РУХАНИЛЫҚ - АДАМ ӨМІРІНІҢ МАҚСАТЫ


ЖОСПАР
РУХАНИЛЫҚ - АДАМ ӨМІРІНІҢ МАҚСАТЫ2
ӘДЕБИЕТ9
РУХАНИЛЫҚ - АДАМ ӨМІРІНІҢ МАҚСАТЫ
Орыстың теолог ойшылы В. Розанов өмірлік мақсатты адамның санасымен тікелей байланысты қарастырады. Оның пікірінше, адам екі түрлі өмір кешуі мүмкін: бейсана (немесе санасыз) және саналы өмір. Санасыз өмір сүрген адамның өмірін сыртқы себептер басқарады, ал саналы өмірдің қожайыны - мақсат: “Мақсат басқаратын өмірді саналы десек, әділ болар еді, себебі бұл жерде сана билеуші, анықтаушы бастау” /4/.
В. Розановтың бұл пікіріне қосыламыз. Әрине, адам өміріне сыртқы себептердің әсерін жоққа шығаруға болмайды. Адам өзі өмір сүріп отырған ортада қалыптасқан жағдайларға, қоғамның басқа мүшелеріне белгілі бір деңгейде тәуелді. Бірақ осы себептерге мойынсұнып, өзінше тірлік қылмай немесе басқаның айтқанымен жүріп өмір кешсе, адамның санасыз жануардан айырмашылығы қайсы? Мақсатты адам бұл сыртқы жағдайлардың билігіне еруі мүмкін, бірақ уақытша ғана. Өмірлік мақсатын саналы түрде анықтаған адам қандай жағдайда болмасын өзіндік болмысын сақтап қала алады, өзінің ақылойына сүйене отырып, көздеген мақсатына бүгін болмаса, ертең жетеді. Саналы түрде таңдалған мақсат адамның ішкі күшті діңгегі немесе қараңғыда жол көрсетер шамшырағы десек те болады. Адам мақсатты өзінің санасымен түсінгенде және меңгергенде ғана өз өмірін саналы түрде бағыттап және реттеп отырады, кездейсоқтықтар мен қателіктерге мейлінше аз ұшырайды. Яғни, мақсат ең алдымен сананың категориясы, адамның өз қызметінің (өмірінің деуге де болады) басталуы мен аяқталуын, негізгісі мен негізгі емесін, маңыздысы мен маңызсызын және оларды жүзеге асыру жолдарын өз ойында анықтап, екшепсаралап алуы.
Мақсатты сана деңгейінде түсініп қана қою өмірдің мәнін ашу үшін жеткіліксіз. Адам мақсат пен өмірдің мәні туралы сөз жүзінде айтып қана қоймай, оны ісімен дәлелдей алса ғана өзінің тұлғалық дәрежесін көрсете алады. Яғни, мақсат тек сананың категориясы ғана емес, ол адамның қызметтікпрактикалық мәнін сипаттайды. Ісәрекетпен ұштастырылмаған мақсат құр арман күйінде қала береді.
Мақсат пен арманның арасын айыра білген жөн. Өмір бойы арман қуалап өткен адамдар арамызда қаншама?! Әрине, арманға берілмеген адам жоқ шығар, арман болмаса адам өмірі өзінің әдемі бояуларын жоғалтар да еді. Мәселе арманды реалды мақсатқа айналдыра білуде. Құр, теориялық армандау адамды иллюзияға бөлеп, адастыруы мүмкін. Кеңестік идеология санамызда мықтап орнатқан, өзіміз шүбәсіз сенген “жарқын болашақ, ғажайып өмір” туралы мифарман соның дәлелі. Арманды мақсатқа айналдыра білгенде ғана адам өмірін мәндендірмек, сондықтан ол өзінің мақсаты туралы білімін осы мақсатқа негізделген ісәрекетімен, қызметімен, сол мақсатқа жету жолындағы ұмтылысжігерімен ұштастыра білуі қажет.
Өмірдің өзін мақсаттардың таусылмас шегі деп қарастыруға болады. Мәнді өмірге ұмтылған адам оған біртіндеп жету үшін алдына бірнеше өмірлік мақсаттар қоюы мүмкін, бірақ олардың бәрінде де өзіндік өмірдің мәні көрініс тауып отыруы керек, мақсаттардың жүйесіз, кездейсоқ жиынтығы өмірдің мәніне жеткізеді деуге болмайды. Мақсат - мәннің субъективизациясы, бірақ ол арқылы өмірдің мәні нақтыланады.
Мақсат парыз ұғымымен де тығыз байланысты. Адам мақсатты саналы түрде түпкілікті таңдап, моральдық баға бергеннен кейін және мақсаттың дұрыс таңдалғанына көзі жеткеннен соң ол заңды түрде парызға айналады. Адам өмірінің басты мақсатын бірден анықтап ала алмайды. (Әрине, өмірде мақсатын қиындықсыз айқындайтын адамдар да кездеседі, бірақ бұл құбылыс сирек ұшырасады деп ойлаймыз) . Нағыз мақсатты таңдағанша адам басқа шешім, өзге мақсат қабылдау хақына ие. Мақсат таңдалған соң оған қызмет ету адамның парызы мен міндеті, адамның бар өмірі, күшжігері, білімі енді осы парызды орындауға арналып, парыздың өзі мақсатқа айналады, яғни мақсат пен парыздың өзі диалектикалық бірлікте. Парыздың өзі адамнан жоғары саналылықты, мықты жігерді талап етеді, парызын орындау кезкелген адамның қолынан келе бермейтіні де сондықтан. Парыз туралы айту бір басқа да, оны орындау бір басқа. Сөз жүзінде ғана айтылып, нақты мазмұнға ие болмаған парыз абстрактілік жалпы ұғым ретінде қалады. Парызын атқаруға ұмтылу адам үшін үлкен сын, оның тұлға ретінде қалыптасуының, адамгершілік мәдениетінің, оның өзіндік санасының жетілгендігінің айқын белгісі.
Маңыздылығы жағынан парызды арұжданмен қатар қоюға болады. Арұждан секілді парыз да адамның адамгершілік санасын, тәртібін бақылап және реттеп отыратын ішкі механизм. Тұлғаның өз парызын атқаруын сыртқы моральдық санкциялардың көмегімен күштеп бақылауға да болады, бірақ осы экстроверттік жолмен, сыртқы жағдайлардан (ол жалпы қоғам, оны” мүшелері, қоғамда қабылданған салтдәстүр, әдепғұрып, қоғамдық пікір, белгілі бір моральдық нормалар болуы мүмкін) қорқыпсескенгеннен, басқаша айтсақ, “парызды орындау” сезімінің басқаруымен атқарылған парыз мәнді өмірге жеткізбейді. Сырт көзге бәрі дұрыс секілді көрінгенімен, тұлғаның ішкі жан дүниесінде тыныштық болмай, адам тіпті күйзеліс пен қамығуға ұшырауы да мүмкін. Мәнді өмірге жеткізетін парыз - иноверттік сипатқа ие парыз ғана деп ойлаймыз. Ол адамның ішкі жан дүниесінің, ақылойының талабы болғанда, оған адам саналы түрде, еш қысымсыз, өз еркімен келгенде ғана парыздың нағыз, өмірмәндік ұғымына айналады. Сана деңгейінде түсініліп атқарылған парыз ғана адамға өзінің руханиадамгершілік қуатын ашуға, өзін өз тағдырының қожасы ретінде сезінуге, өзінөзі жасапқалыптастыруға, өзінің табиғи сезімдерін шектеп, олардан ақылойын жоғары қою арқылы адамшылық бастауларын дамытуға, сөйтіп адамзат пен өзінің алдындағы парызын атқаруына мүмкіндік береді. Яғни, саналы түрде, рационалдық деңгейде орындалған парыз ғана адамның сипатын аша алады. Парыздың осы түрін таңдау арқылы адам өзінөзі, өзінің тұлғалыққұндылықтық бағыттарын және жалпыадамзаттық биік идеалдарды экзистенциалдық таңдауды жүзеге асырады.
Парыздың осындай қасиетін И. Кант жақсы ашып көрсетті. Оның пайымдауынша, парыз адамгершілік өмірдің жалпы заңы, моральдың адамдардың бәрі бірдей міндетті түрде орындауға тиіс бұлжымайтын императиві және адамгершілік сананың тұрақтылығын қамтамасыз етуші басты бақылаушы тетік. Жалпы мораль секілді парыз да, Канттың пікірінше, адамның ақылойынан туындайды, ол мәңгілік, тарихилықтан тыс, адам дүниеге парызын орындау үшін ғана келеді және осы мақсатты жүзеге асыруға әрбір адам міндетті. Адамның өмірмәндік сұрақтарын да Кант парызға жүгіне отырып тарқатады, себебі эмпирикалық шындықтың мәселелерін ғылыми таным жолымен шешу мүмкін еместігіне ол сенімді. Өмірмәндік мәселелерде адамға дұрыс бағдар беретін оның ақылойы ғана, яғни өмірдің мәнін анықтап, оған жетуге адам қабілетті және міндетті. Кант адамның руханимәдени қуаты мен оның болмысының моральдық бастауларына, жауапкершілігі мен парызын ең жоғарғы құндылықтымәнді инстанциялар ретінде саналы түрде түсіне алар мүмкіндігіне кереметтей сенді, сол арқылы өмірмәндік сұрақтар ағынын объективтіктанымдық кеңістіктен мүлдем басқа концептуалдық кеңістікте қарастырды. Канттың парыз туралы бұлжымайтын императив теориясының біз үшін құндылығы да осында. Адамның өмірлік парызын Кант адам болу парызы деп түсінді деуге болады. Біздің ойымызша да адамның басты парызы осы, ол адам болу, адамшылық пен адамгершілікке жету мақсатынан туындайды. Ақылой адамға басқа тірі мақұлықтар секілді инстинктер деңгейінде өмір кешу үшін емес, жоғары адами мақсаттарды орындау үшін берілген, сондықтан да өзінің табиғи қасиеттерін ақылойдың көмегіне сүйене отырып жанжақты дамыту, адам деген қасиетті атаққа сай болу - адамның парызы және мақсаты.
Мақсаттар ең биік және қарапайым болып жіктеледі, онсыз мақсат та, сол арқылы анықталатын өмірдің мәні де жалпы, бұлдыр нәрсеге айналуы мүмкін. Өміріндегі ең жоғарғы мақсат туралы әркімнің өз түсінігі бар, адамға мақсат туралы басқа көзқарасты зорлап таңуға болмайды. Біреулер үшін ең биік мақсат - билік пен байлық, діни сенімдегі адамдар үшін - құдайға құлшылық. Кешегі кеңестік жүйе болса, қоғамдағы барлық адамдардың ең жоғарғы мақсатын коммунизм ісіне аянбай қызмет ету деп түсіндірді.
Біздің пікірімізше, бұл мақсаттардың ешқайсысы да адам өмірінің нағыз мәнін ашпайды. Биологиялық және қоғамдық тіршілік иесі ретінде адамның кіршіксіз махаббат, бақытты неке, жақсы мамандық иесі болуға ұмтылуы заңды, бұл мақсаттардың үлкендікішілі маңызы бар екендігі сөзсіз. Бірақ адам күйбең тіршілік дүниесінен жоғары көтеріліп, адамның өмірдегі ең басты мақсатын ұмытпауы қажет. Адам жарық дүниеге адам болып келген соң, адам атына сай болып өмір сүруге, яғни адамшылыққа ұмтылуға тиіс. Менің ойымша, адам үшін өмірдегі ең басты мақсат осы, ол адам өмірінің өзегі, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Адамшылыққа жеткізетін адамгершілік қасиеттерді - арұят, ізгілік, мейірімділік, қанағат, әділдік, қарапайымдылық және тағы басқаларын бойына жинап, өмірдің сан алуан соқпақтарында оларды жоғалтып алмай, кір шалдырмастан өмір мәресіне жеткен адамның ғана өмірі мәнді болмақ. Тек осы қасиеттер ғана адамға қандай жағдайда да адам болып қалуға, басқа адамдармен ынтымақта өмір сүруге және өз өмірін өзгерте білуге көмектесіп, артында өшпестей із қалдырады, мәнді өмірге жеткізеді. Бұл пікіріміздің дәлелдерін жалпы адамзаттың да, қазақ халқының даму тарихынан да, күнделікті өмірден де көптеп табуға болады, олар осы еңбегімізде де көрініс тапқан.
Адамдардың бәрі бірдей осындай адами мақсаттарды таңдай біле ме? Жоқ, оларды адамгершілікке негізделген рухани құндылықтарды құндылықтардың басқа түрлерінен жоғары қойған, яғни нағыз руханилыққа жеткен адам ғана таңдай алады.
Руханилық - тек адамға тән маңызды қасиеттердің бірі. Адам табиғатынан биологиялық және әлеуметтік тіршілік етуші (существо) ретінде материалдық дүниеге және өзінің күнделікті болмысынан тысқары дүниелерге ұмтылуға бағытталып жаратылған. Абайдың сөзімен айтсақ: “Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді:, қуат таппайды. Біреуі білсем демеклік …көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен; үйренсем екен деген” /5/.
Материалдық дүниеге деген талпыныс арқылы адам өзін өмір сүруге қажетті нәрселермен қамтамасыз етеді. Мұндай өмірді тіршілік десек дұрыс секілді және оны қанағат еткен адамның жануардан айырмашылығы шамалы. Ал көрсем, білсем, үйренсем деу, яғни руханилыққа ұмтылу мәнді өмір сүруге талпынған адамға ғана тән. Ол өзінің күнделікті мұқтаждарын қанағаттандырумен, қарапайым тілмен айтсақ, қарын тойдырып, ұйқы қандырумен шектелмейді, өзін де, өзінен тыс дүниені де тереңірек түсінуге, көбірек білуге тырысады, осы мақсатпен көп оқып, көп ізденеді. Адам баласы игеруге ұмтылған бұл дүниелер өнер, ғылым, дін, философия болуы мүмкін. Бірақ руханилық білімділікпен шектелмейді. Қ. Ш. Шүлембаев қазіргі жастардың рухани дүниесінің жұтаңдығына қынжыла отырып: “Қызмет бабына орай, мен жас мамандармен, әсіресе болашақта ғалым болам деген жастармен жиі әңгімелесіп тұрамын. Өкінішке қарай, орыс әдебиетіне маманданамын деушілер (барлығы да өз республикамызда білім алғандар) қазақ әдебиетінен мүлдем хабарсыз. Қылқалам, музыка саласын, жалпы мәдениетті білу дәрежесі де өте төмен. Сол сияқты арнайы ғылымдар маманы болам деушілердің ішінде де терең зиялылықты аз көресі”. Бұл неліктен? Ол білім алу мен рухани жанжақты даму арасындағы терең қайшылықтан туған”, - деп қорытындылайды /6/. Ғалым айтып отырған кемшілік жастарға ғана емес, адамдардың көбіне тән. Терең білім иесі болғанымен, өзінен басқа адамға ғана емес, өз ұлтынан өзге ұлттарға да құрмет, кішіпейілділік, сыйластық секілді жалпыадамгершілік қасиеттерден жұрдай адамдар арамызда баршылық.
Адамдардың, әсіресе жастардың енді бір тобы өзінің нақты болмысынан тыс, жоғарғы рухани дүниені түсіну мақсатында алкоголь, наркотик, әртүрлі культтермен әуестенеді. Бұл жолдың бұрыстығын дәлелдеп жатудың қажеті де жоқ деп ойлаймыз. Руханилықтың биік деңгейіне осылайша жетуге тырысқан адам, керісінше, өзіндегі руханилықтың аздыкөпті шамасын жоғалтады, адамдық өлшемінен ажырап, адам болудан қалады. Бір өкініштісі, олардың саны қазіргі уақытта көбейіп, қоғамымыз үшін күрделі мәселеге айналып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz