, оның ішінде
Ресеиге де таралды. Оған дейін Ресейде түрлі қайшылықтар шиеленісіп
жатқан болса, оның үстіне капиталистік қайшылықтар қосылды.
Ресей экономикасы алдыңғы қатарлы дамыған ел болмаса да, революция
жасалуы әбден мүмкін еді. Ресейдегі буржуазиялық-демократиялық революцияның
жетекші күші пролетариат болатыны айқын байқалды. Сондай-ақ ХІХ ғасырдың
аяғы – ХХ ғасырдың басында жаратылыстану ғылымдарында, әсіресе физикада ірі
жаңалықтар ашылды. Оның мәні физика ғылымдары атом сырына, оның ішкі
дүниесіне үңілді. Осыған сәйкес материя, оның қасиеті жөніндегі бұрынғы
ұғым өзгеріске ұшырады. Ол туралы бұрынғы ұғымның таяздығы,кемістігі
байқалды. Атомнан электронның бөлініп шығуы атомның ең кішкентай бөлшек
еместігін, электрон атомнан 2 мың есе кіші және қасиеті одан мүлдем басқа,
жарық сәуледей жылдамдықпен қозғалатын аумағы (массасы) ұдайы өзгеріп
отыратынын көрсетті.
Бұл материяның бұрын-соңды белгісіз болып келген жаңа қасиеттері еді.
Әсіресе, үш түрлі ғылыми жаңалықтар бұл тұрғыдағы пікірге үлкен өзгеріс
енгізді. Бірі атом қабыршағын бұзатын рентген сәулесінің ашылуы (1895),
екіншісі – радиоекпінділік құбылыс (1896), оның заттай негізі-радийдің
(1898) ашылуы, үшіншісі-атомның бөлшегі - электронның ашылуы (1897). Міне,
бұл жаңалықтар көптеген жаратылыстану ғылымы өкілдеріне, сондай-ақ
философтарға күтпеген, кездейсоқ оқиға болып табылады, ғылыми күйзеліс
туғызды. Тіпті электрон позитронмен бірігіп сәулеге айналып, немесе сәуле
қайтадан әлгі бөлшектерге бөлініп, бұрын кездеспеген жағдайлар пайда
болды. Осыдан келіп, материя жойылды, тек энергиа қалды деген асығыс, қате
пікір туды.
Осы жағдайды идеалистер кеңінен пайдаланды.
Міне, бұл жағдай матералист филосфтардан байсалды тұжырымдар күтті. Бірақ
оған Г.В.Плеханов сияқты ірі философтар материаның жойылуы мүмкін еместігі
туралы пікір айтудан жалтарды, тіпті байқамаған сыңай танытты. Материализм
және эмпириокритицизм деген еңбегінде жан-жақты баяндап берді. Ол
еңбегінде Ленин материя қолдан жасалмайды, демек, ол жойылмайды, материя
мен энергия - бір деген методологиялық қорытынды жасап, жойылатын материя
емес, біздің ол туралы түсінігіміз ғана деп көрсетті және материяға Жаңа
философиялық анықтама берді, басқа да проблемалар көтерді, орыс
эмпириокритиктері бұрынғы субъективтік идеализмнің құйыршықтары екенін
жанжақты дәлелдеді. Бұл еңбек В.И.Лениннің ғалым-теоретик екендігін,
ғылымдағы революционер болғанын байқатады. Соңғы кездерде В.И.Лениннің бұл
философиялық еңбегінің маңызын жоққа шығаруға тырысатындар бой көрсетіп
жүр. Тіпті керек десе, В.И.Ленин философ емес, оның философиялық арнайы
білімі де жоқ дейтіндер шықты.
Н. Бердяев былай деп жазды: Философия, өнер, рухани мәдениет саласында
Ленин өте артта қалған, қарапайым адам, оның ұнататыны мен тәуір көретіні
өткен ғасырдың 60-70-жылдарының адамдарындай еді, - дейді. Бірақ сол
Н.Бердяев, не Г.Плеханов енгізген бірде-бір философиялық жаңалық жоқ.
Олардай арнайы философиялық мамандығы болмаса да, В.И.Ленин өздігінен оқып,
философия ғылымын өз заманының биік шыңына шығарды. Оның бір дәлелі
В.И.Лениннің Философиялық дәптерлері. Бұл еңбек В.И.Лениннің
шығармашылығы кең ауқымды ойшыл адам, философ екенін көрсетеді.
В.И.Лениннің табанды философиялық көзқарасына әсер еткен ғылыми
жаңалықтардың ішінде мыналарды да қосып айтқан жөн: радиотолқындардың
ашылуы (Герц), сәуле салмағының бар екендігі (П.Лебедев), оның кеңістікте
жаппай тұтас емес, бөлшек-бөлшек болып таралуы (Макс Планк), материаның
қозғалысы мен уақыт бірлігі (А.Эйнштейн), т.б.
В.И.Ленин көрнекті материалист – диалектик болды. Өмірдің қандай мәселесі
болса да ол матералистік диалектика тұрғысынан талдап шешті.
Біз оны Лениннің Халық достары деген не және олар социал –демократтарға
қарсы қалай күреседі? деген алғашқы еңбегінен-ақ байқаймыз.
В.И.Ленин философияны ең алдымен халықшыларға қарсы күресе отырып
дамытты. Халықшылардың Ресей капитализмге соқпай дами алады деген пікірін
сынай келіп,XIX ғасырдың екінші жартысында Ресей капиталистик даму жолына
түсті, олай болса, ол капитализмге соқпай дамиды деген пікір бос даурығу;
мақсат-капитализм ауыртпалықтарынан тез өтуде, деп дәлелдеді. Сондай-ақ,
В.И.Ленин капитализмді мәңгілік етпек болған П.Струве, Т.Барановский
сияқты ашық марксизм өкілдерін, одан соң капитализмді барлық елдерде
міндетті түрде басынан өткізуге тиіс деген
ІІ Интернационал өкілдерінің пікіріне қарсы күрестерде дамытып кітаптар
мен мақалалар жазды.
Халық достары деген не?... деген еңбегінде В.И. Ленин К.Маркстің
тарихта материалистик тұрғыдан түсініп,ғылыми ашқан жаңалығын кеңінен
талдайды. Мәселен, К.Маркс ашқан өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар
диалектикасын алайық.
К.Маркс сол жаңалығы арқылы тарих белгілі бір заңдылықпен дамитынын,
сол заңдылыққа бағынатындықтан, оны саналы басқаруға болатынын ашты. Сол
сияқты Ленин де К.Маркстың ғылымға қосқан тағы бір үлкен үлесі-қоғамдық-
экономикалық формацияны талдап, дәлелдеп берді, ол әр бір формасының
өзіндік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркстік философияның шығу тегі
Орыс философиялық ойлары
Орыс христиан философиясы
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Марксизм саяси ілім ретінде
ЛЕНИН (Ульянов) Владимр Ильич
Маркстік философия жайлы
Маркстік философия
В. И. Ленин
Маркстік философияның пайда болуы мен алғышарттары
Пәндер