Франкфурт бітімінен Берлин конгресіне дейінгі халықаралық қарым-қатынас


ЖОСПАР
Кіріспе2
1-тарау. Мемлекеттердің бірігуі және оқшау қалған Англия8
1. 1 Австро-Венгрияның құрылуы8
1. 2 1870 жылдардағы Италия9
1. 3 Англияның халықаралық қарым-қатынастағы ұстанымы10
2-тарау. Германияның бірігуі12
2. 1 Отто фон Бисмарктың дипломатиясы12
2. 2 Франко-Прусс соғысы - халықаралық қарым-қатынастағы балансты өзгерткен соғыс17
2. 3 Франко-Прусс соғысынан кейінгі Германияны біріктірудің аяқталуы20
3-тарау. Франкфурт бітімінен Берлин конгресіне дейінгі халықаралық қарым-қатынас22
3. 1 Әскери-саяси блоктардың құрылуы22
3. 2 Балқан жарты аралындағы халықаралық қарым-қатынастың үрдісі26
Қорытынды29
Қолданылған әдебиеттер тізімі32
Кіріспе
Халықаралық қарым-қатынастың тарихы дегеніміз бұл ерте заманнан қалыптасқан мемлекеттер арасындағы саяси-экономикалық қарым-қатынасы.
Сыртқы саясат - халықаралық іс-әрекеттегі мемлекеттің жалпы бағыты, басқа мемлекеттермен қатынасын реттеудің белгілі жүйесі деуге болады. Сыртқы саясаттың маңызды құралы ретінде дипломатияны атауға болады.
Біздің алған тақырыбымыз: «ХІХ ғ. 70 жылдарындағы халықаралық қатынастар» болғандықтан осы кезеңдегі ең маңызды мәселелерге тоқталамыз. Бұл жылдар Еуропа құрлығы үшін күрделі де қызықты кезең еді. Өйткені осы кезеңнен бастап тарих авансценасына жаңа империалистік елдер шығып, өздерінің экономикалық күш-қуатын көтеріп, әрі өз елдерін біріктіріп, содан соң әлемде шешуші роль ойнауға тырысудың бастапқы кезеңі болған еді. Тіпті сол жылдардағы белең берген көріністер біртіндеп бірінші дүниежүзілік соғысқа итермелесе, артынша екінші дүниежүзілік соғысқа әкелген болатын. Тағы да айта кетерлік мәселе сол жылдары бой көтеріп жаулап алуға ұмтылған мемлекеттер осы ғасырда да «Үлкен жетілік» тобына кіріп отыр. Міне біздер осы бір халықаралық қарым-қатынастардың ширыға түсуінің ұрымтал тұсы жөнінде баяндамақпыз.
XIX ғ. 70 жылдарында Англия не бітірді? деген сұраққа тоқтала кетсек. Ол ешбір әскери блоктарға қатыспай тіпті XIX ғасырдың соңына дейін әскери сыртқы істер ведомствосының басшысы болған лорд Солсберидің есімімен байланысты «керемет оқшаулану» саясатын жүргізді. Ол үкіметті өз дегеніне сендіре алып, Еуропа құрлығындағы қақтығыстардың көп екендігін тілге тиек етті. Сондықтан сол қақтығыстарды шебер пайдалана отырып өзіндік саясат жүргізу керектігін негіздей алды. Сонымен қатар лорд Солсбери Англия аралда орналасқандықтан соғыс қаупінен аман қала алады деп те ойлады. Шындығында Англияны соңғы рет толығымен жаулап алуды 1066 жылы норманндар жүзеге асырған еді.
XIX ғасырдың 70-жылдары АҚШ-та да Европа елдеріндегідей өнеркәсіп төңкерісі жасалды. Англияда өнеркәсіп төңкерісі XVIII ғасырдың ортасынан бастап XIX ғасырдың 50-60 жылдары аяқталғанды. АҚШ Англиядан құрал-жабдықтар сатып алып өздерінің экономикасын күшейтті. Осылайша АҚШ Англияның өзін басып озып өнеркәсіптік қарқыны жағынан Англия АҚШ-тан кейін қала бастады. 1873-1900 жылдар арсында Англияның дүниежүзілік шаруашылықта үлесі 3 есе қысқарды. Англияның экспорты 8 процентке ұлғайса, Германияда, 40 % ұлғайды. Америкада 230 %-ке көтерілді. Бұның себебі Англияның зауыттарына капитал өте ертеде салынды. Екіншіден, басқа елдердің ірі өнеркәсіптерінде өнімді жаңа салалар пайда болды. АҚШ пен Германияда ірі өндіріс салалары көбейді. Химия өнеркәсіптері пайда болды. Англияның отарлардан келетін табысы өте көп болды. Бірақ бұлар XVIII ғасырдан бергі өндіріс орындарын жаңартпады. Бұл жағдай Англияның экономикалық өмірінде көп ұзамай көрініс тапты. Германия Англияның бәсекелесіне айналды. Англияның артта қалуына 1878 жылғы дағдарыстар, 1890 жылғы ақша дағдарысы, 1892-1893 жылдардағы жылдардағы дағдарыстар әсер етті. 1875-1895 жылдары болған ауыл шаруашылығы дағдарысы да елдің орта шаруаларын күйзелтті. Англияда елдің тұрғындарының әл-ауқатының нашарлай түсуіне байланысты ішкі рынок тарыла түсті. Енді Англия ақша жасаудың басқа жолына түсті. XIX ғасырдың аяғында шет елге капитал шығару арқылы пайда табу табыстың негізгі көзіне айналды. Ағылшын кәсіпкерлері Голландияда жүн фабрикаларын салды. Бельгияда болат зауыттарына капитал салды. Көмір шахталарын ашты. Европа елдерінде темір жол салуға Англия буржуазиясы өздерінің капиталын салды. Англияның өзінде де акционерлік қоғамдар құрылды. Ол қоғамдар ұсақ кәсіпорындарға ақша жұмсады.
Елде отарлық саясат күшейді. XIX ғасырдың соңғы ширегінде Англия бөлінбеген жерлердің көбін басып алды. 1860 жылы Англияның отарлық иелігінің көлемі 6 млн. шаршы шақырым болса, енді 30 млн. шаршы мильге жетті. Онда 300 млн. тұрғындар болды. Англияның отарларының көп болуына байланысты империализмін отарлық империализм деп атаған. Индиядан жыл сайын 60 млн. адамның бір жылдық өндірген өнімін алып отырған.
Сонымен қатар Балқан жарты аралындағы халықаралық қарым-қатынастың үрдісі туралы талқыласақ. XIX ғасырдың 70-жылдарының басында Балқан жарты аралының көп бөлігі түріктердің билігінде болды. Олар Болгария, Македония, Босния, Герцоговина, Албания тағы басқа жерлер. Тек Греция ресми түрде тәуелсіз деп есептелінді. Сербия, Румыния Түрік сұлтанатына алым төлеп тұрды. Черногория тәуелсіздігін алды. Бірақ әлі заңдастыру жағынан бекітілмеген еді. Мұның бәрі түрік қоластындағы Балқан халықтары алдына міндет қойды. Ол міндет дербес болу. Осыған байланысты Осман империясының Европалық бөліктеріне қатысты проблема халықаралық жағдайдағы шешуін күтіп тұрған маңызды мәселе болды. 1870 жылы Осман империясы Европаның тарапынан жартылай отар елге айнала бастаған болатын.
1870 жылдан бастап Балқан түбегіндегі елдерде ұлт-азаттық қозғалыс антифеодалдық сипат ала бастады. Бұл жылдары Болгарияда революциялық демократиялық ағым қалыптаса бастады. Ұлт-азаттық қозғалыстың екі ағымы қалыптасты: либералдық, революциялық-демократиялық Балқанның алдыңғы қатарлы азаматтары-Василь Левский, Любен Каравелов, Христо Ботевтер 1870 жылдан бастап елде революциялық-демократиялық ағымды қалыптастырды. 1872 жылы Бухаресте революциялық комитеттердің съезі шақырылып бағдарлама қабылдады: болгар халқы тек түрік феодалдарына ғана қарсы емес, Болгарияның жер иелеріне-чорбаджилерге де қарсы болды; румын, серб, черногорлық гректер мен болгарлар одағын құру керек деді. Бұл бағдарлама орындалмай қалды. Бұған себеп батыс державалары Осман империясына қарсы күресте Балқан түбегіндегі халықтарды қолдай отырып Балқан түбегін біріктірмей өздерінің ықпалын орнатқысы келді.
Балқан халықтарының күресі тек өздерінің күш салуынан ғана тәуелді болып қойған жоқ, оның нәтижелері халықаралық саясатқа да тәуелді болды. Әсіресе Англия, Австро-Венгрия, Ресей тарапынан «Шығыс мәселесі» төңірегіндегі дау күшті болды.
Ағылшын дипломатиясы бұл мәселеде сөз жүзінде Осман империясының бүтіндігін қолдады, шындығында Осман империясын сақтап қалып ол арқылы Таяу Шығыста өзінің ықпалын орнатқысы келді. Австрия Германияның гегемон болуын жүзеге асырмай тастады. Енді Австро-Венгрия Босния мен Герцоговинаны алғысы келді. Германия үкіметі Австро-Венгрияның бұл саясатын қолдады. Германия Ресейді Түркияға айдап салды. Германия біреудің қолымен Түркияны әлсіреткісі келді. Балқан түбегіндегі халықтар негізі славяндар, сондықтан Англия, Австро-Венгрия, Германия, Ресейдің Балқан түбегіндегі ықпалын қолдамады. Ал патша үкіметі Балқан түбегіне ықпалын орнату саясатынан бас тартқан жоқ. Ресей Қара теңіздің оңтүстік жағалауына ықпал жасағысы келіп отырды. Себебі тауарларын Таяу Шығысқа шығаруды ойлады. Бұл үшін патша үкіметі Балқан түбегіндегі ұлт-азаттық қозғалысты пайдаланғысы келді. Патша үкіметінің бұл саясаты Славян халықтарының тәуелсіздігін алуына азды-көпті көмектесті. Орыс-түрік соғысын жариялаудағы патша үкіметінің мақсаты Константинопольды, бұғаздарды басып алу еді. Бұл жағдай Англияны ойландырды. 1877-1878 жылдары болған орыс-түрік соғысы Славян халықтарының Түркияға күресінде азат болуына жағдай жасағаны рас. Орыс-түрік соғысы кезінде Болгар жасақшылары бірге күресті. Орыс әскері Константинопольға қауіп төндіргенде Ағылшын флоты Дарданеллы бұғазынан өтіп принцтер аралына келіп тұрды. Ондағы мақсаты Ресейдің Түркиядағы ықпалын күшейтпеу. Орыс әскері Сан-Стефано түбінде тоқтады. Соғыс тоқтады. Сан-Стефано бітіміне қол қойылды. Бұл бітім 1878 жылы 3-наурыз күні болды. Бітім бойынша Ресейге Бессарабияның Оңтүстігі, Каре, Ардаган, Баязет, Батум берілді. Біртұтас дербес Болгар мемлекеті құрылды. Қара теңізден Сербияға дейін, Дунайдан Эгей теңізіне дейінгі аралықтың шекерасы белгіленді. Черногория, Сербия, Румынияға тәуелсіздік берілді. Бірақ Болгарияға берілген бұл шекараны Англия мойындамады.
Англияның жүргізген дипломатиясының нәтижесінде 1878 жылы бұл бітім Берлин конгресінде қайта қаралды. 1878 жылы 13-маусым Сан-Стефано бітімі бір ай бойы қайта қаралды. Каре, Ардаган, Батум Ресейде қалды, Оңтүстік-Бессарабияда қалды. Румынияға тәуелсіздік берілді. Болгария княздігіне Балқан қыраттарынан Дунайға дейінгі жер қалды. Босния, Герцеговина-Австро-Венгрияға мерзімсіз оккупацияға берілді. Македония Түркияда қалды. Ресейдің позициясы әлсіретілді. Болгария дербестік алды.
Сербияның 1870 жылдары алдында тұрған міндеті - Түркияның иелігіндегі жерлерін қайтарып алып, біртұтас мемлекет құру болды. Сербияның жерлерін Түркия иемденген еді, сол үшін Сербия Түркияға қарсы соғысқа шыққан еді. 1877 жылдың желтоқсан айында Түркияға қарай Ресей сәтті шабуыл жасағанда Сербия оған қосылды. Тәуелсіздік жолындағы күрес тоқтатылған жоқ.
XIX ғасырдың 70 жылдарынан бастап Англия бұрынғы өнеркәсіптік біріншілігі монополиясынан айрыла бастады. Англия отары көп ел және теңізде үстемдігі күшті болып қала берді. Англияның экономикалық даму қарқыны төмендей бастады.
1-тарау. Мемлекеттердің бірігуі және оқшау қалған Англия
1. 1 Австро-Венгрияның құрылуы
Австрия империясы өзінің қарамағындағы славян халықтарына үстемдігін сақтап қалудың жолын қарастырды. Ол үшін 1867 жылы Венгр магнаттарымен келісім жасады. Венгрия дербес корольдікке айналды. Бірақ ол осы империяның ішінде қалды. Бұл келісім бойынша Венгрияға Сейм құруға рұқсат берді. Мұндағы мақсат Австрия империясы әлсірей бастағандықтан Венгрияның ірі магнаттарына сүйену керек болды. Бірігіп басқаратын корольдік қалыптастырды. Келісім бойынша Австрия империясы конституциялық бюрократтық дуалистік мемлекетке айналып Австро-Венгрия деп аталатын болды. Австро-Венгрия деп аталатын дуалистік мемлекет ұлттық негізде құрылған жоқ. Австро-Венгрия деп аталатын мемлекеттің ішінде 27 млн. тұрғын болса, оның 10 миллионы австрия халқы, 10 млн. венгрлер, 7 млн. басқа ұлттар еді. Шекара Лейта өзені бойымен бөлінді. Австрияға қарайтын бөлігі Цислейтания деп аталды. Австрияға 14 облыс қарады. Венгрияға венгр жері, Словакия, Хорватия, Трансильвания, Закарпаттық Украина, Сербия жерлеріне қарап Транслейтания деп аталды. Келісім бойынша соғыс, сыртқы істер, қаржы мәселелері империяның басқару үкіметінің қолында қалдырылды. Жергілікті басқару ісі Венгрияның өзінде қалдырылды. Австрия бұл келісім бойынша империяға қатысты қаржының 70 процентін беретін болды1.
Осылайша Австрия империясының орнына дуалистік мемлекет құрылды. 1867 жылы Австро-Венгрияның конституциясы қабылданды. Бұл конституция бойынша Австрияның императоры Венгрияның да императоры болды.
1870 жылдан бастап Австро-Венгрияда капитализм дами бастады. Үкімет басында либералдар отырды. Бұл кезде үкімет жиі алмасып тұрды. Австрия буржуазиясы "неміс ұлттық одағын" құрды (1882) . Бұлар антисемитизм мен пангерманизмді уағыздады. Кейін "Ұлы Герман одағы" құрылды. Бұл буржуазияның реакцияшыл саясатының ең жоғарғы көрінісі болды.
1870-71 жылдары болған Франко-Прусс соғысынан кейін Австрия Герман империясындағы Пруссияның гегемониясын мойындады. Германия славян халықтарын бір-біріне айдап салу саясатын жүргізді. Австрия империясының сақталуынан Ресейдің зиян шегуі мүмкін еді. 1879 жылы Австро-Венгрия Германия мен одақтасты. Оған 1882 жылы Италия қосылды, осылайша үштік одақ құрылды.
1. 2 1870 жылдардағы Италия
Италия 1870 жылы бірікті. Бірігу нәтижесінде елдің тұтастығы қамтамасыз етілді. Бұл ішкі рынокты қалыптастырды. Яғни, елде капитализмнің дамуына қажетті алғышарт жасалды. Бірігудің нәтижесінде елдің үкімет басына бай топтың өкілдері келіп отырды. Бірігудің барысында қалыптасқан буржуазиялық мемлекет ортағасырлық мемлекеттің қалдықтарын иемденді2.
Ішкі рынок өте тар. Өнеркәсіп өнімдерін сатып ала алмады. Елдің оңтүстігінде феодалдық құрылыстың қалдығы көп болды. 1870 жылы оңтүстіктің аграрлануы бұрынғыдан күшейді. Себебі солтүстікте капитализм азды-көпті дамыды. Соған байланысты оңтүстіктің қолөнер бұйымдары өтпей қалды.
Дегенмен Италия біріктірілгеннен кейін өнеркәсіп тез дамыды, саудасы да дамыды. 16 мың шақырым темір жол салынды. Бұл ішкі рынокты кеңейтті.
1848 жылғы Пьемонт конституциясы кейін біріккен Италияның конституциясына айналды. Халық 1870 жылы 25 млн. болса, оның 580 мыңы ғана сайлауға дауыс бере алды. Оңтүстігіндегілер түгелдей сайлауға қатыспады. Негізінен алғанда помещиктер, ірі жер иелері сайланды.
Мемлекет басында отырған буржуазиялық дворяндық үкімет өте мықты болған жоқ. Себебі олар елде өздеріне әлеуметтік тірек жасамады. Тірек жасау үшін заңдар қабылдау керек. 1869-1876 жылдар аралығында буржуазиялық дворяндар мен сауда қаржылық буржуазияның мүддесін қолдайтын үкімет ірі буржуазияның мүддесін де қолдап отырды. Бұлар елдің өмірін демократияландыруға қарсы шығып отырды.
Италияның сыртқы саясаты тұрақты болған жоқ. Қаланың ұсақ буржуазиясының арасында ирреденистік қозғалыс күшейді. Ирреденистік қозғалыстың мәні антиавстриялық. Олар Италияға Австро-Венгрияның шекараларындағы италияндықтар көп тұратын жерлерді қосу керек деді. Италия экономикалық жағынан әлсіз болғандықтан дербес сыртқы саясат жүргізе алған жоқ.
1. 3 Англияның халықаралық қарым-қатынастағы ұстанымы
Бұл кезеңдегі Англия не бітірді? деген сұраққа жауап іздейік. Ол ешбір әскери блоктарға қатыспай тіпті ХІХ ғасырдың соңына дейін әскери сыртқы істер ведолмствосының басшысы болған лорд Солсберидің есімімен байланысты «керемет оқшаулану» саясатын жүргізді. Ол үкіметті өз дегеніне сендіре алып, Еуропа құрлығындағы қақтығыстардың көп екендігін тілге тиек етті. Сондықтан сол қақтығыстарды шебер пайдалана отырып өзіндік саясат жүргізу керектігін негіздей алды. Сонымен қатар лорд Солсбери Англия аралда орналасқандықтан соғыс қаупінен аман қала алады деп те ойлады. Шындығында Англияны соңғы рет толығымен жаулап алуды 1066 жылы норманндар жүзеге асырған еді.
XIX ғасырдың 70-жылдары АҚШ-та да Европа елдеріндегідей өнеркәсіп төңкерісі жасалды. Англияда өнеркәсіп төңкерісі XVIII ғасырдың ортасынан бастап XIX ғасырдың 50-60 жылдары аяқталғанды. АҚШ Англиядан құрал-жабдықтар сатып алып өздерінің экономикасын күшейтті. Осылайша АҚШ Англияның өзін басып озып өнеркәсіптік қарқыны жағынан Англия АҚШ тан кейін қала бастады. 1873-1900 жылдар арасында Англияның дүниежүзілік шаруашылықта үлесі 3 есе қысқарды. Англияның экспорты 8 процентке ұлғайса, Германияда, 40 % ұлғайды. Америкада 230 %-ке көтерілді. Бұның себебі Англияның зауыттарына капитал өте ертеде салынды. Екіншіден, басқа елдердің ірі өнеркәсіптерінде өнімді жаңа салалар пайда болды. АҚШ пен Германияда ірі өндіріс салалары көбейді. Химия өнеркәсіптері пайда болды. Англияның отарлардан келетін табысы өте көп болды. Бірақ бұлар XVIII ғасырдан бергі өндіріс орындарын жаңартпады. Бұл жағдай Англияның экономикалық өмірінде көп ұзамай көрініс тапты. Германия Англияның бәсекелесіне айналды. Англияның артта қалуына 1878 жылғы дағдарыстар, 1890 жылғы ақша дағдарысы, 1892-93 жылдардағы дағдарыстар әсер етті. 1875-95 жылдары болған ауыл шаруашылығы дағдарысы да елдің орта шаруаларын күйзелтті. Англияда елдің тұрғындарының әл-ауқатының нашарлай түсуіне байланысты ішкі рынок тарыла түсті. Енді Англия ақша жасаудың басқа жолына түсті. XIX ғасырдың аяғында шет елге капитал шығару арқылы пайда табу табыстың негізгі көзіне айналды. Ағылшын кәсіпкерлері Голландияда жүн фабрикаларын салды. Бельгияда болат зауыттарына капитал салды. Көмір шахталарын ашты. Европа елдерінде темір жол салуға Англия буржуазиясы өздерінің капиталын салды. Англияның өзінде де акционерлік қоғамдар құрылды. Ол қоғамдар ұсақ кәсіпорындарға ақша жұмсады.
Елде отарлық саясат күшейді. XIX ғасырдың соңғы ширегінде Англия бөлінбеген жерлердің көбін басып алды. 1860 жылы Англияның отарлық иелігінің көлемі 6 млн шаршы шақырым болса, енді 30 млн шаршы мильге жетті. Онда 300 млн. тұрғындар болды. Англияның отарларының көп болуына байланысты империализмін отарлық империализм деп атаған. Индиядан жыл сайын 60 млн. адамның бір жылдық өндірген өнімін алып отырған.
2-тарау. Германияның бірігуі
2. 1 Отто фон Бисмарктың дипломатиясы
1862 жылы қазанның басында Бисмарк министр-президент және сыртқы істер министрі болып ресми түрде тағайындалады. Сол сәттен, ол 28 жыл бойы алдымен Пруссияның, кейін Герман империясының саясатын жүргізді. Өзінің алғашқы ресми сөзінде, «тарихтың ұлы мәселелері сөздер мен жарғылармен шешілмейді… Олар қан мен темірмен шешіледі» деген жиі қайталанатын сөздерін айтады. «Қан мен темір саясаты», «темір канцлер» - саяси және тарихи әдебиеттегі бұл ұғымдар Бисмарк бейнесін елестетеді.
Дания Бисмарк саясатының бірінші құрбаны болды. Даниямен соғысты, Бисмарк Шлезвиг пен Гольштейннің бірігіп, Герман одағында тағы бір тәуелсіз мемлекеттің пайда болуын болмырмау үшін бастады. Бұл соғыста, ол қайта ұйымдастырылып, үлкейген Пруссия армиясын сынамақ болды. Данияға шабуыл ұйымдастыру сәті дәл таңдалынды. Бірнеше күнде Пруссия Данияны басып алды. Австрия Пруссия жеңісінен кейін, өзіне де пайда түсіруді көздеп, Пруссияға қосылады. Франция нейтралитетті сақтап қалды. Бисмарктың беделі Пруссияда ғана емес, шетел мемлекеттерінде де көтерілді.
Бірақ Даниядан тартып алынған герцогствалардың тағдыры әлі де де шешілген жоқ еді. Бұл мәселенің шешілуі Пруссия мен Австрияның қарым-қатынасына байланысты болды. Уақыт көрсеткендей бұл мәселе жалпы Германияның, соның ішінде Пруссияның болашағын да анықтады.
Даниямен соғыста, өзінің ұлғая түскен күшін көрсеткен Пруссия милитаризмі, Бисмарк саясатының нәтижесінде Австрияға қарай бағытталды. Шлезвиг-Гольштейнді бірігіп билеген Пруссия мен Австрия арасындағы талас-тартыстарды Бисмарк соғыс бастау үшін сылтау ретінде қолданды. Осы соғысты бастау үшін Пруссияға патшалық Ресейдің нейтралитеттік ұстанымын нықтап алу маңызды болды.
1866 жылы жазда Австрия мен Пруссия арасында соғыс басталды. Садовой түбіндегі шайқаста жақсы жатыққан және қаруланған Пруссия армиясы австриялықтарды талқандады. Соғыстың нәтижесі: Австрияның герман мәселесіндегі рөлінің айқын шешіліп, Пруссияның басымдылығы көзге түсті және Солтүстік Герман одағының құрылды. Пруссияға 3 мемлекет - Ганновер, Гессен-кастель, Насау және еркін Франкфурт қаласы қосылды. Солтүстік Герман одағы атымен Орталық Еуропада іс жүзінде жаңа мемлекет құрылды. Бисмарк мемуарларында бұл жағдай бойынша «Мен біріккен Германия уақыт мәселесі екенін сездім, Солтүстік Германия оны асырудағы бірінші кезең болды», - деп жазды3.
Австро-Пруссия соғысын көптеген тарихшылар Бисмарктың «үстіңгі революциясы» деп атайды. Біріншіден, Германияның бірігуі прогрессивті акт болды, буржуазияның мақсатына сай болды. Екіншіден, оны Бисмарк радикалды, бұл мәнде революциялық тәсілдермен жүзеге асырды. Соғыстар Пруссиялық монархия атынан жүргізілгендіктен, буржуазия өзінің либералды көзқарастарынан бас тартуға мәжбүр болды.
Менің ойымша, тарихшылардың Бисмарктың біріктіру саясатын қатал және антидемократиялық деп атауында негіз бар. Өзінің саясатын жүзеге асырған Бисмарк табиғи (анти) интеграциялық күштерге емес, «қан мен темірге», яғни Пруссияның әскери қуатына сүйенді.
Австриямен бейбіт келісім жасасып, Пруссия Германияны біріктірудегі ең соңғы кезеңді дайындай бастады. Шығыс шекарасында біріккен, қуатты Германияның пайда болуын қаламаған Франциямен соғысу үшін, Бисмаркқа Ресейдің нейтралитеті қажет болды. Бисмарк дипломатиялық дайындыққа қызу кірісті.
Халықаралық қауымдастық кезінде оң болып көріну үшін, Бисмарк Франция соғысты бірінші болып жариялауын қалады. Осы мақсатпен Бисмарк маңызды дипломатиялық документті өзгертеді. 1870 жылы 13 шілдеде Пруссия королі мен француз елшісінің әңгімесінің текстін Бисмарк қысқартып Францияның намысына тиетіндей өзгертеді. Өзгертілген Эмск депешасының тексті, Бисмарктың бұйрығы бойынша ақпарат құралдарына басылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz