Табиғат пен қоғамның өзара қатынасы
Жоспар
Кіріспе 3
Табиғат туралы түсінік 3
1. Табиғат пен қоғамның өзара қатынасы 3
2. Географиялық орта 6
3. Биосфера, ноосфера және экология мәселелері 9
Қорытынды 13
Қолданылған әдебиеттер тізімі 14
Кіріспе
Адам баласы Жердің жұқа қабаты болып саналатын – географиялық ортада
өмір сүріп тіршілік етеді. Ол оның тұратын әрі бойындағы барлық қасиеттерін
көрсететін өмір сүру аймағы. Георграфиялық орта – ол табиғатты бөлігі болып
табылады және онсыз қоғам өмірі мүмкін емес.
Адамзат қоғамы пайда болғалы бері ол қоршаған ортаны өзгертіп және
оның әсерімен өзі де өзгеріп отырды.
Табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынастың мән-мағынасы, сипаты
қандай, адамдар өзін қоршаған табиғи ортамен қалай байланыс жасайды,
олардың бұл ортадағы орны қандай, қоғамның өмір сүруінің және дамуының
басты шарты қайсы деген сияқты сұрақтардың философиялық ой толғамдар
жүйесінде ерекше дүниетанымдық маңызы бар. Ендеше осы табиғат түсінігі
төңірегінде пікір қозғап көрелік.
Табиғат туралы түсінік
1. Табиғат пен қоғамның өзара қатынасы
Соңғы кездері аты орынсыз аталмай жүрген неміс ғалымы К. Маркс адамзат
тарихының даму заңдылығын ашып көрсету барысында мынадай әрі қарапайым, әрі
бұлтартпайтын өмірлік мысалға жүгінген болатын: адамдар саясатпан,
ғылыммен, өнермен, дінмен т. б. шұғылданбас бұрын, ең әуелі тамақтануы
керек, үстіне киім, басына пана қажет, ол үшін адамдар еңбектенуі, әрекет
жасап, тер төгуі, сол арқылы қажетті материалдық игіліктерді өндіруі қажет.
Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды, — деп
халқымыздың тұжырымдағанындай, қарыны аш, киімі жыртық, үйсіз-күйсіз
жағдайда адамдар басқа тіршілікпен қалай айналыспақ. Олай болса, қоғамдық
өмірдің мәні, қайнар көзі материалдық игіліктерді өндірумен тікелей
байланысты. Қоғам материалдық игіліктерді өндіруді, сондай-ақ өндірілген
материалдық игіліктерді тұтынуды бір. сәтке де тоқтата алмайды. Қоғамның
онсыз мәні де, мағынасы да жоқ.
Ал енді өмірге қажетті материалдық игіліктерді адамдар қалай өндіреді,
неден жасайды, тиісті бұйымдарды қайдан алады деген заңды сұрақ туады.
Әрине, олар дайын күйінде түспейді. Адамдар оны табиғи байлықтардан
өндіреді, яғни қоғам табиғаттан тысқары, табиғатпен байланыссыз ешқашан
өмір сүре алмайды. Адам да, қоғам да — табиғаттың төл баласы, жалғасы.
Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен
судың өзі жан-жануар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы.
Жоғарыдағы айтылғаннан шығатын түйін: қоғам табиғат дамуының жалгасы,
ол екеуі тығыз бірлікте болады. Табиғат пен қоғамды байланыстырып та,
жалғастырып та тұратын — материалдық өндіріс процесі, еңбек процесі деп
кәміл сеніммен айтуға болады.
Қоғам табиғаттың ұзақ эволюциялық дамуының нәтижесі, басқаша айтқанда,
қоғамның пайда болуы — материя қозғалысының жоғары, әлеуметтік түріне көшуі
деген сөз. Қоғамның пайда болуының түп негізі еңбек процесімен, нысаналы
атқарылатын іс-әрекетпен тікелей байланысты. Қоғамдық өмірдің, адамзат
тіршілігінің ең әуелгі әрі басты шарты — еңбек. Еңбектің арқасында ғана
адамдар жануарлар дүниесінен ажырап шыққанын, адамдық бейнеге ауысып,
табиғаттың керемет құдіреті— ақыл-ойға, санаға, тілге ие болғанын жақсы
білеміз. Ф. Энгельс сондықтан да: адамды адам еткен еңбек деп
тұжырымдаған. Ал еңбек дегеніміздің өзі — адамның табиғатқа деген белсенді
қарым-қатынасы. Еңбек барысында адам өзінің табиғи күш-қуатын қозғалысқа
келтіре отырып, табиғатты өзгертеді, оны өз қажетіне сәйкес бейімдейді.
Сөйте отырып ол оның барысында өзі де өзгереді.
Бұл жерде мынадай бір заңды сұрақ тууы мүмкін. Табиғатқа, оның
өзгеруіне адам ғана емес, жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл ретте адам
әрекетінің сапалық өзгешелігі неде? Біріншіден, жануарлар сыртқы табиғат
дүниесін пайдаланады, ал адам болса табиғатты нысаналы түрде өзгертеді, оны
қоғам игілігіне қызмет істеуге бағындырады. Екіншіден, жануарлар табиғатпен
қарым-қатынас барысында өздерінің дене мүшелерін, яғни тісін, мүйізін,
тұяғын т, б. пайдаланады. Ал адам еңбек құралын қолданады. Ең бастысы — ол
оны өзі жасайды. Үшіншіден, жануарлардың әрекеті таза биологиялық
қажеттерден туындайды, хайуандық сипат алады, ал адам еңбегі ту бастан-ақ
қоғамдық, ұжымдық сипатқа ие, мақсатқа сай жүзеге асырылады.
Мұның бәрі нені көрсетеді? Адамзат қоғамы пайда болғаннан бастап,
өзіндік ерекшеліктері бар мүлде жаңа әлеуметтік заңдылықтардың өмірге
келгенін аңғартады. Бұл жерде адамды тек биологиялық хайуан деп, қоғамның
даму заңдарын табиғаттың заңдарынан еш өзгешелігі жоқ деп қарайтын кейбір
социологтармен мүлде келіспеуге болмайды. Әрине, адамның ең жоғары дамыған
биологиялық организм екенін, оған тұқым қуалаушылық, табиғатқа
бейімделушілік сияқты қасиеттер тән екенін естен шығармау керек.
Бірақ, адамның ақыл-есі, ой-санасы бар, өзін өзге дүниеден бөліп қарай
алатын, өзінің ішкі дүниесін танып-білуге қабілетті, қоғамнан, ұжымнан
жырақ өмір сүре алмайтын әлеуметтік қүбылыс екенін айырамыз. Алдыңғы
ұрпақтан қалған мәдени мұраға ие болып, оларды жетілдіріп, өмірді
сабақтастықпен ілгерілетіп отыратын қасиет тек адамға ғана тән. Бұл
айтылғандардан да қоғам мен табиғат арасындағы ажырамас бірлік, өзара
тұтастық анық көрінсе керек. Басқаша айтқанда, табиғат барлық уақытта да
адамзаттың өмір сүретін ортасы, тіршіліктің қайнар көзі болған және солай
болып қала бермек.
2. Географиялық орта
Табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты нақты әрі терең түсіну
үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қолданылады. Бұл ұғымды ғылымға
XIX ғасырдың ортасында француз географы әрі социологы, Париж Коммунасына
қатысушы Элизе Реклю кіргізген болатын, одан әрі бұл ұғым Г. В. Плеханов
еңбектері арқылы ғылыми әдебиеттен орын тепті.
Мәселе мынада: адам өз тіршілігінде бүкіл ғаламдық дүниемен қарым-
қатынасқа түспейді, оның қажеті де жоқ, ол белгілі бір нақты ортада өмір
сүреді, еңбек етеді. Адамзат қоғамы да солай. Ендеше, географиялық орта
дегеніміз — қоғамдық өмірмен тікелей байланысқа түсіп, қарым-қатынас
жасайтын, оның дамуына тікелей қажетті болып табылатын табиғат дүниесінің
бір бөлігі. Оған ең әуелі жер қыртысы, пайдалы қазбалар, атмосфера, су,
топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатады. Біз тәнімізбен,
жанымызбен географиялық ортаға байланыстымыз. Қоғамдық өмірге қажеттінің
бәрін осы ортадан өндіреміз. Қоғам ілгері басқан сайын оның өндіргіш
құралдары қуатты бола түсіп, ғылым мен техника дамыған сайын географиялық
ортаның шекарасы кеңейіп, ауқымы арта түседі. Мәселен, ғарышқа ұшу
барысында географиялық ортаны едәуір кеңейттік деуге болады.
Геграфиялық орта өндіріс арқылы халықтардың тарихи дамуының қарқынына
әсер етеді. Қолайлы географиялық ортада өндірістің дамуына жақсы жағдай
болады да, қолайсыз ортада даму процесі көптеген қиыншылықтар арқылы өтеді.
Қиыр солтүстікте өмір сүрген халықтар ақ қар, көк мұзда, көк сүңгі, тоңда
күн кешті. Осыған сәйкес өндіріс құрал-жабдықтары мен қоғамдық қатынастары
да кенжелеп қалды. Бұл халықтардың дамуы тек кейінгі уақытта ғана үдемелі
қарқын алды.
Алайда, географиялық орта өндірістің, жалпы шаруашылықтың дамуына
қажетті кейбір мүмкіндіктерді ғана дайындайды, ал ол мүмкіндіктерді
пайдалану қоғамның өзіне байланысты, оның сұранымдарына, өндіріс құрал-
жабдықтарының деңгейіне тәуелді. Сондықтан да бір тектес табиғи ортаның өзі
де әр түрлі пайдаланылуы мүмкін. Айталық, қазақ халқы сан ғасырлар бойы кең
байтақ жерді мекендеп, мал шаруашылығымен шұғылданып келді. Төрт түлік мал
өсіруге географиялық орта қолайлы еді. Жаз жайлауы, қыс қыстауы дегендей,
сарқыраған өзендер мен көк орай шалғыны мол далалы, таулы мекен халықтың
тек кәсібіне ғана емес, сондай-ақ өмір салтының, рухани дүниесінің
қалыптасуына әсер етті. Ал сол атамекеніміздің тұнған байлыққа ие екеніне,
жер асты толған қазына екеніне тек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz