Әлемде қол жеткен тәжірибелерді пайдалана отырып әйелдердің қоғамның саяси өміріндегі белсенділігінің қажеттілігі мен мүмкіндігін айқындау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ3

І ТАРАУ. ӘЙЕЛ САЯСАТ СУБЪЕКТІСІ8

(Шет ел тәжірибесі) . 8

§1. Әйелдердің саяси қатысуының теориялық негіздері. 8

§ 2. Батыс Еуропа және Скандинавия елдерінде әйелдердің саяси қатысуы. 11

§3 ТМД елдерінде әйелдердің саяси қатысуы. 16

§4. Орта Азия мемлекеттеріндегі әйелдердің саяси рөлі. 19

ІІ ТАРАУ. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ САЯСИ ҚАТЫСУЫ. 22

§1. Сайлауға қатысу және сайлауға түсу. 23

§2. Үкіметтің саясатын қалыптастыруға және оны жүзеге асыруға қатысу. 27

§3. Үкіметтік емес ұйымдар мен ассоциациялар қызметіне қатысу. 31

Қорытынды. 37

Деректемелер. 39

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:40

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазақстанның өзінің тәуелсіздігін алып, егеменді мемлекетке айналуы еліміздегі демократиялық өзгерістердің саяси негізі болып табылады. Тоталитарлық тәртіп құрсауынан шыққан еліміз үшін либералды - демократиялық тәртіпке өту күрделі де, қарама-қайшылыққа толы қайта - құрулар арқылы жүзеге асуда.

Мінеки, осы демократиялық қайта- құруларда халықтың саяси қатысуының мәні зор. Себебі, “демократия” дегеніміздің өзі халық билігін білдіреді.

1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституция бойынша “Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық” [1] . Мемелекеттік билік шынымен, яғни іс жүзінде халықтың басқаруға, халықпен таңдалған, әрі халық үшін қызмет жасайтын халықтық билікке айналуы үшін, халықтың саяси белсенділігі қоғам дамуының анықтаушы, әрі шешуші факторына айналуы қажет.

Сонымен, адамдардың саяси қатысуы дегеніміз азаматтардың өз мүдделеріне сай шешімдер мен іс- әрекеттер қабылдату мақсатында өкіметке ықпал ету жолындағы белсенділігі.

Демократиялық, азаматтық және саяси институттар өзінен - өзі жұмыс істеп кете алмайды. Олар қазіргі заман қоғамының сұрақтарына жауап қайтара алатын әлеуметтік, экономикалық, саяси бағыттардан терең хабары бар адамдарға мұқтаж. Қазіргі заманғы мемлекеттерге қоғамдық істерге белсенді қатысатын, өздерінің құқықтарын пайдалана алатын және өздерінің ұлттық, мемлекеттік бірлестіктің мүшесі ретіндегі міндеттерін орындай алатын азаматтар қажет.

Қазіргі кезде демократиялық жүйелерде әр түрлі топтарда ұйымдасқан мүдделер қозғалысына байланысты саяси қатысудың мәні зор. Осындай ірі әлеуметтік топтардың бірі әйелдер болып табылады.

Біріншіден, әйелдер қоғамда айрықша орны бар әлеуметтік бірлестік немесе әлеуметтанушылардың айтуы бойынша әйелдер социумын құрайды. Оны тек жыныс белгісі ғана емес, сонымен бірге олардың әлеуметтік қатынас жүйесіндегі белгілі жағдайы біріктіреді. әйелдердің көптеген халықаралық құжаттарда да, сонымен қатар, біздің елдің заңында да бекітілген өздерінің құқықтары, міндеттері, мүдделері бар.

Екіншіден, әйелдер саяси күштің дәстүрлі объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі, қозғаушысы да. Әйел социумы жалпы елдің саяси өміріне кең ауқымды мүмкіндігін ғана емес, нақты саяси жағдайға да ықпал ете алады.

Үшіншіден, әйелдер біртіндеп бұрынғыдан әлдеқайда анық әлеуметтік мәртебеге ие болуда. Ол әйелдердің жалпы қоғамдағы, өндірістегі, басқару мекемелеріндегі орнын бекіте бастады.

Әйелдердің саяси процестерге қатысуы қазіргі заман әлеміндегі олардың нақты тең құқықтық жағдайын қамтамасыз ету жолындағы ең күрделі күресіне жатады. Әйелдердің саясатқа қатысуын жергілікті, аймақтық, жалпы ұлттық билік деңгейлеріндегі саяси шешімдердің қабылдану процесіне әсер ету мақсатында әйелдердің өз еркімен жүзеге асыратын мақсатты бағыттағы әрекеті деп түсінуге болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік статкомитеттің дерегі бойынша халықтың 51. 4%-8 миллионнан астамын әйелдер құрайды. Әйелдер ортасында пайда болатын процестерді зерттеу, әйелдер сияқты көп санды әлеуметтік бірлестіктің мүдделерін талдап біліп және саяси тәжірибеде ескеруге, әйел белсенділігі дамуының мүмкін бағыттарын алдын-ала білуге мүмкіндік береді.

Демократиялық қайта құрулар процесін жүзеге асырып жатқан Қазақстан мемлекетінің дамуы үшін бұл іске әйелдерді кең ауқымда жұмылдырмай мүмкін емес дүние. Әйелдерді саясатқа тарту проблемалары тек әйел мәселелерінің құрамдас бөлігі ғана емес, сонымен қатар оның мемлекеттік деңгейде маңызы зор. 1998 жылдың желтоқсанында өткен Қазақстан әйелдерінің ІІ Форумында Президент Н. Ә. Назарбаев былай деді: “Әйелдердің егемен Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде саясатқа ұмтылуы елдегі демократия негізін кеңейтуге маңызды мүмкіндік береді және барлық қоғам қолдайтын шешім дайындап, жүзеге асыруға қосымша жағдай жасайды” [2] .

Әйелдердің саяси қатысуы мәселесімен айналысудың өзектілігі әйелдердің орны тек от басын сақтаушы және бала тәрбиелеуші, бар нәрседе еркектерге тәуелді деген керіағар пікірді қайта қарау қажеттілігімен де түсіндіріледі. Біздің қоғамда әзірге кең көлемді қолдау көрмей жүрген феминисткалар қозғалысына қатынастың өзін қайта ой елегінен өткізу қоғам өміріне әйелдердің де қатысуын реттеу керек қажеттілігі болды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Әйел мәселелерін зерттеп білу деңгейі АҚШ зерттеу бағдарламаларының маңызды бөлігі болып табылады. 70-ші жылдардан бастап және одан әрі әйел мәселелері бойынша оқу курстары, мыңнан астам колледждер мен университеттерде жүзеге асуда. Осы ұйымдардың 600-ден астамында күрделілігі әртүрлі ауқымдағы бағдарламалар және университеттердің жоғарғы курс студенттері мен аспиранттары үшін мамандану ұсынылады. 1983-ші жылдан бастап АҚШ-тың білім министрлігі үнемі әйел мәселелері бойынша ғылым салаларындағы зерттеулер үшін ғылым дәрежесін алғандар туралы хабарлап отырады. Жыл сайын әйел мәселелері бойынша көптеген докторлық диссертациялар қорғалып отырады [3] .

Бұл проблемалар бірқатар халықаралық құжаттарда: БҰҰ-ның “Әйелдерге байланысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы” Ковенциясында, Найробиялық “1986-2000 жылдар кезеңіндегі әйелдер жағдайын жақсарту саласындағы сәулетті болашақ әрекетінің стратегиясында”, 1995 жылғы “Теңдік, даму, бейбітшілік мүддесіндегі әрекет” ұранымен өткен ІV Бүкіләлемдік әйелдердің Пекин конференциясының материалдарында қойылып жүр.

Шет елдердегі әйел мәселелері бойынша зерттеулер әйелдер қозғалысының көтерілу толқынында олардың идеологиясы мен тәжірибесін ой елегінен өткізуге тырысумен байланысты пайда болғанын атап өту қажет.

Республикада гендерлік мәселелерді зерттеу жүйесін шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады: Кеңестік кезең және Кеңестік дәуірден кейінгі Қазақстанның тәуелсіздік жағдайындағы кезең.

Кеңестік кезеңді қарастырғанда, әйел қозғалысында “пролетарлық бағыт” деп аталатын бағыттың болғанын атап өту керек. Сол кезеңде әйелдер мәселелерін зерттеудің негізін қалаушылары және оның бастаушылары И. Арманд, И. А. Коллонтай, Н. К. Крупская, К. Цеткин, Қазақстанда А. Оразбаева және т. б. болды. Негізінен бұл тек партия ұйымдары ісіне және “жоғарыдан” басқарылатын әйелдер ұйымдарында әйелдердің қатысуын кеңінен дәріптеген, “әйел сұрақтарына” таптық тұрғыдан келу еді.

Қуғын-сүргін кезеңінде және соғыс алдындағы кезеңдерде әйел мәселелері жөніндегі зерттеулер тоқтатылды, оған қызығушылық тек соғыс кезеңінде қайта дамыды. Бұл КСРО-да, сонымен бірге Қазақстанда да әйел интеллегенциясының аса таңдаулы өкілдерінің қудалануға түсуімен байланысты құбылыстар болып табылады. Әйел мәселелеріне арналған осы кезеңдегі жұмыстарға негізінен әйел - еңбекші “стахановшы” Полина Виноградова сияқты үлгілердің кейіпін суреттеп насихаттау тән.

В. И. Лениннің белгілі “аспазшылар да мемлекетті басқара алады”, - деп аталатын тезисінің негізінде барлық Кеңес үлгілерінің құрамына көбіне-көп таза форманы көрсету мақсатында тура “станоктан” әйелдер енгізілді.

Әйелдердің фашистерге қарсы күреске белсене қатысуы әйел тақырыбына қызығушылықтың өсуіне мүмкіндік туғызды. Осы кезеңдегі еңбектерге әйелдердің шаруашылыққа және жалпы мәдени құрылысқа қатысулары кеңінен зерттелді. Бірақ бұл кезеңде “әйел мәселесі” тек таптық тұрғыдан берілді және тек партия өміріне қатысу контексінде қарастырылды.

Халықаралық әйелдер қозғалысының дамуы және соғыс кезеңінен кейін әлемде феминизмнің қарқынды дамуы әйелдердің жағдайын елде де және шет елде де зерттеу қажеттілігіне еріксіз көндірді. 70-80 - ші жылдар бойы бұл тақырып белсенді зерттелді. Зерттеулердің үлкен бөлігі әйел сұрақтарының мазмұнды жақтарына арналды, яғни жұмысқа орналастыру, отбасы тұғырын нығайту, жасампаздық белсенділігін арттыру сияқты. Зерттеушілер ішінде Т. Ж. Тасырованың, Д. Сабурованың, О. М. Ходаковскаяның еңбектерін атап өтуге болады.

Аталған еңбектердің құндылығы - қоғамдағы әйел жағдайы мәселелерінің шешілуінің тарихи жағдайларын талдауы болып саналады. Бұнда әйел сұрақтарына мәселелер ретінде анықтама беріледі.

Әйел сұрақтарының әр түрлі бағыттары Л. И. Цыганкованың, Н. А. Четверикованың, Д. М. Абусаидованың, Н. Н. Семке, В. Н. Лупановтың, К. А. Ғалиевтың және О. М. Вовенко еңбектерінде зерттелген. Бұл зерттеушілердің еңбектерінің құндылығы сол ғылыми айналысқа айтарлықтай эмпирикалық материалдарды енгізгені болып табылады. Авторлардың аса көп көңіл бөлгендері әйелдердің қоғамдағы орнын, әлеуметтік ролін дәстүрлі түсінуді бейнелейтін, олардың еңбектегі және от басындағы қатынастары.

КСРО ыдырағаннан соң және Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейінгі жылдары әйел тақырыбын зерттеуде жаңа салалар пайда бола бастады.

Қазақстандағы феминизм мәселелерін зерттеуге айтарлықтай зор үлес қосқан С. Шакированың жұмысын және қоғамды демократияландыру жағдайындағы әйелдердің саяси қатысу мәселесі жөніндегі Г. А. Алтынбекованың, Қазақстан Республикасындағы әйелдердің әлеуметтік - ролдік функциясының өзгеруі және олардың саяси мінез-құлыққа әсері туралы М. А. Мекебаеваның жұмысын айтса да болады [4] . Әсіресе, Г. А. Алтынбекованың әйелдердің тікелей саяси қатысу мәселесін талдауға байланысты еңбегі аса бағалы.

Әйел сұрақтарына, нақтырақ айтсақ, демократия жағдайындағы әйел қозғалысы мәселесіне Е. П. Хмелеускенің қазіргі уақыттағы көзқарасы маңызды болып көрінеді.

Тағы бір атап айтатын жайт, біздің республикадағы әйелдер қозғалысының барысын зерттеу нәтижесі әйел санасымен мінез- құлқында пәрменді өзгерістердің және айтарлықтай жағымды ілгері жылжудың бар екендігін байқатады. Сонымен қатар, бұл әйел тақырыбын зерттеуде жаңа кезеңнің басталғанын, оны жүзеге асырудың өзектілігі мен мақсатқа сәйкес екендігін білдіреді.

Қоғамның құрылымдық өзгерісі тұсындағы әйел жағдайының әлеуметтік - саяси жағын “әйел мәселелерінің” мәнін және қазіргі әлеуметтік жағдай мен үйлестіре отырып оларды шешу жолдарын зерттеу жеткіліксіз деңгейде болып саналады. Әйелді қоғам дамуындағы дербес субъект ретінде қарастыру және өз ерекшелігі бар және көптеген басқа сұрақтарды талдау өзінің шешімін күтіп тұрған мәселелер.

Зерттеудің мақсаты. Жұмыстың негізгі мақсаты әлемде қол жеткен тәжірибелерді пайдалана отырып әйелдердің қоғамның саяси өміріндегі белсенділігінің қажеттілігі мен мүмкіндігін айқындау болып саналады.

Зерттеудің міндеттері:

  • Әйелдердің саяси процестерге қатысуында әлеуметтік-экономикалық бөгеттерді зерттеу және сипаттау;
  • Шет елдердегі әйелдердің саяси қатысуын салыстырмалы түрде зерттеу;
  • Саяси шешімдерді дайындау мен қабылдауға әйелдердің қатысуындағы заңға сәйкес құқық пен нақты мүмкіндіктердің тәсілдері мен бағыттарын бағалау;
  • Парламенттегі әйелдердің қатысу деңгейін көрсету;
  • Үкімет саясатын қалыптастыруда және оны жүзеге асырудағы әйелдердің алатын орны мен рөлін сипаттау;
  • Үкіметтік емес ұйымдар мен ассоциациялардағы және саяси партияларда әйелдер қатысуының қазіргі деңгейін сипаттау.

Зерттеудің барысында қолданылған әдістер. Жұмысты орындау барысында диалектикалық, тарихи талдау, статистикалық талдау, салыстырмалы талдау және әлеуметтік талдау әдістері пайдаланылды.

Зерттеудің деректік негізі. Зерттеу барысында халықаралық құқық құжаттары пайдаланылды, оның ішінде БҰҰ Жарғысы, Адам құқығының Жалпыға бірдей мәлімдемесі, Найробиялық “1986-2000 жылдар кезеңіндегі әйелдер жағдайын жақсарту саласындағы сәулетті болашақ әрекетінің стратегиясы”, әйелдер жағдайы туралы - 4-ші жалпы әлемдік Пекин іс-әрекет Платформасы, Қазақстан Республикасының әйелдердің жағдайын жақсарту туралы мемлекеттік саясатының Тұжырымдамасы, Қазақстанда БҰҰ өкілеттілігінің жанында “Гендер и развитие” деген атпен ұдайы шығып тұратын әйел бюросының жұмыстары, 1993 жылғы “Женщина и свобода” деп аталатын Халықаралық конференцияның және 1997 жылғы “Состояние и перспективы развития гендерных исследований в Казахстане” деп аталатын Республикалық конференцияның материалдары, 2001 жылы 30 қазанда “Проблемы гендера в контексте трансформации Казахстанского общества” деген атпен Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтында өткен дөңгелек стол материалдары, Феминистік Лига бастауымен шығып тұратын “Отчет о положений женщин в Республике Казахстан” журналы материалдары кеңінен қолданылды.

Зерттеудің ақпараттық тірегі мемлекеттік статистика Агенттігінің, Отбасы, әйел және демографиялық саясат сұрақтары бойынша Ұлттық Комиссияның статистикалық мәліметтері, Қазақстандағы әйелдер жағдайы туралы Есеп беру мен Қазақстандағы БҰҰ Өкілдігінің жанындағы “Гендер және даму” Бюросының мәліметтері, әйел, отбасы және демографиялық жағдай мәселелері бойынша Кеңестің мәліметтері болып саналады.

І ТАРАУ. ӘЙЕЛ САЯСАТ СУБЪЕКТІСІ

(Шет ел тәжірибесі) .

§1. Әйелдердің саяси қатысуының теориялық негіздері.

Адамдардың саясатқа қатысуы - олардың өз мүдделеріне жетуі мен қоғамда көзге түсуі құралдарының бірі ретінде қызмет атқарады. М. Каазе (ГФР) пікірі бойынша “саяси қатысу” деп әртүрлі деңгейдегі саяси жүйелердің шешім қабылдауына әсер ету мақсатында азаматтардың өз еркімен жүзеге асыратын кез - келген іс-әрекеті түсініледі. Саясатқа қатысу ең алдымен мақсатқа бағытталған жете түсінілген әрекет деп аңғарылады.

Саяси қатысу ХХ ғасырдың 50-ші жылдарына дейін әлеуметтану мен саясаттану ғылымдарында көбінесе сайлау және басқаруға қатысу ретінде жүйеленіп баяндалып келді. Қазіргі уақытта әртүрлі бағыттағы саясаттанушылардың көпшілігі саяси қатысуды әлдеқайда кеңейтілген қалыпта қарастырады және қоғам мүшелерінің қолданудағы саяси қатынастар мен билік құрылымына таратылуы ретінде анықтайды. Мәселен, Американ әлеуметтанушысы Х. Макклоски саяси қатысу “ол өз еркімен, сол арқылы қоғам мүшелерінің басқарушыларды сайлауға және тура немесе жанамалы түрде мемлекеттік саясатты қалыптастыруға араласуы”, - деп анықтайды.

Саяси әрекеттің объективті сипаттамасы және адамның саясатты өз тұрғысынан ұғынуы, ондағы өзінің орнын түсінуі, қатысу деңгейлері мен үлгілерін төмендегідей бөліп көрсетуге негіз болады:

  1. Адамның жоғары белсенділігін қажет етпейтін саяси жүйеден, оның институттары мен өкілдерінен шығатын импульске жауап ретінде саясатқа анда-санда қатысуы;
  2. Өкілдіктің делегатқа берілуіне байланысты іс-әрекет: сайлауға, референдумдарға және тағы да басқаларға қатысу;
  3. Саяси және оған жақын қоғамдық ұйымдар: партиялар, кәсіподақ, жастардың саяси бірлестіктері және т. с. с. қатысу;
  4. Бұқаралық ақпарат құралдарын қоса есептегендегі мемлекет институттары шеңберінде саяси қызмет атқару;
  5. Кәсіби басшылық етуші саяси - идеологиялық қызмет;
  6. Нақты саяси жүйені түбегейлі қайта құруға бағытталған институциялықтан тыс саяси қозғалыстар мен әрекеттерге қатысу.

Саяси қатысу орныққан саяси тәртіпке байланысты болады. Айталық, демократиялық қоғамда бұл қатысу - жалпыға бірдей, тәуелсіз, ынталы және азаматтардың маңызды мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешуге ұтымды. Бұлар олар үшін мақсатқа жетудің, өзін көрсетудің және өзін танытудың қажеттігін жүзеге асырудың, азаматтық сезімін білдірудің құралы. Осындай қатысу демократиялық мемлекетте құқықтық нормалар мен атқару тәртібін, сонымен қатар қоғамның әртүрлі топтары арасында мынандай қатысу ресурстарының: ақша, білім, шешім қабылдаудың тұтқаларын білу, бос уақыт, БАҚ сияқты біршама біркелкі таралуын қамтамасыз етеді. Демократиялық қоғам келіспеу мен наразылық білдірудің мынандай нысандарына: митингі, демонстрация, пикет қою, ереуіл, арнаулы өтініш жолдау сияқтыларға рұхсат етеді [5] .

Азаматтардың саясатқа қатысу жағдайын дұрыс түсіну үшін, ең алдымен азаматтардың жеке зейіні жетіп, ұғыну қасиетін және оның әлеуметтік төңірегін жағдай ретінде саяси қатысуды жеңілдететін немесе ауырлататын немесе өз алдына әрекет ететін фактор еместігін есте ұстаған абзал. Сонымен, саяси қатысу- бұл кейбір ерекшеліктерді қоспағанда, ұжымдық мақсатқа бағытталған институционалдық құрылымдардың, нақты саяси оқиғалардың, топтық немесе жеке қасиеттердің өзара кешенді байланысына негізделген әлеуметтік мінез-құлық.

Көптеген елдерде жүргізілген кең көлемді социологиялық зерттеулер әйелдердің еркектермен салыстырғанда саяси белсенділігінің төмен екендігін байқатты. Алайда, қатысу дәрежесіне жыныс ерекшелігінің өзгешелігі елеулі әсер етуі мүмкін. Мәселен, әлеуметтік болмысында дәстүрлік үлгідегі сипаттар жоғарғы деңгейде сақталған қоғамдарда әйелдердің саясатқа қатысуы әлдеқайда төмен. Дәл осыны әлеуметтік - экономикалық дамуы желеу қалған қоғамдар туралы да айтуға болады. Шындығында да осындай қоғамдарда саяси өмірге қатысу үшін нақты мүмкіндіктерді иемденуде еркектер мен әйелдер арасында осыған қоса қажетті білім мен тәжірибе алудағы алшақтық айтарлықтай үлкен болып отыр.

Кез - келген қоғамда әйелдердің “табиғи” орны туралы белгілі көзқарас қалыптасқаны көпшілікке аян. Модернизациялануы төмен қоғамдарда әйелдерге саяси қимылға қатысудан алысырақ, жат болып кету сияқты әлеуметтік орны белгіленген. Зерттеулер көрсеткеніндей, тіпті білім деңгейі ескерілгеннен кейін де қатысудағы алшақтық сақталынады. Әйелдердің білім деңгейі өскенімен қатысудағы алшақтықтың сақталуының нақты себебі әйелдердің саяси белсенділігі туралы көпшілік тұрғындар қабыл алған стереотиптердің әрекет ету өміршеңдігі.

Әйелдердің саяси белсенділігін төмендететін тағы бір фактор - әлеуметтік болмыста заңдылыққа айналған қоғамдағы жетекші орын туралы жұртшылық пікірі - бұл еркек орны. Бұндай жағдай әсіресе әлеуметтік орын бөлу тарапында аса “дәстүрлік” қоғамға тән [6] .

1970-ші жылдары батыс зерттеушілерінің тақырыбы КСРО-дағы әйелдер жағдайы, соның ішінде олардың саяси әрекеті болды. Америка және Еуропа зерттеушілерінің КСРО-ға алғашқылардың бірі болып жыныс теңдігін жариялаған ел болғандықтан назары бағытталған еді. Дегенмен, мұнда да арнайы мәлімдемегеніне қарамастан әйелдер өмір тәжірибесінде шешім қабылдау сфераларынан шығарылып, мүмкіндіктері шектеліп отырылды. Кеңестік қоғамдағы әйелдердің саяси маргиналдығы, бір жағынан қатысуға құштарлықтың аздығымен, ал екіншіден - кемсітушілікпен түсіндірілді.

КСРО-да әйелдер қоғамдық өндірісте жұмыс істеді және жеке сала қызметінде негізгі міндеттерді орындады. Олардың саяси қатысу мүмкіндігі шектеулі болды. Саясатта әйелдер көпшілік жағдайда денсаулық, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, жеңіл өнеркәсіп салалары үшін жауапты болды.

Дегенмен, мынаны да жоққа шығаруға болмайды, 20-шы жылдары әйелдерді қоғамдық өмірге тарту міндеттері, олардың саяси әрекетке қатысуы шапшаң қарқынмен шешілді. Халық қалаулыларының жиналыстарында әйелдер тарапынан жасалған ұсыныстар идеялық қолдау тауып және оны жүзеге асыру мақсатында мемлекет әрекеті тұрғысына аударылды. Әйелдердің қоғамдық әрекетіне мүмкіндік беретін тұтқалар да жасалынды. Бұнда әйел бөлімдері мен әйел кеңестерінің үлкен еңбегі болды. Сонымен қатар мынаны да атап өткен орынды, кеңес дәуірінде дамыған елдермен салыстырғанда әйелдердің әлеуметтік өкілдіктерінің көрсеткіштері айтарлықтай жоғары болды - білімділік өсу қарқыны әйелдерде еркектерге қарағанда жоғары болды.

1930 жылы “Әйел мәселесі” шешілген болып есептелді, сол себепті ол партия саясаты, оның ұйымдық құрылымдарынан және ғылыми зерттеулерден ғайып болды. “Қоғамдағы әйелдердің саяси орны” туралы қамқорлық биліктің өкілетті мекемелеріне әйелдердің қатысуы квота жүйесіне байланысты көрініс тауып отырды. Мәселен, 1980-1985 жж. КСРО Жоғарғы Кеңесіндегі әйелдер үлесі - 32. 8%, одақтас республикалардың Жоғарғы Кеңестерінде (соның ішінде Қазақстанда) - 36. 2%, автономиялық республикаларда - 40. 3%, өлкелік, облыстық, аудандық, поселкелік және ауылдық кеңестерде - 50% болды [7] .

Бұл квоталар әйелдердің елдегі саяси өміріндегі шынайы жағдайын көрсете алмады, солай бола тұрса да, төменгі, жергілікті деңгейлерде әйелдердің белсенділігі айтарлықтай болды, олардың өкілдері жергілікті билік мекемелерінде жоғары болды.

1989 ж. және 1990 ж. квотасыз өткен сайлаулар нәтижесінде әйелдер толығымен ұтылды. Бұл ең алдымен олардың саяси белсенділігінің және ұйымдасуының төмендігіне байланысты болды.

Қазақстандағы әйелдердің саяси қатысу мәселесіне келетін болсақ, Қазақстанда әйелдердің көбіне жуық сауатсыз болды. Сондықтан бізде әйелдерді саяси және қоғамдық өмірге қатысуға икемдеу қоғамда қалыптасқан сауатсыздықты жоюдан басталды. Жергілікті партиялық ұйымдарда әйел бөлімдері құрылды [8] . Осының нәтижесінде қысқа мерзім ішінде елде жоғары оқу орындары және техникумдар саны өсті. Жыл сайын республикада онда оқитын әйелдер саны да өсті. Мәселен, 1927-1928жж. институтта 82 әйел оқыды, оның 24-і қазақ әйелдері, ал 1928-1929жж. 90 әйел, оның ішінде 31 қазақ әйелі білім алды [9] .

Әйтсе де саясат ауданында ерлермен тең құқыққа ие болса да, Кеңестік биліктің алғашқы жылдарында әйелдер сайлау науқандарында шамалы қатысты. Дәл осы кезеңде қазақ әйелдерін саяси тәрбиелеуде 1925 ж. 5 мамырда Сара Есованың бастауымен құрылған әйелдер журналы “Әйел теңдігі” үлкен рөл атқарды [10] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық тәжірибеде және Қазақстандағы әйелдердің тендік құқығы
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
Жаңа білім беру жүйесі Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан қоғамын демократияландыруға интеллектуалды элитаның саяси қатысуы
Еңбек пен жұмысбастылық
Колледж студенттерінің танымдық іс-әрекетін дамытудағы оқу үрдісіндегі белсенді педагогикалық-психологиялық құралдардың әсері
Жастар мәселесінің түйткілдері
Әлеуметтік жұмыстың мектептегі негізгі мәселелері және оны шешу жолдары
Мұғалім функциялары мен біліктіліктері
Математика сабағы кезінде шығармашылық дамытуды атқаратын әдістемеліктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz