ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАР МЕН ЭТНИКАЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР ЖАЙЛЫ
ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАР МЕН ЭТНИКАЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР
§ 1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуі
Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып-білудің мәні зор.
Себебі, қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтардан, ал олар қандай жай-күй,
жағдайда тұратындығын білуі керек. Олардың іс-әрекеті барлық қоғам
институттарының қызмет етуін, қоғам дамуының бағытын анықтайды. Қоғамның
тұрпаты саяси және мемлекеттік құрылымы оның қандай әлеуметтік топтардан
тұратындығына, олардың қайсысы жетекшілік, қайсысы тәуелді жағдайда
екендігіне байланысты.
Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілерімен сипатталады.
Оған ұлты, тұратын жері, қоғамдық өндіріске қатысуы (не қатыспауы),
қоғамдық еңбек бөлісіндегі орны (өндіріс құралдарына меншік қатынасы,
еңбекті қоғамдық жолме; ұйымдастырудағы рөлі, еңбектің мазмұны мен сипаты),
кәсібі. білімі, табыс мөлшері, саяси билікті іске асыруға қатынасы және т.
б. жатады.
Осындай бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілермен бірлеікен адамдар
жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, интеллигенция,
студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қазақтар, орыстар, немістер және
т. с. с. Өзінің қоғамдағы орнына байланысты олар бір уақытта әр түрлі
әлеуметтік топтардың мүшесі бола алды. Мысалы, студент, қазақ үлкен қаланың
тұрғындары, т. б.
Адамдардың қоғамдық жағдайындағы ортақ өмір ерекшеліктері, әлеуметтік
бір топқа енуі олардың әлеуметтік мүшелері: бірлестіреді. Олар адамдар мен
әлеуметтік топтардың өз өмір жағдайын, мүмкіншілігін нығайтуда, кеңейтуде
көрініс табады. Оған әртүрлі деңгейде табысқа, билікке, кәсіпке, білімге
және т. с. с. ие болу мүмкіншіліктері жатады.
Адамдар саяси процесте белгілі бір әлеуметтік топтын өкілі немесе
мүшесі ретінде қатысады. Олар жалпы қоғамдық өмірдің, оның ішінде саяси
процестің басты субъектісі болып табылады. Сондықтан қандай болмасын саяси
іс-қимылдың сыртқы біреулердің топтық мүддесі тұрады.
Еңбектің қоғамдық бөлінуі негізінде жұмыс істейтін әлеуметтік топтар
мен олардың өзара қатынас жүйесінің жиынтығын қоғамның әлеуметтік құрылымы
дейді. Қоғамдық өмірді әр түрі әлеуметтік топтардың. өзара әрекеттестігінің
нәтижесі деуге болады. Адамның қоғамдық жағдайындағы негізгі белгілеріне
қарап қоғам құрылымының негізгі түрлерін атауға болады. Оған әлеуметтік-
демографиялық (жынысы мен жасына қарай әлеуметтік топқа бөлу), әлеуметтік-
таптық, кәсіби және елді мекендік құрылым жатады.
Марксистік қоғамтану әлеуметтік құрылымының негізгі түрі қоғамның
таптық құрылымын санады. Өйткені ол қоғамдық пікірдің ең маңызды саласы
қоғамдық өндіріс жүйесінде құрылды.
. И. Ленин "Ұлы бастама" деген еңбегінде таптарға мынандай анықтама
береді: "Таптар деп адандардың үлкен топтарын, (қоғамдық өндірістің тарихи
белгілі бір системасында олардың алатын орнына қарай, өндіріс құрал-
жабдықтарына олардың (көбінесе заңмен бекітіліп, қалыптасқан) қатынасына
қарай, еңбекті қоғамдық жолмен ұйымдастырудағы олардың рөліне қарай, ал
олай болса, қоғамдық байлықтан олардың алып отырған үлесінің мөлшеріне және
ол үлесті алу әдістеріне қарай айырылатын топтарын айтады". (В. И. Ленин.
Шығармалар толық жйнағы, 39-том, 16-бет). Мұнда таптың негізгі белгісі
ретінде өндіріс құрал-жабдықтарына қатынастың бірдей болмауы көрсетіледі.
Қалған белгілердің бәрі соған байланысты дейді. Ол адамның қоғамдық өндіріс
жүйесіндегі орнын және оның жалпы әлеуметтік жағдайын айқындайды деп
санайды:. Әрине, қоғамдық жағдайда бұл белгінің мәні зор. Бірақ сонымен
қатар қоғамдағы әлеуметтік жіктелуге басқа да белгілер шешуші рөл атқарады.
Мысалы, билік құрылымындағы орны мен рөлі, табысының мөлшері, әлеуметтік
мәртебесі т.с.с. Ал оларды адамның немесе әлеуметтік топтың қоғамдық
өндіріс жүйесінен әрқашан тікелей туады деп айту қиын. Әлеуметтік құрылымды
және қоғамнын әлеуметтік бөлінуін зерттеу үшін XX ғасырда әлеуметтік
стратификациялану деген ұғым кіргізілді. "Страт" латын тілінде жік, қабат
деген сөзден туған, геологияда жер қыртысының қабаттарын білдіретін ұғым
ретінде қолданылады.
Әлеуметтік жіктелуге (стратификациялануға) қоғамның құрамына кіретін
белгілі бір топтардың жиынтығы жатады. Әлеуметтік құрылымды. зерттегенде
волюнтаризм (ерікке ырық берушілік) болмауы үшін, қоғамдағы барлық жіктерді
(топтарды) қарастырып, оларды бір белгі, өлшем арқылы салыстыру керек.
Соның арқасында әлеуметтік топтарды және олардың қоғамдағы жағдайын
айтарлықтай толық және терең сипаттайтындай өлшемді тандап алған жөн.
Әлеуметтік жіктелу теориясы, міне, осы талаптарға сай келетін әдістемелік
және теориялық құрал. Ол әлеуметтік топтарды жіктегенде мынандай белгілерді
(өлшемді) басшылыққа алады: меншікке ие болудың сипаты, табыстын. мөлшері,
биліктің аумағы, мәртебесі, ұлттық ерекшеліктері т.б. Егер топтар бір
белгінің негізінде жіктелсе (мысалы, мөлшеріне, билік жүргізуге қатысына
қарай т.т.) ол бір өлшемдік жіктеуге жатады. Егер бірнеше белгінің
негізінде болса, ол көп өлшемдік жіктелу болады.
Әлеуметтік жіктелу теориясы адамды қызметкер ретінде де тұтынушы
ретінде де қарастырады. Ол билік жүйесіндегі барлық жағдайын, басқара
алатын объектісінің (өндіріс құралдары мен тұтыну заттарынын) аумағы мен
түрлерін, қоғамнан ала алатын игілік мөлшерінің барлық түрлерін ескереді.
Осылардыь арқасында ол қоғамдағы әлеуметтік жіктелу жүйесін және
қалыптасқан теңсіздікті жан-жақты зерттеп білуге мүмкіндік береді.
Қоғам үздіксіз дамып, өзгеріп отырады ғой. Марксистік тапқа бөлу
теориясы ол өзгерістІ байқап, көрсетуге икемсіз болатын. Ал әлеуметтік
жіктелу теориясы, біріншіден, бұл өзгерістерді дер кезінде көрсете біледі.
Екіншіден, қоғамның әлеуметтік топтарының қазіргі қалпы, бейнесі жөнінде
толығырақ мағлұмат береді.
Шетелде әлеуметтік жіктелу теориясы жүз жылға жуық табысты
пайдаланылып келеді. Ал Кеңес Одағында оны марксистік-лениндік таптар мен
тап күресі теориясына қарсы қойып, қолданбады. Себебі, бұл әдісті
пайдаланса, бұрынғы КСРО-дағы әлеуметтік жіктелу мен теңсіздіктің бет
пердесі ашылып қалған болар еді. Сондықтан коммунистік идеологияның оны
қолдануға, насихаттауға, таратуға мүддесі болмады, керісінше, өңін
өзгертіп, бұрмалауға тырысты.
§ 2. Кеңестік қоғамдағы және біздің қазіргі кездегі әлеуметтік жіктелуіміз
Біз егеменді ел болдық. Бірақ оған көп болған жоқ. Мұндай аз уақыттың
ішінде әлеуметтік құрылыс жылдам өзгере қоймайтыны белгілі. Оның тамыры
әріде, Кеңестік қоғамнан басталады. Сондықтан сөзді де содан басталық.
Бұрынғы Кеңес өкіметі кезінде марксистік идеологияға сәйкес КСРО-да
мынадай әлеуметтік-таптық құрылым бар деп есептелді: 1) мемлекеттік немесе
жалпыхалықтық меншікпен байланысты жұмысшы табы; 2) колхоздық-кооперативтік
меншікпен байланысты шаруалар; 3) ешқандай меншікпен байланысты емес
интеллигенция (ол лениндік анықтама бойынша еш тапқа жатпады, оны жік деп
атады). Жұмысшылар қоғамды қатынастардың дамуына шешуші ықпал ететін жалпы
халықтық меншікпен байланысты болғандықтан, ол қоғамда жетекшілік рөл
атқарады делінді. Шын мәнінде, бұлай жіктеу шындықтан алшақ еді. Себебі,
жұмысшы табы мен шаруаларды меншік иелері дегенмен, өмірде олай емес еді.
Қоғамдық меншіктің иесі еңбек адамдары емес негізінен мемлекет болатын.
Сондықтан ар өз енбегінің жемісін көруден, мемлекетті басқарудан
шеттетіледі Ал жұмысшы табы болса табыс мөлшері жағынан да, әлеуметтік
мәртебесі жағынан да, билік жүйесіндегі орны жағынан да кеңестік қоғамда
жетекші рөлді атқарған жоқ.
Сондд кеңестік қоғамда үстем тап немесе үстемдік еткен әлеуметтік топ
болды ма деген сұрақ туады. Лениннің анықтамасына сүйенсек, болды деуге
әбден негіз бар. Ол бюрократия (тар мағынасында) еді. Кең мағынасында
бюрократия деп қызмет мазмұны басқарушы еңбекпен байланысты әлеуметтік
топты айтады. Тар мағынасында бюрократияға өз қолына шын мәніндегі билікті
жинаған, қоғамды халық атынан басқарып, өз мүддесіне пайдаланатын, халықтан
оқшауланған басқару аппаратының бөлігі жатады. Өзінің билігін және
әлеуметтік артықшылықтарын сақтауға тырысқан топтың мүддесін бюрократия
жалпыға бірдей, барлық қоғамның мүддесі ретінде көрсеткісі келеді.
Бюрократияның құрылымы күрделі келеді. Оның әр түрлі жіктері биліктің
әр түрлі мөлшеріне және әлеуметтік жеңілдіктеріне иелік етеді. Сондықтан
бюрократияны негізгі үш жікке бөлуге болады: I) саяси және экономикалық
биліктің жоғаргы басқарушы жігі; 2) саяси және мемлекеттік аппараттың
жоғарғы және орта деңгейіндегі қызметкерлер; 3) жоғарғы және орта
денгейдегі шаруашылық басшылары (бірлестіктердің бас директорларынан бастап
цехтар мен бөлімшелердің бастықтарына дейінгі).
Кеңес өкіметі кезінде биліктің негізгі қызметі еңбекшілердің өндірген
қосымша өнімдерін еріксіз алып, оны қайта бөлетін жүйе орнады. Ондай жүйеде
адамның немесе әлеуметтік топтың мүліктік жағдайы олардың, жұмысының
экономикалық нәтижесінен емес, түскен табысты бөлу баспалдағында қандай
орын алуына байланысты болды.
КСРО заманының әлеуметтік жағдайын зерттеуде елеулі еңбек еткен
белгілі әлеуметтанушы Т. И. Заславская. Ол 1991 жылы Кеңес қоғамының 70
жылдық даму кезеңін қорытындылай келіп, оның әлеуметтік құрылымын 3 топқа:
жоғарғы тап, төменгі тап және оларды бөліп тұрған жік деп бөледі. Жоғарғы
таптың негізін партияның, әскери, мемлекеттік және шаруашылық бюрократиясын
біріктіретін номенклатура (жоғарғы партиялық, өкімет органдарының шешімі
бойынша басқарушы қызметті атқаратын қызметкерлер) құрайды. Ол ұлттық
байлықтың, меншіктің иесі болды және оның көпшілігін өз мақсатына
пайдаланды. Өйткені номенклатуралық қызметкерлер жоғары еңбек ақы алумен
қатар қосымша игіліктерге ие еді. Олардың қызметтік машинасы мен
жүргізушісі, жабдықталған пәтері, қала сыртындағы үйлері, соларға ғана
қызмет ететін жабық дүкендері мен ательелері, емханалары, демалыс орындары
және т.с.с. болды.
Төменгі тапқа Заславская мемлекеттің жалдамалы еңбеккерлерін:
жұмысшыларды, шаруаларды, интеллигенцияны жатқызады. Олардың меншігі мен
саяси құқықтары жоқ. Бұл тапты өмір салты жеткіліксіз табыспен, ішіп-жеу,
тұтыну құрамының мардымсыздығымен, үй-жайының тарлығымен, дәрігерлік қызмет
көрсету дәрежесінің шамалылығымен, нашар денсаулығымен сипатталады.
Жоғарғы және төменгі таптардың арасындағы әлеуметтік жікке
номенклатураға қызмет ететін орта деңгейдегі басшылар идеология
қызметкерлері, партиялық журналистер, арнаулы емханалардың дәрігерлері,
жазушылар, артистер, дипломаттар. КГБ, МВД-ның қызметкерлері, әскер мен
флоттың командирлері және т.б. кіргізеді. Сырттай қарағанда бұл жік
шетелдердегі орташа тап сияқты болып көрінеді. Ал, шын мәнінде, олай емес.
Себебі, Батыста орташа таптың негізін саяси және әлеуметтік тәуелсіздікті
қамтамасыз ететін жеке меншік құрайды. Ал біздің қызмет көрсетуші жіктің
жеке меншігі болған жоқ ол қоғамдық меншікті басқарып, оған иелік еткен
жоқ. Сондықтан ол жоғарғы таптан толық тәуелді болатын.
Біздің Қазақстанға келсек, еліміздің егемендігін алғаннан кейінгі
кезеңде меншік иесі жоғарғы тап пайда болды. Оның негізін баяғы партиялық
кеңестік номенклатура қалайды. Олар экономикалық реформа басталар кезде
экономикада, саясатта, мәдениетте басты қызметтерді атқарды. Сондықтан
кәсіпорындарды жекешелендіру, жеке меншікке айналдыру олар үшін өте қолайлы
болып шыға келді. Бұл тапқа солармен қатар көлеңкелі экономиканың
пысықтары, алыпсатарлықпен айналысып байыған қулар және т.с.с. кіреді. Олар
жеке меншік мектептер ашып, әлемдік қымбат курорттарда демалуда. Бұл таптың
өкілдері халықтың 1—3 процентін құрайды. Ал көпшілік халық (70%-і)
кедейліктің шектен тыс күнін кешуде.
Қазіргі жағдайда нарықтық экономикаға, әртүрлі меншіктің дамуына,
саяси алуандыққа, көппартиялыққа өтуге байланысты әлеуметтік бөліну күшейе
түсуде. Республикамызда бұрыннан белгілі жұмысшылар мен шаруалардан басқа
фермерлер, жалгерлер, кооператив мүшелері, жеке және ұжымдық меншік иелері,
жеке саудамен айналысатын құрылымдар және т.с.с. пайда болуда.
Республикамызда бастамашылыққа, өзін-өзі басқаруға жол ашылуда.
Сонымен қатар ол кәсіби дайындығына және жеке басының қасиетіне жоғары
талап қояды. Тапқырлық білдіріп еңбегін жеделдетуге тырысқан, ондай
мүмкіншіліктері бар адамдар елімізде болып жатқан оң өзгерістерді жақтауда.
Сонымен бұрынғы теңгермешілік өмірді аңсаушылар да жеткілікті, бұрынғы
экономикалық байланыстардың үзілуіне байланысты жұмыссыздық көбейді. Өтпелі
кезеңде көпшілік халық әсіресе, ғылым қызметкерлердің, дәрігерлер,
мұғалімдер, қызметкерлер, студенттердің әл-ахуалы көп төмендеп кетті. Өмір
деңгейі төмен топтардың күнделікті бағаның өсуінің алдында қорқынышы зор.
Көрсетілген қиындықтарды бір сәтте өзгертуге, әрине, болмайды. Ол үшін
орынды саяси, экономикалық, әлеуметтік саяат жүргізу қажет. Қазіргі
өркениетті елдердің даму тарихы көрсетіп отырғандай, қоғамның тірегі, елдің
саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін — орташа тап.
Өзінің білімділігі, іскерлігіне байланысты ол қоғамның демократиялық
дамуына, нарыктық экономиканың қалыптасуына негіз болады. Сондықтан біздің
басым бағытымыздың бірі — орташа таптың буынын бекітіп, күшейту. Ол үшін
ұсақ және орта кәсіпшілікті қолдау, еркін кәсіпшілікті дамыту, халықтың
кәсіптік білімін арттыру және т.б. көптеген қомақты істер тындыруға тура
келеді.
§ 3. Дамыған елдердің әлеуметтік құрылымы
Батыстың индустриалды дамыған елдерінің қазіргі таптық құрылымы
XVIII—XIX ғасырларда өндіріс революциясының барысында басталып, XX ғасырдың
басында толық қалыптасты. XX ғасырдың бірінші жартысында айтарлықтай
өзгеріс бола қойған жоқ. Ал XX ғасырдың екінші жартысында олардың
әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырады.
Бұрынғы ауыл шаруашылығымен айналысқан халықтың саны күрт азайып
кетті. Дене еңбегі және ой еңбегімен айналысатын адамдардың арақатынасы
түбегейлі өзгерді. Материалдық емес игіліктерді өндіру және тұрмыс қажетін
өтеу салаларының дамығаны сондай, ол көпшілік жұмыс күшінің бүтіндей бір
жинағына, үлкен түйінді тобына айналды. Халықтың бұрынғы экономикалық
жағынан белсенді кәсіпшілік отрядының көбі жойылып, олардың орнына мүлдем
басқалар пайда болды. Әр түрлі әлеуметтік жіктердің өмір деңгейі өркендей
өсіп, жалпы білімі, мәдени дәрежесі артты. Қоғамның барлық негізгі
топтарының әлеуметтік бет-бейнесі және өзара қатынастары айтарлықтай
біріншіден, тез өсіп, жетіліп келеді және екіншіден, шаруашылық жүйесінің
орталығы мен жүйкесі іспеттес жұмысшы табының өзегіне айналуда. Келешекте
техникалық төңкеріс өрби бермек. Мұны ескерсек, бұл жіктің болашағы зор.
Сондықтан олардың жағдайы тұрақты, материалдық, әлеуметтік және рухани
қажеттіктері жоғары деңгейде қанағаттандырылады.
Бұрынғы жұмысшы табының қысқаруы және "алдыңғылардың" көбеюімен қатар
аралық (маргиналдық) топтардың саны өсуде. Оған жұмыссыздар, уақытша
жалданып істеушілер жұмысты үйіне әкеліп істеушілер және т.с.с. жатады.
Жұмысшы табы жалдану түрі, еңбек сипаты, білім деңгейі, жасы жынысы, нәсілі
мен ұлттық құрылымы жағынан алуан түрлі. Бұл ерекшеліктер топтардың
мүдделерінің бөлінуінде, олардың ұсынған талаптарында, саяси ұйымдарға және
саяси процестерге қатысу қатынастарында көрініс табады.
Айтарлықтай өсіп келе жатқан топқа интеллигенция жатады. Бұл саланың
адамдары жоғары маманданған ой еңбегімен айналысады да, қоғамдық өндірістің
барлық салаларында қызмет істейді. Таптық қатынасы жағынан ол бір текті
емес. Оның құрамында буржуазияда (мысалы, менеджерлердің бөлігі),
буржуазияның жігі де бар. Оған жұмысшы табының ең маманданған жігін
жатқызуға болады. Таптық қатынасына келгенде интеллигенцияның негізгі
бөлігі буржуазия мен жұмысшылардың арасындағы орынды алуда. Осы мысалдың
өзінен, интеллигенцияның жағдайынан біз қазіргі топтар арасындағы
ерекшеліктер, белгілердің бұрынғыдай ашық, айқын еместігіне, шегінің
шайылып кеткендігіне көзіміз жете ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz