Дүниеге философиялық көзқарас. Дүниеге көзқарас


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе3

1. Дүниеге көзқарас4

2. Дүниеге философиялық көзқарас9

Қорытынды10

Қолданылған әдебиеттер тізімі12

Философия туралы түсінік

Кіріспе

Жалпы адамзат тарихында қола дәуірінен темір дәуіріне өту өндіргіш күштердін ширақ дамуына ғана әкеліп соққан жоқ, сонымен қатар рулық алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, құлдық қоғам орнауына, ой еңбегінің бөлінуіне, адамның белсенді іс-әрекеті арасында өзінің табиғат құдыреттері алдындағы әлсіздігі мен бағыныштылығы сияқты құбылыстарды жоюда алғашқы қадам жасауына, сол табиғат құбылыстары туралы білімнің қалыптасуына, осы негізде абстракциялық ойлау қабылетінің өсуіне мүмкіндіктер туды. Сөйтіп қоғамдық жаңа жағдайларды түсіндіруге талпынған тың көзқарастар да қалыптаса бастады. Бұл көзқарас күйзеліске ұшыраған қиялы заңдылықтарға сүйенген мифологиялық дүниетаным мен жаңадан дүниеге келіп жатқан білім мен ойлау қабылетінің арасындағы қайшылықтарды шешу негізінде дүниеге келді. Бірақ мұндай көзқарас әлі де болса философия емес еді.

Бірақ алғашқы философиялық ілімдердің деңгейі әр жерде әр түрлі және олардың өздеріне тән ерекшеліктері болды. Мысалы, Шығыс елдеріне (Ежелгі Қытай, Үнді, Египет, Вавилон, т. б. ) қола дәуіріне өту ұзақ уақыт алғандықтан, ескі дәуірге тән әдеп-ғұрыптар, дәстүрлер, рухани көзқарастар жаңа дәуірде де көп өзгеріссіз сақталып қалды. Осыған қоса, әр халыққа тән психологиялық ерекшеліктерді ескерсек, Шығыс, Батыс философияның кейбір мәселелер төңірегіндегі көзқарастарының жақындығына қарамастан олардың айырмашылықтары мен ерекшеліктерін түсініп, байыптауға болады, Айталық, Ежелгі Шығыс философияны Антика философиясындағыдай классикалық деңгейге жете алмады. Себебі, Шығыста ежелгі өндірістік тәсілдің баяу қалыптасуына философиялық ой-пікірдің сол кездегі ғылыми жетістіктермен нашар байланыста болуы Шығыс философияның діни-мифологиялық көзқарастан, күнделікті әдептілік санадан толық арылуына мүмкіндік бермеді.

Ал Антикалық (Батыс) философия болса өз кезеңіндегі ғылыми жетістіктерге сүйене, өзінің логикалық, категориялық аппараттарын жетілдіре отырып және көзқарастық және рационалдық-жүйелілік жақтарын тығыз байланыстыра қарастырып, классикалық деңгейге дейін көтеріледі.

Философия - бүкіл ғылыми жүйелердің көнесі. Ол қауымдық құрылыс ыдырап, қоғам құл иеленушілік дәуірге аяқ басар мезгілде, мифологиялық - діни түсініктермен күрес барысында қалыптасты, сол кездегі пайда болған барлық білімнің басын құрады. Грек тілінен аударғанда «философия» ұғымы «данышпандыққа құштарлық» деген мағына беретіндігі де тегін емес. Философияның басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол - дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады. Сондықтан философияның маңызын, құрылымын, пәнін тереңдеп білу үшін, ең әуелі, оның дүниетаныммен байланысын, арақатынасын қарастырып көрелік.

1. Дүниеге көзқарас

Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.

Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі - өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы. Расында, дүниенің пайда болуы, оның зволюциялық тұрғыдан жетілу ерекшеліктері, адамның дүниедегі орны, болмыстың мән-жайы, адамзат өніп-өсуінің сипаты мен бағдары сияқты мәселелер қай дәуірде де адамдарды толғандырып, көкейлерінен кетпей, ізденіске салды. Сөйтіп, әлем құбылыстарын түсіндіруге талпынған әрекеттер дами берді. Ал қоғамдық өмірдің ілгері басуы, бір кезеңнен екіншісіне өтуі, олардың сабақтастығы, өмір салтының материалдық және рухани деңгейінің жоғарылауы, яғни еңбек өнімділігінің артып, тәжірибенің молаюы дүниетанымдық ықыласты жетілдіре түсті. Осы факторлар өмірдің негізгі мәселелерін ескерусіз қалдырмай, ол туралы түсініктерді үнемі дамытып, тереңдетіп отырды.

Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары «дүние» және «адам». Олар ажырамас бірлікте. Яғни адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай-ақ сыртқы дүниеcімен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясы, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние арақатынастары бір-бірімен жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақталынады. Осыдан келіп дүниеге көзқараста, біріншіден, әлем, табиғат және қоғам туралы, олардың бірлігі туралы, екіншіден, адам және оның дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән-жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастайды.

Дүниетанымның, дүниеге көзқарастың тұтастығын құрастыратын негіз - білім. Ертедегі ойшылдар тек білім ғана надандықты жоятынын, қала берсе, халық пен халықты теңестіретін күш екеніне кәміл сенді. «Ештеңе білмейтін және бірдеңе білейінші деп талпынбайтын адам - өте нашар адам»- деп ертедегі грек философы Платон бекер айтпаған. Әл-Фараби бабамыз айтқандай: «Білімді болу деген сөз - белгісіз нәрсені ашу, игеру қабілетіне ие болу деген сөз». Ал халқымыз «білім - ырыс қазығы» дейді. Білім тереңдеген сайын, ғылыми арнаға түскен сайын одан бастау алатын дүниеге көзқарас та нақтыланып, екшеленіп, жүйелік, тұрақтылық сипатқа ие болады. Білім адамның көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Сенім дегеніміз - дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған мұрат мақсатына деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.

Дүниеге көзқарас адам қызметіне, оның белсенділігі мен әлеуметтік бағдарына шешуші ықпал тигізеді. Сондай-ақ, дүниеге көзқарастың қалыптасуы мен дамуының өзі табиғи, әлеуметтік және нақты мәдени ортаға тәуелді. Осы тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарастарды ғылыми және ғылыми емес, қарапайым деп бөлуге болады.

Дүниеге көзқарастың кең тараған түрі - ғылыми емес, қарапайым көзқарастар. Олар күнделікті қызмет әрекет барысында қалыптасады, өмірдің қалған салаларына назар аудармайды, жеке фактілерден нәр алып, олардың сапалық ерекшеліктерін ескере бермейді. Дәйекті білімнен гөрі, жалпылама, сыдыртпа «білімпаздық» басым. Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ағымдар араласып, шатысып жатады.

Ал тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне байланысты дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және философиялық түрлері қалыптасты.

Адамзат қоғамымен бірге қалыптасқан мифологиялық дүние көзқарасына тән нәрсе - адам қоршаған ортадан өзін ажырата алмауы, құбылыстардың құрамындағы ұқсастықты ғана пайымдау, сананың, өнердің, дәстүрдің бір ғана сипатына - символдың қызметіне ерекше көңіл бөлу. Осыдан келіп, мифтік көзқараста білімсіздік, ырымшылдық, аңқаулық, алданушылық, бұрмалаушылық пен соқыр сенім элементтері қат-қабатымен кезігеді. Миф - адамның қауымдық санасының алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Тек ғажайып құбылыстарға көңіл аударады, оларды сол күйінде ұғынуды, қабылдауды талап етеді.

Діни негіздегі дүние көзқарасы мифологиялық сананың табиғи жалғасы. Діни дүниетаным табиғаттан тыс, құдіретті күшке адамның мүлтіксіз бағынуын уағыздайды. Адам санасында табиғи құбылыстардың бұрмаланған бейнесін туғызады, оны табиғатты өзгерту мүмкіндігінен шеттеуге бейімдейді.

Мифология мен діни сананың кемістіктеріне қарсы күресті біршама батылдықпен жүргізген натуралистік философия болды. Ол жеке жаратылыстану ғылымдарының тұжырымдарына сүйене отырып, табиғат туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға тырысты. Бірақ онда дүниені өзгермейтін нәрсе ретінде қарастыру басым еді.

Натуралистік дүниеге көзқараста жаратушының даралығын дәлелдейтін тұжырымдар да аз емес. Әйтсе де, XVIII - XIX ғ. бұл дүниетанымда табиғатқа деген материалистік көзқарас жүйеге келтірілді. « . . . сол кездегі философияның сіңірген аса зор еңбегі мынау деп білу керек, - дейді Энгельс, - ол өз заманындағы жаратылыстану ғылыми білімдердің таяздығына қарамастан, түзу жолдан жаңылған жоқ. Спинозадан бастап ұлы француз материалистеріне дейін ол дүниенің мәнін өзі арқылы түсіндіруге табандылықпен әрекеттеніп, мұны толық дәлелдеп шығу ісін болашақ жаратылыстануға тапсырды».

Ал, философиялық ой-талғамдар мен тұжырымдар таптың қоғамның орнығуы барысында, яғни ертедегі Қытай, Греция, Үнді елдерінде айқынырақ қалыптасты. Осы кезеңде экономика мен сауда-саттық, саяси құрылым мен мәдениет ошақтары ірі-ірі қалаларда шоғырланды. Жерге жеке меншік орнады. Өндіріс құралдарының шоғырлануы еңбек бөлінісін тездетті, әрі тереңдетті.

Біреулердің қолында өндіріс байлығы, саяси билік, жерді, сондағы бар мүліктерді иемденуге мүмкіндіктері сақталынды. Басым көпшілік, бұқара қауым мұндай игілік пен праводан мүлде айырылды.

Өндіріс өсті, өндіріспен бірге өндіргіш күш те жетілді. Осыдан адамның табиғи ортадан тәуелсіздігі дербестелінді, керісінше, адамдар арасындағы қарым-қатынаста практикалық саяси тәуелділік тұрақталынды. Қоғамдық қайшылықта адам тұлғаланды, қажетті күшке айналды. Сонымен қатар адамның әлеуметтік жағдайы мен жеке билік арасындағы алшақтық күшейе түсті. Жеке билік өзімшілдікті орнықтырды, оран әлеуметтік мән берді.

Таптық қайшылық қоғамдық өмірдің күрделі мәселелерін күн тәртібіне қойды. Қайшылық салдарынан таным мен өндіріс қызметі, ой еңбегі мен дене еңбегі бір-бірінен дараланып бөлінді. Білім жеке биліктің есебімен ғана практикалық қолдау тапты. Міне, осы жағдайда дүниеге деген көзқарас қалыптасты.

Бір жағынан, өмір мен сұлулық, бақыт пен болашақ жайлы сезімтал көзқарастар дами түсті. Жеке адамның артықшылығын мойындаушылық үдеді. Адамзат күші табиғаттағы ең керемет күш деп ұғынушылық негіз алды. Адам өз тағдыры үшін өзінің де, өзгенің де ой-пікіріне талғаммен қарайтын болды.

Екіншіден, шындық пен білім үшін күрес ымырасыздықпен жүргізіліп, шынайы күшке қуат берді. Ертедегі грек ойшылдары үшін философия дегеніміз - болмыстың алғашқы бастамасы мен себебін іздеу, мән жөніндегі ілім, шындықты пайымдау, болмысты құдірет күш Алла тағаламен теңестірудің баламасын табуға үйрететін қабілеттілік деп түсінілді.

Парасат пен дүниені ұғыну өздігінен келмейді, күресте қалыптасады. Ал күрес білім мен практиканың көкжиектерін кеңейтті, мифологиялық наным мен теріс ұғыныстардың қай-қайсысына болмасын бөгет жасады. Әлеуметтік дертке қарсы күресте адам да, қоғам да, олардың көзқарастары да мәдениеттің жаңа сатысына көтерілді. Билікке қарсы ымырасыздықтың барысында ескі мифологиялық санадан жаңа, философиялық білімге бетбұрыс басталды.

2. Дүниеге философиялық көзқарас

Ой жүйесінің ең жоғарғы деңгейі - дүниеге философиялық көзқарас. Дүниеге философиялық көзқарас дегенде дүниені, табиғи және қоғамдық құбылыстарды ой жүзінде түсініп-ұғыну, табиғат пен адам арасындағы байланыстар, әрекеттің және қарым-қатынастың санада ерекше бейнелену формасын айтамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниеге көзқарастың тағы бір формасы, жоғарыда атап өткеніміздей - философия
Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі
Философияның пәні мен әдісі
Дүниеге философиялық көзқарас
Философия және дүниетаным жайлы
Діни негіздегі дүние көзқарасы мифологиялық сананың табиғи жалғасы
Философияның даму тарихы
Адамның дүниеге танымдық қатынасы
Философия пәні және дүниеге көзқарас
Дүниеге көзқарас
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz