Сана - объективті дүниенің бейнесі. Сана және тіл



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 3
1. Сана — объективті дүниенің бейнесі 3
2. Сана және оның мимен тікелей байланысы 7
3. Бейнелеу түрлерінің эволюциясы 9
4. Сана-сезім (өзіндік сана) 10
5. Сана және тіл 12
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 16

Кіріспе

Адамның жан дүниесінің, яғни ғылымда қабылданған термин бойынша
психикасының соншалықты күрделі екендігі шын мәнінде соңғы екі ғасырда ғана
айқындала бастады. Оған дейін ғылымның, әсіресе философияның тарихында
ойшылдардың көпшілігіне жан әлемі тек санадан тұратындай көрінетін. Өткен
ғасырларда ойлаудың барлық жақтары тек саналы процестер ретінде талданып
келді. Әрине саналы түрде өтпейтін психикалық қызмет процестер барын
сезген, біршама аңдаған ойшылдар да болды.
Күнделікті өмірде біздер ылғи да ол саналы адам немесе санасыз
екен деген сөз тіркестерін жиі естіп жатамыз. Сонда осы сана дегеніміз не?
Ол қалай пайда болады? Оның адам өміріндегі алатын ролі қаншалықты деген
сұрақтар жөнінде пайымдай келе осы жұмысты жазып отырмын.
Осы жұмысты жазу барысында мен әйгілі француз философы Анри Бергсонның
Сананың тікелей берілгендері туралы тәжірибе атты шығармасын оқып және
қазақ философ-ғалымдарының еңбектеріне арқа сүйедім.

1. Сана — объективті дүниенің бейнесі

Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екенін мойындағысы
келмейді. Оны неге сүйеніп айтады? Олардың ойынша, адам санасында
объективті дүниеде кездеспейтін, қате, жалған ойлар, мәселен, түрлі жын-
шайтан, су перісі, т. с. с. ұғымдар болады. Сонда объективті дүниеде
кездеспейтін ол жын-шайтандардың бейнесі қайдан пайда болады деп күдік
айтады. Ал енді оларды діни адамдар өздігінше ойлап шығарған делік, дейді
әлгі идеалистер, сөйтіп олар бұл мысалдан да ойдың, сананың өмір бейнесі
емес, тек мидың өзінен шыққан, тек соның ғана жемісі деу керек деген теріс
қорытынды шығарды. Бұған беретін жауап нақты. Әрине, жаңағы өмірде жоқ: о
дүние, жұмақ, пері, дию сияқты ұғымдарды діндар адамдар ойлап
шығарғаны рас. Бірақ ол ойлар жоқтан пайда болған демейміз, белгілі бір
құбылыстарға еліктеу, мидың соларды ойша құрастыруы арқылы пайда болған.
Сондықтан да қай халықта болмасын, жын да, шайтан да, басқалар да негізінде
тек адам, жан-жануарлар бейнесінде елестетіледі. Өмірде мүлде жоқ,
болмаған, ойға келмеген құбылыстардың бейнесін адам ешқашан ойдан шығарған
емес. Тіпті техникалық жаңалықтарды да адам табиғатта бар нәрселерге
еліктеп жасайды. Сондықтан жаңағы айтқан діни ұғымдарда да не жақсы
адамдардың, немесе жаман адамдардың мінез-құлықтары бейнеленеді, негізсіз
ой туындамайды. Мұның бәрі сананың мидан емес, ми арқылы бейнеленетін
объективтік материялық заттар мен құбылыстардан туындайтынына байланысты.
Сонымен қатар сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түйсіктерімізге
әсер ететін сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам
миына жетеді. Ми оларды қорытады, шешім жасайды. Әрине, адам ми арқылы
ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми — ең алдымен
объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін
орган. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да мейлінше дәлме-дәл
болмайды. Сана — оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель де мойындаған. Бұл —
дәлдік пен айырмашылық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны
туғызатын танымдық ізденіс. Әр нәрсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс
сайып келгенде сананы құрастырады. Сана — материядан мүлде өзгеше сапа,
рухани құбылыс.
Одан соң сана, бір жағынан, жинақталған білім, ал екінші жағынан —
таным процесі. Сана әрқашанда белгілі бір қоғамдық даму дәрежесіне сәйкес
келеді. Ол үлкен шығармашылық процесс. Өйткені, сана объективті дүниенің
механикалық бейнесі (репродукциясы) емес. Сана тек негізгі принцип жағынан,
шығу көзі жағынан, бейнеленуі тұрғысынан ғана өмірден туындайды. Бірақ сана
объективті өмірдің жұпыны бейнесі емес. Мәселен, санада ерік, ой толғау,
әсірелеу, болжау, шығармашылық сияқты құбылыстар бар. Олардың объективті
дүниеде болмауы да мүмкін. Сана тек бейнелеу емес, ол сонымен қатар белгілі
бір қатынас. Айталық, бейнелеу жануарларда да бар. Бірақ оларда қатынас
жоқ. Сана арқылы адам дүниені бейнелеп қана қоймайды. Ол оғаи әсер етеді,
ойдан өрнек құрады, ойы өзгертеді. Адам миында елеңдеу мен басылу, қызығу
мен жирену диалектикасы ұдайы тынымсыз жүріп жатады.
Адам санасы объективті дүниенің айна бетіндегідей механикалық бейнесі
емес. Танымдық процесс кезінде оған толып жатқан басқа да жағдайлар (оның
көргендері, білгендері, естігендері, түйгендері) әсер етеді. Сондықтан бір
нәрсені көріп тұрып, адам толып жатқан ойға шомады, ойын сан-саққа
жүгіртеді. Сөйтіп, объективті дүние санаға түрткі болады. Бірақ адам
объективті өмірді шын да, жалған да бейнелейді. Олай болса, дәлдікті
шығармашылық тұрғыдан түсіну қажет.
Таным процесінде эмоцияның орны ерекше. Эмоциясыз ешбір дүниені тануға
талпыныс, ізденіс, таңырқау болмақ емес. Онсыз ғылымда, өнерде жаңалықтар
болмайды. Айналадағы құбылыстарды тез байқап, ерекшеліктеріне таңдану,
таңырқай білу, үңіліп қарау — осылардың бәрі танымның бастамасы, көзі. Ал
адамда психика да бар. Адам ұйқыға кеткенде түс көреді. Ол саналы құбылыс
емес, психикалық процесс. Оны сана билей алмайды. Әрине, көрегендік
түстер де болады. Оның себептері басқа. Айталық, көптеген уақыт ойлап,
шешуін таба алмай қиналып жүрген кейбір жағдайлардың, шешуін немесе басқа
бір ойланып, уайымдап, толғанған істің ақырғы нәтижесін адам түсінде көруі
мүмкін. Бірақ осыдан келіп түс саналы болады екен деген түсінік тумауға
тиіс. Әлгі психикалық құбылыстардың өзіндік себептері бар. Ал адам тек
түсінде ғана емес, ояу кезінде де көптеген үйреншікті, әдеттегі істерді
ойланбай-ақ жасай береді. Айталық, музыкалық аспаптардың клавиштерін,
пернесін ойланбай-ақ дәл басады. Көшеде келе жатқан адам неше түрлі ой
ойлайды, соған қарамастан, таныс кісінің сәлеміне жауап береді, көшедегі
жол сілтегішті байқайды. Осындай сан қилы жағдайлар өмірде болып жатады.
Адам оның бәрін санамен ойлап жатпайды. Көп нәрсе жаттыққан, дағдыланған
түрде жасалады.
Әрбір адамның психикасында санасыздық (иррационалдық) әрекеттер бар.
Оның ауқымы кең. Адам әр ісін, әр қадамын ойлап, сана елегінен өткізіп
жатпайды. Көп нәрсені адам дағдылы әдіспен, ойламай-ақ дәлме-дәл жүзеге
асырады. Мұндайда кейде ойлап жатудың өзі де кедергі жасайды. Мәселен,
жүрісі көп көшедегі автомобиль жүргізушінің іс-қимылы сондай. Сондықтан
ұдайы, үздіксіз ойланбай, миға демалыс беріп, кейбір іс-әрекетті адам
қашаннан санасыз атқарып үйренген. Бұл — өмір диалектикасы. Философияда
саналылық пен санасыздық арақатынасы жайлы мәселе қашанда идеологиялық
күрес объектісі болып келген. Кьеркегор, Ницше, Бергсон иррационализмді
адам өмірінде басыңқы етіп көрсеткен болатын. Материалистік диалектика бұл
пікірді қостамайды, қайта оны әшкерелеп, ғылымға жат екенін талай рет
дәлелдеп берді. Адам өмірінде инстинкті психикалық санасыздық әрекеттерді
де, сайып келгенде, сана билейді. Сонымен инстинктілі санасыздық дегеніміз
— дәл осы сәтте санамен басқарылмайтын, бірақ түптеп келгенде адам миынан
онша алыс кетпейтін, әсіресе мидың естілік қабілеті мен қасиетімен
бақыланатын психикалық процесс. Саналық пен санасыздық қасиеттердің арасы
жақын. Сондықтан кейде, кейбір ғылыми жаңалықтарда, көрегендік түстерде
санадан тыс кездер де байқалады. Мәселен, Д. И. Менделеев химиялық
элементтердің қайталама жүйесінің кестесін жасарда ең алдымен оны түсінде
көрген. Олай болса, санасыздық құбылыс кезінде де адам миының кейбір
бөлімдері қарауыл болып, жұмыс істеп тұрғанын байқаймыз. Ал адамның іс-
әрекетіиде санасыздық деп мидың, сананың іске араласпауын, дағдылы әдіспен
естелікке сеніп, өзін соларға тапсыратынын айтамыз. Сондықтан санасыздық
кезде де адам әдептіліктен шығып кетпейді. Нағыз санасыздықты біз жануардан
ғана көреміз. Оларда қарымқатынас та, әдептілік те, міндет-мақсат та, ар-
ұят та жоқ. Адам санасыздық жағдайында да оншалықты құлдырап төмендемейді.
Өйткені адам психикасы (мінез, сезімі), жаңағы айтқандай, санамен
басқарылып, бағытталып отырады. Міне, бұл адам психикасы жануарлар
психикасынан әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді. Австриялық психолог 3.
Фрейд санасыз, ойсыз инстинкт, айталық, аналық, жыныстық инстинкт адамда
басым, ол санаға бағынбайды деп дәлелдемек болды. Оның ойынша, түрлі
ұяттылық, әдептілік дегендер жасанды, тек қоғамда ғана қолданылатын тәртіп
қана, ал адам өзімен-өзі оңаша қалғанда, оның бәрін жиып қойып, нағыз
ұятсыздық, хайуандық халге түседі дейді. Бұл, әрине, адамгершілікке ешбір
сыймайтын, адамдық қасиеттерді аяққа басып, адамды хайуан етіп көрсететін
әрекет. Сондықтан 3. Фрейдтің үлкен ғалымдығына қарамастан, оның дәл осы
тұжырымын мойындауға болмайды, Әрине, адамды тәрбиелеуге қоғамның тигізер
әсері мол. Дегенмен, саналы адам қандай жағдайда болса да, өзінің адамдық,
қасиеттерін ұмытпайды, хайуан бола алмайды. Оны тарих талай дәлелдеген.
Адам бойындағы барлық күшін объективті дүниеден алады. Соны сезіну,
тану, білу арқылы ұғады, білімін арттырады, ойын толыстырады. Бірақ
құдіретті сананың сан қилы саяси, философиялық, ғылыми, көркем әдебиеттің,
діни қорытындылардың негізі — түрткісі, қайнар көзі сол объективті дүние,
қоғамдық болмыс, өмірдегі түрлі іс-әрекет, шешілмеген, шиеленіскен
мәселелер. Ал оларды бейнелеп, толғау керек. Ондай мәселелерсіз ой да
шарықтамайды, дүние де толық түсінілмейді, оны зерттеу де мүмкін емес.
Ғылыми жаңалықтар, данышпандық тұжырымдар, ғажайып шығармалар, жан дүниеңді
қозғайтын ән, тәтті күйлер — осылардың бәрі өмір талаптарына нақты
қайтарылған жауабымен құнды. Бірақ осындай өмір талабына жауап қайтару үшін
көп білу, өмірді терең ұғыну қажет.
Сонымен сана дегеніміз объективті дүниенің адам миында пайда болатын
субъективтік бейнесі, сәулесі. Бірақ, ол жай бейне емес, шығармашылық
бейне.

2. Сана және оның мимен тікелей байланысы

Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс — адамның рухани дүниесі, сана, ой.
Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер: зәулім
құрылыстар, түрлі техниканың табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым
— осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы
жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан, қашан да сананы болмыстан жоғары
қоятын ұғым туып, оны алғашқыға теліген. Бұл идеализмге әкелген.
Сонда сана дегеніміз не? Ол қайдан, қалай пайда болады? Өлі материядан
қалайша тірі дүние: өсімдіктер, жануарлар, адам пайда болды? Осылардың
бәрінің негізінде не жатыр? Оның мәні неде? Сана белгісіз, ғайыптан пайда
болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес. Іштен де тумайды.
Әрине адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік,
қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана
ондай қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми — оның
мекені. Сана — адам миы қызметінің жемісі. Бірақ ми түрлі жан-жануарларда
да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл өте күрделі процесс,
материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Оған жету үшін әлем
талай дәуірді бастан өткізді.
Адам миының құрылысы да аса күрделі. Кейбір анализ, синтез, сондай-ақ
сыртқы тіршіліктердің әсерлеріне байланысты түрлі ісқимылдар жұлын,
сопақша, орта және аралық ми арқылы жасалады. Ал күрделі ойлау тәсілдері
бас миының үлкен жарты шары арқылы іске асады. Мидың қабыршағы астындағы
аппарат шартсыз (инстинктілі) қимылдарды басқарады. Жануарларда инстинктілі
қимылдар әрдайым ешбір шартты байланыссыз, бағынышсыз, емін-еркін сияқты
көрінетін болса, адамдарда ол әрекеттер қашанда санаға тікелей бағынышты,
оны сана билейді. Адам орынсыз, өрескел қимыл жасамайды. Енді адамның бас
миын тігінен қарайтын болсақ, ол оң және сол жарты шарлар болып екіге
бөлінеді. Бұл екеуінің арасында өзіндік қызмет бөлінісі бар. Айталық,
адамның қуанышы, күлкісі сол жактағы жарты шар арқылы, ал уайым, қайғы,
жылау сияқты ренжу мінездері оң жақ жарты шар арқылы іске асады екен. Олай
болса, өнер мидың сол жақ жарты шары арқылы басқарылады. Қытайлар мен
жапондарда алфавит жоқ оның орнына иероглифтер бар. Онда әрбір атау, іс-
әрекет, қимыл әртүрлі иероглиф (белгі) арқылы беріледі. Сауат ашып, оқып,
түсіну үшін сол белгілерді көзбен көріп, оймен жаттап алу қажет. Сондықтан
да болса керек, ол халықтарда түрлі түстердің айырмашылығын байкау,
сұлулықты сезіну өте жоғары дамыған. Оның үстіне мидың түрлі бөліктері
әрқилы қызмет атқарады. Мысалы, заттардың түр-түстерін ажырату, көру
дабылдарын мидың шүйке бөлігі, дыбыс дабылдарын самай тұсындағы бөлігі
қабылдайды. Сол сияқты жүру-тұру сияқты қимыл-әрекеттерін басқаратын арнайы
бөліктер бар. Мәселен, адамның аяк, қол сияқты мүшелерінің сал ауруларына
ұшырауы көбіне мидағы түрлі бөліктердің ауруына, жарақаттануына байланысты.
Адам мимен ойлайды. Сана ойлау процесі арқылы пайда болады. Мисыз сана да,
психикалық қызмет те жоқ. Оған түрлі физиологиялық тәжірибелер толық дәлел
бола алады. Мәселен, бас миының үлкен жарты шары операция арқылы сылынып
тасталған құрбақа сол операцияға дейінгі қалпында бақылдап, шыбын-шіркей
ұстап жеп, тіршілік ете береді екен. Ал сондай операциядан өткен көгершін
ағаш бұтағында отыратын және тура ұшып кете алатын болғанмен, түрлі
тітіркендіргіштерге жауап бере алмай, жем қабылдаудан мүлде қалады екен. Ал
енді бас миы алынып тасталған ит мүлде дәрменсіз мүгедекке айналады. Олай
болса, бұл тәжірибелер бас мидың тіршілікте атқаратын қызметі жан-
жануарлардың даму сатысы жоғарылаған сайын арта түсетінін көрсетеді. Бірақ
бұдан келіп, ми ойды, сананы тудырушы, оның көзі деуге болмайды. Ми ойды
өзінен-өзі тасқындатып тудырмайды. Ой мидың ішінен қайнап шықпайды. Сананы
тудыратын объективті ақиқат.
Адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәліметтерді орталық жүйке
жүйесі арқылы қабылдап, оны қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана
қалай пайда болды деген сұраққа жауап беру ғана: ол түйсік мүшелері арқылы
объективті ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал
бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет. Халықта: Көп жасағаннан сұрама,
көпті көргеннен сұра деген нақыл сөз, шамасы, осы жағдайды аңғартатын
болса керек. Қысқаша айтқанда, біздің санамыз сыртқы дүниенің бейнелену
нәтижесі. Ал енді сананың негізінде не жатыр деген сұраққа тоқталатын
болсақ, сананың негізінде білім, білу жатыр. Ал білім практикалық қызмет
үшін аса қажет. Материалдық практикалық қызмет — адам өмірінің негізі
десек, онда сананың шығуы, қалыптасуы мен дамуының түпкі негізі практикалық
іс-әрекет, еңбек, қызмет болмақ.

3. Бейнелеу түрлерінің эволюциясы

Бейнелеу — жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде бір
құбылыстың екінші құбылысқа, бір дененің екінші бір денеге жасайтын ықпалы
жатыр. Мәселен, жүріп бара жатқан адамнан із қалады, із бейнелеуге жатады.
Күннен, желден, ыстық пен суықтан, жаңбыр мен қардан жартас бұзылып,
қиыршық құмға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сана сезім, өзіндік сана
Сана туралы жалпы түсінік
Философияда сана мәселесі
Когнитивті лингвистика – жеке ғылым саласы
Тілдік сана және прагматика
Сана, рух және тіл философиясы
Авторлық сана – мәтіннің базалық ұғымы
Сана - философия мәселесі ретінде
Болмыстың ішкі табиғаты - қозғалыс
Сөздер мен сөйлемдер құрылысы – адамның дүниетану жетістігі
Пәндер