Германия Федеративтік Республикасы - Орталық Еуропада орналасқан мемлекет



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ГЕРМАНИЯ

Германия Федеративтік Республикасы – Орталық Еуропада орналасқан
мемлекет. Кейбір түркі тілдерінде Алмания болып та аталады.
Жер аумағы 356,96 мың км2.
Халқы 81,7 млн.
Астанасы 1991 жылдан Берлин (3,46 млн).
Халқының 94%-і немістер (1998).
Ресми тіл – неміс тілі.
Халқының көпшілігі христиан дінінің протестант және католик тармағын
ұстанады. Германия 16 аймақтан (жерден) құралған федеративті республика. Әр
аймақтың өз конституциясы, пар-ламенті және үкіметі бар. Федеральдік
президент арнайы шақырылған, бундестаг және ландтагтар (әр аймақтың
парламенттері) мүшелерінің бірдей санынан құралған федеральдік жиналыста 5
жыл мерзімге сайланып отырады. Президент мем-лекет басшысы ретіңде
халықаралық жиыңдарға қатысады, шет елдермен келісімшарттарға кол қояды,
елшілерді, федеральдік соттарды тағайындайды, т.б. Елдегі атқарушы билікті
федеральдік канцлер жүргізеді. Жоғарғы заң шығарушы органы — қос палаталы
(бундестаг және бундесрат) парламент. Бундесрат аймақ өкілдерінен құралған.
Ақшасы — неміс маркасы.
Ұлттық мерекесі — Герман бірлігі күні (3 қазан, 1990 ж., Германия
Демократиялық Республикасының Германия Федеративтік Республикасына қосылған
күні). Федеральдік Конституциясы 1949 ж. қабылданған. Ірі калалары Бонн
(297 мың адам), Гамбург (1,6 млн.), Мюнхен (1,2 млн.), Кельн (1 млн-ға
жуық), т.б.
ТАБИҒАТЫ. Германияның солтүстігін Орта Еуропа жазығы алып жатыр.
Оңтүстігінде Шығыс Альпі тау жоталары орналасқан. Өзендерінің көпшілігі
(Рейн, Везер, Эльба) Солтүстік теңізге, оңтүстігіндегі өзендер Дунайға
құяды. Батысы мен солт.-батысының климаты қоңыржай теңіздік, ал оңтүстік-
шығысының климаты қоңыржай-континенттік болып келеді. Каңтардағы орташа
температура 0°С, ал шілде айында 16 — 17°С, оңтүстігінде 20 — 22°С. Жауын-
шашынның орташа жылдық мөлшері 500 — 600 мм, тау бөктерлеріңде 1000 — 2000
мм.
ТАРИХЫ. Германия жерін адам баласы палеолит дәуірінде-ақ қоныстана
бастаған. Б.з.б. 3 — 2-мыңжылдықта жергілікті тұр-ғындар мал шаруашылымен
және егіншілікпен айналысты, ал б.з.б. 1-мыңжылдықта темір қорытуды
меңгерді. Б.з.б. 1 ғ-да Рейннің батыс жағалауы Рим империясының қол астына
қарады. 4 ғасырдың аяғында германдыктардың алғашкы тайпалық одақтары пайда
болды. Олар шығыстан келген ғұн тайпаларымен қосылып, 5 ғасырда Батыс Рим
империясын талқандады. 6 — 8 ғасырларда герман тайпалары франктердің қол
астына қарады. Олар христиан дінін де осы кезде қабылдады. 843 ж. Франк
империясы ыдыраған кезде Шығыс Франк корольдігіне бағынды. Осы мемлекеттің
негізінде герман тайпалары қайтадан біріктіріліп, Германияның түңғыш королі
Генрих І-нің басшылығымен 919 ж. Герман корольдігі құрылды. Алғашқыда бұл
корольдікке 4 тайпалық гер-цогтік (Саксония, Франкония, Алеманния, Бавария)
бағыңды, кейін Лоторангия (925) және Фризия қосылды. 962 ж. герман королі
Оттон 1 Римді жаулап алып, Рим папасы тағына отырды. Осы кез-ден бастап
герман корольдері өздерін "Қасиетті Рим империясы" тағының мұрагерлері деп
жариялады. 1032 — 34 ж. империя құрамына Бургундия корольдігі қосып алынды
(қ. Бургундар). Корольдік 11 ғасырдың ортасынан бастап саяси бытыраңқылықты
бастан кешірді. 18 ғасырға дейін корольдікті билеуші 17 әулет ауысты. 13
ғасырда корольдік құрамындағы кейбір князьдер, әсіресе, Саксон әулетінен
шықкан князьдер (Семсер асынушылар, Тевтон ордені) шығысқа жорықтар жасап,
лив, эст, прусс тайпа-ларының жерлерін жаулап алды. Соның нәтижесінде
Германия аумағы шығысқа қарай екі есеге жуық ұлғайды. Алайда Италиядан
бастап Балтық теңізі бойына дейін созылып жатқан корольдікте ықпалды
әулеттер билеген жеке-жеке князьдіктердін беделі күшті болды. Әсіресе,
корольді сайлау құқығын иеленіп алған курфюреттер жетекші топқа айналды. 14
ғасырда жеке-жеке князьдік өкілдерінен түратын заң шығарушы орган —
рейхстаг жұмыс істей бастады. Ал князьдіктердегі осындай өкілетті орган
лантаг деп аталды. 1517 — 1648 жылдардағы діни реформалар, 1524 — 25
жылдардағы шаруалар соғысы, отыз жылдық соғыс (1618 — 48), т.б. оқиғалардан
кейін де герман князьдіктері орталық билікке тұтас бағына қоймады. Француз
императоры Наполеон I Австрия мен Пруссияны талқандағаннан кейін (1806)
"Қасиетті Рим империясы" жойылып, герман князьдіктерінің бытыраңқылығы әрі
қарай жалғасты. Бұл жағдай Германияның әлеуметтік-экономикалық дамуына
қатты бөгет жасады. Соңдықтан герман князьдері, соның ішінде ең алдымен
Австрия және Пруссия билеушілері ұсак герман мемлекеттерін бір орталыққа
біріктіру үшін өзара бәсекелестікке түсе бастады. Франция талқандалғаннан
кейін 1815 ж. Вена конгресінің шешімімен Австрияның басқаруындағы Герман
одағы құрылды. Бірақ Пруссия әскери-экономикалық жағынан тез дамып, 1866 ж.
Австрияға күйрете соққы берді де, өзіне тікелей бағынышты Солтүстік Герман
одағын кұрды. "Темір канцлер" О.Бисмарктың басшылығымен (1862 — 90) Пруссия
1870 ж. Францияға қарсы соғыс ашып, елдің бірігуін аяқтады (қ. Бисмарк).
1871 ж. Пруссия королі Вильгельм I кайзер (император) болып жарияланды.
Елдің бірігуі экономикалық дамуды жеделдетті де, көп ұзамай Германия
Англияны басып озып, Еуропадағы ең дамыған мемлекетке айналды әрі жедел
түрде Африкадан отарлар жаулап ала бастады. Негізгі бәсекелестерін
әлсіретіп, дүние жүзіне үстемдік орнату үшін ол 1879 және 1881 ж. Австрия —
Венгриямен, Италиямен келісімге келіп, "Үштік одак" құрды. Бұған карсы 1891
- 93 ж. Франция -Ресей одағы, 1904 — 07 ж. Антанта одағы құрылды. Бұл
әскери одақтар арасындағы қайшылық 1-дүниежүзілік соғысқа әкелді (қ.
Бірінші дүниежүзілік соғыс). Ресейдегі революцияның әсерімен 1918 ж. кайзер
үкіметі құлады да, 1919 ж. 28 маусым күні Версаль бейбіт келісімі
жасалынды. Германияда құрылған Веймар республикасы ұзақ өмір сүре алмады.
Соғыстан кейін неміс халқы аса қиын жағдайда қалды. Экономиканың кұлдырауы,
ұлттық ақшаның күрт қүнсыздануы, жүмыссыздықтың күшеюіне байланысты Веймар
үкіметін оңшылдар да, солшылдар да қатты сынға адды. Солшыл-дар 1919 ж.
Баварияда уақытша кеңес үкіметін орнатты, 1923 ж. Гамбург қаласында
көтеріліс ұйымдастырды. Бұған қоса 1923 ж. оңшылдар да жаппай бас көтерді.
Осыдан кейін үкімет билігі жолында оппозициядағы солшылдар (неміс
коммунистері) мен оңшылдар (А. Гитлер басқарған Германия ұлтшыл-социалистік
жұмысшы партиясы) өзара бәсекелестікке түсіп, көп ұзамай оңшыл күштер
жеңіске жетті. 1933 ж. 30 қаңтарда Гитлер канцлер болып тағайындалғаннан
кейін елде кең көлемде жазалау шаралары басталды. Саяси партияларға,
оппозициядағы газет-журналдарға тыйым салынды, 70 мыңға тарта адам түрмеге
отырғызылды. Германияда фашистік диктатура орнады. 1939 ж. 1 қыркүйекте
Германия әскерлерінің Польшаға басып кіруімен 2-дүниежүзілік соғыс
басталды. Дүние жүзі елдері Гитлерге карсы одақ болды. Осы одақтың, ең
алдымен, КСРО әскерлерінің жанқиярлық күш-жігер жұмсауының нәтижесінде Г.
1945 ж. 8 мамырда Тізе бүгу туралы актіге қол қойды. Кейін одақтастар оны 4
аймаққа бөлді. 1949 ж. 20 қыркүйекте АҚШ, Ұлыбритания, Франция әскерлері
тұрған аймақтар біріктіріліп, Германия Федеративтік Рес-публикасы (ГФР,
астанасы — Бонн), 1949 ж. 7 қазаңда Кеңес әскерлері тұрған аймақта Германия
Демократиялық Республикасы (ГДР, астанасы — Берлин) құрылды. Екі герман
мемлекеті бір-біріне қарсы екі әскери-саяси одақтарға қосылды. АКШ-тың кө-
мегімен ГФР экономикасы тез дамып, халықтың әлауқаты жақсарды. Бұл 1949 —
63 ж. ГФР тарихында "Аденауэр кезеңі" деп аталды, әрі осы кезеңде соғыстан
мүлдем талқандалып шыққан елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық
жүйесінің негізі қайтадан қаланып, ішкі және сыртқы саясатының басты
бағыттары белгіленді. Осының нәтижесінде елдің қоғамдық-саяси өмірінде
демократия негіздері берік орнықты және Германия кайтадан дү-ние жүзіндегі
ең дамыған мемлекеттердің біріне айналды. В.Брандт (1969 - 74) және Г.Коль
(1982 - 99) үкіметтері тұсында Г. көршілес Батыс Еуропа елдерімен
интеграциялануды әрі карай тереңдетті. ГДР азаматтары тұрмысы жақсы батысқа
қоныс аудара бастады. Осы процеске қарсы 1961 ж. 13 тамыз күні Берлин
кабырғасы тұрғызылып, шекара күшейтілді. 1985 ж. КСРО-да, кейіннен басқа да
социалистік елдерде басталған саяси реформалардың нәтижесінде 1990 ж. 3
қазан күні Берлин қабырғасы құлатылып, екі герман мемлекеті қайтадан
бірікті.
ЭКОНОМИКАСЫ. Германия аса жоғары дамыған индустриялы-аграрлы ел. Елдегі
ұлттық табыстың 33,6%-ін өнеркәсіп пен құрылыс өнімдері, ал 1,2%-ін а.ш.
өнімдері мен орман шаруашылығы береді. Экономикасының негізгі салалары:
коңыр көмір (дүние жүзінде 1-орын) мен тас көмір шығару, қара және түсті
металлургия, химия, электртехникасы мен радиоэлектроника, машина жасау,
кеме жасау, станок шығару, кұрылыс материалдары, жеңіл және тамақ
өнеркәсіптері. Электр энергиясы, негізінен, жылу электр станцияларынан
(ЖЭС) және шамамен 14-і АЭС-терден алынады. Бұған қоса фарфор өнімдері мен
музыкалық аспаптар, баспа машиналары мен оған қажетті өнімдер шығару да
жақсы жолға қойылған. А. ш-нда халықтың 5%-і ғана жұмыс істегенімен, еңбек
өнімділігі өте жоғары. Ол екі үл-кен салаға: мал шаруашылығы (сиыр, шошқа,
т.б.) мен егін шаруашылығына (астық өнімдері, қант қызылшасы, картоп)
бөлінеді. Шарап шығару мен балық аулау жақсы дамыған. Елдегі темір жолдың
ұзындығы 91,6 мың км, автомобиль жолдарының ұзындығы 496,6 мың км, теңіз-
сауда флотының жылдық тасымал көлемі 5,6 млн. т шамасында. Басты теңіз
порттары: Гамбург, Бремен, Бремерхафен, Вильгельмсхафен, Росток-Варнемюнде.
Туризм жақсы дамыған. Ел экспортқа машина, кұрал-саймандар, химия
өнімдерін, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығарады. Негізгі сауда серіктестері:
Еуропалық Одақ елдері (50%), АҚШ, Жапония, ТМД елдері.
Г. Қазақстанның егемендігін 1991 ж. 31 желтоқсан күні таныды және 1992
ж. 11 ақпаннан бастап дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты. Екі ел
арасыңда экономика, ғылым, техника, т.б. салалар бойынша келісімдер
жасалған. Тарихи отанына қайтуға рұқсат етілгеннен кейін 700 мыңнан аса
қазақстандық немістер Германияға қоныс аударды. Қазакстанның Германияға
жіберетін экспорт мөлшері 495 млн., ал ол елден импорт — 160 млн. неміс
маркасы көлемінде (2000). Қазақстанда 80-нен аса неміс компанияларының
өкілдіктері ашылған, олар 102 бірлескен кәсіп-орындарда жұмыс істейді.
Германия инвестициясы Батыс Қазақстандағы мұнай және газ орындарын барлау
қызметіне, Солтүстік Қазақстанда аса ірі электр станцияларын салуға, Астана
қаласында халықаралық әуежай салуға, т.б. салаларға жүмсалуда. 400-ден аса
казақстандық жастар Германияда білім алуда. Екі ел арасындағы қарым-қатынас
жылдан-жылға ұлғая түсуде.
МӘДЕНИЕТІ. Германияда алғашқы ғылыми еңбектерді орта ғасырларда дін
қызметкерлері жаза бастады. Олардың көрнекті өкілі — Альберт Великий (13
ғ.) алхимия, зоология, ботаника салалары бойынша көптеген ірі туындылар
қалдырды. 14 ғ-дың аяқ кезінен бастап Германияда алғашқы университеттер
(Гейдельберг, 1386; Кельн, 1388; Лейпциг, 1409 т.б.) ашылды. Кітап басып
шығару ісінің пайда болуы (И. Гуттенберг, 1445) ғылымның дамуына мол
мүмкіндік туғызды. 15 ғ-дың орта тұсында Николай Кузанский Орталық Еуропа
картасын жасады. Екінші бір ғалым М.Бехайм алғашқы глобусты жасап шығарды
(1492). Неміс ғалымдары астрономия, математика, медицина, биология
салаларында үлкен жетістіктерге жетті. 16 ғасырда тау-кен өндірісі дамуына
байланысты минералогия ғылымы пайда болды. 18 ғ-дың 2-жартысынан бастап
Германияда жаратылыстану ғылымдары зор табыстарға жетіп, уран, цирконий,
титан, церий, т.б. элементтер ашылды. 1765 ж. дүние жүзінде тұнғыш рет
Фрейбергте (Саксония) тау-кен академиясы ашылды. 19 ғасырда экономиканың
жедел қарқынмен дамуына байланысты жаратылыстану ғылымдары, соның ішінде,
математика, химия, физика, медицина салалары (В.Рентген, Г.Герц, Э.Фишер)
одан әрі дамыды. 20 ғасырда техни-ка, әсіресе, әскери техника жасау (ұшақ,
танктер шығару, электр техникасы) қарыштап дамыды. 1930 ж. зымыран жасау
ісі басталып, 2-дүниежүзілік соғыс (1939 — 45) кезінде алғашқы зымырандар
"Фау — 1", "Фау — 2" сынақтан өткізілді. Соғыстан кейін неміс халқы өзінің
ғылым мен техника жетістіктерін бейбітшілік мақсатта қайта құрды.
Қоғамдық ғылымдардан неміс философиясы әлемдік өркениеттің дамуына
елеулі ыкпал жасады. Философия орта ғасырларда шіркеу мектептерінде дамыды.
Философтар діни кағидаларға қоса математика, астрономия, медицина
ғьиымдарымен де айналысты. Діни реформалар заманыңда (16 ғ.) неміс
гуманистері (И.Рейхлин, У фон Гуттен, т.б.) ресми шіркеуге карсы шығып,
ежелгі дәуір мәдениетінің табиғи дәстүрлеріне қайта оралуды жақтады. 17 ғ-
дың аяқ кезінен бастап неміс ағартушылары (Г.В. Лейбниц, Г.Э. Лессинг,
т.б.) еркін ойлы, гуманистік фило-софияның дамуына көп үлес крсты. И.Кант
еңбектері неміс философиясын классикалық сатыға көтерді. Оның шәкірттері
И.Г. Фихте, Ф.Г. Шеллинг, Т.Гегель философияны әрі қарай дамытты. 1830
жылдан кейін классикалық неміс философиясында бір-біріне қарама-қарсы 2
үлкен бағыт — Гегель және Фейербах бағыттары пайда болды. 19 ғ-дың 40-
жылдары К.Маркс ілімі дамыды. 19 ғасырдың аяқ кезінен бастап неміс
философиясы жаңакантшылдық (Г.Коген, Э.Кассирер, т.б.), эмпириокритицизм
(Э.Мах, Авенариус), "өмір философиясы" (Ф.Ницше), натурализм (Л.Клагес,
О.Шпанн), тарихи (О.Шпенглер, Т.Литт, Э.Шпрангер), жаңагегельшілдік
(Р.Кронер, А.Либерт), экзистенциализм (М.Хайдеггер), пессимистік
(АШопенгауэр, т.б.) бағыттарда дамыды.
ӘДЕБИЕТІ. Көне герман фольклорының дәстүрлі үлгілеріне "Хильденбрант
туралы жыр" (810 ж.ш.), "Мерзебург әуеңдері" (10 ғ.) секілді әдеби
ескерткіштерді жатқызуға болады. Халық өнерпаздары — шпильмандар 12 — 13
ғасырларда ежелгі германдықтардың жауынгерлігі, жиһанкездігі туралы
қаһармандық эпостарды дүниеге әкелді. Осы ретте "Нибелунгтер туралы жырдың"
(1200 ж.ш.) мәні ерекше. Эпос өзінің көркемдігімен, мазмұнымен Еуропа
фольклоры тарихында маңызды орын алады. Түркі ғалымдары "бұл жыр ғұндар
дәуірін бейнелейтін ежелгі жәдігерліктердің бірі "Аттила" (Еділ) дастанының
негізінде жазылған және оны қыпшақтар жазған, сондай-ақ жырдың басты
қаһарманы Этцель (Аттила, Еділ)" деген түжырым жасайды. 14 ғасырдан бастап
елде қалалардың қауырт өсуі жазба әдебиеттің дамуына ықпал етіп, драмалық
сипаттағы шығармалардың кең таралуына жағдай жасады. Ф.Хеммерлин (1398 -
1460), МЛютер (1483 -1546), Ганс Сакс (1494 -1576) шығармалары — неміс
әдебиетіндегі гуманизм дәуірінің ескерткіші. М.Опиц (1597 - 1639),
Г.Векерлин (1584 — 1653) ұлттық әдебиетте классицизм үрдістерін орнықтырса,
Х.Гриммельсхаузен (1621 - 1676), И.К. Готшед (1700 - 1766), т.б.
ағартушылық бағыт ұстанды. Лессинг (1729 - 1781) драмалық шығармаларымен,
"Лаокоон" (1766), "Гамбург драматургиясы" (1767 — 69) сияқты теориялық
еңбектерімен өлемдік эстетикалық ойдың дамуына үлес косты. Неміс әдебиеті
тарихында "Дауыл мен тегеурін" әдеби ағымының рөлі зор болды. Шығармаларын
осы арнада бастаған ұлы суреткер, ойшыл И.В. Гете (1749 - 1832) классицизм
үрдістерін бұзып, терең сезімге, астарлы философиялық ойға кұрылған
шығармалар жазды. Оның "Фауст" трагедиясы — әлем әдебиетінің алтын қорына
қосылды. И.Ф. Шиллер (1759 - 1805) "Карақшылар" (1781), "Зұлымдық пен
махаббат" (1784) сиякты драмалық шығармаларымен, Т.Гейне (1797 — 1856)
саяси лирикасымен неміс әдебиетін биікке көтерді. Германияда фашизм
ұстемдігі орнаған шақта неміс әдебиеті қайшьшықгы күй кешті. Осындай қиын
кезеңде жазылған Б.Брехттің (1898 - 1956) "Шара" (1920), "Ана" (1930)
шығармалары, А.Зегерстің "Жетінші крест" (1939), "Транзит" (1943) романдары
өмір шындығын шынайы бейнелеудің үлгісі ретінде тарихта қалды. Ал
А.Цвейгтің "Тыныштық", Т.Манның "Авантюрист Феликс Крульдің мойындауы"
(1954), "Будденброктар", Э.Ремарктің "Өмір сүру мен өлудің мерзімдері",
т.б. шығармалар неміс әдебиетінің 20-ғ-дағы болмысын байкатады. Неміс
әдебиеті 1949 ж. мемлекет екіге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Германия мемлекеті
Германияның мемлекеті жəне құқығы тарихының кезеңдері
Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет - Франция
Германия Федеративтік Республикасы, тарихы
Герман Федеративті Республикасы
Қазақстан-Германия қарым-қатынастары
Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасуы
Германия Федеративтік Республикасы
ГФР мен Қазақстан Республикасы арасындағы экономикалық қатынастар
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі
Пәндер