Бейбітшілік сақтау. Демографиялық және азық-түлік проблемалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Бейбітшілік сақтау. Демографиялық және азық-түлік проблемалары

ЖОСПАРЫ

Ғалами проблемалар дегеніміз не?

Қоғамның объективті даму нәтижесінде жаралған, бүкіл адамзатқа
қауіп тудырған және өзі шешуі үшін бүкіл дүниежүзілік
қоғамдастықтың біріккен күшін талап ететін проблемелар ғалами
проблемаларға жатады деген түсініктердің бірі.

Бұл түсініктің дұрыстығы ең алдымен қандай проблемаларды ғалами
проблемаға жататынын анықтаумен байланысты. Егер бұл жоғары
планетарлық проблемалардың шектелген тобы болса, онда ол толық
ақиқатқа сәйкес келеді. Ал егер мұнда төтенше оқиғаларды (әр аймақта
болатын ғалами проблема) немесе ғарышты игеруді (ол шектелген
топтағы елдерге ғана нақты және адамзатты қоссақ, онда бұл түсінік
шектеулі болады).

Ғалами проблемалар сыныптамасында екі негізгі топ ерекшеленеді:

1.табиғи – климаттық сипаттағы проблемалар
2.әлеуметтік - экономикалық және саяси сипаттағы проблемалар.
Олардың негізгісін қарастырайық.

Адамзаттың демографиялық проблемалары планета халқының өсуімен
байланысты. Қазір планета халқы жыл сайын 80 – млн. адамға өседі.
Осы онжылдықта түбірлі өзгеріс болды, тарихтағы өсімнің ең жоғары
деңгейінен өтті – жылына 90 млн. адам. Соңғы екі онжылдықта Жердегі
тұрғындар саны 8 млрд. жетеді. Осыдан кейін халық өсімі азаяды,
және келешекте, 2100 жылға таяу оның саны тұрақтанады.

Адамның өмір сүру ұзақтығы, бұрынғыдан көбірек. өмірдің ғалами
ұзақтығы 1970 – 1975 жж. 56.7 жастан 1985 – 1990 жж. 61.5 жасқа дейін
өсті, мың баладан орташа 71 бала 5 жасқа дейін өледі.
Сонымен қатар Латын Америкасында өмір сүру ұзақтығы тек 66
жас, Оңтүстік Азияда - 57 жас, ал Африкада не бары 52 жас. Өмір
сүру ұзақтығындағы үрдіс негізінде өнеркәсібі дамыған елдердің
есебімен болды. Ол елдерде бұл көрсеткіш 74 жасқа дейін жетті және
мың баладан тек тоғызы 5 жасқа дейін өледі. Дамушы елдердегі
өлімдердің жартысына жуығын инфекциялар тудырады. Ең көп адамдар
респираторлық ауру мен диарея салдарынан өледі, малярия, туберкулез
және холера өмірден талайын әкетеді. Өмір сүру үшін қауіпті, күнделік
тұрмыста және өндірісте қолданатын зиянды химия заттары да тудырады.
Қазір адамдардың көбі, 20 – жыл бұрынғыдан гөрі, жақсы су пайдаланады
және жақсы санитарлы жағдайда өмір сүреді. Табиғи оспа түбімен
жойылды. Жылда миллиондаған балаларды диспепсия зардабынан болатын
өлімнен өте арзан әдіспен тұздалған суды ішкізіп, дәрігерлер
құтқарып қалады. Алты негізгі балалар ауыруы себебінен болатын
өлімділік жылына 5 млн. –нан 3 млн. –ға төмендеді.

Егерде өңделген жерлердің көлемі азаймаса және өспесе ( жаңа
жерлер игерілмесе), онда планетаның бір тұрғынына келетін өңделген
жердің бөлшегі 2000 жылда 0.23 га дейін және 2050 жылда 0.15 га
дейін төмендейді.

Тамақтанудың ең төмен нормасы бойынша бір адамға өңделген
жердің 0.6 га келуі керек. Дәстүрлі егіншілік қазіргі планета
халқының жартысынан азын асырай алады. Жақсы дәндерді және
тыңайтқыштарды пайдалана отырып, құралдар мен шаруашылық әдістерін
жетілдіріп, шығындылықты өсіруге болады.

Бірақ , қарқынды егіншілік қоршаулы ортаға ауыр салмағы тиеді.
Өңделген жердің 16 бөлігін суарса да, онда бүкіл азық – түліктен
үшінші бөлігін ғана алады. Суғаруға жылына 2700 кмкуб су
пайдаланады, әлемде ішетін судың 70 пайыз. 1992 жылы әлем халқының
саны күн сайын орташа 254 мың адамға өсті. 13 000 адам өнеркәсібі
дамыған елдерге, қалған 241 000 адам дамушы елдерге келеді. Бұл
санадағы 60 пайызы Азия елдеріне, 20 пайызы - Африка елдеріне және10
пайыз – Латын Америка елдеріне келеді. Туудың ең ең жоғары пайызы
ауылды жерлерінде байқалады. Бұл аудандардағы тұрғындардың көбі басқа
ауыл тұрғындарымен қосыла, жыл сайын өз ауылдарынан қалаға кетіп,
дамушы елдердегі қала халқының өсімін 60 пайызға дейін көтерді.

Балалар өлімі - кедейшіліктің куәсі, қайғылы куәлігі. 34 дамушы
елдерде осы кезге дейін 10 баладан 1- 2 балаға дейін 5 - жасқа
жетпей өліп жатады. Бұндай қауіп - қатерді көре отырып, аздаған
аналар балалар санын шектеуге тырысады. Қалай оғаштық болса да,
халық өсімі қарқынын төмендету үшін, барлық күшті балалардың
денсаулығы мен өмірін сақтауға бағыттау керек.

Ғалами азық – түлік проблемасы өсіп жатқан планета халқын
тамақпен қамтамасыз етумен байланысты проблема адамзаттың келешек
өмірін ойландыратындарды күдіктендіреді.

Єлемдегі аш адамдар саны 1970 жылда 460 млн. адамнан 1990
жылда 550 млн. – ға жетті, мүмкін 2000 жылда 600 – 650 млн. –ға
жетеді.

Ғасырлар бойы әлемдегі тағам өндірісі тоқтаусыз өсті.
Адамзат тарихында оны алу әдісінде ірі өзгерістер әйгілі.

Бірінші белес - жеміс жинау мен майда мал ұстаудан аң
аулауға өту. Бұл тағам өндірісін елеулі өсірді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамзаттың ғаламдық проблемалары
Семей ядролық полигонының экологиялық проблемалары
Әлемдегі азық-түліктің қажеттілігін қарастыру
Қазақстанда ұлттық қауіпсіздік
Жаhанданудың философиялық мәселелері
Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар мен саяси болжамдар
Мұхиттарды қорғау
Жаhандық проблемалар және заманауи саясат
Экономикалық, әлеуметтік географиясы дәрістік кешен
Мальтустың теориясы
Пәндер