Демократия – қоғам ұйымдасуының саяси формасы
ЖОСПАР
Кіріспе 2
І Демократия және мемлекеттік билік эффективтілік мәселесі 4
1.1 Демократия туралы ұғым және оның белгілері 4
1.2 Антикалық және классикалық демократия 6
1.3 Демократия және билік 9
1.4 Демократияның алуан түрлілік және төбе топ теориялары 10
1.5 Демократиялық конституциялық негіздері 14
ІІ Демократия – қоғам ұйымдасуының саяси формасы 18
2.1 Қазіргі заманғы концепциясы 18
Қорытынды 31
Пайдаланған әдебиеттер 32
Кіріспе
Біз бостандық пен демократияға шақыру бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп
жатқан заманда өмір сүріп отырмыз. Шығыс Еуропа жарты ғасырға дерлік
уақытқа созылған тоталитарлық үкіметтерді төңкеріп тастап, ал бұрынғы Кеңес
Одағының республикалары 75 жылға дерлік созылған коммунистік режимді өздері
бастарынан бұрын кешпеген жаңа демократиялық тәртіппен алмастыруға ат
салысып жатыр. Бірақ Еуропада болып жатқан саяси өзгерістердің салмағы
дүниежүзілік халықтарын жинап, ұйымдасуға жетелейтін демократияның
келешегін көзден тасалап, көмескілей түсуде.
Дүние жүзілік мәні бар бұл құбылыс қазіргі либералдық демократия тек
Батыс халықтарына ғана тән, оны басқа халықтың мәдениетіне енгізіп,
орнықтыру мүмкін емес деп күмән білдірушінің тұжырымын теріске шығарады.
Жапония, Италия және Венесуэла сияқты әр түрлі елдерде демократияның
жеңіске жетуі бостандық пен өзін өзі басқаруды аңсау секілді бүкіл адамзат
баласына тән ұмтылысты демократия институттарының басты орын алатынын
айқын дәлелдейді.
Демократияның рухани игіліктері бүгінде қайта дәуірлеп жатқанымен,
XVІІІ ғасырдың аяқ шегінде болған француз революциясынан бастап ХХ ғасырдың
ортасында пайда болған бір партиялық тәртіптерге дейін демократиялық
мемлекеттердің саны аз, әрі олардың ғұмыры келте болған еді.
Бұл жәйт енжарлыққа салынуға да, ашуға бой ұруға да жетелемейді, қайта
керісінше, ол күреске шақырады. Адам болмысынан бостандыққа талпынса да,
оның демократияны қалай іске асыру керектігін үйренуі қажет. Тарих кілтінің
бостандық пен мүмкіндіктер есігін айқара аша беру қандай да болсын құрыштай
берік тарихи заңдылықтарды былай қойғанда, әлбетте, өздерін өздері бастық
етіп қойған көсемдердің қиялындағы ізгі ниеттерге байланысты емес, ол
адамдардың ұжымдық санасына және олардың адалдығына байланысты.
Демократия өзінің күшпен жеңіп алған бостандығын қоғамның игілігіне
пайдалануға ынталы әрбір азаматтың қамқорлығына ие болса және ол оның
қоғамдық пікір-таластарына қосылып, өз іс-әрекеттеріне жауап беретін
өкілдер сайлауға қатысса, қоғамдық өмірге төзімділік пен мәмлеге келуге
мойын ұсынса ғана тамыр жайып, гүлдей алады.
Демократиялық қоғам азаматтарының барлығының жеке бас бостандығына
құқығы бар, бірақ олар әрдайым құрметтелетін бостандық пен өзін-өзі
билеудің рухани байлықтары бар келешек өмірді құруға бір кісідей жауапты.
Бұл қамтылған мәселелердің демократиялық негіздері Қазақстан
Республикасының конституциясында сипат алды.
І Демократия және мемлекеттік билік эффективтілік мәселесі
1.1 Демократия туралы ұғым және оның белгілері
Демократия деген сөз гректің "демос"— халық және "кратос" - билік
деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.
Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1) мемлекеттің тұрпаты
(типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару
органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау
принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3)
қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.
Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі
ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың
ұлттық, тарихи және т. б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі
рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне
қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер
жатады.
1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден бастауы саналуы.
Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне
көз жеткізеді. Ол жоғары органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде
ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен және
референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың
төртінші президенті А. Линкольн демократияға "халық үшін халық сайлаған
халықтық билікке" жатқызды.
2. Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай
теңдік болған жерде ғана болады. Б. з. б. V ғасыр; өмір сүрген гректің
атақты тарихшысы Геродот сол кездің өзінің демократия деп теңдікке
негізделген мемлекетті айтады деген болатын. Теңдік барлық салада — халық
жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда
болуға тиіс.
3. Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т. с. с. ерекшеліктеріне
байланысты адамдар әр түрлі болды. Солардың бәрін қалай теңдестіруге
болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Заң және құқық —
жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтың
негізі және қорғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс-тұрыс,
іс-әрекеттер ережелерін орнатады. Қажетті деген іс-әрекеттерге рұқсат
етеді. Ол тәртіптерге қайшы келген іс-әрекеттерге тыйым салады, оларды
бұзғандарды жазалайды. Бір қоғам біреулерге рұқсат етілгенді екіншілерге
рұқсат ету: біреулерге басымдық беріп, басқаларға қысым көрсетуі мүмкін.
Билік иелері (күштілер, байлар, ақсүйектер) заң мен құқықты өз
мақсаттарында пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықты, теңсіздікті
болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады?
4. Оның кепілі — әділеттілік. Әділеттіліктің де бірыңғай ұғымы жоқ. Ол
жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады.
Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда қарт, ауру адамдарды өлтіру әділеттілікке
жатты. Инквизицияны жақтаушылар үшін діннен безгендерді тірідей отқа жағу
әділетті іс. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысын қазақ халқының
жартысына жуығы қырылып, біразы босып кетті. 1986 жылы желтоқсанда жастарды
қырғынға ұшыратуы біреулерге әділетті көрінді. Әйтпесе, сол жазалаушылар
жазасын алулары керек емес пе? Сайып келгенде, әділеттілік қоғамдық
қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің
тұрпатымен, саяси мәдениетінің дәрежесімен айқындалады.
Ал қазақ жастары болса желтоқсан көтерілісінде бостандық, еркіндік
үшін алаңға шыққан болатын. Бұл — демократияның бесінші белгісі. Қазақ
халқы еркіндікке жету үшін ғасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамына
демократияны шектейтін, теңдік пен әділдікті бұзатын, қанаудың,
тәуелділіктің барлық түрлерінен азат етілу үшін мыңдаған жылдар бойы
күресуіне, реформалар, революциялар, өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуге
жеңіске жетуге тура келді. Теңдікке, әділеттілікке, еркіндікке,
демократияға, олардың принциптеріне сәйкес өмір сүруге үйрету және үйрену
керек. Құқық пен заң адамды күйзелу, қорқыныш, заңсыздықтан құтқаруға
міндетті. Сайып келгенде осының бәрі еркіндік, бостандыққа байланысты.
Сонымен біз халықтың мемлекеттік билікті жүргізуге қатысу керектігі,
құқық, теңдік, еркіндік жөнінде әңгіме еттік. Осы принциптердің бәрі түгел
болғанда ғана әділдік болады. Бұл — әділдіктің демократиялық түсінігі. Ол,
өкінішке орай, адамзаттың басқа да арман-мұраттары сияқты бірден толық
орындала бермейді.
Жоғарыда көрсетілген белгілермен қатар демократиялық принципке жүйелі
түрде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады Ең алдымен жоғарғы заң
органы сайланбалы болуға тиіс. Одан соң төменгі өзін-өзі басқаратын
органдарға дейін сайланбалы болғаны дұрыс.
Сонымен қатар шешім қабылдағанда ерте заманнан демократияға азшылықтың
көпшілікке бағынуы жататын. Кейінірек мұндай бағыну шектелді, азшылықтың өз
пікірі болуы, оны сыйлау, онымен есептесу керектігі мойындалды.
Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдерде
қарастырылған барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі,
балама үміткердің болуы, тізім бойынша сайламау, демократияның үздіксіз
қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау-дамай, шиеленістерді
реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы және т. с. с.
Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени,
идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әр
түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық
мемлекеттер жатты.
Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік
принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз.
Халықтың билігі ретіндегі демократия көбіне утопиялық ар-аңсарды
білдіреді. Кейбіреулер оған жақындайды, кейбіреу көкжиекте көрініп
тұрғандай көрінеді, біреулерге оған жолы оңайырақ, кейбіреулерге қиынға
түседі. Дегенмен, ол — шындық, өмірдегі бағдар, нысана, қоғамның саяси
дамуының мақсаты. Ағылшынның көп жылдар премьер-министрі болған Уинстон
Черчилльдің айтуы бойынша, "демократияның да кемшіліктері бар, бірақ оның
ең құндылығы сонда — бұдан артықты бүгінге дейін ешкім ойлап шығарған жоқ".
1.2 Антикалық және классикалық демократия
Ежелгі грек полисінде мемлекет қауым сияқты еді. Қауымдық тіршілік
негізінде жерге қоғамдық меншік жатты. Әрбір құқықты азамат меншікке иелік
етіп, жерді пайдалана алатын, өзіне тиісті үлесін қожасы мұра етіп қалдыра
алатын, келсе сататын. Бірақ ол жер өңделмесе, қауым оны басқа біреуге бере
алатын.
Полисте азаматтық қоғам мен мемлекет ажыратылмады. Азамат және
мемлекеттің құқығы мен міндеттері біртұтас еді. Сондықтан өз құқығын басқа
біреуге беру деген ойға да келмеді. Бұл жағдайда азамат толық құқығынан
айырылғандай болып саналатын.
Демократиялық мемлекеттің ең бірінші түріне Афины республикасы жатады.
Ол б, з. б. V ғасырда пайда болды. Онда өтетін жоғарғы билік ұдайы
шақырылып тұратын халық кеңесінің қолданылды. Антикалық демократия тура
демократияға жатты. Әрбір адам еркін да еді. Ол мемлекеттің ішкі және
сыртқы саясатына байланысты барлық мәселелерді шешетін. азамат мемлекеттік
билеуге қатысуға құқықты және міндетті. Мысалы, оған басқарушы болатын.
Сондықтан адам мен мемлекеттің арасында қазіргідей қызмет адамдарын сайлау
және олардың, жұмысына бақылау партия, парламент, бюрократия сияқтылар
болған жоқ. жасау; салық мөлшері және мемлекеттік қаржы-қаражат. Афинылық
демократия Периклдің (6.3.6.490—429) билік еткен дәуірінде әсіресе гүлденіп
өркендеді. Бұл кез афинылық демократияның алтын ғасыры болып саналады.
асқан саясаткер, керемет шешен, білімді де білгір Перикл халық басшылық
жұмсау тәртібі; соғыс ашу және келісімге келу; одақтастарды айқындау;
басшылардың іс-әрекеттерін айыптау немесе ақтау шынында да, және т. с. с.
жататын. Халық кеңесіне 20 жасқа жеткен афинылық әрбір азамат қатыса
алатын. Саясатқа қатынасу оны көсемі болып есептелді және тиранияға қарсы
тұрды. Оның бас бірден-бір лайықты ісі болып саналатын. Бірақ онда толы.
шылығымен жүргізілген реформаларда билікті барлық ерікті құқықты азаматтар
көп болған жоқ. Құлдардың әйелдерді? Адамдарға мүмкіндігінше біркелкі бөліп
беру қарастырылды. Ол басқа қалалардан Афиныға көшіп келгендердің мұндай
құқығы болмады. Орта және жер иелері демократияның тірегі ретінде
саналмады. Көшіп келгендердің жеке бастары бос болғанынан, оларды қолдады.
Ол өлгеннен кейінгі жылдары саяси және экономикалық халық кеңесіне,
сотқа қатыстырылмады, мемлекеттік демократия біртіндеп бұзылып, жойыла
бастады. Азаматтардың мүлік терге сайланбады. Олар тек мемлекетке сіңірген
ерен еңбегінің теңсіздігі ұлғайды әдет-ғұрып бүлініп, көпшілік тарапынан
адасқан зор қызметінің арқасында ғана ондай дәрежеге жетті. Осының бәрі
Толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиын демократиялық
принциптерді әлсіретіп төмендете түседі деп, ондайлардың санын аса
көбейтпеді. Бі3 б, 322 жылы афинылық демократия құлап, қала Македонияға
тәуелді болып қалды. Афиныда демократиялық басқару бесжүздік (бес жүз
адамнан тұратын) кеңесі де болды. Ол ата түрі сақталып, бірақ халық кеңесі
шын мәніндегі биліктен атқарушы орган ретінде күнделікті басқару
мәселелерімен шұғылданды. Афиныдағы сияқты демократиялық мемлекет Ежелгі
Римде де болды. Мұнда демократия одан әрі дамыды.
Афины мемлекеттік құрылысының үшінші маңызды қоғамдық және әлеуметтік
билік бөлінді. Басы бос, бірақ саяси тең демократиялық органын он бөлімнен
тұратын халық соты құрылды. Құқы жоқ төменгі топтың адамдары мен ақсүйектер
арасындағы Істің қандай бөлімде қаралатындығы сот болатын күні жеребе-
жанжалдың нәтижесінде халықтық трибунат деп аталған, арқылы шешілетін. Бұл
пара алушылық сияқты зиянды әдет халық билігін білдіретін жаңа орган пайда
болды. Соның арқасында қатерге жол бере қоймайды. Оның үстіне сот
мәжілістері астында адамзат тарихында бірінші болып биліктің аралас түрі
жүргізілетін. Ол да сотты әділ жүргізуге кепілдік ететін заң дүниеге келді.
Афинының азаматтары оның ең мемлекеттік биліктің демократиялық түрі алғашқы
өзін еркін санайтын. Себебі, олар жеке адамдарға емес, заң ежелгі Греция
мен Ежелгі Римде пайда болды. Олар жоғарыдағыларға ғана бағынатын. Олар
соғыс кезінде болсын, бейбіт шақта билегендей олар көптеген жақсы
жақтарымен сипатталады. Осы мемлекетке қызмет ететін, сонымен қатар олардың
осал жерлері де бар. Ең алдымен азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ.
Қоғам адамдарды, ішкі өміріне көп араласты. Биліктің шексіздігі және
өмірдің барлық саласына араласуы демократияны көпшіліктің рақымсыздығына,
жауыздығына (деспотияға) айналуына мүмкіндік тудырды. Биліктің мұндай
түрінде халық заң бойынша емес, зорлық пен шексіз үстемдік құратын жауыз
патша сияқты болып. Ал қоғамдық құрылыс көбіне тирания сияқты болып
көрінді. Демократияның мұндай түрі тобырды басқаратын көпірме, лепірме,
даурықпаларға (демагогтарға) қолайлы болды. Сондықтан Аристотель
демократияны жалпы халықтың игілігін ойлап ұстамды, ұтымды, баянды шешім
қабылдай алмайтын тобырдың билігі деп сипаттады. Демократия барлық
адамдарды теңдестіреді, стихиялы шешім қабылдатады, қызмет адамдарын
қабілетін, біліміне қарай емес жеребемен қойдырады деп Платон жақтырмады.
Сондықтан ол демократияға жақсыдан нашар, жаманнан тәуірлеу биліктің түрі
деп қарады. Дегенмен, антикалық демократияны саясатшылар, тарихшылар,
фәлсафашылар ғасырлар бойы зейін қойып зерттеп, оған сүйеніп, жүгініп
келді. Ежелгі грек, рим демократиясының нышандары жаңа тарихқа енді.
Мысалы, қазір ең демократияшыл елдер қатарындағы АҚШ-та римдік саяси
жүйенің принциптері жаңа қайталанғандай: президенттік билік — патшалық
билікті, сенат - аристократияны, өкілдер палатасы — халық трибунатын
бейнелеп тұрғандай. Заңның үстемдігі, заң алдындағы барлық азаматтардың
теңдігі, саяси құқықтардың теңдігі және т.б. сияқты антикалық дәуірде
бастау алып қалыптасқан ұғымдар қазір демократиялық үрдістің ажырамас
бөліктеріне айналды.
1.3 Демократия және билік
Авторитарлық және басқа да сыншылдарға демократия тарапынан төнетін
қауіп сол, ол демократиялық қоғамда халықты езуге ғана емес, сонымен қатар
халықты басқаруға да билік болмай қалады деген күдік. Бұл мүлдем теріс
көзқарас: демократия үкіметтің әлсіз болуын емес, үкімет билігінің
шектелуін талап етеді. Соңғы он жылдықтағы демократияның шоқтығынан оның
ұзақ тарихына көз жүгіртсек, демократиялық қоғамдардың әлсіз әрі аз
болғандығын көреміз. Әрине, демократиялық қоғамдар тарих толқындарына
соқтықпай сыртта қалған емес, олар саяси сәтсіздікке ұшырап күйреді, ішкі
іріткіге тәуелді болып, сыртқы шапқыншылықтарға ұшырап қирады. Бірақ
демократиялық қоғамдар бірте-бірте қажымайтынын көрсетіп, өз азаматтарының
ортақ іске түсіністікпен, шын пейілмен кірісуі қоғамдардың экономикалық
қиыншылықтарды жеңіп, әлеуметтік және ұлттық жіктелудің жарасын
жеңілдететінін, тіпті қажет болса соғыс алапаты кезінде де мерейі үстем
болатынын паш етті.
Демократияға күш беріп, оны өміршең ететін оның осы айтылған
қасиеттері сыншылдардың көзіне көп түседі.
Пікір таластары, келіспеушілік және ымыраға келу сияқты,
кейбіреулердің ойынша, әлсіз жақтары деп есептелетін демократияның бұл
көріністері шындығында оның күш-қуаты. Әрине, демократияның қарсыластары
оның ерекше тиімділігі жоқ деп жала жабады: үлкен де күрделі қоғамда
демокартиялық шешімдер қабылдау қиындығы көп, уақытты қажет ететін құбылыс.
Бірақ өз билігін қарудың күшімен алған, немесе үкімет басына сайлаусыз
келген партия аппараты билейтін қоғамға қарағанда, халық қолдауына сүйенген
үкімет оның атынан сөз сөйлеп, іс-әрекет жасайды.
Демократиялық қоғамның шешімдерінің ішінде өз басшылары мен өкілдерін
сайлау арқылы таңдау әдісін ерекше атап өткен жөн. Парламенттік системада
заң шығару орындарында көпшілікті жеңіп алған партия не партиялар одағы
премьер министр бастаған үкіметті құрайды.
Сонымен, конституциялық демократияның талаптарын дұрыс шешетін қай
система: парламенттік пе, әлде президенттік пе?
Бұл сұраққа жауапты тек саяси ғалымдар мен саясаткерлер арасындағы
пікір таласы ғана бере алады, себебі, әр системаның өзіне ғана тән
жетістіктері мен кемшіліктері бар. Дегенмен, олардың ешқайсысы да
конституциялық демократияны толық қамтамасыз ете алмаса да бұл екі система
онымен бірге өмір сүре алады.
1.4 Демократияның алуан түрлілік және төбе топ теориялары
Алуан түрліліктің (плюрализмнің) элементтері демократияның классикалық
теориясын қалаушылардың еңбектерінде байқалған. Оған ең алдымен Дж. Локк
пен Ш. Л. Монтескье ашып көрсеткен биліктің тармақталу теориясы кіреді.
АҚШ Конституциясы авторларының бірі Дж. Мэдисон (1751—1836) мынадай
идеяны ұсынды: қоғамда өзіндік мүдделері бар әр түрлі топтар болған сайын,
олардың ішіндегі бір топ басымдық ету қаупі азаяды да, сонымен бірге басқа
топтардың сенімді қорғалуына кепілдік көбейеді. Ол антикалық полистегі
саяси тәртіптің жаппай, барлығын қамтитын бір пікірлілігінен іс жүзінде бас
тартты. Оның орнына демократияның дарашылдық және либералдық принциптерін
ұштастырып, мемлекеттік билікті алға тартты.
Сөйтіп, саяси теорияда тұңғыш рет халық, яғни көпшіліктің билігін
дәріптеудің орнына азшылықтың мүддесін қорғау идеясына қадам жасалды.
Демократияның алуан түрлілік теориясы саяси процеске барлық
азаматтардың тікелей қатысу теориясынан бас тартты. Демократияның антикалық
және классикалық теорияларында жеке азамат бас кейіпкер болатын. Енді сол
дауыс беруге ғана қатысады. Өкілдік демократия оны шешімдер қабылдаудан
ығыстырады. Яғни, азамат саяси процестің негізгі тұлғасы болуынан қалады.
Демократияның алуан түрлілік теориясы саяси процестің өзін бұрынғыдай жеке
адамдардың қатынасы ретінде қарамайды, топтардың және топ мүдделерінің
өзара қатынасы ретінде қарайды. Сонымен бұл теорияны жақтаушылар қазіргі
демократиялық мемлекетте саясатты жеке тұлға емес, халық емес, топ деп
тұжырымдайды. Бұл теория дарашылдық және ұжымдық теориялардың арасында
ортаңғы орынды алып тұрғандай.
Қоғамда экономикалық әлеуметтік, саяси, мәдени және т.б. көптеген
мүдделер болатыны белгілі. Соларға байланысты әр түрлі топтар пайда болады.
Қандай адам болмасын осындай белгілі бір топтың (отбасылық, этникалық,
мамандық, діни, аймақтық және т.с.с.) өкілі болып табылады. Ол сол топта
тұлға ретінде қалыптасады. Топ арқылы тұлға өз мүддесін білдіріп, оны
қорғауға мүмкіндік алады. Демократияның міндеті — қоғамдағы алуан
түрлілікті ынталандыру, барлық азаматтарға бірігуге, өз мүдделерін ашық
айтуға мүмкіндік беру, саяси шешімдерде өзара мәмілеге келу арқылы олардың
тепе-теңдігін табу.
Саясатта топтың қатынас тұжырымдамасын жасаған Артур Бентли
(1870—1957). Ол кең мағынасындағы мемлекеттің мақсаты саяси процеске әр
түрлі топтардың мүдделерін тартып, оларды келісімге келтіру. Мемлекетке
либерализм сияқты "тұңғыш күзетші" ретінде емес, топтың мүдделер күресіне
бақылау жасайтын, қоғамда әлеуметтік әділеттілікті қолдайтын қазы ретінде
қарайды.
Демократияның алуан түрлілік теориясының тағы бір ерекшелігі —
биліктің араласуы, сіңуі (диффузиялануы), яғни саяси жүйеде биліктің
ыдырауы, бөлініп-бөлініп кетуі. Мысалы, АҚШ-та билік орталықта президент
пен конгрестің арасында ғана емес орталықтан штаттарға (федералдық
принцип), саяси процеске қатысушы әр түрлі топтар, партиялар арасында
бөлініп берілген.
Демократияның төбе топ, элитарлық теориясы жоғары көрсетілген теорияға
ұқсас. Ол халықтың саясаттан шеттетілуімен келіседі. Сонымен қатар саяси
шешімдерді аз ғана, санаулы адамдар қабылдайды дейді. Олардың айтуынша,
саяси процеске таңдаулы, іріктелген, қалаулы топтар арасындағы күрес
жатады.
Бұл теорияны жақтаушылар халыққа өз мүдделерін қорғап, саяси шешім
қабылдаушы кәсіби саясаткерлерге жүктеуге көздерін жеткізгілері,
сендіргілері келеді. Себебі, ысылған, төселген, жоғары кәсіби маман ғана
саяси шешімдерді қабылдаудың еркіндігі мен мүмкіндіктерін сақтай отыра
демократиялық тетіктерді ұтымды пайдалана алады. Төбе топтар өзара күресе
берсін, ал халықтың оған ақылы жетпейді, ол қызба келеді, көңіл күйдің
жетегінде лепірме серкелердің қулығына еріп кетеді деп түсіндіреді.
Жоғарыда аталған теориялардан басқа демократияның марксистік теориясы
бар. Ол Руссоның ұжымдық теориясына ұқсас. Бірақ марксистер демократияның
таптық мәніне баса көңіл бөледі.
Францияның саясатшысы М. Рокар "ақпараттық демократия" деген
тұжырымдаманы шығарды. Оның ойынша, қазіргі демократия сайланған адамдар,
ақпарат құралдары және сайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде
құралады. Халық өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу
жағдайында ғана іске асыра алады.
Соңғы кезде демократияның экономикалық теориясы алға тартылып жүр. Ол
саясат билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады. Мысалы,
Американың президенті Б. Клинтон жақында қазіргі Батыс демократиясын
нарықтық демократия деп атады.
Демократияны тура, плебисцитарлық, өкілдік демократия деп бөледі. Тура
демократияда халық маңызды саяси шешімдер, қабылдауда, билік жүргізуде
тікелей қатысады. Онын жақсы жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси
жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың
белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына саяси
институттар мен қызмет адамдарын бақылауының ықпалдылығын қамтамасыз етеді,
билік пұрсатын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан
алшақтауына, шенеуніктердің бюрократталуына жібермейді.
Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға
маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы мәселені түпкілікті шешу үшін
сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Ол парламент, үкімет басшысы немесе
халықтың бастамасымен өткізілуі мүмкін. Тура демократия Франция, Италия
елдерінде кең тараған. Италияда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
референдум арқылы монархиялық билік тоқтатылды. Қазақстан Республикасында
референдум арқылы Президенттің өкілдігі ұзартылды, 1995 жылғы Конституция
қабылданды.
Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға
сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе
қабылдамау құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет, партия немесе
басқа бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу
мүмкіндігі өте аз. Оны біраз жағдайларда екіұшты сұрақтар қою және т.с.с.
арқылы ұйымдастырушылар айласын асыру үшін де пайдаланады.
Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті
органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының,
бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз
мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары — еңбектің айқын
бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі.
Осал жағы — сайлау аралығында халықтың биліктен шеттетілуі, басқарудың
бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі және т.б.
Біздің Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін жариялап, зайырлы,
демократиялық, құқықтық мемлекет құруда. Қазақстан Республикасында адамның
негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетілген, олар заң мен сот алдында
теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті.
Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сайлау құқығы да заң жүзінде
бекітілген.
Сонымен қатар, демократия — тарихи құбылыс. Оны бір қоғамнан
екіншісіне қалай болса солай көшіре салуға болмайды. Оны осы ғасырдың 60
жылдары егемендіктерін алған үшінші елдердің "демократияландыру" тәжірибесі
ашық көрсетті. Дамыған елдердің саяси жүйесін азаттық алған елдерге тікелей
көшіруге тырысушылықтан ештеңе шыққан жоқ. Бұл сәтсіздікті ол кезде Азия-
Африка елдері артта қалған, олар өркениеттілікке өсіп жетулері керек деп
түсіндіріліп келді. Басқа әлеуметтік құрылымы, саяси үрдісі бар жерге өзге
тәртіпті еріксіз телігеннің нәтижесі еді. Сондықтан біздің еліміз де саяси,
әлеуметтік, экономикалық мақсаттарды, демократиялық теориялардың даму
жолдарын, оның іс жүзінде іске асқан елдердегі тәжірибелерін, туған
жеріміздің бай тарихын, тамаша тағылымын, сан ғасырлар бойы қалыптасқан
ұлттық әдет-ғұрпымызды, салт-санамызды, еліміздің ерекшеліктерін ескере
отырып, демократияның өзімізге лайықты жүйесін қалыптастырғанымыз ләзім.
Қоғам демократиялық жағдайда өмір сүруге үйренуі керек. Оған тез жету
оңай емес. Дегенмен, ол өркениетті елдердің тарихи тәжірибелерінен белгілі
болғандықтан демократияның өміршеңдігін, дәлелдеген рәсімдерін, тәртіп,
қағидаларын тезірек кіргізіп, тиімді және нысаналы пайдаланған абзал.
1.5 Демократиялық конституциялық негіздері
Демократиялық өкіметтің іргетасы конституция болып табылады, яғни, ол
оның түбегейлі міндеттерін, іс-әрекеттерін, жұмыс жүргізу тәртіптерін
және мекемелерін айқындайтын ресми заң жинағы. Елдің конституциясы
халықтың негізгі заңы, сондықтан ел басшысынан бастап қарапайым шаруаға
дейін барлық азаматтар негізгі заңның баптарын мойындауға тиісті.
Конституция жазба түрде жасалған бірде-бір шағын құжат болғандықтан,
ұлттық үкіметтің өкілдігін және оның негізгі жұмыс істеу тәртібін
белгілеп, жеке адамдардың негізгі құқықтарын қамтамасыз етеді.
Өздерінің берік те тиянақты қасиеттеріне қарамастан, олар қатып
қалған қасиетті ескерткіш болғысы келмесе, конституциялар өзгертіліп,
толықтырылып тұруға икемді болуы керек. Әлемдегі байырғы АҚШ
конституциясы жеті қысқа бап пен жиырма алты түзетуден тұрады. Дегенмен
бұл құжат толып жатқан заң шешімдерінің, заң шығару актілерінің,
президент қызметінің және соңғы 200 жыл ішінде жасалған іс-әрекеттердің
негізі болып, оны өмірге икемдеп, тиімді етіп отырады.
Конституциялық дамудың бұл үлгісі әрбір демократияда орын алуы
мүмкін. Жалпы айтқанда, конституцияға түзету енгізіп, өзгертудің жолдары
туралы екі түрлі ағым бар. Оның бірі көп қадам жасап, қалың көпшіліктің
қатысуын талап ететін қиын жол. Конституцияның тек амалсыз жағдайларға
байланысты ғана өзгертіліп, халықтың қолдауын табуы осы жолдың айғағы.
Жалпы қағидаларды, биліктерді, үкімет іс-әрекеттерінің шегін, міндеттер
мен тәртіптерді айқындайтын қысқа жазылған конституцияның үлгісі АҚШ-та
қабылданған. Осы негізгі заңмен қатар жеке адамдардың құқықтарын
айқындайтын Құқықтар биллі де бар.
Көп елдерде қолданылатын конституцияға түзету енгізудің жеңілірек
әдісі-әрбір түзетуді заң шығару орнының қолдауына байланысты қабылдап,
сайлауда дауыс беру арқылы енгізу болып табылады.
Конституцияға түзетулер енгізудің бұл әдісі көп уақытты талап
етіп, енгізілген ерекше баптар негізгі заңның жалпы саласынан шыға алмай
жатады. 18-ші ғасырда жазылған Америка конституциясы сияқты ешбір заңның
20-шы ғасырға өзгермей енуі мүмкін емес.
Сондай-ақ бүгінгі күннің конституциялары да жеке адамдар
құқықтарын, сот тәртібін және өкімет қызметін дұрыс жүргізуді халықтың
келісімімен істегенімен, өзгерістер енгізуге икемді болмаса, келесі
ғасырға жете алмайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясы адамдардың құқықтары туралы
халықаралық құжаттардың негізгі идеялары мен ережелерін қабылдады және
олардың мемлекеттің ерекшеліктерін ескере отырып бекітті.
Н.Ә.Назарбаев: Біз өзіміздің тарихымыз бар. Еуразиялық елміз.
Сондықтан біздің моделіміз ешкімге ұқсамайды. Ол әр түрлі өркениеттердің
жетістіктерін өзіне жинаған. Біз өзінің пәрменділігін іс жүзінде
дәлелдеген барлық өркениеттердің ең жақсы жетістіктерін аламыз, - деген.
Әлемдік көлемдегі адамдардың мәртебесі, оның құқықтары мен бостандықтарын
ең жоғарғы құндылық ретінде конституциялық бекітудің тәжірбиесін
шығармашылық түрде қарап, қолдану жоғарыда айтылғандарға сәйкес келеді.
Адам мен адамзаттың мәртебесін конституциялық бекітуден бұрын ол
Мемлекеттік егемендік туралы Декларациясы мен Мемлекеттік тәуелсіздік
туралы Заңда көрсетілген.
Адам оның құқықтары мен бостандықтары ең басты құндылық
ретіндегі идеяларды жүзеге асырудың маңызды шарттарының бірі - табиғи
құқық тұжырымдамасы мен оны Конституцияда бекітудің сәйкес келуі. Бұл
тұжырымның мағынасы: құқықтар мен бостандықтар мемлекеттің тарапынан
берілмейді, ол адамзаттың қасиеті ретінде оған туған кезінен тән.
Гроций табиғи құқық мектебінің алғашқы ғұлама теоретигі болды.
Оның теориясы бойынша құқық табиғи және арнайы бекітілген болып бөлінеді.
Табиғи құқықтың бастауы - адамның табиғаты, санасы. Табиғи құқық
ережелеріне ол мыналарды жатқызады: басқа біреудің мүлкінен бас тарту,
уәдесін орындау міндеті, кінәлінің зиянды өтеуі, сондай-ақ, жасаған
қылмысына сәйкес жазасын алу. Мемлекеттен шығатын арнайы бекітілген құқық
толығымен табиғи құқық қағидаларына сәйкес келуі керек. Гроций
феодализмнің құқықтық институттарын адамның табиғатына қайшы келеді деп
жариялап, сондықтан жаңа сана заңдарына сәйкес келетін құқықтарды талап
етті.
Әрине, әр түрлі тарихи кезеңдерде адам бірге туатын табиғи
құқықтарының түрлері бірдей емес. Табиғи құқықтардың түрлері байып, дами
отырып, бірте-бірте өзгереді. Қоғамның дамуына жаңа кезеңінде адамның
өмір сүруі мен қызмет етуіне жағдай жасайтын жаңа табиғи құқықтар пайда
болып, сонымен бірге бұрыннан келе жатқан құқықтар мен бостандықтарға
сәйкес өзгерістер енгізіледі. Адамдар бұрын ие болған құқықтар мен
бостандықтар және қазіргі жағдайда ие болатын құқықтар мен бостандықтар
мемлекет тарапынан берілмейді, адамдар өздерінің құқықтарымен бірге
туатындығынан табиғи құқықтар болып табылады.
Табиғи құқықтар мен бостандықтар теориясы қоғамның, адам мен
қоғам туралы ғылымның дамуының, адамның өзін-өзі танып білуі, оның
санасының өзінің табиғаты мен мәнін түсінуінің нәтижесі ретінде пайда
болып, көптеген ғасырлар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz