Орта ғасыр және қайта өрлеу дәуірінің философиясы. Ағартушылық философиясы және Француз материализмі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

1. Орта ғасыр философиясы 3
2. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы 7
3. 17 ғасырдағы ғылыми революция және философия 10
4. Ағартушылық философиясы және Француз материализмі 12
Әдебиеттер 14

1. Орта ғасыр философиясы

Орта ғасыр тұсында қоғамның рухани өмірінің барлық салаларына діни
идеологияның бүтіндей үстемдік жасауы философияның дамуына да өз әсерін
тигізбей қоймады: философия іс жүзінде дін иелерінің қызметшісіне айналды,
яғни діни қағидалар мен догматтардың сөзсіз ақиқаттығын дәлелдеп, негіздеуі
тиіс болды. Бұл философия схоластика (латынша ғалым мектеп деген
сөздерден шыққан) деп аталды.
Орта ғасырлық философияда негізгі күрес, айтыс универсалий (жалпы
ұғымдар, жалпылама) мәселелердің төңірегін де жалпының жекеге қатынасы
жайлы болды. Философтар екі топқа бөлініп күресті: біреулері жалпы ұғымдар
(универсалийлер) жеке, нақты заттардан тәуелсіз олардан бұрын пайда болған,
бұл шын мәнінде құдаймен байланысты деп дәлелдеді. Бүкіл тіршіліктің мәні
жаратушы құдай деді.
Жалпы ұғымдар – универсалийлер реалды өмір сүреді, олар әуел бастан
бар деушілер тобы реалистер (латынша шын деген сөзден шыққан) деп, ал
олардың философиялық бағыты реализм деп аталды. Ал бұларға екінші ағым
жалпы ұғымдар өздігінше дербес өмір сүре алмайды, тек нақты, жеке заттар
ғана ғұмыр сүреді, сондықтан олар алғашқы деп дәлелдейді. Орта ғасыр
тұсындағы материалистік ағымды білдіретін бұл көзқарасты ұстаушылар
номиналистер (латынша атау деген сөзден шыққан) деп аталды, өйткені бұлар
жалпыны жоққа шығарып, оны жай атау ғана деп жариялады.
Ортағасырлық батысевропалық философия дүниетаным дамуындағы өзiндiк
ерекшелiгi бар кезеңдердiң бiрi. Бұл ерекшелiк философиялық ой дамуының
тiкелей дiни-теологиялық шеңбердiң iшiнде, христиандық дiни iлiмiнiң
апологетикасы төңiрегiнде өрбуiмен сипатталады. Ортағасырлық батысевропалық
философияның қалыптасуы мен  дамуына Муций Феликс, Тертуллиан, Ориген
сияқты апологеттер, неоплатонистер және Аврелий Августин өздерiнiң
интеллектуалдық ықпалдарын тигiздi. Рим шiркеуi әулие Августиндi сенiм мен
ақылдың үйлесiмдiлiгi тұрғысынан христиандық дiни iлiмдi негiздеудегi
орасан  зор сiңiрген еңбегi үшiн “әкей” ретiнде мойындаса, көптеген
батыстық зерттеушiлер оны “батыстық ортағасырлық мәдениеттiң ұлы
құрылысшысы” деп атайды. Аврелий Августин өзiнiң “Құдай қаласы туралы”
еңбегiнде атақты формуласын – “credo ut untelliyam, intellido ut credam”
(ұғыну үшiн сенемiн, сену үшiн ұғынамын) формуласын негiздейдi. Бұл ақыл
мен сенiмнiң өзара бiрiн-бiрi толықтыру принципi V-XV ғасырлар аралығын
қамтитын Батыс Европаның бүкiл ортағасырлық философиялық ойының ең негiзгi
дүниетанымдық кредосына айналды.
Егер Аврелий Августин Рим шiркеуiнiң “әкейi” болса, онда Боэций (480-
526) М.Грабманның берген дәл сипаттамасы бойынша “соңғы римдiк және бiрiншi
схоласт” болып табылады және  сонымен қатар ортағасырлықтың негiзiн қалаушы
ретiнде де (Э.Рэнд) орынды саналады. Боэций антикалық дәуiрдiң рухани-
философиялық мұрасын ортағасырлық мәдениетпен байланыстырушы, антикалық
интелектуалдық-философиялық дәстүрдiң ортағасырлық руханиятпен
сабақтастығын жүзеге асырушы ұлы транслятор болып табылады. Боэций
аристотельдiк iлiмнiң ұғымдық  аппаратын рухани трансляция жасап қана
қоймай, ортағасырлық философиялық ойлау мәдениетiне теологиялық
проблематиканың негiзгi қаңқасын да енгiздi: универсалийлер мәселесi,
тринитарни (Құдiреттi Құдай, оның Ұлы және Қасиеттi Рух арақатынастары),
субстанция мәселесi және акциденция. Боэцийдiң айтуынша субстанция – бұл
барлық атрибуттар мен акциденцияларды айқындайтын барлық мәндiлiктердiң
негiзi. Егер субстанция – бұл заттардың жалпы негiзi болса, универсалийлер
– бұл жалпы  атаудың мәнi. Олар ақыл-оймен абстракциялаудың нәтижесi
болғанымен, әлемде бар және нақты өмiр сүретiндердi бейнелейдi.
Схоластикалық философияның басталуы И.С.Эриугенаның  есiмiмен
байланысты (810-877). Эриугена өзiнiң “Табиғаттың бөлiнiсi туралы” деген
жұмысында әлемдiк үйлесiмдiлiк туралы идеясын негiздейдi. Онда құдай барлық
бастаудың түпнегiзi бола отырып, болмыс процесiн өзi аяқтайды: “Құдай өзi
танылмағанымен өзi таратқан нәрселерiнде ашылады, ал Құдайға иланудың өзi –
таңғажайып жаратылыс” (Эриугена).
Ортағасырлық философиясының дамуына үлкен үлес қосқан Ансельм Д' Аоста
(1033-1109) болды. Ол өзiнiң “Прослогион” деген еңбегiнде құдайдың өмiр
сүруiнiң априорлық немесе онтологиялық дәлелдерiн негiздейдi. Сол сияқты
П.Абеляр (1079-1142) заттардың мәнiне сәйкес келетiн және сөздердiң
мағынасын бiлдiретiн универсалийлер туралы идеяны  дайындап шығарады.
Реалистердің басты өкілдері Ансельм Кентерберийский (1033-1109), Фома
Аквинский (1225-1274) т.б. болды. Олардың пікірінше, жалғыз құдай шын өмір
сүреді, дүниеде бар нақты заттар мен құбылыстардың бастамасы құдай, демек,
жеке нәрселердің пайда болуы жаратушы құдайға байланысты.
Бұл көзқарасқа номиналистер Росцелин (1050-1112 ж шамасы) және
басқалар үзілді-кесілді қарсы шықты. Олардың ілімі бойынша, жалпылық жекені
айқындай алмайтыны былай тұрсын, тіпті нақты өмір де сүрмейді. Шындықта
тек жеке-дара заттар ғана өмір сүреді, сондықтан адам сол жеке заттармен
құбылыстарды ғана танып, біле алады. Номиналистердің бұл пікірі материяның
алғашқылығы жайлы материалистік тезиспен үндесіп жатыр. Сол себепті бұл
ілім шіркеу иелерінің ашу-ызасын тудырды.
Реалистер мен номиналистердің жалпылық жайлы сыңаржақ көзқарастарын
жұмсартып жақындастыруға тырысқан итальяндық дін иесі философ Фома
Аквинский болды. Фоманың айтуынша, ешбір материалдық және жоғарғы формадан,
яғни жаратушы құдайдан тәуелсіз өмір сүре алмайды, сондай-ақ құдай – таза
рухани жан деген сөз. Тек табиғат дүниесіндегі заттар үшін ғана форма мен
материяның бірлігі қажет.
Ф.Аквинскийдің ілімінше, жалпы идеялар, универсалийлер үш түрлі өмір
сүреді: 1) Заттарға дейін құдайдың ақыл-ойында; 2) заттардың өз ішінде
олардың мәні немесе формасы ретінде және 3) заттардан кейін, яғни
абстракциялық ойлаудың нәтижесі ретінде адамның басында. Бұдан көретініміз,
жалпы идеялар заттарға дейін құдайдың ақыл-ойында өмір сүреді деп,
реалистермен келісетінін көрсетеді. Бірақ, сонымен қатар ол жалпы идеялар
,,заттардан кейін,, адамның ақыл-ойының жемісі ретінде ойда өмір сүреді,
сөйтіп олар заттарды жарата алмайды, қайта олардың нәтижесі болып табылады,
дей отырып, белгілі бір дәрежеде номиналистерді жақтауға әрекет жасады.
Мәселені бұлайша шешу философия тарихында идеялар тек заттардан тыс, бұрын
өмір сүреді дейтін ,,шегіне жеткен реализммен,, салыстырғанда ,,орташа
реализм,, деген атауға ие болды. Шіркеу Аквинскийдің осы орташа реализмін
мақұлдап, оны қабыл алды.
ХІV ғ. Философия мен ғылымда номиналистік көзқарас одан әрі дамыды.
Оның көрнекті бір өкілі Уильям Оккам (1300-1350 ж. шамасы) реализмді батыл
сынай келе, ғылымның міндеті шындықта бар жеке-дара нәрселерді танып-білу,
ал жалпы дүниетанушы субъектінің ақыл-ойында ғана болды деп дәлелдеді.
Қысқарта айтқанда, ортағасырлық философия тұтас алғанда идеалистік
сипатта болғанымен, бірақ онда да Платон мен Демакриттің бағыттарының
арасында күрес жүріп жатты. Ол күрес көбінесе логикалық терминдер
төңірегінде болды. Универсалийдің табиғаты жайлы ғасырлық пікір таластары
логика мен гносеологияның одан әрі дамуына, әсіресе жаңа заманның ірі
философтарының іліміне айтарлықтай әсерін тигізді.
Ал ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, Фома Аквинскийдің діни
идеалистік жүйесі (томизм философиясы) католик шіркеуінің ресми
философиялық доктринасы (ілімі) - неотомизмнің негізін құрады.

2. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы

Ондаған ғасырға созылған феодалдық қоғам өмірінің соңына қарай (15-16
ғасыр) Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде өнеркәсіп, сауда-саттық, теңізде
жүзу ісі және т.б. дами бастады. Ол техниканың, жаратылыстанудың,
математика мен механиканың дамуын тудырды. Капиталистік өндірістік
қатынастардың одан әрі дамуы 15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырдың басында ұлы
географиялық жаңалықтардың ашылуына ашылуына алып келді.
Мұның бәрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Қайта өрлеу және Жаңа Заман философиясы
Ғылымның филоосфиялық мәселелері
Ортағасыр христиан философиясы
Жаңа Заман философиясының ерекшеліктері
Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIII ғ. )
Адамзат қоғамын рухани дамытудағы философияның рөлі
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Ағартушылық ғасыры және француз материализмі
Пәндер