Философиядағы мәдениет ұғымы. Мәдениет адам дамуының өлшемі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе 2
1. Философиядағы мәдениет ұғымы 3
2. Мәдениет адам дамуының өлшемі 9
Қорытынды 15
Пайдаланылған әдебиеттер 17

Кіріспе

Соңғы жылдары өрiс алған мәдениеттiң философиялық-рухани негiздерiне,
оның өркениеттiк көрiнiстерi мен нақыштарына терең бойлауға бағытталған
ұмтылыс тек ата-бабалар алдындағы парызды өтеу емес, сонымен бiрге заман
талаптарынан туатын өзектi мәселе болып табылады.
Өтпелi дәуiрдiң тар құрсауынан шығу үшiн тек экономикалық өзгерiстерге
иек арту жеткiлiксiз. Ол үшiн адам санасын да күрт өзгерту қажет. Жоғары
жақтан келетiн нұсқауға негiзделген менталитетте таңдау да, шешiм де,
шығармашылық пен жасампаздық та жоқ. Авторитарлық әкiмшiл қоғам тұлғасыз
қалады, руханилықты шайтан өрнек идеология ауыстырады. Осыдан әлеуметтiк
өмiрдiң түрлi қырлары тұманданып, өктемдiк саясат, бюрократтық жүйе, таптық
принцип өз үстемдiгiн жүргiзедi. Өркениеттiлiктiң әлемдiк және дәстүрлiк
үлгiлерiнен аласталған қоғам өзiнiң адамсыздандырылған iшкi табиғатында
мәңгүрттенген тетiк адамдарды, жүйеге икемделген пысық маргиналдар мен
қиратушы нигилистердi қалдырады.
Мiне, осы мәселелерге, әсiресе, мәдениеттің философиялық мәселелеріне
байланысты, ұлттық санаға байланысты, ұлт менталитетiне тiкелей қатысы бар
дүниелер атүстi қарастырылып, жеткiлiктi дәрежеде назар аударылмай келдi.
Мұның барлығы мәдениеттің философиялық астарларына, оның адамгершілік
қағидаларына бойламауға, тiлiмiз бен дiнiмiзден қол үзуге, ой-санамыздың
өзгеруiне, тiптi мәңгүрттене бастауымызға, ұлттық тәрбиенiң өзiндiк нәрiн
жоғалтуға алып келдi. Ал, қазiр егемендiк алып, өткенiне оралып,
жоғалтқанын қайта тауып, көнергенiн жаңғыртып, ХХI ғасырда өзге дамушы
елдер үшiн үлгi боларлықтай дәрежедегi Орталық Азия Барысына айналғалы
отырған Қазақстан үшiн өткен тарихын ой көзiмен бiр шолып қарап, өз
тарихындағы пайдалы дүниелердi қажетiне жарату, жаңғырту қажеттiгi туып
отыр. Өткеннiң озық философиялық дәстүрiн, мәдениеттің философиялық
қырларын оқып-үйренудiң, пайымдаудың тарихымызды тануға, қоғамдық сананың
даму заңдылықтарын бiлуде, қазiргi философиялық ойды тереңдетуде және
өзiмiздiң ғылыми танымымызды кеңейтуде, оларды жүзеге асыруда, ұлт
менталитетiнiң қалыптасуында маңызы зор болмақшы. Өйткенi елдiң
экономикалық мүдделерiнiң дұрыс шешiмiн табу үшiн де алыс-жақындағы
мемлекеттердiң бiздi танығаны, сыйлағаны керек. Ал осынау дүбiрлi дүниеде
өзiңдi мойындатудың сенiмдi жолы - тағылымды тарихың, озық ғылымың, өрелi
мәдениетiң. Бiрақ осы уақытқа дейiн тарихымыз бен мәдениетiмiз олардың
философиялық астарлары, мәдениет адам дамуының өлшемі деген мәселелер әлi
терең зерттелмей келдi. Міне, осы мәселелерді қарастыру үшін осы тақырыпты
таңдап алдық.

1. Философиядағы мәдениет ұғымы

Мәдениет дегеніміз не? — деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің
этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне
тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың маданият — қала,
қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің
өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген
көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады.
Бұл жерде алдымен көзге түсетіні — мәдениет пен табиғатты культура мен
натураны қарсы қоюшылық. Көне замаңда культура деген ұғым жерді өңдеу
деген мағынаны берген кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде
(б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, жанды жетілдіру деген ұғымды
білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі білім беру,
даму, қабілеттілік, құрметтеу сияқты мағыналарға ие бола бастады.
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:
а) мәдениет — белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен
шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет — адамзат қауымының белгілі бір
тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті,
крит-микен мәдениеті, қазақ мәдениеті ж.т.б.; б) мәдениет — адамдық
әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек
мәдениеті, құқық мәдениеті ж.т.б.); в) агро-мәдениет (дәнді өсімдіктер
мәдениеті, цитрустық мәдениет ж.т.б.).
Ал осы ұғымдардың ішінде мәдениеттану пәніне алғашқы екі ұғымның
тікелей қатысты екендігін аңғаруға болады. Мәдениет ұғымы тарихи
қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан
анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай XVIII ғасырға,
яғни Ағартушылық Дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық — адам мен оның ақыл-
ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін мәдениет сөзі белгілі бір
мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың
синонимі ретінде ғана пайдаланды. Сөзіміз дәлелді болу үшін мәдениет
ұғымын талдауды Көне заманнан бастағанды жөн көрдік. Жоғарыда атап
көрсеткеніміздей, бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-ана-мен оны өңдеп-
баптаумен тығыз байланысты болды. Демек мәдениет ұғымы жерді жырту, бау-
бақшаны өндеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда,
егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды. Оған қоса
бізге үйреншікті болып кеткен мәдениет ұғымының тәрбие мен біліммен
байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және
тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім
мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады.
Сонымен бірге мәдениет сөзі құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық
деген мағыналарға да ие. Осылардың ішіндегі ең бастысы — дінге табынушылық.
Көне замандағы адамдар әруақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың
санасынан тәңірі берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен
бірге болды, оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала
заңдары мен қала азаматтарын бәле-жаладан қорғады. Міне, сондықтан да болар
белгілі эллинист Макс Поленп полистік патриотизмді ерекше дәріптейді. Полис
дегеніміз — шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары сол қаланың
азаматтары болып саналады. Олар өз қаласының заңына бағынды, қаланы сыртқы
жаулардан қорғады, қажетті азаматтық міндеттері мен борыштарын (халық
жиналыстарын өткізуге, сот орындары мен қаланың басқа да мекемелерінін
жұмыстарына және т.б. қатысу) мүлтіксіз орындап отырды. Мұндай қалаларда
мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі дінге табынушылықты, әрі жер өңдеуді де
білдірген. Дәл осындай үйлесімділік көне полистерде қала азаматтарының
азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Гректер бұл процесті
пайдейя (бала) деген ұғым арқылы берген. Бұл термин тәрбиелеу, оқыту
деген ұғыммен қатар, білім беру, білімділік, ағартушылық, мәдениет деген
мағыналарға да ие болған. Бұл жағдайда тәрбие мен білімнің жәй ғана
байланыстары жайындағы идеяны аңғаруға болады. Гректер сонау көне заманның
өзінде-ақ өмірге икемді, қабілетті, жан-жақты қалыптасқан азаматтарды
тәрбиелеуге бағъпталған сирек кездесетін білім беру жүйесін жасады. Адамға
деген мұндай қамқорлықта сөзсіз гуманистік құндылық бар, оның негізінде
мәдени процестердің мақсаты үшін күресетін адам идеалы жатыр. Бұл жөнінде
В.Йегер былай деп тамаша айтып кеткен болатын: Грек мәдениетінің
идеяларынсыз ертедегі дүние тарихи кезең болып өмір сүре алмас еді де, ал
Батыс Еуропалық мәдениет дүниеге келмеген болар еді. Грекияда негізінен
мәдениеттің аристократиялық (ақсүйектік) түрі кеңінен таралған, ал оның
негізінде терең генеалогиялық дәстүрлер жатыр. Ақсүйектік қасиеттермен
қатар, адамзаттық қасиеттерге де ерекше көңіл бөлінді. Басты мақсатқа
апарар жол — білім жолы болды. Г.Е. Жураковский былай деп жазды: Көп
жылдық Афин мектептеріңдегі білім берудің түпкі мақсаты — оқушыларға афин
қоғамының толық құқылы мүшесі екендігін толық сездіру болып табылады.
Балаларды мектепте жазып-сызуға үйретіп, грек әдебиетімен таныстырды.
Грамматика мен музыка сабақтары байланыстырылды, өйткені көптеген өлеңдер
музыкамен сүйемелдеу арқылы жатталды. 12 жастан бастап ұл балалар
палестраға барды, гимнастикамен айналысты. Жастар тындаушылар ретінде
мемлекеттік істер қаралатын жиналыстарға да қатыса алатын болды. Демек, бұл
айтылған жағдайлардың бәрі көне пайдейяның гуманитарлық қызметімен қатар,
көне мәдениеттің дамуына ықпал жасағандығын көрсетеді. Ерекше атап өтетін
бір жәй, мұндай білім беру жүйесі белгілі бір талаптар мен ережелерді
игерумен ғана шектелмей, жастарды қоғамдық өмірге де дайындады. Демек, грек
қоғамының белсенді мүшесі болу, қоғамдық өмірдің сан-саласына араласу
белгіленген ережелер талаптарды толық игергелуін ғана жүзеге асып отырды,
ал бұларды гректер даналық табыстар — нома (заңдар) деп атады. Демек
мәдениеттің мақсаты адам бойында ойлау, пікір айтып пайымдау қабілеті мен
эстетикалық сезімді дамыту болды. Бұл жағдайда көне заман адамы өзінің
табиғатпен байланысын ешуақытта жоғалтқан емес, ол үшін табиғат ерекше
ыстық та, жақын да болды.
Өкінішке орай, грек қоғамының даму барысында, әсіресе эллинизм
дәуірінде, көне полистердің өз тәуелсіздіктерін жоғалтуына байланысты грек
пайдейясының идеалдары бұзыла бастады. Әлеуметтік тұрақсыздық пен бей-
берекет саяси уақиғалардың салдарынан мәдениетке нұқсан келді. Білім
берудің және тағы да басқа мәдени құндылықтардың дәрежесі түсіп кетті.
Бірақ қоғамдағы мұндай өзгерістерге қиындық пен тоқырауларға қарамастан
мәдениет өз дамуын тоқтатқан жоқ. Христиандық сана негізінде дамыған
ортағасырлық мәдениет пұтқа табынушылықты жоққа шығара отырып, көне
мәдениеттің негізгі табыстарын сол қалпында сақтай білді. Ортағасырлық
мәдениет политеизмге монотеимзді, натурализмге — руханилықты, геодонизмге
(сүйсініп — рақаттану табынушылығы) аскеттік идеалды, дүниені бақылау және
логика арқылы тануға Библияға сүйенген және оны шіркеудің белгілі
қайраткерлері арқылы түсіндірілетін — кітаби білімді қарама-қарсы қойды.
Өзінің жан дүниесіне терең үңілген ортағасырлық адам өз тұлғасының
қайталанбайтындығын, ерекшелігін, тұңғиық екендігін байқады. Ал бұл жағдай
политеизмнен монотеизмге көшуге толық мүмкіндік берді. Көне заманның адамы
өзіне сену қасиетін мәңгілік кеңістік дүниесінен, оның ішінде ең бірінші
кезекте табиғаттан алды. Ол құпиялы аспан мен жұлдыздар әлемі, таулар мен
өзендер, ал құдайлар болса табиғаттың бөлшегі ғана. Орта ғасырларда
мәдениетті түсінуде келелі өзгерістер байқалды. Рациональдық, ізденісті
адамгершілікке, адамның жан-жақты жетілуіне апарар жол деп қарастыратын
мәдениеттің көне түсінігі түйыққа тірелді. Адамның заттық-аспандық дүниеден
оның тіршілік отанына басқа да дүниелердің, атап айтқанда, ерекше ләззат
алар рухани дүниенің бар екендігі айқындалды. Адам өзін қоршаған ортада,
кеңістікте адамзаттың ақыл-ойынан тәуелсіз заңдылықтардың, ережелердің бар
екеніы аңғара отырып, онда жоғарғы ақыл-ой мен ең жоғарғы әділеттіліктік
әрекет ететіндігін сезіне білді. Мәдениет тағы да адамның өз мүмкіндіктерін
жетілдіру, оның ішінде ақыл-ойды, ақыл-ой болғанда табиғи бұзылмаған
және сеніммен толықтырылған ақыл-ойды жетілдіру тұрғысынан адамзат
баласының алдында тұрған келелі мәселе дәрежесіне көтеріп, құпия дүниелер
есігі айқара ашылды, қоршаған ортаға басқа рациональдылық қана емес
екендігі айқындалып, ендігі жерде адам бойындағы Жаңа өлшемдер — махаббат,
үміт, сенім және т.б. жаңа сатыға көтерілді. Адам өзінің әлсіздігін де
сезіне бастады, бірақ ол өзінің дәрменсіздігіне қарамастан алып күш иесі
екендігін де таныта білді. Құдай адамды, оның мәңгілік жанын жаратты.
Адамның бақыты өзін тануда емес, Құдайды тануда. Адамның бақыты мен
бостандығы оның тәуелсіздігінде емес, оның Құдай тағаланың ықпалында болуы
мен онымен рухани бірлікте екендігін мойындауында. Міне, сонда ғана адам
барлық қиындықтарды жеңе отырып, өз мақсатына жетеді. Міне, осындай
сипаттарға ие болған ортағасырлық мәдениеті тәлім-тәрбие, үйлесілімділік
пен тәртіп өлшемі ретінде емес, шектеушілікті жеңу, адамның үнемі рухани
жетілуі мен жан-жақты қалыптасуымен сипатталады.

2. Мәдениет адам дамуының өлшемі

Жаңа заманда (XVII—XIX ғ.) мәдениеттің көптеген теориялары өмірге
келді. Жаңа заман философиясында көне заман мен ортағасырлар мәдениетін
нақты түсіну және оған шындық тұрғысынан қарастырғанда, ең озық идеялар
Ағартушылық дәуірі — буржуазиялық қайта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Болмыс философиясы туралы
Дүниенің болмысы және материя туралы түсінік
Мәдениет философиясы
Дүниеге көзқарас ұғымы
Философия пәні мен қызметі
Философия, оның пәні. Философия тарихы
Философиялық антропологияның қайнар көзі және болашағы
Пәндер