Авторитарлық саяси жүйе және оның ерекшеліктері


Авторитарлық саяси жүйе және оның ерекшеліктері
Тоталитаризмнің балама типі - авторитаризм. Ол өзінің сипаты, белгілері бойынша авторитаризм мен демократияның арасындағы аралық тип тәрізді. Тоталитаризммен оны диктаторлық, заңмен шектелмеген биліктің сипаты жақындастырады. Демократияға мемлекет арқылы реттелмейтін, автономиялық қоғамдық салалардың болуы, әсіресе экономика мен жеке өмірдің дербестігі, азаматтық қоғам элементтерінің сақталынуы ұқсастырады. Жалпы алғанда авторитарлық саяси жүйеге мынадай белгілер тән болады:
- Биліктің қожасы бір адам немесе адамдар тобы. Бұл тиран, монарх, әскери хунта т. т. болуы мүмкін, ал бұқара халық биліктен аластатылады.
- Биліктің шексіздігі, оны азаматтардың бақылай алмауы. Мұндай жағдайда билік заңдардың көмегімен іске асырылады, бірақ заңды өз қалауларынша қабылдайды.
- Күшке сүйену. Авторитарлық тәртіп жаппай қуғын-сүргінді пайдаланбауы мүмкін, тіпті халықтың қалың бұқарасы арасынан қолдау табуы да ықтимал. Бірақ ол қажетті жағдайларда бұқараны зорлықпен көндіруге мүмкіндік беруші күшті де иеленеді және оны жасырмайды.
- Билік пен саясатты монополиялау, тәуелсіз саяси әрекеттерге, саяси қарсыластарына жария өмір сүруге жол бермейді. Бірақ авторитаризмге тән саяси-институционалдық біркелкілікті, билік тарапынан жасалынып отырған заң бойынша тиым салушылық немесе қарсылық деп түсіну дұрыс емес. Көбіне бұл жағдай қоғамның саяси ұйымдарды құруға дайын еместігін, бұқарада мұндай талаптардың болмауымен де түсіндіріледі.
Авторитаризм жағдайында аздаған партиялар, кәсіподақтар т. б. ұйымдар жария өмір сүреді. Бірақ бұлардың барлығы билік органдарының қатаң бақылауында болады.
- Қоғамды жаппай бақылаудан бас тарту, саяси емес салаларға, әсіресе, экономикаға араласпау немесе шектеулі түрде араласу. Билік ең алдымен өз қауіпсіздігін қорғайды. Қоғамдық тәртіпті сақтаумен, қорғаныс және саясат мәселелерімен айналысады. Нарықтық өзін-өзі реттеу механизмдерін бұзбай, экономиканы дамыту бағытына ықпал жасайды.
- Саяси басшы топты(элитаны) бәсекелік күрес жолмен емес, кооптация (толықтыру, сайлаусыз-ақ ұйымның құрамын толықтыру) арқылы қалыптастырады.
Авторитаризмнің осы белгілерін негізге алар болсақ, бұл саяси қарсылыққа (оппозицияға) жол бермеуші саяси тәртіп. Жеке адам мен қоғамның саяси емессалалардағы дербестігін (автономиясын) сақтаушы, бір адамның немесе адамдар тобыныңшексіз билігі деп қарау керек.
Авторитарлық саяси жүйеде ең бастысы - саяси әрекетке тиым салынады. Конституциялық кепілдік болмағанымен, қалған салаларда азаматтар еркіндігі сақталады. Ал шын мәнінде авторитарлық билік азаматтарға қатынасында билікті шексіз пайдалана алады. Адамзат тарихында авторитарлық саяси жүйе кең таралған. Ол өте көп түрі. Бұл: монархия, деспоттық, диктаторлық тәртіптер, әскери хунда, басқарумен популистік (латын т. populіs- халық мүддесі мен құқығы үшін күресу. Орындалмайтын уәделер, жалған ұрандар арқылы
бұқара арасында танымал болуға ұмтылу) жүйелері т. б.
Авторитарлық басшылар бұқараның сеніміне тек зорлықпен, қорқытумен, күшпен, қарсыластарды жоюмен ғана емес, кейбір ізгілікті әдістермен де ие болады.
1980 жылдың аяғы мен 90-жылдардың басында дүние жүзінің коммунистік мемлекеттердегі тоталитарлық жүйенің күйреуінен соң биліктің авторитарлық формасына деген қызығушылық өсті. Бұлардың көпшілігінде азаматтық қоғам элементтері, нарықтық қатынастар, көпсанды орта топтар, бұқаралық саяси төзімділік, заңға деген құрмет, индивидуалистік құндылықтар бағыты т. т. осындай демократияға қажетті көптеген алғышарттар болмады. Мұндай жағдайда мықты авторитарлық билік демократияға қарай бағыт алса, тоталитарлық құрылымдардың түпкілікті құлауы жүреді.
Бірақ, демократиялық бағытталған авторитарлық тәртіптер мәңгілік емес. Олардың шынайы болашағы қазіргі кезеңдегі тұрақты саяси жүйе - демократия болмақ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz