Батыс Европа және АҚШ - тағы саяси - құқықтық iлiмдер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Европа және АҚШ-тағы саяси-құқықтық iлiмдер.

ХХ ғасырда қоғамдық өмiрдiң демократиялануымен әлеуметтiк-саяси
теориялардың да мазмұны өзгердi. Саясат ұғымы да жаңа мәнге ие болды: егер
бұрын ол мемлекеттiк билiк қызметiнiң саласын ғана қамтыса, ендi ол
қоғамдық қатынастардың кең ауқымын бiлдiрдi. Қоғамдық санада сциентизмнiң
(лат.scientia-ғылым) белең алуына орай, саясаттанушылар мен құқықтанушылар
өз концепцияларында методология мәселелерiне үлкен көңiл қоя бастады.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн саяси ғылымдардың құқықтанудан бөлiнiп
шығуы барысында саяси және құқықтық iлiмдерде әрқайсысы өзiнiң тар мамандық
саласы шеңберiнде тереңдете зерттеу үрдiсi басым болды. Мұның өзi саяси
теорияның iшiнде жекелеген концепциялардың пайда болуына әкелдi, мысалы
тоталитаризм, плюралистiк демократия, үстем элита концепциялары.
ХХ ғасырдың буржуазиялық әлеуметтiк саяси ойында неолиберализм (кейде
әлеуметтiк либерализм, ескi индивидуалистiк либерализмге қарсы),
демократиялық либерализм (аристократиялық либерализмге қарсы, либерал-
реформизм ұғымдары қолданылады) және консерватизм (немесе жаңа
консерватизм, неоклассикалық либерализм, либерал-консерватизм
терминдерiмен де айтылады) басым бағыт қатарына жатқызылады. Бұл
идеологияның жақтаушылары қоғамдық ойда орталық бағыт ұстанса, солшылдарға
әртүрлi социализм, коммунизм және солшыл радикализм (жаңа солшылдар,
солшыл экстремизм және т.б.) концепциялары, ал оңшылдарға фашизм және
неофашизм, жаңа оңшылдар, нәсiлшiлдер сияқты оңшыл радикализм теориялары
жатады.
Неолиберализм және қазiргi консерватизм классикалық либерализм
идеологиясының дағдарысы тұсында, индустриалды дамыған елдерде экономиканы
реттеуде, мемлекеттiң әрекетiн кеңейту мақсатында қалыптасты.
1. Неолиберализмнiң идеологтары (Дж. Кейнс, А. Хансен, Дж. Гэлбрейт
және т.б.) қоғамның реформашыл көңiл-күйдегi топтарының — iрi
өнеркәсiпшiлердiң, жоғарғы шенеунiктердiң, сондай-ақ интеллигенцияның
едәуiр бөлiгiнiң мүддесiн көздейдi. Олар өз бағдарламалары мен
концепцияларында өндiрiстiң дағдарыссыз және тұрақты дамуына қол жеткiзу
үшiн қоғамдық процестерге мемлекеттiң ықпалын кеңейтудi, жеке кәсiпкерлiк
қызмет саласына мемлекеттiң белсендi түрде араласуын жақтайды.
Неолиберализмдегi кейнсшiлдiк бағытының негiзiн қалаушы ағылшын
экономисi Джон Мейнард Кейнс (1883—1946) болды. Ол өзiнiң 1929—1933
жылдардағы ұлы дағдарыстан кейiн жазылған Еңбекпен қамтудың, пайыз бен
ақшаның жалпы теориясы еңбегiнде шiрiген капитализм туралы лениндiк
теорияға қарсы нарықтық экономиканың дамуға қабiлеттiлiгiн, дағдарыстардың
өткiншiлiгiн дәлелдеп жазды. Кейнс мемлекет және құқық мәселелерiмен арнайы
айналыспағанымен, еркiн кәсiпкерлiк режимiнiң орнына экономиканы
мемлекеттiк реттеудi ұсынған оның бағдарламасы саяси практика мен заң
шығарушылыққа тiкелей әсер еттi. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн Батыс
Европаның көптеген елдерiнде экономикадағы дағдарыстардың алдын алуға,
еңбекпен қамту мен тұтыну сұранысы деңгейiн көтеруге бағытталған реформалар
жүргiзiлдi. Бұл шаралардың жиынтығын Батыс Европа елдерiндегi коммунистiк
революцияларға қарсы қоя отырып, батыстағы кейнсшiл революция деп те
атайды.
Кейнстiң идеялары 50—60 жылдары кеңiнен таралды. Бұл идеялар
постиндустриалды қоғам (Дж. Гэлбрейт), экономикалық өсiм кезеңi (В.
Ростоу), игiлiктi мемлекет (Г. Мюрдаль) концепцияларында өзiнiң жалғасын
тапты.
Неолиберализм идеологиясына қарсы шығып, еркiн кәсiпкерлiктi жақтаған
қазiргi консерваторлар (Ф. фон Хайек, И. Кристол, М. Фридман) болды. Бұл
бағыттың әлеуметтiк негiзiн финанс олигархиясы, истеблишмент, ауқатты
фермерлер және шығармашыл интеллигенцияның бiр бөлiгi құрайды. Мемлекеттiң
экономикалық әрекетiн толығымен терiске шығармағанымен, олар жеке капиталға
қатысты мемлекеттiң араласуын шектеудi ұсынады. Экономикадағы мемлекеттiк
билiктiң рөлiн нарықты реттеумен ғана байланыстырады.
Неоконсерватизм идеологиясын австриялық экономист Фридрих Август фон Хайек
(1899—1992) өзiнiң Құлдыққа апаратын жол, Еркiндiк конституциясы
еңбектерiнде, Құқық, заң шығарушылық және еркiндiк трилогиясында
негiздедi. Оның әлеуметтiк-философиялық доктринасы экономикалық
концепциясымен қатар, қазiргi қоғамды ұйымдастыру, мәдени даму, ғылыми
таным методологиялары мәселелерiн де қамтиды.
Хайек өз iлiмiнде нарықты мемлекеттiк реттеудiң кез-келген формасын
сынай отырып, Кейнстiң теориясына да, социализм iлiмiне де қарсы шығады.
Жалпы игiлiк үшiн меншiктi әлеуметтендiру, оның пiкiрiнше, индивидуалдық
еркiндiктi басып-жаншып, тоталитарлық режимдi орнатады. Қазiргi плюралистiк
қоғамға құқық үстемдiк ететiн мемлекет қана сәйкес келедi. Құқықтық
мемлекет жеке құқықтың жалпы құқықтан, тiптi конституциядан да үстемдiгiн
бiлдiредi, өйткенi жеке меншiк еркiндiктiң басты кепiлi болып табылады.
Хайектiң шығармалары 60—70 жылдары АҚШ-та, Англияда және өзге елдерде билiк
басына келген консерваторлар толқыны кезiнде кеңiнен таралды.
Консерваторлар оның идеяларын экономикада, мемлекеттiк сектордың үлесiн
азайту бағдарламаларында, сондай-ақ антикоммунистiк насихатқа көп қолданды.
ХХ ғасырда консерватизм идеологиясымен қатар демократиялық социализм
идеялары да өмiр сүрдi. Бұл iлiмнiң идеялық қайнар көзi Э. Бернштейннiң, К.
Каутскийдiң саяси көзқарастарында жатқанымен, оның басты теориялық
қағидалары екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн Г. Ласкидiң (Англияда
лейбористер партиясы атқару комитетiнiң мүшесi) Бiздiң замандағы рево-
люция туралы ойлар, Л. Блюмнiң (Франциядағы социалистiк партияның
төрағасы) Адамзат ауқымында, К. Реннердiң (Австриядағы социал-
демократиялық партияның төрағасы) Жаңа әлем және социализм еңбектерiнде
негiзделдi. Осы соңғы елу жылда капитализм өзiнiң өмiршеңдiгiмен көзге
түсiп қана қоймай, қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiн өтеу қабiлетiнiң
социализмнен жоғары екендiгiн де дәлелдедi. Демократиялық социализм
теориясының ықпалының бәсеңдеуi, ондағы негiзгi басымдылықтың социализмнен
демократияға ауысуы осымен байланысты. Алайда бұл әлеуметтiк әдiлеттiлiк
идеалдары қоғам дамуына ықпал етуiн тоқтатты деген сөз емес.
ХХ ғасырдағы құқық пен мемлекет туралы теорияларда әлеуметтiк
юриспруденция, позитивистiк нормативизм және қайта өркендеген табиғи-
құқықтық бағыттары қалыптасты.
Әлеуметтiк құқықтанудың ең көрнектi өкiлдерiнiң бiрi американдық
заңгер Роско Паунд (1870—1964). Ол өзiнiң теориялық көзқарастарын бес
томдық Юриспруденция (1959) еңбегiнде баяндайды. Паунд құқықты зерттеуде
инструменталды прагматикалық тәсiлдi қолданды және онда құқықтың өзi
әлеуметтiк бақылаудың инструментi (сайманы) ретiнде түсiндiрiлдi.
Бақылаудың өзi заңға бағынушы азаматтардың әлеуметтiк өзара әре-кетiн,
жүрiс-тұрысын реттеумен және үйлестiрумен байланысты болғандықтан оның
iлiмiн көбiне заңгерлiк әлеуметтiк инженерия деп те атайды.
Паунд өз теориясын оның практикалық маңыздылығын (прагматикалығын) ескере
құрғандықтан, заңгерлердi кiтаптағы құқықпен (яғни заңдағы, нормативтi
актiлердегi құқықпен) шектелiп қана қоймай қимылдағы құқықпен айналысуға
шақырады. Әрекет ететiн немесе қимылдағы құқық ретiнде Паунд эмпирикалық
зерттеуге көнетiн әлеуметтiк өмiрдегi оның өзара бiр-бiрiмен байланысты үш
көрiнiсiн атайды; құқықтық тәртiп (мемлекеттiк органдардың күш қолдану
арқылы әлеуметтiк қатынастарды реттеу режимi), шешiм шығару барысында
жетекшiлiкке алынатын ресми дерек көздерi (заң жинақтары) және сот пен
әкiмшiлiк процесi. Құқықтың мақсаты — қақтығысып қиюласып жатқан мүдделер
мен талаптарды келiсiм мен үйлесiмдiлiкке келтiру болып табылады. Паунд бұл
мүдделердiң кеңейтiлген кестесiн құрастырып, оны қазiргi өркениеттiң
құндылықтары мен постулаттары жинағымен байланыстырды. Мұның барлығын қоса
алғандағы жиынтығы мүдделердiң сақталуын құқық арқылы қамтамасыз етедi.
Әлеуметтiк бақылау құралы ретiндегi құқық концепциясы бұл саладан өзге
де қоғам мен саясаттың көптеген әлеуметтанулық концепцияларының құрылымдық
компонентiне айналды. Паундтың ұстанымының ерекшелiгi әлеуметтiк бақылаудың
дәстүрлi маңызды құралдарының (әдет-ғұрып, мораль, дiн және құқық) рөлiне
өзiндiк баға беруiмен сипатталады. Олар бастапқыда бiр-бiрiнен
ажыратылмаған болатын, тек уақыт өте келе бiр-бiрiнен ерекшеленiп, қоғамдық
және саяси тұрмыста әрқилы орын алды. Орта ғасырларда мораль мен дiн басым
болды және олар урбанизациямен де, патриархалдық тұрмыспен де жақсы сiңiсе
алмады. Паундтың пiкiрiнше, қазiргi қоғамда әлеуметтiк бақылаудың маңызды
құралы құқық болып табылады және бұл бақылау құқық арқылы жүргiзiлетiн
мемлекеттiң функциясына айналды.
Құқық арқылы әлеуметтiк бақылау тұрақтылықты қажет етедi, алайда қоғам
өмiрiндегi ұдайы болып отыратын өзгерiстер үнемi толықтырып отыруды талап
етедi, демек, құқықтық тәртiп қаншалықты тұрақты болса, соншалықты
өзгермелi болуы тиiс. Бұл тұрақтылық-өзгермелiлiк антиномиясын
американдық құқықтанушы В. Фридмэн коллективизм мен интуиция, индивидуум
мен универсум сияқты антиномиялармен қатар қояды.
Паундтың теориясын Гарвардтағы құқық мектебiнде оның шәкiрттерi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
Қазақстан Республикасындағы экономикалық ілімнің даму эволюциясы
ҚАЗІРГІ САЯСИ ҒЫЛЫМНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі кезеңнің демократиялық саяси институттары
Ежелгі және орта ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы
Президент мемлекет басшысы ретінде қалыптасқан институтын қарастыра отырып, оның негізгі қызметі мен конституциялық құқықтық мәртебесін ашу
Ағартушылық ғасыры және француз материализмі
Cаяси құқықтық ілімдер тарихының қалыптасуы
Экономика ілімдерінің тарихы
Қазақстандағы жаңа діни ағымдар
Пәндер