Европадағы тыныш революция
Европадағы тыныш революция
Егер бір қасиеттілік өз құндылығын жойса,
оны сол бойда басқасы ығыстырып шығады.
Ислам – европалық ұядағы көкектің балапаны,
ол күн өткен сайын күшеюде.
Христиандыққа қатыстықты айқындап айтуға
тыйым салудан исламның жетекшілігін жариялауға
дейін бар болғаны бір-ақ адым.
Елена Чудинованың Париж Әйел Құдайының мешіті романынан
Соңғы он жылдықтарда Европалық Одақ (ЕО) өз қатарына бірқатар жаңа елдерді
қабылдап, өзінің саяси ықпалын ғана кеңейтіп қоймай, сонымен тіке-лей не
жанама түрде адам тууы мен көші-қон жағдайын өзгертіп, түбегейлі
өзгерістерге ұшырады. БҰҰ-ның болжамы бойынша 2050 жылға дейін континенттік
Европадағы қарттардың саны 17 %-дан 31 %-а дейін өседі, Францияда бұл
көрсеткіш 27 %, Германияда 31 %, Италияда 36 % болады. Сол кезде бұл
елдердегі тұрғындар санының жартысынан көбі 49 жастан үлкен болады. Бұл
аштықтың, індеттің, соғыстың немесе басқа әлдебір апат-тың салдары емес.
Европа халқының азаюы – жүз миллиондаған ерлер мен әйелдердің аз бала
болғанын қалайтындықтарының халықты кәдуілгі сақтап қалуға қажеттілікке
жетпейтіндігінің салдары. Артта қалған Албаниядан бас-қа Европаның барлық
елдеріндегі адам тууының деңгейі қалыпты халық санын сақтап қалуға
қабілеттіліктен төмен. Чехия, Германия, Греция, Италия, Польша және
Испанияда бір әйелге шаққандағы бала саны орташа есеппен бірден келеді.
Жоғары білім алуға, экономикалық тұрғыдан тәуелсіз болуға, мансап жағынан
жоғарылауға мүмкіндіктің өсуіне байланысты европалық әй-елдер ана болуды
кейінге ысырады немесе бала туудан бас тартады. Евро-падағы қырық жасқа
дейінгі әйелдердің 10 %-ның балалары жоқ. Бұл сан Финляндияда, Германияда,
Италия мен Нидерландыда 20 %-ға жақын. Бала-ны кеш туу модаға айналды.
Соңғы 40 жылда ЕО үшін бала туудың азаюы айқын үрдіске айналды.
1960 – 2004 жылдары Европа-25 елдерінде 261 миллион адам туды, соның ішінде
Европа-15-те 214 миллион адам. Бұл кезеңдегі ең көп туу 1964 жылға сәйкес
келді – 7 240 мың адам, ал ең аз туу бүкіл соғыстан кейінгі кезеңде 2002
жылы болды – 4 679 мың адам. Бұл жылдардағы туу коэффициенті сәйкесінше
18,7 % бен 10,3 %. Абсолютті түрдегі туу саны 1,5 есеге азайды, ал 1000
адамға шаққандағы салыстырмалы азаю 1,8 есе болды.
2050-жылға дейін ЕО елдерінің халқы 1,5%-ға қысқарады: 2004 жылдың
басындағы 456,8 миллион адамнан 2050 жылы 449,8 миллионға дейін, мұның
өзінде Латвиядағы халық санының 2,3 миллионнан 1,8 миллионға дейін яғни
19,2 % -ға азаюы күтілуде. Мұндай болжамдарды ЕО елдеріндегі демогра-фиялық
жағдай жөніндегі соңғы мәліметтерге сүйеніп “Eurostat” статисти-калық
бюросы келтірген.
2025 жылға дейін ЕО елдеріндегі адам санының шамалы өсуі болжанады - 470,1
миллион адамға яғни 2,9 % - ға. Европа елдері тұрғындарының өсуі, не-
гізінен, иммиграция есебінен болады, себебі “Eurostat” болжамы бойынша 2010
жылдан бастап ЕО елдерінде өлім деңгейі туу деңгейінен аса бастайды.
Дегенмен 2025 жылдан кейін иммигранттар тасқыны ЕО елдері тұрғында-рының
табиғи теріс өсуінің орнын толтыра алмайды да, оның біртіндеп аза-юы
басталады. 2050 жылы ЕО елдерінде 2025 жылға қарағанда 20 миллион адам аз
тұрады, әрі 2004 жылмен салыстырғанда 13 миллионға азаяды.
2004 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда ЕО елдері тұрғындарының жалпы
саны 2050 жылы 1,5 %-ға қысқарады, соның ішінде ЕО елдерінің 15 “ескі”
елінде 0,4 %-ға, ал жаңа 10 елде 11,7 %-ға.
“Eurostat” болжамдары бойынша 2004-2050 жылдар аралығында тұрғындар санының
қысқаруы ЕО елдерінің 13-не әсер етеді. Эстонияда ол 16,6 %, Литвада – 16,4
%, Чехияда – 12,9 %, Венгрия мен Словакияда – 11,9 %, Польшада – 11,8 %,
Латвияда – 9,2 % болмақ.
Абсолюттік сандармен алғанда тұрғындардың ең көп қысқаруы Германияда – 7,9
млн. адам, Италияда – 5,2 млн. және Польшада 4,5 млн. адам болмақ.
2050-жылға дейін тұрғындар санының Люксембургте – 42,3%-ға, Ирландияда – 36
%-ға, Кипрде – 33,5 %-ға және Мальтада – 27,1 %-ға өсуі байқалмақ.
Абсолюттік көрсеткіштермен алғанда халық санының ең көп өсімі Францияда –
5,8 миллионға, Великобританияда – 4,4 миллионға және Ирландияда – 1,5
миллион адамға деп болжанады [1].
Қалай болғанда да, туу көрсеткішінің жоғарылығы халықтың қартаю проблемасын
шеше алмайды, ол бар болғаны оның дамуын басқаруды шама-лы ғана
жеңілдетеді. Европадағы иммигранттардың ұлттық, этникалық, діни құрамының
өзгеруімен ерекшеленетін көші-қон жағдайы мұсылман мигрант-тардың жаппай
көпшілік тасқынымен байланысты шұғыл шиеленісті. Имми-гранттар өздерімен
бірге тілі мен әдет-ғұрыптарын ғана емес, дінін де, негізінен, исламды ала
келді. Мұсылман конфессиясы Европада екінші орын-ға шығып, католиктік те,
протестанттық та елдерде мығым позицияға тұрақтады.
Бұл жағдай жергілікті тұрғындар мен иммигранттардың арасындағы әлеуметтік
және этносаяси қатынастың шиеленісуіне әкеліп соқпай қоймады, қоғамдағы
антииммигранттық көңіл-күйдің күшеюіне әсер етті, сайып келгенде,
жүргізіліп отырған миграциялық саясатқа қарсы жаппай толқуларға әкеліп
соқты. Бірқатар Европа елдеріндегі ультраоңшыл күштердің иммигра-ция
проблемасын пайдаланып, кейінгі кезде айтарлықтай саяси табыстарға қол
жеткізгендерін (мысалы, Австрияда, Данияда, Францияда), сонысымен билеуші
партиялардың позицияларына белгілі дәрежеде сес көрсеткендерін атап өту
маңызды. Бұл Батыс Европа мемлекеттерінің өкіметтерін іс жүзінде көші-қон
процестерін басқаруға тепе-теңдік, комплекстік және жан-жақты-лық
тұрғысынан қарауға қажеттілікті, жасырын иммиграцияны тудыратын барлық
факторларды есепке ала отырып, мәселені шешудің жаңа жолдарын белсендірек
іздеуге мәжбүрлейді. Европа елдеріндегі көші-қон саясатында болып жатқан
өзгерістер тұрақты сипат алуды үдетуде әрі жалпы страте-гияға, нақты
бағыттарға және олардың іске асуына әсер етуде.
Қазір жаңа мың жылдықтың ең маңызды міндеттерінің бірі Европада ер-
кіндіктің, қауіпсіздіктің және тәртіптіліктің кеңістігін жасау болып
тұрғанда, жасырын иммиграция тудыратын қылмыстың күшеюі жалпы саясат жасау-
дың, әсіресе ЕО шеңберінде, әрі біріккен шараларды қолданудың қажетті-лігін
талап етеді. Жасырын миграция мәселелерін шешудегі жайбарақаттық-тың
қауіптілігі Европада жүздеген мұсылмандардың қаза болуына алып келген
көптеген елдердегі террорлық актілерден кейін ерекше айқын болды. Жасырын
миграция халықаралық терроризмнің таралуының мүмкін жолда-рының бірі екенін
қарастыру жиіледі. Одан басқа соңғы жылдардағы қай-ғылы оқиғалар жеке
тұлғаның еркіндігі мен қауіпсіздігінің біреуін таңдауға мәжбүрлейді. Европа
елдеріндегі саяси сана дамытқан кәдуілгі сананың еркіндік пен қауіпсіздік
дәстүрін терең меңгергені сонша, қауіпсіздік, оның ішінде П.Вирильо
қауіпсіздік қоғамы деп атаған қоғамның шын мәнінде толық әрі аяқталған
түрі өз бейнесін тапқан Европаның ең басты мәдени құндылықтарының біріне
айналды. Егер 1990 жылдардың бас кезінде таңдау еркіндіктің пайдасына
шешілген болса, енді европалықтар қауіпсіздікке жиірек ден қояды. Басқаша
айтқанда, жасырын иммиграция ұлттың та, жеке бастың да қауіпсіздік
деңгейіне шындап әсер етеді. Жасырын миграцияны қысқарту мен жалпыевропалық
миграция саясатын үйлестіру жолында 2002 жылы Испанияда (Севилья қаласы)
өткен ЕО саммиті маңызды қадам болды. Онда Европа елдерінің экономикалық
дамуына қажеттіліктермен тығыз бай-ланысты Европадағы жасырын миграциямен
күрестің негізгі бағыттары ай-қындалды. Жасырын иммиграцияға қарсы тұрудың
жемісті болуы үшін жасырын келушілердің адам айтқысыз тасқынын тоқтатуға не
шектеуге ти-імдірек механизмдер қажет, ал иммигранттардың және, ең алдымен,
қашқын-дардың санын қысқарту үшін иммигранттардың отанына оралу процесінің
жеңілдетілуіне бағытталған шаралардың жиынтығы керек.
Батыс Европаның аумағында екі үлкен топты бөліп көрсетуге болады:
1) негізінен, эмиграциясы көп елдер және 2) негізінен, иммиграциясы көп
елдер.
Эмиграциясы көп елдердің қатарында ұзақ уақыт Оңтүстік Европаның мем-
лекеттері – Италия, Испания, Португалия, бұрынғы Югославия Федеративтік
Республикаларының Одағындағы (ЮФРО) еңбек мигранттарының негізгі бөлігін
құраған елдер болды. Бұл топқа Ирландия мен Финляндия кіреді. Батыс
Европаға сонымен бірге Солтүстік Африка мен Азияның барлық субаймақтарынан
дерлік еңбек мигранттарының тасқыны бағытталған. Мұн-дай мигранттардың
жалпы санының алдында Түркия, бұрынғы ЮФРО аума-ғында болған елдер, Италия,
Испания, Португалия, Алжир келеді. Олардың кейбіреулері, мысалы, бұрынғы
ЮФРО елдері эмиграциялық тасқындардың ерекше күшті диверсификациясымен
(бөлшектенуімен) ерекшеленеді. Және бұл 90-шы жылдарда Хорватияда, Босния
мен Герцеговинада, кейін Сербия-да болған қарулы қақтығыстарды айтпағанның
өзінде, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі мигранттардың Европадағы ең
үлкен қозғалыстары осы аймақпен байланысты. Иммиграция елдеріне бірінші
кезекте Европаның ба-тыс және солтүстік бөліктерінде орналасқан мемлекеттер
жатады. Олардың әрқайсысының мигранттарды өзіндік тарту аумағы бар.
Мысалы, Герма-ниядағы еңбек мигранттарының көп бөлігі Түркия мен бұрынғы
ЮФРО аумағында болған елдерден келген. Европаның басқа елдерінен –
Италиядан, Грециядан, Испаниядан, Португалиядан, Австриядан, Нидерландыдан
кел-гендер де айтарлықтай ірі диаспораларды құрайды. Францияда сан жағынан
Португалиядан, Испания мен Италиядан, сонымен бірге Алжирден, Марокко мен
Тунистен шыққандар көп. Великобританияда Ирландия мен мұхиттың арғы
жағындағы ағылшын тілді елдерден, Нидерландыда – Суринам мен Индонезиядан
келгендер басым көпшілікті құрайды. Географиялық тұрғыдан қарағанда шет
елдік жұмысшыларды қабылдайтын жеке елдерде олардың бөлінуі үлкен
қызығушылық тудырады. Көбінесе олар басты өнеркәсіп аудандары мен ірі
қалаларда қоныстанады. Мысалы, Франциядағы имми-гранттардың 37 %-ы Үлкен
Парижде, Бельгияда 24 %-ы - Брюссельде шоғыр-ланған. ГФР-да мигранттардың
негізгі бөлігі өнеркәсіптік тұрғыдан өте дамыған төрт жерде топтанған:
Солтүстік Рейн-Вестфалия, Баден-Вюртем-берг, Бавария және Гессен; ірі
қалаларда шет елдік жұмысшылардың үлесі жұмыспен қамтылғандардың жалпы
санының 20-25 %-н құрайды. Бұның себебі шеттен келген жұмысшылардың көбінің
кәсіби мамандығының төмендігіне байланысты, олар ең алдымен құрылыс, тау-
кен, металлургия салаларына, біркелкі конвейерлік өнеркәсіп орындарына
ұмтылады, сондай-ақ көшелерді, үйлерді жинаушы, газет сатушы,
автомашиналарды жуушы, т.б. ретінде жұмыс істейді. Мысалы, Францияда
құрылыс саласында барлық жұмыс істейтіндердің 45%-н, жол жұмыстарында
істейтіндердің шамамен 40%-н, автомобиль жасаушылардың 25%-н, Бельгияда тау-
кен жұмысшы-ларының жартысын, Швейцарияда құрылыс жұмысшыларының 40%-н
қонақ жұмысшылар құрайды. Люксембургте қонақ жұмысшылар негізінен метал-
лургия заводтарында жұмыс істейді. Великобританияда ұлтқа қатысты мәсе-ле
алғашқы рет 1991 жылы санаққа енгізілді. Сонда былай болып шықты: Үлкен
Лондонның тұрғындарының 76,8%-ы (5,3 миллион адам) ақ нәсіл-ділер, 5%-ы
(347 мың) – үнділер, 4,3 %-ы (300 мың) – Кариб аймағынан шық-қан негрлер
мен мулаттар, 3,7%-ы (256 мың) – ирландықтар, 2,4%-ы (164 мың) – Африка
елдерінен шыққан негрлер, 1,3%-ы (88 мың) – пәкстандық-тар), 1,2%-ы (86
мың) – бенгалдықтар, 0,8%-ы (57 мың) – қытайлар. Негр-лердің,
пәкстандықтардың, бенгалдықтардың және үнділердің көпшілігі ма-мандықсыз
немесе жартылай маман жұмыс күшіне жатады. Бұның нәти-жесінде Үлкен
Лондонның аумағында өзіндік ұлттық аралдар пайда болды: үнділіктер Брент
пен Энфилде, Кариб аймағынан шыққандар – Ламбетте, Африка елдерінен
келгендер – Сауттуркте, қытайлар – Вестминстерде. Батыс Европаның ең
алдыңғы қатарлы елдеріне миллиондаған қосымша еңбек-керлердің ағылуы ол
елдердің реиндустриализациялануының тездетілуіне, постиндустриалдық даму
сатысына ауысуына ықпал етті. Бірақ, сонымен бір-ге, бұл жағдай жұмыс күші
нарығында да, жалпы демографиялық жағдайда да көптеген әлеуметтік
қайшылықтардың шиеленісуіне әкеліп соқты. Бұл мигранттар отбасындағы жоғары
деңгейдегі табиғи өсім мен халықтың жал-пы санындағы олардың үлес
салмағының көбеюімен байланысты. Мұндай шиеленістер өмір сүру деңгейінің
төмендеуімен, жұмыссыздықтың өсуімен, инфляциямен және басқа да әлеуметтік
күйзелістермен ұштасатын экономи-калық дағдарыстар мен өнеркәсіптің
құлдырау кезеңдеріне тән. Дәл сон-дықтан 80-ші жылдары қабылдаушы елдердің
көпшілігі шет елден жұмыс күшін келтіруді шектеу немесе тіпті тоқтату үшін
шаралар қолданды. Имми-грация өндірістегі орындарды көбейтпей, тек қана
отбасы мүшелерінің қосы-луы үшін жалғасуда. Батыс Европа елдерінің
көпшілігі ресми тіркелген шет елдіктердің отанына қайтуын ынталандыратын
мемлекеттік бағдарламалар қабылдады. Соған қарамастан кейбір елдерде, –
әсіресе Великобритания мен ГФР-де, – иммигранттардың көп болуы кейде қарулы
қақтығыстар мен бұ-зып-шағуға апарып соқтыратын көпшіліктің қарсылық
акцияларын тудыра-ды [3].
Батыс орта деңгейлі тоғышардың ойынша тиянақты, қалыпқа келтірілген заңдар
жүйесі мен дәстүрлер реттейтін, өз азаматтарына тұрақты өмірді қамтамасыз
ететін, дамудың ғылми тезден өткен модельдерімен өркендейтін әлдебір дәу
сияқты.
Өз кезегінде, Шығыс экзотикаға толы әлеуметтік қарама-қарсылықтың,
европалық логикаға сәйкес келмейтін, батыс өмірінің салтымен ортақтығы аз
мүлде басқа әлем сияқты қабылданады. Атышулы батыс тоғышарына ол туристік
объект, шынында, кейде тым қауіпті (жұқпалы ауру ма, соғыс па) есебінде
ғана қызық. Батыс дәстүр бойынша Шығысқа аямпаздықпен әрі тәкаппарлықпен,
өзінің стратегиялық мақсаттары тұрғысынан: мұнай, газ, арзан жұмыс күші,
қарайды. Шығыстың Батысқа деген сезімдері күрделірек, оларды айқындайтын,
негізінен, бұрынғы колониялар комплексі, сонымен бірге Батысқа еліктеуге
ұмтылу. Егер қазір батыс қалаларының көшелерімен жүріп өтер болсақ, таң
қаларлық жағдайды көреміз: ақ адамдар түстілердің мұхитында шашылып кеткен
сияқты. Германияда анадан да, мынадан да мешіт (соңғы 15 жылда мұнда
олардың 10 000-нан көбі салынған), шығыс базарлары, тек қана араб немесе
түрік сөзі естілетін тұтас кварталдар кездеседі, ал Аллаһу акбар! ең
белгілі көтеріңкі сөз болды. Сондай жағдайды Францияда да, Бенилюкс
елдерінде де, АҚШ-та да көруге болады. Жыл өткен сайын Шығыстың саны
Батыста экспонента бойынша өсуде.
Батыс мемлекеттерінің қазіргі өмірінде ислам факторы көптеген жағдайды
анықтайтын болды.
Европадағы ислам атты бельгиялық комитеттің мәлімдемесі бойынша, Россияны
қосқандағы барлық Европаның аумағында тұратын мұсылман-дардың саны 20-дан
24-ке дейін миллион адамды құрайды. Батыс Европада, әртүрлі деректерге
қарағанда, 7-ден 15 миллионға дейін мұсылман тұрады. Әлеуметтік сұрақтардың
қорытындысы, көші-қон қызметтерінің мәліметтері мен сараптау бағалары
мұсылман мемлекеттерінен шыққандардың ең көп шоғырланған жері Батыс Европа
екенін көрсетеді. Ең ірі мұсылман қоғамы Францияда қоныс тепкен. Қазір онда
5-тен 7-ге дейін миллион мұсылман бар, бұл жалпы халықтың 10%-н құрайды.
Ислам Францияда католицизмнен кейінгі екінші дін болып табылады. Кейбір
батыл сарапшылардың нық сенімі бойынша, жақын болашақта Франция Батыс
Европадағы бірінші ислам елі болмақ.
Франциядан басқа айтарлықтай мұсылман қауымы Германияда (3,4 миллион),
Великобританияда (1,6 миллион) және Италияда (1 миллион) бар. Голландиядағы
мұсылман қауымы миллионға жақындап қалды, онда 1997 жылы бірінші медресе
ашылды (Роттердам). Әжептәуір аз мұсылман қауымдары бүкіл Батыс Европа
елдерінде, Финляндия мен Ирландияны қоса алғанда, шашыраңқы орналасқан.
Дегенмен Европадағы мұсылмандардың санын анықтау күрделі, себебі
миллиондаған жасырын иммигранттарды (олар жоқ сияқты) қалай санау керек
екені белгісіз. Европадағы мұсылман қауымдастықтарының тегін анықтау да аз
қызығушылық тудырмайды. Францияда Солтүстік Африкадан шыққандардың,
негізінен, алжирліктер мен марокколықтардың үлес саны көп, сонымен қатар
Сенегал мен Малидің де мұсылмандары бар; соңғы жылдары Францияда Түркиядан
шыққандардың саны көбеюде. Түріктердің Германиядағы саны көп, олардан басқа
мұнда Иран мен Ирак сияқты басқа елдерден шыққандар да бар. Британиядағы
мұсылмандардың көпшілігі Индия континентінен шыққандар, олардан басқа мұнда
Йемен мен Кипрден шыққандар да бар; Лондонда көптеген арабтар тұрады.
Нидерланды өзінің бұрынғы колонияларының бірі Суринамнан көптеген
мұсылманды мұраға қалдырды, оларға Солтүстік Африкалықтар, негізінен,
марокколықтар мен түріктер қосылады. Марокколықтар мен түріктер
иммигранттар саны жағынан пайызға шаққанда Европадағы көш басшы болып
табылатын Бельгияның мұсылман қауымының негізін құрайды. Испанияда
Мароккодан шыққандар мен Таяу Шығыстан келіп оқитын студенттердің саны көп.
Италиядағы мұсылмандар түрлі аймақтардан – Тунистен, Египеттен, Сомалиден,
Мароккодан, Эритреядан және Албаниядан – келген.
Европада мұсылмандардың болуы – өткен ғасырдың 60-жылдары басталған
Азиядағы, Африкадағы және Кариб бассейніндегі колония елдерінің көші-қон
тасқынының салдары. Бүгінгі демократиялық қоғамдардағы мұсылман
азшылықтарының болуы айтарлықтай дәрежеде 1972-1974 жылдары европа-лық
иммиграциялық саясатта ойламаған жерден болған батыл өзгерістердің салдары.
Сол кезде европалық елдердің үкіметтері жұмыс күшінің имми-грациясын
тоқтатты, бірақ отбасы мүшелерінің бірігу жобасын қолдап, Европаға
мұсылмандардың одан әрі де келуіне ықпал етті. Бұдан кейін Европа елдерінде
мұсылман семьяларының орнығып, тамыр жаю процесі басталды. Мұсылмандардың
европалықтармен жақынырақ түйісуі көбейген сайын мәдени және діни
айырмашылықтардың шиеленісуі үдей түсті. Француздың ұлттық ғылми зерттеулер
орталығының (CNRS) зерттеушісі Ж.Сезаридің айтуы бойынша, мұсылмандардың
тұрақтану процесінде исламның атқарған ролі үлкен, уақыт өте келе
кірмелердің интеграциялану процесімен байланысты сұрақтар мен
келіспеушіліктер пайда бола бастады. Көп кешікпей мұсылманның иммигрант
бейнесі пайда болды. Исламды бұ-лай теріс түрде көру қабылдаушы қоғамның
санасында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz