Аға софистер: Протагор, Горгий, Гиппий и Продик


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе3

Софистер туралы жалпы ұғым5

Аға софистер: Протагор, Горгий, Гиппий и Продик7

Кіші софистер (б. з. д. VI ғ. ) : Критий, Калликл, Ликофрон, Алкидам, Фразимах12

Қорытынды14

Қолданылған әдебиеттер тізімі15

Кіріспе

“Антикалық философия” деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын бiлдiредi. “Антика” сөзiнiң латын тiлiнен аударғанда “көне” деген мағынаны бiлдiретiнiн ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңiн аңғартар едi. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антикалық дәуiр тек батыстың көне заманын бiлдiрiп, осы грек-рим әлемiне қатысты айтылады. Ал хронологиялық шеңберiне келер болсақ, антикалық философия өзiнiң бастауын б. з. д. VII-VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б. з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептердi ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А. С. Богомоловтың айтуынша оның iшiндегi үш iрi кезеңдi айқындауға болады: антикалық философияның қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б. з. д. VII-V ғ. ) ; классикалық грек философиясы (б. з. д. IV ғ) ; эллиндiк-римдiк философия (б. з. д. II ғ - б. з. V ғ) . Ал Дж. Реале мен Д. Антисери антикалық философия дамуының төмендегiдей жетiлдiрiлген жүйесiн ұсынады:

1. Б. з. д. VI және V ғасырлар аралығын қамтитын физис және космос мәселерiмен айналысқан натуралистiк кезең. Мұның өкiлдерi қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик-плюралистер және физик-эклектиктер жатады.

2. Адам болмысының мәнiн айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистiк кезең. Бұл кезеңнiң басты өкiлдерi - софистер және Сократ.

3. Сезiмнен тыс әлемнiң ашылуы және негiзгi философиялық мәселелердi органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдiң үлкен синтезi кезеңi.

4. Александр Македонский жорықтары дәуiрiндегi эллиндiк мектептердiң-кинизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм және эклектицизм бағыттарының дәуiрi.

5. Антикалық дүниетанымдық ойының дiни дәуiрi - неоплатонизм және оның модификацияларының қайта жандану кезеңi.

6. Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары тұрғысында жаңа дiннiң догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңi.

Ежелгi Греция дүниетанымның жаңа формасы - философияны қалыптастырған негiзгi үш мәдени орталықтың бiрi болып табылады. Оның қалыптасуы да Ерте Үндi және Ежелгi Қытай жерлерiнде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бiрақ эллиндiк ақыл-ойдың дүниеге келтiрген жемiсiнiң шығыстық философиямен салыстырғанда өзiндiк түбiрлi ерекшелiктерi болды. Философияның қалыптасуына алғышарт болған грек өмiрiнiң формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дiн, ғылыми бiлiмнiң бастапқы түрлерi, әдеттiк сана және тiршiлiк даналығы жатады.

Софистер туралы жалпы ұғым

Біздің дәуірімізге дейін V ғасырда Ежелгі Грецияда құлиеленушілік демократия логика, риторика, философияның жедел қарқынмен дамуына жол ашты. Соттарда, халық жиналыстарында әдемі сөйлеп, халықты, мүмкін болса өз қарсыластарын да айтқанына сендіріп, өз жағына тарта білу өнері алдыңғы қатарға шығады. Осыған байланысты риторика (әдемі сөйлеу өнері) өнеріне ақы алып үйрететін ұстаздар пайда болады. Оларды софистер деп атады. Олардың басты қағидасы - әркімнің өз ақиқаты бар. Жақсылық пен жамандықтың объективті мөлшері жоқ. Кімге не пайдалы болса - сол жақсылық, игілік деді олар.

Софистер деп ертегректік әдебиетте ойшылдар мен шешендік өнерінің өкілдерін айтатын. Олар өз өнеріне баулу үшін ақы алған оқымыстылар еді. Софистика ағымы өте күрделі құбылыс болды. Бұл терминнің өзі «софист» «ойшыл» деген ұғымды білдіретін әрі алғашқы кезде оны айтқанда кері пікір туғызбайтын да еді. Бұл терминнің кері пиғыл тудыруына әсер етуші қарсыластары Сократ, оның ізбасарлары Ксенофонт және Платон еді. Сонымен қатар оларды келеке-мазақ етушілердің қатарында софистиканың өз комедияларына енгізген Аристофан да бар болатын.

Софистер тарихы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңі «аға софистер» кезеңі. Бұларға кіретіндер Абдерден шыққан Протагор, Элеялық Гиппий, Антифонт және Георгий. Екінші кезең - «кіші софистер»: Алкидам, Ликофрон, Фразимах. Софистер өзара да, сондай-ақ өздерінің қарсыластыра Сократпен, сократшылармен, содан кейін Платонмен айтысып, пікірталасып өткен көрінеді.

Пікірталасушылардың негізгі таласы қоғам, мемлекет және адамгершілік мәселерін төңірегінде, сонымен қатар табиғат және таным турасында болатын.

Антикалық философия тарихындағы ерекше орынды софистер (Протагор, Горгий және т. б. ) алады. Әдетте, оларды теориялық тұрғыда тұрлаусыз, ақиқатқа жету жолындағы шынайылықтың орнына жеке мүдденi ойлаушылар және тағы да басқа күнәлармен айыптайды. Шындығында софистика б. з. д. V ғасырдың екiншi жартысындағы Грецияның өмiрiне объективтi әлеуметтiк, экономикалық, мәдени дамудың алғы шарттарымен келген феномен болып табылады. Софистер өз заманының талабын дұрыс ұғып, оған форма мен дауыс бердi. Олар аға ұрпақтың дәстүрлi құндылықтарымен қанағаттанбаған жастардың арасында үлкен табыс пен қолдауға ие болды. Оларды Сократпен қоса “грек ағартушылары” деп те атайды. Софистер дәстүрдiң орнына рух еркiндiгiн жариялап, бұрынғы әлеуметтiк кестенi бұзып, оның орнына тәрбие мәселесiн алдыңғы орынға қойды. Бұл мәдениеттi бұрынғыдай тек таңдаулылардың арасында ғана емес, қоғамның барлық қабатына кеңiнен енгiзуге жағдай жасады. Полистiң тар шеңберiн кеңейтiп, панэллинистiк бастаудың негiзiн қалады. “Адам-бар нәрсенiң өлшемi” деген Протагордың аксиомасындағы релятивизм мен прагматизм Горгийдiң нигилизмiне ұласқанымен қатар, сөз өзiнiң шынайылығынан гөрi нандыру мен сендiрудiң құралы дегенге саятын теориялық ашылымға да әкелдi. Сондықтан б. з. д. V ғасырдағы Грецияда риторика немесе сендiру өнерi “мемлекет қайраткерiнiң қолындағы нағыз штурвалға” (В. Йегер) айналды.

Софистер философиялық рефлексияны физис және космос мәселелерiнен адам тақырыбына, оның қоғам мүшесi ретiндегi өмiрiне бұрғаны дүниетанымдағы төңкерiс болып табылды. Софистиканың қарастыратын басым тақырыптары этика, саясат, риторика, өнер, тiл, дiн, тәрбие немесе басқаша айтқанда барлық мәдениетке қатысты мәселелер болды. Сондықтан да софистер антикалық философиядағы гуманистiк кезеңнiң негiзiн қалаушылар болып саналады.

«Сөз» мәселенің бетін шындықтан аударып, өмірден алшақтатады.

Аға софистер: Протагор, Горгий, Гиппий и Продик

Софистер ілімінің қалыптасуына Протогар (490, -420 жж. ), Горгий, Гиппий, Критий т. б. ойшылдар ат салысты. Солардың ішінде өз ерекшеліктерімен көзге түскен ойшыл - Протагор (шамамен б. з. д. V ғасырдың 80-жылдары) болды. Негізгі еңбектері: "Ғылымдар туралы", "Мемлекет туралы", "Құдайлар туралы" т. б. Протагор шығармалары бізге толық күйінде жетпеген, кейбір фрагменттер ғана сақталған.

Протагор білімінің салыстырмалы екендігі туралы ілімін материяның абсолютті өзгермелі және тұрақсыздығы сияқты қасиеттеріне сүйеніп, дәлелдемек болады. Егер табиғаттың өзі абсолютті өзгерістер болатын болса, онда оны танып-білуге бағытталған субъектінің білімі де өзгермейді, тұрақсыз. Олай болса, өзгермелі, өзінің қарама-қарсы жағдайына айналып жатқан заттар туралы бір-біріне қарама-қарсы екі пікір айтуға болады және сол пікірлердің екеуі де дұрыс болуы ғажап емес. Мұндай жағдайда адам әбден шатасуы мүмкін, сондықтан ол осы екі қарама-қарсы пікірдің'біреуін қабылдап, екіншісін теріс пікір ретінде жоққа шығаруы керек. Осыдан келіп, Протагор "адам - барлық заттардың мөлшері" деген қағиданы ен негізгі қағида ретінде қабылдайды. Бұл қағида бойынша, маған заттар қалай болып көрінсе, мен үшін олар солай болып, ал саған қалай көрінсе, сен үшін - солай болып қалады.

Білімнің салыстырмалы екендігін Протагор өздігінен ештеңе өмір сүрмейді және пайда болмайды, олар басқаларға қатынасы арқылы айқындалады деген пікір төңірегінде дәлелдемек болады. Сондықтан: жел салқын ба? немесе жел дегеннің өзі бар ма? деген сұрақтардың өзі дұрыс емес. Себебі, біреулер үшін жел болуы мүмкін, ал басқа біреулер үшін ол болмауы мүмкін, біреулерді өл теңселтіп-құлатуы мүмкін, ал енді біреулерді оны елемеулері мүмкін. Олай болса, түйсіну субъективті құбылыс, бұдан шығатын қорытынды - әркімнің өз түйсінуіне байланысты айтқан пікірлері - өздерінше ақиқат, тек соны дәлелдей білу керек. Демек, ешкімде де теріс пікір жоқ, бірақ сол көп пікірлердің ішінде біреуі ақиқат болуы немесе дұрысырақ болуы ғажап емес. Данышпандардың пікірлері басқа адамдардыкінен гөрі дұрысырақ келетініне талас жоқ.

Пікір таңдауда адамдар пайдалылық мөлшеріне сүйенуі керек. Ол жамандық пен жақсылықтың салыстырмалы болатындығын, ал объективті нақтылықта олардың жоқ екендігін көрсетеді. Олай болса, ненің жаман, ненің жақсы екенін өз пайдаңа байланысты шешуің керек.

"Рақымшылдық (адамгершілік, ізгілік) дегеніміз не, оған адамдарды үйретуге бола ма? - деген сұраққа Протагор былай деп жауап береді: ізгілікке, рақымшылыққа талпыну қабілеті барлық адамдарда бар, бірақ ізгіліктің, рақымшылықтың өзі туа біткеннен болмайды, сондықтан оған адамдарды оқыту, үйрету керек. Егер адамдар өздері соған талпынса, онда ізгілікті, рахымды адам болып шығады. Осыған байланысты мемлекет қоғамда ізгілік, рақымшылық сияқты қасиеттерді тәрбиелей алатын болғанда ғана қылмыскерлерді жазалауға болады, себебі. жазалаудың өзі жамандықты болдырмау үшін қолданылатын шара ғой, - дейді Протагор.

Сократ та, Платон да, Аристотель де софистік ілімді, оның ішінде Протагордың ілімін сынға алып, софизм деген шын данышпандық емес, алдамшы данышпандық, ал софистер осының арқасында пайда тауып жүрген адамдар деп көрсетеді.

Софистер шындықты дәлелдеп, нақтылап білудің орнына мәселені құр, қызыл сөзбен алмастырмақ болды. Горгийдің диалектикасы негізінен теріс сипатта болды, ол оны дәлелдеу мен пікірді қате деп табу құралы ретінде қолданды және оның диалектикасында анау айтарлықтай белгілі жүйе бола қоймады.

Өзінің атақты «Табиғат туралы» деп аталатын туындысында мынадай үш ережені бекемдейді: 1) дүниеде ешнәрсе жоқ; 2) егер ол бар болса, оны тану мүмкін емес; 3) егер оны тану мүмкін болса, оны пайымдау, түсіндіру мүмкін емес. Сөйтіп, Горгийдің пікірінше, мәселе бір нәрсені танып, білуде емес, өйткені ол біздің қолымыздан келмейді. Оның орнына икемді ойлау қажет, бәрі соған байланысты, дейді. Әрине, диалектика - икемді ойлау әдісі. Икемді ойлаудың екі түрі бар: объективтік және субъективтік ойлау. Осылардың біріншісі - диалектикаға, екіншісі - софистикаға жатады.

Софистер ірі ойшылдар болғанымен олардың релятивизмі көбінесе субъективизм мен скептицизмге әкеліп тірейтін. Горгийдің көзқарастарын талдаған Г. Гегель: «Софистер диалектиканы, жалпы философияны өздерінің ізденулеріне арқау етті, олар терең ойшылдар еді», - деп жазды1. Диалектиканы дамуына үлес қосқан софистердің ролін тұмшалау мүлде мүмкін емес.

Гиппий: «адамдардың барлығы өз табиғаттары бойынша туысқандар, азаматтар, ал заң адамдар үстінен үстемдік жүргізе отырып олардың табиғатына жат нәрселерге мәжбүрлейді», - деді.

Продик тілге ерекше мән бере қарады. Ол этимологиялық туыс мағыналы сөздерді жинақтап, омонимия мәселесін зерттеді. Сонымен қатар пікірталастардың ережесіне көңіл бөліп отырды.

Софистердің сабақтарына қатыса отырып Сократ көбісімен диссуссия жүргізді, бірақ оның көп көңіл қоя тыңдағаны Продик еді. Одан ол көп нәрсені үйреніп Продикті өзінің ұстазы санады.

Шешендік өнер оқытушылары болған софистер грек сөз ғылымының бастауында болған ғалымдар деуге келеді, сонымен бірге оларды философия лингвистикасының негізін салушылар екендігі де рас.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтык ілім жайлы
Сократ философиясы
Софистердің құқықтық - саяси идеялары
Ежелгi грек өркениетiнiң даму кезеңдерi және оның философиялық-құқықтық iлiмi
Антик натурфилософиясы
Антикалық философия қалыптасуының алғышарттары және даму кезеңдері
Антикалық философия тарихы
Антикалық мәдениеттегі философия
Шығыс және грек ойшылдарының қоғамдық пікірлері
Ежелгі Грекиядағы саяси және құқықтық ілімдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz