Таным процесінің диалектикасы
ЖОСПАР
Таным. 3
Дүниені танып – білудің мәні 3
Таным процесінің диалектикасы 7
Ақиқат теориясы 13
Қолданған әдебиеттер тізімі: 18
Таным.
Дүниені танып – білудің мәні
Ерте заманнан – ақ адам өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін
- өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып – білуге
тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам
танымы белгілі бір қоғамда, қоғамның практикалық қажеттіліге сәйкес жүріп
жатты. Ендеше, адамзат дамуында адам танымы қоғамдық, тарихи сипатта
болады. Таным – адам санасын дамытудың негізі.
Таным процесінің заңдылықтарын зерттеуді таным теориясы деп атайды.
Философияның негізгі мәселесін дұрыс немесе теріс шешуге байланысты екі
түрлі таным теориясы қалыптасады. Олар материалистік және идеалистік.
Материалистік таным теориясы айналадағы материалдық шындықтың адам
санасында бейнелену теориясы болып табылады. Бейнелену теориясының мәні
мынада: заттар, құбылыстар мен процестер және олардың қасиеттері мен
маңызды байланыстары танып – білуші субъектіден тәуелсіз өмір сүреді.
Басқаша айтқанда, таным барысында адам өзінің қоршаған ортаны игереді, ол
туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар
туралы жалпы мәліметі ішкі мәңге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге
айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа әті тың білімді игеріп, рухани баюы
деп есептеуге болады.
Философиядағы тиянақты идеалистер ағым жалпы алғанда дүниені танып –
білуге болатындығын мойындайды. Бұл ретте, мысалы Декарттың, Лейбництің,
Гегельдің жүйелі ой – пікірлердің атап өтуге болады. Алайда, Гегель дүниені
танып – білуді абсолюттік идея өзін - өзі танып білу жолындағы бір
сатысы ретінде ғана қарастырады. Ал субъективті идеалистер дүниені
түйсіктер мен ой - өрістің әр түрлі жиынтығы деп қарайтын болғандықтан,
олардың дүниені танып – білуне келіп саяды.
Диалектикалық материализмнің таным теориясының метафизикалық
материализмнің таным териясынан ең басты екі айырмашылығы бар: ол,
біріншіден, таным теориясына практика жайындағы ілімнің енгізілуі,
екіншіден, таным теориясына диалектиканың қолданылуы.
Диалектикалық материализмнің таным теориясы қоғамдық практиканың
негізінде дамитын және шындықты қоғам мүдделері үшін практикада қайта құру
мақсатын көздейтін таным процесінің заңдылықтарын зерттейді.
Сөйтіп, материализм шынайы болмысты, нақтылы дүниені танып – білу
туралы мәселе қойса, идеалистер түрлі зарттарды мен құбылыстарда өз өрнегі
мен бейнесін тауып отырған мінсіз құбылыстарды, яғни адам санасының түрлі
өнімдерін танып – білу туралы айтады. Идеализм бейнелену принципін жоққа
шығарады, болмыс пен ойдың тепе – теңдігін мойындауды талап етеді.
Материализм, керісінщі, тепе – теңдік принципін жоққа шығарады да,
бейнелену принципін мойындауды талап етеді.
Сондай – ақ, кейбір философтар дүниені танып білу мүмкіндігін мүлде
жоққа шығарады, абсолютті ақиқатты, заттардың ішкі мәніне таным арқылы
жетуді мойындамайды. Философияда қалыптасқан мұндай позиция агностицизм деп
аталады. Оның философия тарихындағы ең көрнекті өкілдері Д. Юм мен И. Кант
болып табылады.
Юмнің пікірінше, біздің білетініміз тек қана сезімдік қабылдау, ал ол
қандай және қайтіп пайда болады оны мен білмеймін және білгімде келмейді.
Мүмкін, материалистер сеніп жүргендей, сезімдік қабылдаудың арғы жағында
бізге белгісіз заттар тұрған шығар. Басқаша да болуы мүмкін: идеалистер
сеніп жүргендей, бізжің сезімдерімізге қорғау салып, қабылдау туғызып
отырған құдай шығар. Қысқасы, мен білмеймін. Сөйтіп, Юм тек сезімдік
қабылдаумен шектеледі де одан тысқары шығу мүмкін емес деп есептейді. Оның
пікірінше, ғылымның міндеті – түйсіктер мен сезімдерді ретке келтіріп
жүйелеу, ал практикалық іс - әрекеттердің негізінде білім емес, наным мен
әдет жатуға тиіс.
Кант заттардың құбылысын және шынайы заттардың өзін ажыратып қарайды.
Біз шын дүниені сол күйінде танып біле алмаймыз. Ол бізге қалай көрінетін
болса, тек солай танып білеміз. Біздің біліміміз заттардың өзі емес, тек
олардың құбылысын игеріп, біле алады. Объективті түрде өмір сүретін
өзіндік заттар біздің сезім мүшелерімізге әсер тигізеді, соның
нәтижесінде реттелмеген бейберекет түсініктер пайда болады. Ақыл – ойды
іске қосу барысында ол түйсіктер ретке келтіріп, жүйеге түсіріледі. Біздің
табиғат заңдары деп жүргеніміз, шын мәнінде, ақыл–ойымыздың құбылыстарды
ретке келтіруі, яғни ақыл – ойдың туындысы. Бірақ, құбылыстар дүниесіне
сәйкес келетін, адамнан ьысқары тұрған, оның санасына тәуелсіз объективті
түрде өмір сүретін бар. Өзіндік заттар танып–білу мүмкін емес, олар
трансценттік болып табылады. Өзіндік заттар мен біздің заттардың
арасында өткелі жоқ терең құз бар. Құбылыстардан өзіндік затқа өту
ақылдың емес, тек нанымның ісі.
Байқап отырғанымыздай, Канттың ілімі іштей қайшылыққа толы. Ол
өзіндік заттардың объективті түрде өмір сүретінін мойындағын кезде
материалистік позицияны қолдайды, өзіндік заттарды танып білуге
болмайтынын айтқанда – агностик, ал оның біздік заттар жөніндегі пікірі
субъективтік идеализмге жатады.
Д. Юм мен И. Канттың танымдық көзқарастарындағы ортақ нәрсе не деген
сауалға келсек, ол мынау: олар құбылысты құбылатын нәрседен, түйсікті
түйсінілетін нәрседен, біздік затты өзіндік заттардан принципті түрде
бөліктеп отырады, соның өзінде Юм өзіндік зат туралы ештеңе білгісі
келмейді. Кантқа келсек, ол өзіндік зат бар дейді, бірақ ол – тануға
болмайтын зат, құбылыстан принциптік айырмашылығы бар зат, білім арқылы
емес, наным арқылы білуге болатын зат деп жариялайды.
Сөйтіп, агностицизм бағытының мәне не? Мәні сол: агностик
түйсіктерден әрі аспайды, ол құбылыстардың бер жағында тоқтап қалады,
түйсіктердің арғы жағында қандай да болсын анық нәрсе бар деп танудан бас
тартады. Агностицизм қайнар көзі – субъективті диталектиканы объективті
диалектикадан бөліп алып қарауында, таным процесінің қайшылыққа толы
күрделі процесс екенінде. Осы мәселелерге жан–жақты талдау жасай келе,
В.И. Ленин Материализм мен эмпириокритизм деген кітабында мынадай аса
маңызды үш гносеологиялық қорытынды жасайды:
1. Біздің санамызға тәуелсіз, біздің түйсігімізге тәуелсіз, бізден тыс
заттар бар...
2. Құбылыс пен өзіндік заттың арасында ешқандай принципті айырмашылығы
жоқ, болуы да м.мкін емес. Тек танылған нәрсе мен әлі танылмаған
нәрсенің арасында ғана айырмашылық бар...
3. Ғылымның басқа салаларының бәріндегідей таным теориясын да
диалектикалық тұрғыдан пайымдау керек, яғни біздің танымызды дайын
және өзгермейтін нәрсе деп ойламау керек, қайта, білмеушіліктен
білушілік қалай туатынын, толық емес, дәл емес білімнің қалай
толығырақ, дәлірек білімге айналынатын талдау керек.
Таным процесінің диалектикасы
Сонымен диалектикалық материализм таным процесінде бейнелену принципін
басшылыққа алады. Ал бейнелену дегеніміз айнаның бетінен шағылысқан
бейнені көру емес, оған механикалық тұрғыдан да қарауға болмайды. Бейнелеу
– танып – білуге тиіс объекті мен танушы субъектінің арасындағы күрделі
қарым – қатынас процесі.
Метафизикалық материализм таным процесін сыңар – жақты, қарадүрсін,
енжар құбылыс ретінде қарастырған болатын. Оның мәні иынада: айналаны
қоршаған табиғат құбылыстары мен қоғамда болып жатқан түрлі оқиғалар мен
өзгерістер дүниені сырттай бақылаушы енжар адамның сезімі мен санасына әсер
етіп, өз іздері мен белгілерін қалдырады, таным деген осы, адам санасындағы
сыртқы дүниенің бейнелеуі деген, міне, осы, деп түсіндіреді метафизикалық
материализм. Оның үстіне дүниені самарқау қабылдаушы енжар адм абстрактілі
түрде, нақты тарихи ортадан тыс, тек биологиялық дамудың жетістігі болып
табылатын тіршілік иесі ретінде алынады. Міне, осындай адам танымның
субъектісі болып есептеледі. Сөйтіп, адамның әлеуметтік мәні, оның дүниені
белсенді түрде өзгерте алатын қабілеті таным процесінде есепке алынбайды.
Идеалистік философияда бұған керісінше таным процесіндегі белсенділік,
обхект пен субъект арасындағы белсенді қарым – қатынастың рөлі баса
көрсетіледі. Бірақ идеализм субъект ретінде адамды емес, сананы бірінші
анықтаушы болып табылатын рухани құбылысты алады.
Шын мәніне келгенде, субъект ұғымы адамның биологиялық емес,
әлеуметтік мәнін білдіреді. Қоғамнан тысқары адам жоқ, ендіше, таным
субъектісі де болмайды. Жеке адамдар қоғам мүшесі ретінде басқалармен
белгілі бір қарым – қатынасқа түсетін болғандықтан, мәдениеттің, ғылым мен
техниканың жетістіктерін иеленуіне байланысты танымның субъектісі бола
алады.
Сөйтіп, танымның субъектісі деп жеке адамдардың, таптар мен әлеуметтік
топтарды, кең мағынада алғанда, тұтас тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады.
Сондай – ақ , субъект өз болмысын, өзінің ішкі дүниесін таным объектісі
ретінде қарай алады. Табьғатты, қоғамдық қатынастарды таным объектісі
ретінде қарастыруға қажет. Олар субъектінің өндірістік, әлеуметтік және
ғылыми қызметті арқылы таным объектісіне айналады. Басқаша айтқанда, таным
объектісі дегеніміз материалдық дүниенің қоғаммен практикалық және
теориялық тұрғыдан қарым – қатынасқа түсетін, нақты тарихи іс- әрекет
барысында субъекті бөлігі.
Таным объектілері адамның практикалық қызметімен тығыз байланысты және
әрқашан соған тәуелді болады. Таным процесінің негізінде адамның объективті
дүниеге тигізетін белсенді әсері жатады. Себебі таным адамның объективті
құбылыстарымен байланысына, оларға тигізетін әсеріне және оларды өзгертуіне
байланысты дамып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, танымнымды дүниенің
белсенді әрі нысаналы бейнеленуі деп қарастыруға болады. Адам бар
мүмкіндіктерімен, барлық құралдарымен табиғаттың заттары мен құбылыстарына
ықпал жасайды, оларды адамның іс-әрекетімен өзгертеді, сол арқылы оның өзі
де өзгереді. Адамдардың осындай заттық – материалдық, нысаналы
өзгертушілік қызметін практика деп атайды. Яғни, практика дегеніміз
адамдардың табиғатты және қоғамдық құбылыстарды нысаналы түрде өзгертуге
бағытталған қоғамдық және материалдық қызметі. Қоғамдық практиканың негізі
материалдық игіліктерді жасау болып табылады. Сондай – ақ, оның құрамына
алуан түрлі әлеуметтік қызмет, ғылыми ізденіс пен тәжірибе және эстетикалық
өзгертушілік қызметтері кіреді. Тұтас алғанда қоғамдық практиканың мазмұны
мен түрлері сан алуан, ол адамдардың бүкіл қоғамдық – тарихи қызметін
атқарады. Практика адамның өмір сүру әдісі, қоғамдық қызмет жүйесі ретінде
материалдық заттар өндірісі ғана емес, керісінше, қоғамдық қатынастар
өндірісі, әлеуметтік институттар жиынтығы, сыншыл өзгергіштік қызмет болып
табылады.
Қоғамдық практика таным процесінің қозғаушы күші болып табылады. Ол
өмір сүру, іс - әрекет жасау барысында адамдардың алдына үнемі шешуін
талапр ететін проблемалар мен міндеттер қойып отырады. Қоғамдық практиканың
бұлжытпас талаптарының нәтижесінде барлық ғылымдардың дүниеге келіп,
қалыптасқанын жақсы білеміз. Қазіргі кезде де қоғамдық практика ғылым мен
техниканың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz