Адам - саясат субъектісі
Адам -саясат субъектісі.
1. Адам -саясат субъектісі.
2. Саяси өмірге араласудың алғышарттары. Адамды саяси социализациялау.
1.Адам -саясат субъектісі.
Адамзаттың тарихи дамуының әр кезеңдерінде де , қоғам
өмірінде де саясаттың шешуші рөл атқаруы объективті қажеттілік болып
табылады. Өйткені, өмірдің өзі көрсетіп отырғандай, қоғамның
прогресті дамуы, саясаттың тиімді жүргізілуімен тығыз байланысты.
Ал саясаттың ұтымды болуы оның адамдар үшін олардың жарқын
өмірі үшін қажет. Бұл қоғамның жан-жақты дамуының заңды шарты.
Оның мәні әлеументтік топтар, көпшілік қозғалыстар, саяси
партиялар т.б. қоғам өмірінде қанша көрнекті рөл атқарғанмен,
саясаттың ең басты субъектісі - адам екендігінде. Қандай қоғамдық,
саяси ұйымдар болмасын барлығы да адамдардан тұрады, бүкіл саяси
процестің, қоғамның саяси өмірінің мәні, бағыты, түптің түбінде
адамдардың мақсатымен, көзқарастарымен, олардың ырқымен анықталады.
Олай болса, адам қоғам үшін емес, қоғам адам үшін өмір сүруі
шарт. Адам қоғам өмірінде, саясатта шешуші фактар. Саяси ойлар
тарихында, кезінде саясаттың субъектісі ретінде адамның қоғам
өміріндегі жасампаздық ролі туралы көптеген ғылыми құнды тұжырымдар
айтылған. Мысалы, өзінің “Республика” атты еңбегінде, Платон саяси
бағыттың әртүрлілігі адамдардың табиғи өзгешеліктерімен тығыз
байланысты екенін атап көрсеткен. Ал Аристотель “Саясат” деген
шығармасында адам өзінің табиғи жаратылысына байланысты саясаттан
тыс бола алмайтындығына басты назар аударған. Т.Гоббс және Дж. Локк
мемлекеттің шығуы туралы өзара бір-біріне ұқсамайтын теорияларды,
адам жөніндегі қарама-қайшы концепцияларға сүйене отырып
қарастырған. Шын мәнінде, адамгершілік тұрғысынан қарағанда, адам
қоғам өмірінің, саясаттың ең негізгі белгі екендігі даусыз. Әрине,
бұл үшін әр адам саясат субъектісі деңгейіне көтерілуі қажет. Ал
бұл процесс яғни адамдардың саясаттың субъектісі болып қалыптасуы
көп мағыналы үлкен проблема. Біз солардың кейбіреулеріне ғана
тоқталамыз.
Саясаттың субъектісіне әлеументтік топтар, топтар, ұлттар,
мемлекеттер, саяси партиялар, қозғалыстар жатады.
Мәселе түсінікті болу үшін біз “тұлға”, ”субъект”,”объект”
деген терминдердің мәніне тоқталсақ.
Тұлға деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары
қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз жүріс-тұрысына жауап
беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-
білуші жеке адамды айтады.
Субъект (латынның негізінде жату деген сөзінен) деп
белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам
немесе әлеументтік топты айтады.
Объект (латынның қарсы қою деген сөзінен ) деп субъектінің
танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса, соны айтады.
Басқа сөзбен айтқанда, объект –зерттелетін зат. Сонда саясаттанудың
объектісіне саясат, саясат әлемі жатады.
Саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты
саяси өмірге белсене араласып , басқалардың санасына, іс-әрекетіне,
жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер
енгізетін, саясатты жасайтын адамды, ұйымды не әлеументтік топты
айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері мен
тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т.б. қоғамның нақты,
тарихи жағдайымен анықталады.
Кәдімгі, қарапайым, демократиялық жолмен дамыған елде саясат
адам үшін және адам арқылы жасалады. Себебі, әлеументтік топтар,
қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен
солардың бәрі адамдардан, олардың іс-әрекетінен тұрады. Олай болса,
саясаттың бас субъектісі адам дейтініміз содан.
Адамды саяси жұмысқа итермелейтін негізгі себеп-мұқтаждық пен
мүдде. Мұқтаждыққа өмірде керек, бірақ қолда жоқ зәрулік жатады. Ол
табиғи және әлеументтік болып екіге бөлінеді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz