ХХ ғ. батыс философиясының бағыттары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
ХХ ғ. батыс философиясының бағыттары 3
Қолданылған әдебиеттер тізімі 11

Кіріспе

ХХ ғ. мен ХХІ ғ. басындағы әлемдегі саяси-әлеуметтік шындық
экономикадағы күрделі өзгерістерге бағынышты болды. Еуропа монополистік
капитализм деңгейіне көтерілді. Ұлттық айырмашылықты жоққа шығаратын
әлемдік өнеркәсіп және сауда-саттық ерекше дами бастады. Осы өзгерістер
қоғамның әлеуметтік және рухани саласында да көрініс тапты. Философияда
ескі мәселелермен айналысумен қатар заманың талабына сай оларға жаңаша
қарап, жаңаша шешуге ұмтылыстар пайда болды. ХІХ ғ аяғы және ХХ ғасырдың
басында көптеген философиялық бағыттарда Нео деген қосымша сөз жалғанады,
ол ілімдерінің бір философиялық жүйеден шыққанын, яғни тектес екенін,
екінші жағынан бір-біріне қарама-қарсы екенін көрсетеді, классикалық
философия үлгісінен айырмашылығына көңіл аударады.
Биклассикалық пен классикалық философияның арасындағы қақтығыстықтың
орталық мәселесі рационалдық ақыл-ойға, оның рөліне байланысты болды.
Биклассикалық философия адамзаттың рухани байлығының ерекше бір бөлігі.
Бұл философия адамзат ақыл-ойының әтүрлі салаларына байланысты тұжырымдар
жасап жауап берді. Ол іштей біртекті емес, онда көптеген бағыттар,
концепциялар мен теориялар бар. Оның ішінде жаңа әлемдік және экологиялық
мәселелер көп.
Қазіргі Заман философиясының ерекше сипаты және белгілері төмендегідей:
1. Практицизм - дара тұлға мен әлеуметтің, материалдық пен руханидың
нақты шынайы өмірге бағытталуы.
2. Эволюционизм - табиғатта, қоғамда және адам танымында эволюция
идеасының кең таралуы.
3. Релятивизм - адам білімінде салыстырмалылық (относительдік)
идеясының көп орын алуы.
ХХ философиясында бір-біріне қарама-қарсы сипаттағы негізгі екі
бағытты байқауға болады. Біріншісі - сцентизм (лат scientia-ғылым),
екіншісі-антисцентизм. Бұл рационализм мен иррационализм арасындағы
қатынас, ғылыми-техникалық прогреске байланысты қарама-қарсы көзқарастар:
сциентизм, яғни рационалдық, ең алдымен жаратылыстануда, ал гуманитарлық
салада-психология, логика және лингвистика секілді ғылымдардың жемістерін
қолдана отырып - ақыл-ойға сенім білдіреді. Антисцеинтизм керісінше - ақыл-
ойға және ғылымға сенбейді.

ХХ ғ. батыс философиясының бағыттары

Прагматизм (гр. pragma іс-әрекет) - бұл ағымның өкілі әрі негізін
салушы Чарльз Пирс (1834-1914) және Джемс Уильям (1842-1910). Бұл
философияның негізгі принципі: қандай ой-пікір немесе іс-әрекет болса да,
егер ол пайда әкелсе - шын, басқаша болса - жалған. Прагматизм ағымының бір
түрі - инструментализм (instrumentum- қару), негізін қалаушы американ
философы Джон Дьюи (1859-1952). Инструментализм түсінігінде ғылыми заңдар
тек қару болып есептелінеді. Инструментализм қоғамдық прогресс дегеніміз
нақты межеге жету емес, жәй процесс дейді. Дьюи философиясының бағыты
эмпиризм болғандықтан тәжірибеге көп көңіл аударды. Алғашқы түрткі болатын
идеяны, тіршіліктің бастапқы себебін іздеу орынсыз дейді.
Герменевтика (гр germenututios- түсіндіру). Бұл ілімнің мақсаты
мәдениет саласын ғылыми деңгейде тану, кең мағынасында адамның рухани
дүниесін түсіну болып саналады. Герменевтика ілімі антика заманынан
басталған. Оны Аристотель еңбегінің (Об истолковании - Түсіндірме туралы)
атауынан-ақ көреміз. Інжілдің мәтіндерін талдауға арналған Реформация
кезеңінде (ХVI) гермевтиканың рөлі арта түсті. Герменетивканың қазіргі
замандағы философиялық бастауын жасағандар Ф. Шлегель, Ф.Шлейермахер, бұл
ілімді ары қарай дамытқан және зор әсер еткен ойшылар: В.Дильтей,
Г.Зиммель, Э.Гуссерль, М.Шеллер, Э.Бетти, Г.Гадамер, М.Ландман, Г.Рикер,
М.Хайдеггер.
Неофрейдизм Фрейдтің ілімінің негізінде, неофрейдизм деген философиялық
ағым пайда болды. Бұл ілімді жалғастырушылар оның шәкірттері: Альберт
Адлер, Вильгельм Райх, Густав Юнг және Эрик Фромм (1900-1980).
Э.Фром неміс-американ социолог-психологі, психоаналиткалық бағыттың
өкілі. Оның иелену немесе болу деген еңбегіндегі орталық мәселе адам
табиғатындағы қарама-қарсылық, оның тарихи тағдыры, шынайы дүниені көре
білу мүмкіндігінің болуы. Өзінің ұстанымында, бұл сұрақтарды түсінуде ол
Маркс пен Фрейдтің концепцияларына сүйенеді. Оған Спинозаның идеялары да
зор әсер етті. Фроммның пікірінше: біздің санамыздағы қиялды әшкерлеу -
ақиқатты табу және оны біздің ішкі дүние мен мінез-құлқымызды өзгертудің
қаруы ету. Бұл өзгертудің басты мәселесі – адам байланысының ашық болу
мүмкіндігіне қуану және жасау, оның шығармашылық күшін азат ету. Ол
Бостандықтан қашу деген еңбегінде нарық қоғамындағы бостандықтың өсуін
және адамардың сол бостандықты пайдалана алмауын талдайды. Осының негізінде
өмірден қашудың механизмін көрсетеді: симбиотикалық тұлғалар арасындағы
байланыстың (садизм және мазохизм), автоматтандырылған конформизмнің өсуі
т.б. Фроммның тоталитарлық мемлекеттің пайда болуын, адамдардың
жауапкершіліктен және ынталанудан бас тартуын, өз тағдырын патерналистік
өкіметке жүктей салуын психикалық ұмтылыс деп түсіндірді. Ол бұл жолды
жалғыздықтан арылудың қияли әдісі деді. Оның Адам өзіне-өзі үшін деген
еңбегі ерекше өмір сүру өнері ретінде этиканы және адам мінезі
типологиясын, жемісті немесе жемісті емес тағдырларды талдауға арналған.
Юнг Карл Густав (1875-1961) – Швейцария психологы, мәдениеттанушы,
аналитикалық психологияны жасаушы, негізін қалаушы. Фрейдтің жақын
жақтаушысы. Кейін Фрейдтің натурализм мен пансексуализміне қарсы болды,
ол психоанализ нақты, оны әрдайым жалғыз берілген схемамен жүргізуге
болмайды дейді. Юнг Фрейдтің жеке адам санасыздығымен қатар, Ұжымдық
санасыздықтың терең қабаттары болатынын айтады. Архетиптер (бастапқы
психикалық құрылымдар түрінде сақталған ежелгі тәжірибе) дүниені қабылдау
мен ой елегінен өткізуге априорилік әзірлікті қамтамасыз етеді.
Архетиптер, тәжірибеге дейінгі кейбір құрылымдар, шығармашылық,
материалдық қатынастардың қалыптасу принципін реттеуші болады. Архетпитер
аналитикалық техниканы қолданғанда түсінілмейді, күйзелуде және нақты адам
бейнесінде, мәдениетте, діни дәстүрде және эзотерикалық символикада
көрінеді Олар түстер, мифтер, мінез-құлықтың ауытқуы арқылы білінеді.
Жетекші архетиптер: Анима (әйелдік бастама), Анимус (еркектік бастама),
Тень (біздің ішіміздегі арам адам, жеке санасыздық), Персона (әлеуметтік
бет перденің жиынтығы), Самость (біздің шынайы интегралдық Менге жақындау
дәрежеміз). Архетиптер бастапқы кезден-ақ ақыл-ой қамти алмайтын
байланыстардың жинағы, олар құпия, киелі (сакральды) болады. Онда зор
энергия, өзіндігі жоқ күш бар. Адамдар мәңгі үлгілерге ұмтылады, және бір
шамада олардан қорқады, сондықтан символдарда бейнелейді. Олардың қай-қайсы
болсада санасыздықтың күшін аздап ашады және жасырады.
ХХ ғ Батыс философиясының белгілі бағыты экзистенциализм. Оның негізін
дат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа ғасыр философиясы
XX- ғасыр философиясының негізгі мәселелері
ХІХ-ХХ – ғасыр философиясы
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
ХІХ-ХХ – ғасырдағы Бастыс философиясы
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Орыс және Қазақ философиясының орталық идеялары
ХХ ғасырдың философиясы
Қазақ философиясының тарихи ерекшеліктері
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
Пәндер