MS DOS операциялық жүйесі жайлы ақпарат
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 MS DOS операциялық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 ТЕСҚ.ғы BIOS жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3 Дискетаның жүктемелі жазбасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4 IВM BIO.COM дискілік файлы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5 IBM DOS.COM дискілік файлы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6 COMMAND.COM дискілік файлы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7 Сыртқы командалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 MS DOS операциялық жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 ТЕСҚ-ғы BIOS жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .
3 Дискетаның (жүктемелі жазбасы(
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4 IВM BIO.COM дискілік файлы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5 IBM DOS.COM дискілік файлы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6 COMMAND.COM дискілік файлы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7 Сыртқы командалар

... ... ... ..
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша

... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қолданылған әдебиеттер

... ... ..
Кіріспе
Қазіргі таңда бар барлық программалау тілдерін шартты түрде екі
категорияға бөлуге болады, оның біреуі ассемблер тілі де, екіншісіне
қалғандары жатады.
Жоғарғы деңгейлі тілдер қолданбалы тапсырмаларды (материалдық,
экономикалық және т.б.) шешуге ориентир алатын болса және осы
тапсырмалардың алгоритмдік мазмұнын өзінде сақтаса, ассемблер тілі
архитектуралық процестің сонымен қатар, программалық құрылғылардың
режимдерінің және функционалдау алгоритмдердің айнасы болып табылады.
Ассемблер тілінің операторы микропроцессордың тек қана машиналық түрде
көрсетілген кодтар ғана емес, азды-көпті мнемоникалық белгілермен
көрсетілген нақты командаларын көрсетеді. Ассемблер тілінің бұл ерекшелігі
оның мүмкіндіктері мен қолдану аймағын анықтайды.
Ассемблер тілінің басқа да программалау тілдері сияқты көптеген
тұрғызылған құралдары бар. Ол кез келген бір жағдайда программалау процесін
жеңілдетеді әрі жеделдетеді және құрылған программаның сапасын көтереді.
Ассемблер тілінде кәсіптік жұмыс істеу аталған құралдармен жеке-жеке
танысуды қажет етеді. Бірақ қолданбалы мамандардың кең шеңбері үшін, егер
ассемблер тілін негізгі программалау тілі ретінде пайдаланбаса ассемблер
тілінің әрбір бөлшектерін жеке меңгеру қажет емес. Ассемблер тілінде
қолданбалы программаларды (алгоритмдік жоспарда онша қиын емес) құруда ең
бастысы құрылған программаларды оқып әрі түсіне білу керек, команда жүйесі
туралы және адресациялау әдісі туралы көрсететін болуы жеткілікті және
тілдің бір жағынан процессор және компьютердің толық архитектурасы жайлы
толық және ашық көрсетілген болу керек.
Бәрімізге белгілі ассемблер тілінде жазылған программалар (әрине егер
олар дұрыс жазылса) жоғары тиімділігімен соған сәйкес минималды көлемімен
және максималды жылдам әрекет етуімен ерекшеленеді. Бұл ассемблер тілі
программа жұмысының жылдамдығы немесе оған шығындалатын жады шешуші мән
алған жағдайда кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Кейбәр программалар
класын (мысалы, қатты құрылыммен ерекшеленетін құрылғылар драйверлерінің
программасы) құру кезінде ассемблер тілін міндетті түрде программалау
керек. Сонымен қатар ассемблер тілін компьютпрлік ғылыми өлшемдермен немесе
технологиялық процесті басқарылатын жүйесімен қосылған стандартты емес
аппаратураларды басқаратын программаларды жазуға ыңғайлы. Сонымен бірге
математикалық немесе логарифдік сипаттағы модельдеуден, сандық немесе
символдық ақпараттарды өңдеуге, мәлімет базасына қызмет көрсететін
программаларды жетілдіру үшін жоғарғы деңгейдегі тілдер қажет.
Ассемблер тілі алғашқы тексті жоқ программаларды зерттейтін негізгі
құрал болып табылады. Орындалатын программалардың шартты белгілерін ашу
деассемблер – қызметтік программалар көмегімен жүзеге асады. Ол орындалатын
программалық текстік кодты ассемблер түріне түрлендіреді. Әрине мұндай
текстпен жұмыс істеу үшін пайдаланып отырған программалау тілін жетік
меңгеру керек.
Ассемблер тілін меңгеру ПК-де (дербес компьютерде) программа жазатын
барлық маманға міндетті.
Қазіргі таңда IBM PC типті дербес компьютерлердің операциондық
жүйесін программалау екі класқа бөлінеді. MS-DOS бір тапсырмалы текстік
жүйе және көп тапсырмалы Windows графикалық жүйесі. MS-DOS операциондық
жүйесі нақты режимдегі жүйе болып табылад; басқа сөзбен айтқанда ол 8086
процессорлы құралдарды пайдаланады, тіпті егер ол Pentium процессорлы
компьютерде орнатылса да. Windows жүйесі – қорғаныс режиміндегі жүйе;
Қазіргі заман процессорларының мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланады. Жекелей
алғанда, көп тапсырмалылық және кеңейтілген адрестік кеңістік.
1 MS DOS операциялық жүйесі
MS DOS (Microsoft Disk Operation system – дискілік операциялық жүйе) –
оның басты функцияларының бірі дискілік жадыны басқару. DOS 16 разрядты
дербес компьютердің нақты стандарты болып, Microsoft фирмасының өнімі MS
DOS болып табылады. Сондықтан DOS туралы айтқанда MS DOS жайында айтылады.
MS DOS көп деңгейлі каталогтар құрылымында файлдарды енгізуді және көмекті
қамтамасыз етеді. Қуатты жүйелік командалары және жүйелік утилиттары бар.
MS DOS тексті, интерфейсті бір тапсырмалы жүйе. MS DOS басқаруымен
әртүрлі программалау тәсілдерін және 1000-даған программалық өнімдердің
атауын аударғыш жұмыс істейді.
MS DOS негізінен дйсктік файлдармен жұмыс істейтіндіктен дискінің
файлдық құрылымын қалыптастыру ережелеріне біраз тоқталып өтелік. Дискінің
файлдық құрылымын қалыптастыруда MS DOS операциялық жүйесі келесідей
ережелержді ұстанады:
1) Файл немесе каталог бірдей атпен әртүрлі каталогтарда тіркеле
алады, бірақ бір каталогта бір рет қана тіркеледі;
2) Файл және бағыныңқы каталог атының тіркелу реті аталық каталогта
ерікті болады;
3) Файл дискілік кеңістікте бөлінген жер үшін бірнеше бөліктерге
бөлінуі мүмкін, олар әртүрлі жолда және әртүрлі секторларда бірдей
көлемде болады.
Операциялық жүйе жұмыс істегенде оның негізгі құралы –команда. Ол
компьютерге белгілі бір әрекетті орындататын арнаулы программалар шақыру
үшін қолданылады. Команда формат деп аталатын нақты құрылымнан
(структурадан) тұрады. Команда форматы аты команданың аты мен параметрінен
тұрады. Параметр деп –түпкі каталогты немесе кез келген деңгейдегі ішкі
каталогты көрсететін маршрутты айтады. Мысалы:
C:\dir_student\basic – STUDENT каталогына кіретін BASIC әшкі
каталогының мазмұнын экранға шығарады.
Командалардың екі типі бар: ішкі және сыртқы.
Ішкі командалар ең қарапайым және жиі қолданылатын командалар. Сіз
MSDOS жүйесінде дискісінде сақталған файлдар тізімін қарастырып жатқанда
оларды көрмейсіз. Олар COMAND COM файлының құрамдық бөлігі болып табылады.
Сіз ішкі команданы тергенде ол бірден орындалады. Ол резидентті командалар
деп аталады.
Сыртқы командалар жеке программалар, олар орындалу үшін операциялық
сақтау құрылғысындағы MS DOS командалық процессорында жүктеледі. Оны
резидентті емес командалар деп те атайды.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы MS DOS модульдері және сыртқы
командалар болғандықтан модуль дегеніміз не соған тоқтала отырып жұмысның
мақсатына жету үшін осы модульдерді жеке-жеке ашып өтейін.
Модуль – аяқталған, хатталған және басқа да функционалды желілермен
және модульдермен байланысы бар өзіндік үйлескен жүйенің функционалды
бөлігі.
DOS мынадай негізгі модульдерден тұрады :
1 ТЕСҚ-ғы BIOS – енгізушығару базалық жүйесі;
2 Дискетаның (жүктемелі жазбасы( (бастапқы жүктелу блогы – Boot
Record);
3 IВM BIO.COM – енгізушығару базалық жүйесінің кеңейтілген модулі;
4 IBM DOS.COM – үзілісті өңдеу модулі;
5 COMMAND.COM – командалық процессор;
6 Сыртқы командалар (утилитттары).
Көрсетілген модульдердің әрқайсысы операциялық жүйе орнатқан
функциялардың белгілі бір бөдігін орындайды. Олардың орналасу орны да
әртүрлі. Енгізушығару базалық жүйесі басқа модултдар сияқты дискіде емес
тұрақты есте сақтау құрылғысында сақталады (ТЕСК).
2 ТЕСҚ-ҒЫ BIOS ЖҮЙЕСІ
Енгізушығару базалық жүйесі (BIOS) – енгізушығаруды жүзеге асырумен
байланысты ең қарапайым және универсалды қызметін орындайтын операциялық
жүйе. Машинаны қосу кезінде және DOS-тың алғашқы жүктелу блогын шақыруда
BIOS функциясына сонымен қатар аппараттың негізгі компоненттерін (жедел
жады және тағы басқа) автоматты тестілеу кіреді.
BIOS енгізушығару базалық жүейсі – DOS BIOS комплексті аппаратқа ең
жақын, тұрақты жадыда орналасқан дербес компбютердің дербес компьютердің
жеткізуші комплекстеріне кіреді. Операциялық жүйенің типі өзгеруі мүмкін,
ал BIOS тұрақты болып қалады. Сондықтан BIOS дербес компьютердің
өзгермейтін бөлігі бола тұрып, бір жағынан аппарат бөлігінің компоненті
түрінде қарастырылуы мүмкін ал екінші жағынан кез келген операциялық
жүйенің компоненті ретінде, сонымен бірге MS DOS–тың да құрамдас бөлігі
болып табылады. Шын мәнінде MS DOS амына кірмейді бірақ бұл модульсіз
операциялық жүйе жұмыс істеуі мүмкін емес екенін ескере отырып оны MS DOS
құрылымының компоненті деп санаймыз.
BIOS-тың негізгі функциясы дербес компьютердің орташа жұмыс істеу
процесінде жүзеге асады. Бұл дербес компьютердің нақты модельдерінің
құрамына кіретін (соның ішінде:дисплей, перне, дискі енгізгіш, принтер,
таймер) стандарты сыртқы (шалғай) құрылғыларды басқару. BIOS-тың жеке
ақпараты-программалы модульге бөлінуі дербес компютердің нақты программалар
тізімінен тәуелзіс программалардың қамтамасыздануын қамтамасыз етеді
BIOS көмекші функциялары дербес компьютерді іске қосқаннан кейін
жүзеге асады және мыналардан тұрады:
- Операциялық жүйенің жүктелу программасын іздеу – бірінші
иілгіш, сосын қатты дискіде жүргізіледі және жүктелу дискіден
жедел жадыға байланысады;
- Аппарат бөлігін, сонымен қатар жедел жадыны тестілеу, ақау
табылса хабарды индикациялау;
- Төменгі деңгейлі үзіліс векторын индикациялау.
BIOS құрамында болады: стандартты сыртқы құрылғылардың жұмысын басқару
бойынша арнаулы арнаулы программалар (драйверлер); аппараттың жұмыс істеу
мүмкіндігін бақылау үшін тестілік программалар; операциялық жүйенің жүктелу
программалары.
Драйверлер – операциялық жүйелердің мүмкіндіктерін кеңейтетін
программа. Құрылғылыр драйверлерімен жұмыс істегенде сыртқы құрылғылардың
жұмыс істеу тізімін, жұмыс істеу принципін егжей-тегжей тексеру керек.
Драйверлер құрылғысының функциялары келесідей:
1) берілген шалғай құрылғыға түсетін сұранысты, басқарушы дабылды
қабылдау және өңдеу;
2) осы құрылғыға байланысты түрлендіру міндеттілігі, сонымен қоса
конструкцияның барлық бөлшектерін және оның жұмыс істеу
ерекшеліктерін ескеру.
Пернетақтадан перне басылғаннан кейін сәйкес драйвер дабылды өңдейді,
перне регистрлерінің ауысуы кезіндегі өңделуін басқарады. Сондықтан сіздің
көңіліңізді осыған аударайық, мұндай операциялар кез келген программа үшін
стандартты болып табылады және берілген тапсырманы шешуге қатысы жоқ.
Драйверлер тек қана енгізушығару функцияларын басқарудың стандартты
функцияларын орындайды. Драйверлер деп сонымен қатар кеңейтілген жадыны
қамтамасыз ететін, сол сияқты вертуалды құрылғыларды құру қызмет ету.
Мысалы, электрон дискісі –жедел жадыдағы иілгіш дискінің иммитациясы сияқты
программаларды атқаруы мүмкін. Драйверлер стандартты және жүктемелі болуы
мүмкін. Стандартты (ішкі) драйверлер –бұл BIOS ішінде болатын программалар
немесе ЕМ BIOS –тың кеңейтілген содульдер және дербес компьютердің
стандартты жеткізуші құрамына кіретін сыртқы құрылғыларды басқару қызметін
басқарады. Бұл дербес компьютердің орташа жұмыс істеу жағдайын өткенде
жүйеге автоматты түрде қосылады. Жүктелетін (сыртқы, орнатылатын)
драйверлер –бұл дискіде сақталатын және сыртқы құрылғыларды басқаруға
арналған программалар. Стандарттыдан өзінің техникалық параметрімен немесе
эксплуатациялық ерекше режимімен ерекшеленеді. Жүктелетін драйверлер тек
конфигурация файлында Config. Sys көрсетілгеннен кейін ғана жүйеге
қосылады. Жүктелетін драйверлерді қолдану мүмкіндігі операциялық жүйенің
жаңа сыртқы құрылғыға үйренуін жеңілдетеді.
BIOS сыртқы тұрақты модулі тұрақты жадыда сақталады және қарапайым
эксплуатация жағдайында өзгермейді. Ол тұрақты жадыға тек дербес
компьютерді дайындау кезінде ғана жазылады. Бірақ BIOS құрамын өзгерту
керек болса келесідей алғышарттар қажет: жаңа сыртқы құрылғылардың дербес
компьютерге қосылуы және стандартты емес командалық процессорды пайдалану
және т.б.
Құрамды (firm ware) деп – компьютердің электронды бөлшегінің құрамы
болатын программаларды айтады. Құрамды программалар сонымен қатар BIOS
компьютерін басқаруда және енгізушығару функциясының машинаға тәуелді
барлық базалық функциясын жүзеге асырады. Қиын жағдайда компьютердің
аппаратын тікелей басқара алмайтын программалар осылармен тікелей
байланыста болады.
Сауда маркасын және оның кәсіп үлгілерін қорғау заңының талаптарына
сәйкес IBM PC көшірмесіне пара-пар компьютер сатуға және шығаруға тиым
салынған. Сондықтан IBM-мен біріккен 100% компьютер моделі болуы мүмкін
емес. Әрбір компьютер оны шығарушы фирманың арнаулы ТСҚ (ПЗУ)
микросхемасында пайдаланылатын және моделдердің нақты ерекшеліктеріне
сәйкес аппаратураны басқаруды жүргізетін микропраграммалармен жабдықталған.
Бұл микропрограмма (BIOS) аппаратуралар үшін программалық бұйрықтарды
талқылауда өзіндік роль атқарады. Пайдаланушы программаларды және
операциялық жүйе беретін бұйрықтарды BIOS аппаратқа түсініктіғып жеткізеді.
Бұл жағдайда әртүрлі модельдегі компьютерлердің ерекшеліктеріне
қолданылатын программалардың қажеттілігі азаяды. Мұндайда BIOS-қа сенуге
болады. BIOS программасы түсінікті бұйрықтары терілімі IBM сәйкестелген
командасы үшін стандартталған.
ТСҚ –дағы BIOS компьютерді қосқан кезде бірден іске қосылады және
(программалық бұйрықтарын талқылаудан басқа) келесі тапсырмаларды
орындайды:
1) дербес компьютерді қосқан кездегі автотест. Ол компьютердің жеке
бөліктері қалай жұмыс істеп тұрғанын тексереді.
2) дискіден немесе винчестерден операциялық жүйені жүктейді (BOOT).
Жүктелгеннен кейінгі BIOS –тың пайдаланушыға беретін типтік хабарлама
тізбегі келесідей болуы мүмкін:
DTK 386 sx chipset Rom Bios version 4.26.
(c) 1988 90 Data tech Enterprises Co., Ltd
895102290 N
Base Ram Test... 640 kB
Swadow Ram Test... 384 kB
Extended Ram Test... 1024kB
Himem: DOS XMS Driver, Version 2.60 -040590
XMS Specification Versin 2.0
Copyright 1988-1990 Microsoft Corp.
Installed A 20 handler numdeer1.
64k High Memory Area is available
C:\
Барлық компьютерлердің жеке құрылғылары қосылғаннан кейін автотест
жүргізіледі. Мамандар бұл тестіні POST (фғыл. Power-On Self Test –
қосылғаннан кейінгі автотест) деп атайды.
Іске қосылудың (primary boots trap) келесі процедурасы диск енгізгішке
немесе винчестерге арналған және оған іске қосуға арналған немесе жарайтын
программа барма соны тексереді. Егер бар болса оны өзінің жадысына
жүктейді. Бұл кезде жүктелу процесінің өзі дискетада немесе қатты дискіде
- Boot секторындағы арнаулы мини прграммаларының орындалуынан басталады.
Экрандағы кезекті хабарлама жүктелу процесіне әсер етеді (жоғарыда
келтірілген мысал Himem кеңейтілген жаңа драйвердің нәтижелі орнатылғанын
көрсетеді) .
Ескерту-
ТЕСҚ –да сақталған BIOS программасы операциялық жүйені іздеуді
әрдайым А: дискенгізгішінен бастайды. Егер компьютерді жүктеу кезінде
дискенгізгішті іске қосуға арналмаған және операциялық жүйе жоқ
дискета болса, онда сіз мынадай хабарлама аласыз:
NON SYSTEM DISK
Жүйелік емес дискета
Бұл жағдайда дискетаны операциялық жүйелі дискетаға ауыстыру керек
немесе дискенгізгіштен дискетаны алып тастау керек және қайта жүктеу үшін
кез келген пернені басу керек (тіпті болмаған жағдайда Ctrl–Alt–Delete
комбинациясын пайдалану керек). Егер компьютер А дискенгізгішінен дискета
таппаса, онда ол жүйені іске қосуды қатты дискіден бастайды.
3 ДИСКЕТАНЫҢ (ЖҮКТЕМЕЛІ ЖАЗБАСЫ(
Жүйелік дискетада, НДД дискіде DOS пен бөлектенген бөлігінде
орналасады. Жүйелік дискінің түпкі каталогын қарастырады. Алғашқы екі
файлдар каталогта IO. SYS және MS DOS. SYS файлы болады ма соны тексереді.
Егер болса операциялық сақтаушы құрылғыда жүктейді де басқаруды MS DOS –қа
береді. Егер болмаса экранға хабарлама шығады және кез келген пернененің
басылуын күтеді.Бастапқы жүктелу мынадай сатылардан тұрады:
1. Дербес компьютер қосылғаннан кейін BIOS программасы орындалады.
2. тексергеннен кейін POST процедурасы (BIOS модулін) іздейді және
бастапқы жүктелу блогын жүктейді.
3. Бастапқы жүктелу блогы жүйелік дискідегі түпкі каталогтан IO. SYS
және MS DOS. SYS файлдарын іздейді. (Бұл файлдар бірінші болуы керек және
осы ретпен).
4. Бастапқы жүктелу блогы IO. SYS файлын жүктейді де оған басқаруды
береді.
5. IO. SYS -MS DOS –ті жүктейді және түзетеді. Қосылған құрылғылар
жағдайын анықтайды, қосылған құрылғыларды инициялдайды, керекті құрылғылар
драйверлерін жүктейді. Оған басқару береді.
6. MS DOS SYS инициалдайды, ішкі жұмыс таблицаларын CONFIG. SYS
файлында көрсетілген драйверлерді жүктейді, командалық процессорды
жүктейді.
7. Командалық процессор AUTO EXEC. BAT файлында көрсетілген
командаларды орындайды. Командалық процессор монитор экранына MS DOS
жүйелік поцказкасын шығарады да пайдаланушы командасын күтеді.
Бастапқы жүктелу процесі электр көзіне қосылғаннан–ақ немесе
қосылмай–ақ жүктелуі мүмкін. Компьютердің бастапқы жүктелуі автоматты түрде
жүзеге асады:
1) компьютермен жұмыс істеу басында яғни компьютердің электр ток
көзіне қосылуы кезінде;
2) компьютер корпусындағы RESET түймесін басу кезінде (мұндай түйме
компьютердің барлық моделінде бар).
Сонымен қатар бастапқы жүктеу пайдаланушының немесе программаның
талабы бойынша жүзеге асуы мүмкін. Мысалы, MS DOS операциялық жүйесімен
жұмыс істеу кезінде, ол үшін пернетақтадағы Ctrl–Alt–Delete пернелерін бір
мезгілде басу керек. WINDOWS 95, OS2 және WINDOWS NT операциялық жүйелерін
жүктеу үшін жүйе менюіндегі сәйкес пунктін таңдау керек.
Операциялық жүйенің жүктеуіш программасы алғашында операциялық жүйенің
файлдарының біреуін оқиды да оған басқаруды береді. Сондықтан жүктеудің
келесі қадамы жүктелетін операциялық жүйе түрлеріне байланысты. Мысалы, MS
DOS–та жүктеу кезінде экранға хабар шығады Starting MS DOS..., компьютер
жадысында DOS–тың негізгі файлдары оқылады, содан кейін конфигурация
командасын орындайды, ол CONFIG.SYS және AUTO EXEC. BAT файлдарында
орналасқан сосын экранға DOS шақыруы шығады, айталық С:\, ол DOS команда
қабылдауға дайын екенін көрсетеді, ал басқа операциялық жүйеде бастапқы
жүктеу басқалай орындалады. Сонымен MS DOS жүктеу процесі келесідей болады.
1 Дискетаның бастапқы секторында немесе логикалық дискіде орналасқан
MS DOS жүктеуіш программасы түпкі каталогтан IO. SYS және MS DOS. SYS деп
аталатын алғашқы екі файлдарын оқиды. Егер бұл файлдар онда табылмаса қате
туралы хабарлама шығады:
NON SYSTEM DISK OR DISK ERROR. REPLACE AND STRIK ANY KEY WHEN READY
Бұл сөздiң мағынасы: жүйелік диск емес немесе дискте қате, дискті ауыстырып
дайын болғанда пернені бас. Егер сіз бұл кезде операциялық жүйені
дискетадан жүктегіңіз келсе А дискенгізгішке дискетану салу керек. Егер сіз
MS DOS–ты қатты дисктен жүктегіңіз келсе дискенгізгіштің есігін асу ашу
керек немесе А дискенгізгішінен дискетаны алу керек. Бұдан кейін кез келген
бір дискетаны басу керек. (Пробел( немесе (ENTER( жүктеуді қайталау үшін
дискетаны алу керек.
2 Егер жүктеу дискісінің түпкі каталогында IO. SYS және MS DOS. SYS
деп аталса онда MS DOS жүктеу программасы жадыда алғашқыда IO. SYS файлын
оқиды да оған басқаруды береді. Онда жадыға IO. SYS файлының қалдығы мен
MS DOS. SYS файлының жүктейтін программа болады.
3 MS DOS-тың 6.0. версиясынан бастап экранда Starting MS DOS... хабары
шығады және сіз екі секунд ішінде ДОС конфигурация файлдары - CONFIG. SYS
және AUTO EXEC ВАТ орындауға жіберу үшін F8, F5 және т.б. пернелерді басу
керек.
4 Егер жүктеу дискінің түпкі каталогында қысылған диск драйверлері
болса (DBLSPACE. BIN немесе DRVSPACE. BIN), онда MS DOS бұл драйверлерді
жүктейді.
5 Жүктеу дискінің түпкі каталогында конфигурацияның жүйелік файл
CONFIG. SYS оқиды және оған сәйкес осы файлдағылар мен құрылғылар,
драйверлер жүктеледі және операциялық жүйенің параметрлері орындалады. Егер
CONFIG. SYS файлы жоқ болса барлық параметрлер өз бетімен орналасады (по
умолчанию).
6 MS DOS 6.0 версиясынан бастап сіз CONFIG. SYS файлының көмегімен
MENU, MENUITEM, MENUDEFAULT және т.б. арқылы бастапқы менюін құра аласыз.
Осы командаларды пайдалану барысында CONFIG. SYS файлын алғашқыда экранға
келесідей меню шығады:
MS DOS 6.2. STARTUP MENU
1. работа в DOS
2. работа в WINDOWS
3. TURBO DEBUGER
ENTER A CHOICE:[2]
Сіз менюдағы сізге керекті пункт номерін басу керексіз немесе ENTER
пернесі номер таңдау үшін. (ол ENTER A CHOICE жазбасынан кейін квадрат
жақшада көрсетіледі).
7 Жүктеу дискісіндегі түпкі каталогта командалық процессор оқылады
(COMMAND COM) оған басқаруды береді. Егер онда COMMAND COM файлы жоқ болса,
қате туралы хабар келеді, (MISSING COMMAND ENTERPRETER).
8 Командалық процессор AUTO EXEC ВАТ файлы компьютерді әрбір іске
қосу кезінде орындалатын командалар мен программаларды көрсетеді. Егер AUTO
EXEC ВАТ файлы дискідегі түпкі каталогта табылмаса онда DOS пайдаланушыдан
ағымдағы күнін және уақытын сұрайды (әдетте күн мен уақыт сұранысына enter
пернесін басу арқылы жауап береді).
Көбінесе AUTO EXEC ВАТ файлы орындалғаннан кейін экранға DOS шақыруы
шығады, айталық DOS командада дайын екенін білдіретін C:\. Бірақ кейбір
пайдаланушылар AUTO EXEC ВАТ соңында өзіне ұнайтын программа қоршамын
(оболочка) іске қосатын команданы пайдаланады. Мысалы NORTON COMMANDER
немес WINDOWS операциялық жүйесі.
4 IВM BIO.COM ДИСКІЛІК ФАЙЛЫ
Бұл резидентті модуль (жүктелгеннен кейін әрдайым операциялық сақауыш
құрылғыда болады). Қолданбалы программаларына бұл модульдің функцияларының
үзілу механизмі арқылы ақпаратты беру немесе қабылдауда MS DOS SPU
режимдері арқылы немесе операциялық сақтауыш құрылғысында сақтауыш құрылғы
шақырады. Енгізушығару базалық жүйесінің кеңейтілген модулі жаңа сыртқы
құрылғыларға қызмет ететін қосымша драйверлерде қолдануға мүмкіндік береді.
Енгізушығару EM BIOS (Extension Module BIOS) сыртқы құрылғыларға
жолдау кезінде операциялық жүйеге иілгіштік қасиет береді, ал керек болған
жағдайда BIOS тұрақты модуль функциясын бөгейді (блокирует) ол дискіде IО.
SYS төрінде осы каталогтан кейін ерте бөлініп белгіленген жерде сақаталады.
Бұл файл көлемі өте үлкен емес. Мысалы MS DOS 6.22. версиясы үшін ол 40
Кбайтқа тең.
Кеңейтілген модуль құрамы операциялық жүйе параметрлерін басты
каталогта сақталған конфигурация файлын CONFIG. SYS пайдалана отырып оңай
өзгерте алады. Бұл файлда жаңа сыртқы командалар қосылғанда олардың жұмысын
басқаратын жаңа драйверлер аты көрсетіледі. Драйверлер өзі файлдар түрінде
дискіде орналасады. Операциялық жүйе жүктелгеннен кейін жедел жадыда
CONFIG. SYS файлдық дискісіне іздеу жүреді, онда керекті драйверлер
көрсетілуі керек және кеңейтілген модулі олардың қосылуын қамтамасыз етеді.
Команданың орташа жұмыс істеу принципіндегі кеңейтілген модулінің негізгі
функциясы-бұл BIOS мүмкіндіктерінің кеңеюі. Кеңейген модуль функциясының
жүктелу кезеңдер келесідей болады:
1) қондырғы жағдайын анықтау;
2) CONFIG.SYS файлдарда көрсетілу бойынша MS DOS-ты конфигурациялау;
3) төменгі деңгейлі кейбір вектор үзілулерін инициализациялау және қайта
орнату;
4) DOS базалық модулін қосу.
Сыртқы құрылғылармен (пернетақта, дисплей, принтер, байланыс адаптері
және динамик) информация алмасудың барлық операцияларын атқарады. Мұның
жұмыс істеу принципі негізінен MS DOS. SYS функциясымен тығыз байланысты.
MS DOS (COMMAND ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz