Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Дін философиясы2

Дiн мен философия5

Мұсылман әлемiнiң философиясы6

Кіріспе

Дін философиясы

1. Дінді философиялық тұрғыдан реттеудің ерекшелігі. Дін қоғамдық сананың формасы ретінде.

2Діннің әлеуметтік және гносеологиялық тамырлары. Діннің функциячиры

3 Ақыл мен сенімнің арақатынасы. Діни сенім бостандығы мәселесі.

Дін қазіргі заманғы адам мен қоғамның рухани өмірінде ерекше орын алады. Кеңестік таптык идеология үстемдік құрған жылдары дін біржақты зерттелгені белгілі. Діннің соңғы жылдары қарқынды дамуы, қоғамда діни сенімді қабылдаушылардың санының көптеп артуы дінді жан-жақты зерттеуді қажет етті және бұл бағьптағы жұмыстар табысты жүргізіліп отыр. Мысалы, діңді тарих, социология, мәдениеттану, саясаттану, философия және тағы басқа ғылымдар өз ғылымдары деңгейінен, әр түрлі аспектілерде зерттеуде.

Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері:

1) философия діннің алам мен қоғамның рухани өміріндегі құбылыс
қоғамдық сананың формасы ретіндегі мәнін анықтайды;

көзқарастың түрі ретінде зерттейді;

діннің пайда болуының әлеуметтік және пюсеологиялық себептерін талдайды;

діннің қоғамда атқаратын функцияларын жіктейді;

сенім мен ақылдың арақатынасы мәселесін қарастырады;

6) діннің адам бойында адамгершіліктікті қалыптастырудағы рөлін көрсетеді

7) діни сенім бостандығы мәселесін зерттейді.

Діннің анықтамасы: геligio - қасиеттілік, құдайылық - Абсолюттік бастаудың, Құдайдың бар екендігінен туындайтын және соған сәйкес мінез-құлық, өмір сүру тәртібін, өмір салтын қалыптастыратын көзқарас, дүниетаным; адамға күш беретін, тірек болатын, өзіне табындыратын тылсым күшпен байланыстылық және оған тәуелділік сезімі.

Дін күрделі жүйе, ол діни сананы, діни институттарды, діни қатынастарды және діни қызметті қамтиды. Дінге: 1) діни ілім; 2) діни сөздер; 3) діни салттар; 4) діни ұйымдар мен секталар кіреді.

Діннің даму сатылары: 1) табиғи дін - бұл кезеңде табиғи күштер құдайлар сияқты болып көрінді; 2) заңдық сипаттағы дін - діни қағидалар мен ережелерді бұлжытпай орындау талап етілді; 3) ақталу діні. ол Құдайдың алдындағы күнәлілік, бүкіл болмыстың қасіреттілігі және Құдайдың мейірімділігі сезімінен туындайды.

Діни сана - жаратылыстан тыс күштерге, құдайға деген сенімнен туындайтын көзқарастардың, идеялардың, нанымдардың. теориялардың жиынтығы. Діни сананың құрылымына діни психология (діни идеялардың белгілі бір жүйесімен байланысты стихиялық түрде қалыптасатын түсініктердің, сезімдердің, көңіл-күйлердің, әдет-дәстүрлердің жиынтығы) және діни идеология (діни идеялар жүйесі, оны қалыптастыру және тарату ісімен діни ұйымдар, дінбасылар, діни қызметшілер айналысады) кіреді. Діни идеологияның маңызды бөлігі болып теология есептеледі, ол құдай, оның қасиеттері, сапалары, белгілері туралы ілімнің жүйелі баяндалуы және негізделуі. Діни сенімге деген екі түрлі көзқарас бар. Атеистік көзқарас дін өмір шындығын бұрмалап, фантастикалық тұрғыдан түсіндіреді десе, дінді қолдаушылар оны нағыз ақиқат танымның ең жоғарғы сатысы, адам өмірініндегі барлық сұрақтарға жауап бере алатын, қоғамдық сананың басқа формаларының бәрінен асып түсетін формасы деп тұжырымдайды. Қазіргі қоғамда екінші көзқарас басымырақ.

Діннің пайда болу себептері мен мәні туралы мәселе философия тарихында көптеген философтардың зерттеу обьектісі болды. Дін туралы ғылым - дінтануда діннің тамырлары деген ұғым қалыптасқан, бұл ұғым діннің пайда болу себептерін, әлеуметтік, гносеологиялық және адамгершіліктік мәнін ашады.

Діннің басты, анықтаушы тамыры немесе себебі ретінде көптеген ғалымдар әлеуметтік себептерді атайды. Бұл себеп алғашқы қауымдык қоғам адамдарынан жақсы көрінеді. Кездейсоқтық үстемдік еткен алғашқы қауымдық қоғам адамдары табиғаттың дүлей күштеріне қарсы тұруға дәрменсіз. оларға-тәуелді болды. Стихиялық табиғат күштерін билеуге, өзіне бағындыруға, қоғамдық қатынастарда күнделікті туындап отырған мәселелерді шешуге қажетті практикалық құралдары жоқ адамдардың сүйенгені өзінің санасының, қиялдауының жемісі - фантастикалық күштерге деген сенім болды. Діннің пайда болуының осы әлеуметтік себептерін қазіргі заманда да көруге болады. 90-жылдардың басында бүкіл посткеңестік кеңістікте діннің өте тез қарқынмен дамуы байқалды. Бұрынғы жүйе күйреп, жаңа бағыттар, жаңа қоғамдық қатынастар әлі анықталмаған сол кезеңде адамдардың бойын шарасыздық, қорқыныш, үмітсіздік биледі, өмірлік бағыт-бағдарын жоғалтқан адамдардың көпшілігі өздеріне қажет күш-қуатты, сенімді діннен іздеді.

Діннің гносеологиячық тамырлары болып адамның танымдық және психологиялық қызметі негіздерінде қалыптасу мүмкіндігі жағдайлары, алғышарттары, мүмкіндіктері есептеледі. Таным процесі екі жақты - танымның объективті мазмұнын және оның субъективті формаларын (түйсік, қабылдау, елестету, ұғым, пікір жәнет. б. ) қамтитыны белгілі. Діни санада осы процестің екінші жағы басымырақ. Елестетуге, логикалық аналогиялар мен абстракциялар жасауға қабілеттілік тым әсіреленіп, танымдық бейнелердің нақты заттардан ажыратылу қаупі пайда болады. Рациональдік танымға көбірек назар аударудың нәтижесінде ұғымдар, дүние субъективті бейнеленеді.

Діннің әлеуметтік жоне гносеологиялық тамырларымен қатар психологиялық тамырларын да атап кеткен дұрыс. Бұрын белгісіз, жаңа әлеуметтік өзгерістер, қатынастар, жағдайлар жеке адамның бойында да, қоғамда да жағымсыз эмоциялар тудыратыны күмәнсіз. Әрине, адамдардың бәрі бірдей дінге бас ұрмайды. Бірақ психологиялық-эмоциялық жағынан алғанда тұрақсыз, абстрактылық ойлауға, қиялға, әсірелеуге, елестетуге көбірек бейім адам дінді тезірек қабылдайды. Діннің функциялары:

әлеуметтік функциясы - дін қай заманда да қоғамдық процестерді басқару қоғамда тұрақтылық сақтау, ұлттық менталитет қалыптастыру қызметтерін атқарып отырды.

адамгершіліктік функциясы - дін жалпыадамзаттық моральдық қасиеттерді насихаттап, индивидтін адамгершілік келбетін өзгертуге үлесін қосады.

компенсаторлық-адам қиындық-дағдарысқа ұшыраған кезендерде дін көмекке келіп, қайырымсыз дүниені о дүниедегі мәңгілік бақытқа\үмітпен алмастырады, адамға сенім-жігер, рухани күш береді.

Ақыл мен сенімнің арақатынасы мәселесіне философия тарихында үш көзқарас бар: 1) Сенімді, діни сенімді ақьш-ойдан жоғары қою, оны "Құдайдың жаратылыстан жоғары сәулесі, нағыз ақиқат" деп түсіну;

сциентистік көзқарас сенімге негізделген дінді ақылға негізделген ғылымнан төмен қояды және діни сенім түбінде жоғалады деп есептейді;

"екі ақиқат" - сенім мен ақыл-ой қатар өмір сүре алады деп мойындау

Бірінші көзкарас Ортағасырлық христиандық және мұсылман философиясында басым болды. Августин, Тертуллиан, Аквинат адамды ақыл адастырады. сондықтан құдайды және ол жаратқан дүниені танып-білу үшін сенім жеткілікті деп есептеді. Тертуллиан: "Сенемін, себебі абсурдты". Сенім мен ақылдың арақатынасын түсіндіруде Аквинаттың рөлі ерекше. Ол сенімді жоғары қоя отырып, оны біржақты қолдамай, ақыл мен сенімнің арасындағы ортақ жақтарын да талдауға, олардың таным объектісіннің бір екендігіне және таным тәсілдер бірін-бірі толықтыра алатынына назар аударуға ұмтылды. Кейінірек оның ілімін жалғастырушылар неотомизм бағытын қалыптастырды, 1879 жылы папа Лев XIII бұл бағытты христиандық католиктік діннің негізгі қағидаларын дұрыс түсіндіретін жалғыз философия деп жариялады. Бірақ қазіргі заманғы томизм антропалогиялық сипатта, құдайды ғана емес, адамды да құндылық деп таниды, "адамның өмір сүруі". "экзистенция" ұғымдарын енгізді.

Екінші көзқарас Қайта Өркендеу, Жаңа Дәуір кезеңдеріндегі ғылыми-техникалық революциядан бастау алып, ХХ-ғасырда, әсіресе кеңестік қоғамда ерекше дамыды. Бұл құбылыс діни сенімнің төмендетілуіне, дінге сенушілердің қудалануына әкелді.

Үшінші көзқарас Жаңа Дәуір ғылымының өкілі Ф. Бэконның еңбектерінде кездеседі. Менің ойымша, осы "екі ақиқат" принципін құптауға болады. Қазіргі заманғы қоғам осы ұстаным бойынша өмір сүріп отыр десек, қателеспейміз. Ақыл мен сенімнің, ғылым мен діннің гармониясынан, бір-біріне түсіністікпен қарауынан қоғам ұтпаса, ұтылмайды. Жеке адам деңгейінен қарастырсақ, құдайға соқыр сеніп, діни салт-дәстүрлерді орындап, сол арқылы өзін діндар адам ретінде көрсетіп, мақтану, ал күнделікті өмірде зұлымдык жасау, өзіңнен басқаны ойламау, яғни сенімді ақылмен ұштастырмау мүлдем қате.

Діни сенім бостандығы - адамның негізгі және ажырамас құқықтарының бірі. Біздің қоғамымыз ұзақ жылдардан кейін осы түсінікке келді. Қазақстан Республикасы Конституциясының "Адам және азамат" деп аталатын екінші бөлімінің 19-бабының бірінші тармағы және 22-бабының бірінші және екінші тармақтары Қазақстанның әрбір азаматы діни бостандыққа құқылы екендігін заң түрінде бекітеді.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы орыстың дiни философиясы философиялық жүйелердiң қалыптасуымен байланысты болды. Бұл дәуiрдiң ойшылдарына М. Ф. Федоровты, Б. Н. Чичериндi, М. О. Лосскийдi жатқызуға болады. Бұл дәуiр философиясының сипаттамалық ерекшелiктерi оның гуманизмi және дiни сипаты болды. Бұл кезеңнiң тағы бiр ерекшелiгi - жаратылыстың дамуымен байланыс және орыс космизмiнiң пайда болуы. Космизм екi бағытқа бөлiнедi: мистикалық (Н. Ф. Федоров, Б. С. Соловьев, П. А. Флоренский) және ғылыми (К. Э. Циолковский, В. И. Вернадский) .

Дiн мен философия

Дiн мен философияның негiзiн бiр-бiрiнен ажыратуға болмайтындығын ескере отырып, ислам дiнiнiң бiзге VIII, IХ ғасырларда келген жағдайда, IХ-Х ғасырларда өмiр сүрген әл-Фараби тiлдi, дiндi, ой-толғамдардың бәрiн де тұтастай дiн арқылы танытты деуге болады. Ал, ендi әл-Фарабидiң шетел кiтапханаларында сақталып отырған трактаттарын аударып, зерттеп жүрген бiрнеше ғалымдардың iшiндегi марқұм А. Қасымжановтың да есiмiн ұмытпауымыз керек.

Қазақ халқы қалыптастырған рухани құндылықтар арасында ақын-жыраулардың алатын орны ерекше. Асан қайғы, Қазтуған жырау, Доспанбет жырау, Бұқар жырау, Шалкиiз, Ақтамбердi, Шал ақын және т. б. ойшылдардың бiр шоғыры. Бұлардың суырып салма шығармашылығының түбiнде ақылгөйлiк пен даналық жатты.

Олардың қатарына ертетүркi әдеби ескерткiштерiн, дала тайпаларының әлеуметтiк-саяси, адамгершiлiк, философиялық көзқарастарының белгiлi дәрежедегi мақал-мәтелдер түрiндегi халық ауыз әдебиетiнiң бiр түрi. Халықпен, Отанмен, оның абыройын қорғаумен, еркiндiгi мен тәуелсiздiгiн сақтаумен байланысты мәселелер жазба әдебиет ескерткiшiнiң ең ежелгiлерiнiң бiрi Орхон-Енисей жазбаларынан да пәлсафа табылады. Өз тәуелсiздiгiмiздiң алдында ғана өмiр сүрген ағартушылық философия дәуiрiнiң қыртыстарында дiни әрi жаңашылдыққа бет бұру мақсаты көзделген.

Қазақстандағы ағартушылық- демократиялық ойдың мәнiн теориялық және методикалық қағидаларға сүйене отырып айтқанымызда, оны бiр жақты қарастырмай, жан-жақты талқылауымызға тура келедi. Ресейге қосылу, оның мәдениетiмен кең танысу және сол арқылы Еуропаның мәдениетiмен сусындау - Ресейге бодан кезеңнiң нәтижесi болып табылғанымен, қазақ ағартушылығы дүниежүзiлiк ағартушылықтан оқшауланбай, керiсiнше, онымен ортақтастықта - ХIХ ғасырдың екiншi жартысы мен ХХ ғасыр басындағы жалпыресейлiк қозғалыстың ықпалы тиген дербес құбылыс ретiнде дамыды.

Кеңес үкiметiне дейiн және сол тұстарда өз мәнiн жоймаған ағартушылық идеологиясының басында тұрған М. Дулатов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, Ш. Құдайбердиев, М. Шоқай, Ж. Аймауытовтар, т. б. сталиндiк репрессия зардабын шегiп, халқының мұң-мұқтажын жоқтау мен санасын оятуда бiлiмге жүгiнуге үндеген еңбектерi халық бостандығы мен теңдiгi жолындағы күреспен байланысты болды.

Осы ретте отарлау саясатының алдында болған қазақ даласындағы мектеп, дәрiгерлiк бiлiмдi қалпына келтiрудi демократтық ұлттық мәдениет ағартушысы Шоқан Уәлиханов Ресей үкiметiнен нәтижелi iстер күтiп, кейiннен үмiтiн үзген. Генерал Черняевтiң жорығына қатысқан ол орыс әскерлерiнiң отаршыл озбырлықтарын көрiп наразылық бiлдiрiп, қызметтен өз бетiнше кетiп, өз елiне оралған. Ол қоғамдық прогрестiң бiрiншi шарты ретiнде ағарту мен ғылым, бiлiмдi таратуда, содан соң реформа жүргiзуде деп түсiндi.

«Әдiлеттi басшы» идеясын жақтай отырып, әлеуметтiк бақытсыздықты бiлiмсiздiктен деп түсiндiредi. Еркiн де, тәуелсiз ел болуды көксеген Шоқан Уәлиханов тiкелей философиялық еңбектер жазумен арнайы шұғылданбағанымен, алайда, барша шығармаларынан философиялық пiкiрлер мен тұжырымдарға келiп тiреледi. Сол секiлдi Абайдың да, Ыбырай Алтынсариннiң де арнайы философиялық еңбектерi болмағанымен, шығармаларындағы философиялық ой-тұжырымдармен астасып жатқан иiрiмдерi мол.

Әсiресе, ағартушы Ыбырай Алтынсарин тiл мен дiн тазалығына аса назар аударып отырды. «Мұсылманшылдықтың тұтқасы» еңбектерiнде Жаратушыны мойындайды және бұл ретте былай дейдi: «Бүкiл дүние жалғыз теңдесi жоқ, ұқсасы жоқ бiр Құдайдың барлығына, бiрлiгiне хәм кәмiл жаратушы халық- қадiр екендiгiне дәлел болса керек». В. Катаринскийге 1888 жылдың 20 ақпанында жазған хатында А. Бессонов деген мұғалiмнiң оқушы қазақ балаларына iнжiл мен оның парыздарын уағыздағаны туралы қатты ренжiп: « . . . мұнымен оқушылар мектебiнiң келешегiн ғана емес, сонымен қатар, жалпы орыс-қазақ мектептерiнiң бәрiнiң де келешегiн мүлде бүлдiрiп аламыз ғой!» дейдi. Сонымен қатар, дүмше татар молдаларының қазақ тiлiнiң ластануына түрткi болып жүргендiгiн жазғырып, оны тек бос схоластикалық дүниемен бас қатыру деп таниды.

Дәл осындай дағдарыс Қазақстанның бүгiнгi уақытында да көрiнiс тауып отыр. Сол секiлдi тiлдiк, дiндiк аластатушылықтар әлi күнге дейiн бой көрсетiп келедi. Тiлдiк мүдiрiстерге ұшырап отырған өз ортамызды қалпына келтiрудiң сондай-ақ, бiрден-бiр мақсаты тiлдiк құралымызды жалаң да жалқы сипаттағы бос сөздiлiкке ұрындырмай, арнайы еңбектермен ұлттық ғылыми тiлдiк деңгейге көтеру. Адамзаттық рухани мұраттардың қатарына iлiгуге бiздiң қазiр толықтай мүмкiндiгiмiз бар.

Мұсылман әлемiнiң философиясы

Мұсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи-философиялық және мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам әлемiнiң данышпандары ерте грек ғылымы мен философиясымен қатар алдыңғы Азия, Орталық Азия және Шығыс мәдениетi мен философиясын қабылдай отырып, философиялық дәстүрлердi онан ары жалғастырған. Егер ортағасырлық Батыс Европада христиандық дiндi идеологияландыру, философиялық интоксикациялау және негiздеу процесi жүрiп өтсе, ал мұсылман аймағында, әсiресе VII-X ғасырларда философия мен ғылым өзiнiң гүлденген кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде ғылымның мынадай салалары қарқынды дамыды: тригонометрия, алгебра, оптика, психология, астрономия, химия, география, зоология, ботаника, медицина. Арнайы бiлiм салаларының дамуына әл-Хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, Омар Хайям және т. б. ойшылдар өздерiнiң үлкен үлестерiн қосты. Мысалы, әл-Бируни Жердiң өз осiнен айналып қозғалуы туралы болжамды алғаш айтқан данышпанның бiрi болды, сондай-ақ көптеген өзге әлемдердiң өмiр сүруi туралы идеялар мен бiрнеше қызықты математикалық идеяларды ойлап тапты. Омар Хайям алгебрадағы үшiншi дәрежеге дейiнгi теңдеулердiң шешiмiн жүйелеп, оны тұңғыш рет геометриямен байланыстырды.

Мұсылман әлемiнiң философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық және теориялық үлкен ықпалын тигiздi. Батыс мұсылмандық Шығыс арқылы алғаш рет антикалық мәдени мұрамен, сонымен бiрге Шығыс мәдениетiнiң прогрессивтi жетiстiктерiмен танысты. Бұл ғылыми, теориялық жетiстiктер мен философиялық жаңашылдықтарды, прогрессивтi рационалистiк философия мен ғылыми шығармаларды мұсылман әлемiнiң ойшылдары араб тiлiнде жазғанымен, олардың бiразы этникалық шығу тегi жағынан араб емес, түркi және парсылар болды.

Осылай, Батыс әлемi Шығыспен рухани диалогының нәтижесiнде ерте грек дүниесiмен қатар, шығармашылдық және жаңашылдық идеялар мен концепцияларға толы шығыстық мәдениеттiң есiгiн ашты. Шығу тегi түрiк философтар мен ғалымдар әл-Фараби, Баласағұни, Қашқари тағы басқалармен қатар әл-Хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, әл-Кинди, Габари, әл-Газена, әл-Газали сияқты ойшылдар мен философтардың есiмдерiмен танысты.

Ислам философиясының бастапқы негiзiн қалаушылар қатарына әл-Кинди және әл-Фараби жатады. Әл-Киндидi ортағасырлық дәуiрде “арабтардың философы” деп жиi атайтын. Бұл бекер айтылмаған сөз, себебi әл-Кинди мұсылман әлемiнiң көптеген философтары iшiнде шығу тегi жөнiнен араб. Әбу-Жүсiп Якуб ибн Исхак әл-Кинди (800-879) Басра қаласынан шыққан, жетiк бiлiм алған, тек философ ретiнде ғана емес, дәрiгер, математик, астроном ретiнде де белгiлi, геометрия, оптика, метереология, психология, музыка салалары бойынша трактаттар жазды. Әл-Кинди еңбектерiнен бiздiң заманымызға дейiн аз ғана бөлiгi жеттi. Логикалық-гносеологиялық мәселелерге арналған жұмыстарымен қатар, мынадай трактаты белгiлi: “Аристотель кiтаптарының саны жөнiнде және философияны меңгерудiң шарты, бастапқы философия туралы бес мәндiлiк туралы кiтап, пайда болу және жойылудың себептерiн түсiндiру туралы трактаттар”. Әл-Кинди жұмыстарының қалған бөлiктерi туралы оның замандастары мен iзбасарларының жекелеген сiлтемелерi, әр түрлi тақырыптар мен үзiндiлер арқылы бiлемiз. Оның мұрасының осы үлкен бөлiгi Х-ХI ғасырлардағы дiни реакция тұсында жойылған. Әл-Кинди мынадай мәселелерге үлкен көңiл қояды: Құдай мәселесi, ақыл-ой мәселесi мен философияның мәнiн анықтау, ғылымдарды классификациялау. Өзiнiң шығармаларында әл-Кинди Құдайдың мынадай түсiндiрмелерiн бередi: 1. Құдай түп-негiз, барлық нәрсенiң абсолюттiк бастауы ретiнде;

2. Құдай мақсатты себеп ретiнде; 3. Құдай кеңiстiктегi абсолюттiк шексiздiк және уақыттағы мәңгiлiк ретiнде. Философтың пiкiрiнше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңiстiктi және уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыстың нәтижесiнде өзгередi және ақыры соңында жойылады, ол нәрсе мәңгiлiк емес, оның соңы бар. Адамға ақыл-ой берiлгендiктен ол өзiн-өзi танып қана қоймай, өзiн қоршаған дүниенi де таниды. Ақылдың көмегiмен адам заттар мен құбылыстардың себептiк байланысын, олардың мәнiн ұға алады. Адамның әлемдi танудағы ақылдың рөлiн анықтай отырып әл-Кинди ақыл-ойдың төрт түрiн және танымның үш сатысы туралы идеяны айтады. Әл-Кинди ақыл ойдың мынадай төрт түрiн ерекшелейдi: активтi, пассивтi, жинақтаушы, жариялаушы.

Егер әл-Кинди неоплатонизмге жақындау болса, ал әл-Фараби Х ғасырдағы Аристотельдiң iзбасары болып саналады . Әбу Насыр Мухаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби-ат-Турки 870 жылы Сырдария бойындағы Фараб қаласында түрiк отбасында дүниеге келдi. Фараби жоғары бiлiмдi оқыған адам едi, ол медицинаны, музыканы, математиканы, этиканы, саясатты, психологияны зерттеуге үлкен қызығушылық танытты. Фараби Аристотельдiң алғашқы комментаторларының бiрi. Ол Аристотельдiң “Категориялар”, “Герменевтика”, “Аналитика. Софистика. Поэтика” сияқты шығармаларына түсiнiктеме бердi. Бiрақ әл-Фарабидiң дара философ ретiндегi даңқы басым болды. Ол философия мен жаратылыстану ғылымдары тарихы бойынша жүзден астам жұмыстар жазды, оның көпшiлiгi қазақ тiлiне әлi аударыла қойған жоқ. Фараби ғылыми болжамға, әлемдi ғылыми танып бiлу мүмкiндiгiне сенiп, қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қарсы шықты. Ол зұлымдықтың жойылып, жер бетiнде қайырымдылық бастаудың салтанат құратынын жазып, зорлық-зомбылықсыз, қанаусыз және соғыссыз қоғам идеалын жер бетiндегi халықтардың бейбiт және достық қатынастарын идеялық теориялық тұрғыда негiздедi. Өзiнiң “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары”, “Адамдық саясат” еңбектерiнде Фараби саясат пен мораль мәселелерiн қарастырады, феодалдық қоғамның моральдық және саяси жағдайын, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастар мәселесiн көтерiп, аббасидтер халифатындағы әлеуметтiк қайшылықтарды пайымдай отырып, оған теориялық түсiнiк бередi. Әл-Фарабидiң көптеген философиялық идеялары батысевропалық философияның идеялары мен концепцияларының қалыптасуы мен дамуына, әсiресе Б. Спинозаның философиялық көзқарасына теориялық ықпалын тигiздi. Сонымен қатар оның идеялары мұсылман әлемiнiң көптеген ойшылдарының, мысалы ибн Сина, Ж. Баласағұн және тағы басқаларының философиялық көзқарастарына да әсер еттi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін философиясы мен тиялогияның ара қатнасы.
Теориялық дінтану
Әлемді діни тұрғыда зерттеуге ғылымның әcepi
Шығыс философиясы тарихындағы сенімнің орын алуы және еркін ойлау мәселесі
Карен армстронгтың «Тәңірінің тарихы» еңбегіне дінтанушылық талдау
Дін анықтамалары
Дін және ғылым пәнінен дәрістер
Қазіргі Қазақстандағы жастардың діншілдік мәселесі
Дін және мәдениет
Православ діни философы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz