Адам және адамзат ауқымды проблемалар алдында. Жаңаша ойлау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Адам және адамзат ауқымды проблемалар алдында. Жаңаша ойлау3

Қолданылған әдебиеттер11

Кіріспе

Жан-жақты жетілген адам мәселесі бүгінгі күн тұрғысынан алып қарағанда өзінің маңыздылығын жоймаған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Әлеуметтік идеал, жан-жақты жетілген мәселесі, әсіресе Шығыс философиясында терең түп тамыры бар және кең философиялық талдау жасап, осы ілімдермен көпшілікті таныстыру, оның тиімді жақтары, бүгінгі күн талабына сәйкес келетін жақтарын қазіргі заманның жан-жақты жетілген адамын тәрбиелеуге кеңінен пайдаланудың бүгінгі күнде әрі теориялық, әрі тәжірибелік маңызы бар деп айтуға болады.

Ұлттық қазақ философиясында осы мәселе жалпы Шығыс философиясы шеңберінде қарастырылып, адамды этика, адамгершілік мәселесі тұрғысынан қарай отырып, сонымен қатар білімділікке, парасаттылыққа да ерекше назар аударылып отырылды. “Қазақтың” немесе “түркі тілдес халықтарының конфуциі” деген атаққа ие болған Ж. Баласағұн Конфуций сияқты адам мен адам, адам мен мемлекет ара-қатынасы, әсіресе мемлекетті басқару мәселесіне көбірек көңіл бөлуіне байланысты, жан-жақты жетілген адам мәселесіне осы тұрғыдан қарастырады. Әл-Фараби бұл мәселені “идеалдық қоғам”, осы “идеалдық қоғамды” басқару тұрғысынан қарастырады. Әл-Фараби бақыт мәселесіне, ең алдымен адамның осы дүниеде бақытты өмір сүруінің жолдарын іздеуге өзінің философиясын бағыттады. Сонымен қатар, әрбір жеке адамның жетілуінде ақыл-ойдың, парасаттылық пен білімнің рөлін ерекше жоғары бағалады.

Отандық философияда жан-жақты жетілген адам ілімін неғұрлым толық және жоғары дәрежеде дамытқан Абай болып табылады. Абай осы мәселе бойынша Батыс және Шығыс философиясын зерттеу арқылы “толық адам” ілімін өте ауқымды мәселе ретінде қарап, оны жан-жақты биологиялық, әлеуметтік, философиялық, этикалық және эстетикалық қырларынан қарастырады. Абай жеке адамның қалыптасуында әдептілік пен адамгершілік, сыпайлық пен әдемілік принциптерінің өте үлкен рөл атқаратындығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, білім мен білімділіктің маңыздылығын терең түсіне білді, қаза жастарын әдептілік пен адамгершілікті, білім мен ақыл-ойды, ізгілік пен шындықты өмірлерінің негізгі принциптері деп қарауға шақырады. Абай қазақ халқына әр уақытта “адам бол!”, өмірінің аяғына дейін адамдық қасиетінді жоғалттпа, аяққа баспа деп үйретті. Шәкәрім де Ұлы Абай философиясының дәстүрін әрі қарай жалғастырып, жеке адамның жетілуінде ар-ұжданның рөлі ерекше екендігін жан-жақты негіздеуге тырысты.

Адам және адамзат ауқымды проблемалар алдында. Жаңаша ойлау

Қазір бүкіл адамзат алдында бұрын болмаған ауқымды, бүкіләлемдік проблемалар қойылуда. Олардың ішінде бейбітшілік пен қарусыздану, қоғамдық және әлеуметтік даму, кейбір мемлекет пен аймақтардың артта қалуын жою, ғылыми-техникалық алға басу, халық ағарту және мәдениет проблемалары, халық санының өсуі, денсаулық сақтау, адамның жаңа биологиялық, әлеуметтік жағдайларға үйренуі, қор мен энергетика, азық-түлік пен табиғат және т. б. күрделі мәселелер бар.

Осы проблемалардың бәрі адамзаттың қазіргі жағдайына, оның болашағына зор әсер етуде. Ең басты мәселе - бейбітшілік пен қарусыздандыру проблемалары болып отыр, себебі дүниежүзілік термоядролық соғыс - адамзаттың бәрін түгелдей жойып жіберетін апат. Ол жер бетінде адам өмірін, тіршілігін мүлде жоқ етеді. Сондықтан да адам болашағы деген проблема философияның өзекті мәселесі болып қала береді, ал оны қарастыру, зерттеу өзге де ауқымды әлемдік проблемалардың шешілуімен тығыз байланысты. Бұл проблема, ең алдымен, өндіріс пен мәдениет салаларында, саясат және идеология аяларында, дүниетанымдық көзқарас пен адамгершілікте айқын көрінеді.

XX ғасырдың аяғында ғылыми-техникалық өрістеумен бірге, кең ауқымды проблемалардың қалыптасуына сәйкес адамның жаңа әлеуметтік, рухани ортасы пайда болады. Адамзат өмір сүретін табиғат аясы да құрып бара жатыр, ендігі жас ұрпақ қандай табиғат жағдайында өмір сүретіні күрделі мәселеге айналады. Адамзат болашағы аталған ауқымды проблемалармен тікелей байланысты екені сөзсіз, сондықтан болашақ туралы айтқанда, ол ең алдымен, қазіргі күрделі мәселелердің шешілуіне келіп тіреледі.

Қазіргі заманның негізгі қайшылығы - социализм мен капитализмнің қарама-қарсы сипаты. Бірақ аталған әлемдік проблемалар осы екі әлеуметтік системаның екеуіне де ортақ. Сондықтан осы мәселелерді шешу үстінде адамзаттың материалдық және мәдени өмірін жақындастыру, еске алу керек. Бұл процестердің зор маңызы бар, себебі бұлар ғасырлар бойы қалыптасқан ойлау жүйесінің сипатына өзгерістер ендіріп, жаңа саяси ойлаудың пайда болуына, оның қажеттілігіне алып келді.

Шын мәнінде СОКП XXVII съезінен бастап жаңаша ойлауға жол ашылды деп есептеуге болады. Советтік социалистік қоғамның адамгершілік сипат алуы кезеңіне жаңаша саяси ойлаудың пайда болу дәуірі тұспа-тұс келеді. Бұл ойлау дың негізгі қағидасы қазіргі адамзаттың бірлігі мен тұтастығын, дүниежүзінің бүтіндігі мен жинақылығын көрсетті. Қазіргі таңда ол рухани революцияның қайта құру дәуіріндегі ең жоғарғы байлығы болып табылады. Қауіпті әрі қаһарлы ауқымды проблемаларды шешу үшін жаңаша ойлаудың тапқан негізі жалпылық, жалпыға бірдейлік болды, себебі әлемді қорғап, болашақ тіршілікті сақтап қалу үшін күллі адамзат бірігіп, күресу қажет. Ал бұл мақсаттың орындалуы азғана топтардың, халықтардың, қоғамдардың қолынан келмейтіні анық.

Жаңаша саяси ойлауда адамзаттың гуманистік потенциалының өсуі, жаңаруы және тереңдеуі ескеріледі және қамтылады. Осы рухани байлықтың өсуі арқылы бүкіл адамзаттың топтасқандығы, дүниежүзінің бір-біріне өзара тәуелді болғандығы, оның бүтіндігі мен тұтастығы принципі әр тұста қолданылуы қажет. Бұл жағдай бірыңғай цивилизация мен мәдениет болуы барлық адамдар үшін жалғыз-ақ жол екенін дәлелдейді. Сондықтан әр адамның, әр топтың, әр ұлттың, әр мемлекеттің, әр қоғамдық системаның мақсаттарының орнын жалпы адамзаттық, дүниежүзілік мүдделер басады.

Әуелден әрбір ойлау қорытындысында белгілі бір топтың, таптың көзқарасы жеңіп шығатын еді, ал жаңаша саяси ойлауда жалпы адамдық идеялар бірінші орынға көтерілді. Күні кешеге дейін, әлеуметтік және ғылыми-техникалық революциялар кезеңінде бұрыннан келе жатқан моральдық ережелер қайта қаралып, олардың орнына басқа көзқарастар қойылатын еді. Ескірген пікірлерді сынап, олардың жаңа заманда күшін жоғалтқанын ажыратып, олардың орнын жаңамен толтырып отыратын. Негізінде ол дұрыс та. Бірақ, жаңаша ойлау мәңгілік, ешқашан жойылмайтын рухани байлықтардың көзін ашты, олардың адаммен тығыз байланыста екенін, егер адамзат болмаса, рухани байлықтардың да жоғалатынын дәлелдеді. Мысалы, адам өмірінің теңдесі жоқ бағалы қазына екенін, сондай-ақ табиғаттың, мәдениеттің дамуының ең жоғарғы жемісі болғанын көрсетті, себебі осы кезде адамзаттың алдында болмыстың түбегейлі қазына байлықтары біржола жойылып, құрып кету проблемалары айқындалды. Жаңаша саяси ойлауда ашылған осы ащы ақиқат адамзаттың жалпы ақыл-парасатын оятып, оның топтасқан адам қоғамымен тікелей байланысын ашты.

Ядролық ғасырда жаңаша ойлау адамзатты гуманизмді дамытуға, өркендетуге үндейді, ол бұрынғы озбырлыққа, өктемдікке, күшке салуға мейлінше қарсы. Жаңаша ойлаудың негізгі принциптері Б. Рассел, А. Эйнштейннің манифестерінде жарияланған еді. Олардың айтуы бойынша кейінгі кезеңдерде мемлекетаралық шайқастар болмау керек, әрбір блок пен мемлекеттердің саяси келіспеушіліктері, әрбір дүниетаным, көзқарастардың қайшылықтары күшке салынбау керек, әйтпесе адамзат жалпы жер жүзінен жоғалып кету қаупі төнеді. Сондықтан қару-жарақты азайтып, одан әрі оны түпкілікті жойып жіберуге мүдделілік керек, себебі ядролық қарудың шектен тыс көбеюі, оны қолданудың механизмдерін автоматтандыру үшінші дүниежүзілік соғыс өртінің кездейсоқ тұтанып кетуіне әкелуі мүмкін. Адамзат өз тарихында қазір ең қиын-қыстау кезеңді бастан кешіріп отыр. Бұл жағдайда ғылыми философия мен барлық прогресшіл күштер алдында тұрған басты мақсат - адамзатты апаттан аман алып қалу, бейбітшілікті сақтау. Болашаққа сенудің негіздері осыдан туындайды. Сонымен қатар философияның алдында қазіргі замандағы адамзаттың ұзақ, көпнұсқалы және әр түрлі формацияға тән жаңаша үйлесімді дамуына теориялық модель жасап, оның бейбіт түрде өрістеуіне жол сілтеу міндеті тұр.

Жаңаша саяси ойлау философия құрамында алдымен осы ойлаудың өзіндік жаңаруынан басталады. Ғылымның жемісті де дәйекті дискуссияларға құрылуы, бағыттар мен идеяларды ашық талдау және олардың оңдыларын практикада қолданудың маңызы зор екені белгілі. Осыған орай жаңаша ойлау құрылымының таңдау баламаларға негізделуінің плюрализм болуының қажеттігі туындайды. Адамдардың ойлауы ешқашан, ешуақытта бірдей болмайды, ойлаудың өзі әртүрлі болғандығынан әр жағдайда әр қилы баламалар туады, бірнеше тұжырымдар пайда болады. Сондықтан алуан түрлі позициялар, таңдау-баламалар интеллектуалдың, зерделік өріс байлығы болып есептелінеді.

Жаңаша ойлау процесінде этикаға, адамгершілікке тәң қағидаға мән беріледі. Қазіргі заманда коллективтік ойлаудың мәні өсті, сонымен бірге этикалық нормаларды насихаттау бұл нормалардың адамгершілік және гуманизм саналарымен бірдей дәрежеде рухани әрекет аясына енуі батыл сипат алып отыр. Интеллектуалдық қасиет прогрессивтік процесс болып табылады, сондықтан ол этикалық ережелерден алыстай алмайды.

Жаңаша ойлау этикасының ең басты қағидасы - ақиқат алдындағы теңдік, яғни әмбебаптық мақсат. Осыған сәйкес ойлау әрекетінің қорытындылары ғалымның ұлты, жынысы, жасы және әлеуметтік жағдайынан тыс қаралу керек. Сондықтан осы. салада олардың еңбегін бағалау үшін жалпы белгілер қолданылады. Адам өзі-өзіне сынай қарап, ой қорытындыларын негіздеуі керек, оларды ғылымның жалпы қорына енгізе отырып, қалыптастыруы қажет. Тек солай еткенде ғана адам өз ойын ғылыми негізде дамыта алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ азамат
Көз жетер болашақ және алыстағы көкжиек
Философиялық көзқарастың ерекшелігі
Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар мен саяси болжамдар
Білімге қызығушылық
Пробелемалық оқыту технологиясының қызметі
Үздіксіз білім берудегі экологиялық білім және тәрбие сабақтастығы
Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары
Қaзiргi қоғaмдaғы журнaлиcтiң рөлi
Кәсіптік білім берудің қазіргі технологиялары.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz